Оқу үрдісіндегі компьютерлік технология


ЖОСПАР
Кіріспе
Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Оларға электронды оқу құралдарын (ЭОҚ) жатқызуға болады. Көп жағдайда электронды оқулықты жауаптары бар сұрақтар жиынымен жабдықталған жай кітаптың көшірмесі түрінде елестетеді. Мұндай көзқарас қарапайым, дәл емес және қарастырылып отырған құбылыстың барлық ауқымын қамти алмайды. Ол компьютерлік оқу құралдарының оқушылардың когнитивті саласына потенциалды әсер ету мүмкіндіктерін толық бағаланбауымен байланысты.
"Жаңа ақпараттық технологиялар" дегеніміз ақпараттық қамтамасыз ету және білім беру сияқты интеллектуалды сфераларда сапалы түрде жаңа өнім, қызмет жасау үшін мультимедия және телекоммуникация құралдарын қолданып, ақпаратты сандық түрде алу, жинақтау, сақтау, іздеу, өңдеудің ауқымды ғылыми технологиялары. Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялар компьютер, компьютерлік оқу программаларын және ақпарат алмасу желісінің болуын қажет етеді. Осы компоненттер бірігіп оқушының өздік жұмысын және оның оқу материалымен жұмысын қадағалауды қамтамасыз етіп, ақпараттық-жабдықтық оқу ортасын құрайды.
Оқыту процесінде ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде әртүрлі ойлар айтылуда. Біреулер оны мадақтаса, екіншісі мойындамайды. Бұл көзқарастар осы салыстырмалы түрде жаңа саладағы субъективті тәжірибенің шектілігімен түсіндіріледі. Ос сала бойынша объективті баға тек берілген тақырып жөнінде мәліметтердің үлкен көлемін саралаудан кейін ғана қойылуы мүмкін.
Мультимедиялық оқыту программалары видео, текст және дыбысты үйлестіріп, білімді көрнекі көрсетудің барлық мүмкіндіктерін толық қолдануға жағдай жасайды. Оқу материалын визуализациялау ерекше маңызды, себебі қазіргі оқушыларға білу қажет ақпарат көлемі өсіп бара жатқан кезде компьютерді кең қолдану оқу процесінің тиімділігін оны көрнекі және алуан түрлі қылу арқылы арттыруға көмектеседі.
Оқу орындарында ЭОҚ-н жасау, енгізу, қолданудың бірегей концепциясын құру:
- Оқушылар мен оқытушылардың қажет оқу құралымен қамтамасыз етілуін жақсартады;
- Оқу процесін сапалы түрде жақсартатын, ақпаратты беру және қорытудың қосымша жүйелерін қолданудың арқасында білім сапасын көтеруге;
- Оқу және біліктілік деңгейін көтеру жүйесіне қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар енгізу арқылы ұстаздардың біліктілігін арттыруға;
- Түрлі процестер мен құбылыстарды модельдеуге;
- Оқу процесін жетілдіру бойынша басқа білім ордаларымен сайысқа түсіп, оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге;
- Интернет негізінде қашықтықтан оқытуды қолдану арқылы білім беру қызметінің аясын кеңейтуге;
- Әрбір оқушыға (студентке) жеке әдіс-тәсіл қолдануға;
- Оқушыны қатесін саралау және кері байланыс арқылы жедел қадағалауға;
- Оқушы оқу -танымдық әрекетін өзіндік бақылаумен қамтамасыз етуге;
- Оқу мәліметін визуальды демонстрациялауға және т. б. мүмкіндік береді.
І тарау. Оқу үрдісіндегі компьютерлік технология
1. 1 Оқыту үрдісінде компьютерлік техниканы пайдалану негіздері
Қоғамда информатикаландыру, есептеу техникасы құралдарының кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді.
Дербес ЭЕМ-ді оқу процесіңце барлық пәндерде техникалық оқу құралы ретінде пайдалану білім беру мазмұнына ықпал етуімен байланысты.
Компьютердің мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту мәселелеріне талдау жасасақ, психологияның, педагогиканың іргелі оқыту теориясынан психологиялық-педагогикалық, әдістемелік мәселелер туындайды. Бұл берілген теорияда оқытудың дәстүрлі түрімен ғана шектеліп қоймайды, үйрету программаларын жобалауда әдістемелік құрал болып қалыптасады.
Белгілі теориялық тұжырымдарға сүйеніп, сондай-ақ педагогикалық принциптерді ескере отрып, компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық мәселелерін қарастыру кажет:
-компьютерлік оқытудың тәрбиелеу, білім беру және дамытудың бірлігін қамтамасыз ету;
-оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мақсатында дербес және саралап оқытуды ұйымдастыру;
-оқу процесін жетілдіру.
Компьютерлік оқытуға қойылатын дидактикалық талаптарды айқындасақ, біздің ойымызша олар әрекет амалы және оқушылардың таным қызметі белсенділігі бағытында карастырылуы қажет.
"Оқыту процестері - дидактиканың талас туғызатын мәселелерінің бірі. Сондықтанда дидактикалық принциптерді әр оқымысты өзінше қарастырады" деп жазды В. Оконь.
Оқыту принциптерінің ішінде ерекше роль атқаратын басты принциптердің біреуі біздің көзқарасымыз бойынша белсенділік принципі. Белсенділік принципі барлық принциптерді компьютерлік оқыту кезінде практикалық жүзеге асырудың негізі мен көрсеткіш деңгейі болып табылады.
Белсенділік принципі саналылық принципімен тығыз байланысты. Сондықтан үйретуші программалардың құрылымы әрекет туралы және пән бойьшша программамен жұмыс істеуге кажетті білім беруді біртұтас нысаналы компонент болуы керек деп есептейміз.
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысының ғылыми ізденісін қалыптастыру оқытудың ғылымилық принпципімен байланысты. Бұл принцип қазіргі ғылымдағы берік орныққан қағиданы зерттеуді талап етеді, оқу материалдарын таңндап алу мен оқыту әдістерін қалап алуға көмектеседі. Ғылымилық принцип негізінде компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына бірқатар талаптар қойылады. Біздің ойымызша оқьпу жүйесі компьютер арқылы оқу материалын тиімді меңгертетін мазмұнда болуы қажет. Компьютерлік оқыту жүйесінің мазмұнына қойылатын келесі талап казіргі ғылыми мағлүматтар деңгейінде, ал, оқу материалын меңгерту танымның ғылыми әдістерімен барабар болуы тиіс (математикалық әдіс, жүйелілік талдау, модельдеу әдісі жөне т. б. ) .
Оқытушылық таным нақты фактілер мен құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Бұл таным көзі ретінде заттар мен құбылыстардың өздеріне бет бұру мен байланысты. Ол оқытуды аңғарып қараудан бастауды талап етеді. Осыдан барып көрнекілік принципі шығады. Аталған принцип негізінде оқыту жүйелеріне мынандай талаптар қоюға болады:
- үйретуші программаларды жасағанда дидактикалық максаттарды орындай алатын модельді таңдап алу;
- процестерді бейнелегенде түстерді дұрыс таңдай білу;
- дыбысты, дыбыс сигналдарын жазу, оларды бейнелеу және т. б.
Білімнің жақсы меңгерілуі үшін, олар түсінікті, ретке келтірілген болуы керек және бұрынғы бар білім жүйесіне біртіндеп енгізілуі тиіс. Бұл жүйелілік принципінен көрініс табады.
Информатика курсының білім беру саласына пән ретінде енгізілуі оған қазіргі заманға сай және ғылыми түр береді, жүйелейді. Жүйелілік пен бір ізділік приниипі үйретуші программаларға бірқатар талаптар қояды. Программаның мазмұнына арнайы әдіснамалық мағлұматтар енгізу, ғылыми құрылымы болуы, сондай-ақ белгілі ретпен пакеттер жасау қажет.
Компьютерлік оқыту жүйелері танымның жүйелі әдістерін оптимальды жүзеге асырады. Осыдан үйренушінің әрекетін құрайтын алгоритм материалды меңгеруді қажет ететін жүйелілік талдаудан құралатынын байқаймыз.
Біз оқу процесінің компьютерді қолданумен байланысты мәселелерін үш топқа бөлеміз:
бірінші -оқыту теориясына,
екінші - компьютерлік оқыту технологиясына,
үшінші - үйретуші программаларды жобалауға қатысты.
Оқыту теориясы оқу қызметімен байланысты оқушылар мен үйренушілер қызметінің негізгі компоненттеріне, оқу қызметін басқару процесіне байланысты талдауларға сүйенеді.
Оқыту технологиясы оқыту теориясымен оның практикалық жүзеге асырылуының арасындағы байланысты бөлім. Үйретуші программаларды жобалау теория мен технологияның пракгикалық қолдану табуы болып табылады.
Компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық жайы, ең алдымен, оқу мақсатына жетудің негізгі механизмнің қызметіне терең талдау жасап оқу процесінде зандылықтарды пайдалана білу. Компьютерлендірудің ерекшелігін ескере отырып, бұл зандылықтарды қоддануды жан-жақты ойластырып жүзеге асыру керек.
Біз оқыту қызметін басқару деп қарастырамыз. Бұндай басқарудың негізгі құралы педагог тарапынан немесе оқыту құрылғысы тарапынан, ең алдымен, үйренушінің танымдық сферасына әсер етеді. Бұл әсер ең алдымен оқу мақсатының сәйкестігіне бағытталуы қажет.
Дәстүрлі оқу процесінде "оқушы-оқытушы" жүйесі қалыптасқан. Демек, оқу поцесі - оқушы мен мұғалімнің өзара байланысты қызметі, біте қайнасқан бірлікте жүзеге асырылатын күрделі, қозғалмалы жүйе болып табылады. Бұл жүйеде мұғалімнің басшылығымен, оқушы ғылым негіздерін, әрекет тәсілдерін меңгеріп, дамиды. Бұл өзара байланысты қызметте әрбір субъектінің өзіндік қызметі бар. Мұғалімнің қызметі тек білім беру ғана емес, білімді меңгеру процесі мен әрекет тәсілдерін басқару болып табылады. Оқушының міндеті - білім жүйесін, оны алу тәсілдерін меңгеру, оны өндеу, сақтау жолдарын үйрену.
Бұл оқушы мен мұғалімнің алдында тұрған мәселені шешу - оқу танымының кезеңдеріне сәйкес жүзеге асыралады.
Бірақ дәстүрлі оқытуда оқушылардың оқу әрекетін басқарудағы мұғалімнің мүмкіндіктері ұйымдастыру барысындағы қиындықпен шектеледі. Дәстүрлі оқытуда ақпараттық ағым, негізінен, окытушыдан оқушыға бағытталатынын практика көрсетіп отыр. Демек, оқушылардың оқу әрекетін тиімді басқару мәселесі бұл процесті жан-жақты жедел ақпараттық қамтамасыз ету мәселесін шешумен, яғни жаңа ақпараттық технологияның оқу процесіне енгізілумен байланысты шешіледі. Жаңа ақпараттық технологияның оқу процесіне енгізілуі бұл жүйенің орнына "оқушы-оқытушы-компьютер" пайдаланғандықтан қалыптасқан психологиялық-педагогикалық әдістеріне өзгерістер енгізуді қажет етеді. Олай болса, жаңа жағдайдағы оқу-тәрбие процесін тиімді және мақсатына жете алатындай ету үшін бірқатар психологиялық-педагогикалық мәселелерді қайта құруға тура келеді. Осыған байланысты психологияның, педагогиканың және дидактиканың көптеген дәстүрлі қағидаларын қосымша зерттеу қажет болады.
Біздің ойымызша зерттеліп отырған компьютерлік оқытудың психологиялық-педагогикалық негізі ең тиімді іс-әрекет амалы болып табылады.
Зерттеу барысында біз А. М. Леонтьевтің жасаған әрекет теориясына сүйендік. Іс-әрекет амалын педагогикалық мәселелерді шешуде қолдану ерекшеліктері туралы Л. С. Выготскийдің, С. А. Рубинштейннің, П. Я. Гальпериннің, Б. Ф. Ломовтің, И. Ф. Талызиннің еңбектерімен жан-жақты таныстық.
Қазіргі уақытта іс-әрекет категориясы үлкен методологиялық және теориялық мәнге ие болды. Іс-әрекет адамзаттың табиғи, әлеуметтік, т. б. кабілеттерінің қатынасын белсеңді түрде өзгертушісі және түрлендірушісі бола алады. В. А. Иванов әрекеттің психологиялық түсініктемесіне мынандай мінездеме береді: "Іс-әрекеттің психологиялық бейнесі белсеңді психиканың реттелген субъектісінің бірі-абстракциялық модельден шығады". Іс-әрекеттің түбегейлі мәселелерімен көптеген психолог, философ және социологтар шұғылдаңды. Бұл проблемаларды оқудың көптеген ғылыми-теориялық, психологиялық-педагогикалық зерттеулері негізінде құрған. Психология ғылымы субъектіні таңдауға байланысты іс-әрекет теориясын жасады. Б. ГАнаньев, Л. ПБуева, М. С. Каган, М. С. Кветааялар адамның қасиетін, оның үнемі дамып отыруын анықтайтын мүмкіндіктерін айқындады. Л. С. Выготский, В. П. Зиченко, Л. Я. Гальперин, ААСмирнов, О. К. Тихомировтар-дың еңбектерінде адамның іс-әрекетінің ролі туралы идеялар қозғаушы күш ретінде әрекет етеді. Өзінің іс-әрекетін дамытуда, адам, ішкі және сыртқы саралауға ұшырайтынын байқаймыз. Біріншіден, адам - өзіне тән нақты нәрсенің әрекетінен тұрады. Екініщден, ой-әрекеті барысы біреу арқылы пайда болады. Дәл осы уақытта ішкі іс-әрекет сыртқы іс-әрекетті жоспарлайды, ол сыртқы іс-әрекет кезінде туындайды және сол арқылы жүзеге асырылады. Оқушының кез келген іс-әрекетінің түрі, оның алдында тұрған міндеттерді орындауға белсенділігімен байланысты болады. Белсенділіктің психологиялық табиғаты іс-әрекеттің мінездемесі ретінде, өздігінен қозғалудың іс-әрекетінің өзіндік түрінің ішкі алғы шарттары ретінде қарастырылады. Белсенділік ғылыми категория ретінде әртүрлі жағдайда зерттеледі. Ол биологиялық тұрғыда қоршаған орта организмге байланысты қалыптасады деп қабылданған. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, белсенділік мидың функциясын реттеуші деп қарастырылады.
Белсенділік арқылы біз қабілет жүйесін (адамның психикалық жүйесін немесе субъект) айналадағы жүйеге әсері арқылы және ішкі әрекет өзгерістері негізінде түсінеміз. Сондықтан да белсенділіктің әлеуметтік формасы іс-әрекеттің спецификасы ретінде іске асады, демек, адамдардың белсенділік мінездемесі қорытындыланған болып табылады. Белсенділік іс-әрекеттің сапалы мінездемесі ретінде және оның көріну дәрежесімен анықталады.
Сонымен қатар біз іс-әрекет процесінде тұлға мен іс-әрекет катынас байланысы кезінде белсенділіктің әртүрлі деңгейде болатыны туралы жоғарыда аталған авторлардың айтқандарымен келісеміз.
Психологияда әрекет ұғымы қоршаған әлемнің өзара ықпал ету процесінде сипатталған индивид функциясымен әрекет үғымы арқылы түсіндіріледі. Психологиялық әрекет қажеттіліктен туындайды; пәнді қамтамасыз етуге және жүйелі іске асыруға бағытталады.
Біздің зерттеулерімізде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда ең бастысы -компьютерді пайдалануды іске асыру болып табылады.
Қазіргі көзқарас бойынша, іс-әрекеттің барлық түрінің құрылымы бар. Іс-әрекетінің негізгі құраушысы-әрекет. "Әрекет" ұғымы арқылы психологияда "операция" ұғымы енгізілді, демек, ол әрекетті іске асыру тәсілі.
Біздің ойымызша операция жүйесі әрекет тәсілі арқылы берілген типтегі оқу міндеттерін шешуді қамтамасыз ете алады.
Л. Я. Гальпериннің идеясына сүйеніп, біз ақыл-ой қабілетін: атқарушы, бағыттаушы және бақылаушы деп бөліп көрсетеміз.
Оқытуды компьютерлендіру кезінде күрделі операциялық құрылымды қалыптастыруда компьютер шешуші ықпал етеді. Іс-әрекетінің нәтижесінде алға қойған мақсатқа жетеді.
Оқу мақсатының ауқымы өте кең. Программалап оқыту идеясының кең таралуымен байланысты оқу мақсатын компьютерлендіруге қызығушылық арта түсті. Программалық оқытудың мақсаты оқуды бітіргеннен кейін меңгеруге тиісті біліктігіне назар аударуды кажет етеді.
Компьютерлік оқытудың бағдарламасын кұрастырмастан бұрын алдыға қойылатын міндеттер - оқушылардың өздері қойған мақсаттарын, оқу мотивін ынталандыру.
Мотивтік ортаны калыптастыру - оқу әрекетінің жетістігінің алғы шарты больш табылатыны белгілі. Танымдық және әлеуметтік мотивтің әртүрлі деңгейін психологгар белгілеп берді және талдады.
Болашақта электрондық техника физикадан оқу жабдықтарының құрамына оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырушы және оқытуды терең ынталандырушы құрал ретіңде қосылады. Бұның бірінші себебі электрониканың кең таралуы, оның казіргі әлемдегі мәнінің анықталуы және оқушылардың болашақ еңбек әрекеті информатика негіздерімен есептеуіш техникасы мотивтеріне ұқсас мотивке сәйкес келуі оның тағы бір себебі. Информатика сабағында ЭЕМ-де жұмыс істегенде, оқушылардың алғашқы белсеңділігі операционалдық мотиві арқылы жүзеге асырылады. Ал физика сабағында, оқушылар электроңцық техникаға есеп шығару және іс-әрекет амалдарын сипаттаушы кұрал ретінде бағыт ұстайды, нәтижеде мотивтен мақсат туындайды.
Электрондық техника қандай да бір есепті шығару құралы болып қоймай, жай ғана қолданбалы кұрылғы болуы мүмкін. Басқа мақсаты оқушының танымдық-логикалық сферасында тұлға, оның қоршаған әлем туралы ұғымымен түсінікті, логикалық операциялар мен әдістерді, таным қызметі мен ителлектуальдық тәсілі мүмкіндік алады. Бұл мақсатқа электрондық техниканың физикалық негіздерін оқу арқылы, сондай-ақ адамды қоршаған ортадағы техниканың орнының бірегейлігін көрсету арқылы жетуге болады.
Компьютерлік оқьпу жағдайында оқушылардың белсенді шығармашылық іс-әрекеті жүзеге асады.
Көптеген үйрету программалары оқушылардың ізденімпаздығына түрткі болады, сұрақтың шешімінен қателескен жағдайда компьютер бағыт-бағдар береді. Атап айтқанда, оқу мотиві мен оқушылардың таным қызметін қалыптастырудың тиімді жолдары проблемалық ситуация туғызумен байланысты. Компьютерлендіру жағдайында проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық заңдылықтары пайдаланылуы кажет, бұл зандылықтар үйретуші программаларын жасағанда компьютердің көмегімен сәйкес келетін педагогикалық ситуацияларды қолданғанда сақталуы керек.
Проблемалық оқыту оқытудың белсенділік принципін жүзеге асырумен байланысты. Белсенді танымдылық іс-әрекеті таным және қажетті-мотивтік компоненттерінің қызметтерінде адамның ойында проблемалық ситуацияларын туғызады. СЛ. Рубинштейнның тұжырымдарына сүйенсек, проблемалық ситуация "ойлау процесінің алғашқы кезеңі" болып табылады.
Кез-келген іс-әрекет оны іске асыру құралын сипаттайды. Оқу әрекетін талдау барысында, әрекет құралы мен оқу міндеттерін шешу кұралын ажырата білу қажет.
Осы мағынада біз компьютердің оқу үйрету әрекетін біртұтас деп қарастырамыз. Егер компьютер оқу әрекетінің құралы ретінде ғана пайдаланылса, онда ол "тұтынушы - ЭЕМ" схемасының аумағында болады. Компьютер оқу әрекетінің басқару функциясын атқарса, үйрету құралы ретінде қолдануды мойындағаны.
Электроңдық есептеу техникаларын қолдану оны компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану мүмкіңдіктерімен байланыстырады, компьютер оқу қондырғысы және білім берудің мазмұнды объектісінің бірі ретінде қарастырылады. Бірінші бағыты компьютер оқыту құралы ретінде - әртүрлі қиындықтағы үйретуші программалар арқылы, әсіресе, автоматтандырылған үйретуші жүйелерде жүзеге асырылады. Оқу әрекетінің ондай компоненті үйретуге ықпал ету функциясының міндетін атқарады. "Оқу міндеті" деген түсінік дидактика мен педагогикалық психологияның негізгі ұғымы. Компьютердің оқу процесінде қолданыла бастауы, мектепте оқыту практикасының міндеттеріне әлеуметтік жағдайды модельдеуші және т. б. мәселелерді алып келді (екінші бағыты) .
Бұл мәселелерді шешудің құрылымдық міндеттерін көптеген оқымыстылар қарастырды (ПА. Шеварев, Г. А. Балл, Л. М. Фридман) .
Үйретуші жүйені жасағанда оқу міндеттерін шешу мен оқудың мақсатқа жетуі арасындағы байланысты белгілеуді қажет етеді. Электрондық есептеуіш техника - жеке оқушының физика курсында өзінің практикалық қызметін реттеуші, физика есептерін шығаруға пайдалануға керемет құрал болып табылады. Физикадан оқу есептерін шығару үшін машиналық модельдеумен физикалық шамалар арасында тәуелділік графигін салуға, берілгендер кестесін құруға, лабораториялық эксперименттерде сипаттамаларын түсіруге, физикалық құбылыстарды модельдеуге және т. б. мүмкіндік туғызады.
Физика сабағында сандық есептерді шығару, кезінде есептеулер жүргізу үшін миқрокалькулягорлар немесе дербес компыотер қолданылады. Сапалы есептер-машиналық модельдеу үшін жаксы сала. Сапалы есептер дербес компьютерлерді модельдеуші программалар шеңберінде қойылуы және шешілуі мүмкін. Сондай-ақ мәні бар қандайда дәстүрлі проблемалық ситуацияларды машиналық модель аркылы анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz