Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

I бөлім. Экономиканы бюджеттік реттеудің теориялық негіздері.

  1. Бюджет және оның қалыптасуының теориялық аспектілері
  2. Бюджет жүйесі мен оның қызмет ету принциптері

және бюджеттік құрылым

  1. Бюджеттік процесті ұйымдастыру және бюджет

жобасының қалыптасу процессі.

II бөлім. Жергілікті деңгейде бюджеттің орындалу жағдайын талдау.

2. 1. Маңғыстау облысы Қазынашылық Департаменті

қызметінің құқықтық сферасын талдау

2. 2. Маңғыстау облысының 2005-2007 жылдар аралығындағы

бюджетінің орындалуын талдау.

2. 3. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жергілікті

бюджеттің рөлі мен оның орындалуын талдау

2. 4. Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау

III бөлім. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік реттеуді жетілдірудің

жолдары

3. 1. Мемлекеттік және жергілікті бюджетті реттеудің шетелдік

тәжірибесі

3. 2. Қазақстан Республикасының бюджетаралық қатынастарын

дамытудың жолдары

Кіріспе

Елдің мемлекеттік құрылымында территориялық бөлінулердің көп болуы (муниципалиттер, префектурлар, штаттар, т. б. әкімшілік-территориялық бөліністер) олардың өмір сүруін қамтамасыз ететін қаржылық ресурстардың белгілі-бір көлемінің бөлінуінің қажеттілігіне негіздейді. Осыған байланысты қаржылық жүйесі осындай құрылымды мемлекеттерде жергілікті қаржы және жергілікті бюджет звенолары құрылады

Жергілікті бюджеттер жергілікті қаржының құрылымдық бөлігі болып табылады. Жергілікті қаржылар бұл ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім құнын жергілікті басқару органдары мен басқарудың билігінде аккумуляциялау арқылы бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынасының жүйесі.

Өзінің құрылымы бойынша жергілікті қаржылар жергілікті басқару органдарының билігінде болатын әр түрлі деңгейдегі жергілікті бюджетті, арнайы бюджеттен тыс қорларды және кәсіпорын қаржысын қамтиды.

Жергілікті қаржы жағдайы әртүрлі факторларға байланысты. Оларға келесілер қатысты:

  1. елдің жалпы экономикалық жағдайы;
  2. сәйкес территорияның экономикалық потенциалы;
  3. жергілікті басқару және үкімет органдарының міндеттері мен құқықтарын реттейтін мемлекеттік заң деңгейі;
  4. жергілікті басқару және үкімет органдарының өздеріне берілген биліктерін жүзеге асыру компетенциясының дәрежесі.

Қазіргі уақытта үкіметтің жергілікті органдары жоғарғы деңгейде

аймақтардың кешенді дамуын, ведомоствадан тыс территориялардағы өндірістік және өндірістік емес сфераның пропорциялы дамуын қамтамасыз

етуге бағытталған. Аймақтың экономикалық және әлеуметтік дамуындағы олардың координациялық функциясы көп мөлшерде өсуде. Бұл жергілікті басқару органдарының қаржылық базасын бекітуді және болашақтағы кеңейтуді, аймақтың қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану әдістерін жетілдірумен байланысты мәселелерді шешудің қажеттілігін құрады.

Жергілікті басқару толықтай республика және облыс бойынша ерекшеліктердің барлық түрлері бойынша максималды есеп алуды жобалайды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының болашақ прогресі көбіне-көп оның аймақтарының, әсіресе облыстарының даму деңгейімен анықталады. Республиканың әр облысы өзіндік әкімшілік-шаруашылық кешен болып саналады. Өндірістік дамудың территория аралық факторларын пайдалану негізінде масштабты-шаруашылық міндеттерді шешу үшін ол жеткілікті деңгейде ірі болып саналады. Екінші жағынан оның масштабы облыстық органдарға болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестерді жақсы байқауға және оперативті басқаруға мүмкіндік береді.

Міне сондықтан Қазақстанның аймақтарының қаржылық ресурстарын реттеу, қаржылық базаны қалыптастыру толықтай экономиканың және аймақтың экономикасының даму проблемаларын шешудің негізінің бірі болып саналады.

Берілген дипломдық жұмыс Маңғыстау облысының мысалында жергілікті бюджетті басқару құралдары мен талдауының мәселесін қарастыруға арналған. Жұмыста қазынашылық департаментінің, облықтық қаржы басқармасының, жергілікті қаржыны реттеу бойынша Қазақстан Республикасының заңы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қаржы министрлігінің ресми сайтының материалдары пайдаланылды.

Жұмыс құрылымды түрде үш бөлімге бөлінген. Бірінші бөлімде «Экономиканы бюджеттік реттеудің теориялық негіздері» экономиканы бюджеттік реттеудің теориялық негізі, негізгі түсінігі қарстырылған. Бюджет, бюджеттік қатынас, бюджеттік процесс, бюджет жүйесі деген сияқты категориялардың экономикалық мағынасы ашылады.

Екінші бөлім «Жергілікті деңгейде бюджеттің орындалуын талдау» бюджет теңдігін қамтамасыз ететін мәселелерді оларды шешу жолдарын қарастырады. Дипломдық жұмыста 2005-2007 жылдар аралығындағы Маңғыстау облысының бюджетінің орындалуының және табысы мен шығынының толық талдауы жасалады.

Үшінші бөлім «Қазақстан Республикасындағы бюджеттік реттеуді жетілдірудің жолдары» бюджетті реттеу бойынша экономикасы дамыған елдердің тәжірибелері, мемлекеттік және жергілікті бюджетаралық қатынасты жетілдіру жолдары қарастырылады.

I бөлім Экономиканы бюджеттік реттеудің теориялық негіздері

1. 1 Бюджет және оның қалыптасуының теориялық аспектілері

Бюджет - ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше бейланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылыққарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған қор, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі - заң.

Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық функцияларын орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.

Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбесі болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптасу және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б. ) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әртүрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде.

Мемлекеттің бюджеті қаржы жүйесінің негізгі, орталық буыны болып саналады. Оның мұндай деңгейі мемлекеттік бюджетте әр түрлі қарама-қайшылықтардың, экономикалық қызығушылықтардың әр түрлі түрлерінің - жалпы мемлекеттік, мемлекеттік, корпоративтік, топтық, жекеліктің шоғырлануына байланысты. Бұнымен қоса бюджеттің икемділігі, толықтығы, мобилділігі экономикалық қызығушылықтардың осы түрлерінің дамуы мен гармониясын қамтамасыз етеді.

Бюджет мінездемесі экономикалық категория ретінде келесілерге бағытталады. Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ақша қатынасы қалыптасады. Бұл ақша қатынастары әр түрлі түрде болады, бірақ оларға екі жалпыға ортақ мінездеме тән: біріншіден, олар бір қатысушы мемлекет болып табылатын, қайта бөлу процесінде пайда болады; екіншіден, олар жалпы мемлекеттік қателіктерді қанағаттандыру үшін бағытталған ақша бірлігінің орталықтандырылған қорының қалыптасуымен байланысты.

Бюджет (budget) термині ағылшын тілінен аударғанда белгілі бір кезеңдегі ақшалай табыс пен шығынның тізімін білдіреді. "Мемлекеттік" анықтамасы алынған тізімнің мемлекет иелігі екендігін білдіреді.

Қазақстан Республикасының "бюджет туралы" заңының 1 статьясында бюджет - сәйкес заңдылықтармен бекітілген, салық және т. б. табыс көздері мен түсімдердің негізінде құрылатын, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған орталықтандырылған ақша қоры деп анықтама берілген. Берілген анықтама бюджеттік қатынастардың материалдық жағына мінездеме береді.

Мемелкеттің ақша бірліктерінің орталықтандырылған қорын қалыптастыру ұлттық табыстың қайта бөлуінің бірінші кезеңінде жүзеге

асырылады. Алғашқы бөлу процесінде мемлекет өз құзыретіне қосылған құнға салық түріндегі өсім құнын алады. Қайта бөлу нәтижесінде мемлекеттің орталықтандырылған қорына кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі салық түрінде, акциздер мен жинақтар түрінде жиналатын табысының бір бөлігі түседі.

Мемлекеттің ақша бірліктерінің орталықтандырылған қорының көлемі келесі факторларға тәуелді:

  1. экономиканың даму жағдайына;
  2. кәсіпорындарды басқару әдістеріне;
  3. экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу түріне;
  4. ұлттық-шаруашылық пропорциядағы құрылымдық жылжулардың масштабына.

Мемлекетік бюджет қаржылық жоспар ретінде келесі белгілермен сипатталады:

  1. заңды күшіне иемденеді;
  2. үкімет директивасын бейнелейді;
  3. негізделген болып табылады;
  4. оның сәйкестендірілуі мен орындалуы сол орындағы иннициативамен орталықтандырылған басқару сәйкестігіне негізделеді.

Осылайша, мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ретінде ақша бірліктерінің ішкі бюджеттік қайта бөлу және материалдық өндіріс пен өндірістік сфераны бюджеттік қаржыландырумен жалпы мемлекеттік ақша қорының қалыптасуымен байланысты пайда болатын, өзара байланысты қайта бөлу қатынастарының толық кешенін түсінуге болады.

Мемлкеттік бюджет экономикалық категория ретінде қайта бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Бюджеттің қайта бөлу функциясының көмегімен қаржылық ресурстарды территория аралық және салааралық бөлу жүзеге асырылады, арнайы бағытқа бағытталған қорлар құрылады және қолданылады. Территория аралық қайта бөлу бюджеттік табыстарды сәйкес мемлекеттік билік органдарына бекітілу және ішкі бюджеттік басқарудың әр түрлі формалары арқылы басқарылу (субвенция, дотация, пайыздық аударулар т. б. ) арқылы жүзеге асырылады. Территория арқылы қайта бөлу нәтижесінде әрбір әкімшілік-территориялық бірлікте дербес бюджеттік қор құрылады.

Мемлекеттік бюджеттік қайта бөлу функциясы қайта бөлудің көп деңгейлілігімен ерекшеленеді, қоғамдық қатынастардың барлық сферасында көрінеді, экономиканың, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, денсаулық сақтаудың, қорғаныстың дамуында мемлекетпен пайдаланылады.

Мемлекеттік бюджеттің бақылау функциясы болашақта экономикамен органикалық байланыста болатын бюджет жағымды және жағымсыз әсер ететін қайта бөлу процестерін көрсетумен бейнеленеді.

Мемлекеттік бюджет өз құрылымында төрт бөлімнен құралады. Бірінші бөлімде ресми трансферттер мен несие қайтарудан түскен табыстардан құрылатын түсімдер бейнеленеді. Екінші бөлім шығындар мен несиелерден құралатын барлық шығындарды бейнелейді. Үшінші бөлімде бюджет дефициті (профициті) көрсетіледі. Төртінші бөлімде бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) бейнеленеді.

Бюджеттік шығындарды пайдалану бюджеттік бағдарламалар мен негізінде жүргізіледі. Бюджеттік бағдарлама - мемлекеттік саясат пен мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыру бойынша шаралар кешені бюджеттен қаржыландырылады.

Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» заңы барлық деңгейдегі бюджеттер ағымдық бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларынан тұратынын қарастырады.

Дамудың бюджеттік бағдарламалары болып Қазақстан Республикасынң институционалдық және әлеуметтік-экономикалық дамуына сонымен қатар адам ресурсының дамуына бағытталған бағдарламалар табылады.

Қаржылық теорияда бюджеттік шығындар әр түрлі белгілеріне қарай бөлінеді:

  1. қоғамдық өндірістегі рөлі бойынша;
  2. қызмет түрі мен өндіріс саласы бойыг\нша;
  3. қоғамдық бағыты бойынша;
  4. мақсатты бағыты бойынша.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, олардың функцияларының орындалу деңгейі, олармен шешілетін мәселелер түрлері, олардың көлемі мемлекеттік бюджеттегі бірлігінің көлемінде көрінеді. Табысты және шығынды бөліктердің сәйкестігіне байланысты бюджет қорының жағдайы дефицит, профицит немесе теңестірілген болуы мүмкін.

Бюджет дефицитінің болуы бюджеттік түсімнен жоғары шығын жеңгейін жабатын жолды іздеуге мәжбүр етеді.

Бюджет дефицитінің көлемін төмендетудің тиімді әдістерінің бірі ретінде шығындар секвестер механизмін енгізу алынады.

Қоғамның дамуындағы мемлекетік бюджеттің рөлі, ең алдымен оның көмегімен жалпы мемлекет деңгейіндегі ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнім құнын бөлу және қайта бөлуді жүзеге асыруға болатындығымен анықталады.

Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функцияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақща қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.

Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік берілген - ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланылады.

Бүгінгі күні мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптастыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдделерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеуметтік дамуын көрсетеді.

1. 2 Бюджет жүйесі мен оның қызмет ету принциптері және бюджеттік

құрылым

Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын - бюджетті - қалыптасу мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі.

2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
  • аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті) .

Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.

Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.

Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілген бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.

Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:

  • мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
  • мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
  • мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау жөнінде;
  • қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық бану және т. б. )
  • мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.

Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен құқықтық нормалар негізінде басқарылады.

Бюджеттің экономикалық мағынасы қоғамдық өндірісті оның рөлі мен орны, сонымен қатар Конституциямен анықталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы қазақстанның бюджет құрылымы үшін негіз болады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген республикалық бюджет пен жергілікті бюджет жиынтығы.

Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі ынтымақтық, толығу, бірізділік, басымдылық, шынайшылық, жайдарылық, дербестік, жауаптылық, тиімділік және нәтижелілік принциптерге негізделеді. Бұл принциптер арасында басты болып ынтымақтық және дербестік принциптері саналады, олар бюджеттік процесті ұйымдастырудың да негізгі принциптері болып саналады.

Ынтымақтық принцип - бюджеттік жүйенің ұйымдастыру-экономикалық орталықтандыру дәрежесін көрсетеді. Ең толық түрде бұл принцип Кеңес Одағының бюджеттік жүйесінде болды. Қазіргі кезеңде жергілікті билік органдарының дербестікке ие болғанына және оларға қаржылық ресурстармен билік жүргізу жөнінде бірсыпыра құқық берілгеніне байланысты ынтымақтық принцип босаңсытылып қалды.

Республика Аумағында әрекет жасайтын мемлекеттік кірістер мен мемлекеттік шығыстар жалпы бірыңғай жүйесі бар екенін осы ынтымақтық принцип арқылы дәлелденеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлау әдістемесі мен ұйымдастыру бірлестігіне және жоспарлау мен әлеуметтік-экономикалық болжамдау өзара байланысына кепіл береді. Осы принциптің негізінде заңнамалық, өкілдік органдар жағынан бюджет қаражаттарының қозғалысына тиімді бақылау жүргізіледі.

Бюджеттік жүйенің ынтымақтық принципі бірыңғай құқықтық база, бірыңғай бюджеттік жіктеу арқылы бюджеттерді сапқа тізу, бюджеттік процесті іске асыруда бірыңғай шаралар пайдалану, статистикалық жзәне қаржылық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларының бірлестігі, бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай әлеуметтік-экономикалық және салықтық саясатпен қамтамасыз етіледі. Бұл принципті қолданған бюджетті құрастыру мен бекітуде көбінесе артықшылығы бар бюджеттік баптардың болмауына әсерін тигізеді.

Толығу принципі - бюджеттер мен Ұлттық қорда республиканың заңнамаларымен қарастырылған, объективті және сенімді көрсеткіштер негізіндегі кірістер мен шығыстар толық көлемінде болуын қадағалайды. Үкіметте бюджетке қарастырылғаннан басқа ешқандай да кірістер мен шығыстар болуы тиісті емес. Сонымен қатар, бюджет қаражаттарын пайдалануда есепке жатқызудың өзара талаптары мен талаптар құқығына жол беру жіберілмейді. Бюджеттің толығу принципімен бюджет-брутто мен бюджет-нетто түсініктері байланысты. Бюджет-брутто мемлекеттің кірістер мен шығыстар бойынша барлық қаржы опреацияларын көрсетеді. Ал бюджет-нетто тек қана бюджет баптарының қалдықтарын көрсетеді, яғни әр бап бойынша кіріс түсіруге жұмсалған шығындарды алғаннан кейінгі түсімдерді көрсетеді.

Қазіргі кезеңде әлемдік тәжірибеде бұл принциптің лайықтылығы шамалы деп есептеледі, себебі оны қолдану бюджетті қажетті емес өз алдына бөлек болатын шығыстармен толтыруы мүмкін. Қазақстанда мемлекеттік қаржы құралдарын қалыптастыруда орталықтандырылған әдіс қолданылады, сондықтан 1998 жылдан бастап барлық бюджеттен тыс қорлар жойылған.

Шынайшылық принцип деген бюджеттің қабылданған көрсеткіштерінің республика мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарлары және ортамерзімді фискалдық саясаттың бекітілген параметрлері мен бағыттарға сәйкестігі. Сондықтан бюджет көрсеткіштерінің шынайшылығы экономика ахуалы және өндіріс көлемін объективтік бағалау мен әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделеді.

Шынайшылық принцип бюджет атқару жөнінде есеп беруді бұрмалауын болдырмау мен жоюға қажет. Ол мемлекеттің қаржы операцияларын әділетті көрсету мен бекітілген сомалар бюджеттік белгілеулерге пайдалануын қарастырады. Шынайшылық даму болжамдар мен бағдарламалар көрсеткіштері және бюджеттік резервтер барлығымен қуаттандыралған негіздегі барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары есептемелерімен дәлелденіп анықталады.

Бюджет жүйесінің жайдарылық принципі бекітілген бюджет пен оны атқару есебі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауын керек етеді. Бұл қоғам мүшелерінің әр біреуіне мемлекеттің болашақ кірістері мен шығыстары, әсіресе қаражат шығындарының негізгі бағыттарымен, оның ішінде әлеуметтік салаға арналған қаражаттар көлемімен танысуға мүмкіншілік береді. Жайдарылық принциптің түсінігіне толығырақ сипаттаманы былай беруге болады - ол бюджеттік заңнамалар аумағындағы нормативтік-құқықтық актілер, бюджеттер мен оларды атқару жөніндегі есептер және фискалдық саясат жөнінде басқа да ақпараттарды міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы мен мемлекеттік қаржыға бақылау жүргізу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру
Жергілікті бюджет түсімдері
Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі бюджеттік көрсеткіштері мен даму бағдарламаларын зерттеу арқылы бюджет жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері
Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі
Салықтың экономикалық маңызы мен қызметі
Жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылау
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің қаржылық қызметі
Жергілікті бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz