Сабақ үстіндегі конфликттер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3 - 5
- ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОНФЛИКТІЛІ ЖАҒДАЯТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . Конфликт ұғымы туралы түсінік . . .
1. 2 Жеткіншектің жас ерекшеліктеріне сипаттама . . . 24 - 29
- Жеткіншектер арасындағы конфликтілік жағдаяттар . . . 30 -
1. 4 Жеткіншекер арасындағы конфликтілі жағдаяттар мен оның жеке
тұлға ретінде дамуына әсері . . . 43 - 49
2 ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЯТТАРДЫҢ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ . . .
2. 1 Жеткіншек арасындағы конфликтілі жағдаяттарға
психологиялық талдау . . . 50 - 61
2. 2 Ғылыми жұмыстың эксперименталдық-тәжірибе
жұмыстарының нәтижелері . . . 62 - 85
Қорытынды . . . 86
Қолданылған әдебиеттер . . . 87
Қосымша . . . 90 -103
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі таңда психология ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі «жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттар». Соған байланысты қазіргі таңда бұл мәселеге мектеп психологтары мен бірге жоғары оқу орындарының, әсіресе гуманитарлық факултетінің және т. б. факультеттердің студентері мен мұғалімдері тек қана практик психолог жұмысында ғана емес, сонымен қатар басқа сала және пәндер бойынша сабақ беретін педагогтар, студенттер үшін өте маңызды болып келеді.
Жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттар мәселесі ата -аналар және мектеп педагогтары үшін де маңызды. Біз білетіндей, адам өміріндегі қиын және де үлкен із қалдыратын кезеңдердің бірі -ол жеткіншектік шақ.
Бұл шақта ойын, еңбек іс -әрекеттері екінші орынға тұрып, басты іс -әрекет оқу болып келеді. Сонымен қатар, жеткіншек шақтағы психологиялық және физиологиялық ерекшеліктердің себебінен болатын күрт өзгерістер оның мінез құлығына әсер етеді. Сондықтан, конфликтіге түсу себептері мен конфликтіге түсетін адамдардың контингенті түрлі болып келетіндіктен, соның ішінде құрдастармен өзара қатынастары және конфликтіге түсу себебінен қатынастың бұзылуы басты мәселе болып келеді. Жеткіншек пен дұрыс қарым -қатынас орнату және оған басқалармен өзара қарым -қатынасты орнатуды үйрету оны басқаруды жеңілдетеді және жеткіншектерге мектептегі және отбасында конфликтілі жағдайдан өзбеттілігнен шығып немесе конфликтінің нәтижесінде пайда болған мәселелерді стреске, депрессияға ұшырамай шығуға көмектеседі.
Сонымен қатар, жеткіншектік шақта алынған дұрыс тәрбиенің нәтижесінде болашақ ұрпағымыздың психологиялық тұрғыдан дені сау қоғам мүшесі бола алатынына сенім әкеледі. Ал осы мәселені зерттеп оның алдын -алу жұмыстарын жүргізу ата -аналарға, педагогтарға үлкен көмегін тигізеді.
Сонау Ж. Баласұғын мен Әл-Фарабиден бастап берірек қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев зиялылыар А. Байтұрсынов, Ж. Аймаутов қоғам, адам және қарым -қатынас туралы мәселелерін ылғи алға қойып отырған.
Қазіргі күнгі қазақстандық философтар Қ. Әбішев, Ж. Әділдин, Ресей ғалымдары Т. С. Батишева, В. С. Бильбер, М. С. Гаган және т. б. қарым -қатынас проблемаларын пәлсапалық көзқарастарымен зерттесе, психолог ғалымдар әртүрлі мағынада әр қырынан зерттей білді. Мысалы, психологтардың ішінде конфликтіні әлеуметтік мәселе ретінде Джеффри, Александра, К. Маркс, Вебер, Паретто, Д. Ж. Тернер, Дюркгейм, Парсонс, Смеллер, Зиммель т. б.
Сонымен қатар, конфликтіні психология тұрғысынан зерттеген ғалымдар: Ф. М. Бородкин, М. М. Коряк, Э. А. Уткин, А. Г. Здровомыслов, В. Н. Кудрявцев, А. С. Кармин, В. Р. Веснин, В, Зигерти, П. Ланг, М. С. Бондоренко, К. Н. Плотонов, М. А. Амонашвили, В. И. Журавлев, И. И. Рыданова, М. К. Тутушкина, Р. Л. Кричевский, В. А. Сухомлинский және т. б.
Зерттеу мақсаты: Жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттарды теориялық тұрғыдан талдау мен олардың шешілу жоладрын анықтау
Зерттеу міндеттері:
1) Жеткіншекетр арасындағы конфликтілі жағдаяттардың теориялық негізі ретінде конфликт шынына тоқталу;
2) Жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттарды топтау;
3) Жеткіншектік шақта пайда болатын конфликтілі жағдаяттардың оның жеке тұлға ретінде дамуына әсеріне тоқталу.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы
Егер жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттарды шешуде:
1) Жеткінщектік шақта өзара әрекеттесу кезіндегі туындайтын мәселелерді уақытында анықтап, сол мәселелердің шешімін табуға зор ықпал тигізеді;
2) Конфликтілі жағдайлардың алдын -алуға көмектеседі;
3) Жеткіншектің жеке басында туындайтын мәселелерді тереңірек түсінуге көмектеседі;
4) Жеткіншектердің арасында конфликтілі жағдайлардың шешу жолдарын табу нәтижесінде, олардың оқу іс -әрекетіне деген қызығушылығының жоғарлауына әсер етеді.
Зерттеу пәні: Жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттар.
Зерттеу обьектісі: Жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттарды туындататын мәселелер.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі: Жеткіншектер арасындағы конфликтілі жағдаяттарды зерттеуге үлес қосқан ғалымда: Н. В. Гришин, Г. Г. Воронин, М. М. Рыбакова, Н. В. Самсонова, Е. Е. Акимова, О. Н. Лукашенко, А. В. Дорохова, Н. И. Митюк, Э. А. Уткина, В. Р. Весенин, А. Я. Кибанов, Б. Л. Базаров, А. С. Кармин, Ф. М. Бородкин және т. б.
Зерттеудің әдістері: Томас тесті, агрессивті мінез-құлықты диагностикалауға арналған «Басса-Дарки» тесті, «Сіз конфликтті адамсыз ба?» тесті және М. В. Гришина, Г. Г. Воронин, М. М. Рыбакова және Н. В. Самсонованың әдебиеттерінен алынған мәліметтер негізінде құрылған конфликтілікті анықтайтын сауалнама қолдандық.
Зерттеу базасы: Семей қаласының №22 жалпы білім беру орта мектебінің
8 сыныптарына жүргізілді.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім мен зерттеу білімінен және қорытынды, пайдаланған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
1 ЖЕТКІНШЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ КОНФЛИКТІЛІ ЖАҒДАЯТТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Конфликт ұғымы туралы түсінік
Қазіргі замандағы адамның өмірі әрдайым өсіп келе жатқан урбанизация жағдайында, өмір сүру ырғағының өсуі, қоғам мүшелерінің профессионалдылығына үлкен талаптар қоюда. Адамдардың қабылдайтын мәліметтері, болжамдардан, екі есе жылдамдықпен қабылданады, ал ол адамдардың жоғары бейімділігін, қоршаған ортадағы өзгерістерге жылдам әсер етуді және конструктивті мінез-құлықты қажет етеді.
Адамдардың бұндай өзара қарым-қатынас шарттарында конфликтілік жағдайлар пайда болуы, олар анық конфликттерге және адамдар, топтар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы конфронтацияға әкелуі мүмкін.
Конфликт, әлеуметтік көрініс ретінде екі бағытта болады-ол бір адамның басқа адамнан, өмірден, өз-өзінен көңілін қалдыруы мүмкін және керісінше болар жағдайға жаңа көзқараспен қарап, адамдарды түсініп, өзін-өзі өзгертуге стимул бола алады. Конфликтінің табиғатын түсінуге және оны шешудін оптималды әдісін үйренген адам өмірге күштірек бейімделген адам болып есептеледі, өзін сенімді және жетістікке жеткен, конфликтінің алдын алып, өз-өзімен және әлеммен үйлесімділікте өмір сүре алады.
Конфликт - бұл екі немесе одан да көп адамдардың көз-қарастарының, қызығушылықтарының, позицияларының сай келмеуінің нәтижесінде қарсыластықтардың қақтығысуымен өтетін әлеуметтік процесс [1-27] .
Конфликтті зерттеумен айналысқан адамдар өте көп, солардың әйгілілері: Джеффри Александера, К. Маркс, Вебер, Парето, Дюркгейм, Парсонс, Смеллер, Зиммель және т. б.
Шетелдік және отандық әдебиеттерде конфликтінің табиғатына, әлеуметтік рөліне әр түрлі көзқарастар көп.
Конфликтінің жалпы теориясына еңбек сіңірген ғалым К. Маркс. Ол қарсыластық туралы білімді және революциондық кластың әлеуметтік өзгеруіне байланысты конфликт моделін дамытты. Американдық әлеуметтанушы Д. Ж. Тернер К. Маркстің конфликт теориясын зерттей отырып келесі негізгі жағдайын құрастырды:
-Әлеуметтік қатынастар жүйелік қасиеттерін көрсетсе де, сонда да олардың құрамында конфликтілік қызығушылықтардың саны көп;
-Бұл жағдай әлеуметтік жүйе әрдайым конфликтіні туындатады деген пікірге әкеледі;
-Осыдан конфликтіден қашып құтылуға болмайды, ол әлеуметтік жүйенің қасиеті деген ой қорытындысына келеміз;
-Бұндай конфликтілерде қызығушылықтарға қарсы көрініс беру тенденциясы байқалады;
-Конфликт көп жағдайда ресуртардың жетіспеушілігінен болады, әсіресе биліктің;
-Конфликт - әлеуметтік жүйелердің өзгеруінің басты себебі;
-Кез- келген конфликт онтоганистік сипатқа ие.
К. Маркстің әлеуметтік конфликт бойынша басты тезистері:
-Неғұрлым жүйедегі ресурстар дұрыс бөлінбесе, соғұрлым билік басындағылар мен атқарушылардың арасындағы немесе табынушы сигменттердің (әлеуметтік топ) жүйесіндегі қызығушылық конфликті тереңірек болады;
-Неғұрлым табынушы топтар өздерінің қызығушылықтарын терең түсіне бастаса, олар соғұрлым дефицитті ресурстардың таратылуының заңдылығы мен әділеттілігіне күмәндана бастайды;
-Күмәнданушылардың саны өскен сайын, олар бірігуінің себебі, билік басындағылармен конфликтіге түсу;
-Билік басындағылардың және атқарушылардың саны неғұрлым көп болса, соғұрлым конфликт зорлық-зомбылық түрінде өтеді;
-Неғұрлым конфликт зорлық-зомбылық түрінде өтсе, соғұрлым жүйенің құрылымдық өзгерістері және жетіспеген ресурстарды бөлу кең аумақты қамтиды.
Тернер ұсынған К. Маркстің негізгі тезистері кофликтінің себептері мен факторларын және олардын конфликт дамуына әкелетін ерекшелігінің әсерін түсіндіреді. К. Маркс қоғамның әлеуметтік конфликтісін зерттеді. Бірақ берілген конфликт теориясының тезистерін әлеуметтік топтардың төменгі денгейлеріне де қолдануға болады. Сонымен конфликт - ұйымның дамуының кең тараған және бас тартуға келмейтін қасиеті.
Г. Зиммель конфликтология теориясының негізін салушылар қатарына жатқызылады. Оның айтуынша, қоғамдағы конфликтіден қашып құтылу немесе оны болдырмау мүмкін емес. Егер К. Маркс бойынша конфликт «басқарушылар мен атқарушылар» жүйесінде дамыса және әрдайым құлдырауға және әлеуметтік өзгерістерге әкелсе, онда Зиммель қоғамның әлеуметтік құрылымын бөлінбейтін өзара байланысты ассоциация және диссоциация процестері түрінде ұсынды.
Конфликт - бұл процестердің табиғи құрамы болып есептелді, сондықтан конфликт құлдыраулар мен әлеуметтік өзгерістерге әкелуі міндетті емес.
Зиммель конфликтінің жағымды жақтарын көрсетеді: әлеуметтік жүйенің бірігу тұтастығы және әлеуметтік ағзаның унификациясы түрінде сақталуы мен бекуі.
Конфликтінің шығу тегін Зиммель тек қызығушылықтардың қақтығысуы ретінде ғана қарастырмайды, сонымен қатар оған адамдарда көрініс беретін «кекшілдік инстинктерін де» жатқызады. Кекшілдік инстинкті конфликтіге өткір дәмін бере алады. Бұндай конфликті тек қана адамдар арасындағы қатынастың үйлесімділігі немесе махаббат инстинктісі арқылы ғана жұмсартуға болады.
Яғни, Зиммель конфликтінің өтуіне әсер ететін өз алдына ерекше факторларды бөліп шығарады - махаббат және жек көру инстинкттері.
Зиммель конфликтіні әрдайым өзгеріп отыратын әртүрлі денгейдегі интенсивтілікті және күшті көрсететін өзгеріс түрінде қарастырады. Интенсивтіліктің шеткі шкалалары болып бәсекелестік және күрес болып табылады. Зиммель күресті екі жақтың ретсіз жанама соғыс түрінде анықтаған. Ал бәсеке - ол неғұрлым ретті, келісімге келген күрес.
Л. Козердің конфликт теориясы кең ауқымды сұрақтарды қарастырады, олар мыналар: конфликт себептері, конфликт өткірлігі, конфликт ұзақтығы және конфликт функциясы.
Л. Козер конфликтіні «әлеуметтік организмді» сақтап қалу үшін керекті «функционалданатын» процесс түрінде қарастырады. Козердің айтуы бойынша, конфликт әлеуметтік жүйеде интегративті және бейімділік функциясын атқарады. Зиммель сияқты Козер де «конфликт ұйымның өмір сүруінің және тұрақтылығының сақталып қалуына әсер етеді» деп санайды.
Конфликт топтарды анық бөледі, шешім қабылдауды ортақтастыруға әсер етіп, топтың бірігуін нығайтады және әлеуметтік бақылауды күшейтеді.
Л. Козер жүйенің бейімделуін және интеграциясының қалпына келуін немесе конфликтінің сақталуын анықтайтын «себептік шынжырларды» бөліп шығарады, олар мыналар:
1. Әлеуметтік жүйенің негізгі бөлімдер интеграциясының бұзылуы;
2. Негізгі бөліктерінің арасында конфликтінің өрбуіне әкеледі;
3. Ал ол жүйенің уақытша дезинтеграциясына әкеледі;
4. Бұл әлеуметтік құрылымды неғұрлым иілгіш етеді;
Ал бұл өз алдына жүйеге конфликт арқылы болашақта бола алатын тепе-теңдік бұзылулардың болдырмау қабілетін күшейтеді, осыдан жүйе өзгермелі шарттарға деген жоғары бейімділігін анықтайды.
Козер конфликтінің себептерін қарастыра отырып, олар жүйедегі жетіспейтін ресурстарды бөлгенде заңдылық болмаған жағдайда пайда болады деген қорытындыға келеді.
Л. Козер бойынша конфликт себептері:
- Неғұрлым топтар дефицитті ресурстардың бөлінуіндегі заңдылыққа күмәнданса, соғұрлым олар конфликтіні өрбітеді.
- Кедейленген топтардың саны көбейген сайын, олардын конфликтіні өрбітуге мүмкіндіктері көбірек.
Конфликтінің ашылығы Козермен конфликтіге қатысушыларда пайда болған эмоциялармен, бұл қатысушылардың реализм деңгейімен конфликтінің негізін құрайтын бағалықтармен және мәселелермен анықтайды [2] .
М. С. Бондаренко бойынша, конфликт - тұлға аралық қатынастардың аумағы. Оларды гуманистік деңгейде шешу адамды бағалы құндылық ретінде қарастыруды ұсынады. Бұл конфликті гуманистік көрініс ретінде қарауға негіз береді [ 3. 33] .
Ағылшын ғалымдары К. Томас және К. Хильмен ортогональды осьтердің
қиылысуында құрылған модельді ұсынды: белсенділік-пассивтілік және өзінің немесе оппонентінің қызығушылықтарын ғана ескеру ерекшелігі.
Басқа адамдармен келісімге келе алатың, компромисс табатын адамдар конфликтіге аз ұшырайды, ал көп күмәнданатын, ренжігіш, импульсивті адамдар конфликтіге көп түседі [4. 21] .
Сонымен қатар, конфликтіні зерттеген ғалымдар: Ф. М. Бородкин және Н. М. Коряк (Внимание: конфликт!), Э. А. Уткин («Конфликтология: теория и практика»), А. Г. Здравомыслов («Социология конфликта»), В. Н. Кудрявцев («Основы конфликтологии»), А. С. Кармин(Конфликтология), В. Р. Веснин(«Практический менеджмент персонала»), В. Зигерти, Л. Ланг(«Руководить без конфликта») және т. б. [1. 27] .
Конфликтологияның өз алдына бөлек пән ретінде дамуы педагогикадағы конфликтілік зерттеулердің интенсивті дамуына әсер етті. Конфликтінің типтері, себептері, педагогтардың позициялары зерттеу пәні болды ( Ш. А. Амонашвили, 1984, 1988; М. М. Рыбакова, 1991 ), мектептегі конфликтік-стрестік жағдайлардың табиғаты (В. И. Журавлев, 1995), оқушылардың конфликт мотивациясы(Н. В. Самсонова, 1995) конфликтінің психотехникасы(Б. И. Хасан, 1995), педагогикалық конфликтілерді шешу әдістері (Н. В. Самоукин, 1993), педагогикалық конфликті шешу технологиясы( И. И. Рыданова, 1998; Н. В. Самсонова, 1993) және т. б [ 5. 50] .
М. К. Тутушкина «Конфликтілер жасырын және ашық түрде болуы мүмкін, бірақ оның негізінде келіспеушілік жатады. Сондықтан конфликт бұл - екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы келіспеушіліктердің болуы»- дейді[ 6. 173] .
Ал К. Н. Платонов бойынша «Конфликт бұл - негізінде шынайы және иллюзиялық, объективті және субъективті немесе әр түрлі өлшемдегі саналы түсінетін қарсыластықтар жататын қарым-қатынас түрі, ол өзара қарым-қатынастағы тұлғалардың өткір эмоционалдық күй фонындағы мақсатты шешу жолдары» [ 7. 59]
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, «конфликт» ұғымының мазмұны кен ауқымды және әр түрлі мағынада қолданыла алады. Конфликтінің ортақ ұғымы ретінде «қарсыластықтардың шектен тыс өрбуі» деп айтуға болады. Психологтардың айтуы бойынша бұндай қиын шешілетін қарсыластықтар өткір эмоционалдық уайымдаумен байланысты [2. 23]
Әлеуметтік психология конфликтінің көп нұсқаулы типологиясын ұсынады, олар негізге алынатын критерийлер бойынша ерекшеленеді. Мысалға; ішкі тұлғалық конфликт туысқандық сезімдер және басшының қызметтік міндет сезімі; тұлға аралық( бастық пен оның орнын басатын адамдар арасында) ; тұлға мен ұйым арасында (ол кіретін ұйым ішіндегі конфликт) ; ұйым немесе топ арасындағы конфликт(алатын деңгейлеріне байланысты) .
Ішкі тұлғалық конфликт: Бұл конфликтінің түрі жоғарыда берген анықтамаға сәйкес келмейді. Бірақ оның дисфункционалды нәтижелері конфликтінің басқа типтерінің нәтижелеріне ұқсас болып келеді. Ол әр түрлі формаларда өтуі мүмкін, оның жиі кездесетіні рөлдік конфликт, ол бір адамға оның атқаратын жұмысының қандай болу керектігін немесе өндірістік талаптар оның бағалықтары мен құндылықтарын ескермеген жағдайда пайда болады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, бұндай конфликтілер адамның өз жұмысымен төмен қанағаттанушылық, өзіне және ұйымға аздап сенбеушілік білдірген жағдайда, сонымен қатар стресспен де байланысты болуы мүмкін.
Тұлға аралық конфликт: бұл конфликтінің ең көп тараған түрі. Ұйымдарда ол әр түрлі көрініс береді. Көп жағдайда бұл басшылардың ресурстарды, капиталды және жұмыс күшін, жабдықтарды қолдану уақытын азайту немесе проектіні қолдау мәселесі болуы мүмкін. Олардың әрқайсысы ресурстардың шектелуіне байланысты, басшылықты өз жағына қарату нәтижесінде пайда болатын конфликт.
Топ және тұлға аралық конфликт: ішкі тұлға және топ арасындағы конфликт, тұлғаның топтан ерекшеленетін бөлек позицияны алу нәтижесінде болады. Мысалға, егер жиналыста көпшілік тауардың сату көлемін көбейту үшін оның бағасын түсіру керектігін қолдаса, кейбір адамдар бұндай іс-әрекет шығынға әкеледі деген позицияны ұстануы мүмкін. Екінші позицияны ұстанған адам конфликтіні туындатушы болып есептелінеді.
Топ аралық конфлик: ұйымдар көптеген формальды және формальды емес топтардан тұрады. Ең жақсы ұйым дегендердің ішінде де конфликт пайда болуы мүмкін. Формальды емес топтар, басшылықтың оларға деген көзқарасы дұрыс емес деп шешіп, бірігіп «кектерін» алуы мүмкін. Профсоюз бен администрация арасындағы конфликт жақсы мысал бола алады.
Бағытына байланысты конфликтілер «көлденең», «тігінен» және «аралас» болып бөлінеді. «көлденең» конфликтілерге бір-біріне басшылық етпейтін адамдар жатқызылады. «Тігінен», оған қол астындағылар мен басшылық арасындағы конфликтілерді жатқызады. Аралас конфликтіге «тігінен» және «көлденең» түрлерін жатқызады.
Ұйымдар үшін конфликтілер мағынасына байланысты конструктивті және деструктивті болып бөлінеді. Конструктивті конфликтілер деп «қатысушылар эстетикалық нормалардан шықпаған жағдайды» айтады.
Конструктивті емес конфликт екі жағдайда болады: бір жағы басқа жақтың қызығушылықтарын ескермей, тек қана өзінің позициясын ұстанған кезде; оппонент өзінің қарсыласын психологиялық әсер ету арқылы оны төмендету, арын таптау әдістерін қолданғанда пайда болады.
Себептің мінезіне байланысты конфликтілерді объективті және субъективті деп екіге бөледі. Конфликтілердің бүкіл пайда болу себептерін айқындау мүмкін емес. Бірақ ол Р. Л. Кричевский өзінің «Если вы руководитель» деген кітабында жазғандай келесі үш топ себептерімен түсіндіріледі:
-Еңбек процесімен;
- Адамдардың өзара қатынастарының психологиялық ерекшеліктерімен, яғни ол дегеніміз - олардың симпатиясы мен антипатиясы, адамдардың мәдени, этникалық ерекшеліктері, басшының іс-әрекеті, жаман психологиялық коммуникациясымен;
- Топ мүшелерінің өзара ерекшеліктерімен, мысалға, өзінің эмоционалдық күйін ұстай алмау [ 2. 25] .
Кесте - 1
Индивидтар.
Топ.
Ұйымдар.
Индивидтар арасындағы конфликтілер.
Кеністікте бір -бірімен шектелген топтардың шекаралық конфликтісі.
Кеністікте бір -бірімен кездесетін топтардың экологиялық конфликтісі.
Гомогенді ұйымдар арасындағы конфликтілер (мысалы, мемлекеттер арасында) .
Гетерогендік ұймдар арасындағы конфликтілер (мысалға, мемлекет пен шіркеудің арасында) .
Индивидуум мен топ арасындағы конфликтілер (мысалға, жанұя ішінде) .
Индивидуум және ұйым арасындағы конфликтілер (мысалға, азаматтар мен мемлекеттер арасында) .
Топ пен ұйым арасындағы конфликтілер.
Соғыс.
Ойын.
Дау-дамай.
Компромиссіз күрес, кез -келген құралдарды қолданып мақсатқа жету.
Алдын -ала келісіп алынған әрекеттер арқылы конфликтіні шешу нәтижесінде өзіне қажеттісін алу.
Жаман іс -әрекет жасамау арқылы шешіледі.
Биполярлы және мультиполярлы.
Кумулятивті және мультиполярлы.
Поляризацияға және сегментацияға әкелетін конфликтілер.
Конфликтіге қатысушылардың санына байланысты.
Конфликтіге қатысушылардың санына байланысты.
Конфликтіге қатысушылардың онтогонизіміне байланысты.
[ 8. 12-13] .
Шарттардың көрініс беру формаларына және өту уақытына байланысты конфликтілер типтерін бөліп шығаруға болады:
- Ұзақтығына байланысты:
- Қысқа уақытты (бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін) ;
- Ұзақ уақытты (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) ;
- Созылған ( уақыт шектеуі жоқ, конструктивті шешім табылмайтын конфликтілер) ; Көрініс бойынша:
- Жасырын (конфликт және оның ерекшеліктері туралы айтатын көріністер жеткіліксіз) ;
- Жартылай (көзге көрінетін көріністер конфликтіге қатысушылардың әрекеттерінің, оның терендігі, себептері туралы адекватты талдау жасауға болмайды) ;
- Ашық (конфликтінің барлық көріністері қатысушылармен жасырылмайды) . Ұйымдасуына байланысты:
- Алдын-ала ұйымдастырылған (алдына-ала ұйымдастырылып іске асырылған) ;
- Байқаусыз;
- Әдейі жасалған (белгілі жағдайдың нәтижесінде әдейі айтылған сөз, іс-әрекет арқылы пайда болған конфликт) ;
- Инициативті (кез-келген жақтың қатысушылары инициатор болып келеді, конфликтіні туындататын сөзден немесе іс-әрекеттен бастап) [ 8. 14] .
Мазмұнына байланысты конфликтілерді мына түрлерге бөлуге болады:
-күнделікті жағдайлардың нәтижесінде пайда болған конфликтілер . Бұндай конфликтілер жанұяларда кездеседі, күнделікті мәселелерді шешу жанұяда басты міндет, бірақ ол мектепте де кездеседі.
-административті конфликтілер, бұнда объект болып, субъект міндеттері болып келеді. Ол мұғалімнің оқушы алдындағы міндеті, администрацияның мұғалім алдындағы міндеті де болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz