Кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы кедергілер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Инвестиция түсінігі және оның экономикалық

тиімділігі … . . . ……… ………. . 7

1. 1 Инвестиция және оны бағалаудың ғылыми- теориялық аспектілерінің негіздері … . . . . . . 7

1. 2 Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен негізгі

принциптері … . . . . . 16

1. 3 Инвестициялық саясатты реттеудегі шетелдік тәжірибе . 31

2. "қазақстан темір жолы ҰК" АҚ-ның инвестициялық саясатын талдау . . . . . . 40

2. 1 "Қазақстан темір жолы ҰК"АҚ-ның қызметіне сипаттама … . . . 40

2. 2 "Қазақстан темір жолы ҰК"АҚ-ның инвестициялық саясатын және қаржылық жағдайын талдау . . . …. …55

2. 3 Кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы кедергілер . . . ……… . . . 72

3 Қазақстан республикасының кәсіпорындарының инвестициялық саясатын жетілдіру жолдары……… . . . 75

3. 1 Кәсіпорындағы инвестициялық қызметті жетілдіру

жолдары . . . . . . 75 3. 2 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының негізгі бағыттары . . . …. . 88

Қорытынды . 90

Қолданылған әдебиеттер. . 91

Кіріспе

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы экономикалық реформалардың жүргізіле бастауына байланысты, сонымен қатар реформалардың негізгілерінің бірі болып саналатын инвестициялық процес барысын және инвестиция тиімділігін жоғарлатудың негізгі бағытын анықтау кажеттіліктері нақтылана түсуде. Еліміздің нарықтық экономикаға өтуі кезеңінде, әсіресе халық шаруашылағының, оның ішінде өнеркәсіп дамуының тиімділігінен республика халқы мен табысының хал-ахуалы тәуелді және өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттык өнімнің жартысына жуығы жасалады, сонымен бірге өнеркәсіптің материалдық өндіріс саласы ретіндегі басыңкы рөлі - оның халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландырудың шешуші факторы екендігіне де байланысты, сондыктан өнеркәсіп секторының дамуының маңызы жоғары.

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорынның шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіндік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, себебі болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты. Сонымен қатар кәсіпорын шаруашылық және қаржы жағдайын тұрақтандыру үшін тиімділігі жоғары инвестициялық жобаларды жүзеге асыру болып табылады. [1] .

Бүгінгі күні өнеркәсіп салаларының басты міндеті импорт алмастырушы және экспортқа бағытталган өнім өндірісінің көлемін арттыру, толық қуатын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл қазіргі уақытта кез-келген кәсіпорынның өмір сүруі мен оның нарықтағы түрақтылығы қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану және инвестициялық жоба тиімділіктерін анықтау, инвестициялық қаржылық көздерін пайдалану болып табылады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілімен даму сатыларының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражаттың еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның каржы түрактылығын бағалау, инвестициялық жобаларды талдау обьективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін оның каржылык жағдайын талдауы кажет.

Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялық қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. "Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы" стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дәйекті де, ұлғаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.

Әрбір келген инвестициялық қаржы белгілі бір инвестициялық жобаны жүзеге асыруына байланысты болып келеді. Ал сол инвестициялык жоба тиімділігін анықтау жөніндегі мәселе, іс жүзінде әрбір компания мен кез-келген инвестордың алдында тұрған үлкен мәселе және оның талдау процесіне аса көңіл бөлінеді. Капитал салу немесе өз кәсіпорнына басқа капитал салу жөніндегі шешім қабылдамас бұрын инвестицияны жоспарлау, талдау және оның тиімділігін анықтау мен жүзеге асыру шараларын білу қажет. Біздің кәсіпорындар иелері бұрын-соңды нарықтық экономикада өмір сүрмегендіктен, біздің еліміз нарықтық қатынастары дамыған мемлекеттерде инвестицияларды жоспарлау мен талдау, бағалау мен жүзеге асыру әдістерінің жеткілікті мөлшерде тәжірибелерін жинақтап, солардың тиімділерін өз кәсіпорындарының қаржы жағдайларын тиімді пайдалану үстінде. [2]

Осыған орай кәсіпорындардың инвестициялық саясатының маңыздылығын нарық жағдайында кәсіпорынның экономикалық даму келешегімен түсіндіруге және дипломдық жұмыстың өзектілігін байқауға болады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ мен кәсіпорындағы жүргізілетін инвестициялық саясат.

Ал зерттеу пәні - кәсіпорынның инвестициялық саясатын тұрақтандыру және жетілдіру жолдары.

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыру принциптері және ерекшеліктерімен танысу болып табылады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Инвестиция түсінігі және оның экономикалық тиімділігін білу;
  • «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ-ның инвестициялық іс - әрекетін реттеуді қарастыру;
  • Кәсіпорын инвестициялық саясатын реттеудің мәселелерімен және жетілдіру жолдарымен танысу;

Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі болып,

инвестиция теориясы саласында қазақстандық, Г. Ө. Жолдасбаева, А. Қ. Мейірбеков, М. Б. Бисенғазиев және ресейлік Г. В. Савинцкий,

Е. М. Четыркин, Уилям Ф. Шарп ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативті құқықтық актілері, экономикалық бағдарламалары табылады. Сонымен қатар, қазақстандық газет-басылымдар, мысалы «Банки Казахстана», «Аль-пари», «Транзитная экономика», «Саясат» т. б.

Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда инвестиция түсінігі және оның экономикалық тиімділігі, бағалаудың ғылыми-теориялық аспектілері, инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен негізгі принциптері қарастырылған. Екінші тарауда «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ-ның инвестициялық саясатын сипаттау және кедергілерін талдау қарастырылған. Үшінші тарауда кәсіпорынның саясатын реттеуді жетілдіру жолдары көрсетілген. Оның ішінде 10 кесте және 5 сурет келтірілген.

1 ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

1. 1 Инвестиция және оны бағалаудың ғылыми-теориялық

аспектілерінің негіздері

Кеңестік экономикалық әдебиеттерде «инвестицияны» тармағынада «капитал салу» сөзімен алмастырып синоним ретінде пайдаланды. Ал батыстың экономикалық ойлауларында инвестиция сөзіне кең мағынада карайды. Дж. Кейнс «инвестиция» деген «белгілі уақыт аралығында өндіріс өнімінен түскен пайданың пайдаланалмай қалған бөлігін айтады». Соншалықты мәнерлеп, сырмалап айтылған, бірақ түсінікті. Мұнанда анығырак етіп Л. Гитман мен М. Джонин айтқан. «Инвестиция - қүнын сақтап қалатын не қүнын өсіретін немесе кірістің шамасын арттыруды қамтамасыз ететін, ақша салуға болатын кез-келген құрал», - дейді. «Инвестицияға» түсінік беруде біздід көзқарасымызға және шындыққа жақын П. Массе мен У. Шарп береді. П. Массе былай деп жазады: «инвестиция салу арқылы түтынушының қазіргі және болашақтағы сүранысын қанағаттандыратын актісі», - дейді. У. Шарп өзінің «Инвестиция атты кітабында мынандай анықтама береді: «инвестиция дегеніміз - бүгінгі таңда белгілі бір қүндылықтан бас тарту арқылы, болашақтағы қүндылыққа негіз салу». Жоғарыда айтылған қүндылык жайлы П. Массе мен У. Шарптың анықтамасы жалпы инвестиция жайлы мінездеме береді. Әдетте инвесгицияны заттардың қаржылықтық, материалдық шығыны және жұмсалуы деген түсінік бар:

  1. Инвестицияның қайтарымы белгілі бір уақыттан кейін болуы мүмкін.
  2. Инвестиция нәтижесі жайлы айтқанда міндетті түрде анықталмағандық және тәуекелдік элементі бар.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) қүралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Инвестициялар және олардың құрылымдарын, бөліну жағдайлары келесі суретте көрсетілген (сурет 1) . [3] .

Барлық инвестицияларды екі негізгі топқа бөлуге болады: нақты және портфельді (қаржы) .

Нақты инвестициялар - өндіріс процесіне қатысатын инвестициялар немесе капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, қүрылысқа және тағы басқа жұмсалымы. Бұл кезде инвесторлар өз инвестицияларын өзінің өндірістік капиталының көлемін, өндірістік қорлар мен айналым қорларын ұлғайтуға жұмсайды.

Портфельді (қаржы) инвестициялар мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан, бағалы қағаздар және акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвесторлардың негізгі мақсаты оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару немесе инвесторлардан бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайту болып табылады. Әдетте, ол қорнарығындағы құнды қағаздарды сатып алу мен сатуға операциялары арқылы жүргізіледі. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді. Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Ол Қазақстан Республикасының «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау» заңы бойынша бөлінеді. [4] .

Тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек грантқа арналған инвесторлардан басқа да барлық инвестиция түрлері.

Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды кағаздар мен мүліктік бағалы кағаздар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай банктердің инвестициялық қоржынында жетекші рольге ие болып отырған меншікті инвестициялар және қайталама өтімді резервтер дейтінге, яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Сурет 1- Инвестициялар құрылымы

Кез-келген кәсіпорынның іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі -инвестициялық операция болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция. Нарықтық кезеңде және коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестициялардың түрлері:

  • нақты активтерге инвестициялар;
  • ақша активтеріне инвестициялар;
  • материалдық емес активтерге инвестициялар.
  1. Нақты активтерге инвестициялар ендірістік ғимараттар мен кұрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әртүрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.
  2. Ақша активтеріне инвестициялар - басқа да жеке және заңды түлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады.
  3. Материалдық емес активтерге инвестициялар - кәсіпорынның, фирмалардың немесе үйымдардың жүмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, өнертапкыштық патенттер мен лицензия алу, жерді қолдануға құқық алу аркылы алынған құндылықтар жатады. [4] .

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыруға, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы кәсіпорынның шығындарын азайтуға жағдай жасау.
  2. Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Бұл кездегі басты мақсат өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
  3. Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

4. Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға
бағытталған инвестициялар. Бүл инвестициялар кәсіпорынның, мемлекеттік
уйымдардың экологиялық стандарттар өнімінің қауіпсіздігі және басқа

жағдайларға байланысты талаптарын орындау жағдайда қолданылады.

Бұл инвестициялардың түрлері инвестицияның тәуекелділік деңгейіне тікелей байланысты болады. Инвестицияның түрлері мен тәуекелділік деңгейі арасындағы байланыс төмендегі кесте түрінде болады. [7] .

Кесте 1- Инвестиция түрлері мен тәуекел деңгейлерінің байланысы

Жаңа өндірісті салуға бағытталған инвестициялар: Жаңа өндірісті салуға бағытталған инвестициялар
өндірісті кеңейтуге инвестиция: өндірісті кеңейтуге инвестиция
Тиімділікті арттыруға инвестиция: Тиімділікті арттыруға инвестиция
Мемлекеттік ұйымдар талаптарын орындауға инвестициялар: Мемлекеттік ұйымдар талаптарын орындауға инвестициялар
Жаңа өндірісті салуға бағытталған инвестициялар: Тәуекелділік деңгейі жоғары
өндірісті кеңейтуге инвестиция: Тәуекелділік деңгейі төмен

Сонымен бірге инвестициялар салыну обьектісіне қарай келесі

түрлерге жіктеледі:

  • Мүліктік инвестициялар.
  • Материалдык емес инвестициялар.
  • Қаржы инвестициялар.

1. Мүліктік инвестициялар - бұл нақты инвестициялар.

2. Материалдық емес инвестициялар - инвестициялық жоба тиімділігін зерттеу мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.

3. Қаржы инвестициялар - бұл каржылық мүлікке салынатын салымдар басқа фирмалардың жұмыстарына катысу және борыштық құқығына ие болу, яғни кәсіпорынның бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары, кәсіпорындағы үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды обьектісі болып табылады. Инвестициялар өз іс-әрекетінің бағытына қарай келесідей бөлінеді:

1. Бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар. Олар кәсіпорындарды негіздеуге немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар.

2. Өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағытталған кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар) .

3. Қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының қүрамын колдау мақсатында бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • бар обьектілерді жаңа обьектілермен ауыстыруға бағытталған ауыстыру инвестициялары;
  • рационализациялауға арналған инвестициялар, техникалық, технологиялық жабдықтарды немесе процестерді жетілдіруге жұмсалады;
  • шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар;
  • диверсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және жаңа сату нарығын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
  • болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар. Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрлар дайындауға, жарнама жасауға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді. [6] .

Қазақстан Республикасының заң, құқықтық - нормативтік актілерге байланысты инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері келесідей:

• ішкі шаруашылық резервтер және өзіндік қаржылық ресурстар;

• несиелік қаржылық ресурстар;

• бюджет аралық қор құралдары;

• республикалық бюджет құралдар есебінен;

• шетелдік инвестиция құралдары;

• заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылық жарналары;

• тартыгған қаржылық ресурстар. [8] .

Өзіндік қаржылык ресурстары кәсіпорынның алғашқы жинақталу және құрылушы жарнасы, шаруашылық қызметтің нәтижелі есебінің капитал салымы қаржыландырудың бағыты болып табылады. Өзіндік жарнасының қаржылық бөлімі алғашқы үлесі негізгі қорлар табысы болып саналады. Ең алғашқы кезекте амортизациялық төлемдер болады, айналымдағы тауарлар кұрамы және табыстың алынуы. Кәсіпорынның инвестициялық қаржыландырудың үлкен көздері амортизациялық төлемдер болып табылады. Амортизациялык толемдер - кәсіпорынның негізгі құралдарының құнын тауарлар немесе қызметтерге аудару процесі. Ол негізгі құралдардың құнына байланысты есептеліп, белгілі бір мерзім өткеннен соң жойылады.

Кесте 2- Қаржыландыру көздерінің жіктелуі

Қаржылық ресурстар: Қаржылық ресурстар
Кәсіпорын инвистиция көздері: Кәсіпорын инвистиция көздері
Ескерту: Ескерту
Қаржылық ресурстар: 1. Өзіндік
Қаржылық ресурстар: 1. 1. амортизациялы төлемдер
Кәсіпорын инвистиция көздері: Неігзгі құралдар және материалдық емес активтер
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 1. 2. тауар және қызмет айналымдағы табыс
Кәсіпорын инвистиция көздері: Айналымдағы табыс
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 1. 3. ішкі айналым сальдо нәтижесі
Кәсіпорын инвистиция көздері: Ішкі айналыстағы табыстар
Ескерту: Банктік дипозиттер және бағалы қағаздар табысы
Қаржылық ресурстар: 1. 4. резервтік және жөндеу қоры
Кәсіпорын инвистиция көздері: өзіндік құн және таза табыс
Ескерту: Жарғылық қорда ескеріледі
Қаржылық ресурстар: 1. 5. сақтандыру қоры
Кәсіпорын инвистиция көздері: өзіндік құн және таза табыс
Ескерту: Жарғылық қорда бар
Қаржылық ресурстар: 2. Несиелі Кредиторларға тиісті ресурстар
Қаржылық ресурстар: 2. 1. банк несиесі
Кәсіпорын инвистиция көздері: -
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 2. 2. қаржылық институттар несиесі
Кәсіпорын инвистиция көздері:
Ескерту: Лизинг
Қаржылық ресурстар: 2. 3. бюджеттік несие
Кәсіпорын инвистиция көздері: -
Ескерту: Салықтық несие
Қаржылық ресурстар: 2. 4. коммерциялық несие
Кәсіпорын инвистиция көздері: -
Ескерту: Вексельдік несие және т. б.
Қаржылық ресурстар: 2. 5. басқа да көздер
Кәсіпорын инвистиция көздері: -
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 3. тартылған. Кредиторларға тиісті ресурстар.
Қаржылық ресурстар: 3. 1. ағымдағы инвестициялық қатысу құралдар үлесі
Кәсіпорын инвистиция көздері:
Ескерту:
Қаржылық ресурстар: 3. 2. бағалы қағаздар эмиссиялы құрал
Кәсіпорын инвистиция көздері:
Ескерту: Жергілікті бюджет және т. б. көздер
Қаржылық ресурстар: 3. 3. сақтандыру төлемдері
Кәсіпорын инвистиция көздері:
Ескерту: Сақтандыру жарна және мерзімі
Қаржылық ресурстар: 4 бюджеттік бөлінулер
Кәсіпорын инвистиция көздері: Бюджет қаржыландыру көздері
Ескерту: Дотация, субсидия т. б.
Қаржылық ресурстар: 5. ішкі бюджет қорлары
Кәсіпорын инвистиция көздері: Ішкі бюджет қорлары құралдары
Ескерту: Экологиялық және т. б. зоналар

Сонымен қатар кәсіпорынның өзіндік қаржылық ресурстарына пайданың алатын ролі зор. Пайда - кәсіпорынның таза табысының негізгі формасы, өнімнің құнынан құралады. Оның мөлшері айналымдағы өнім бағасы мен өзіндік құнына байланысты болады және кәсіпорынның коммерциялық кызмет көрсеткіші болып табылады. Салық және басқа да бюджеттік төлемдер төлегеннен соң қалған табыс таза пайда болады. Пайданың бағыттары өндірістік капитал салымы мен әлеуметтік жағдайларға байланысты жұмсалады. Сонымен қатар сақтандыру және жөндеу қорларына және тағы басқа мақсаттарға байланысты жұмсалады. [9] .

Несиелік құралдар көзі несиелер болып табылады. Несие қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынастан көрінеді. Несиелік реттеудің негізгі элементі оның процент ставкасы болып табылады. Заңды және жеке тұлғалар қатынастары кредиттерінің негізгісі несиелік келісім-шарт болып табылады. Бұл құжатта келесі талаптар қарастырылады: қарыз сомасы, мерзімі, пайдалану және жүзеге асыру жолдары, процент ставкасы, міндеттемені қамтамасыз ету формалары (кепілдемелік зат, кепілдік келісім шарты, сақтандыру келісімі) кәсіпорынның құжаттары, банк талаптары және тағы басқалар. Несиелік келісім шартта кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайы, тәуекелділік деңгейі және тағы басқа қатынастары терең зерттеліп қарастырылады. Кәсіпорындар несие алу үшін берілетін негізгі құжаттар: кәсіпорын жарғысы. Сонғы 3 жылдағы бухалтерлік есеп жағдайы, салық инспекциясының қатынас қағаздары, бизнес-жоспар тағы басқа құжаттар. Өтпелі кезеңде негізгі инвестициялаудың бағыттарының бірі - лизинг. Лизинг - бұл машина, кұрал - жабдықтарды, транспорттық құралдарды, өндірістік құралдарды ұзақ мерзімге жалға алу. Барлық лизингтік операциялардың екі түрі бар.

  • Операциялық лизинг барлық келісімдерді білдіреді, яғнижылжымайтын мүлікті белгілі бір мерзімге беру болып табылады.

Операциялық лизинг типтері:

а) рентинг - мүлікті қысқа мерзімге жалға беру;

б) хайринг - мүлікті орта мерзімге беру.

Қаржылық лизинг. Бүл жерде қаржыландыру мүлікті жалға алуға лизингтік компаниялар арқылы пайдалануға болады. Лизингтік компания келісіміне байланысты арендалық төлем біткен соң мүлік қайта иесіне тапсырылады. Лизинг компаниялардың жүмысы келесі салаларда колданғанда тиімді болады:

  • жеңіп өнеркәсіпте;
  • қара және түсті металлургияда;
  • ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуде;
  • фармацептикалық өнімдерде.

Тартылған құралдар - ағымдағы қызметке қатысушыларға, бағалы қағаздар шығаруға, сақтандыру төлемдерінде, еңбек ұжымдарының жарнасының үлестерінде қолданылады.

Бюджеттік бөлінулер - бұл бюджеттік қаржыландырудың құралдары. Қазақстан Республикасының бюджетінен орталықтандырылған мемлекеттік аса маңызды стратегиялық обьектілер мен ғимараттарға бөлінеді. Бұл обьектілер мен ғимараттар республикалық бюджет сметасында болады. [10] .

1. 2 Инвестициялық жоба тиімділігін бағалау әдістері мен

негізгі принциптері

Барлық дамыған елдер үшін қабылданып, бүгінгі таңда қолданылып отырған инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері мен жоспарлау әдістер тіліне айналған. Бұларға VNIDO, Дүниежүзілік банк, Еуропалық банк секілді ірі халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемелерін жатқызуға болады. Олардың барлығы да ақша ағымын талдау әдісіне негізделген, инвестициялык жобаларды қаржылық талдау принциптеріне сүйенеді. Ағылшын тілінде «Кэш-флоу» деген түсінік барлық дамыған елдердің экономистерінің лексиконына еніп отыр. Бүгінгі таңда «Кэш-флоу» талдауын өз инвестициялық қызметінде қолданбайтын ұйым жоқтың қасы. Бұл ақша ағымын талдау инвестициялардың талдаудың «классикалық» әдістеріне негіз болып және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау мен жоспарлаудың танымал әдістемелерінді қолданылатына байланысты болып отыр. . [11] .

Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдауда қолданылатын құжаттар мен қажетті көрсеткіштерді келесі суретте көрсетілген. Саsh-Flow (Кэш-флоу) деп аударғанда бар «ақша ағымы» деген мағына береді. Бұл талдауды қолданған кезде қаржылық жоспарды құраушы және инвестициялық жобаны жоспарлауға, талдау мен бақылауға мүмкіндік беретін 3 негізгі құжат бар:

  1. Бухалтерлік баланс
  2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп
  3. Ақша қаражаттардың қозғалысы туралы есеп

«Бухалтерлік баланс» кәсіпорынның белгілі бір уақыт арасындағы нақты мерзімдегі қаржылық жағдайын сипаттайды. Баланс белгілі бір мерзімде жобаны жүзеге асырып отырған кәсіпорынның қаржылық жағдайын қаншалықты мөлшерде түрақты екенін көрсетеді. Баланс көлденең нысанда екі жақтан қүралады: актив және пассив. Актив кәсіпорынның меншігіңдегі жағдайды, ал пассив кәсіпорынның кімге, неше қарыз екендігін көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестиция тартудың теориялық және методологиялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық процестері
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық негіздері
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Кәсіпорынның есеп саясатының әдістемелік негіздері
Кәсіпкерлік бәсекелестік, франчайзинг жүйесі
Бухгалтерлік бағалаудағы өзгерістер
Қайсар Сүт ЖШС-де өнімді жаңарту және оның тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz