ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 5 -6

1. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ . . . 1. 1 1. 1 Инвестициялық жобаның түсінігі, мәні және оны іске асыру кезеңдері . . . 12-18

1. 2 Инвестициялық жобаның әдістері мен қаржыландыру көздері . . . 18-21 1. 3 Инвестициялық жобаның негізгі критерийлері және

бағалау әдістері . . . 22-28

2. «БАНК ЦЕНТР КРЕДИТ»АҚ-НЫҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІН САРАПТАУ ЖӘНЕ «НҰРАЙ»ЖШС-НІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН . . . 28

2. 1. «БанкЦентрКредит» АҚ-ның қысқаша сипаттамасы және несиелік қызметінің сараптамасы . . . 29-33

2. 2 «БанкЦентрКредиттің» жобалық қаржыландыру бағдарламасы… . . . 33-36

2. 3 «Нұрай» ЖШС-нің инвестициялық жобасын бағалау және таңдау. 36-46

ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . . . . 51

3. 1 ҚР инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыру жолдары . . . . . . 51-57

Қорытынды. 57-61

Қолданылған әдебиеттердің тізімі. . 62-63

Кіріспе

Қазіргі таңда экономиканың нақты секторының алдында өндірісті модернизациялау, құрылымдық қайта құру, жаңа өнімді жетілдіру бойынша және тағы басқа да, бағдарлармаларды қаржыландыру мәселесі тұр. Бұндай бағдарламалар капитал салымын қажет етеді және кәсіпорынның жеке қаражаттарының шектеулігінің себебімен қаржыландырыла алмайды. Сонымен қатар орташа және ұзақ мерзімді сипатқа ие. Кәсіпорынның жеке қаражаттарының жетіспеушілігінен инвесторлардан, банктерден және мемлекеттен қаржылық қолдау көрсетуді сұрауға мәжбүр, бірақ мұндай қолдауды алу жолында кәсіпорын үлкен қиыншылықтармен соқтығысады. Экономиканың тұрақсыздығы жағдайында кредиторлар қайтып келу тәуекелдігіне ғана емес, ұзақ мерзімді салымдардың тиімділігінің төмендеуінің тәуекелділігіне душар болады. Осындай жағдайларға байланысты потенциалды кредиторлар банктер немесе инвесторлар қысқа мерзімді және ликвидті қаржылық салымды қалайды, ал мемлекеттік несие мен мемлекеттік қаржыға қазіргі кезде сенім артуы қиын.

Экономиканың нақты секторының инвестициялық тартушылық мәселесін шешуді талап ету мен қаржылық-экономикалық талдау нәтижелерімен сәйкес жүзеге асырылуы қажет. Нақты сектордың инвестициялық тартушылығының маңызды дұрыс анықтау, ішкі өндіріс үшін потенциалға ие жаңа өнімді шығаруда мүмкіндіктерді көрсету. Бәрімізге мәлім, инвестициялық салымның негізгі мақсаты - бұл шығарылатын өнім көлемін максимилизациялау немесе тұтынатын ресурстарға шығынды минимализациялау емес, жобаның техникалық тиімділігі немесе пайданы максимилизациялау да емес, яғни өндірісті ұзақ мерзімді бағдарлаудың мақсаты болуы тиіс техникалық және экономикалық аспектілердің оптималды үйлесімділігі.

Сонымен бірге инвестициялық іс-әрекеттің дамуы экономиканың нақты секторындағы дағдарыстың алдын алу үшін қажетті шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, өйткені экономиканың жеке кәсіпорынның біртұтас дамуы экономикалық потенциалдың өсуінсіз, сондай-ақ қазіргі технологияларды пайдалану және қызметті ұлғайту мүмкін емес, яғни бұларды жүзеге асыру инвестициялық процесті бейнелейді. Инвестициялық рестурстар, сондай-ақ қаржылық және өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану қажеттілігі туып отыр, сонымен бірге осы инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін бағалау да байланысты. Бұл бағытта шетел инвестициясын тарту сферасындағы әлемдік тәжирбиені танып білу және пайдалану маңызды. Шетелдік тәжирбиені танып білу және оны қолдану экономиканың нақты секторын көтеруге айтарлықтай себебін тигізеді, және инвестиция сферасының дамуындағы кедергілерді оңай жеңуге көмектеседі.

Кәсіпорының инвестициялық қызметін басқару қаржылық менеджментің негізгі құрылымы, олар келесі талаптарды шешуге негізделген:

  • кәсіпорынның экономикалық дамуының жоғарылауын қамтамассыз ету, сонымен қатар инвестициялық қызметтен түскен табыстарды арттыру. Бұл талап кәсіпорынның даму стратегиясына негізделіп іске асырылуы керек;
  • инвестициялармен байланысты тәуекелділікті төмендету. Ескерілмеген жағдайларда инвестициялық тәуекелдер пайданың ғана емес, сонымен қатар негізгі капиталдың да жоғалуына әкеліп соғады;
  • кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын арттыру. Инвестициялық қызмет қаржылық ресурстарды тартумен байланысты болғаны мен, онда сол ресурстардың ерте аяқталуы мүмкін.

Алдын-ала талдаудың негізгі бағыты инвестицияның экономикаға тиімді көрсеткіштерімен негізделуі, яғни жобалауда қарастырылған капитал салымдарының қайтарымдылығы. Көп жағдайларда кәсіпорындар инвестициялық жобалардың альтернативті қатарларына тап болады. Әрине осы тұрғыда оларға тиімді және салыстырмалы түрде, өздеріне қолайлы таңдау жасауға мүмкіншілік туады.

Осыған орай, менің дипломдық жұмысымның тақырыбы инвестициялық жобаларды бағалау мен таңдауға арналады. Дипломдық жұмысымның негізінде Қазақстанның экономистерінің мақалалары, публикациялары, тәжірибелік әдістемелері және атақты ғалымдар мен мамандардың еңбектерін енгіздім.

Ұсынылып отырған жұмыстың негізгі мақсаты екінші деңгейлі коммерциялық « Центр Кредит Банкі » АҚ-ның тәжірибесінен алынған инвестициялық жобалардың экономикалық тұрғыда іске асырылуы, негізгі әдістерін бағалауды үйрену және инвестициялық жобаларды таңдау болып табылады.

Қойылған мақсатқа сай келесі талаптарды орындау мүмкін болды:

  • Инвестициялық жобаның қаржыландыру көздерін және негізгі әдістерін қарастыру мен маңызын ашып беру. Инвестициялық жобаның негізгі тәсілдерін бағалау және таңдауды зерттеу;
  • « Центр Кредит Банкі » АҚ-ның, « Дархан » ЖШС-нің инвестициялық жобалар тәжірибесін бағалау және талдау, олардың жобалық тәуекелдерін айқындап беру;
  • Қазақстанның экономикалық спецификасын ескере отырып, инвестициялық жобалардың маңыздылығын бағалауға негізгі әдістерін ұсыну.

Дипломдық жұмыста зерттеу құралдары негізінде: талдау және синтез, салыстыру және әртараптандыру, есепті-аналитикалық, статистикалық ғылыми әдістер қолданылды.

Жұмыстың жүйесі ұсынылған талаптарға негізделген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, кестелер мен суреттерден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан құралған.

  1. ТАРАУ. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ

1. 1. Инвестицияның мәні және түрлері

Инвестиция -ол нарықтық экономикалық категория . Инвестиция дегеніміз-өнеркәсіп ашу үшін белгілі бір өнім өндіріп, пайда табу үшін ұзақ уақыттық мерзімге арналып жұмсалған шығындардың жиынтығы. Кәсіпкерлік іс-әрекеттің объектілеріне жұмсалатын мүліктік және зияткерлік құндар. Мұндай құндылықтарға жылжымалы және жылжымайтын мүлік, мүліктік құқық, қаржы, материялдық -техникалық құрал-жабдықтар, ақшалай қаражаттар, банкіге салынған қаржылар, құнды қағаздар (акция, облигация) , жер және табиғат байлығын пайдалануға қатысты алынған құқықтар жатады.

Инвестицияның объектісі- жаңадан іске қосылған және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар, негізгі капиталдар. Басқаша айтқанда, инвестиция-ол негізгі капиталды кеңейтуге немесе қайта құруға жұмсалған қаржы.

Инвестицияның құрамына мынадай заттар кіреді:

  • ақша қаражаттары, банкіге салынған қаржылар, акциялар, облигациялар, тағы басқа құнды қағаздар;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, оның ішінде өндірістік панажайлар, ғимараттар, басқа да материялдық мүліктер;
  • авторлық құқықтардан туындайтын мүліктерді пайдалану құқықтары ;
  • жерді және табиғи ресурстарды пайдалану құқықтары .

Экономикалық теорияда инвестицияның мынадай түрлері айқындалады:

1. қаржылық (финанстық) және нақтылы;

2. кеңейтілген және жетілдірілген ;

3. тікелей және қоржындық;

4. ұзақ мерзімді және қысқа мерзімділік.

Инвестиицяның финанстық және нақтылы болып бөлінуі қаржыны салу жолдарына байланысты.

Қаржылық (финанстық) инвестициялар - бұл, жеке компаниялар мен мемлекет тарапынан шыққан акциялар, облигациялар, тағы басқа құнды қағаздар арқылы жүргізілетін салымдар. Олар нақтылы капиталдың өсуіне ықпал етеді.

Нақтылы инвестициялар дегеніміз- негізгі капиталға және материялдық-өндірістік байлықтарды, орларды сатып алуға жұмсалған қаржы.

Инвестицияның кеңейтілген және жетілдірілген болып бөлінуі негізгі капиталдың мақсатына байланысты.

Кеңейтілген инвестиция дегеніміз - өндірісте жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуатын және негізгі капиталды кеңейту мақсатында жаңа өндіріс қуатын және неігзі капиталдың жаңасын жасауға жұмсалған қаржылар.

Жетілдіру инвестициясы дегеніміз- амортизациялық қаржылар арқылы өндірістік капиталды қалпына келтіруге және жетілдіруге жұмсалатын шығындар.

Инвестицияның тікелей және қоржындық болып бөлінуі бұл инвестициялардың өндірісті басқару процесіне қатысуына байланысты орын алады. Тікелей бұл инвестордың компанияға бақылау жасаған және 10 пайыздан кем емес акцияға ие болған жағдайындағы капиталдың салымдарын айтады.

Қоржындық инвестиция дегеніміз- шетел акциясына, облигациясына және басқа құнды қағаздарға салынған шетел капиталы. Мұндай инвестицияның мақсаты салық жеңілдігі арқылы және валюта курсының өзгеруі арқылы жоғарғы пайда, табыс алу.

Құнды қағаздардың қоржына жеке адамның немесе мекеменің құнды қағаздарға ие болуының дәрежесін анықтайды. Құнды қағаздардың қоржынына акциялар, облигациялар, құжаттық акциялар және басқа құнды қағаздар кіреді.

Сонымен, қоржындық инвестициялар деп - шетел компаниясының акцияларын ұстаушыларға өндірісті басқару құқығын бермей, капиталдың салымдарын жүзеге асыру құқығын айтады.

Инвестицияның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінуі - инвестицияларды ақшаға айналдыру мерзіміне байланысты . Ұзақ мерзімді инвестициялар- ол инвесторлар үшін стратегиялық маңызы бар және келешекте жұмсалатын шығандардың қаржысын капитал салымдары.

Ұзақ мерзімді инвестиция дегеніміз- мемлкеттік бағдарлама бойынша іс жүзіне асатын нарықтық инфрақұрылым және шетел инвесторларын ынталандыру ретіндегі іріленген объектілерге жұмсалатын капитал.

Қысқа мерзімді инвестиция дегеніміз - қысқа мерзімінің ішінде пайда, табыс табу үшін жұмсалған қаржы. Мұндай инвестиция көбінесе тұтыну заттарына, сұраныстың өсуіне, өндірісті техникалық және технологиялық қайта құру процестеріне байланысты .

Қысқа мерзімді инвестициялар деп - өндірістік жағдайлардың кілт өзгеріске ұшырауына байланысты, коммерцияның талабына сай қысқа уақыт ішінде шығынның орнын толтыра алатын капиталдың салымдарын айтады. Инвестициялық қызмет деп - инвестицияларды ақшаға айналдыру үшін мемлекеттің, жеке адамдардың практикалық іс-қызметінің жиынтығын айтады.

Инвесторлар инвестициялық қызметке, өзіне меншікті немесе жалға берілген, пайдалануға тиіс ақшалай қаражаттардың мерзімі туралы шешім қабылдайды. Инвестициялардың рыноктық механизмінің объектілеріне негізігі капитал, айналым капиталы, ақшалай қаражаттар, құнды қағаздар, ғылыми-техникалық өнімдер, зияткерлік игілктер және мүліктік құқықтар жатады.

Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижесін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстары пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялар мынадай түрлерге бөлінеді:

- Тәуелділік

- Тікелей

- Портфельді

- Аннуитеттік болып бөлінеді.

Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа акциялар формасында шығарылған инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтімділігі есебіндегі өз-өзіне байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілердің табыстар түсіруіне және осы субъектілі басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.

Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты құнды инвестициялық құндылықтар жиынтығы және құнды қағаздар сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.

Аннуитеттік - тұрақты аралық салымшыға елеулі табыс әкелетін сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.

Қазір Қазақстанда тікелей және портфельді шетел инвестициялары бір жай ол шетел капиталдарының тікелей және портфельді инвестицияға дамуы мемлекеттерге кері әсері болуы мүмкін. Бірақ екінші жағынан қарағанда, шетел инвесторлары бізге жаңа техналогияны алып келеді, жұмыс істейді, кейіннен сол техника өз елімізде қалады. Шетел инвесторын біздің бір мекемеге немесе фирмаға салса, онда міндетті түрде біздің азаматтарымыз жұмыс істейді. Қазіргі кезде көптеген дамушы елдер шетел инвестицияларысыз өмір сүре алмайды. Біздің Республикамызда басты орынды шетел инвестициясы алады. Яғни ол әлемдік, бір мемлекеттік екінші мемлекеттің капиталдарын байланыстырады.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділік пен қарыз қатынастары субъектілірінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвесторлар тарту жөніндегі саясатта белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша 1999 жылы Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдерінің ішінде алғашқы орындардың бірін иеленеді.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдары қаржыландыру үшін жағадайлар жасауға отандық және шетелдік қаражаттарды келтіруге тауар өндіру және қызмет көрсетеді үлкен тиімділікпен қарыз қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды және қызмет көрсетуді сұраныстармен ұштастыра отырып арттыруға өндірістің түрлі жобалармен нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да жеке инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие беру, кедендік жағынан едәуір жеңілдіктер беруге тиіс.

Қазақстан үкіметі 1996 - 1998 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарлама қаржылық секторды, құқықтық реформаны, мұнай және газ өнеркәсіптік, су ресурстарын, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығын құрылысты, камуналдық шаруашылықты, шағын және орта бизнесті қолдануды дамытудың жобаларын енгізді.

Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестицияларымен жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кездегі республика маңызды инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске және меншік инвестицияларды уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвесторлардың белсенді түрін қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасауымен ғана қол жетеді. Өйткені қор жинайтын ішкі кездер бізге әзірше жеткіліксіз.

Портфельдік инвестиция - бұл капиталға салынатын қаржы құралдары, яғни меншіктікоммерциялық және мемлекеттің шығаратын акцияларға, облигацияға жеке басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы. Құнды қағаздарды инвестицияның мақсаты процент алу капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Егер негізгісі пайыз алу деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі төмен және қауіп қатер жоғары құнды қағаздардан тұратын қаржыға беруге болады, алайда, егер, іс сәтті қалыптасса, жоғары пайыздар әкелінетін болса және керісінше егер де инвесторлар үшін ең маңыздысы капиталды сақтау және ұстауын қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың өнімділігі төлеп және тәуекелдік қатер жоғары құнды қағаздардан тұратын қоржынға салады.

Инвестициялық қоржынды қалыптастырудың басты мақсаты не ол, не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп салымның сенімділігін және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін, мүкіншілігі барынша бірін - бірі өтеу тәуекелдігі болып табылады. Құнды қағаздар қоржынын жасау үшін ақша қаражатын қандайда болса да қаржы активтерінің бір түрін инвестициялау жеткілікті. Алайда практикада қаржының мұндай тұрақты едәуір сирек кездеседі анғұрлым көбірек дамыған әртараптандырылған қоржын, яғни бірнеше құнды қағаздар түрінен тұратын қоржын. Инвестициялық қаржыдан алынған пайданың маңызды мезеті қоржынды ойдағыдай басқару. Қоржынды басқару әр түрлі құнды қағаздар жиынтығына иелік істеу өнерін түсіндіреді, тек олар өзінің құнын сақтау ғана емес, сонымен бірге қандай болса да тәуекелділікке байланысты емес түпкілікті табыс табу. Инвестициялық саясаттың әлеуметтік - экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төменгі әдістерді қамтиды:

  • Үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу. Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторлары көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі.
  • Тікелей шетел инвесторлары донардың ұзақ мерзімдік мүдделерін жүзеге асуына мүмкіндік береді.
  • Олардың өндірістің процесті басқаруға қатысуы мүмкіндігі болуы тиіс.
  • Елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлеу проблемасына әсер етпейді.
  • Тікелей шетел инвесторлары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірітік және ғылыми - техникалық ынтымақтастық әр түрлі формаларының кең түрінде таралуына ықпал етеді.

Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестицияның бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт - бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шын капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

  1. біріккен және төл кәсіпорындарды құру
  2. шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру
  3. акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарда әшекейлендіру процесі донарлардың қатысуын кеңейту.

Ал енді Президенттің Қазақстан халқына жалдауы. Үстіміздегі он жылдықта әлеуметтік - экономикалық салада ЖҰӨ екі есе ұлғайтуда, сөйтіп негізінен алғанда, кедейшілік пен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алғанымызды еске саламын. Осыған орай экономика саласында 2008 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқында жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр.

1. 2. Инвестициялық жобаның түсінігі, мәні және оны іске

асыру кезеңдері

Капиталдың негізгі құндылығының маңызы, оның иесіне пайда әкелу мүмкіндігінде екенін білеміз. Ұзақ мерзімді капитал салымы немесе инвестициялау - осындай мүмкіншіліктің бір формасы.

Инвестордың пайымдауынша, инвестициялаудың мәні “ертеңгі” табыс үшін “бүгінгі” табыстан бас тартудан негізделген. Осындай операциялар түрлері банктер ұсынатын несиелер үшін тиімді. Әрине, мұндай шешім қабылдау үшін ұзақ мерзімді капитал салымы туралы, екі негізгі болжамды растайтын ақпарат алу керек олар:

  1. салынған каржылар толығымен қайтарылуы тиіс;
  2. осы операцияның пайдасы, салынған қаржының кейіңгі қайтарылымнан жоғары болу керек;

Любушин Н. П., Лещева В. Б., Дякова В. Г., атты ғалымдардың пайымдауынша, жобаға қаражат салмастан бұрын оны жақсылап зерттеп, тексеріп алған жөн. Осылайша, жоба - бұл белгілі уақыт аралығында бюджеттің жетістіктеріне арналған белгіленген мақсаттардың негізімен байланыстырылған шаралар жиынтығы.

1 Сурет - Жобаның негізгі элементтері.

ЖОБА

Жобаны ойластыру(мақсаттылығы)Іске асыру құралдары(шешімдер)Іске асыру мақсаттары(шешімдер қорытындылары):
:
:
:
:
Жобаны ойластыру(мақсаттылығы):

Жобаны ойластыру

(мақсаттылығы)

Іске асыру құралдары(шешімдер):

Іске асыру құралдары

(шешімдер)

:
Іске асыру мақсаттары(шешімдер қорытындылары):

Іске асыру мақсаттары

(шешімдер қорытындылары)

Жобаны ойластыру(мақсаттылығы)Іске асыру құралдары(шешімдер)Іске асыру мақсаттары(шешімдер қорытындылары):
Жобаны ойластыру(мақсаттылығы)Іске асыру құралдары(шешімдер)Іске асыру мақсаттары(шешімдер қорытындылары):
Жобаны ойластыру(мақсаттылығы)Іске асыру құралдары(шешімдер)Іске асыру мақсаттары(шешімдер қорытындылары):
Жобаны ойластыру(мақсаттылығы)Іске асыру құралдары(шешімдер)Іске асыру мақсаттары(шешімдер қорытындылары):

ЖОБАНЫҢ НЕГІГІ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

Жобаның негізгі белгісі болып: мақсаттың құрамы, өзгертулер, уақыттың шектулігі, қайталанбаушылық, қажетті ресурстардың шектуілігі, жобаны спецификалық ұйымдастыру. Сонымен қатар жобаның мінездемесін бөліп көретуге болады: жобаның ұсынылуы, жобаның бағамы, жобаның жұмыс көлемі, жобаны толық орындау мерзімі, жобаның сапасы, жоба ресурстары, жобаны орындаушылар, жобаның тәуекелдіктері.

Инвестициялық жобалардың ұсыныстары көптеген көздерден келуі мүмкін. Инвестициялық жобаларды талдауда оларды бес категорияға бөлуге болады:

  1. Жаңа тауарлардың өндіру және өндіріте бар тауарлардың көлемін өсіру.
  2. Жабдықтарды немесе ғимараттарды ауыстыру.
  3. Ғылыми зерттеулер және өңдеулер
  4. Қадағалау
  5. Басқалар ( оларға мысалы, қауіпсіздікті қамтамассыз ететін немесе қоршаған ортаның ластануына арналған құрылғылар ) .

Халықаралық банктің ұғымы бойынша, « жоба ұғымы » алға қойылған мақсатқа белгіленген бюджетке жету үшін, арналған шаралар жиынтығы. Жобаны басқа шаралар мен қызметтерден бөлетін төрт белгісі бар:

1. Қойылған мақсатқа жету ориентациясы. Адамның барлық қызметтері толық қанды деп ескеріледі. Бірақ жобалау қызметінің сферасында нақты мақсаттар қоюдың өзіндік ерекшеліктері бар. Жобаның қорытынды мақсатқа нақты жету қойылымы талаптардың және аралық бағыттардың дұрыс қалыптасуына, жобаның дұрыс іске асуына көмектеседі.

2. Уақыт аралығының шектелуі. Жоба белгіленген мерзім аралығында іске асу керек. Жобаның аз уақыт аралығында жетістікке жету үшін, оның ресурстары мен жұмыс уақытын оптималды түрде, жоба қызметінің аясыда құрылған графикке сәйкес бөлу қажет.

3. Әрекеттермен байланысты координация. Жоба өзіндік ерекшеліктері мен құралған: ол өзіне тән белгілі уақыт пен біраз шаралардан тұрады.

4. Маңыздылығы. Әр жоба өзінің түрлі қасиеттерімен ерекшеленеді. Жобалардың маңыздылығы бірдей болса да олардың түбі бірдей ұқсастық әрекеттері болмайды.

  • Жобаның масштабтары :
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық. Инвестициялық жобалардың негізгі ерекшеліктері
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
Кәсіпорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру тәуекелін арттыру жолдары мен болашақтағы дамуы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау
Жобаны сараптамалық бағалау
Өндірісті кеңейтуге инвестициялар
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдау
Зейнетақы қорының инвестициялық портфелін қалыптастыру
Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz