Жүгері дақылының тіршілігіне қажетті факторлар


Мазмұны
Кіріспе . . . 6
І-тарау. Жүгері дақылының тіршілігіне қажетті факторлар
1. 1 . Жүгері дақылдарының агротехникасына сараптамалық шолу . . . 9
1. 2. Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері . . . 18
1. 3. Жүгеріге әсер ететін реттемелі факторлар . . . 20
1. 4. Жүгері өнімін алдын-ала программалау және жобаланған
өнім алу үшін тыңайтқыш нормаларын есептеу . . . 29
ІІ-тарау. Жүгері өнімділігін арттырудың биологиялық негіздері
2. 1. Жүгері өсіретін аудандардың климаты мен
топырағының сипаттамасы . . . 34
2. 2. Қазақстанның оңтүстігінде жүгерінің будандары мен
сорттарының фотосинтездік активті радиацияға
байланысты өнімділігі . . . 37
2. 3. Пісу мерзімі әр түрлі жүгері будандарының өсімдік
жиілігінің өнімділікке әсері . . . 43
2. 4. Дәндік жүгерінің қоректік заттарды пайдалануы . . . 45
ІІІ-тарау. Жүгері өсіру технологиясы мен агротехникасы
3. 1. Агротехникалық шараларға және суару технологиясына
байланысты жүгері дәнінің фотосинтетикалық
әрекетінің өнімділігі . . . 51
3. 2. Жамбыл облысының суармалы жерінде жүгері өсіру
технологиясы . . . 56
3. 3. Жүгері дақылының өсіп - жетілу қарқынын және
оның су пайдалануын биофизикалық коэффициенттер
арқылы болжау . . . 61
Қорытынды . . . 69
Пайдаланған әдебиеттер . . . 71
Кіріспе.
Жүгері - дүние жүзінде бидай мен күріштен кейінгі, ал көлемі жөнінен үшінші орында тұрған дақыл. Жалпы жиналатын өнімі бидайдан сәл аздау болса, күрішпен бірдей деуге болады. Егіс көлемін, жалпы өнімін, түсімін осы үш дақылмен салыстырар болсақ жүгерінің артықшылығын бірден байқауға болады. Бір гектардан алынатын өнім кейінгі 50 жылда дүние жүзінде жүгері бойынша 7ц, бидай 3ц, күріш 5, 2ц артқан. Олай болса жүгері дақылы өз өнімін көбейту мүмкіндігі жөнінен ең алдыңғы қатардан орын алады, ал адамзаттың міндеті - осы мүмкіндіктерді толық пайдалана білу.
Біздің республикамызда жүгері ең құнды ауыл шаруашылығы дақылы болып саналады. Басқа астық тұқымдастармен салыстығанда бұл дақылдың өнімі және жемдік қасиеті анағұрлым жоғары.
Жүгерінің Отаны - Америка. Оның Мексика және Гватемала тропикалық-субтропикалық аймақтары. Жүгері дәнінің алғашқы үлгілері XV ғасырдың аяғында Европаға әкелінді. Алғашында сирек кездесетін сәндік өсімдік ретінде, содан соң астық және мал азығы ретінде бағаланды. Америка ғалымы Мак-Милен жүгеріні кез-келген қазба байлықтан алынатын шикі заттардан артық деп бағалаған. Жер жүзінде дәндік жүгері азық-түлік ретінде (20-25%), мал азығына (55-60%), және түрлі техникалық мақсаттарда (15-20%) өнеркәсіпте шикізат ретінде пайдаланылады. Басқа дақылдарға қарағанда жүгері құрамында белок аз. Жүгеріден жарма, жарылған жүгері, түтікшелер, крахмал, декстрин, кристалды қант, спирт және ұн алады. Көк жүгеріні пісіріп жеуге, консервілеуге болады. Сонымен қатар, жүгерінің ұрығынан медицина және тамаққа пайдаланатын май алады. Жүгері АҚШ-та көп тараған. ТМД-да ол ауыл шаруашылық дақылдардың ішінде 6-шы орында, барлық егістіктің 2 процентке жақын көлемін алады. Жүгеріні сыртқы қабығының барлығына немесе жоқтығына, дәнінің формасына, өсу мерзіміне, түсіне, үстіңгі бетінің формасына, эндоспермінің ұн тәрізділік немесе мүйіз тәрізділігіне қарай 7 кіші түрге бөледі: олар - кремнийлі жүгері, тістәріздес жүгері, қант жүгері, крахмалды жүгері, балауыз жүгері, қабықты жүгері, мүйіз тәріздес жүгері.
Еліміздің ауа райы, топырағы әр алуан. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда орналасқан суармалы жерлер еліміздің ауыл шаруашылығын өркендетудің алтын қоы болып саналады. Ауа райының қандай болғанына қарамастан бұл жерлерден жыл сайын жоғары да тұрақты өнім алуға болады. Бұл - суармалы желерде өз мүмкіндіктерін толық көрсете алатын, өнімінің қай түрінен болса да жоғары көрсеткіштеге ие болатын дақыл. Жүгерінің суармалы жерлердегі тағы бір атықшылығы екі мәселені бір уақытта шешуге мүмкіндік беретіні, оның біріншісі - сапасы жоғары тұқымдық дән, екіншісі - мал үшін аса бағалы сүрлем беретіндігі.
Жүгері дәнінде 60-70% углевод, 9-12% белок, 4-7% май, минералды тұздар мен витаминдер бар. Сондықтан жүгері дәні барлық мал түлігі және құстар үшін өте бағалы жем болып табылады. Жүгерінің көк балаусасы да қоректік заттарға өте бай, одан малға жұғымды, жоғары сапалы сүрлем дайындалады. Бұл үшін ең тиімді кезең - жүгері дәні сүттеніп, қамырланған кез. Осы кезде дайындалған жүгері сүрлемінде құғақ заттар - қорытылатын протеин көп болады. Ғылыми мекемелердің мәліметтері бойынша 5кг жүгері сүрлемінен 1кг сүт алынады. Гүлдену кезінде де жүгері көк шөп ретінде малға беріледі. Бұл уақытта жүгері балаусасы жақсы жапырақтанып өседі, оның құрамындағы протеин мөлшері артады.
Жүгерінің дәні өзінің жоғары энергия сыйымдылығына байланысты құрама жемдерге негізгі компонент болып табылады. Қазіргі таңда республикамыздың солтүстік облыстарында жүгері дақылының көлемінің азаюы жүгері дәніне деген сұранысқа байланысты еліміздің оңтүстік және оңтүстік - шығыс аймақтарында жүгері өндірудің маңызы артып отыр. Бірақ бұл аймақтың топырақ - климат жағдайының қолайлығына қарамастан, жүгері дақылының өнімділігі төмен болып отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі жүгеріні өсіру технологиясында минералдық қоректену мәселесі толық шешімін таппаған.
Республикамыздың мекемелері әр түрлі табиғи экономикалық аймақтарда жүгері дақылының будандастарын аудандастырумен қатар, оны өндірудің агротехникалық нұсқаулары мен ұсыныстарын зерттеп дайындаған. Бұл ұсыныстар агротехникалық және мелиоративтік ғылымдардың жаңа жетістіктері мен өндірісті озық тәжірибелер негізінде дайындалған.
Бірақ, минералды қорек пен суару тәртібінің әр түрлі үйлесімінде жүгері дақылының өсіп-дамуын кешенді түрде терең зерттелмеген. Сондықтан, тұрақты да мол өнім алу үшін агротехникалық шаралар кешенін жүргізу арқылы өсімдік тіршілігін басқарып отыру көкейкесті мәселе болып табылады.
Жасыл өсімдіктің тіршілігі мен өнімділігін қамтамасыз ету үшін бес негізгі фактор керек. Олар - жарық, жылу, су, ауа және қоректік заттар. Жарық пен жылу - космостық факторлар, ал қалған үшеуі - су, қоректік заттар және ауа, топырақтан алынатын факторлар қатарына жатады.
Сонымен қатар өнімділік деңгейін және соған сәйкес фитомебрикалық көрсеткіштердің қалыптасуын және осы кешеннің қолайлы мәндерін анықтау да кезек күттірмес мәселе болып саналады.
Жұмыстың мақсатына жету үшін қойылған міндеттер:
- Дәндік жүгері будандары дәнінің сапасына және қоректік заттарды пайдалануына әсер ететін реттемелі факторларды анықтау.
- Жүгері будандары мен сорттарының фотосинтездік активті радиацияға байланысты өнімділігін анықтау.
- Жүгері будандарының өсімдік жиілігінің өнімділікке әсерін зерттеу.
Осыған байланысты дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты :
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының аталған факторларға қажеттілігін жан-жақты зерттеу нәтижесінде олармен жеткілікті түрде өсімдіктерді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын анықтау.
- Жамбыл облысының суармалы жерінде жүгері өсіру технологиясы мен агротехникасын және жүгері дәнінің фотосинтетикалық әрекетінің өнімділігін анықтау.
І-тарау. Жүгері дақылының тіршілігіне қажетті факторлар
1. 1. Жүгері дақылдарының агротехникасына сараптамалық шолу
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруда өсімдіктің минералды қорегінің негізгі көзі болып табылатын органикалық және минералды тыңайтқыштардың ролі зор. Бұл тыңайтқыштарды дұрыс қолданғанда ауыл шаруашылығы дакылдарының өнімділігі жоғарлауымен қатар, топырақ құнарлығы да артады. Қазақ егіншілік ғылыми - зерттеу институтының көпжылдык зерттеулері Қазакстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысының кұнарлылығы төмен топырағында тыңайтқыштардың өніммен кайтарылуы тәуілсіз мемлекеттер достығының басқа республикаларына қарағанда бір жарым - екі есе жоғары екенін көрсетеді, яғни әрбір енгізілген бір килограмм тыңайтқыштың өніммен қайтарылымы орта есеппен жаздық бидай үшін 9, 6-10, 0 кг, күздік бидай үшін 5, 0-5, 6кг, қант қызылшасының тәтті түбірі үшін 29, 1 кг, дәндік және сүрлемдік жүгері үшін тиісінше 6, 3 және 57, 1 кг.
Сондай-ақ, егістікке енгізілген тыңайтқыштардың тиімділігі өсірілетін дақылдың биологиялық және сорттың ерекшеліктеріне, топырақтың қоректік элементтермен қамтамасыз етілуіне, қолданылып отырған тыңайтқыштың түріне, енгізу әдісі мен мерзіміне байланысты анықталған.
Қазіргі кезде агротехникалық шаралардың уақытылы орындалмауы, топыраққа минералды және органикалык тыңайтқыштардың толық мөлшерде енгізілмеуі өнімділіктің және түсім сапасының төмендеуіне әкеліп соғуда.
Сондықтан топырақ кұнарлылығын сақтау және молайта түсу, тыңайтқыштардың қоршаған ортаның экологиясы мен түсім сапасына теріс әсерін жою, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алу бүгінгі күн мен болашақтың басты міндеті болып саналады.
Ауыл шаруашылығы дақылдары ылғалмен қолайлы қамтамасыз етілген жағдайда, олардың тыңайтқыштарды тиімді пайдалануы арта түсіп, мол өнім алуға болады.
Д. А. Сыдыков [1, 3, 6], А. К. Кеншимов, Н. Н. Балғабаев [14] суармалы егіншілік жағдайында қолданылған тыңайтқыштардың тиімділігі - суару тәртібі мен минералды тыңайтқыштарды дұрыс үйлестіре білгенде арта түсетінін көрсетеді.
Жүгері дақылынан мол өнім алу үшін суаруға және тыңайтқышқа талғамы күшті будандар мен сорттарды таңдап алудың маңызы зор. Д. А. Сыдықовтың [17, 20] зерттеулерінде жүгерінің әр түрлі будандары сумен бірдей қамтамасыз етілген жағдайда, өздерінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай енгізілген тыңайтқыштардың қайтарымы әр түрлі болды.
Ашық қара коңыр топырақ жағдайында гектарына 30 тонна көң (фон N 150 Р 60 ) және жыл сайын N150 Р60 тыңайтқышы енгізілгенде жүгерінің Южный -3 ТВ буданының әрбір гектарынан 100-110 ц дән алынған.
Шымкент облысы мен Талдықорған облысының (қазіргі Алматы облысы) ашық қара қоңыр топырақтарында N210 Р80 К60 тыңайтқыштарын қолдану, сол топырақтың кұнарлылығын арттыра отырып, гектарына 110ц жүгері дәнін қамтамасыз еткен.
И. А. Абуғалиев [8], Г. Л. Юмагулов [19] өз зерттеулерінде минералды тыңайтқыштардың сүрлемдік жүгерінің өнімділігі мен сапасына әсерін анықтаған. М. Ш. Сулейменова шалғынды-қара коңыр топырақ жағдайында N180Р150К60, N150Р100К150, N 180 Р 150 К60 минералды тыңайтқыштарын енгізгенде тиісінше 801, 800 және 757 ц/га сүрлемдік жүгері алуға болатынын тәжірибе жүзінде көрсеткен. [16]
Ашық сұр топырақ жағдайында сүрлемдік жүгерінің өнімділігі қолданылған суару тәртібі мен тыңайтқыштар нормасына қарай 208- ден 679 ц/га -ға дейін ауытқып отырды. Ең жоғары өнімділік 674-679 ц/га суарудың 70-80% және 80-80% ЕТЫС нұсқаларында К 300 Р180К100 минералды тыңайтқыштарын енгізгенде алынды.
Б. Бәсібеков, А. Бекмағанбетов [7] зерттеулерінде жүгері егісіне жыл сайын гектарына 20 тонна көң енгізгенде 703, 7 ц/га сүрлемдік жүгері, ал үш жылда бір рет 60 тонна көң енгізілгенде-819 ц/га алынған. Ал 60 тонна көңге N150 Р100 К100 минералды тыңайтқыштары қоса енгізілгенде ең жоғары өнім алынған (921, 4 ц/га) .
Т. Атакулов, Д. А. Сыдықов, С. Кененбаевтың [15] зерттеулерінде жүгерінің Южный - 3 ТВ буданын өсіру барысында топырактың суару алдындағы ылғалдылық деңгейін 70% ЕТЫС дәрежесінде ұсталып, дақылға N120 Р80 К60 минералды тыңайтқыштары берілгенде әр гектардың
орташа өнімділігі 101, 3 центнер болды, ал N120Р80К60 минералды тыңайткыштарын енгізгенде гектарынан 105, 1 ц жүгері дәні алынған. Суарудың 70-80% ЕТЫС нұсқасында минералды тыңайтқыштармен қалыпты мөлшерде (N120Р100К80) қоректендірген жағдайда Южный -ЗТВ буданы 647 центнерден, Қазакстан - 43 ТВ буданы 751 центнерден көк балауса өнімін берді. Ал минералды тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде (N180 Р90 К 90 ) Қолданғанда өнімділік тиісінше 683 және 791 центнерден алынды. Суарудың 80-80% ЕТЫС нұсқасында тиісінше көк балаусаның түсімі әр гектардан 694, 845 және 708, 909 центнерге дейін жоғарылады.
Б. Бәсібеков, А. Бекмағанбетов [7] профессор А. Т. Пономареваның басшылығымен жүргізілген зерттеу жұмыстарына төмеңдегідей талдау жасаған: Алматы облысының сұр тастақ топырақты жерінде егілген жүгері егісіне К 90 Р60К60 минералды тыңайтқыштарын енгізгенде гектарынан 74, 1 центнер жүгері дәні алынған, ал минералды тыңайтқыштардың мөлшерін N120Р100К80-ға дейін жоғарылатқанда алынған өнім гектарына 79, 9 центнер болады, яғни бақылау нұсқасымен (тыңайтқышсыз) салыстырғанда 17, 0 ц/га қосымша өнім алынған. Сол сияқты Шымкент облысының ашық сұр тастақты топырағында егілген жүгері егістігіне К 120 К 60 минералды тыңайтқышын енгізгенде алынған қосымша өнім 16, 8 центнер болды (бақылау нұсқасындағы өнім 22, 9ц/га) .
Талдықорған облысының (қазіргі Алматы) ашық сұр топырағында жүргізілген тәжірибе қорытындысы: гектарына 210 кг азот, 120 кг фосфор, 90кг калий (N 210 Р 60 К 60 ) немесе 40 т көң енгізілгенде 100 центнерге жуық жүгері дәні алынған, ал 120 центнерлік өнім 20 тонна көң мен К130Р60К80 минералды тыңайткыштарын қоса қолданғанда алынды.
Талдықорған облыстық мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының зерттеулерінде, яғни қойтасты-малта тастары әсер бетіне жақын жатқан кәдімгі сұр топырақ жағдайында гектарына К130Р60К80 және ( N110Р60К 90 +40т. көң) енгізгенде топырақтағы нитрит, жылжымалы фосфор мен алмаспалы калийдің мөлшері айтарлыктай жоғарылап, гектарынан 550-600 центнер жүгері көк балаусасы алынған.
Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерінде ашық-қара коңыр топырақ жағдайында есептелген минералды тыңайтқыштар нормасын (N125-140 Р120 К80-100) енгізгенде, тек суарудың 70-80-70% ЕТЫС нұсқасында және егістің қолайлы жиілігі гектарына 60 мың өсімдік болғанда 120ц/га деңгейіндегі бағдарланған өнімділік қамтамасыз етілген.
Е. В. Рябинина, М. Ш. Сулейменова [16] өз зерттеулерінде ашық қара қоңыр топырақ жағдайында жүгері егісін 70-80-70% ЕТЫС үлгісімен суарып, гектарына N140Р70-120К140-160 минералды тыңайтқыштарын енгізіп, егістің жиілігі 60 мың өсімдік болғанда ең жоғары өнім-121, 4 центнер жүгері дәнін алуға болатындығын көрсеткен. Топырақ ылғалдылығы есебінен алынған қосымша өнім 11, 3, тыңайтқыштан-10, 6 және егістің жиілігінен- 12, 2 ц/га болды, яғни тиісінше 9, 3; 8, 7 және 10% болды, ал осы үш фактордың кешенді өзара бірлескен әрекетінен алынған қосымша өнім 26, 6 ц/га немесе 21, 9% болды. Осыдан әр фактордан бөлек-бөлек алынған тиімділіктен гөрі, сол факторлардың өзара бірлескен әрекетінің тиімділігі анағұрлым жоғары екенін көруге болады. Осы сияқты жүгерінің Қазақстан- 43ТВ буданынынан 1077 ц/га сүрлем алынған. Бұндай нәтижеге жиілігі 80мың өсімдік жүгері егісін өсіп-даму кезеңінде 80-80% ЕТЫС үлгісінде суарып, гектарына N310-300Р120К80 минералды тыңайтқыштарын енгізгенде қол жеткізілген. Нәтижесінде осындай көп факторлы тәжірибелердің арқасында жүгері дақылын өсірудің технологиялық моделі жасалған.
Топырақтың ылғал қорын қолайландырудын негізгі принциптері мен соның арқасында өнімділікті көтеруді өткен ғасырдың 30-жылдары бірінші рет А. Н. Костяков (1960) тұжырымдаған. [12]
Кейінірек өсімдіктің суға кажеттілігін суару арқылы топырақтың су режимін реттеу туралы міндеттер Б. А, Шумаковтың, Н. С. Петиновтың, А. М. Алпатьевтің және тағы басқалардың еңбектерінде дамытылды.
Бірақ, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, су тұтыну коэффициент ауа-райының жағдайына, суаруға, тыңайтқыштар жүйесіне, агротехникалық әдістерге және ауыл шаруашылығы дақылдарынының өнімділігіне байланысты өзгеріп отырады.
Осыған байланысты жинақты су тұтынудың өнімділік мөлшерімен байланысын анықтау және өндірістік жағдайда ауыл шаруашылығы дакылдарының суару тәртібін басқарудың карапайым және дәл жеткілікті әдістерін зерттеп дайындау қажеттілігі туады.
Дақылдарды суару тәртібінің құрамдас бөліктері ретінде суару мерзімі мен нормасын, санын дұрыс анықтау суармалы жерлерде мол өнім алудың кепілі болып табылады.
Қазіргі кезде суармалы егіншілік жағдайында суарудың мерзімін және суару нормасын анықтау үшін төмендегідей әдістер қодданылады
- алдын-ала жобаланған үлгі (схема) бойынша;
- морфологиялық белгілері бойынша;
- физиологиялық белгілері бойынша;
- метеорологиялық көрсеткіштер бойынша;
- топырақтағы ылғалдың тапшылығы бойынша
Алдын-ала жобаланған үлгі (схема) бойынша жүгеріні суару оның өсіп-даму кезеңінің негізгі үш кезең аралықтарында жүргізіледі, яғни суару үлгісі 1-2-1, бірінші суару сабақтану кезеңінде, екінші, үшінші суару шашақтану кезеңінде және соңғысы- балауыздану кезеңінде жүргізіледі. Осындай суару әдісінің кемшілігі сол, топырақтағы бар ылғалдың мөлшері ескерілмейді, соның нәтижесінде су бірде артық бірде кем беріледі. Бұл жағдай дақылдың өнімін төмендетуге әкеліп соғады.
Г. К. Льгов жүгеріні суаруды келесі өсіп даму кезеңдеріне сәйкес жүргізуді ұсынады: 8-10 жапырақ пайда болғанда және 13-14 жапырақ салу- шашақтану кезеңінде . Сонымен қатар өсіп-жетілу кезеңдеріне қарай өзгеріп отыратын биофизикалық коэффициенттерді ұсынды. [23]
Бұл әдістің қолданылуының қиындығы физиологиялық көрсеткіштердің кеңістік пен уақыт бойынша тез өзгергіштігімен, дәл өлшейтін құралдарды қолдану кажеттілігімен түсіндіріледі. Сонымен катар, бұл әдіс өсімдіктегі болып кеткен өзгерісті тіркейді.
Кезекті суару мерзімін метеорологиялық көрсеткіштер бойынша анықтау негізінен өсімдік сумен қолайлы камтамасыз етілген жағдайда, транспирацияға және топырактың жоғарғы қабатынан булануға шығындалған су буланғыштыққа тең деген ереже алынған.
Соңғы жылдары топырақ ылғалдылығын қолайлы режимде ұстап тұруға қажетті жинақты су тұтынуды анықтау үшін биоклиматтық әдіс кеңінен қолданылып жүр. A. M. Алпатьев ауыл шаруашылығы дақылдарының жинақты су тұтынуын ауаның орташа тәуліктік ылғалдылығы тапшылығының жиынтығымен байланыстырады. [22]
Е= К d · Σd
Мұндағы: Е - бағдарланған өнімнің қалыптасуына қажетті өсімдіктің су тұтынуы, мм;
Kd - биоклиматтык коэффициент, мм/гПа;
Σd -өсімдіктің өсіп-даму кезеңіндегі ауа ылғалдылығы тапшылығының жиынтығы, гПа.
Белгілі бір өнімділіктің қалыптасуына қажетті су тұтынуды табиғи ылғал ресурстарымен салыстыру суармалау нормасын анықтауға мүмкіндік береді.
Бірақ, ауыл шаруашылығы дақылдарын сумен қамтамасыз етуді қолайландыруды бұлай шешу, суарудың қолайлы мерзімдерін анықтауға, суару режимін дақылдың су тұтыну динамикасымен сәйкестендіруге мүмкіндік бермейді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты өсімдіктің жалпы су тұтынуын сипаттау үшін биоклиматтық коэффициенттерді пайдалану идеясын A. M. Алпатьев пен Г. К. Льговтан баска да ғалымдар ұсынды.
Бірақ А. М. және СМ. Алпатьевтар мен Г. К. Льгов (1970) ұсынған әдістерде бұл коэффициенттер ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәртібін қолайландыруда үлкен өндірістік қолданысқа ие болды. [22-23]
Укр НИИГиМ зерттеулері ауаның орташа тәуліктік ылғалдылығы тапшылығының жиынтығы арқылы ауыл шаруашылығы дакылдарының биоклиматтық коэффициенттерінің динамикасын белгіледі. Бұл су балансы тапшылығының интегралды кисық сызығын құруға мүмкіндік беріп, бұл қисық сызық ауыл шаруашылығы дақылдарының жобалық суару тәртібін есептеуге пайдаланылды.
Суару тәртібін белгілеу қарапайым болғанымен, бұл биоклиматтық коэффициенттер әдісі тек қамтамасыздығы есептелінген жылдар үшін ғана топырақтың су режимін қолайландыру міндеттерін шешеді. Әр жылдарда ауа-райы жағдайының өзгеруіне байланысты суармалау жүйелерін пайдалану кезеңінде қолайлы суару тәртібі суарудың жобалық үлестірімінен ерекшеленеді. Ауа-райы жағдайының барысына сәйкес келетін суару тәртібін белгілеу үшін әр жылдың ерекшелігін ескеретін топырақтың су режимін қолайландыру әдістерін зерттеп дайындау қажеттілігі туады. Бұл үшін әр табиғи аймақта эксперименталды жолмен биоклиматтық коэффициенттердің сандық мәндері анықталуы керек. Бұл көрсеткіштер су балансы әдісін қолдану арқылы табылады. Сондыктан биоклиматтық коэффициенттер әдісі су балансы әдісіне негізделген топырақтың су режимін қолайландыру міндеттерінің жеке шешімі болып табылады. Соңғы жылдары бірқатар зерттеушілер ауыл шаруашылығы дақылдарының пайдаланудағы суару режимін қалыптастыру үшін биоклиматтық коэффициенттер әдісін қолдануға талпыныс жасады. Бірақ, биоклиматтық коэффициенттерді пайдаланып пайдаланудағы суару режимін қолайландырудың жеткілікті негізделген әдістемесі ұсынылған жоқ.
Бұл сұрақ бойынша дайындалған ұсыныстар ылғал қорының динамикасы туралы ақпарды жинауға және топырактың ылғалдылығының төменгі шегіне байланысты датчиктер арқылы суару мерзімдерін белгілеуге арналған.
Қазақстанның суармалы егіншілігі жағдайында ауыл шаруашылық дақылдарын суару тәртібінің биологиялық есептеу тәсілдері Д. А. Сыдықовтың [13], Н. Н. Балғабаевтың [4, 18] еңбектерінде қарастырылды. Өсіп-даму кезеңдерінде суаруды үлестіру әдісінен басқа суару мерзімдерін белгілейтін әдістер, күні бұрын суаруды жүргізуді жоспарлауға, болжауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, бұл әдістер дақылдардың суару нормасы мен оның санының жиынтығы болып табылатын суару тәртібінің сандық мәндерін көрсете алмайды. Осы айтылғандарды ескере отырып, А. Н. Костяков (1960) ауыл шаруашылығы дақылдарын суару мерзімдерін топырақ ылғалдылығының төменгі шегі арқылы белгілеуді ұсынды. [12]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz