Еуропалық одақтың құрылуының тарихы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Еуропалық Одақ пен Кедендік Одақтың пайда болу тарихы мен қазіргі кездегі дамуы . . . 7
1. 1 Еуропалық одақтың құрылуының тарихы және оның негізгі институттары . . . 7
1. 2 Кеден Одағы мен Еуропалық Одағының даму аспектілері . . . 13
2. Кеден Одағының қазіргі кездегі жағдайы және Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен сыртқы саудасын талдау . . . 18
2. 1 Кеден Одағының жалпы сипаттамасы . . . 18
2. 2 Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен сыртқы экономикалық жағдайын талдау . . . 28
3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы Еуропа елдерімен қатынасын жетілдіру . . . 35
3. 1 Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы мемлекетаралық қарым-қатынас және тенденциялары . . . 35
3. 2 Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың ықпалы . . . 41
Қорытынды . . . 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 63
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі - Еуропалық Одақ (ЕО) әлемдік саясаттың негізгі бір тарапы болып табылады. Қазіргі уақытта ЕО-ға қарағанда басқа анағұрлым дамыған сауда-экономикалық әрі саяси интеграцияланған бірлестік жоқ.
ХХ ғасырдың аяғы адамзат даму тарихындағы маңызды өзгерістермен ерекшеленеді. Коммунистік идеяларды басшылыққа алып дамып келе жатқан КСРО-ның ыдырауы, Германияның бірігуі және Батыс пен Шығыстың бір-біріне деген қарама-қарсылығының аяқталуы Еуразия континентіндегі халықаралық қатынастар жүйесіне үлкен өзгерістер әкелді.
Қазақстан Республикасы суверинететіне ие болғанына көптеген жылдар болды. Кез келген мемлекеттік суверендіктің маңызды, ажырамас элементі бұл мемлекеттің сыртқы саясаты. Сырқы саясат бұл мемлекеттің келбеті. Мемлекеттің сыртқы саясаты ел басшысымен анықталып, ешқандай сыртқы күштерге тәуелсіз болуы керек. Сырты саясат доктринасы мен сыртқы саясат бағыттары мемлекет басшысымен анықталады.
Республика президенті, мемлекет басшысы сыртқы саясат векторының негізгі бағыттарын, ұлттық мүдде принциптеріне сүйеніп анықтайды.
Айтылғандардың барлығы да Қазақстан Республикасы, оның сыртқы саясаты үшін де маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті сыртқы саясаттың негізгі және басымды бағыттарын анықтайды. Осындай Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы бағыттарының бірі европалық болып табылады.
Қазақстанның сыртқы саясатының еуропалық бағыты туралы сөз айтқанда, әрдайым бұл саясаттың екі бағыты туралы ой туады, біріншіден Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы және екіншіден оның еуропалық мемлекеттермен екі жақты қарым-қатынасы ойға алынады.
Еуропада соңғы 50 жылда интеграциялық процестер жедел дамуда, және бұл процеске соңғы жылдары қатысуға ынталарын білдіріп жатқан елдер көп.
Еуропа бірігу үстінде, сондықтан әлемнің басқа аймақтарындағы мемлекеттер өздерінің біріккен еуропаға қатысты саясатын анықтауда. Қазіргі уақытта бізге белгілі Еуропалық одақ 27 мемлекетті біріктіруде, кейінгі уақытта олардың саны 35-ке жетуі мүмкін, осымен еуропалық интеграция процесі аяқталады. Не себепті еуропаға басқа мемлекеттер қызығушылық білдіруде? Себебі, Еуропа - доғары дамыған техника мен технологиялар; еуропа - бұл капитал экспорты мен көптеген мемлекеттер экономикасы үшін инвестиция; еуропа - бұл дамы, ан білім мен денсаулық сақтау жүйесі.
Қазақстан Республикасы еуропалықтарды және Еуропалық Одақты өзінің геополитикалық орналасуымен, яғни Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір ретінде, өзінің табиғи пайдалы қазбаларының байлығымен қызықтырады. Сонымен бірге, Орталық Азия, оған кіретін Қазақстан, Еуропа үшін және Еуропалық Одаққа әлі де беймәлім аймақтар.
Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ экономикалық және валюталық одақ құруымен жаңа сатыға өткен, интеграцияны тереңдету саясатында жүргізуде, осы ретте Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін әрине бұл өте актуальді сұрақ болып табылады. Біздің көзімізше Еуропалық Одақтың халықаралық аренада беделі жоғары мен ролі жоғарлауда, оның шығысқа қарай ұлғаю саясаты жүзеге асырылуда. Сондықтан осындай жағдайда Қазақстан қандай позицияны ұстануы қажет деген сұрақ туындайды? Қазақстан үшін Еуропалық Одақтың біздің шекарамызға дейін жетуі позитивтік құбылыс болып табылады, және біздің мемлекетіміздің мүдделеріне сяйкес келеді. Еуропалық Одақты кеңеюі аймақтың, сонымен бірге бүкіл еуразия континентінің тұрақтылығын сақтауға өз септігін тигізетіні туралы болжамдар жасауға болады.
Әлемдік экономика мен саясатта алдыңғы топта тұрған Еуропалық Одақиен тиімді және жан-жақты қарым-қатынас орнатуға Қазақстан тарапынан ерекше көңіл бөлінуде.
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі бұл кезеңдегі байқалған тенденция мемлекеттердің жалпы әлем қауымдастығының дамуына үндесе, бірлесе дамуды, қалыптасуды көздеген аймақтық және халықаралық бірігуді ниет еткен мемлекеттер баршылық. Қазақстан Республикасы үшін де болашақ интеграциялық бірлеске бірігу халақаралық деңгейде маңызды қадам болуы мүмкін.
Бұл ретте қазіргі таңда өзінің бейбіт және экономикалық, саяси мәдени дәйекті саясаты мен жоғары дамыған мемлекеттерді біріктіріп, басын қосып отырған Еуропалық Одақтың беделі күн сайын артуда. Одақтың саяси тұрақтылығы, экономикалық күші, жүргізіп отырған нәтижелі саясаты барлық мемлекеттердің наразын аудырып, мүшелікке ену деген ұмтылысын тудырып отыр. Мұндай мақсат, өзінің дамуына, кейінгі жылдары үлкен өзгерістер жасап, алдыңғы Азиядағы дамыған мемлекеттердің біріне айналған Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының ең басты векторының бірі.
Қазақстан мемлекетінің дамуының барлық сферасын қамтыған бұл одақ елдің экономикалық саяси даму келбеті өзгеріп, халықтың әл-ауқаты жақсарып, мемлекеттің халықаралық беделі нығайып, Еуропа елдерімен деңгейлес Орталық Азия континентіндегі беделді мемлекеттердің біріне айналды.
Бұл тақырыпты таңдауымның бір себебі - Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынас аспектілерін толығымен сараптама жасай отырып, Қазақстанның болашақ экономикалық даму жоспарлары мен әлем сахнасынан көрудегі мүмкіндіктерді талқылау болды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы Еуропалық Одақпен қарым-қатынас серіктестігі маңызды орын алады. Қазақстан үшін Еуропалық Одақ өте маңызды саяси, сонымен бірге сауда серіктесі. Еуропалық Одақтың тарапынан, Қазақстанмен саяси қарым-қатынасын кеңейту барысында республика үшін жасалынатын барлық мүмкіндіктерді және жеңілдіктерді кеңінен қолдануымыз тиіс.
Еуразиялық континентте Қазақстанның географиялық тиімді орналасуы біздің елімізбен Еуропалық Одақ арасында экономикалық және басқа салалардағы қарым-қатынасының жедел дамуына әсер етті. Соның нәтижесінде Қазақста Республикасымен Еуропалық Одақ арасындадағы әріптестік пен серіктестік Келісімшартына 1999 жылы қол қойылды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмысты жазып, зерттеу барысынды осы Еуропалық Одақпен Қазақстан арасындағы болған барлық салалардағы конференциялар мен көптеген келіссөздердің мәліметтері сараптамалынды. Өткізілген келіссөздер мен келісімшарттар еуропалық мемлекеттермен Қазақстан арасындағы басты мәселелерді шешуде маңызды болып табылады.
Диплом жұмысына қатысты Еуропалық Одақпен Қазақстан Републикасы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты әр түрлі зерттеу еңбектері баршылық және әліде зерттелу үстінде. Әсіресе, біздің жергілікті ғылыми зерттеушілелдің осы мемлекетаралық қатынасты одан әрі дамытуға зор үлес қосып, қызығушылық білдіргенін айтуға болады. Сол Қазақстандық зерттеушілер қатарында - Ж. У. Ибрашев, А. М. Жданов, А. А. Аубакирова, А. А. Нұрсейтов, Е. Е. Лян, Т. А. Құрғанбаев, Ф. Т. Кукеева, К. Н. Байзакова, К. Н. Макашева, М. Галимова, З. Азнабакиева, Э. А. Ибраева, К. Д. Исаев, Р. С. Серик сияқты көрнекті ғалымдар бар, сонымен қатар шет елдік ғалымдар арасынан Джон Пенни, В. Н. Ситенко, тағы басқа зерттеушілердің еңбектерін атап көрсетуге болада.
Жұмыстың басты мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси, экономика, сауда айналымы, бизнес және инветиция шарттары, ауылшаруашылық, транспорт, коммуникация салаларында және өнеркәсіп, коммерциялық жеке мүліктерді сақтандыру, басқа да салалардағы қарым-қатынасына баға беру, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың жолдарын анықтау.
Қазақстан Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен ынтымақтастыққа өңірлік және халықаралық кауіпсіздік, экономика, әлеуметтік және мәдени даму салаларындағы қарым-қатынасқа зор мазмұн беруге мүдделі. Біз өзіміздің еуропалық серіктестіктерімізге инвестициялық қызмет атқаруға, ірі халақаралық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасауымыз керек.
Еуропалық Одақпен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің дамуы диплом жұмысының негізгі зерттеу объектісі болып табылады.
Қолданылған әдіс-тәсілдер. Диплом жұмысының тақырыбын зерттеп, анализ жасауда, ивент және контент әдіс-тәсілдері қолданылды. Тақырыпты талдауға байланысты, яғни ивент әдісі бойынша Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одаққа байланысты әр түрлі ақпараттар мен материалдар жинақталып, олардың ішінен қажетті мақалаларды талдай отырып, сараптама жасалынды. Көбінесе жаһандық мақалалар мен ғылыми еңбектер ішінен алынған деректемелермен қатар, жоғары деңгейде өткізілген конференциялардың тұжырымдамалары зерттелініп, жазылды. Жүйелік талдауды қолдана отырып, нодағы негізгі критерилерге тоқталдым: тақырыптың басты объектісі болып табылатынэкономиканың қоршаған ортаға тигізетін әсері, саяси элитада алатын орны, т. б, . Зерттеліп отырған тақырыптың негізгі зерттелу аспектісі - Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы экономика векторвна байланысты эксперименталді нақты мәселелерге қатысты талдаулар жасалынды.
Келесі қолданылған әдіс, аналитикалық модельдің бір түрі - халықаралық келісімшарт систематизациясы. Мұнда жұмыстың тақырыбында қарастырылған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы келісімшарттармен тығыз байланысты, яғни келісімшарттың ұзартылуы, оның қайта қаралуы, жаңа келісімшарттарды қарастыру, олардың болашақта тигізіетін әсері т. б. сол сияқты мәселерге талдау жасалынды.
Диплом жұмысының құрылымы - кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдын және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсатымен тарихнамасы, құрлымы қарастырылады.
Ал бірінші, екінші тарауларда Еуропалық одақтың құрылуының тарихы және Еуропалық Одақтың миграциялық саясаты қарастырылды.
Қорытындыда тақырыпқа қатысты әр-түрлі ой-пікірлермен шолу берілді.
Диплом жұмысының көлемі 65-беттен, 2-суреттен, 5-кестеден тұрады
1. Еуропалық Одақ пен Кедендік Одақтың пайда болу тарихы мен қазіргі кездегі дамуы
1. 1 Еуропалық одақтың құрылуының тарихы
Ғұмыры ұзаққа созылған ЕО-ның іргетасы Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс кезеңінде қаланған. Интеграцияның оңтайлы жолдарын қарастырған кәрі қүрлық II Дүниежүзілік соғыс сияқты кең ауқымдағы қантөгіс пен дауларды болдырмауды көздеген. 1946 жылы Ұлыбританияның премьер-министрі Уинстон Черчилл Еуропада да Құрама Штаттар сияқты ұйымның құрылуы мүмкін екендігін айтты. Сол жылы желтоқсанда Париж қаласында Федералистердің еуропалық одағы құрылды. Бірақ бұл үйымның тағдыры ұзаққа созылмаған.
ЕО-ның қалыптасу кезеңінен бастасақ, ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы ретінде құрылды. Әуелде құрамында үш мемлекет - Бельгия, Нидерланды және Люксембург болған бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталады. 1949 жылы Еуропа Кеңесінің негізі қаланды. Ал 1951 жылы Париж шартына қол қойылып, Көмір мен болат жөніндегі еуропалық бірлестігі құрылды. Оның құрамына 6 мемлекет - Бельгия, Италия, Люксембург, Нидерланды, ГФР және Франция кірді.
Ал ЕО-ны құру бастамасын француз дипломаты Жан Моне мен Францияның сол кездегі премьері Робер Шуман көтерген болатын. 1950 жылдың 9 мамырында ресми мәлімдеме жасаған Шуман: «Франция үкіметі Франция мен Германиядағы көмір мен болат өндіру саласына қатысты барлық өндіріс ошақтарын біріккен ұйымның бақылауына беруге ұсыныс жасайды. Аталған ұйымға Еуропадағы басқа да мемлекеттер мүше бола алады. Көмір мен болат өндірісінің біріктірілуі экономикалық дамудың жаңаша негізін қалап, соғыс өртіне шарпылған аймақтардағы ахуалды жақсартуға ықпал етеді» деді. Осының нәтижесінде 1951 жылы Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Франция мен Германия Федеративтік республикасы мүше болған Еуропалық көмір мен болат қауымдастығы (ЕКБҚ) құрылды. Осы алты мемлекетте көмір мен болат саудасына қатысты барлық тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталды.
Уақыт өткен сайын ЕО-ның қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің саны арта түсті. Мәселен, 1957 жылдың наурызында қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның қызметі негізінен кедендік одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. Арада он жыл өткенде, яғни 1967 жылы ЕО-ның құрылымында өзгерістер жасалып, оның атқарушы органдары, атап айтқанда, институттары - Еуропалық Комиссия, Еуорпалық Кеңес, Еуропалық Парламент және Еуропалық Сот дүниеге келді.
1957 жылдың 25 наурызында ЕКБҚ мен Еуропалық атом энергиясы жөніндегі қауымдастығының негізінде Еуропалық экономикалық қауымдастықтың құрылатындығы туралы Рим Келісіміне қол қойылды. Осы аталған 3 ұйым 1967 жылы Еуропалық Қауымдастыққа бірікті. 1968 жылы болашақ ЕО ішінде экономикалық және валюталық одақтың қалыптасуына негіз болған Кедендік одақ құрылды. Еуропалық экономикалық қауымдастықтың дүниеге келуіне мұрындық болған алты ел - Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Италия мен Люксембург 1968 жылдың 1 шілдесінде үшінші мемлекеттерге арналған біртүтас кедендік тарифті енгізді. 1973 жылы Ұлыбритания, Дания мен Ирландия ЕЭҚ-ға мүшелікке өту туралы шешім шығарғандықтан, «алтылық» «тоғыздыққа» айналды.
Арада алты жыл өткен соң алтылық одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, ал 1981 жылы Грекия, 1986 жылы Испания мен Португалия қосылды. Осылайша Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің саны 12-ге жетті. Енді ЕО-ның өкілеттілігін нығайту міндеті алдыңғы кезекке шықты. Бұл айтарлықтай күрделі шаруа еді. Өйткені, онда қатысушы елдердің әрқайсысының мақсаты мен мүддесі жатты.
1985 жылдың 14 шілдесінде тауар, қаржы мен адамдардың еркін әрі кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін Шенгендік келісімге қол қойылды. Еуропалық Одақтың ішкі шекараларындағы бақылауды күшейте отырып, ЕО ішіндегі кедендік кедергілерді алып тастау туралы келісім 1995 жылдың 26 наурызында күшіне енді. Ақырында оған да қол жеткізіліп, 1987 жылы Еуропалық Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылы ЕО-ға мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, қаржы мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртұтас еуропалық акт, сондай-ақ 1993 жылы бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. Аталған шарт ЕО-ның конституциялық негізін қалаған құжат болып табылады.
1999 жылдың 1 қаңтарында ЕО-ға мүше мемлекеттер аумағында біртұтас ақша бірлігі ретінде (қолма қол ақша айырбасы емес түрінде) еуро енгізілді. Ал банкноттар 2002 жылы жарыққа шықты. 2004 жылдың 1 мамырында Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Полына, Словакия, Словения, Чехия мен Эстония ЕО-ға мүшелікке өтті. Ұзақ уақытқа созылған тартыстан кейін 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария мен Румыния да одақтың құрамына енді. Еуроодаққа мүшеліктің алғашқы үш жылында екі тарапқа да кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Мысалы, жалпыеуропалық бюджеттен қаржы бөліну, Болгария мен Румыния сияқты мемлекеттердің сапасыз ауылшаруашылық өнімдерінің еуропалық нарыққа енгізілуіне тыйым салу сияқты т. б. шектеулер. Негізі осы екі елдің ЕО-ға қабылдануынан кейін Еуроодақтың саяси қүрылымына өзгертулер енгізу мақсатында Одақты кеңейту процесі уақытша тоқтатылды.
Еуропалық Одақ - Еуропадағы 27 мемлекет - Австрия, Бельгия, Венгрия, Ұлыбритания, Германия, Грекия, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Румыния, Болгария және Эстония қатысатын саяси-экономикалық бірлестік болып табылады. Ол 1948 жылы Маршалл жоспары аясында АҚШ-тың берген көмегін реттеп отыратын Еуропалық экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы ретінде құрылды. Құрамында үш мемлекет - Бельгия, Нидерланды және Люксембург бар бұл ұйым Бенилюкс одағы деп те аталды. Бір жылдан соң Еуропа кеңесі деген атқа ие болды. Ал 1958 жылдың сәуіріндегі Париж шартына сәйкес Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестік болып қайта қүрылды. Оған жоғарыдағы үш мемлекетпен қатар Италия, ГФР және Франция кірді. Жылдар өткен сайын Одақтың қызмет ауқымы кеңейіп, оған мүше елдердің қатары көбейе түсті. Мысалы, 1957 жылдың наурызында қол қойылған Рим шартына байланысты бірлестік Еуропалық экономикалық кеңістік және Атом энергиясы жөніндегі еуропалық кеңістік деп аталды. Оның жұмысы негізінен кедендік одақ құрып, ішкі сауда кедергілерін жоюға және ядролық энергияны бейбіт мақсатқа пайдалануды дамытуға бағытталды. Арада он жыл өткенде, яғни 1967 жылы Одақтың қүрылымында өзгерістер болып, оның атқарушы органдары, дәлірек айтқанда, институттары - Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес, Еуропалық Парламент жэне Еуропалық сот дүниеге келді. Ал 1973 жылдың желтоқсанында алтылық одаққа Дания, Ұлыбритания, Ирландия, 1981 жылдың қаңтарында Грекия, 1986 жылы Испания мен Порту-галия қосылды. Сөйтіп, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің саны 12-ге жетті. Енді Одақтың өкілеттілігін нығайту міндеті алға қойылды. Бұл оңай жұмыс емес еді. Өйткені, онда қатысушы елдердің әрқайсысының мақсаты мен мүддесі жатты. Ақыры оған да қол жеткізіліп, 1987 жылдың шілдесінде Еуропалық Парламенттің өкілеттілігін нығайтатын және 1992 жылдың 31 желтоқсанынан бастап Одаққа мүше елдер арасында еркін тауар айналымына, қызмет көрсетуге, капиталдар мен адам қозғалысына көшу жөніндегі Біртүтас еуропалық акт, сондай-ақ 1993 жылдың қаңтарында бірыңғай ішкі рынок құру арқылы экономикалық, валюталық, саяси одақтар және жалпыеуропалық азаматтық мәселелерін шешуге негізделген Еуропалық Одақ туралы шарт күшіне енгізілді. Бұл шарт Одақтың конституциялық негізін қалаған құжат болды.
Соңғы он жыл ішінде Еуропалық Одақтың қатары 25 мемлекетке көбейді. Мысалы, 1995 жылы Аустрия, Финляндия, Швеция, 2004 жылдың мамырында Венгрия, Кипр, Литва, Латвия, Мальта, Полыпа, Словения, Словакия, Чехия және Эстония қосылды. Одақ тарихында осы он жыл өзіндік белсенділігімен ерекшеленеді. Өйткені, осы кезең ішінде Одақты кеңейту туралы жаңа стратегия қабылданды. Сондай-ақ, Одақтың алдындағы ішкі және сыртқы міндеттері нақтыланып, оның институттарын оған мүше елдердің азаматтарына жақындату және Одақтың әлемдегі жетекшілік рөлін арттыру жайы белгіленді. Ауқымды осындай іс-шаралардың барлығы Одаққа мүше елдердің қатысуымен өткен саммиттерде қызу талқыланып, жан-жақты сарапталғаннан кейін ғана қабылданды. Соның нәтижесінде 2002 жылғы қаңтардың 1-інде Еуропалық Одақтың бірыңғай ортақ валютасы - еуро айналымға шығарылды. Осылайша, Одақтың бастапқы кездегі экономикалық және валюталық одақ құру үдерісі табысты аяқталды.
Еуропалық Одақтың басты институттары Еуропалық Парламент, Еуропалық Одақтың кеңесі, Еуропалық кеңес, Еуропалық комиссия, Аудиторлық сот, Экономикалық және әлеуметтік комитет, Еуропалық инвестициялық банк, Еуропалық орталық банк және Еуропалық омбудсмен болып табылады. Енді осы құрылымдардың қызметіне тоқталайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz