Атығай ЖШС сипаттамасы


Мазмұны
КІРІСПЕ
Қазақстанның ұлттық экономикасының индустриалды-инновациялық тұрғыдан дамуы жоғары технологияларға негізделген бәсекеге қабілетті, экономикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді одан әрі жетілдіру болып отырғаны белгілі. Сондықтан кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру барысында жаңа технологиялық механизмдерді өндіріске енгізу, оның тиімділігін арттыру бағытында инновациялық тұрғыдан экономиканың нақты салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпорындарды ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістерін енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселелер еліміздегі сүт өндіру және өңдеп, әр түрлі өнім алатын кәсіпорындар үшін ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұлттық экономиканың тұрақты өсуі мен бәсекеқабілеттілікті күшейту арқылы халықтың әл-ауқатын жоғарылатуда, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, мемлекеттің қаржылық және материалдық активтерін ұтымды түрде басқару мен пайдаланылуын қамтамасыз ету жетістіктерін енгізуге ерекше мән берілуде.
Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты сектор өндірістерінің аясында инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Ал осы үдерістерді бақылау, олардың уақытылы және кедергісіз жүзеге асырылуын қадағалайтын, реттейтін, басқаратын және үйлестіретін жүйе - контроллингтің қалыптасуы мен оны жетілдіру аспектілерін анықтау зерттеу тақырыбының негізі болып табылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. XХ және XXI ғасырлар тоғысында экономикалық өсім ғылыми-техникалық революциясының маңызды рөлімен сипатталады. Алдыңғы қатарлы елдерде ІШӨ көп бөлігі жаңа және жетілдірілген технологиялардың, өнімнің, құралдардың, , ал басқа да түрлі бағаларға сәйкес өндіріс өнеркәсібінің өсімі 75-100 % дейін осы инновациялардың үлесіне келеді. Сондықтан жаһандық экономика бәсекесінде инновациялық іс-әрекетке қолайлы жағдай жасайтын мемлекеттер алдыңғы қатарлы елдердің қатарларына қосылады, өйткені олар фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік қолдауға, инновациялық инфрақұрылымды, инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыратын мамандарды, ғылыми және педкадрларды дайындауда, сонымен бірге шаруашылық айналымға зияткерлік меншігінің нәтижелері мен қорғау жүйесі үлесінің қосылуының арқасында жоғарыда аталған нәтижелерге жетеді. Инновациялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеуінің тура және жанама құралдарын пайдалана отырып та үлкен табыстарға жету мүмкіндігі бар, сонымен қатар ұйымдастырушылық-экономикалық реттеу механизмін де қолдануға болады.
Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының басты тұрақты экономикалық өсімнің бағыттарының бірі инновациялық экономика, технологиялық жаңалықтардың мүмкін тенденцияларын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстанда инновация және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұйымдастырушылық-экономикалық жүйе мен институционалды реттеу жүйесі аса дамымаған, және де инновациялық іс-әрекет саласы шеңберінде нормативті-методикалық-құқықтық база мүлдем дамымаған.
Жоғарыда айтылған сөздерді теңгере келе бұл зерттеудің актуалдылығы нарық қарым-қатынастарына сәйкес қазіргі инновациялық іс-әрекеттің эффективті механизмдерін жасап шығару қажеттілігімен айқындалады. Бұл мәселені шешу қазақстандық кәсіпорындардың әлемдік нарыққа шығып, онда өзінің лайықты орнын табуға мүмкіндік алады. бірақ ол үшін инновациялық іс-әрекеттің субъектілеріне экономикалық қызығушылық таныту керек, сонымен бірге инновациялық іс-әрекетті тура және жанам түрде мемлекет те қодау көрсете алады.
Сондықтан кәсіпорынның инновациялық бағытының сапалы ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін уақытында жасап шығару маңызды және актуалды болып саналады, әрине ол заманауи экономикалық шарттарға сәйкес болуы керек, өйткені, біздің білуімізше әлемдік және ұлттық экономикада түрлі дағдарысты жағдайлар әрқашан орын алып отырады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Бұл мәселе бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіліп, қолайлы ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру бойынша шетел авторларының ғылыми еңбектерінде көрініс табады. Маңызды теориялық-методологиялық негізге ие келесі экономист ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады: Д. Доси, П. Друкер, Б. -Э. Лундвалл, Г. Менш, Э. Мэнсфилд, Д. Норт, М. Портер, Б. Санто, Р. Солоу, Б. Твисс, К. Фримен, Й. Шумпетер және т. б.
Сонымен қатар инновациялық іс-әрекетті эффективті басқару бойынша орыс зерттеушілерінің еңбектері де құнды болып саналады. Инновациялық іс-әркеттің теориялық және қолданбалы аспектілері келесі орыс экономист ғалымдарының еңбектерінде жарқын көрініс табады: И. Т. Балабановтың, С. Ю. Глазьевтың, М. Гохбергтың, П. Н. Завлинтың, Н. Иванованың, С. Ильенкованың, Ю. П. Морозовтың, А. И. Пригожинаның, Э. А. Уткинаның, Р. А. Фатхутдинованың және т. б.
Қазақстанда инновациялық бағыт бойынша келесі авторлардың еңбектерінде көрініс табады: С. Б. Абдыгапарованың, Ф. Г. Альжановның, С. А. Алпысбаевның, Е. Әмірбекұлының, У. Б. Баймуратованың, Н. А. Барлыбаеваның, А. Н. Дауренбековой, Ж. Х. Давильбековой, Ф. М. Днишева, А. К. Кошанова, А. Г. Кравцованың, Н. К. Мамырованың, О. Сабденнің, З. А. Сальжанованың, Х. Н. Сансызбаеваның, А. Н. Саханованың, В. А. Ханның.
Дегенмен бұл еңбектерде әлі де шынайы экономикалық шарттарға сәйкес ұйымдастурышылық-экономикалық механизмдердің нақты шешімдері көрініс таппай отыр. Бұл дипломдық жұмыста да инновациялық іс-әрекетінің субъектілерінің қаржылық және ұйымдастырушылық сұрақтары аз зерттелген.
Дипломдық зерртеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл жұмыстың мақсаты «Атығай» ЖШС инновациялық іс-әрекетінің қолайлы ғылыми негізделген теориялық және методикалық принциптерін экономикалық қолайлылық туғызу мақсатымен жасап шығару болып табылады.
Мақсатқа сәйкес келесі міндеттер орындалуы тиіс:
- инновациялық бағыттылық іс-әрекетінің теориялық аспектілерін жалпылау және нақтылау;
- «Атығай» ЖШС инновациялық іс-әрекетінің мазмұны мен методикалық негіздерін зерттеу мен нақтылау;
- Шетел тәжірибесінің инновациялық бағыттылығының қаржы және институционалды қолдауын талдап, келешекте Қазақстан Республикасы жағдайында оны қолдану мүмкіндігін иелену;
- «Атығай» ЖШС инновациялық іс-әрекетінің жағдайын талдау;
- Экономикалық қолайлылыққа жету мақсатымен кәсіпорынның инновациялық бағытының ұйымдастырушылық-экономикалық механизмінің ұсыныстары мен кепілдемелерін жасап шығару.
Зерттеу объектісі - «Атығай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылады.
Зерттеу нысаны кәсіпорынның инновациялық бағыттылығын жүзеге асыру барысында ұйымдастырушылық-экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады.
Зерттеудің теориялық және методологиялық базасын инновациялық іс-әрекет саласындағы экономика ғылымының классиктерінің жұмыстары, заманауи шетел және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды. Зерттеу жүйелік-құрылымдық талдау принциптері негізінде, мәліметтердің экономикалық-статистикалық өңделуінің, жалпылау мен салыстыру, ғылыми анализ бен синтезді негізінде жасалды.
Зерттеудің ақпараттық базасы «Атығай» ЖШС Жарғысы мен кәсіпорының қаржы есебінің, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінің, мемлекеттік органдардың талдау материалдарының, статистика мәліметтерінің негізінде қалыптасты.
Ғылыми жаңалылығы экономикалық қолайлылықты ескере отырып кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетінің бағыттылығының ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру бойынша теориялық нұсқаулықтардың дамуы мен кепілдемелердің жасап шығарылуында жатыр.
Негізгі нұсқаулар келесі тармақрда айқындалады:
- микро деңгей тұрғысынан «инновация», «инновациялық іс-әрекет», «инновациялық бағыттылық» терминдерінің анықтамалары беріледі;
- «Атығай» ЖШС инновациялық іс-әрекетінің тиімділік бағасының көрсеткіштері жүйеленген;
- «Атығай» ЖШС инновациялық бағыттылығының заманауи жағдайына баға беріледі;
- экономикалық қолайлылықты ескере отырып кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетінің бағыттылығының ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру бойынша нұсқаулар берілген.
Зерттеудің жаңалығы - ұйымдастырушылық-экономикалық шаралар ұсынылып, кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетінің белсендірілуіне бағытталған.
Тәжірибелік маңызы ол отандық экономиканың инновациялық дамуының қарқынын жетілдіруінде жатыр.
Зерттеу барысында негізделген теориялық және тәжірибелік нұсқаулар және кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетін басқару механизмдерін жетілдіру бойынша берілген кепілдемелер мемлекеттік ұйымдарға одан әрі мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуының кілтті бағыттарын анықтайтын заңнамалық, нормативті және бағдарламалық сипатқа ие құжаттар ұсынылған.
Дипломдық жұмыстың құрылымы дипломдық зерттеудің мақсатымен айқындалған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлім мен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыста кестелер, суреттер және графикалық бөлім бар.
1 Кәсіпорынның инновациялық бағытының теориялық негіздері мен оның экономикалық тиімділікке ықпалы
1. 1 Кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетінің ұғымы, мәні, түрлері
Қазақстанның ұлттық экономикасының индустриалды-инновациялық тұрғыдан дамуы жоғары технологияларға негізделген бәсекеге қабілетті, экономикалық тұрғыдан тиімді ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерді одан әрі жетілдіру болып отырғаны белгілі. Сондықтан кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру барысында жаңа технологиялық механизмдерді өндіріске енгізу, оның тиімділігін арттыру бағытында инновациялық тұрғыдан экономиканың нақты салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, кәсіпорындарды ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдістерін енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Бұл мәселелер еліміздегі сүт өндіру және өңдеп, әр түрлі өнім алатын кәсіпорындар үшін ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ұлттық экономиканың тұрақты өсуі мен бәсекеге қабілеттілікті күшейту арқылы халықтың әл-ауқатын жоғарылатуда, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін, мемлекеттің қаржылық және материалдық активтерін ұтымды түрде басқару мен пайдаланылуын қамтамасыз ету жетістіктерін енгізуге ерекше мән берілуде.
Қазіргі уақытта инновациялық қызметті дамыту, ел экономикасын инновациялық бағытта өркендету, әсіресе нақты сектор өндірістерінің аясында инновациялық жетістіктерді енгізудің маңызы зор. Ал осы үдерістерді бақылау, олардың уақытылы және кедергісіз жүзеге асырылуын қадағалайтын, реттейтін, басқаратын және үйлестіретін жүйе - контроллингтің қалыптасуы мен оны жетілдіру аспектілерін анықтау зерттеу тақырыбының негізі болып табылады.
Инновациялық қызметті экономикалық басқару шаруашылық және коммерциялық жағдайды алдын ала көре білу, «шығындар-нәтиже» арақатынасын оңтайландыру бағытындағы іс-шараларды жүргізе білу және осы арқылы қойылған мақсаттарға жету, ең бастысы күтілетін пайданы алуды қамтамасыз етуде контроллинг жүйесінің маңызы ерекше. Контроллинг және оны басқару механизмін зерттеуге, оны дамыту мен жетілдіру мәселелеріне шетелдік, ресейлік, және отандық мамандар ерекше көңіл бөліп отыр.
Инновациялық іс-әрекет - бұл - өнімнің сапасының жоғарылауы мен ассортименттің кеңеюіне ықпал жасайтын, сонымен қатар жаңа инновацияларды жүзеге асыру мен жаңа ізденістерге қол жеткізу болып табылады. Сонымен қатар коммерциялық шаралар туралы бiлiм, технологиялардың коммерциялануы және оларды жабдықтауға арналған немесе бағытталған кешенi. Инновациялық іс-әрекеттің нәтижесi жаңа немесе қосымша тауарлар немесе жаңа сапалары бар қызмет болып табылады. Сонымен бiрге инновациялық іс-әрекет олардың жасалуға, игеруге, таратуға және қолдану бойынша қызмет сияқты анықтала алады.
Инновациялық іс-әрекетті басқару сұрақтары бойынша менеджменттiң жеке бағыттарын зерттеуге арналған өзара дербес білім - инновациялық менеджмент болып табылады.
Инновациялық іс-әрекетті венчурлық қорлар қаржыландырады.
Инновациялық іс-әрекет бұл - ғылыми-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржы және өз жиынтығындағы инновацияларды тудырған коммерциялық шараларға тиесiлi кешен, iшкi және шетел нарықтарына енгiзулер, тиiмдi iске асырулар, кеңейту және жаңашылдықтар, сыртқа шығарылатын (тауарлар, қызметтер) өнiм, олардың жасалуын, технологияның әбден жетiлдiруiн, сапаны жақсарту үшiн қолдануға және ғылыми зерттеулер мен өңдеулердiң нәтижелерiнiң коммерциялануына бағытталған қызметi.
Инновациялық іс-әрекеттің өзінің мазмұнына мыналарды қосады:
- кәсіпорынның мәселелерін анықтайды;
- инновациялық іс-әрекетті жүзеге асырады;
- инновациялық іс-әрекетті ұйымдастырады;
Кәсіпорынның инновациялық іс-әрекетінің басты алғышарты бұл - барлық нәрселер тозады делінеді. Сондықтан тозған, картайған, прогресс жолын тежеп тұратын нәрселерден әрдайым құтылып отыру керек. Сонымен қатар шалыс қалған жерлерді, есептерді, түрлі қателерді де маңызға алу керек.
Сондықтан кәсiпорындарда өнiмдерді, технологиялар және жұмыс орындарының iскерлiк сараптамасын мерзiмдi өткiзiп отыру қажет, және де нарық пен бөлу арналарын да талдауға салу керек. Басқа сөзбен айтқанда, кәсiпорынның қызметiнiң барлық тараптарының өзiндiк рентенограммасы жүргiзiлу қажет.
Бұл тек кәсіпорындағы, оның өнімдерінің, өндірістік-шаруашылықтың және нарықтың диагностикасы ғана емес. Оның негізінде басшылардың өздері өздерінің өнімдерінің немесе қызметтерінің тозғаны туралы пікір жасау керек. Әйтпесе бәсекеге қабілетті басқа да кәсіпорындар мұндай іс-әрекетті бірінші болып жасауы мүмкін. Бұл, өз кезегiнде, кәсіпорынды инновацияларға әкеп соқтырады. Тәжiрибе көрсеткендей кәсіпорын басшыларының өзі шығарылған өнiмдерінің жақын арада тозатыны туралы біледі және соны ұғыну кәсіпорын жетекшiсінің инновациялық идеяларға жүгінулеріне түрткі болады.
Инновациялық идеялар қайдан шығады? Мұндай идеялардың жетi көзін атауға болады. Iшкi қайнар көздерін атап шығайық; олар кәсiпорын немесе басқа да салалар шеңберiнде пайда болады. Оларға:
- күтпеген жайт оқиға - жетiстiк, сәтсiздiк, сыртқы оқиға (кәсiпорын немесе сала үшiн) ;
- конгруэнттi еместiк - (ол шынымен де қандай?) біздің шындық туралы көзқарасымыз бен сол шындықтың арасындағы өзара сәйкессiздiк;
- іс-әрекетті қажет ететін жаңашылдықтар;
- сала немесе нарықтың құрылымындағы кенет өзгерiстер жатады.
Жаңашылдықтардың келесi үш көзi сыртқыға жатады, өйткенi олар кәсiпорынның немесе саладан тыс пайда болады. Бұлар:
- демографиялық өзгерiстер;
- қабылдаудағы, көңiлдегі және құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер,
- жаңа бiлiмдер (ғылыми да және ғылыми емес) .
Өзгеріске ұшыраған типті қарастырған кезде және аталған жағдайлардың талдауы инновациялық шешімнің мінезін орнатуға көмектеседі. Қандай жағдай болса да келесі сұрақтарға әрдайым жауап алуға болады. Егер бiз жаратылған өзгерiспен пайдалансақ не болады? Бұл кәсiпорынды қайда келтiре алады? Өзгерісті дамыту көзіне айналдыру үшiн не істеу керек?
Өзгерістердің жеті түрінің үшінші және жетінші түрлері аса маңызды болып табылады, өйткені олар радикалды мінезге ие.
Іс-әрекет тудырған өзгеріс жаңағы екеуінен гөрі аса маңызды рөлді атқарады. Бұрынғы бір мақалда былай делінген: «Қажеттiлiк бұл өзгерісті тудыратын ана болып табылады». Өзгерiс осы жағдайда тәжiрибенiң, өмірдің қажеттiгiнен пайда болады. Мысалы: кітап басып шығарудағы өзгерістер, айтарлық қол жазбаларынан баспаға көшу, өнімдердің сапасын жақсарту деген секілді қарапайым өмірден алынғандар болып табылады. Өзгерiстердiң бұл түрiнiң iске асыруы сонымен бiрге (қолдан теру кiтап шығаруда, өнiмдердiң балаусалығының сақтауы алмастыру тағы басқалар) кейбір түсiнiстікті қажет етеді: қажеттiліктi сезіну жеткiлiксiз, оның мазмұнында мәндi табу маңызды, әйтпесе оның шешiмiн мүмкiн емес табу; әрдайым қажеттілікті қанағаттандыруға болмайды, мұндай жағдайда оның тек бір бөлігінің шешімін табуға болады.
Қандай жағдай болса да бұл мәселенің шешімін табуда келесі сұрақтарға жауап беру қажет. Іс-әрекет қандай өзгерістерді қажетсінеді? Қажетті білімдер бар ма немесе оларды қайта алу керек пе? Біздің шешімдер мінез-құлықтарға, дәстүрлерге және тұтынушылардың жалпы сұраныстарына сәйкес келе ме?
«Жаңа білімдер» негізінде аса маңызды, тіпті радикалды өзгерістер пайда болады. Жаңа білімнің негізінде пайда болған жаңащылдықтар қалыптасқан қағида бойынша қиын басқарылады. Бұл бірнеше жағдайлармен түсіндіріледі. Ең алдымен жаңа бiлiмнiң пайда болуы және оның технологиялық қолдануының аралығында үлкен үзiлу әдеттегiдей байқалады, екiншiден жаңа технология жаңа өнiм, процессте немесе қызметке орнағанша уақыт көп өтедi. Ең алдымен жаңа білім мен оның технологилық қолдануының арасында аса үлкен алшақтық байқалады, екіншіден жаңа технология жаңа өнімде, іс-әрекетте немесе қызметте орнағанша бірталай уақыт өтеді.
Жаңа білімде негізделген жаңашылдықтар:
- барлық қажет факторлардың тиянақты талдауын;
- көздеген мақсаттың түсіністігін, яғни нақтя стратегиялық бағыт;
- кәсіпкерлік басқаруды ұйымдастыру, өйткені мұнда қаржылық және басқару нысаны мен нарыққа деген бағыттылықты қажетсінеді.
Жаңа білімдерге негізделген жаңашылдықтар «әбден жетіліп» сосын ғана қоғаммен қабылдану керек. Тек мұндай жағдайда ғана ол табысқа жете алады.
Инновациялық қызметтiң негiзiн қалайтын қағидалары қандай? П. Друкердiң пiкiрiнше бізге нені істеу керек және керісінше нені істемеу керектігін арасында нақты сызықша қою қажет.
Ол үшін не істеу керек? Мақсатқа бағытталған жүйелі инновациялық іс-әрекет жоғарыда аталған инновация көздерінің мүмкіндігінің талдауын талап етеді; инновациялар адамдрдың қажеттіліктеріне, мінез-құлықтарына сәйкес болу керек, өйткені оларды адамдар күнделікті тұрмыста қолданады. Кәсіпкерлер: «Бұл инновация тұтынушаларда қызығушылық таныту үшін нені білдіру керек?» деген сұрақ қою қажет; инновация қарапайым және нақты мақсатты иелену керек; инновацияның ең беделді және ұлы мақтауы былай делінеді: «Қараңыздаршы! Қалай бәрі оңай! Бұған менің басым қалай жетті?»; инновацияларды енгізу тиімді, тіпті қаражат, адамдар саны, шектелген тәуекел аз болса да. Болмаған жағдайда инновация қажетсінетін кейбір өзгерістерге не уақыт не қаражат та жетпейді; тиімді инновация шектелген нарықта, өзінің қуысында көшбасшы мәртебесіне бағытталған болу керек. Әйтпесе бәсекешіл кәспорындар алға шығу керек.
Инновация - бұл білімді, дарындылықты, тапқырлықты қажетсінетін жұмыс. Новаторлар тек бір ғана облыста жұмыс істейтіндері анық. мысалы Эдисон тек электр саласында ғана жұмыс жасады. табысты инновация әрқашан қажымас жұмысты талап етеді. Егер біз оған дайын болмасақ, онда бізге ешқандай жұмыс та, білім де көмектеспейді.
Үлкен табыстарға жету үшін адамдар инновациялармен шындап айналысу керек. Сонымен инновация экономикадағы, өндірістегі, қоғамдағы, сатып алушылардың мінез-қылығындағы, өндірісшілердің, жалпы жұмыскерлердің болмысындағы өзгерістерді білдіреді. Сондықтан ол әрдайым нарыққа бағыт алып, оның сұраныстарын басшылыққа алу қажет.
Кәсіпорын инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыру барысында ол ең алдымен жаңаны қолайлы мүмкіндік ретінде кәсіпкерлік атмосферасын қалыптастыруға жағдай жасайтын құрылым мен бағдарға ие болу қажет. Сонымен бірге бірнеше аса маңызды жайттарды ескеру қажет.
Инновацияны ұйымдастырып басқарудағы негізгі принцип бұл мықты қызметкерлерден команда құру болып табылады.
Тәжірибе көрсеткендей, қолда бар барлық бөлімшелерді инновацияларды тасушы деп білу кейін сәтсіздікке ұшырату мүмкін.
Және де бұл тек үлкен бизнесті кәсіпорынды ғана емес, сонымен қатар шағын бизнеске де таралады. өндірісті жұмыс жасап тұрған қалпында сақтап тұру - адамдар үшін үлкен міндет. Сондықтан жаңашылдықты жасауға олардың уақыттары да болмайды. Істеп тұрған бөлімшелер қай салада болмасын тек өндірісті кеңейтумен және оны модернизациялаумен ғана айналысады.
Кәсiпкерлiк және инновациялық қызмет тұрақты негiзде жүргiзiлуi мiндеттi емес, мұндай iстiң, көбiнесе шағын кәсiпорындарда қойылуы мүмкiн емес. Дегенмен инновацияларға жауап беретін арнайы бір адам тағайындау керек. Ол дер кезiнде тозған немесе ескірген өнімді, техниканы, технологияны, қолданыстан шығару қажет, сонымен қатар іс-әрекеттің жан-жақты өндірістік-шаруашылық талдауын (бизнестің рентгенограммасы) жасау керек, инновациялық іс-шаралардың жоспарларын жасау қажет. Инновациялық қызметке жауапты адам кәсіпорында да аса құрметті беделге ие болу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz