Педагогикалық білім берудің үздіксіз жүйесін сипаттау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3 - 8

1. Тарау. ХХІ ғасырдағы жоғарғы білім мен ғылымның өзекті

мәселелеріне теориялық талдау.

1. 1 Ашық білім беру жүйесіндегі ғылыми білімдендіру іс- әрекеті . . . 9 - 13

1. 2 Қазақстандағы жоғарғы білім мазмұнының жеке аспектісінің өзгертілу

жолдары . . . 14- 22

1. 3 Үздіксіз білім беру жүйесіндегі сапалылық процестің негізгі

бағыттары . . . 23 - 32

2. Тарау. Жоғарғы оқу орнындағы студенттерді дайындауда иновациялық

оқыту технологиясын пайдаланудың жүйелік моделін құру.

2. 1 Жоғарғы білім берудің иновациялық моделін интегративті негізде

жобалау . . . 33 - 41

2. 2 Қазіргі кездегі әлеуметтік педагогикалық білім берудің жүйелі

приоритеті . . . 41 - 47

2. 3 Жоғарғы оқу орнындағы оқу процесіне әлеуметтік педагогтың

бейімделуінің негізгі аспектілері . . . 47 - 52

3. Тарау. Қазіргі білім беру жүйесінде иновациялық процесс барысында

әлеуметтік жұмыстың интеграциялану технологиясы.

3. 1 Жаңа әдістемелік жүйемен эксперементтік оқыту нәтижесін

талдау . . . 53 - 56

3. 2 Е. А Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеттінің оқу

әдістемелік және ғылыми өндірістік кешен мен педагогикалық

кадрларды қайта дайындаудың сапасын арттыру басқармасы . . . 57 - 59

Қорытынды . . . 60-64

Қолданылған әдебиеттер . . . 65-67

Қосымшалар.

Кіріспе.

Дипломдық зерттеу жұмысымыздың көкейкестілігі

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы төңірегінде Республиканың көптеген жоғары оқу орындарында жаңа инновациялық технологияны еңгізу, кредиттік жүйеде оқыту мен алыстан білім беруді жүзеге асыруда. Соңғы білім беру орталығында жаңа үрдіс-педагогикалық инновация орын алып отыр. Инновация ұғымы ең бірінші XIX ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет элементтерін, екінші ел мәдениетіне еңгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым әтнографияда әлі күнге дейін сақталған. Инновация термині қазірде білім берудің теория-практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды.

Педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеяларды еңгізуге болады:

  • жаңалықты жасау классификациясы, «жаңалық критерийлері»;
  • оларды қабылдау проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы,
  • жаңаны білім беру жүйесінде қолдану.

Яғни, педагогикалық үрдіс дегеніміз педагогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми негізде қолдану. Жаңару-бұл әдіс (жаңа тәсіл, бағдарлама, ә дістеме т. б. ) . Ал инновация осы үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-кслген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгікезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды еңгізіп, тарату мәселесін қарастырды.

Педагогикалық инновацияның негізгі міндеті - еңгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналыпедагогикалық ой-идея жүйесі жатыр. Сонымен, мұғалімнің инновациялықәрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз.

Мектепте білім берудің динамикалық үрдісі мүғалімнің шыгармашылықты, инновациялықәрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, байланыста мұғалімнің дәстүрлідеңгейімен, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашылықты, жаңашылмүғалім арасында қарама-қайшылық туындайды.

Дипломдық зерттеу жұмысымыадың мақсаты: Қазақстандағы жоғары білім мазмұнының жеке аспектісінің өзгертілу жолдарына талдау жасай отырып білімнің мазмұны мен құрамына жаңашылдық көзқараспен қарау, үздіксіз білім беру жүйесіндегі сапалылық процестің негізгі бағыттарын жете зерттеу арқылы, адамның шығармашылық потенциалын сақтау мен дамытудың жаңашыл технологиялары мен тұлғаның өз іс-әрекеттерін қоғамдағы өзгерістерге сай бейімдеу жолдарын қарастыру

Дипломдық зерттеу жұмысымыздың міндеттері:

  • іргелі білімді кеңінен меңгерген, бастамашыл, еңбек рыногы ментехнологиялардың ауысып тұратын бейімделген, командада жұмыс істейбілетін жаңа тұрпатты маман даярлау;
  • білім беру процесін демократияландыру арқылы жоғары білім берудің барлық жүйесінің сапалы білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту;
  • жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа принциптері мен практикасын қалыптастыру, стратегиялық жоспарлау жүйесін еңгізу;
  • бетке ұстар жоғары оқу орындарын дамытуға обьективті жағдайлар жасау;
  • студенттердің сапалы білім алуға деген құқықтарын нығайту, жоғары оқу орны басшыларының сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлеу мен еңгізу;

Дипломдық зерттеу жұмысымыздың ғылыми болжамы:

  • жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту арқылыазаматтық қоғамның талаптарына сәйкес жоғары оқу орындарын басқаружүйесін жетілдіру;
  • үздік жоғары оқу орындары арасында кәсіптік кадрларды даярлауға арналғанмемлекеттік тапсырысты бөлу тетігін еңгізу;
  • оқу процесін ұйымдастырудың технологиясын өзгерту және білімалушыларды оның мүддесіне бағындыру, оқытушылар құру;
  • жоғары оқу орындарының қызметіне қоғамдық сенімділікті күшейту үшін олардың қаржы-шаруашылық қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін шаралар қабылдау;
  • сапалы білім беру қызметін ұсыну үшін, ұйымдық құқықтық нысандарына қарамастан, жоғары оқу орындары басшыларының жауаптылығын көздейтін заңнамалық нормаларды еңгізу;
  • жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарын түұтастай халықаралық аккредиттеуді еңгізуді ынталандыру;

Дипломдық зерттеу жұмысымыздың обьектісі:

Білім беру саласында да әлеуметтік көмекті қажет ететін обьектілердің болуы әлеуметтік педагогтың бірден-бір іс-әрекетінің бағыты болғандықтан, білім беру салаларында тұлғада, топта, ұжымда өзінің, қоғамдағы әлеуметтік статусының тиянақталуына көмекті әлеуметтік педагогтан қажетсінеді.

Дипломдық зерттеу жүмысымыздың методологиялық негіздеріне тұжырым жасайтын материалдар мен құжаттарттар:

Білім беру саласындағы өткен ізденістер мен тәжірибелерге сүйене отырып келешекте (XXI ғасыр) оқу жүйесін дамытудың мынандай кейбір үрдістерін атап өтуге болды:

  • оқу саласын демократияландыруға байланысты Қазақстан Республикасындағы құжаттар;
  • гуманизациялау және гуманитарландыру процестеріне байланысты ғылыми зсрттеулерді талдаудан өткізу.
  • жоғары білім, ғылым және өндіріс салаларын жұмылдыру.
  • халықаралық ізденіс пен тәжірибелерді есепке ала отырып Қазақстан Республикасындағы Концепцияларды жасау.
  • оқу саласына байланысты аймақтық Қарағанды Департаментінде қабылданған бағдарламасына байланысты ұсыныстар беру т. б.
  • мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және ұлттық психологиялық ерекшеліктерін есепке алу;
  • жоғары білім орындары мен келешек мамандардың өмірге қөзқарасы

араларындағы байланысқа зер салу т. б.

Дипломдық зерттеу жүмысымыздың теориялық, практикалық мәні:

  • адам-қоғам-табиғат арасындағы үйлесімділікті жаңаша үрдістеріне қөзқарас өзгеріп, субьектінің ойлау жүйесін мәдиниеттітұрғыдан жетілдіру;
  • білім берудің әдісі мен мазмұнын оқушылардың іскерлік, жігерлілік, қабілетінжәне жаңашылдық қасиеттерін қалыптастыратын методологиялық әдістерге бағыттау;
  • пәндерді оқыту барысында адамның рухани байлығына, өнегелілігіне, істегенісіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауына көңіл бөлу;

Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесінің негізгі міндеті-басқару орталықтарына, жоғары және орта мектепте қоғамдық саяси орталықтар мен онеркәсіптерге қабілетті де ойшыл, жаңашыл, бәсекешіл, әлемдік интернет жүйесіне қосылып дербес компьютерлермен жұмыс істей алатын еліміздің жарқын болашағын ойлайтын қазіргі өмір талабына сай іріктелген таңдаулы мамандар дайындау. Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат берудің жолдары. Білім алудың негізі-оқу. Білім беру ісі (жалпы және арнайы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулиды, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретеді. Жоғары оқу орнында дамыта оқытудың функциясын арттыруға бағытталған оқытудың жаңа формалары мен әдістерін қолдануда студенттердің өздік жұмыстарын жандандыру, олардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзекті мәселелері соңғы жылдары баспасөз беттерінде жиі жазылып, талқыланып жүр. Дамыта оқыту-оқытудың интегралдық үлгісі негізінде құрылған біртұтас педагогтік жүйе, онда ізденіс іскерлігі басым болады да, ал әдістер мен принциптер жүйелері дамыта оқыту принципінің мәнділігін ескеріп құрылады. Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел Президентінің «Қазақстан-2030» атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен технология үрдістерінің дамуы келешекте жоғары оқу орнындағы білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген өзекті мәселе туғызады. Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық деңгейін бағдарлау үшін «адамның даму индексі» деген ұғым пайдаланылады. Бұл ұғым негізінен үш құраммен сипатталады:

  • ұзақ өмір сүру.
  • білімділік,
  • өмір сүру деңгейі.

Біріншіден, Кеңес үкіметі тұсындағы оқу тәсіліне көз жүгіртсек, негізінде психологиялық, педагогикалық және әдістемелік мәселелерге көңіл аударылып, сыртқы саяси, экономика, демография және ұлттық жағдайларға мән берілмеді. Екіншіден, білім беру жүйесінде әр адамның ортадағы алатын орны, ойлау дәрежесі, моральдық, этикалық деңгейлер есепке алынбай, оқу үрдісі алдын-ала жоспарланған, орталықтан тағайындалған бағдарламамен іске асты. Соның салдарынан мамандықтардың саны көбейіп, жоғары оқу орны қабырғасынан шыққан мамандардың «төмен деңгейдегі дайындығына» әкеліп соқты. XX ғасырда бұрыннан негізі бір ғалымдардың әр салаға жіктелуі, осыған сай тар ауқымды мамандардың дайындалуы олардың бір-бірін түсінбеушілікке мәжбүр етті. Қазіргі жоғары білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыстың жаңашылдық интеграциялық оқытуды жүзеге асыру, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылған ділгір мәселелердің бірі екендігіне дау жоқ. Жалпы, интеграция дегеніміз пәндердің өзара байланысын жоғары деңгейде нақтылы түрде іске асыру. Сондықтан да интеграция мен пәндердің өзара байланысы ұғымдарын мәндес ұғым ретінде түсінуге болмайды. Интеграция тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіреді.

М. Берулова өз еңбектерінде оқу пәндері интеграциясының бірнеше деңгейі бар екендігін атап көрсеткен:

  • Пәндерді кіріктіру негізінде кешенді ғылым пайда болады.
  • Дидактикалық біріктіру деңгейі. Бұл деңгейдегі оқу пәндерінің интеграциясы үнемі жүзеге асырылып, өзара бірлесіп әрекет етуші пәндер өз мәртебесін өз тұжырымдамасы негізінде сақтайды.
  • Пәндердің өзара байланысының ең төмеңгі деңгейі. Пәндердің өзара байланысы деңгейі оқушылардың білімін зерттеу, талдау, жүйелеу сияқты негізгі дидактикалық міндеттер арқылы шешіледі.

Жоғары білік пен білім кеңістігі үшін интеграциялану барысының бағыты мен бағдары көкейкесті мәселеге айналды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін»деп аталуының өзінде де үлкен мән жатыр. Ендеше, бұл білім жүйесінің ұлттық саясат деңгейіне көтеріліп, мемлекеттік басқарудың маңызды тетігі мен кепілі ретінде барған сайын басымдық таныта береді деуге негіз бар. Жоғары білім кеңістігі халықаралық байланыстың өзекті жемісі болғандықтан да бұл процесс осы салада ерекше қарқынмен дамып, тез сіңісіп айналымға түседі. Білім беру саласы мен білімнің негізі барған сайын интеграцияланып, интернационалдық сипат алып барады. Білім беру саласындағы әлеуметтік жұмыс мемлекеттің әлеуметтік саяси іс-әрекетінің жеке жүйелік іс-әрекет түріне айналып отыр. Білім беру саласына әлеуметтік қызмет көрсету бірнеше факторларға тікелей байланысты. Білім беру жүйесінің реформалануы әртүрлі жүйелік өзгерістерге енуі т. б. процестері экономика, саясат, діни, қоғамдық құрылымға жалпы мемлекеттің ішкі және сыртқы тіршіліктеріне тікелей байланысты болғандықтан әлеуметтік қызмет көрсету халыққа білім беру саласында ең негізгі проблеманың біріне жатады. Өйткені әлеуметтік педагог өзінің атқаратын әлеуметтік жұмыс арқылы тұлғаның әлеуметтенуі, қалыптасуы, дамуына бірден-бір ықпал ететін маман болып табылады. Білім беру мекемесіндегі желістердің сақталуы, аймақтық және көп профилділіктің негізгі басты фактор болуына мүмкіндік туғызды. Білімдендіру маркетингіндегі механизмін еңгізу, білім беру бағдарламаларын басқару және білімдендіру стандартындағы мониторингінің тұрақты түрде бекітілуін бөліп

көрсетеді. Интеграциялық процесс негізінде оқу бағдарламалық құжаттың жасалуында қолданатын алгоритм әрекеті:

  • бастауыш кәсіби білім мен орташа кәсіби білім берудегі мемлекеттік ГОСТстандартқа талдау жасау.
  • мамандардың кәсіби квалификациялық сипатын жете зерттеу.
  • оқу жоспарының интеграциялық өнделуі;
  • оқыту мазмұны мен жоспарын таңдау; кәсіби дайындықтың түрлері мен әдістеріне бақылау жасау.

Мемлекеттік стандартқа сәйкес бастауыш және кәсіби білім беруде жұмыстың мазмұны, түрі, әдістері және кезеңдеріне байланысты өзгерістер еңгізу:

  • оқу жоспар жұмысының өнделуі;
  • мамандықтардың квалификациялық сипатын өңдеу;
  • жобалау, стандартизация мақсатын анықтау;
  • білім беру мазмұнын таңдау;
  • оқу бағдарламаларын құруда, жалпы білімдендірудегі кәсіби дайындыққа бағыттылығын нығайту, күшейту.

Әлеуметтік жұмыс білім беру саласының кез-келген формасында әртүрлі көлемде жүргізіледі, яғни білім беру саласында да әлеуметтік көмекті кажет ететін обьектілердің болуы, әлеуметтік педагогиканың бірден-бір әрекетінің бағыты болып табылады. Осыдан білім беру салаларында тұлгада, топта, ұжымда өзінің қоғамның әлеуметтік статусының тиянакталуына көмекті әлеуметтік педагогтан алады. Қазіргі таңда өңделген іс-әрекет болжамдар ғылыми техникалық және технологиялық жетістіктерімен әрі докалды, әрі глобалды масштаб ретінде тығыз байланыстылығын айта кеткен жөн. Болашақтың үздіксіз және іс-әрекет агенті білім саласы болып табылады. Білім әрбір жеке тұлғаның тұлғалық қасиетін анықтайды, айта кететін болсақ, білімін, дағдысын, әлемге деген көзқарасын, мінез-кұлық приоритетін, жалпы айтқанда қоғамның рухани, адамгершілік, экономикалық өркениеттің потенциалын анықтайды. Демек, білімнің өзі глобалды спецификалық ерекше қоғамдық көрініс ерекше кең таралған терең дамыған сонымен қатар болжамдық зерттеудің қатысуымен тығыз байланысты.

Интеграцияның негізгі мақсаты-мемлекеттің экономикалық реальды мүмкіндігі қазіргі әлемдік стандартқа сәйкес кадрларды дайындау жүйесінің жақсаруы мен ғылыми перспективалардың көбірек дамуымен қалыптасуына қажетті жағдай туғызады:

  • жеке адамның интеллектуалдық және мәдени жағынан жетілудегі, таңдап алған қызмет саласында жоғары білім мен мамандық алудағы қасиеттерін қанағаттандыру;
  • жоғары білікті мамандар, ғалым-педагог, кадрлар даярлау;
  • іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибе ұйымдастыру мен жүргізу;
  • түрлі салалардың басшы қызметкерлері мен мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру болып табылады.

Дипломдық зерттеу жұмысымыздың әдістері:

  • Анкета, тест, эксперимент, әңгіме;
  • Жоғары кәсіби білім берудегі мемлекеттік стандартқа ГОСТ талдау жасау.
  • Жоғары оқу орындарының оқыту мазмұны мен жоспарын бақылау.
  • Кәсіби дайындықтың түрлері мен әдістеріне бақылау жасайтын актілерді қарастыру.
  • Жоғары білім беру бағдарламаларын кұруда, жалпы білімдендірудегі кәсібидайындыққа бағыттылығын нығайту, күшейтуге қажетті халықаралық талаптарды салыстырып көрсету.

Дипломдық зерттеу жұмысымыздың базасы: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Инновациялық орталығы, оқу әдістемелік және ғылыми өндірістік кешені мен педагогикалық кадрларды қайта дайындаудың сапасын арттыру басқармасы.

Біздің дипломдық зерттеу жұмысымыздьң құрылымы төмендегідей: Кіріспеден, 3 Тараудан, 8 баптан, қорытынды, әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады. Бірінші тарауда: XXI ғасырдағы жоғары білім мен ғылымның өзекті

мәселелері; ашық білім беру жүйесіндегі ғылыми білімдендіру іс-әрекеті; Қазақстандағы жоғары білім мазмұнының жеке аспектісінің өзгертілу жолдары; үздіксіз білім беру жүйесіндегі сапалылық процестің негізгі бағыттары. Екінші тарауда: жоғары оқу орнындағы студенттерді дайындауда инновациялық оқыту технологиясын пайдаланудың жүйелік моделін құру; жоғары білім берудің инновациялық моделін интегративті негізде жобалау; қазіргі кездегі әлеуметтік педагогикалық білім берудің жүйелі приоритеті; жоғары оқу орнындағы оқу процесіне әлеуметтік педагогтың бейімделуініңнегізгі аспектілері; Үшінші тарауда: Қазіргі білім беру жүйесінде инновациялық процесс барысында әлеуметтік жұмыстың жаңашылдық интеграциялану технологиясы; жаңа әдістемелік жүйемен эксперименттік оқыту нәтижесін талдау; Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың оқу әдістемелік және ғылыми өндірістік -кешені мен педагогикалық кадрларды дайындаудың сапасын арттыру басқармасы.

1. тарау. XXI ғасырдағы жоғары білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне теориялық талдау.

1. 1. Ашық білім беру жүйесіндегі ғылыми білімдендіру іс-әрекеті.

Қазіргі ғылымда жалпы ғылыми техникалық міндеттер мен ғылыми зерттеу технологиясының сипаты білімнің ғылыми сапасының жоғары деңгейде дамуымен сипатталады.

Осындай ғылыми - техникалық міндеттерді шешу үшін білімнің әртүрлі саласы бойынша мамандарды едәуір қорға қатыстыруды талап етеді.

Ғылыми зерттеудің тиімділігінің жетіспеушілігінің себебі дәстүрлі ұйымдардағы мамандардың ғылыми жұмыстарының сипаты әртүрлі коммуникативтік мәселелер болып табылады. Сонымен бірге ғылыми орталықтардың географиялық бөлінуі, академиялық мобильділікті төмендету факторы болып табылады. Ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық кұралдардың дамуы ғылыми білімдендіру бағдарламасының сапалы денгейінің негізін кұрайды. Телекоммуникациялық қорлардың жетіспеушілігіне қарамастан, қазір осы технологиялар ұжымдағы ғылыми практикаға еңгізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта ақпараттық және коммуникативтік технологияны (И и КТ) адам Іс-әрекетінің барлық әртүрлі аймақта пайдаланылады. Соның ішінде білім жүйесінде ақпараттық және коммуникативтік технология біздің елімізде және шет елде әртүрлі ақпараттық ресурстар түрлерінің жан-жақты қолайлы жағдайларын қамтамасыз етеді.

Бұл ашық білім беру жүйесінің дамуына жағдай туғызады. Қашықтықтан (дистанционного) оқыту - осы білім беру түрінің жүзеге асыру формасының бірі ретінде танылады. Психология-педагогикалық талдау жүзінде және практикалық тәжірибе көрсеткендей ашық білім беру жүйесінің даму процесі көптеген фактормен тығыз байланысты. Соның ішінде білімнің әр аймақтарын тиімді дидактикалық қамтамасыз ету, сонымен қатар қазіргі жағдайда ақпараттық жүйені пайдалану.

Дидактикалық және ашық білімнің құрылу процесі қашықтық білім берудің жақтастары ретінде танылып өз алдына белгілі бір міндеттерді талап етті, ол жан-жақты теориялық жұмыс және іс-жүзінде (практикалық) тексеріс жүргізу болып табылады. Сонымен бірге күрделі жұмысты дайындықтан өткізу қажет. Бұл бағыттың әдістемелік бағытын білімнің гуманитарлық парадигмасын құрайды. Демек, білім алушының жеке адамгершілік кұңдылық бағытын қалылтастырып, сонымен қатар қазіргі жетістіктерді атап айтсақ педагогика, антропология, психология, медициналық инженер, педагогика, еңбек технологиясы, информатика, кибернетика, эргономика, экология және т. б. ғылыми білімнің салаларын қамтиды.

Ашық білім беруді дидактикалық қамтамасыз етудің жобасын жасап, оны пайдалануда келесілерді қатыстырып атап өту қажет:

  • ашық білім берудің педагогикалық тиімділігі;
  • дистанциялық білімнің ақпараттық білімдендіру ортасының компоненттерімен өзара байланыс;
  • білімді ақпараттандырудың негізгі аспектісі;
  • ашық білім мен дидактиканы жобалап және қабылдау процесіндегі педагогтың міндетті түрде қатысуы;
  • ашық білім мен дидактикалық педагогикалық процесте өнделуі мен пайдаланудың бір деңгейде болуы;
  • ашық білім мен дидактиканың дербестілігін, бейімдеу қабілетін, моделін, вариативтілігін, эволюциясын, икемділігін, талабын орындау. ж) Нақты жағдайды ашық білім мен дидактиканың зардабын болжамдау;
  • оқушылар мен педагогтың дидактикалық оқыту жағдайларындағы өзара байланыс ерекшелігі.

Қашықтықтан оқытуды дидактикалық қамтамасыздандыру - бұл білімдендірудің мақсаты, міндеті және оқуды ақпараттандырудың әртүрлі тәрбиелік негізімен өзара байланысқан комплексі, сонымен қатар психология, педагогика, информатика, эргономика және т. б. ғылымдардың талабымен өңделген. Оқушылар мен педагог арасында қарым-катынастық рөлді орындай отырып педагогикалық процесте ашық білім дидактикасы келесі қызметтерді атқарады:

  • ұйымдастырушы;
  • оқытушы;
  • коммуникативті түзетуші;
  • рефлексивтік;
  • болжамдық болып табылады.

Ашық білім беру дидактикасын ақпараттық, білімдендіру ортасында бір бөлімін кұраушы ретінде қарастыра келе оның мазмұны

Қазақстан Республикасының білім стандартының талабымен өңделеді. Сонымен қатар қашықтықтан оқытудың негізгі ерекшелігін көрсетеді. Мысалы: мақсатқа бағытталған, белсенді білім алушылардың өзіндік жұмысы, педагогтың ақпараттық ролі және т. б.

Ашық білім дидактикасын құруда әрбір жеке білім алушылар үшін оқытудың жеке даралық білімдендіру шеқарасында қажетті жағдайларын қамтамасыз ету. Өзіндік бақылау мен өзін-өзі бағалау сұранысын қанағаттандыру ашық білім дидактикасы режимінде қолайлығы мен психологиялық тиімділігін камтамасыз ету.

Ашық білім дидактикасының құрамына, құрылымына әртүрлі мазмұндағы оқыту ақпараты, (мәтіндік, кестелік анимациялық видео және аудиоматериалдар және т. б. ) . Соның ішінде оқыту процесін компьютерлік жабдықтауға жағдай жасау. Зерттеулерде көрсеткендей компьютермен қолдауды жобалау және құру-бұл күрделі әрі бағалы процесс. Қазіргі уақытта педагогикалық практикада компьютерлік қолдау, электрондық оқулық, компьютерлік оқулық, жалпы компьютерлік курс жеке компьютерлік бағдарлама және т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Мектептегі әдістемелік қызметтің құрылымы, мазмұны, ұйымдастыруы
Ақпараттық модельдеу
Болашақ педагог-психологтың менеджерлік құзіреттілігін қалыптастыру
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Педагогиканың ғылым ретінде дамуының негізгі кезеңдері
Деңгейлік саралап оқыту
Бастауыш сынып оқулықтарында берілген жаттығулардың тәрбиелік мәнін ашу жолдары
Оқыту процесін компьютерлендіру проблемалары және перспективалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz