Қазақ хандығы дәуіріндегі жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе. 3

І - тарау. Жырау, жыраулар шығармашылығындағы

тарихи тақырыптар. 9

  1. Дешті-Қыпшақ дәуірі жырауларының

тарихи тақырып толғаныстары. 9

  1. Қазақ хандығы дәуіріндегі

жыраулар шығармашылығындағы тарихи мәселелер. 17

ІІ - тарау. Жырау-халық шежіресі. 42

Қорытынды. 51

Пайдаланылған әдебиеттер. 54

Сілтеме. 57

Кіріспе.

Тақырыптын өзектілігі: Өркениетке бет алған әр халық, ел өзін-өзі қалай жеткенін, бастан не кешіп, көзге елестете алмайынша, қазір деңгейге ненің арқасында ие болып, қандай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткергенін білмейінше, халқымыздын асыл ерлері қанша тер төгіп, табан тоздырғаннын, қан төгіп, жан бергенін терең сезбейінше, кез келген халық өзінін құнын, бағасын жете бағалай білмейді. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен Қазақстан халқы өзінің өткен тарихын зерделеп, ғылыми негізде бір ізге түсіріп, танып - білуге шұғыл қадам жасауда.

Өткен кезеңдерге шегініс жасап, бір мезет соғвн мән берсен ХV - ғасырда мемлекет ретінде танылған Қазақстанның тарихында ақтаңдақтар әлі де жетерлік. Сонын бірі - халықмыздың жыраулар тарихының әлі де болса терең зерттелмей келгендігі. Солардың ішіндегі зерттелмей қалып отырған тың дүниесінің бірі - жыраулар әдебиетінің тарихилығы. Соңғы жылдардағы қазақ жерінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, республикамыздың тәуелсіздік жолына нық түсуі халқымыздың төл тарихы ның сан қырлары мен салаларына бүгінгі күнгі көзқарастар тұрғысынан қарап пайымдауды қажет етеді.

Жыраулар әдебиетін айта берсе, жаза берсе-бағзы заманның айнасы, елмен елдің алтын әріпнен жылнамасы дерлік.

«Әдеби зерттеу - әдеби зерттеу үшін емес», ел игілігі, ұрпақ мәдениеті үшін қажет. Ол белгілі ұлттың, тарихи-мәдени сандығына тасиап кеткен көркемдік мұрасын іріктейді, халықтың белгілі басым шығармаларды халықтың өзіне екшеп ұсынады. Міне осы салада таришылары мен әдебиетті зерттеушілері сан алуан зерттеулер жүргізді. Бірақ өмірбаяны әріден басталтын қазақтардың тарихи тектері мен мәдени мұралары түгелдей айтылып бітті деп қол қусырып отыруға әсте болмайды. Әлі де айтылмаған, сыры ашылмаған тарихи мұраларымыз баршылық.

Қазіргі жыраулар мен ақындар олардың атқарған қызметтері туралы пікірлер қалыптасты деуге болады. Әйтсе де жыраулар мен ақындар поэзиясы төңірегінде толық шешімін таппаған мәселелер аз емес. Солардың бірі жыраулар мен ақындар поэзиясындағы көркемдік өрнектер, өзіндік ерекшеліктерді зерттеп зерделеу болашақтың ісі.

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікірімен көз қарастың қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани түлеуін тану құралы ретіндегі тарих ғылымының көкейлестігі, мән-мағынасы күрт кеңейіп толыға түсуде. Сонын нәтижесінде, әсіресе жыраулар мен ақындар анықтамасы, оларға тән ерекшеліктер, өлеңдік түрлер, дәстүрлі әдеби орта сырлары тағы басқа ғылыми мәнді мәселелер айқындала түсті.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Жырыулар әдебиетіндегі қазақ тарихының жырлануы тарих деректерінің дамуына көптеген зерттеушілердің қызығушылығын тудырады. Сондықтан зерттелу деңгейі біршама қомақты. Қазақтың жыраулық өнері үлкен ауқымды тақырыпқа жатады. Қазақ жырауларының шығармашшылығында қазақ тарихының қилы кезеңі рухани-мәдени дамуы көрініс тапқан.

Көне дәуірлерден, XV-ғасырдан келе жатқан сондай қазыналарымыздың бірі - жыраулар поэзиясы. Ұлттық сөз өнеріміздің тарихымызда, қазақтың рухани әлемінде ақын - жыраулар поэзиясы айрықша орын алады.

Жыраулар мен ақындардың қоғамдағы рөлі, олардың шығармашылық ерекшеліктері хақында әдебиет пен тарих ғылымдарында бірқатар уақыттан бері әңгіме болып келеді. Бұл салада жазылған зерттеулер мен пікірлер аз емес. Әсіресе Ш. Уәлиханов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Жұмалиев, В. Жирмунский, Е. Ысмаилов, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев тағы басқа ғалымдардың әдеби қауымға кеңінен таныс еңбектері жыраулар мен ақындар өнерінің әлеуметтік мәні мен бірқатар көркемдік сыр сипаттарын тануға, тарихи дерекретінде қолдануға мол мүмкіндік жасады.

Аталмыш тақырып аумағынан қатысты көптеген зерттеуші ғалымдар ғылыми жұмыстар жазғанын атап өткен жөн. Бірақ ғылыми еңбектердің көбісі әдебиет тұрғысында ғана жазылған. Сондықтан зерттеушілеріміздің жыраулар поэзиясын жалпылама қамтығанымен оның нақты ерекшелігі тарихи тұрғыда толық қамтылмаған.

Проблемалардың жекелеген қырларын зерттеуге арналған, жыраулар өкілдерінің өмірбаяндық деректеріне, олардың саяси және дүние танымдық көзқарастарына тереңірек бойлаған еңбектер шықты. Солардың ішінде жарық көргені Х. Сүйіншәлиев « Қазақ әдебиетінің тарихы » деген іргелі еңбегін атап өткен жөн. Қарастырылып отырған тақырыптын көптеген мәселелері «Қазақ совет энциклопедиясы», «Бес ғасыр жырлайды», «Қазақ ССР тарихы» еңбектерінде қарастырылған. Арнаулы әдебиеттерде бұл мәселе шынара зерттелгенімен, оларды тереңірек зерттеп бір жүйеге келтіру бүгінгі күннің міндеті болып табылады.

Зерттеудің мақсат-міндеттері: Жыраулар халқымыздың тарихында елеулі негіз қалдырған. Тұлғаларымыздың бірі. Туған елі, жері үшін, бар ғұмырын сарып еткен талай ақын жырауларымызды тани алмай, бүгінгі ұрпаққа насихаттай алмай жатқанымыз шындық. Солардың ішінде ІХ-ХV ғасырға дейінгі өмір сүрген байырғы сөззергерлері екені анық.

Жырау деген кім ? Ол нені жырлаған ? Қазақ жыршы, жыраулары мен дүние жүзілік жыраулар жырларындағы байланыс, олардың айырмашылығы.

Жырау - ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, ірі қоғамдық мәселелерді қозғайтын толғау жырларды шығарып айтушы. Жырау сонау көне замандардың өзінде, ең алдымен ақын ретінде танылған сияқты.

Жыраудың жыраулығының ең басты белгісі - ақындық, яғни өз жанынан өлең шығарғыштық қабілетінің болуы. Жырау деген атаудың өзінің « жыр » сөзінен шыққандығы көрініп-ақ тұр. М. Қашғари «жырау» сөзін (йырағу) өлең шығарушы, музыкант деп түсіндіреді.

« Жырау » сөзін (жыраушы) Қырым татарлары тек «ақын»деген ұғымда емес, «сәуегей, балгер» мағынасында да қолданады екен. (В. Радлов«Опыт словаря тюрских наречий»СПБ. Т. 4, 120-б. ) . «Жырау» сөзі қарақалпақ, өзбек тілдерінде де ұшырасады. Бірақ бұл термин эпикалық жырларда айтушы (яғни жыршы) деген мағынада ғана қолданады.

Жыр, жыршы ұғымын қазақ әдебиетінде алғаш зерттеушілердің бірі, қазақтағы жырмен өлеңнің түр, мазмұн құрылысындағы айырмашылық белгілерін алғаш танып әңгімелеген-Құрбанғали Халид « Жыршы дегеніміз-ол өлеңшілердей емес, өз жанынан шығарып айтатын дарын қасиеті бар адам, ақындардың бір бөлімін « жыршы »дейді 1 , ал жырдың қисынға құралған (қиынан қиысқан) үш сөзден тұратын нақыл, өсиет сөздері басым» - деп көрсетсе, М. Мағауин « XV-XVIII-ғасырлар әдебиетінде жүкті көтерген жыраулар болды. Жыраулардың ең сүйікті жанры - толғау еді. 2

Д. Лихачев XI-XIII-ғ. жанрлардың пайда болуы туралы айта келіп, мұнын өзі фольклор мен жазба әдебиетінің екі аралығында туып, келгенін дәлелдейді. Орыс әдебиетінің басы болып саналатын « Игорь полкы туралы жырдың » тууына да осы өреде танып бағалайды 3

Толғауларда жырау өзінің өмірін, болмыс жайлы ойларын, замана жайлы түйгендерін айтады, белгілі оқиғаларға көзқарасын білдіреді » 4 -дейді.

« Толғау- қазақ әдебиетінде сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіруші пішіні »-делінеді поэзиялық сөздікте. 5

Жыраулық - әрісі оғыз-қыпшақ, берісі ноғай-қазақ дәуірінен бері қарай үздіксіз жалғасып келе жатқан көне әдеби дәстүр.

Қазіргі кезде « жырау » деген атау көбінесе орыстың « сказитель » деген сөзінің баламасы ретінде аталып жүр. Қазақтың көшпелі дәуірінде 6 жырау деген сөз екі мағынада айтылған: бірі-өз жанынан суырылып салып өлең шығаратын ақын, екіншісі - біреуден үйренген жырларын сюжет идеясын сақтай отырып, кейде өзгерген қалпында басқаларға жеткізуші. О, баста тындаушылар жыраудың жырына риза болғанда, « Па, шіркін! Жыр-ау » деп, қошеметтер көрсеткен. Академик В. Радлов « әрбір әдемі өткір тіркес, әрбір әзіл, көтеріңкі қоштау туғызады » 7 , -дейді. Осы бір жыршы мен көпшілік көңіл-күй «жырау» деген терминнің тууына, қалыптасуына тікелей әсер етсе керек. «Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұнын түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген сөздермен астасып жатыр. « Жыр », « жыршы » деген ұғымдар әдебиетімізде ерте кезден-ақ туып қалыптасқан.

Өз шығарылып айтуға мүмкіндігі бар әр алуан суырылып салма ақындар жатқызылып келген. « жырау » сөзі де осы ұғыммен астасып жатыр. Жырды шумаққа бөлмейтін импровизация, қайғылы жыр, жоқтау деп жіктеп, ал жырауды жыршы, көнені жырлаушы алдын болжаушы (предсказитель) деп түсіндіреді В. Радлов. Болашақты болжап айту-көреген де білгір жыраулардың поэтикалық өнерінің басты тәсілі болып саналған. Жыраулар шығармасының жанрлық ерекшеліктері өзгеше. Жыраулар « бір өзі бір академия » аталған, қоғамдық өмірдің барысы мен болашақты болжап айтушылар ғана емес, көне эпикалық жырларды жасаушыларда болып табылады 8 .

Асылы Қазақтың жыршы-жыраулары мен дүниежүзіндегі жыршы, жыраулардың өнерлік өріс іздеулерінде көп-көп ұқсас сипаттар кездеседі. Сол мол сөз маржандарын адам баласының үзілмес нәсіліне, таусылмас қазына ғып, өшпес өнер дәрежесіне жеткізушілер-грекше аэд, орта ғасырдағы француздарша-жанглер, немісше-шпильман, мейстерзинглер, қазақша-жырау, қырғызша-жомоқчу, өзбекше-бахши, кавказдық-тарша-ашуг, украинша-лирник, карело-финше-кантелик, якутша-олонгокут, монғолша-тульчи, орысша-сказитель деп атаған. Бұлар - ауызша шыққан жырларды, хикаяларды, дастандарды қалың көпшіліктің арасына таратушылар, насихаттаушылар -деп атаған.

Сәуегейшілдік, батагөйшілдік, яғни абыздың кейбір функцияларын атқару жасаған жыраулардың бәріне ортақ қасиет болуға тиіс. Бұл қазақта ғана емес, Еуропаның ертектерінде жасаған сөз өнері өкілдерінің де басынан өткен жай. Мәселен, Англиядағы англо-саксондардың жыраулары скоптар мен шлмендер тек ақын жыршы ғана болмаған, олар табиғаттың сыйы бақсы, балгерлік қасиеті де болған.

Сонын нәтижесінде, әсіресе жыраулар мен ақындар анықтамасы, оларға тән ерекшеліктер, өлеңдік түрлер, дәстүрлі әдеби орта сырлары тағы басқа ғылыми мәнді мәселелер айқындала түсті.

Дипломдық жұмыстың негізгі тақырыбы жыраулар шығармашылығындағы қазақ тарихының жырлануы болып табылады. Сондықтан жыраулар шығармашылығындағы әдеби - филологиялық жақтарынан гөрі тарихи қырларын жан - жақты қарастыруды мақсат еттік.

Зерттеу жұмысының қамтитын мерзімі: ІХ-ХІХ ғасыр аяғы. Аталған уақыттың әлеуметтік саяси өмірі үлкен өзгерістерге толы болды. Күрделі де әр алуан қайшылығы мол оқиғалардың қазақ қоғамына үлкен әсерін тигізбей қойған жоқ, осы уақытта жыраулардың ел болу, жер болу мәселесінде билеушілерге ақыл кеңес бере отырып өзінің ықпалын тигізді.

Зерттеудін географиялық шеңбері: Бүкіл Дешті-Қыпшақ немесе қазіргі Қазақстан территориясы аумағы.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаналығы: Кеңестік кезеңде жыраулар жырларын зерттеу емес атын атауға болмайтын қазақ ақын - жыраулары өкілдерінің еңбектерін, көтерген мәселелерін біршама талдап дерек көзі ретінде орынын толықтырылды.

Зерттеудің методологиялық негізі: Негізгі тақырыбы жыраулар шығармашылығындағы гуманистік таным алынды. Мәселені тарихи қажеттілік ретінде, тарихи тағылым тұрғысынан қарастырдық.

Зерттеу жұмысының деректік негізі: Қазіргі таңдағы баспа сөз материалдары жарияланып, естеліктерді, ғылыми кітаптарды, орыс саяхатшы, жиһангерлерінің этнография деректерін, осыдан ертеректеу кезеңдегі Қ. Халид, В. Радлов, М. Қашғари еңбектері қолданылды.

Зерттеуімде « Ұлағат », « Егемен Қазақстан », « Қазақ тарихы », « Ақиқат », « Қазақ тілі мен әдебиеті », « Қазақ әдебиеті », « Абай » атты газеттер мен журналдарға назар аударылды.

Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы: Зерттеу жұмысын жоғары оқу орындарда тарих және әдебиет саласындағы студенттерге, мектепте, ғылым салаларындағы еңбектерде пайдалануға болады.

І. Жырау және жыраулар әдебиетіндегі тарихи тақырыптар.

  1. Дешті-Қыпшақ дәуірі жырауларының тарихи тақырып толғаныстары

Кетбұғыдай жыраулар,

Күй-құланды толғаған.

Асан Қайғы, Қазтуған,

Алдағы болар заманды,

Қайғыланып болжаған.

XV- ғасыр ақын-жырауларының өмірі мен шығармашылығы хақында бірқатар зерттеу еңбектер жазылды. XV- ғасырда өмір сүрген сөз зергерлері қазақ қауымына біршама жақын таныс. Әйтсе де бұл дәуірдегі ақын - жыраулар мұрасының әлі ашылмаған қыры мен сыры аз емес еді. Солардың бірі-ақын-жыраулардың философиялық көзқарастары мен ой түйіндері, поэзиясының көркемдік ерекшеліктері.

Жыраулар шығармашылығын нақты тарихи зерттеуге кеңестік дәуірде идеологиялық ұстанымдар кедергі келтірген болатын. Тәуелсіздік дәуірінде жыраулар шығармашылығын тарихын ғылыми түрде зерттеу, оның философиясының әлеуметтік-мәдени және дүниетанымдық негіздерін түсінуге, толғаулардың қыр - сырын ашуға жыраулар дүниетанымын танып-білуге, қазақ халқының шынайы тарихындағы, тағдыры мен дамуындағы жыраулардың орны мен ролін, маңызын айқындауға мүмкіндік береді.

Философиялық негізі және басты мәселесі - адам. Жыраулар адамды бүкіл дүниежүзінің қуатты қайнар көзі деп біледі, сондықтан оны бүкіл философиясының мәні мен шыңы деп таниды.

Жыраулар үшін адам мәселесі негізгі философиялық мәселе болып табылады. Даналықтың өлшем бола білген философ-жыраулар рухани мұрасы шын мәнінде қазақ халқының зерделі ойы мен өмі -рінің энциклопедиясы секілді. Олай дейтін себебіміз, жырауларды танып, оның шығармаларын игере отырып, сол кездегі қазақ қоғамының экономикалық, саяси, құқықтық, отбасылық, мәдени-тарихи ерекшеліктерінен айқын да анық және дәл мағлұматтар алуға болады.

Жыраулар арнайы философиялық трактаттар жазбағаны мәлім. Бірақ ол - философиялық терең толғаныстарға, тосын пікірлі идеяларға толы поэзиялық туындылар мен толғаулардың авторы.

Ғалым - зерттеушілер жыраулардың ақыл-ойы, дүниені дұрыс философиялық тұрғыдан түсінуі, ой-толғаныстарының тереңдігін бағалап, данагөй философ деп танығандығы белгілі.

Жыраулардың рухани әлемі - ерекше бір тылсым дүние, ал оның негізгі зерттеу объектісі-адам. Сол адамның эстетикалық, этикалық бет-бейнесі, арман мақсаты, өмірінің мәні, сезімі мен түйсігі, болмысы мен ұлттық ойлау ерекшелігі жырауларды терең тебіреністерге түсірген. Олардың толғаған толғауының негізінде адами және кісілік философиясы жатыр. Өйткені адам мәселесі оның дүниемен қарым-қатынасы, адамның өмірі мен тұрмысының мәні философиясының негізгі өзегін, басты проблемасын құрайды. Мәселен, бүгінгі танда біз бастан кешіп отырған экономикалық дағдарыстың өзі де - сөйлеп келгенде осы адамның дүниеге деген түбегейлі қатынасының дағдарысы.

Жыраулар тұлғасы XV-ғасыр дүниетанымы, қоғамдық қатынастың даму көрінісі мен денгейінің бейнесі. Жырау тұлғасымен табысу үшін оның заманын білу және қазақтың дүниетаным денгейін ескеру жөн. Жыраудың көркемдік және философиялық талғамын түсіну шарт, оның азаматтық өлшемін табу міндет. Оның мұрасы мен үлгісі - бүгінгі іркілісті түсіндіруге тәуелсіздіктің жаңа жағдайы мен талаптарын жүйелі ұғынуға, ондағы адам өмірін танып-білуімізге таптырмас құрал.

Жыраулардың өзіндік философиялық еңбектері болмаса да, көп шығармаларында көрініп тұратын анық ойшылдық көзқарастар, әлеуметтік-философиялық терең толғаулар бар және осындай ойшылдық белгілерін жеке философиясы деп атамасақта, ақын-жыраулардың даналық, философиялық көзқарастары деп танығанымыз дұрыс.

Жыраулар өз заманындағы қоғамдық мәселелерге, адамгершілік ождан, мораль философиясына тікелей қатынасы бар, толып жатқан көлемді әрі ойшылдық пікірлері бар екені даусыз. Жыраулардағы философиялық көзқарастардың көбі адамгершілік мәселесіне тіреледі. Сол кездегі қоғамның мінін ашық айтып, ел билеушілерінің әділетсіздігін өлеңмен сынға алған. Ал әлеуметтік талабының түп мақсаты - жеке адамды жаман іс-әрекеттерден жирендіріп, сол арқылы заманындағы халқын тәрбиелемек болды. Осылайша жыраулар өзі көріп, сезіп, өзі ойлап қорытқан өмір материалдарынан ой түйеді.

Жыраулардың мұхиттай терең танымдық қасиеттерінің бір тамшысы ретінде зерттелетін мәселе-олардың философиялық көзқарастары хақында айтқан ойлары. Бұл тақырыпқа осы күнге дейін зерттеушілеріміз әлі қалам тартқан емес. Жыраулар өз заманының талаптарынан көп алға кетіп, көрегенділік пікірлерімен сол кездің өзінде жауап іздеген. Жыраулардың өз дәуірінде айтқан пікірлері дәл бүгінгі заманның талаптарымен ұштасып жатқанын анық аңғарамыз.

Ғасырлар бойы халықпен жасап, көркемдік ізденістермен әр кез толысып, кемелденген қазақ әдебиеті арналы бір саласы - жыраулар поэзиясы.

Жыраулар поэзиясының өріс алған кезеңі XIV-XVIII-ғасырлар. Бұл тұстағы әдебиетіміздің қай саласы болмасын оған жыраулардың қатысы мол болды. Ауыз әдебиеті туындыларын жасаушылар да, ескі әдеби дәстүрді жалғастырушылар да шешендер мен жыраулар еді.

Жыраулар көтерілген көркемдік сатыдан өтіп, поэзияның жаңа шыңына қанат қақты. Әлеуметтік өмірді, халық тұрмысын кеңінен қамтитын, қоғамдық мәні жоғары поэзия дүниеге келді. Осыған орай поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелерін XVIII-ғасырдан бастап, жырау дегеннен гөрі ақын деп атау жиі қолданыла бастады.

Жырау поэзиясы мен ақын поэзиясы ішкі мазмұнымен ғана емес, сыртқы формаларымен де өзара ерекшеленеді. Жыраулар қаһармандық жыр шығарса, ақындар лиро-эпикалық жырлар туғызған. Сипатына, өлеңдік ерекшелігіне қарағанда «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқты жырларды ең алғаш жырлап таратушы-ақындар болғанға ұқсайды. Егер «Ер Тарғын» және басқа батырлар жырындағы сөз өнерінің өкілі Сыпыра жырау болса, «Қыз Жібекті», -Шеге ақын.

Алайда, жыраулардың аренадан кетуіне байланысты қазақ халқының екі поэзиялық мұрасының бірден-бір дерлік арқалаушысы-ақындар болып қалды. Осының нәтижесінде ақын репертуары бұрынғыдан әлдеқайда байыды. Ақын жырлары әдетте жырау поэзиясындағыдай нақыл, афоризм түрінде келмейді. Алайда ақын поэзиясы жырау поэзиясына қарағанда әлдеқайда елгезек, сол себепті ақын жырларының тақырыптары сан алуан. Ақындар тіпті жыраулар өлеңге қосуды айып көрген ұсақ-түйек мәселелерді де жыр ете берген.

XVIII-ғасырдан бастап өздерін толық жырау санатында танытқандар -Бұқар мен Ақтамберді болды. Ал, XIX-ғасыр поэзиясында жырау деген атау өте сирек қолданылды. Бұрынғы ауыр сазды, көкейкесті мұңды қобызға қосып жырлайтын жыраулар орнын енді әзіл-оспағы аралас жеңіл терме, сапандата шырқап айтар ән-өлеңдер, жүрек тебірентер назды лирикалар, кезектесе тіл қағысып, өнер оздыратын айтыстар, бебеу қағып безектеген домбыранын қоңыр үні жарыса үн қосқан ақындар өнері басты.

Ақындар поэзиясы өзіндік ерекшелігі бар өнер десек те, ол өзіне жыраулар өнерінің заңды жалғасы. Жырау поэзиясы жеістіктерін, поэзиялық тәжірибесін игеріп өз бойларына сақтап келген, сол поэзияның ілгерілеген жаңа көрінісі іспетті. Кейбір ақындар соңғы кезге дейін жыраулық өнердің ықпалында жыр толғаған әрі ақын болып қалыптасты. Сондықтан оларды халық жырауларша толғаған тұста немесе тұспалдап сөз термелеген шақта жырау деп, ал асқақтата ән шырқап, сөз өнерін ағылтқан тұста ақын деп бір өнер иесін екі тұста екі түрлі атап кеткен. Мәселен, әр заманда өмір кешкен Дулат, Базаралы, Көтеш, Шал ақындарды кей тұста жырау деп атанғандығы осы себептерден болса керек.

Әрбір өнер туындыларының өз шебері, жасаушы өнерпаздары болатыны, ешбір өнер туындысының көктен даяр күйінде түспейтіні әркімге аян. Сондай-ақ, қазақ поэзиясын жасаушыларды да өз халқының арасында туып-өскен халқының талантты перзенттері. Әр тұста ағаштан түйін түйіп, қыш пен тасқа ою ойып, мәрмәрдан мүсін салған шеберлер сияқты сөз кестесін құра білген, тіл құдіретін игерген асыл сөз шеберлері болған. Оларды халық әртүрлі атаулармен атап, қадірлеген. Қапияда сөз тауып, бітпес жауды бітімге жүгіндірген, күлместі күлдіріп, жүрместі жүргізген өнерпазды халық « шешен » деп, ал заманының қоғамдық ойын жүйелеп, түйінді пікір айтып, асыл сөз термелеп жыр шығарған жайсаңды « жырау » деп атаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ШЕШЕНДІК ОРАЛЫМДАР
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz