Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Жобалай оқыту технологиясының ғылыми негізі мен тұжырымдамасы
  2. Пәнді жобалай оқыту технологиясы арқылы үйретуде қалыптасатын құзыреттіліктер
  3. Негізгі құзыреттілік туралы түсінік.
  4. Жалпы кәсіптік құзыреттілік.
  5. Арнаулы құзыреттілік.
  6. Құзыреттіліктерді дамытудағы жоба технологиясының мәні

III. Қорытынды

Глоссарий

Әдебиеттер

І. КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан озық деп танылған оқыту модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын жаңалаудың қажеттілігін арттырып отыр. Өйткені «ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз» [1] . Бұл үздіксіз білім беру жүйесінің аса бір маңызды буыны болып саналатын жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісін де түбегейлі жетілдіруді қажет етеді. Себебі жоғары білім дамуының негізгі қозғаушы күші болса, білімді де білікті маман - еліміздің ертеңін, жарқын келешегін құрушылар.

Кәсіби білім берудің басты мақсаты - жас толқынның қабілеті мен қызығушылығына қарай кәсіби әрекетті игеруіне, белгілі бір мамандықтың иесі болуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Ал өз кезегінде сол білім әр адамның өзін-өзі тануының, маман ретінде қалыптасуының, өзін-өзі көрсете білуінің, яғни ішкі мүмкіншілігі мен тұлғалық қабілеттерінің ашылуының құралы болып табылады. Отандық тәжірибеге зер сала қарағанда, студенттерге шынайы білім беру бағытындағы ең мәнді қадам деп олардың өздігінен ізденуіне, алған білімін нақты тәжірибеде қолдануына жол ашатын кредиттік оқу жүйесіне көшу барысында осы жаңа жүйенің мүмкіндіктеріне лайық жаңа технологиялардың да белсенді түрде енгізіле бастағанын айтуға болады. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде оқушылардың жеке тұлғалық мәдениеті мен танымдық-практикалық қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін осы бағыттағы ізденістерді кеңейтудің және сол технологияларды ғылыми тұрғыдан жан-жақты зерделеп зерттеудің көкейкестілігін дәлелдейді. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады.

Технология - грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы педагогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жету, белгілі бір жүйемен оқыту деген ұғымдарға барабар. Педагогикада оқыту технологиясы мен білім сапасы бір-бірінен ажыратуға болмайтын, өзара тәуелді, өзара сабақтас егіз ұғымға айналды. Себебі оқыту технологиясының тиімділігі сапалы нәтижелерге әкелетін факторларды үйлесімділікпен басқаруға тікелей байланысты болса, ал үйлесімді басқару жүйелілік арқылы сапаға қол жеткізудің басты шарты болып саналады. Сондықтан отандық та, әлемдік те ғылымда педагогикалық технологияларға арналған зерттеулер аясы кеңейе түсуде.

Жобалай оқыту технологиясына қатысты ғылыми ізденістер уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, толығып, дамып келеді. Зерттелген сайын оның жаңа өрістерінің де кеңейе түсуі бұл мәселенің өміршеңдігін танытады. Жобалай оқыту технологиясының алғашқы соқпағы ХҮІІ ғасырдағы Париждің Корольдік сәулет академиясының тәжірибесінен басталады. ХХ ғасырдың ортасынан бастап АҚШ-тың, Германияның білім беру саласында, ал ғасыр соңында ТМД елдерінің оқыту жүйесінде кең өріс алғаны белгілі. Жобалай оқыту технологиясының теориясын алғаш негіздеген ғалымдар Д. Дьюи мен В. Килпатрик болатын. Олар бұл технологияның әмбебаптық сипатын дәл анықтап, оның интеллект дамытудағы маңызын жоғары бағалады. Кейін бұл технологияның теориясын дамытқан Е. С. Полат, В. Д. Симоненко, М. Б. Павловтардың зерттеулері болды.

Ресей ғалымдарының осы саладағы еңбектерін саралап қарағанда, педагогикалық технологияның оқыту үдерісіне екі түрлі жолмен: 1) В. П. Беспалько, В. В. Давыдов, В. К. Дьяченко, Л. В. Занков, П. Я. Гальперин, Н. В. Кузьмина, т. б. ғалымдардың теориялық зерттеулерінің нәтижесінде; 2) Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов, т. с. с. әдіскерлердің практикалық тәжірибелерінің негізінде енгізілгені анықталды. Дегенмен, қазіргі таңда оқыту технологияларының жалпы заңдылықтары мен қағидалары нақтыланып, оларды қолданудың өзіндік жүйесі бірізге түсірілген деп кесіп айту орынды болмас. Өйткені технология шеберлікпен, өнермен тамырлас ұғым болғандықтан, оның мүмкіндіктерінің де шексіз екені аян. Әйтсе де олардың аражігін ажыратып, әр технологияның өзіндік сипаттарын пәнді оқытудың ерекшелігіне сай айқындап берген еңбектер қатары молайып келеді.

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық-әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып - үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты.

Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну - қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы - соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б. Тұрғанбаева « . . . өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын - құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н. Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі «компетенс» сөзін ғалым К. Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б. Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені, құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.

Қ. Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.

Қазақстанның әлеуметті-экономикалық даму мақсатын жүзеге асыруда кәсіптік білім беретін мекемелердегі бәсекелестік қабілеті бар болашақ мамандарға әртүрлі өндірістік салаларға даярлау деңгейі білім беру жағдайларымен анықталады.

Қазіргі таңда жан-жақты маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өздік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді. Себебі әлеуметтік сала экономикасын дамыту осы болашақ мамандардан төмендегідей шарттардың орындалуын талап етеді:

  • жүйелі ойлау;
  • экологиялық, құқықтық, ақпараттық мәдениет;
  • кәсіпкерлік мәдениет;
  • өзін-өзі тану және басқаларға ұсыну;
  • өз қызметін білімді талдау;
  • кейбір өндірістік жағдайларда өз бетімен дұрыс шешім қабылдай алу;
  • жаңа білімді меңгеру;
  • әр іске жауапкершілікпен қарау.

Осыған орай, біздің қаржы-экономикалық пәндер мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық-күнтізбелік жоспарлар, оқу-әдістемелік кешендер, есептер жинағы, көрнекілік альбомдар қолданылып келеді. Мұның барлығы маман моделінің нарықта қажеттілігін тұрғызуға бағытталуы қажет. Өйткен себебі, соңғы кездерде білім саласында біліктілік моделінен құзыреттілік моделіне ауытқу көп қарастырылып жүр, яғни жұмыс берушіні көбінесе біліктілік емес, құқық, ақпарат, әлеуметтік сала жағынан құзіретті мамандар қызықтырады. Бірақ біліктілікке қосымша құзыреттілік бірге жүрген жағдайда маман моделі жүйелі сипатталады деуге болады.

Техникалық ғалымдар докторы Н. А. Селезнева және физико-математикалық ғылымдар кандидаты И. Н. Медведевтің ғылыми басшылығымен Мамандарды салалы даярлау мәселесін зерттеу орталығында Псков мемлекеттік педагогикалық университетімен шығармашылық бірлестікте орындалған іс-тәжірибеге назар аударатын болсақ, мамандардың негізгі, жалпы кәсіптік және арнаулы құзыреттілігі бөлінген.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Жобалай оқыту технологиясының ғылыми негізі мен тұжырымдамасы

Кезінде ҚР Білім және ғылым министрі болған Ж. Қ. Түймебаевтың: «Біздің болашағымыз жоғары оқу орындарының санында емес, сапалы да сұранысқа ие білімінде екенін түсінетін кез келді» деген пікірі білім сапасына байыптылықпен қарап, оны жаттандылықтан, жасандылықтан арылтып, оқушылардың мүддесі мен қоғам мүддесін ұштастыра алатын жаңа жүйелерді таңдауды міндеттейді [2] . Бұл міндетті орындауда жобалай оқыту технологиясының ұтымдылығы айқын көрінеді. Мұнда оқушының өздігінен әрекет етуіне қолайлы жағдай жасалады: ол бағдарлама көлемінен тыс білім қорын жинауға төселеді, сол қорды өз қажетіне қарай пайдалануға дағдыланады, коммуникативтік, ақпараттық, проблеманы шешу, мәдени-танымдық құзыреттіліктерді меңгеруге мүмкіндік алады.

Себебі «тек сондай жүйе арқылы ғана білім алушыларды өз өмірінің әр қадамын жобалай алуына, болашағына жауапкершілікпен қарауға, өзі мен өзінің меңгеріп жатқан кәсібіне деген сенімін қалыптастыруға игі ықпал ете алады» [3] .

Жобалай оқыту технологиясы өзінің жүйелілігінің, мақсаттылығының нәтижесінде пәннің оқытылу сапасына тікелей ықпал ете алатындығымен, оқушының білімі мен білік деңгейін анық та дәл көрсететіндігімен, бағалауға оңтайлылығымен, оқушы бойындағы түрлі құзыреттердің қалыптасу дәрежесі мен оның болашақтағы даму мүмкіндіктерін белгілеуге бағыт бере алатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл технологияны оқу жүйесінің жүзеге асуының табиғи жолы ретінде оқушылардың ақыл-ойын және ойлау мен сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу, тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру бағытында қолданудың маңызы зор. Сондықтан бұл мәселе ғылыми тұрғыдан зерделеніп, оны оқушылардың өз бетімен білім іздеу және шығармашылық қабілетін жетілдіру тұрғысынан қарастыру қажет деген жетекші идея алынып отыр.

Педагогика тарихында «жоба әдісі» оқыту үдерісінде ХҮІІ ғасырдан бастап қолданылған. 1671 жылы Парижде алғаш рет Корольдік Сәулет Академиясы студенттер арасында ең әдемі жобаларға бәйге жариялайды. ТМД елдері тарихында С. Т. Шацкийдің, Н. К. Крупскаяның оқыту тәжірибесінде 1905 жылдан бастап қолданылған бұл әдіс кейіннен «бригадалық әдіс» деген ұғыммен ауыстырылып, қолданыстан шығып қалғанымен, соңғы жылдары оқу-ағарту саласында қайта жаңғыра бастады. АҚШ-тың, Германияның оқыту үрдісіне ертеден еніп, «әдістемелік құрал», «дидактикалық концепция» ретінде қарастырылып келді. Оның өзіне тән ерекшелігінің айқындалуы жобалау әдісінің білім алушының интеллектуалдық-әлеуметтік-кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімділігін тануға мүмкіндік берді.

1965 жылдан бері қарай жобалау әдісі халықаралық деңгейде қолданыла бастады. Бұл әдіске қайта оралудың басты себебін ғалымдар «мәселені оның дамуында қарастыруға мүмкіндік беретіндігімен» байланыстырады, яғни білім алушылар нақты мәселені шешу үшін әрекет үстінде бірнеше рет теорияға үңіледі, соның нәтижесінде өз ісінің қалай орындалғанын бағалай алады, өз қолдарымен жасалған іс оларға қанағаттанарлық, өзіне сенімділік әкеледі. Ғалымдар бұл технологияның осы артықшылықтарына үлкен мән берген. В. Килпатрик жобалау әдісін «от души выполняемый замысел» деп түсінді. Оның ойынша, оқу әрекеттері оқытушының қатысуынсыз орындалуы тиіс. Сонда оқушы өз әрекетінің нәтижесін көріп, өзінің қабілетін бағалай алады деп тұжырымдайды. Ал Д. Дьюи оқушының әрекеті мұғаліммен бірлескен әрекет болуын талап етті. Өйткені оқушының әрекетті аяғына дейін орындауына толық білімі жетпеуі мүмкін, ол үшін мұғалім әрекетті орындаудың алдында оқушының барлық ойлау әрекеті сатысынан өтуін қамтамасыз етуі тиіс деген пікір айтады.

Зерттеуде жобалай оқыту технологиясы жүйе ретінде қарастырылып, қазақ тілін сапалы оқытуда бұл технологияның тиімділігін анықтау көзделді. Соған орай оқыту үдерісінде базалық-нормативтік құжаттардан бастап оқу-әдістемелік кешендер, оқытудың әдістемелік жүйесі құрауыштары мен әрекет етуші тұлғалар өзара тығыз байланыста басты мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылды.

Жобалай оқыту технологиясының сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының жеке басының ізденімпаздық қабілетінің дамуымен байланысты анықталады. Жобаны орындау барысында оқушының ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту өзін-өзі бақылау мен басқару арқылы саналы түрде жүріп отырады. Осы үдерісте оқушының ерік-жігері, тілдік қабілет ресурстары, тілдік сезімі ұштала түсіп, есте сақтау қабілеті мен сөйлеу дағдылары жетіледі.

Жаңа кезеңде жобалай оқыту технологиясын сапалы әрі тиімді оқыту жүйесі ретінде таңдап алудың бірнеше себептері бар. Біріншіден, бұл технология - оқытуды үздік жүзеге асыруға мүмкіндігі мол технология. Оқушының өз бетімен орындайтын жұмысына басымдылық беріледі. Ол оқытушының басшылығымен және өз бетімен орындайтын жұмыс деп бөлінеді. Екіншіден, жобалай оқыту технологиясының философиялық, гуманистік, психологиялық мүмкіндіктері оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталады. Өз бетімен пән бойынша берілетін түрлі жобаларды пәнді орындау барысында студент «білім іздеудің өзіндік сүрлеуін» қалыптастырады және ол сүрлеу оқушының өмір бойғы білім алуы дағдыларын дамытады. Үшіншіден, бұл технологияның артықшылығы- жоба жұмысын орындау арқылы оқушы өздігінен шешім жасауға үйренеді, жобаның орындау логикасын анықтайды. Оқушы пәнді меңгеру үдерісінде пәнді оқып-білудің негізгі әрі белсенді субъектісіне айналады. Төртіншіден, бұл технология оқушының білім деңгейін дамытуға көмектеседі, себебі ол өз бетінше әрекетке түсіп, ізденеді. Бесіншіден, бұл технология бойынша оқушы тақырыпты өзі таңдауына мүмкіндік алады. Алтыншыдан, жобалау аясында ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс істеу идеясы бар. Жетіншіден, жобалай оқыту технологиясы шығармашылық белсенділікті тудырады. Сегізіншіден, жобалау технологиясы сабақта қолданылғанда оқытушыға да, студентке де жауапкершілік жүктейді әрі өзіне деген сенімділігін арттырады. Тоғызыншыдан, жобалау жұмыстары өзара жарысты, талас-пікірді, ең бастысы, белсенділікті талап етеді. Оныншыдан, жобалау технологиясы мүғалімге де, оқушыға да жұмысына, ғылыми дәлелдемелеріне қанағаттану сезімін, яғни «эгофакторлық» сенім ұялатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқушыларды математикалық олимпиадаларға дайындау
Оқу үдерісінде жобалау әдісін қолданудың тиімділігі
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Педагогикалық бағалау функциялары
Білім беру жүйесіндегі қазіргі талап
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда жобалау әдісін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz