Топ және конфликт


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе 3

  1. Үлкен әлеуметтік топ және қарым-қатынастағы конфликт мәселесі

1. 1 Үлкен әлеуметтік топ психологиясы

1. 2 Конфликт-қоғамдық өмірдегі әлеуметтік феномен ретінде

2 Конфликт және оның негізгі түрлері

2. 1 Жеке бас аралық конфликт

2. 2 Әлеуметтік-педагогикалық үрдістегі конфликт

2. 3 Топ және конфликт

2. 4 Этностар арасындағы конфликт

2. 5 Конфликт кезіндегі зорлық-зомбылық

3 Конфликт мәселесін шешу жолдары

3. 1 Конфликт мәселесін анықтаудың әдіс-тәсілдері

3. 2 Конфликтінің алдын-алу жолдары

3. 3 Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi

КIРIСПЕ

Зерттеудiң көкейтестiлiгi. Адам өмірінің цивилизациясының тарихы әр түрлі конфликтілерге толы. Бір конфликтілер бүтіндей бір контингентті және ондаған мемлекеттер мен халқтар арасында, келесілері үлкен және кіші әлеуметтік қауымдастықтар арасында, ал үшіншілері жекелеген адамдар арсында болып жатады.

Бұрынғы заманнан бері адамдар пайда болғаннан қарсыластықтарды шешуге тырысты және конфликтілі емес қоғамда тұруды аңсады. Мемлекеттердің пайда болуы универсалды механизімді құруға талпынуға және конфликтінің шешімдерін табуға талпыныс ретінде қарауға болады.

Хетт патшасы Хаммаурапизде (б. з. д. 1792-1750жж) конфликтілі жағдаятты шешудің ондаған тәсілдері болған. Аңыз бойынша Соламон патшасы (б. з. д. 965-928жж) конфликтіден қашу және оны шеше алу арқасында танымал болған.

Ғасырлар бойы адамзаттың ақылгөйлері конфликтілі емес қоғамның теориялық моделін жасауға тырысты, ал кейде оны өмірде қолданып та көрді.

Үлкен өкінішке орай барлық тырысқан мүмкіндіктер сәтсіздікпен аяқталды, одан да қатыгезді конфликтілерді бірінің артынан бірі туып отырды.

Бүгінгі конфликт-күнделікті шындық. Белгілі бір туындаған конфликтіні тиімді етіп шешу үшін адамға белгілі бір теориялық және конфликтілі жағдайаттағы мінез-құлық дағдысын тәжірибелік тұрғыдан меңгеруі керек.

Конфликт (латын тілінен-conflikt) деген сөздің өзі тараптардың ойларының, күштерінің, қызығушылықтарының, қажеттіліктерінің қақтығысы дегенді білдіреді. Қақтығыстардың түрлі себептері ретінде: материялдық ресурстар, өмірге қажетті тұжырымдар, әлеуметтік құрылымдағы статусты-рөлдік айырмашылықтар, жеке бастық (эмоционалды-психологиялық) айырмашылықтар және т. б.

Конфликт өзінің маңызы жағынан әлеуметтік өзара қарым-қатынастың бір түрі, олардың субъектілері мен қатысушылары ретінде индивиттер, үлкен және кіші әлеуметтік топтар және ұйымдар болады. Конфликт адам өмірінің барлық аймағын, әлеуметтік қатынастар жиынтығын қамтиды. Конфликтілі бірлескен әрекет тараптардың қажеттілігін білдіреді, яғни бір-біріне бағытталған әрекет. Белгілі бір конфликтінің негізінде субъективті-объективті қарсыластықтар жатыр, бірақ бұл екі қақтығысты біріктіруге болмайды. Қарсыластық ұзақ уақытқа дейін өмір сүруі мүмкін және ол конфликтіге айналып кетпейді. Сондықтан мынаны есімізде сақтауымыз керек.

Конфликтінің негізінде тек сиыспайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер және құндылықтар жатады. Бұндай қарсыластықтар ереже бойынша тараптардың ашық күресіне трансформаланады. Тараптардың күресі азды-көпті интенсивті және азды көпті зорлық-зомбылықты болып келеді. «Интенсивтілік дегеніміз жекелеген конфликт кезіндегі индивидтердің шығаратын энергиясы». Қарсыластық формасы-зорлық-зомбылықты және зорлық-зомбылықты емес түрлі факторға байланысты.

Сонымен, үлкен әлеуметтік топтағы конфликт-ашық күрес, әлеуметтік бірлескен әрекет негізіндегі бір немесе бірнеше субъектілердің және қатысушылардың қақтығысы, олардың негізгі себебі ретінде қажеттіліктердің, қызығушылықтардың және құндылықтардың сәйкес келмеуі.

Зерттеу мақсаты. Мақсат «конфликт» ұғымына толықтай тоқталу. Конфликтінің түрлеріне анықтама беру. Конфликтінің адам өміріндегі алатын орнын анықтау. Үлкен әлеуметтік топтағы конфликтінің пайда болу себептерін, конфликтінің өту кезеңдерін, конфликтіні реттеу және шешу жолдарын табу. Конфликт әлі туындамаған үлкен әлеуметтік топта алдын алу (профилактика) жұмыстарын жүргізу және үлкен әлуметтік топтың дамуына конфликтінің тигізетін жағымды және жағымсыз әсерін анықтау.

Зерттеу міндеті.

  • адам өміріндегі әр түрлі конфликтілердің түрлерін болдырмау.
  • адам өміріндегі конфликтінің маңыздылығын анықтау.
  • жалпы адамзат өміріне конфликт керек пе немесе оны қалай болдырмаулығы туралы жол іздеу.
  • конфликтілі жағдаяттарда тығырықтардан шығу жолдарын іздеу.

Зерттеу нысаны. Әлеуметтік-педагогикалық үрдістегі және топтағы конфликтіні зерттеу

Зерттеу пәнi. Конфликтіні қоғамдық өмірдегі феномен ретінде қарастырып, зерттеу.

Зерттеудiң әдiснамалық негiздерi: К. Томастың «Конфликт кезіндегі адамның тәртіп стратегиясы» деген тестті, Т. Лиридің «Конфликтілі жеке бассыз ба?» деген сауалнамасы және «Жеке бастың конфликтілі деңгейін атықтау» тесті.

Зерттеу әдiстерi: Зерттеудің міндеттері мен мақсатарына сәйкес теориялық және эксперименталдық әдістемелердің кешені кең тұрғыда қолданылды, шетел және кеңес әдебиеттеріндегі өзін-өзі бағалау мен талаптану деңгейін зерттеу мәселесі бойынша теориялық талдау;

Зерттеудің теориялық мәнi.

Эксперименттің нәтижесінде алынған мәліметтер казіргі кезеңдегі әлеуметтік-педагогикалық үрдістегі және топтағы конфликтілерді шешудің тиімді жолдарын көрсетті.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Әлеуметтік-педагогикалық үрдістегі және топтағы конфликтілерді шешудің әдіс-тәсілдері бойынша алынған мәліметтерді мектептегі практикалық психологтың жұмысын ұйымдастыру барысында қолдануға тиімді болып табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми еңбек кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Зерттеу базасы: Семей қаласының № 48 жалпы білім беретін орта мектептің оқытушылар ұжымы және 11 сынып оқушылары, №19 отбасылық емхана

1 Үлкен әлеуметтік топ және қарым-қатынастағы конфликт мәселесі

1. 1 Үлкен әлеуметтік топ психологиясы

Топ проблемасы адамдардың бірлесіп әрекет жасауы және қарым-қатынас процессі кезінде әлеуметік ұйымдасуының негізгі формасы ретінде - ол әлеуметтік психологияда негізгілердің бірі болып табылады. Топқа қызығу бірнеше принцепиалды кезеңдермен байланысты. Бір жағынан жеке бас, оның өзіндік санасы, онымен қабылданған құндылықтар және нормалар, әлемді елестету жүйесі адамдарда өмір бойында әр түрлі топтардың әрекеті негізінде қалыптасады. Оның психикалық құрылымы, жеке мазмұндары әр түрлі топтардың әрекеті негізінде қалыптасады. Сол себепті адамды түсіну мүмкін емес, ал өзінің психологиялық қалыптасу кезеңінен өзінің жеке қасиеттерінен жалпы әрекет жасайды. [54; 299]

Яғни, топ - ол өздігінен әрекет ететін субъект, өзіндік әрекет ететін процесстер және құрылым ретінде қарастыра аламыз. Әлеуметтік психологиялық топтың негізгі параметірлерін қарастырайық. Оның көмегімен топтық әлеуметтік психологиялық анализі мүмкін болады. Бұл параметірлердің барлық жиынтығы топтың өзіндік мінездемесіне бөлінуі мүмкін. Олар топтағы жеке бастың орынын анықтайды.

Біріншілерге келетін топтық композиция, құрылым, және әлеуметтік процесстер.

Топтың композициясы немесе оның жас аралық немесе жыныстық құрамы ол топ мүшелерінің жиынтығы. Мысалы топтық сана оның жас аралық немесе жыныстық құрамы, ұлттылығы немесе топ мүшелерінің жағдайы және т. б. [55; 25]

Мұндай мінездемелер көптеген, неғұрлым маңыздылығын таңдау нақтылы мысалдар көптеп кездеседі. Егер студенттік топтарды кіші топ деп алсық онда композицияның ішінде мыналар көрінуі керек. Әртүрлі жынысты студенттердің байланысы, студенттер арасындағы әлеуметтік айырмашылық, топ мүшелерінің үлгерімі.

Топтың құрамы. Топ мүшелерінің атқаратын функциялары бойынша құралады және өзара қарым-қатынасы.

Топтық процесстерге жатады, ең біріншіден: топтың дамуы және бірлігі, топтың динамикалық көрсеткіштері, топтық қысым көрсету, шешімдерді өңдеу. Екінші жиынтықтың көрсеткіштеріне жатады: топтық күту жүйесі. Жеке бастың топтық жүйеде орыны ең біріншіден оның статусы мен атқаратын рөлдерімен сипатталады.

Статус - бұл жиынтық немесе адамның психологиялық мінездемелерінің жиынтығы. Ол жеке бастың топтағы орынын және топтың басқа мүшелері оны қалай қабылдайтынын анықтайды. Статус рөлдік жүйе арқылы жүзеге асады. Яғни түрлі функциялар, өзінің топтағы жағдайына байланысты орындалады.

Үлкен топтарға жатады, бір жағынан қысқа мерзімде өмір сүретін, аяқ астынан пайда болған тобыр типі, бұқаралық, аудиториялық, ал бір жағынан ұзақ мерзімде өмір сүретін, тұрақты пыйда болу, мысалға этникалық және әлеуметтік топтар[56; 59] .

Үлкен топтың қорытындысы, әсіресе, екінші типтегі әлеуметтік процесстердің көптеген заңдылықтары маңызды болып табылады. Сонымен қатар үлкен немесе кіші топтардың әсерінен топтық нормалар, құндылықтар немесе әр түрлі кіші топтардың бағыттары, яғни үлкен әлеуметтік топ кіші әлеуметтік білім арқылы микросоциум әсер етеді.

Кіші әлеуметтік топ құрамы жағынан аз адамдар құрайды, олардың мүшелері өзінің әрекетіне байланысты болады. Ол топтың пайда болуына және дамуына әсерін тигізеді. Бірнеше әлеуметтік психологиялық зерттеулер көрсеткендей топ мүшелерінің сенімділігі арта түскенде ол топтық нормаға келіскенін көрсете бермейді. Сондықтан топ бірлігі нығая түскенде соғұрлым оның мүшелері өзінің ойларын оны топ басшысы және басқа да топ мүшелері жазалайды деп қорықпайтынын білдіреді. Және керісінше топтастырылған ойларға келісу топтың бірлігі нығайған сайын топтағы топ бірлігінің бұзылуынан қашу. Бұл талпыныс топ басшысының немесе топ мүшелерінің көпшілігі дұрыс ұсыныстар беретіндігіне сендіреді.

Біріккен топта қорқыныш әр жеке бас өзінің келіспеушілігін қалғандары ұсынылған ұсыныстарға сыни қорытынды жасамай - ақ жақсы екенін білгендігінде. [57; 78]

Топтық нормалар - ол белгілі бір ереже. Топ мүшелері топтық норманы үш негізгі себептермен сақтайды. Бірінші және өте көп таралған себеп - ол келісу, яғни норманы сақтаудың мақсаты си ақы алу немесе жазалаудан қашу. Адамдар топтық нормамен әрекет жасаған кезде олар нормалармен бірлескен мінез-құлық еш нәрсеге тәуелді емес деп сенеді, олар норманың арасынан жүріп отырудың белгілі артықылығы бар деп ойлайды, ал шындыққа сай келмеу нормалары - белгілі бір шығын.

Нормаға келісудің екінші бір себебі-өзіңді норманың қолдаушыларымен байланыстыру, яғни норманы басқа біреулер сақтағаны үшін.

Үшінші және ең күшті потенциялды топ норманы сақтау-ол интерализация, яғни адамның ішкі сендірулері норма ұсынған мінез-құлық шынында да дұрыс, сондықтан ол сол жол бойынша жүру керек.

Топ жетекшілері өздерінің топ мүшелерінің мінез-құлқын басқаруды топтың жаңа мүшелері қаншалықты рөлдерге ие болғандығыиен байланысты. Жаңа топ мүшелерінің рөлдерді игеруін - социолизация деп атайды. Басқа да мүшелері оларда не күтетінін білмейді. Топтық норманы сақтау шынында да қажет, егер топтық нормалар топқа алдыға қойған мақсатқа жету жолында өз мүшелерінің мінез-құлқын қадағалауда тигізеді. Ал егер топтық нормаларды дұрыс емес және этикасы жоқ болса ше?

Коптеген нормалар, мысалға алғанда өзіңді тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста ұстау немесе өзіңнің жұмыс орыныңды таза қалтыру, организациялық тиімділікте тәуелді бірақ бұл барлық топ нормаларында кездесе бермейді.

Анормальді, яғни нормадан ауытқу-топ мүшелерінің норманы бұзуды айтады. Әдетте топ анормальдіға үш себептен әсер етеді. Біріншіден топ кінәліні өз мініз- құлқын өзгертуге тырысады. Мысалы оған норманың неліктен маңызды екенін түсіндіріп немесе кінәлә топ нормасын бұзған жалғыз мүше екендігін айту. Екіншіден топ бұзақыны топтан шығаруға тырысады. Мысалы, ресторан қызметкерлері оны басқа біреулердің столын тартып алған даяршымен істеуіне болады. Үшіншіден топ бұзылған норманы бұзуға сай қылып өзгертуі. [59; 78]

Әр әлеуметтік топ өзінің әлеуметтік құрамына ие, ол үш китке негізделген, статусты-рөлдік қатынастар, профессионалды классификацияланған мінездемелер және жыныс ерекшелік құрам.

Біз жиі топтағы қайшылықты жағдайлар, теріс эмоциялар қайдан шығатынын түсіне алмаймыз. Оның қайнар көзін табуға болады екен, егер Олпорт ұсынған адамның рөлдік мінез-құлқы туралы сызбаны қарасық. Барлығы әлеуметтік рөлдерді орындаудағы қажеттіліктен басталады. Мысалға, адамды жетекшілік орынға тағайындағылары келеді. Күту критерилары әр топта әр түрлі болады, біреулері демократиялық немесе либералды басқаруды күтеді, біреулері қатал және авторитарлы басқаруды күтеді. Ары қарай рөл адамға беріледі және оның ең басты факторы ретінде жеке бастығы және индивидуалдығы болып табылады. Адам одан не күтетінін және одан қандай талаптар қойылатынын білу керек. Өз рөлін түсінбесе және басты функциялармен жұмыс істеу білмесе өз рөліңді басқару қиынға соғады.

Адам өз рөлін түсініп болған соң оны не өолдау керек не қайтарып тастау керек, оның арнайы психологиялық ерекшеліктеріне сай келмегендігі үшін.

Рөлдерді қабылдамау жаңа функция бойынша оқыту, анықталған позицияны өңдеу, мінез-құлық стилімен және қарым-қатынаспен бірге жүріп отырады. Жаңа рөлді түсіну және қабылдау өте қиын жүмыс, ол миға күш түсу, ішкі қайта құрауды, өзінің жаңа орынын түсінуді талап етеді. Адамға мұндай қиын жұмысты түсіну үшін уақыт беріп және рөлді қабылдау. [58; 99]

Рөлдік мінез-құлықтың келесі кезеңі-рөлді қолдану. Оның екі жағы болады: рөлді қабылдау кезіндегі адамның мінез-құлқы және қоршаған адамдардың беретін бағасы. Екіншісі өзін-өзі бағалау ретінде адам мен және басқа адамдармен де қолданылады. Олар әр адамда бағаланғанда белгілі бір статусқа ие, былай айтылады: жоғарыдан, бүйірден, төменнен. Арнайы эксперименталды анкета құрастырған кезде әдетте мына үш түрлі бағалауды қолданады. Жиі өзіндік бағалау және басқа адамдардың дағалауның арқасында үлкен айырмашылықтар болады, сондықтан үнемі кері байланыс болуы керек, яғни көңіл аудару, әсіресе жетекші ол туралы «жоғарыдан, бүйірден және төменнен» не ойлайтыны туралы біліп және сол арқылы өзінің мінез-құлқын түзетуге болады.

Екінші «кит» топтың әлеуметтік құрылым-профессионалды классификациялық мінездемесі. Онда топ мүшелерінің білім, мамандығы және классификациялық деңгейі қалыптасады. Бұл топтың интелектуалдылық және профессионалды потенциялдығын білдіреді.

Үшінші «кит»-топтың жыныстық жас ерекшелік жетекшіге психологиялық көзқарас тұрғысынан психологиялық ерекшеліктері болотынын білу керек, оны жетекші есепке алуға ұмтылуы керек. Сонымен қатар топтың қалыптасуы кезінде оның жас ерекшелік құрылымын және болжамды есепке алу қажет.

Әйелдер мен еркектердің психологиялық ерекшеліктері топ ішінде өзара қарым-қатынаста өз ізін қалтырып отырады. Ерлердің тобы көбіне қатыгез, рационалды, бірақ регитті және әр түрлі қарама-қайшылықтарға дайын. Сондықтан топқа әйелдер мен еркектердің бірігуі топтың дамуына және топта психологиялық хал ақуалдың жақсы болуына өз ісерін тигізеді. [58:99]

1. 2 Конфликт- қоғамдық өмірдегі әлеуметтік феномен ретінде.

Конфликт латын тілінен аударғанда тараптардың, ойлардың күштердің қақтығысы деген мағынаны білдіреді. Қақтығыстардың себептері әр түрлі болуы мүмкін; материялдық ресурстар, өмідегі басты құндылықтар, әлеумкттік құрылымдағы статусты-рөлдік айырмашылықтыр, жеке бастық (эмоционалды-психологиялық) айырмашылықтар, және т. б. Конфликт адам өмірінің барлық өрісін, әлеуметтік қатынастардың барлық жиынтығын, әлеуметтік өзара қатынасты қамтиды. Конфликт өзінің мәнісінде әлеуметтік өзара қатынастардың бір түрі, оған суъектілер және қатысушылар жекелеген индивидтер, үлкен және ұжымдар кіреді. [1; 92]

Конфликтінің негізінде субъективтік-объективтік қайшылықтар жатыр, бірақ бұл екі көріністі (қайшылық және конфликт) ұқсатуға болмайды. Қайшылықтар ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін және ол конфликтіге айналмауы мүмкін. Сондықтанда мынаны ескертү керек, конфликтінің негізінде сиыспайтын қызығушылықтар, қажеттіліктер және құндылықтар жытыр. Бұндай қайшылықтар ереже бойынша таптырмалардың ашық күресінен, ашық қақтығысқа айналуы мүмкін. Интенсивтілік дегеніміз қақтығыстардың энергияны қосуы, сонымен қатар жекелеген конфликтілердің әлеуметтік маңыздылығын білдіреді. Қақтығыстардың формалары- зорлық-зомбылық көретү немесе зорлық-зомбылық көрсетпеу. Ол көптеген факторларға байланысты. Сонмен, әлеуметтік конфликт- ол ашық қақтығыс, әлеуметтік өзара қақтығыста екі немесе бірнеше субъектілердің немесе қатысушылардың қақтығысы, оның себептері болып қажеттіліктердің, құндылықтардың және қызығушулықтардың сиыспаушылығы. [2; 80]

Конфликтінің субъектілері және қатысушалары.

Конфликтінің қатысушылары және субъектілері деген түсінік үнемі сай болып келмейді. Субъект-ол белсенді жақ, өзінің қызығушылығы бойынша конфликтілі жағдайларды тудырады және конфликтінің жүруне өз әсерін тигізеді. Конфликтінің қатысушысы оған саналы қатысуы мүмкін, ал мүмкін аяқ астынан немесе өзінің ерік-жігерінсіз конфлитіге араластырылуы мүмкін.

Сонымен қатар конфликтіге қатысатын тікелей немесе жанама қатысушыларды анықтап алу керек. Ақырғылары белгілі бір күшті көрсетіп, өзіне бөтен конфликтіден өзінің қызығушылықтарын көздейді.

Жанама қатысушылар мынаны істеуі мүмкін;

  • Конфликтіні тудырып және оның дамуына өз үлестерін қосу;
  • Конфликтінің интенсивтілігін азайтуга көмектесү және түпкілікті тоқтату,
  • Бірінші немесе екінші жақты қолдау немесе бір мезетте екі жақты қолдау,

Конфликтінің жанама қатысушылары конфликтілер жүріп жататын белгілі бір ортаны құрайды. Сондықтан әлеуметтік орта не катализатор ретінде, конфликтінің дамуында ортаңғы фактор болып табылады.

Кейде жанама қатысушыларды үшінші жақ немесе үшінші қатысушылар деп атайды. Әлеуметтік конфликтілердің қатасушылары және субъектілері әр түрлі рангта, статуста және белгілі күшті иеленүі мүмкін.

Ранг неміс тілінен аударғанда-атақ, шен, дәреже, категория деген мағынаны білдіреді. Әлеумкттік конфликталогияда ол жоғары төмен принцептер арқылы анықталады. [8; 25] Шын мәнісіндегі конфликтерде әр тараптар қарсыласының рангісін түсіріп, өзінікін көтерүге тырысады.

Әлеумкттік статус - бұл қоғамдағы жеке бастың немесе әлеуметтік топтың жалпы орыны, ол белгілі ережелер және міндеттер жиынтығымен байланысты. Статус конфликт кезінде қатысушыларға және субъектілерге әсер етүі мүмкін.

Әлекметтік конфликтідегі күш - бұл қарсыластардың кері әрекетіне қарамастан өздерірің мақсаттарына жету. Ол өзінің жинтығына ресурстарды қамтиды.

Қоршаған орта -әлеуметтік конфликтінің құрылымындағы әр элемент болып табылады. Ол физикалық ортадан (географиялық клматтық, эклогиялық және басқа факторлар ) тұрады.

Әлеуметтік конфликтінің негізгі түрлері .

Әлеуметтік конфлитілерді классификациялауда зерттеушілерде бірынғай көзқарастар әлі қалыптаса қойған жоқ. Конфликтінің мотивациясына байланысты зерттеушілер әлеуметтік конфликтінің 3 блогын бөліп қарастырады;

  1. билік өкілділігін және позициясын бөліп берумен байланысты;
  2. материялдық ресурстарға байланысты;
  3. өмірдің маңызды құндылықтарымен байланысты.

А. Г. Здравомыслев конфликтінің қозғаушы күші жайлы және өмір сүру сферасына байланысты өз сызбасын ұсынды. Конфликтінің қозғаушы күшін, мотивациясы мен байланыстырып, А. Г. Здравомыслев оларды қажеттілік, қызығушылық және құндылықтар арқылы белгілеген. [34; 103]

Кесте 1.

Конфликтінің қозғаушы күшінің айқасқан қорытындысы және өмір әрекетінің сферасы.

Қозғаушы

күш

Өмір әрекетінің сферасы
Эканомика
Саясат
Рухани өмір
Қозғаушыкүш: Қажеттілік
Өмір әрекетінің сферасы: Ресурстарды қолдану нұсқалары
Өзіндік ұйымдастыру нұсқалары
Рационалды- эмоциналды адам
Қозғаушыкүш: Қызығушылық
Өмір әрекетінің сферасы: Үйлестіру институты
Бөліну интеграциясы
Мәдениет типтері
Қозғаушыкүш: Құндылық
Өмір әрекетінің сферасы: Мемлекет саудасына бағыт
Билік өзіндік мақсат ретінде
Жоғары құндылықтар интеграйиясы

Кесте 2.

Әлеуметтік конфликтілер типалогиясы.

Конфликт формасы
Қатысушылар
Жеке бас аралық
Топ аралық
институционалды
Конфликт формасы: Рөлдік
Қатысушылар:
Конфликт формасы: Әкімшілік
Қатысушылар:
Конфликт формасы: Саяси
Қатысушылар:

Конфликтінің өмірде қиын формасыда бар, онда бір мезетте әр конфликт типінің қызығушылықтары әсер етеді.

Әлеуметтік конфликтілер өз формасына байланысты зорлық-зомбылықты және зорлық-зомбылықты емес, интенсивті және интенсивті емес, ашық және жабық болып бөлінеді. Конфликтінің жүру барысына байланысты ұзақтатылған және тездетілген болып бөлінеді. Бөліну маштапына байланысты-локальді және кең маштапты болып бөлінеді.

Конфликтнің мотивациясына және субъективті қабылдауға байланысты жағдайлар конфликтінің түрін бөліп көсетеді. [27; 71]

  1. Жалған конфликт-негізгі себептер болмаса да субъект жағдайды конфликт деп түсінеді.
  2. Потенциялды конфликт-конфликтінің тууына негіз бар, бірақ бір немесе екі тарап та конфликтілі жағдай деп түсінгенше.
  3. Шын конфликт- тараптардың шын қақтығысы.

Өз кезегінде шын мәнісіндегі конфликтіні келесі түрге бөлуге болады;

1. Конструктивті- субъектілердің арасандағы өмір сүретін қарсыластықтан

туған конфликт;

2. Кездейсоқ- жағдайлардың аяқ астынан немесе келеңсіз туған конфликт;

3. Жасырын-өзінің негізгі себептері жасырылып, жалған негізде конфликтнің тууы. Мысалы, өзінің бағысына риза болмаған студент емтихан қабалдаған мұғаліммен конфронтацияға түсуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфликт - әлеуметтік-психологиялық фенамен ретінде
Конфликтінің түрлері
Конфликт психологиясы
Психотерапиядағы арт-терапия
Тұлғаішілік конфликтілердің салдарлары
Конфликт барысындағы этностық ерекшеліктер
Кикілжің психологиясы
Билік конфликт обьектісі ретінде
Туризмде конфликт динамикасы
Конфликттік жағдай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz