ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жеке өмірге қол сұқпаушылықты қорғаудың халықаралық-құқықтық аспектілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы ұғымы және мазмұны
- Жеке өмiрді қылмыстық-құқықтық қорғаудың Қазақстан Республикасы аумағындағы дамуының құқықтық аспектiлерi.
- Жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзатын қылмыстарға қылмыстық-құқықтық сипаттама
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына сәйкес «Адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» біздің мемлекетіміз үшін жоғары құндылық болып табылады делінген. [1] Жеке тұлға құқығын қорғау және оның еркін дамуын қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдары қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатыны бұл конституциялық нормамен куәландырылады.
Жеке өмірдің органикалық бөлігі болып табылатын, ішкі тыныштық пен жайлы атмосфера құратын адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңды құқықтық қорғау мәселелері бойынша ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің өзекті болуына Қазақстан Республикасында жүргізілетін әлеуметтік-экономикалық реформалар, мемлекет пен қоғамның демократизациялануы, сәйкес құқықтық жүйенің қалыптасуы ықпал етеді.
«1997 жылдың 16 шілдесінде қабылданған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде жеке өмірге, тұрғын-үйге қол сұқпаушылықты, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде сіздер білесіздер ме?», -деген сауалдама-сұрақнама жүргізу нәтижесінде 41 % сұхбаткерлер теріс жауап берді. Қазіргі қылмыстық кодексті Қазақстан Республикасы азаматтарының соншама көп пайызының білмеуі азаматтардың өз конституциялық құқықтарына енжар қараушылық болып табылмайды. Бұндай жағдай, әсіресе қаралатын мәселеге сәйкес құқықтық сананың төмен деңгейімен түсіндіріледі. Бұнымен азаматтардың жеке өміріне қол сұққаны үшін жауапкершілікті регламенттейтін қылмыстық-құқықтық нормалар құқық қорғау органдарымен сирек іске асырылатынын бұл фактпен түсіндіруге болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142, 143, 145-баптары бойынша қылмыстық істер статистикасы сондай жоғары емес. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142-бабы бойынша бұндай қылмыстардың мемлекетте 2005 ж. тіркелген саны - 0, 2006 ж. - 0, 2007 ж. - 1, 2008 ж. - 3, 2009 ж. - 2, 2010 ж. - 0, 2011 ж. - 0, 2012 ж. бес айына дейін - 1, 143-бап бойынша 2005 ж. - 9, 2006 ж. - 4, 2007 ж. - 5, 2008 ж. - 42, 2009 ж. - 73, 2010 ж. - 38, 2011 ж. - 25, 2012 ж. бес айына дейін - 8 және 145-бабы бойынша 2005 ж. - 845, 2006 ж. - 757, 2007 ж. - 774, 2008 ж. - 549, 2009 ж. - 633, 2010 ж. - 566, 2011 ж. - 458, 2012 ж. бес айына дейін - 192 құрайды. [2]
Алайда бұл сандар, толық шамада объективті нақтылықты көрсетпейді. Көрсетілген деректер қарастырылатын беймәлім қылмыстардың қатарына жатқызуға мүмкіндік береді, себебі, жәбірленушілердің белгілі бөлігі оларға қатысты болған қылмысқа қатысты құқық қорғау органдарына сүйенбейді. Осы жағдай - азаматтардың ғана емес, сонымен қатар, әлбетте, құқық қорғау органдарының құқықтық санасының төмен деңгейінің нәтижесі. Жәбірленушілердің өзі басқа материалдық мәселелермен қоса, денсаулыққа, жеке өмірге қол сұқпаушылыққа қарсы қылмыстық әрекеттерге қатысты өтініштерді тиісті құқық қорғау органдарына беруге қажет деп санамайды, себебі, бұл мемлекет атынан құқық қорғау органдарының шешетін мәселесі емес деп ойлайды. Бұдан басқа, заң шығарушы мен құқыққолданушы үшін мәселелер туғызатын қылмыстық құқық теориясымен жеткілікті дәрежеде негізделмеген, азаматтардың жеке өміріне қол сұққаны үшін қылмыстық жауапкершілікті регламенттейтін нормалар - Қазақстан Республикасы үшін жаңа құбылыс.
Жеке өмір, біздің түсінігіміз бойынша, - бұл адамның жеке даралығын, оның қоғамнан, мемлекеттен және басқа да индивидтерден иммунитетін бекітетін, құқықтық және әлеуметтік белгілердің жиынтығы. Бір жағынан, бұл адамның ашық түрде жұрт алдында жариялауды қаламайтын ішкі әлемі, оның отбасылық және жеке қатынастары. Басқа жағынан қарағанда - бұл адамның өз әлемінде өз автономиясын көрсете алатын және мемлекеттің негізгі заңдарымен кепілденетін және әртүрлі заңнамалардың салаларымен қорғалатын құқықтылық көлемі.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 18-бабында әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройы қорғалуына, өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және басқа да жолмен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар екендігі айтылған. Аталған құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Ал, тікелей шектеу қою аса маңызды жағдай болып табылады. Бұл Конституцияның 39-бабында нақтыланғанындай, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылымды қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Осы баптың 3-тармағында: «Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді», - делінген.
Заңдық әдебиеттерде «жеке өмір» ұғымы сан алуан мағынада түсіндірілген. Бүгінде жеке өмір (латын тілінде Privacy) адам құқығының маңызды мәніне ие. Жеке өмірге қол сұғылмау құқығы - тұлғаның келісімінсіз жеке өмірі туралы ақпарат жинауға, сақтауға, қолдануға және таратуға тыйым салу; өзі туралы ақпаратты бақылау; ар-намысы мен абыройын қорғау; жеке басқа қатысты деректерді қорғау; қарым-қатынасын құпия сақтау құқығы; жеке мүлкіне қол сұғылмау; дәрігерлік құпия, бала асырап алу құқығы, тәубе ету мен басқа да кәсіби құқық түрлерінен тұрады.
Жеке өмір - бұл адам құқығының негізі және Біріккен Ұлттар Ұйымының 1948 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясымен бекітілген. Жалпыға бірдей декларацияда басты құқықтар мен бостандықтар мемлекеттердің басым көпшілігімен кәдімгі және келісімді нормалар міндеті заңды түрде қарастырылады. Көптеген мемлекеттердің Конституциясы осы құжатты негізге ала отырып, оның барлық тиімді жағын пайдаланады. Біздің еліміз де осы құжатқа байланысты жеке қағидаттарын өз Конституциясында қолданды.
1996 жылдың 16 желтоқсанындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 17-бабында: «Кез келген адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше немесе заңсыз араласуынан, заңсыз озбырлық жасап, хат алмасу құпиясына қол сұғылуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтірілуінен қорғалуы тиіс. Әрбір адамның осындай озбырлық пен қол сұғушылықтан заңмен қорғалуына құқығы бар», - делінген. [] Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні мемлекетіміздің бекітуі - құқық қорғау қызметіне байланысты барлық мемлекеттік ұйымдарды міндеттейді.
Жеке өмір мен дербес мәліметтерді қорғау саласындағы халықаралық практика адамның жеке өмірін қорғауға арналған арнайы заң қабылдау жолымен жүріп келеді.
Мұндай заңдарды қабылдаудың қажеттігін негіздейтін негізгі себептер ретінде мыналар аталады:
- өткен жылдардың қателігін түзеу қажеттігі. Тиісті заңдарды қабылдау өткен жылдардың тоталитарлық режимі кезіндегі адам құқықтарының бұзылу салдарын түзеуге мүмкіндік береді;
- электрондық бизнесті дамытуға жағдай жасау. Жеке өмірге қатысты заңдар бірыңғай электрондық сауда ережелерін белгілеуге бағытталған заңдар пакеттеріне енгізілген;
- ұлттық заңнаманың халықаралық міндеттемелерге сәйкестілігін қамтамасыз ету.
Дегенмен де, заңдар мен өзге де қорғау нысандарын қабылдау және жүзеге асырудың халықаралық тәжірибесі жеке өмірдің бұзылуы бұрынғысынша үлкен проблема күйінде қалып отырғанын куәландырады. Көп елдерде заң шығарушылар техникалық прогреске «ілесе алмай жатады» және де бұл адам құқықтарын қорғау саласындағы үлкен ақтаңдақтардың пайда болуына әкеп соғады. Кей кездері құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер айрықша құзырға ие болып жатады. Соңында айтар болсақ, заңдардың орындалуына лайықты бақылау болмаған кезде заңның өмір сүруі оның пәрменді қорғайтынын білдірмейді.
Көптеген демократиялық елдерде коммуникацияларды бақылаумен байланысты адам құқықтарының бұзылуы кең тараған.
Тіпті жеке өмірді қорғайтын қатаң заңдары бар елдерде әлі күнге құқық қорғау органдарында ештеңеге айыпталмайтын және қылмыс жасады деп күдіктенбейтін азаматтарға арналған үлкен досьелер бар.
Тұтас алғанда жеке өмір құқығы көптеген қатерлерге ұшырайды.
Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы салыстырмалы түрде XX ғасырдың екінші жартысында нормативті танылды және бекітілді. Бұл құқықтың халықаралық құжаттарға (Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының қорғалуы туралы конвенция, адам құқықтары мен негізгі бостандықтары туралы ТМД Конвенциясы) кірістірілуі оның халықаралық қауымдастықтар тарапынан танылуы негізгі жағдай болды. Жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын конституциялық-құқықтық мәнмәтінге кірістіру осы құқық пен адамның «классикалық» құқығы мен бостандықтарының арақатынасы туралы мәселені өзекті қылады. Сонымен, осы зерттеуді өзекті қылып көрсететін бірсыпыра себептерді көрсетуге болады. Арасынша, отандық заң әдебиеттерінде жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы толықтай зерттелмеген, оның құрылымы мен мазмұнын аңғарудың бірыңғай көзқарасы жоқ, сондықтан, оны жүзеге асыруды қамтамасыз ету мен соттық қорғау тәжірибеде қайшылықтарды туғызады.
Сөйтіп, жоғарыда айтылғандағыны өзекті мәселелер қатарына жатқызуға айтарлықтай себеп бар және сол себепті терең зерттеуді талап етеді.
Зерттеудің объектісі. Зерттеліп жатқан дипломдық жұмыстың объектісі болып жеке өмір және оны құқықтық қорғауды қамтамасыз ететін қарым-қатынастар табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты тарихи тәжірибені, халықаралық-құқықтық құжаттарды, Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңнамалары мен монографиялық зерттеулерді комплексті зерттеу және осының негізіндежеке өмірге қол сұқпаушылықты қорғауға бағытталған заңнаманы жетілдіруге ұсыныстар жасау. Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- жеке өмір ұғымын тұжырымдау және мазмұнын ашу ;
-жеке өмірге қол сұқпаушылықтағы адам құқығын қорғау туралы заңнамалардың даму тарихын оқып білу;
- жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзғаны үшін жауапкершілікті қамтитын қылмыстық-құқықты нормаларды жүйелендіру және жеке өмірге қол сұғатын қылмыстың жүйесі ұғымын жасап шығару;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығының субъектілерін, құрылымын және мазмұнын айқындау;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығының кейбір аспектілеріне талдау жасау;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы саласындағы шетел заңнамаларын, халықаралық-құқықтық актілер мен қазақстандық заңнамаларды жинақтап талдау жасау;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мәселесін зерттеу;
- жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығын қорғауды реттеудегі халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың ара қатынасын табу.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негізі. Зерттеу кешенді сипатта болғандықтан жалпы зерттеу әдістері диплом жұмысында қолданылды. Атап айтқанда:
-салыстыру
-сындық талдау
-тарихи әдіс
-сараптау
-құрылымдық талдау әдістері.
Зерттеудің теориялық негізі. Жұмысты зерттеу барысында жалпы теория құқығы, конституциялық, халықаралық, қылмыстық, азаматтық құқық салаларындағы, философия саласындағы көптеген ғалымдардың зерттеулері үлгі болды. Заң ғылымында жеке өмірге қолсұқпаушылыққа әрдайым көңіл бөлінетін. Осы тақырыптың жеке аспектілері В. С. Нерсесянц, И. Л. Петрухин, В. ПЖеребкин, Г. С. Сапаргалиевтің, А. В. Наумов, П. Н. Макеев, Е. Е. Калашниковтың, Л. О. Красавчиковтың, В. П. Дробышевскидің, М. В. Баглай, И. А. Шевченконың, Б. Н. Кадниковтың, А. Н. Красиковтың, Л. Ш. Авхадеевтің, Г. С. Досжановтың, С. К. Жетпісовтің, А. Н. Сағындықовтың, В. В. Мамоновтың, Ю. Г. Басиннің, А. Е. Жатқанбаевтың, С. С. Сартаевтың, М. С. Нарықбаевтың, Б. Ж. Жунусовтың, С. Ф. Бычковтың, И. И. Поповтың, А. Н. Ағыбаевтың еңбектерінде зерттелінді.
Қорғауға шығарылатын мәселелер. Бітіру жұмысының тақырыбын зерттеп келе келесідей тұжырымдар қорғауға шығарылады:
1. Жеке өмірді адамның өз құқықтары мен бостандықтарын айқын көрсететін, мемлекеттің, қоғамның және өзге де тұлғалардың басқа жақтан заңсыз араласуға рұқсат етілмейтін тіршілік әрекетінің ерекше аясы ретінде түсіну қажет.
Сонымен қатар, жеке өмірдің ішкі жағдайына адамның өз жеке өміріне өзі шекара белгілейтінін жатқызуға болады. Алайда, бұндай жағдай тек адам өзімен өзі жеке қалғанда ғана мүмкін, ал егер ол адамдар арасында болса, онда жеке өмірге әлдеқандай шекаралар белгілеу айтарлықтай қиындық соқтырады.
Жеке өмірдің сыртқы шакарасы - бұл тұлғамен келісілген мемлекеттің араласу мүмкіншілігінің шегі. Сыртқы және ішкі шекаралар арасында адамның әртүрлі өзара байланыстары бар (үй-ішілік, достық, іскерлік және т. б. ) Ереже бойынша, ұқсас арақатынастар өз бастамасын бір адамның жеке өмірі аясында бастайды, кейін басқа адамның жеке өмірі аясына бірқалыпты өтеді.
Бұнда келесі жағдайға назар аудару керек. Жеке өмірдің ішкі шегі әуелі моральмен, сыртқы -сырттан - құқықпен, ал ішінен - моральмен реттеледі.
2. Жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығын Қазақстан Республикасы Конституциясымен және басқа да заңдармен қорғалатын және кепілдік берілетін адамға тумысынан тиесілібейматериалдық игіліктер деп түсінуге болады. Сонымен қатар, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы - бұл тұлғаның келісімінсіз жеке өмірі туралы ақпарат жинауға, сақтауға, қолдануға және таратуға тыйым салу; жеке басқа қатысты деректерді қорғау; қарым-қатынасын құпия сақтау құқығы. Бұл ретте осы құқық келесідей мазмұнды құрайды:
- қызметтен тыс кезде мемлекеттен, қоғамнан және ұжымнан кейбір дербестік жағдайда болу мүмкіндігі
- тілдесу, ой еркіндігі, әуестік пен шығармашылық еркіндігі;
- жеке бас, отбасы, құпиялы хат жасысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарламаларының және өзге хабарлар құпиясы құқығы;
- тұрғын үйге қолсұғылмаушылық;
- ар-ождан және діни наным бостандығы құқығы.
3. Жеке өмірге қол сұқпаушлықты қорғаудағы шетел заңнамалары мен халықаралық құжаттарды қарастыру қажет. Себебі, қазіргі таңда адам құқықтары әлемде өзекті мәселе болып табылады. Нәтижесінде, жеке өмірге қол сұқпаушылықты қорғауды реттеудегі халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасын талдау орынды болады.
Зерттеудің нормативтік базасы. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық-құқықтық құжаттар, шетел мемелекеттерінің конституциялары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, шетел мемлекеттерінің қылмыстық заңнамалары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі және басқа да нормативтік құқықтық актілер.
Сонымен қатар, жұмысты зерттеу барысында жалпы теория құқығы, конституциялық, халықаралық, қылмыстық, азаматтық, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласындағы әйгілі ғалымдардың еңбектері де үлгі болды.
Жеке өмірге қол сұқпаушылық жөнінде заң ғылымдарында әрдайым белгілі бір назар аударылды. Осы тақырыптың жеке аспектілері . . . еңбектерінде зерттелінді.
Зерттеудің ғылыми теориялық және тәжірибелік маңызы. Осы дипломдық жұмысты орындау нәтижесінде берілген қорытындылар және ережелер тәжірибе жүзіндезаң салаларында, жеке өмірге қол сұқпаушылықты бұзған үшін жауапкершілікті регламенттейтін қылмыстық заңнаманы жетілдірупроцесінде, мемлекеттік құқық қорғау органдарының жеке өмірге қол сұқпаушылықты қорғау үшін қолданылады. Сонымен қатар, жоғары және орта арнайы оқу орындарындағы студенттерге қылмыстық құқық пен халықаралық құқық бойынша сабақ оқыту барысында қолданыла алады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс бекітілген көлемде жасалынған және кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы дипломдық жұмыстың көлемі . . . басымдылық мәтінді құрайды.
- ЖЕКЕ ӨМІРГЕ ҚОЛ СҰҚПАУШЫЛЫҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІЖеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы ұғымы және мазмұны
Қазақстан Республикасындағы жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалар, мемлекетті және қоғамды демократияландыру, барлық құқықтық жүйенің жетілуі жеке өмірдің органикалық бөлігі болып табылатын, ішкі тыныштық пен жайлы атмосфера құратын адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кезіндегі мәселелерді зерттеудегі көкейкестілікті алдын-ала анықтайды. Жеке өмірге адамның рұқсатынсыз ену қауіпті жағдайды туғызады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамаларында «жеке өмір» ұғымы нормативті айқындалмаған, ал оны қорғау үшін жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығы мазмұнын білу маңызды.
Құқық қолданған тәжірибеде жеке өмірге қолсұқпаушылықты бұзуды тұлғаның жеке немесе отбасылық құпиясын, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарламаларының немесе өзгехабарлар құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы ақпараттарды заңсыз жинау немесе тарату деп түсінуге болады. Бұл ретте отбасылық құпияға нақты отбасы мүдделерін құрайтын мәліметтерді жатқызады. Отбасы және жеке құпияға құқығы адамның ішкі әлемін, жан тыныштығын және жеке мүдделерін қорғауды және сақтауды талап ететін танылған материалдық емес құқыққа кіреді. [3, 111]
2009 жылдың 7 желтоқсанындағы № 221- IV «азаматтардың жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер еңгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жеке өмірге қолсұқпаушлықты бұзуда көрініс табатын азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қылмыстық әрекеттері үшін қатаң қылмыстық жауапкершілікті және жазалауды қарастырады. [4] Осыған байланысты жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығы ұғымы мен мазмұнына байланысты мәселелерді қарау қажеттілігі пайда болады.
Адамның жеке өмріне қолсұқпаушылық құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілденген және бекітілген тұлға мен азаматтың бостандықтары мен құқықтарында ерекше орын алады. Осы құқық адамның табиғи құқығы ішіне кіреді және мемлекетпен келілденген өзі туралы ақпараттарын бақылай алу мүмкіндігін білдіреді. Жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығын қорғау және сақтау деңгейі, оның жазылған құқық нормаларымен кепілі қоғамның демократиялануы мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының маңызды көрсеткіші болып табылады.
Сонымен осы конституциялық құқықты қорғаудың субъектісі болып реттеп мәжбүрлеуші аппараты бар мемлекет, сондай-ақ қол сұғылмайтын деп танылған құқықтар мен бостандықтарға ие тұлғаның өзі қатысады.
Қазіргі таңды осы құқық адамның бостандықтары мен басқа да құқықтары сияқты халықаралық -құқықтықжәне Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерімен танылады және кепілденеді.
Тұлғаның жеке өмірге қолсұқпаушылық құқығыалғаш рет халықаралық деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымымен 1948 жылдың 10 желтоқсанында қабылданған Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында бекітілді. Аталған Декларацияның 12-бабында: «Әр адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше араласуынан, озбырлық жасап баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтіруінен қорғалуға құқығы бар», -делінген. [5]
Зерттеліп жатқан құқық келесіде 1996 жылдың 16 желтоқсанындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 17-бабында белгіленген: «Кез келген адам жеке және отбасылық өміріне өзгелердің өз бетінше немесе заңсыз араласуынан, заңсыз озбырлық жасап, хат алмасу құпиясына қол сұғылуынан, ар-намысы мен абырой беделіне нұқсан келтірілуінен қорғалуы тиіс. Әрбір адамның осындай озбырлықпен қол сұғушылығы заңмен қорғалуына құқығы бар», - делінген. [6]
1988 жылы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитеті өзінің отыз екінші сессиясында АСҚХП-нің осы бабына жалпы тәртіптегі №16 Ескертуін қабылдады:
«1. 17-бап әрбiр адамның жеке және отбасылық өмiрiне өзгелердiң өз бетiнше, немесе заңсыз араласуынан, өз бетiнше немесе заңсыз озбырлық жасап, баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғылуынан, ар-намысы мен абырой-беделiне нұқсан келтiрiлуiнен қорғалу құқығын көздейді. Комитеттің пікірінше бұл құқық кез келген мұндай араласу мен осындай қол сұғылудан оны мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың жасағанына қарамастан кепілдіктермен нығайтылуға тиіс. Бұл баптан туындайтын міндеттемелер мемлекеттен мұндай араласу мен осындай қол сұғуларға пәрменді тыйым салу, сондай-ақ осы құқықты қорғау үшін заңнамалық және басқа да шараларды қабылдауды талап етеді . . .
3. «Заңсыз» термині араласудың заңда көзделген жағдайдан басқа кезде мүлде болмауын білдіреді. Мемлекет рұқсат ететін араласу заңның негізінде жасалуы мүмкін, ол өз кезегінде Пактінің ережелеріне, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуге тиіс.
4. «Өз бетінше араласу» ұғымы да АСҚХП 17-бабында көзделген құқықты қорғаумен байланысты. Комитеттің пікірінше, «өз бетінше араласу» ұғымы заңда жол берілетін араласуға да қолданылуы мүмкін. Өз бетінше ұғымын енгізу тіпті заңмен жол берілетін араласудың өзі Пактінің ережелеріне, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келуін және кез келген жағдайда нақты жағдайларда негізделген болуын қамтамасыз етуге арналған . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz