Баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ЖАНҰЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ МӘСЕЛЕСІН
ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Баланы тәрбиелеуде жанұяның
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Жанұядағы салт - дәстүрді қарым-қатынаста қарастырудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Жанұяда бала тәрбиесіндегі қолданылатын ұлттық салт-
дәстүр ... ... ... ...13
1.4 Жанұядағы қарым-қатынас және оның бала дамуына тигізетін психологиялық
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...27
2 ЖАНҰЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІ
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеті,
болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.2 Зерттеу әдістемелердің
сипаттамалары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
2.3 Эксперименттің нәтижелерін статистикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 61
ҚОСЫМША
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..63

КІРІСПЕ
XXI ғасырға енді аяқ басқан жаңа жағдайдағы қоғамда Қазақстан
Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялап, өркениетке бағыт алған кезде
болашақ жас үрпақты мәдениетті, білімді, рухани интеллектуалдылығы жағынан
жоғары етіп тәрбиелеудің мазмүнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Осы
айтылғандардың ішінде қазіргі мектептің алдындағы ең маңызды міндеттерінің
бірі - тәрбие.
Оған дәлел - Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңының 8-
бабында былай деп көрсетілген: Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай арқылы интеллектін
байыту... және 62-бабында Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің
қабілеттері мен қаржының мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психологиялық,
адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын
қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады деп айтылған.
Тәрбие қай заманда болсын адамзат алдындағы ізгі қасиеттердің бірі
болып табылады. Бұл жағдай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпағын
салауатты, саналы адамгершілікке, имандылыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуді
қазіргі қоғамда өте маңызды, әрі қажетті шешуді күттірмейтін мәселе болып
отыр. Себебі адамгершілік тәрбиесі өзінің педагогикалық, психологиялық
мәнділігімен ерекшеленеді.
Оны қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде адамгершілік тәрбиесі
үғымына берілген сипаттамадан көруге болады. Атап айтқанда, тәрбие -
болашақ жас ұрпақты белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді,
парасатты мінез-қүлық дағдылары мен әдеттерді қалыптастыруға және
адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым-қатынасты дамытуға, жалпы
адамзаттық қүндылықты тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық
тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Ал қазіргі нарық билеген мына заманда
жоғарыда көрсетілген адамгершілік қасиеттердің қоғамда көрініс алмауы,
керісінше, қоғамға жат теріс мінездердің көптеген белең ала бастағанына
біздер куә болып отырмыз. Алайда, қазіргі орын алып отырған келеңсіз
жағдайлар (тұрмыстық қайшылықтар, күн сайын туындап отырған қымбатшылық,
жұмыссыздық, нашақорлық т.б. оқушыларға ықпал етпей түрмайды, алайда,
осындай жағдайлар жат қылықтардың (адамға деген қатыгездік, мейірімсіздік,
зұлымдық, күншілдік, құбылмалы мінезділік, өзіне-өзі сын
мінезбенқарамаушылық т.б.) балалардың бойында қалыптасуына себеп болып
отыр.
Сондықтан бүгінгі танда білімнің Мемлекеттік стандартына сәйкес
Республика мектептерінде білім беру мен тәрбиенің мазмүнын түбегейлі
жаңарту керек. Осыған орай қазіргі мектептегі білім беру жүйесіндегі
тәрбиенің мақсаты оқушыларды рухани бай, саналы, жан-жақты мәдениетті,
ілтипатты болуға, еңбекқорлыққа икемді және бәсекелестікке бейім түлғаны
төрбиелеп қалыптастыру өзекті мэселеге айналып отыр.
Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтарда ұлттық салт-
дәстүрді қалыптастыру мәселесі болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың
руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамсыз ете алған кезде
ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Жастық шақ этникалық өзіндік сананың дамып, нығаюы мен бекітілуінің
шешуші кезеңі болып табылады. Оның ары қарай өзгеруін қалыптасу мен даму
көрсетпейді, ал нақты бір этностың әлеуметтік – саяси, экономикалық,
демографиялық өмір сүру жағдайына байланысты оның трансформациялануын
көрсетеді. Сондықтан білім беру жүйесінің міндеттерінің бірі – білім
берудің әртүрлі кезеңін этнопсихологиялық оқытумен қамтамасыз ете отырып,
оқыту процесінде этникалық өзіндік сананың қалыптасуы мен дамуына жағдай
жасау.
Еліміздегі тыныс-тіршіліктің мектеп, жоғарғы оқу орындарында және
т.б. кез-келген саласында ұлттық ерекшеліктерді ескермей, бұларды ғылыми
тұрғыда сараптамай, тиянақты жұмыс жүргізу қиын. Біздің Қазақстан секілді
көптеген ұлт өкілдері мекендеген елде этнос психологиясымен санасып отыру
өте маңызды. Олардың ұлттық мүдделерін қорғай отырып, салт-дәстүріне, әдеп-
ғұрпына ұқыптылықпен қарауымыз керек. Ұлттық қатынастар – шиеленістері
болдырмау үшін, этностың кемісітушіліктің кез-келген көріністеріне жол
бермеу арқылы, әр халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесін дұрыс жолға қою үшін
этнопсихологиялық зерттеулерді жандандыру бүгінгі күннің өзекті мәселесінің
біріне айналды.
Бүгінгі күні әлемде әртүрлі шиеленістер болып жатқан кезеңде, елде
тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отыру маңызды мәселелердің бірі.
Зерттеу мақсаты: Жанұядағы бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің
қолданылу ерекшеліктерінің теориялық дәлелдемесіне тоқталу және эмпирикалық
зерттеу жүргізу.
Зерттеу болжамы: Жанұядағы бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің
қолданылу ерекшеліктерінің дамуына әсері бар.
Зерттеу міндеттері:
1. Этнопсихология ғылымындағы отандық және шетел әдебиеттеріндегі
зерттелген мәселелерінің теориялық талдауын жасау;
2. Жанұядағы бала тәрбиесіндегі ұлттық дәстүрдің қолданылу
ерекшеліктерінің тұлға бағыттылығы мен кәсіби іс-әрекеттегі негізгі
мотивтердің орнын ашып көрсету.
Жұмыстың маңыздылығы:
Алынған эксперименттік зерттеу нәтижелері жанұядағы бала тәрбиесіндегі
салт-дәстүр туралы біраз пікір қалыптастырып, болашақта оның жоғарылауына
себепші болады.

1 ЖАНҰЯДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІҢ МӘСЕЛЕСІН
ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. Баланы тәрбиелеуде жанұяның рөлі

Қай қоғамда болмасын жас өспірім ұрпақты тәрбиелеу ерекше
қамқорлықтағы міндет болып табылады. Жанұя - неке немесе қандас
туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ. Адам тұрмысын үйымдастырудың
бастапқы формасы. Қоғам мен бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз
байланыста бола тұрса да, жанұя қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың
белгілі дәрежедегі дербес, сырлас тобы.
Жанұя тәрбиесі - ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын, қоғамдық
тәрбиемен үштас жанұяндағы бала тәрбиесі, жанұя өміріндегі туысқандық қарым-
қатынастар мен тұрмыс жайттары балаға үзіліссіз ықпал етуші тәрбиелік күш
болып табылады.
Қазақстан Республикасының неке және жанұя туралы заңында , мәселен, 62
бабында бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық
мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани
жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі
жауапкершілікте болады - деп көрсетілген.
Жанұя тәрбиесінің табысқа жетуі мемлекеттік тәрбие мекемелерінде,
жанұянда және жұртшылық арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық тәрбиенің
тәрбиелік ықпалының бірлігі мен үйлестілігіне байланысты.
Бұл бірліктің негізгі - жан-жақты және жарасты дамыған, қоғамға
пайдалы. Отанға берілген азаматтар қалыптастыратындай етіп жаңа ұрпақты
тәрбиелеуде мемлекет пен жанұя мүддесінің толық сәйкес келуі.
Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлі жағдайында қоғам мен жанұя тәрбиесінің
бірлігі аса маңызды мемлекеттік қүжаттарда тұжырымдалған тәрбие жұмысының
басты қағидаларының бірі болып табылады.
Қоғамдық тәрбиенің жетекшілік рөлі мынаған байланысты: баланы
тәрбиелеу өз қатарларының ұжымында жүзеге асырылады, бала онда қоғамдық
мінез-құлықтың алғашқы дағдыларын үйренеді, ондағы тәрбие ғылыми
негізделген сипатта болады, арнайлы құрылған педагогикалық ортада өтеді
және кәсіби тұрғыдан дайындалған мамандар жүзеге асырады.
Қоғамдық тәрбиенің жетекші рөлін мойындау баланың жетек басын
қалыптастырудағы жанұяның орасан зор маңызын тіпті де кемітпейді. Жанұя -
қоғамның алғашқы ұясы, жаңа адам сол үяда дүниеге келеді; бұл шағын
әлеуметтік топ - бала үшін алғашқы өмір мектебі.
Ата-ана оның бірінші ұстазы және тәрбиешісі, жаңа қалыптасатын жеке
адамға оның ықпалы күші айрықша зор. Ата-ананың балаға әсерінің негізі
олардың перзентіне деген қамқорлығы болып табылады. Осы сүйіспеншілік
сезімінен, олардың артықшылығы мен беделін мойындаумен, барлық нәрсе де
солардан өнерге алуға, солар сияқты болуға ұмтылумен жауап қайырады, жанұя
әсерінің күші баланың тәрбиесін ықпалға көнгіштігіне, оның еліктегіштігіне
байланысты.
Әсіресе кішкене балаларды тәрбиелеуде жанұяның маңызы айрықша зор: ата-
ананың басшылығымен олар қоршаған дүние туралы бастапқы үғымдарды
меңгереді.
Алайда, сәбилерді тәрбиелеуде елеулі қателіктерге жол беретін
жанұялары да кездеседі, мүның өзі ондай балалардың одан арғы дамуына теріс
әсер етеді, аса күрделі қайта тәрбиелеу проблемасын туғызады. Бүл
қателіктердің негізгі себебі ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің
жеткіліксіз дәрежесі болып табылады.
Қазіргі танда бала тәрбиесіне көңіл қойып жүрген ата-аналар саны күрт
азайып кетті. себебі, негізгі мәселе ақша болып, сауданың соңына еріп кетті
де баланың болашағы, ертеңгі күні кім болып шығары туралы ойланып жатқан
ата-ана жоқ. Сөйтіп жүріп, ертеңгі күні мына бала кімге тартқан, қайдан
осылай болды деген сауалды өздері қояды. Ал, бала дегеніңіз –бау бақша,
олай болса, оны күтетін адам болу керек, әйтпесе жемісі де болмайды.
Өз баласын жақсы адам, келешек азамат етіп тәрбиелесем деген құр ниет
- бүл әлі аз. Сол тәрбиені жүргізе білу керек. Мәселен, Аристотель
тәрбиенің әртүрлі салаларының дене, ақыл-ой мен моральдық тәрбиенің
байланысты болуын жақтады. Ол моральдық дағдылар мен мінез-құлыққа
жаттықтыруға үлкен мән берді. Моральдық тәрбиенің үш көзі - табиғи
нышандар, моральдық дағдыларды және сананы дамыту керектігін айта келіп
моральдық тәрбие беруде жанұяның рөлін өте жоғары бағалады. Сондықтан бала
тәрбиесін дұрыс ұйымдастыруда жанұяның, әсіресе ананың рөлін зор
бағаланған. Тәрбие алғашқы күннен басталу қажет, сондықтан әр ананы тәрбие
дәстүрімен қаруландыру керек деген мәселелерге тоқтаған. Мәселен, Локк
адамгершілік тәрбиесінің қағидаларын негіздей келіп, ата-аналар мен
балалардың арасында туыстық, шынайы достық қатынастардың болуы жақтады.
Сіздің балаңыз сізге өз сырын іркілмей айтып, сізден ақыл-кеңес алатын
болсын деген өзінің педагогикалық пікірлерін ұсынды. П.Ф.Лесгафт бала
тәрбиесіне қатысты бар адамдардың адал ниетті, мейірімді, кең пейілді
болуын, баланың өмір сүрген ортасы таза, денсаулыққа қолайлы болуын,
баланың іс-өрекетіне ересектердің бас-көз болып бағыттап отыруы керек деген
талаптарды үсынады. Ал, педагог А.С.Макаренконың жанұя тәрбиесі теориясына
қосқан үлесі мол, оның осы мәселе жөніндегі Ата-аналар кітабы және
Балаларды тәрбиелеу туралы дәрістер балаларды жанұянда тәрбиелеу
жөніндегі өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып есептелінеді. Бүл
еңбектер, әрине, тәрбие жұмысын дамытуда үлкен рөл атқарады. Жанұя - өте
үлкен және аса жауапты жұмыс, қоғам алдында, өз бақыты және балалары
алдында жауап береді, — деді Макаренко.
Ата-ананың балаға көзқарасы оған деген табиғи әрі тамаша махаббат
сезіміне негізделген, махаббат барлық асылдың, мерейлінің, құдіреттің,
жылы мен жарқынның жасаушысы - деп жазған-ды Ф.Э.Джержинский. Бар әңгіме
ата-ана махаббатының шегінен асып кетпеуінде оның баланың жеке басына деген
талапкершілікпене және қүрметпен үштасуында. Баланы шексіз жақсы көріп,
оның Бер, Сатып әпер деген тілектері мен талаптарының бәрін екі етпей
орындай беру, оған ашықтан-ашық үздігіп түру, оның білінер-білінбес
қабілеттерін жер-көкке сызғызбай мадақтау - осының бәрі сәбиге зиян
келтіреді, өзімшіл етеді, ерік-жігерін әсіретеді. Балаға деген мүнадай
сүйіспеншілікті соқыр сүйіспеншілік деп атайды. Ал, Макаренко ата-ананың
балаға бүлай қарауын асып-төгілген махаббат деп сипатталған болатын.
Ата-ананың бала тәрбиелеуде шектен асқан махаббатын әсіресе қазіргі
танда көп байқауға болады. Мысалы, мен жақсы білетін бір жанұянда Ерік
деген жалғыз балалары бар. Оның еркелігі сондай жанында түрған бір нәрсені
сен алып берші деп, сені (үйіне келген қонақты) немесе ата-анасын
жұмсайды. Тағы бір жаман әдеті ересектердің әңгімесін бүзып, өзі
бірдеңелерді айтып, өзін тыңдатады. Осы сияқты мысалдарды көптеп келтіруге
болады.
Ата-ананың балаларға дұрыс қарауы еркелетуді, жұмсақтықты, аялауды
баланың мүмкіншілігін, әсіресе жасын ескеретін қатаң дәйекті
талапкершілікпен ұштастыра білуде. Демек, Макаренко ата-аналарға баланы
қалағаныңызша ертелетіңіз, қалжындаңыз, ойнаңыз, бірақ қажет болған кезде
қысқа, бір-ақ рет тәртіп бере біліңіз - деп кеңес береді. Олай болса, ата-
ананың балалармен қарым-қатынасты сабырлылықты, салмақтылықты, жылы
жүзділікті інешімділіпен, іскерлікпен үштастырылатын болуға тиіс.
Балаға дұрыс қарау дегеніміз - бала өзін кішкентай, әлі өмір
тәжірибесі, білімі аз болғанымен, оны адам деп қүрметтеу, оның ересектер
назарына болу, олармен қатынас жасау, алуан түрлі іс-әрекет үшін өзіне
жағдай туғыздыру құқысын қадірлеу деген сөз. Дегенменен, әрбір жанұяның
қалыптасқан әдет-ғұрып, ата дәстүрі болады. Сонысымен бірге, жалпы қазақ
жанұяна ортақ дәстүрлер де бар. Олар мыналар: жасы кішілер үлкендердің атын
атамай, ата, әже, әпке, көке, тәте деп сыпайы қарым-қатынас жасауы, сондай-
ақ жасы кішілер үлкендердің, әсіресе қариялардың алдын кесіп өтпеуі, жанұя
мүшелерінің бірін-бірі ренжітуі, үлкеннің тілін кішінің алу, тілалғыш,
қолғанат болу, ол жанұя мүшелері үлкендерінің өзінен кішілерге қамқоршы
болады. Әрқайсысың өз шама-шарқынша іс атқаруы. Ұлдың ұяты әкеге, қыздың
ұяты шешеге деп қараған халқымыздың үл баланы тәрбиелеуді аталар мен
әкелер өз қолына алса, ол қыз баланы тәрбиелеуді әкелер мен апалардың ісі
болып саналған.
Жанұядағы ұл тәрбиесінде әкемен аталардың рөлі ерекше. Әке үйелменнің
басшысы, жанұя мүшелерінің тірегі, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы
үлгі-өнеге алатын нысанасы. Қонақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат
болса: Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі едің, өнегелі жерден шыққан ғой
деп мадақтайтыны сондықтан.
Әке - бәйтерек, бала – жапырақ, Жас кәрінің көзі, кәрі - жастың
тезі, Ата - балаға сыншы деген мақалдар да осы пікірді халықтың
қуаттауынан туған. Жанұянда әкелері немесе апалары өз знерлерін балаларына
үйретіп, олардың өзіндей мерген, аңшы, құсбегі немесе әнші, күйші, ақын
етіп тәрбиелеуге көңіл бөлген. Аталары балалары мен немерелеріне ертегі,
аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шншендікке, тапқырлыққа
тәрбиелеген, мысалы, Абай Құнанбайүлы, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, М.Әуезов
сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке
сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрі мен заңдарын,
аңыз-әңгіме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап, көп білуі мен
аталарыңның әсері екені сөзсіз. Қай ата-анасы алсақ та, қызының ертең
барған жерінде балдай татып, судай сіңіп кетуін, жақсы жар, әдепті келін,
аяулы ана болуын армандайды. Қасиетті ана қызыңның тәрбиелі жан болып өсуі
үшін жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсіреді. Халқымыз келіннің
- аяғынан, қойшының – таяғынан дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-
туыс, ауыл арасындағы беделін, болашақ ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбие беруін
келіннің жаман-жақсы қасиеттерімен өлшеген. Қазақ халқы келіннің келген
жерінде, жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен
ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп
қарайды. Сондықтан да: Жақсы болса әйелің, Келіп түрар жақының. Жаман
болса әйелің, Басыңнан кетер ақылың - деп, немесе мейірімдікті анадан
үйрен, әдептілікті данадан үйрен дегендей, әйел қандай да биік дәрежелі
жұмыс әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда жанұяның беріктігі әйелге
байланысты, әйел сабырлылығы, кешірімділігі, сыпайылылығымен т.с.с жақсы
қасиеттерімен үй-ішіне береке әкеліп, шаңырақ орната алады. Атап айтсақ,
бүл мәселеде ата мен әже жастардың өміршең жаңа серпілісін қүптап, оларға
жақындай түссе, ал жастар өз тарапынан қарттардың мол тәжірибесін бағалап,
өмірден алған даналығына қүлақ асып, үлгі алып, бала тәрбиесін бірлесіп
іске асырса, нү үстіне нүр. Сондай-ақ бұл халқымыздың ата,анасын, жасы
үлкенді сыйлау, қадір түту, құрметтеу, ақыл-кеңесін тыңдау, айтқанын
орындау, адамдарға ілтипат, ізет көрсету, кішіні аялау сиқты қалыптасқан
жаңа дәстүрдің үрпақтан үрпаққа жалғаса беруіне дүрыс ықпал ететіндігін
білемі. Бүгінгі тәрбие мәселесі тәрбиенің әдістерін, амал-тәсілдерін
зерттеу ғана емес, адамгершілік құндылықты, адамгершілік ереже нормаларды,
қасиет сапаларды жаңа қоғамның экономикалық орта жағдайында, өмір сүру
барысында, ойын процесінде басшылыққа алуы өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ
бұл халқымыздың ата-анасын, жасы үлкенді сыйлау, қадір тұту, құрметтеу,
ақыл-кеңесін тыңдау, айтқанын орындау, адамдарға ілтипат, ізет көрсету,
кішіні аялау сияқты қалыптасқан жаңа дәстүрдің ұрпақтан ұрпаққа жалғаса
беруіне дұрыс ықпал ететіндігін білеміз.
Бүгінгі тәрбие мәселесі тәрбиенің әдістерін, амал-тәсілдерін зерттеу
ғана емес, адамгершілік құндылықты, адамгершілік ереже нормаларды, қасиет
сапаларды жаңа қоғамның экономикалық орта жағдайында, өмір сүру барысында,
ойын процесінде басшылыққа алуы өзекті мәселенің бірі. Осындай аса жауапты
міндеттердің баянды болуы жас республиканың елін, жерін сүйетін,
адамгершілігі мол, білімді, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұстанатын
басты тәрбие құралымыз - ұрпақ тәрбиесінің діңгегіне айналған
ғалымдарымыздың тандаулы туындылары болма

1.2 Жанұядағы салт- дәстүрді қарым-қатынаста қарастырудың
маңыздылығы

Жанұя бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді.
Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Жанұя белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың
сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық
нормаларды игереді. Сондықтан жанұялық өмір жеке адамның азамат болып
өсуінің негізі.
Жанұя - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала
тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді.
Өйткені бала тәрбиесінің жанұянда, мектепте нәтижелі болуы осындай
ынтымақтастыққа негізделеді.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік
институт ретінде анықталады. Ол жанұя мүшелері арасындағы өзара
қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың
жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя
тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі
алмастыра алмайды.
Жанұя – болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын
жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер
береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады.
Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға
дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Жанұя тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда
артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік,
экономикалық және демографиялық өзгерістер жанұяна белгілі бір қиыншылықтар
туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да жанұянда ерекшеліктер
орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың
балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан
бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі. Дегенмен,
жас жанұянда алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты
қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.
Жанұя мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да жанұя дамуының
ерекшелігін құрайды. Қалалық жанұянда бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала
туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың
жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала
тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы;
жанұяның қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың өзі үшін
өмір сүруге ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б. Бала туудың азаюы-
шағын жанұяндағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы
алуға тосады.
Қазіргі жанұя ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың
90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық
ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу
баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, жанұялық кикілжіңді
алдын алады.
Бір балалы жанұя көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін
игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай жанұяларда аға,әпке
сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы
ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда
баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың
педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында
тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.
Жанұя тәрбиесінің проблемасы – ананың жанұя тұрмысынан қолы
босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты
тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр болады.
Микроклиматы жағымсыз, жанұя өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-
біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-
әрекеттерге толы жанұянда өте маңызды тәрбие проблемелары туындайды.
Ата-ана құқығына айрылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және
педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық
құқықтарынан айырғанда балалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда
бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен
дамудың маңыздылығы кемиді.
Елдегі түбегейді әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің
пайда болуына, жеке адамның баю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық
жағынан ауқатты жанұялар пайда бола бастайды. Мұндай жанұяларда тәрбие
белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай жанұяндағы бала балалық
ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған
адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.
Жанұяның жоғары материалдық ауқаттылығы жанұя жұмысын ұйымдастыруда
қолаңсыз жағдайлар туғызады. Мектеп жанұя әдістемелерін нақтылап, оның
кемшіліктерін түзете отырып, бұл проблемаларды жеңуге тырысу.
Балалардың күн ырғағы И. П. Павловтың іліміне негізделеді. Ол жұмыс
қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет
екендігін көрсетті. Күн ырғағы баланы жинақтылыққа, тіл алғыштыққа,
дәлдікке, мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін
жақсартады. Күн ырғағын жасауда ата- ана баланың жасын, үй жағдайын,
денсаулығын, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, жанұя мен мектеп
ырғағының бірлігін еске алуы тиіс. Жанұянда күн ырғағының негізгі
элементтері- еңбек демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, ұйқы т.б.
дұрыс алмасып отыруы қажет. Күн ырғағын сақтау негізінде мидың үлкен жарты
шарының қабында рефлекстер жүйесі (динамикалық стереотил) пайда болады.
Мысалы: бала белгілі бір уақытта ұйықтауға үйренсе, оның ми қабатында
тежелу процесі басым болады да тез ұйықтауға кіріседі. Сондықтан ата-
аналар балалардың белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, тұруға
үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.
Сонымен, дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді,
дағды әдетке айналады, ал әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.
Жанұя жағдайын және баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны ата-
аналар түрлі еңбек іс- әрекеттеріне үйретулері қажет. Бала жанұя мүшесі,
оның өз міндетін адал ниетпен орындауы қажет. Бала жанұя мүшесі, оның өз
міндетін адал ниетпен орындауы зор қуаныш. Жанұяның бала еңбегіне артық
салмақ түсірмей, парасатты ұйымдастырғаны жөн. Үйге берілген оқу
тапсырмаларын үнемі орындап отыруға бақылау жасау, көмектесу, балаларды өз
бетімен жұмыс жасай білуге үйрету.
Балалардың бос уақыты- бұл шығармашылық елігу, қызығу дүниесі. Бала
бос уақытында қоғамдық пайдалы істерге, спорт ойындарына, кинофильмдерге,
спектакльдерге қатысады.
Көптеген жанұяларында ата- аналардың балаларымен бірігіп серуендеуі
ізгі дәстүрге айналады. Егер ата- аналар қоршаған табиғат және өз өлкесінің
көз тартарлық көрнекі орындары жөнінде әңгіме өткізсе, мұндай серуендердің
танымдық маңызы зор болады.
Жанұялық тәрбиенің басты жағдайларының бірі-бұл ерлі- зайыптының өзара
махаббатына, көзқарасының, мүдделерінің, сенімділіктерінің және ұжымдық іс-
әрекеттерінің бірлігіне негізделген татулық. Мұндай ортада қиыншылықты жеңе
білетін қабілетті, байсалды, ақжарқын адамдар өседі. Олар ұжымды жеке
басының қамын ойламайды, басқа адамдар үшін де өмір сүре алады.
Жанұянда балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасауда басқа да
жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Ж. Б. Қоянбаев, Р.
М. Қоянбаевтың пікірінше, оларға мына мәселелер жатады:
Жанұяның этикалық құрамы және құрамы: толық емес жанұя, бір балалы, көп
балалы жанұя, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя;
Тіршілік әрекетінің және орталық жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім
дәрежесі, еңбектану, кәсіптік құрамы, бюджеті, жалпы материалдық әл-
ауқаты, селолық және қалалық жанұя:
1. Жанұяның мәдени потенцияллы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті;
күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка
аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу, үйелмендік дәстүрлік
мерекелер:
2. Ішкі жанұялық қатынастар жанұя микроклиматтарының сипаттамасы,
үйелменде көзқарастың бірлігі және айырмашылығы,
3. жанұя мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
4. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие
институттарына қатысы;
5. Жанұяның тәрбиелік потенциялы: жанұялық тәрбие, қолданылатын әдістер,
ата- аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Жанұяның осы көрсетіліп отырған ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте
күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Жанұяның өзіне тән ерекше функциялары бар. Олар: халық санының өсуі;
адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік - шаруашылық функциясы,
жанұяның тәрбиелік функциясы жанұя мүшелерінің өзара және туған-
туысқандарымен қарым- қатынас жасау функциясы.
Жанұялық тәрбие бірқалыпты жағдайда іске асырылып отырмайды. Зерттеу
мәліметтеріне қарағанда жанұялық тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты
себебі- үлкен адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан
болады.
Біріншіден: жанұянда болатын өктемдік баланы өзін - өзі билеушілігінен
айырады, әрбір қадамына бақылау жасайды, ол өз күшіне, мүмкіншілігіне
сенімсіз және ішкі жәй- күйі төмен болады.
Екіншіден: баланы еркелетушілік, бетімен жіберушілік, ата- аналардың
бәрін кешірушілік сүйіспеншілігіне байланысты. Баланың жетегіне түсіп,
еркіне жіберушілік өзімшілікке тәрбиелейді.
Үшіншіден: әке мен ананың және басқа жанұя мүшелерінің тарапынан
бірыңғай талаптың жоқтығы. Осының нәтижесінде ата- аналарды немесе ересек
жанұя мүшелерінің көзқарастарындағы алалықты пайдаланып, бала екі жүзді
және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
Төртіншіден: ата- аналар балаларды еркімен қарым- қатынас жасаудан,
өмірден аулақтауға тырысады, бөгет жасайды. Бұл баланың қалыптасуына,
дамуына залалды әсер етеді.
Бесіншіден: егер әке мен ана өз баласының іс- әрекетіне немқұрайлы,
жауапсыздықпен қараса, онда соны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен
танысуға мүмкіндік алады.
Осымен бірге тәрбие процесінде жалған беделдерде кездеседі. А. С.
Макаренко олардың бірнеше түрін көрсетті: Басу беделі, Мейірімділік
беделі, Сатып алу беделі, Тақуалық беделі т.б.
Жанұя-туысқандық байланыста болатын (күйеуі, әйелі, ата-анасы, әкесі,
т.б.), бірлесіп, әлеуметтік тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Онда мынадай
функциялар жүзеге асырылады. Репродуктивтік, яғни балалардың тууы,
шаруашылық-эколомикалық, тәрбиелеушілік, адамгершілік-психологиялық ахуалды
қамтамасыз ету; жанұяішілік қарым-қатынасты ұйымдастыру; бос уақытты тиімді
ұйымдастыру.
Жанұя - қоғамның алғашқы ұяларының бірі. Жанұянда баланың айналасын
қоршаған дүние жайлы алғашқы түсінігі, көзқарасы, сезімі, әдет- дағдылары
бой көрсетіп қалыптасады.
Баланың дұрыс өсуіне қажетті жағдайлар жасау, оның орта білім алуына,
мамандық, кәсіп таңдауына көмектесу, еңбекке дағдыландыру, қоғам мен өз
мүлкіне ұқыпты қарауға үйрету ата- ананың басты борышы.
Баланы бүгінгі өмір талабына сай азамат етіп өсіру үшін оған жас
кезінен дұрыс тәрбие қажет. Ата- ана өз баласының неге қызығатының, нені
жақсы көретінін, неден қорқатынын, қандай іс- әрекеттерге ынта- ықыласы
барын, қандай іске бейім екенін біліп отыруға тиіс.
Ел болу үшін бесігінді түзе деген ел сенімін ақтап, ата даңқын
шығарар: білімді, парасатты, ұл- қыз, немере тәрбиелеу бәріміздің ұлы
парызымыз.
Неке және жанұятуралы Заңда ата- аналардың балалары алдындағы
міндеттері айқын көрсетілген. Мысалы, 62- бапта мыналар көрсетілген.
- ата - аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті;
- ата- аналар өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті;
- ата - аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын
тәрбиелеуге басым құқығы бар;
- бала тәрбиелеуші ата- аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық
мүмкіндіктерінің шегінде оның дене, психикалық, адамгершілік және
рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету
үшін негізгі жауапкершілікте болады.
Сонымен қорыта айтқанда, міне осы заң арқылы қоғам ата - аналардың өз
балаларын тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырып отыр.

1.3 Жанұяда бала тәрбиесіндегі қолданылатын ұлттық салт-дәстүр

Бұл дүниедегі адамдарды мазаламай қоймайтын мынандай сұрақтар бар. Мен
қайдан келдім? Қайда барамын? Барар жерім не? Жанжағымда қоршап жатқан мына
алып шексіз дүние қайдан келді соңы немен бітпек? деген орынды да, күрделі
сұрақтардың бар екендігі шындық. Бірақ бұл сұрақтардың жауабын кейбіреулер
ат үсті іздеп, енді біреулері тіршіліктің көзін іздеп ұмыт қалдырса, ал
басқалары жауабын қате тауып, тапқанына қанағаттанбай ана жауаптан мына
жауапқа сенделіп өмірлерін өткізеді. Әрине адамның өмірін, мақсатын
айқындайтын бұл сұрақтардың жауабын дұрыс таппайынша адам баласы үнемі
мазасыз, бақытсыз күй кешуде. Өйткені мағынасыз, мақсатсыз жалған өмірден
шаршау ақыл-есі сау адам үшін табиғи нәрсе.
Соның ішіндегі ең маңыздысы неке туралы мәселесі. Жалғыздық тек
Алллаға ғана жарасады. Жалғыздықтың шаңы шықпайды. Жұп болып жасау Адам
Ата мен Һауа Анадан басталып, әлі күнге өз жалғасын тауып келеді. Ұрпақ
өсіру қасиетті парыз. Әрбір ата-ана ұрпақ көріп, ұлын – ұяға, қызын –
қияға қондыруға тырысады. Сан ғасырлар қалыптасқан қазақ халқының да
жанұяна қатысты қағида ережелері бар. Ол жайлы төменде әңгімелей жатармыз.
Алайда, бұл ережелер исламның Қазақстанға таралуы нәтижесінде исламдық түр
алғанмен онша көп өзгерістерге ұшырай қоймады. Оны оқушылар сөз барысында
өздері аңғара да жатар.
Неке қарама-қарсы екі жыныстың (ер мен әйел) шариат талаптарын сақтай
отырып, біргелкілікке тұрмыс құру мақсатында өзара жасасқан міндеттемесі.
Некелесу кәмелетке жеткендердің іс-әрекеті ішіндегі ең жақсы әрекет болып
табылады.
Некенің түрлері. Мұсылмандарда неке үш түрлі: тұрақты теке, уақытша
неке және кәнизек неке. Біз имам Ағзам ағымында болғандықтан көбіне осы
ағымның қағидасын оқушыларға беріп отыруға тырысамыз. Имам Ағзам – уақытша
некені қолдамайды.
Қазақтарда неке түрі біреу. Ол – тұрақты неке. Тұрақты неке алдын-ала
талап етілетін қағида-ережелер:
- қалыңдық таңдау.Бұқан тегі, пәктігі, ақыл-есі тәртібі, діні,
денсаулығы, т.б. кіреді. Бұларды анықтау жағы көбіне ата-ана, туысқандардың
міндетіне жүктеледі. Үйленуші қалыңдығын көрмеуі де мүмкін. Бірақ, қайсы
ата-ана ұрпағының жаман болуын тілейді дейсің!
- келісім сұрау. Неке қию кезінде өзара екі жақтың келісім анықталатыны
белгілі. Бұл неке қиюшы моданың парызы. Ал, қалыңдық таудауда қыздан
міндетті түрде келісім сұралуы шарт. Келісім беруші қыз ақыл-есі бүтін,
кәмелетке толған болуы шарт. Мұхаммед алейһис салам: “қызды тұрмысқа берер
алдында анасымен ақылдасуды” талап етеді. Ақыл-есі бүтін емес қыздарды
қызының разылығын сұрамай-ақ, ата-анасы бере береді.
- Дінсіз ата-ана ұл-қызына билік жүргізе алмайды. Бұл ислам діні
кіргізілгеннен кейінгі енгізілген қағида. Мұсылман дініндегі ұл-қызына
дінсіз ата-анасы билік жүргізуге құқы жоқ, алайда ата-анасын сыйлап, ата-
аналық парызын өтеулері міндет.
Некедегі кедергі жәйіттер
-жақын туыстық;
-емшектестік;
-сүйек жақындық, жекжаттық;
-әйел санының белгілі мөлшерден асуы;
-дінсіздік;
-талақ айту;
Жақын туыстық. Шариат заңы бойынша жақын туыстықтықтығына орай алты
жағдайда некелесуге тиым салынады.
Олар:
Анасы және онан тікелей өрбігендер
-қызы және онан тікелей
-ұлының қызы және онан тікелей өрбігендер
-әкпесі және онан тікелей өрбігендер
-әке және аға жағынан тікелей өрбігендер
аға-іні қыздары
Сол секілді заңсыз яғни некесіз тұрмыс құрып, туылғандардың бәрімен
некелесуге тиым салынады.
Қазақтарда жеті атаға дейін қыз алуға және беруге, сол секілді жоғарыда
көрсетілген жағдайларда да қыз берісіп, қыз алысуға тиым салынады. (1).
Жақын адамдардың қыз алысуы ұрпақ денсаулығына, ой-өрісіне көп зиян
әкелетінін мидициналық тұрғыдан әбден анықталған жәйт. Оның үстіне
туыстықтың әрі мен дәмі кетіп, туыстықтан көрі жекжатты сипатқа ие болып
кетеді.
Емшектестік. Емшектес болғандар арасында неке қиылмайды. Шариат бойынша 2
жасқа дейінгі нәресте басқаның емшегін 15 рет тойып емсе, емшектес болып
саналады. Имам Ағзам қағидасы бойынша бір рет емсе де жетеді. Арабтарда
басқаның емшегін емізу дәстүрі болып, жас балаасын басқа жат бір әйелге
асырауға берген. Мұхаммед пайғамдарды да жас кезінде басқа біреуге емшек
емізіп, асырауға берген.
Қазақтар да осы іспетті қағиданы ұстанады. Әйелдің емшегін емген басқа
бір анадан туылған ұл-қыз да өз туысы болып саналып, қазақтар оларға
үйленбеген.
Сүйек жақындастық Мұсылманға әйелінің анасына үйленуіне тиым салынады.
Өйткені ол да өз анасына теңестіріледі. Сол секілді бірден екі апа-сіңіліге
үйленуге де тиым салынады. Қазақтарда да екі апа-сіңіліге бірден үйленуге
болмайды. Тек бірі өлсе ғана үйленуге рұқсат етіледі.
Әйел санының белгілі мөлшерднасуы. Исламда кез-келген мұсылман
некелеспестен тұрып, басқа бір әйелмен жақындасуды арам санайды. Сондықтан
да бұл зінәқорлық саналып, Алла алдында да, жұрт алдында да ең ауыр қылмыс
саналады. Бұлай қатал қарамаса жанұя бұзылып, адам баласы азғынданады.
Жетім балалар саны көбейіп, ұрпақ азды, түрлі ауру-сыраттар көбейіп,
қылмысқа жол ашылады.
Шариат ер адамға 4 әйелмен некелесуге (некелі әйел риза болса ғана)
рұқсат етіледі. Әйел үстіне әйел алу әрдайым рұқсат етілмейді. Соғыс
жағдайында ерлер тарапы көп қызы болып, әйелдер жағы көп жесір қалып,
ерлерден гөрі әйелдер көбейіп кетсе, олардың тепе-теңдігін сақтау үшін, не
болмаса әйелі бедеу болып, ұрпақ жалғасыра алмаған жағдайда ғана рұқсат
етіледі.
Шариат күңдермен некелесуге тиым салмайды. Олармен некелесуге де шек
қойылмайды. Ал, Имам Ағзам қағидасы бойынша мейлі азат әйел, мейлі күң
болсын бәрі болып төртеуден аспауы тиіс.
Қазақтарда ертеде әйел санына шек қойылмаған. Тарихи деректерде ата-
бабаларымыз көптеген әйелдер алғанын жақсы білеміз. Өткені мал бағып,
көшпелі тұрмыспен күнелткен ата-бабаларымызға жұмыс күші көп керек болды.
Шариат бұл дәстүрді шектеп отыр. Құранда: қаншама тырыссаңдар да әйелдер
арасына ешашан әділдік жүргізе алмайсыңдар, - деп әрі, гер оларды
әділдікпен ұстап тұра алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар – делінген.
Өйткені шариат әрбір әйелге бірдей қарауды талап етіп, оны бұзушыларды
күнаһар ретінде санайды. Алла тағала Адам Атаға тек бір Һауа Ананы
бұырғаннан ғибар алсақ болмайды ма?
Дінсіздік. Шариат пұтқа табынушылар мен дінсіздерге үйленуге,
тұрмысқа шығуға қатаң тиым салады. Бұл жайлы құранда да анық айтылған. Рас,
Құранда кітап түсірілгендерге (иудейлер, мен христандарға) үйленуге рұқсат
етіледі. Кітап түсірілгендер деп, Інжіл, Зәуір, Тауратқа мойын ұсынушыларды
айтады. Бірақ, бұл діндегілерге тұрмысқа шығуға тиым салынады. Өйткені бұл
дінді ұстанушылар ислам дінін тән алмайды., сол себепті де мұсылман әйелге
өз дінін ұстауға жағдай жасалынбайды. Деп санайды.
Қазақтарда басқа діндешгілерге қыз бермек түгілі, тұрмысқа шыққан
қыздарды өлім жазасына кескен. Имам Ағзам қағидаларына сүйене отырып,
қазақтар кітап түсірілгендерге үйлене береді. Бұрын қазақтар тіпті
қалмақтарға да үйленгені жасырын емес. Қазірг кезде экономикалық
қиыншылықтары кезде қазақ қыздары қайда кетпей жатыр! Олар Үрімге де
Қырымға да дегендей, негрге де, неміске де шығып жатыр. Ұрпағымыз бен
қанымыз таза болуын ойлайтын кез жетті. Мұны мемлекет тарапынан шындап
қолға алуы тиіс.
Қазақтарда да қағида осыған ұқсас, жанұяның бұзылмау жақтары
қарастырылған. Бұрын бізде де ажырасу мүлдем кездеспеген. Халқымыз: қайтіп
келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман деген қағиданы берік ұстанған
болатын.
Некелесу кезіндегі ережелер. Некеге тұрушылар:
-кәмелетке келген;
-ақыл-есі бүтын;
-өзара келісімге келген;
-екі куә қатысуы міндеттеледі;
Құл мен күң қожасының рұқсатынсыз некелесе алмайды. Некені асығыс
түрде, шариат талаптарын қысқартып, жол-жораларын бұзып қиюға мүлдем
болмайды.
Бұрын тұрмыс қиған әйел ата-анасының рұқсатынсыз некелесе беруге
құқылы. Куәлікке екі және одан да көп адам куәлік беру кезінде қатыса
береді. Тек екі куәдан кем болмауы тиіс.
Имам Ағзам қағидасы бойынша бір еркек, екі әйел куәлік ете алады.
Куәлар неке қию кезінде екі жақтың өз еріктерімен некелесетіндерін естіп,
айғақтаса жетіп жатыр.
Неке қию кезіндегі ережелер. Ерлі зайыптылардың ережелері:
-ері: - әйелін киім-кешек, тұрғын жай, қамтамасыз етуге міндеттейді.
Сондай-ақ, 4 әйел болса, әрбір түнде әр әйемен кезекпен өткізуді, бір
әйеліне тиісті түн кезегін басқа әйелімен өткізуге құқы жоқ. Маһырын
(біздіңше қалыңмал) беруі тиіс.
әйелі – үй шаруашылығымен айналысу, еріне адал болу, оны құрметтеп-
сыйлау, т.б. міндеттеледі.
Басқа ережелер.
- еріне әйелін себепсіз ұруды, әсіресе беттен ұруды шариат қолдамайды.
Қайызы келген кезде және босанғаннан соң қырық күнге дейін әйелімен
жақындасып, етек қатынасын жасауға рұқсат етілмейді. Маһр мөлшері екі
жақтың келісімі бойынша анықталады. Маһр мөлшері 500 дирһамнан кем болмауы
тиіс. Бұл маһр мөлшері екі жақтың келісімі бойынша анықталады. Маһрын
алғанға дейін әйел ерін қасына жақындатпаға құқылы. Ал, қазақтардаға
жасау сөзі осы маһрға сәйкес келеді. Арабтарда, яғни, шариат бойынша,
маһр әйелге берілсе, қазақтарда жасау ақысы қалың мал ішіне кіреді.
- кәмелетке толды деп шариат бойынша: әуратқа жыныстық қабілетті
білдіретін жүн шықса, қайыз келсе, т.б. белгілерге қарап белгілейді.
Исламда қыз күнаға – 9, ер бала – 12 жастан батады. Бірақ, бұл кәмелетке
жетті дегенді білдірмейді.
- Қазақтарда және Жеті Жарғы, т.б. заңдарында: ұл бала – 15, қыз бала
– 16 жастан кәмелетке толды деп есептейді.
Сол себепті қазақтар “он бесте отау иесі” дейді. Жасау әйел мүлкі
саналып, ері оған арабтар секілді иелік ете алмайды. Сол себепті ері өлген
немесе ажырасқанда, болмаса т.б. әйел төркініне жасауын түгел алып кетуге
құқылы.
Некенің жойылуы -тұрақты неке, ері ажырасуға ниет етіп, ол райынан
қайтпай 3 рет талақ айтса;
-ері 4 жыл бойы хабар-ошарсыз кетсе;
-қыз келісімін бермесе (ал ер адамның құқы жоқ);
-кемшіліктері анықталса, (мысалы есі ауыс, жұқпалы ауру, ұрпақ
жалғастыратын белі жоқ, т.б.);
-заңсыз неке қиылса (мысалы: құл не күң еткені, кейіннен анықталса, қыз
келісімінсіз неке қиылса, молда неке шарттарын бұзса, т.б.);
Шариат бойынша қайызы келіп, не болмаса босанғанша болмаса босанғаннан
кейін тазаланғанша (пәктенгенше) әйелге талақ айтуға тиым салынады.
Қазақ қоғамында әдет-ғұрып заң бойынша әйелі ерінен төмендегі
жағдайларда ажыраса алады:
-ерінің өлуі;
-ерінің бері жоқтығы;
әйелін ері 6 ай 10 күн күнкөріссі қалдырса;
7 жыл бойы хабар-ошарсыз кетсе;
-әйелін асырауға шамасы келмесе;
-әйелін себепсіз ұра берсе.
Идда мерзімі. Шариатта идда үш түрлі; бірі ері өлгенде, екіншісі –
ажырасқанда, ал үшіншісі – неке жойылғанда болады. Идда – арабша сөз,
мағынасы “мерзім”, “шек”, т.б.
Әйедер идда мерзімі біткен соң ғана некелесе алады. Ері өлгенде: идда
мерзімі – екі қабат әйелдер үшін босанғанға дейін, азат әйелдерге – 4 ай 10
күн, күңге 2 ай 5 күн. Егер күңнің ерінен баласы бар болса, онда азат
әйелдер секілді 4 ай 10 күн, ері басқа жақта жүріп өлсе, өлген күнінен
(хабар келген күннен емес) саналады. Идда мерзімінде әйелге сән-салтанат
құрып, боянуға тиым салынады.
Қазақтарда ері өлген әйелдер міндетті түрде бір жылға дейін яғни, асын
бергенге дейін күтеді, содан соң тұрмысқа шығып, некелесуге рұқсат етіледі.

Шариат бойынша ерін әйелі сүймесе, мінездері жараспаса, ері берген
маһрын қайтарып беріп, ажырасуға еркті. Ері мұндай кезде әйеліне кедергі
келтірмеуі тиіс (мысалы, қорқыту, артық сыйлық талап ету, т.б.).
Ерлі-зайыптылар неке өмірін құпия ұстауларына ерікті, Олардың өмірі
жайлы ешкімнің де талқылауға құқы жоқ.
Ата-ана құқықтары. Ата-ана бала-шағасы менқұл-күңіне қожа. Оларды
өлтіремін десе де, жалшылыққа беремін десе де құқығы бар. Ата-анасының
үстінен бала-шағасы, құл мен күңі шағым айтуға құқықтары жоқ.
Ата-ана барлық балаларды бірдей қарауға міндетті. Әке заңды баласын да
, өгей баласын да бірдей көріп, олардың мұрагерлік құқығын жоюға құқы жоқ.
Кейбір халықтарда ұл баланы қыз баладан артық көру дәсүрі бар. Шариат
мұны қолдамайды. Ұлды да қызды ды бірдей көруге міндеттейді. Қайта “кімде-
кім үш қыз бала тәрбиелеп өсірсе, пейішке кіреді” деп, қыз балаға мән
береді.
Өз кезегінде бала ата-анасын сыйлауға, қартайғанда бағып-қағуға,
айтқанын екі етпей тыңдауға міндетті. Ата-анаға тіл тигізіп, ренжіту ауыр
қылмыс.
Қазақтарда ұл мен қыз балада ешқандай айырмашылық жоқ, екеуін де бірдей
көреді. Қызбаланы мейірбандылық көзі ретінде санайды. Ата-анаға тіл тигізу,
ренжіту қазақтарда да ауыр қылмыс саналып, ондай баланы қара есекке теріс
мінгізіп, мойнына қара құрым іліп, бетіне күйе жағып, бүкіл ауылды айналып
масқаралаған. Ал, қол тигізсе ондай бала өлтіріліп жіберілген.
Қоғамның қуат-тірегі – жанұя. Сол жанұяның бекем болуы көбіне әйел
адамға байланысты. Алайда, әйелдер құқығы исламға дейін мүлдем адам
төзгісіз еді. Арабтар әйел затының ар-намысын қорлап, тіпті қыздарын тірдей
жерге көмді. Әйелдер құқығы тек арабтарда ғана мес бүкіл дүние жүзі
халықтары арасында да мәз болмай, әйелдердіңар-намысы тапталып жатты.
Мысалы, үнділерде әйелдер мүлік қатарында қаралып, ерінің жекеменшігі
саналды. Сати заң бойынша өлген ерімен бірге әйелі де өртелген. Мұндай өлім
қасиетті еріне шын берілгендік деп айдар таққанымен кімнің өлгісі
келеді?!Оның үстіне жесір қалған әйелге тұрмыс құруға тиым салынған.
Ал, иудейлерде әйелдер пәк емес зат есебінде саналады. Тауратта
әйелді шайтанның досы ретінде қарайды. Йудейлер заң бойынша әйелдер
құқықсыз, әке-шешесінің үйінде де күң іспетті болған. Әкесі өлсе, ұлдары
қыз балаларын зат есебінде сата берген. Қыздар мұрагерлік құқықтан мақұрым
болды.
Ең зиялы деген жапондардың өздері де әйелдерге көпшілік табынатын
орынарға тиым салған. Қытайда да шіркеулерге әйелдерді кіргізбеген. Рим заң
бойынша әйелдер ерлеріне басыбайлы болып, өзіне тиісті мал-мүлікке ие бола
алмады. Олар басқаламен өз атынан келісімшарт жасай алмады.
Ислам діні ерлер мен әйелдерді теңестіріп, бірдей құқытар берді Ол
жайлы қасиетті Құранның кез-келген жерінен таба аламыз. Ислам әйелдерге
құрметпен қарауға үгіттеді. Тірідей қыздарын көметін тағылық қағиданы
мүлдем жойды.
Ислам дінінің шариат заңы жанұяның бұзылмауына мән берді. Ер мен әйел
адамзаттың ұрпақ таратар негізгі факторы ретінде, бір-бірінсіз ұрпақ
жалғаспай, тоқырауға ұшырайды. Жер бетінде тіршілік тәмам болады. “Ер
адамның да, әйелдің де өзіне тиісті міндеттері бар. Міне, осы өздеріне
тиісті міндеттерді әрдайым дұрыс бөліп атқарса, онда қуаныш та, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанұяның әлеуметтік - философиялық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін дамытудағы жанұяның ролін теориялық - әдістемелік тұрғыда негіздеу
Жанұядағы дау-дамайлар және балалардың жеке басының қалыптасуына ықпалы
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
Мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмысқа бейімделуін қамтамасыз ету
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Жанұядағы тәрбие стилінің кіші жасөспірімдердің мінез акцентуациясына әсерін тигізетін факторлар және зерттеу жолдары
Пәндер