ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ . . . 5
1. 1 Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық
жағдайы . . . 5
1. 2 Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы . . . 8
1. 3 Орманды жерлердің жер бедері мен топырақ ерекшеліктері . . . 14
1. 4 Орман ағаш аурулары . . . 21
2 КАТОНҚАРАҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯЖАЙЫ
ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КҮЙІ . . . 23
2. 1 Мемлекеттік ұлттық саяжайдың құрылу тарихы . . . 23
2. 2 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының климаты . . . 33
2. 3 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының гидрологиясы . . . 36
2. 4 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы аумағы
ормандарына ағаш зиянкестерінің әсер етуі . . . 40
2. 5 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы аумағы ормандарына өрттің әсер етуі . . . 50
2. 6 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы
орманының қазіргі қоры . . . 51
2. 7 Орман қоғаудағы негізгі тиімді шаралар . . . 52
Орманды өрттен қорғау шаралары . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
ҚОСЫМША А Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің схемасы. . 64
ҚОСЫМША Б Катонқарағай орман жүйесінің таралу жағдайы . . . 65
ҚОСЫМША В Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайы бойынша орманшылықтардың таралуы . . . 66
ҚОСЫМША Г Орманды қалпына келтірудегі жұмыстар (2008-2010ж. ) . . . 67
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Орманды аймақтардың бірі - Шығыс Қазақстан облысы еліміздегі тамаша табиғат байлығымен танылған. Бүкіл республика орманының 72 пайызы шоғырланған бұл өңірдің табиғат сұлулығы тіпті ерекше. Соның ішінде Алтай тауының баурайында орналасқан Катонқарағай ауданы өзінің табиғи сұлулығының нәтижесінде Шығыстың Швейцариясы атанғаны да жұртқа мәлім. Өр Алтай табиғатының тамаша сұлулығын сақтап, оны қорғау шараларын қамтамасыз етіп, өңірдің табиғи ерекшеліктерін әлем халқының назарына ұсыну мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 17 шілдесіндегі қаулысымен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. 2011 жылдың 17 шілдесінде - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылуына 10 жыл толды. Қазақстанда орман ең маңызды ресурс және сонымен бірге, ұлттық шектелген экологиялық ресурстар болып табылады. Соңғы 30 жыл ішінде ШҚО-да өрт, жел, адам әсерінен орман көлемі 95 мың га азайды. Бұл мәселе әсіресе Катонқарағай ұлттық табиғи саяжайы аумағы ормандарына тән. Мысалы, 2006 ж. Саяжай аумағында 6 өрт болды, оның 1-еуі найзағай әсерінен, өзгесі белгісіз себептермен. Нәтижесінде 3, 8 га орман түгелдей өртеніп кетті. Қылқан жапырақты ағаштар қоры антропогендік әсерге байланысты жыл сайын азаюда. Өрт пен адам әрекетінен басқа орманға кері әсерін тигізетін орман зиянкестері - кемірушілер, ұсақ жәндіктер, өсімдік аурулары, паразиттер, саңырауқұлақтар мен вирустар. Олар түрлі аурулар таратып сапа мен өнімділікті төмендетеді. Зиянкестердің кесірінен құрылыс материалдары үшін дайындалатын ағаштардың 45 %-ы сапасыз болып шығады.
Диплом жұмысын орындаудағы негізгі мақсат - Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының орман шаруашылығының қазіргі күйін зерттеу.
Міндеттері:
- Шығыс Қазақстан және Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының орман қорына қысқаша сипаттама беру;
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының ормандарының негізгі экологиялық мәселелері және шешу жолдарын қарастыру;
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саяжайының орман шаруашылығының қазіргі жағдайына баға беру.
Зерттеу нысаны. Ғылыми жобаның зерттеу нысаны ретінде Катон - Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген материалдар, орман шаруашылығы жайында жазылған ғылыми еңбектер, мақалалар алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жүргізу, сараптау және тұжырымдама жасау әдістеріне сүйеніп жасалған.
Жобаның дереккөздері. Аталған мәселелердің шешімін табу үшін зерттеуші ғалымдардың осы тақырыптағы мәселелерге арналған бірқатар
еңбектерді басшылыққа алдық. Атап айтқанда: Ш. Нұртаев «Орман шаруашылығын механикаландыру», «Қоршаған ортаны қорғау және Қазақстанның орнықты дамуы: статистикалық жинақ», П. В. Сазонов «Химически и биологические средства защиты растений», «Справочник по защите леса от вредителей болезней», Э. Б. Бейсенова, «Экология және табиғатты тиімді пайдалану», Ж. А. Абылқанова «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінде қорғалатын аймақтық мәселелер», С. Әлімбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» және т. б.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы. Ізденіс жұмыстарының нәтижесінде өлкеміздегі ағаш ауруларының түрлері анықталып, зиянкестер түрлерімен күрес әдістері белгіленді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу жұмысының жас студенттерге білім жағынан болсын, тәрбиелік - дамытушылық тұрғысынан болсын маңызы мен әсері зор. Болашақ мамандар осы бітіру жұмысында жинақталынып берілген өз өңірінің орман шаруашылығының зерттелуі туралы мәліметтерді, деректерді тиімді пайдалана білу арқылы ғылымды игеруінде дербестік қасиеттерін қалыптастырады.
Жобаның құрылымы. Бітіру жұмысымыз кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен қосымшадан тұрады.
1 ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
1. 1 Шығыс Қазақстандағы орман қорларының географиялық жағдайы
Орман - жер шарындағы климаттың және адамдардың шаруашылығы нәтижесінде өзгеретін ұзақ жылдық эволюциялық процестің өнімі. Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Орман дегеніміз - Г. Ф. Морозовтың (1970) анықтамасы бойынша, бір-біріне, топыраққа және атмосфераға әсер етуінің нәтижесінде сыртқы формасы және ішкі құрамы өзгерген ағаш өсімдіктері жиынтығы. Ормандағы өсімдіктер ішінде басты орынды ағаштар алады, бірақ өте көп ағаштардың өзін орман деп атауға болмайды. Мұндай кеңістікте бір- бірінен бөлінген көптеген ағаштар аллеяны немесе саябақты (паркты) құрайды. Көптеген ағаштар орман құрау үшін тек сандық көрсеткіштері ғана емес, сапалық белгілері де болуы қажет.
Орманды - жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Дүние жүзінде орманды жерлердің жалпы ауданы 4 млрд га, оның ішінде үзідіксіз ормандар 3 млрд га. Ормандар Жер биосферасының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, олар климатты реттеуші, санитарлық және қорғаушы рөлін атқарады. Орманның жер және су ресурстарын сақтаудағы маңызы зор, көптеген жануарлардың мекендеу ортасы, және де олар таза ауа резервін құрастырады, атмосфераны оттегімен толтырушы. Орманды пайдалану, қорғау және сақтау саласындағы қатынастар және орман қорындағы жер ресурстарын пайдалану орман заң шығарушы органдарымен реттеледі. Орман қорғау саласындағы негізгі нормативтік акт «Орман кодексі» 2003 жылы 8-шілдеде қабылданған. [2. 44б. ]
Орман пайдалану құқықтық нормалары - орманды пайдалану реті мен шарттарын көрсететін құқықтық нормаларды, және де орманды пайдаланушылардың міндеттері мен құқықтарын біріктіреді.
Орманды рационалды пайдалану мен өндіруге, және де ластанудан, құрып кетуден, өрттен, зиянкестерден қорғауға бағытталған шаралар орманды құқықтық қорғау түсінігін қалыптастырады.
Орманды қорғау және пайдалану саласындағы мемлекетік шараларды жалпы компетенциялық орындар атқарады (ҚР Үкіметі, ҚР президенті, ауылшаруашылық Министрлігі), сонымен қатар әлеуметтік саладағы органдар - ҚР орман шаруашылығы комитеті, олардың территориялық органдары, ұлттық парктер, қорықтар және т. б.
Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу, есепке алу, ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, кесіп, реттеу, питомниктерде көшет отырғызу, суландыру, орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау, ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылық қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады
(Сурет 1. 1) .
Сурет 1. 1 Орманның пайдалы функциялары
Қазақстан жер ресурстарына бай болғанымен, орманға бай емес. Оның басты себебі жеріміздің негізгі бөлігі құрғақ, жартылай шөл, шөлді аймақтарда орналасқандығы, ал орман ағаштары негізінен ылғал мол түсетін алқаптарда өседі.
Орманды териториясының көлемі жағынан Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін екінші орында тұр. Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы - 21, 5 млн га.
Қазақстанның жалпы аумағында орман және бұталар алып жатқан көлем небәрі 4, 2% құрайды. Оңтүстігінде көпшілік бөлігін сексеуіл алып жатыр. Ал оңтүстік-шығысындағы орман таулы орманға жатады (20%) . Осы аймақтағы ормандарда орман жемістері мен жаңғақтары айтарлықтай көлемде дайындалады. Еліміздің батысы мен орталық бөлігінде ауа райы құрғақ болғандықтан, орман жоқтың қасы. Сондықтан орман қорының 80%-ға жуығы солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, оның тең жартысы Шығыс Қазақстан облысындағы қарағайлы және майқарағайлы орманға жатады. Мұнда негізінен орман ағаштарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан аумағының орман шаруашылығы географиялық ерекшеліктеріне қарай үлкен 4 өңірге бөлінеді:
1) шығыстағы Алтай таулы ормандары (бағалы қылқан жапырақты орман) ;
2) солтүстіктегі орманды дала (қайың, көктеректен тұратын шоқ ормандар және қарағайлы орман жолағы) ;
3) оңтүстік шығыстағы Тянь-Шань тауындағы және Іле Алатауындағы шыршалы орман;
4) оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман. Сонымен қатар ірі өзендер бойына орналасқан өзен жағалауы ормандары бар. Олар Батыс Қазақстандағы жалғыз орман типі болып саналады және суды реттеуде маңызды рөл атқарады.
Кесте 1. 1
Ертіс бойындағы жолақты қарағай ормандары
Өл
шем бірлігі
Павло
дар
Шығыс Қазақстан облысы - Шығыс және Семей болып екі аймаққа бөлінеді. Облыс алаңы - 28305, 6 мың гектар, географиялық жағынан республика бойынша орманды алқаптарының біршама көлемі орналасқан.
Орман қоры жерінің алаңы 3600 мың гектарды, немесе республикадағы құнды қылқан жапырақты сүректердің жартысының қоры шоғырланған облыс алаңының 12, 8 % құрайды және 167, 74 миллион текше метрді құрайды. Орман көмкерілген алаң - 1769, 3 мың гектар, облыстың ормандылығы - 6, 3%. Шығыс Қазақстанның аумағы биологиялық әртүрлілігімен ерекшеленеді (Кесте 1. 1) .
Облыстың аумағында жануарлар мен құстардың 394 түрі мекен етеді, соның ішінде 32-сі сирек және құрып бара жатқан түрлерге жатқызылады, өсімдіктердің 3000 түрі өседі, олардың 181-і сирек кездесетіндері.
Облыстағы мемлекеттік орман қорының аумағында республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қосқанда 592, 3 мың гектар орманы жоқ ормандық жерлер бар, соның ішінде 204, 0 мың гектар өртенген жерлер мен ағашы шабылған жерлер, демек, орманды қалпына келтіруді қажет ететін алаңдар үлкен.
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі орман шаруашылықтарының мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2187, 8 мың гектарды құрайды, соның ішінде орман көмкерілген алқаптар 1, 2 мың гектар жерді алып жатыр; мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 34, 8 мың гектары қолдан отырғызылған екпе ағаштар (орман дақылдары) .
Шығыс аймағының орман қорының қазіргі жер жағдайы орманды алқаптарының басымдығымен (67 %), және ормансыз алқаптармен (33 %), жайылымдар және шабындықтармен сипатталады.
569, 9 мың гектарды қылқан жапырақты екпе ағаштар алып жатқан немесе орман жамылған жерлердің 47, 6 % және 78, 7 миллион текше метр көлемінде жалпы қоры бар.
Қылқан жапырақты ағаштардан майқарағай, балқарағай, қарағай, шырша және аздаған самырсын, жапырақты ағаштардан - көктерек, қайың, терек облыстың Шығыс аймағының басты ағаштары болып табылады. Шығыс аймағы ормандарының біршама бөлігі далалық-және-топырақ қорғаушы санатына жатқызылған.
1. 2 Шығыс Қазақстан орман шаруашылығының тарихы
Алтайдың майқарағай ормандары ғана 371 мың га алқапты алып жатыр, ал балқарағай орманы 300 мың га жерге орналасқан. Алтай тайгасын, Шығыс Қазақстанның таулы ормандарын - республиканың жасыл алқасы дерсіз. Шығыс Қазақстанның таулы ормадарында өсетін самырсын, қарағай, шырша - аса бағалы шикізаттары.
Кеңес Одағы ыдырап, орман шаруашылығындағы байланыс үзілген соң 1990-2000 жылдары бұрынғы Марқакөл, Катонқарағай аудандары, Семей мен Кереку аумағындағы орман алқаптары аяусыз талан-таражға салынды.
Шығыс Қазақстанда қорықтық аумақтарды құру қажеттілігі туралы мәселе профессор Г. А. Кожевниктің, академик М. П. Бородиннің және Россияның басқа ғалымдарының ықпалымен өткен ғасырдың басында-ақ туындаған болатын. 1913 жылы Ақмола-Семей егін шаруашылығы және мемлекеттік мүлік басқармасының жанындағы Орман Кеңесінің бірінші сессиясында қорғауды қажет ететін табиғат учаскелері белгіленді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының қиыр солтүстік шығысында орналасқан. Ол 28, 3 млн гектар жерді алып жатыр, оның 23, 09 млн гектары аңшылық алқаптар болып келеді.
Сауыр жоталарында тянь-шянь шыршасының табиғи екпелері сақталған
жалғыз жер Теректі қонысы, ал оңтүстік Алтайда -Темір-Қаба, Арасан-Қаба өзенінің аңғарлары, Бұғымүйіз шатқалы және Күршімнің бас жағы бағалы табиғат бұрышының қатарына жатқызылды.
Алайда бұл аймақтарды сақтау іс жүзінде дұрыс жолға қойылған жоқ. Өскемен уезінде 1923 жылы суда жүзетін құстарға арналған қаумал үш жыл мерзімге құрылды. Кейінірек Қара Ертістің сағасына жақын бөлік (Зайсан уезі) қорық болып жарияланды.
Шығыс Қазақстан үшін екі резерват жеткіліксіз еді. 30-жылдардың аяғында аумақтарға табиғи зерттеулер жүргізілді, 1940 жылдың тамызында екі қорық ұйымдастыру (Зырян және Катонқарағай аудандарында) туралы шешім қабылданды, 1941 жылдан бастап бұл қорықтардың шекарасында аң аулауға тыйым салынды. Соғыстан кейінгі жылдары, тіпті 60 жылдардың аяғына дейін қорық ісі мүлдем дамыған жоқ. Балық қорын қорғау үшін бір резерват қана (1975 ж. ) . құрылды. Зайсан өзенінің солтүстік-батыс бөлігін және өзен бастауынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан Ертіс аңғарының учаскесін алып жатқан бұл резерваттың ауданы 25 мың гектарды құрады. Мұнда балық аулауға ғана емес, суда жүзетін құстарды аулауға да тыйым салынды. Резерват бар-жоғы үш жарым жыл жұмыс істеді. Біздің аймақта қазіргі заманғы қорықтық аумақтарды құру 60-жылдардан басталды, қыстап қалатын киіктерді қорғау үшін (1968 ж. ) 10 жыл мерзімге 286 мың гектар алаңда Тарбағатай (Базар және Шорға өзендерінің аралығы) және Құлжа (Қызылқұм, Тілеуқабыл құмдары және Құлжа өзенінің жайылмасы) мемлекеттік зоологиялық қаумалдары құрылды. Осы жылы Қалба жотасының солтүстік макробелдеуіндегі оқшауланған самырсын учаскесі табиғат ескерткіші болып жарияланды (Көкшілтау самырсын тоғайы) .
1976 жылы Қазақстан Алтайында бірінші рет екі шақырымдық қорғау аймағы (30, 0 мың га) бар Оңтүстік Алтай физико-географиялық шет аймақтарының табиғи кешендерін табиғи қалпында сақтауға арналған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы (71, 4 мың га) ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін шырғанақ, итмұрын, долана -дәрілік шөптері бойынша мамандандырылған «Қаратал құмдары», «Төменгі Тұрғысын» (1, 3 және 2, 2 мың гектар) табиғи ботаникалық қаумалдары жарияланды. Тарбағатай және Құлжа қаумалдарының әрекет ету мерзімдері тағы 10 жылға ұзартылды.
Бұдан кейін (1979 ж. ) «Рахман бұлағы» профилакториясының дамуын тездетумен байланысты осы аттас ботаникалық- геологиялық қаумал (109, 1 мың га) пайда болды, оның қызметіне ландшафтарды және емдеу-сауықтыру қызметтері үшін қолайлы табиғи жағдайларды қорғау жатады. Дәл осы кезде Тархан қимасы (2, 0 га) және геологиялық-минералдық қаумал - Асубұлақ өзені аңғарындағы пегматитті учаске алаңы облыстық маңызы бар геологиялық ескерткіш болып саналды. Алайда соңғысы аяғына дейін заңды рәсімделмегендіктен қазіргі уақытта маңызын жоғалтқан.
1982 жылы облыстық маңызы бар әрқайсысысын алаңы 2 гектар болатын 4 геологиялық ескерткіш - «Ашутас», «Қиын Керіш», «Алаулы адырлар», «Көгілдір бұғаз» құрылды. Құрамына Құлжа және Бөкен өзендерінің атырауларының учаскелері кіруі есебінен Құлжа қаумалының алаңы 3, 4 мың гектарға артты. 1983 жылы Тарбағатай қаумалы жаңа аумаққа - сирек кездесетін жануарлардың түрлері шоғырланған Маңырақ жотасы мен Шілікті ойпатына көшірілді.
1986 жылы бес қаумалға және «Көкшілтау самырсын тоғайы» табиғат ескерткішіне мемлекеттік қаумал және республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші мәртебесі берілді, Марқакөл мемлекеттік қаумалының ауданы 75 мың гектарға дейін ұлғайтылды, көл айдынының көптеген учаскелері және Тополевка өзенінің бөлігі қорықтандырылды.
1992 жылы Қазақстанның шығысында Қара және Ақ Үбінің жоғарғы бөлігінде 56078 гектар ауданда екінші қорық Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы құрылды.
2001 жылдың маусымында бірегей, Оңтүстік Алтайдың эталондық табиғи кешендерін сақтау, табиғи және мәдени мұра учаскелері мен объектілерін сақтау; ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғат ортасының жай-күйін бақылап отыруды ұйымдастыру; туризмді ұйымдастыру мақсатында облыстағы бірінші жалпы алаңы 647477 гектар Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұйымдастырылды. [4. 5б. ]
Осы жылы Үкіметтің 2001 жылғы 21 маусымдағы № 877 қаулысымен мемлекеттік маңызы бар мемлекеттік қаумалдар мен табиғат ескерткіштерінің тізбесі бекітілді.
Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы 2003 жылы құрылды, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 08 сәуірдегі № 332 Қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясы болып қайта аталды.
Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың қоңыр қылқан жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы мен Ертіс бойының қарағайлы орман жалдары және Қазақ шағын адырының далалық шоқ ормандары мен Тарбағатай кіретін Семей аймағына бөлінеді. Облыстың мемлекеттiк орман қорының ауданы 3, 6 млн. га. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75%-ы шоғырланған. Облыстың орманды жерлері 6, 2 %- ды құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіндегі орман шаруашылықтарының мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 2187, 8 мың гектарды құрайды, соның ішінде орман көмкерілген алқаптар 1, 2 мың гектар жерді алып жатыр; мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 34, 8 мың гектары қолдан отырғызылған екпе ағаштар (орман дақылдары) .
Кесте 1. 2
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің орман шаруашылығы
569, 9 мың гектарды қылқан жапырақты екпе ағаштар алып жатқан немесе орман жамылған жерлердің 47, 6 % және 78, 7 миллион текше метр көлемінде жалпы қоры бар.
Қылқан жапырақты ағаштардан майқарағай, балқарағай, қарағай, шырша және аздаған самырсын, жапырақты ағаштардан - көктерек, қайың, терек облыстың Шығыс аймағының басты ағаштары болып табылады. Шығыс аймағы ормандарының біршама бөлігі далалық және топырақ қорғаушы санатына жатқызылған.
Облыста қызметі бірінші кезекте орман қоғамдастығына және жануарлар әлемін қорғау мен ұтымды пайдалануға бағытталған табиғат қорғау ұйымдарының жолға қойылған және тұрақты жүйесі жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz