ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- 1991-2000 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МӘСЕЛЕСІ . . . 101991-1995 жылдардағы қазақ баспасөзіндегі ұлттық идея мәселесі . . . 101995-2000 жылдардағы қазақ баспасөзінде көтерілген ұлт саясатының маңызы . . . 21
- 2001-2010 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ МАЗМҰНЫ . . . 312001-2010 жылдардағы қазақ баспасөзіндегі ұлттық идеяның мәні мен мазмұны . . . 31ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев мақалаларындағы ұлттық идея . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Кеңес өкіметі кезінде яғни әкімшіл әміршіл басқару жуйесі кезінде ұлттық идея жайында айта алмайтын бұл ұғым қазіргі қазақ азаматтарының талқысында жүр. Ұлттық идеяны тәуелсіздік алғаннан бастап қолданысқа енгіздік емес пе?
Ал шын мәнісінде бұл ұғымның тарихы ерте кезден бастау алады. Мысалы аталарымыз қазақ хандығының тұсында өзінің ұлттығын сақтап қалып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсыру үшін салт-дәстұрлерін, мәдени ұстанымдарын, тарихи ата-тектерін, рухани байлықтарын, территорияларын сақтап қалуға барынша тырысқаны бізге тарихтан белгілі.
Ұлттық идеяны сөз қылудың өзі бізге жетістік. Өйткені адамдардың ұлт ретінде одан әрі дамуы, өзінің ұлттық мәселелеріне көңіл аударуы, адамдардың бірлігіне алып келеді. Ұлттық идеяны бір күнде қалыптастыру мүмкін емес жағдай, ол ұзақ уақыттық процесс.
Ұлттық идея - бұл бір көптен көтеріліп жүрген тақырып. Мазмұнын көз жүгіртсек, екі бөліктен тұратынын көреміз. Бірі - ұлт, екіншісі - идея мәселесі. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдіс екені ақиқат. Осыдан 3 мың жыл бұрын өмір сүрген Геродоттан тартып кеше Колбинге дейін әрқилы мақсатқа сай Қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны - арғы тегіміз сақтарды, салт-дәстүрімізді, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-білуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек.
Қазақтар да әлемнің саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнінде айтқандары бүгінгі күнге келіп отыр. ХХ ғасыр этностарды мидай араластырып жіберді. Отарлаудың зорлық-зомбылығынан жоғалып кеткен ұлттар аз емес. Бір ғана КСРО-ның өзінде 1926-1939 жылдар ішінде 194 ұлттан 100-ге жетпейтін ұлт қалған екен. Осылайша ұллтану өзекті мәселеге айналды.
Талай-тьалай ойдодолары өтті, том-том кітаптар жарық көрді. Ғалымдардың, саясаткерлердің, саяхатшылардың үздіксіз ізденісі зая кетпеді. Қоғамдық санаға адамдардың ұлтқа жіктелетіні аса зор құндылық ретінде орнықты. Бүгінде ұлтқа берілген анықтама ондап, жүздеп саналады. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Әбжанов: «Ұлт дегенеміз - өзінің қазақ (орыс, неміс, жапон . . . ) екенін тарих тереңінен бастау алған төл санасымен ұғатын және басқалардан тілдік, рухани, геосаяси, басқа да өзгешелігін айыра алатын адардардың үлкен қауымдастығы».
Идея - грек сөзі, образ, ұғым, түсінік мағыналарында қолданылады. Атқаратын міндетіне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседі. Біз қарастырғалы отырған ұлттық идея мәселесінің мәні ұлттың тілегі, ниеті, ойы дегенге саяды. Сондықтан да, ұлттық идеяны зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Ұлттық идеяға тап бүгінгі керегі толағай сөз ғана емес, нақты іс. Ал істің жүзеге асуы үшін саяси-мемлекеттік шешім қажет. Ұлттық идеяныанықтауға Предзидент, Парламен, үкімет ресми түрде араласқанда ғана оң нәтижеден үміттенуге болады. Сонда бұл істен зиялы қауым, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ тыс қалмай, қоғамдық санадағы бүгінгі самарқаулық жойылар еді.
Жалпы өткен жыл көп нәрсенің басын ашып берді. Әсіресе, ұлттық идеяны қолдайтындар мен азаматтық қоғам орнатуды қалайтындардың жігі айқын байқалған еді. Қазақстанды полиэтникалық мемлекет деп түсінетіндер, жалпыұлттық идеяны көтеріп, азаматтық қоғам орнату керектігін айтты. Олар қазақ халқының басымдығын білдіретін титулды ұлт ұғымы Қазақстан секілді көпұлтты мемлекетке зиянды, сондықтан азаматтық идеяны мемлекеттік идеямен ұштастырайық деген еді.
Ал Ұлттық идеяны көтерген қазақ интеллигенциясы Қазақстандағы жердің де, мемлекеттің де иесі - қазақ халқы, ол - титулды ұлт, ал қалғандары диаспоралар екенін айтып бақты.
Екі диспозицияның қақ ортасында қалған мемлекет үшін бүгінде екі бағыттың бірін таңдап, бірін жығып беру шалыс қадам екені айдан анық. Өйткені азаматтық қоғам қалыптастырып, қазақ халқын бар мәртебесінен айыру - тарихи әділетсіздік әрі сорақылық болса, өзге ұлттар көзқарасын елемеу де ел бірлігіне сызат түсіру деген сөз. Сонда қайтпек керек бізге?
Қызығы, сұрақтың жауабын өзге ұлт өкілдерінің өздері беріп жатыр. Мәселен, жақында ҚМЭБИ-дің (КИМЭП) оқытушысы, п. ғ. к. Леонид Пуховичтің «Мысль» журналының бетінде «Составные части национальной идеи в Казахстане» атты мақаласы жарияланды. Автор өзінің қазақстандықтарды қандай ұлттық идеямен біріктіруге болады деген риторикалық сұрағына тек қана мемлекеттік тіл деп жауап береді. Ол азаматтық қоғам мен ұлттық идеяның синтезін жасап, басқа халықтарды қазақ ұлтының төңірегіне топтастыру қажет дейді. Ал оларды біріктіретін һәм бірлігін арттыратын құрал - тіл. Сол себептен автор орыс мектептеріндегі Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география сияқты бірқатар пәндерді қазақ тілінде жүргізуді ұсынады. Сөзінің жаны бар Леонид мырза түптеп келгенде, Қазақстанда жалаң түрде азаматтық қоғам орнату мүмкін еместігін айтады.
Былтырғы жылы бірқатар ғалымдар барша Қазақстан тұрғындарын ұлтқа бөлмей, қазақстандықтар деп атау керектігі жайлы бастама көтеріп, оны жеке куәліктерге жазуды ұсынғанын баршамыз білеміз. Бірақ, халық тарапынан туған қарсылық бастаманы жол ортада қалдырып еді. Мұның бәрі нені аңғартады? Бұл деген енді қазақ халқының сана-сезім, ұлтшылдық рухының оянғанының белгісі. Алайда, ұлтшылдық деген әдемі сөз көбіміздің құлағымызға әлі түрпідей тиіп, ауызға алуға қорқамыз тіпті.
Алдағы уақытта келесі үш сұраққа нақты да ұғынықты жауап беруіміз тиіс. Бірінші сұрақ - ұлттық идея дегенде біз нені түсінеміз? Екінші сұрақ - неге бізге ұлттық идеяны нығайту маңызды? Үшінші сұрақ - ұлттық идеяның негізі не болып табылады? Бұл сұрақтарға әлі де болса нақтылы жауап берілмей келуі мәселенің өзектілігін аңғартады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық идеяның бары мен жоғын тиянақтауға жұрттан бұрын ғалымдар кірісіп кетті. Ә. Нысанбаев, Қозыбайтегі М. Қ., Ө. Жәнібеков, Ғ. Сапарғалиев, С. Дорженов тәрізді белгілі білімпаздардың қаламынан туған еңбектер қоғамдық санаға игі әсер еткені сөзсіз.
Ұлт және одан туындайтын ұлттық идея мәселесі объективті түрде зерттеу мүмкіндігі Кеңестік дәуірде шектелген еді, сондықтан да, тек ХХ ғасырдың кейінгі 90-жылдарында ғана отандық, ғалымдар тобының зерттеулері негізінде Қазақстанда да қайтадан саясаттану ғылымындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды. Айта кететін бір жайт, бұл зерттеушілер ұлттық идея болмысы, оның қалыптасуы жайында әртүрлі пікірде болды.
Негізінен, аталған тақырып төңірегінде Тәуелсіз Қазақстан кезеңдегі алғашқы мақалалар Қазақстандық саясаттану ғылымында ұлттық идея мен жалпыұлттық идеяның бүгінгі қазақстандық қоғамдағы идеялық және идеологиялық негіздемесі және ондағы элитаның рөлі, ұлттық патриотизм аспектілері жөнінде отандық ғалымдар - Қозыбайтегі М. Қ., Ө. Жәнібеков, Ғ. Сапарғалиев, С. Дорженов, Т. Жандәулет, Ә. Нысанбаев, Н. Елікбаев, Р. Әбсаттаров, М. Раушанбекұлы, Ә. Қалмырзаев, С. Нұрмұратов, С. Борбасов, Р. Қадыржанов, С. Қирабаев, С. Мұқатаев, Қ. Атабаев, Р. Құттыбаева, М. Кішікбаев, Д. Әубәкір, А. Әлімұлы, А. Смайыл, О. Сәбден, Ж. Әкім, Ж. Алпысбаев, Ә. Қайдарова, Х. Әбжанов, Әбдіхалықов Қ. С., Назарбаев Н. Ә. еңбектерінде бар.
1991-1995 жылдар аралығында ұлттық идея мәселесін баспасөз беттерінде көтеріп, осы тақырыпта қалам тартқан . . . сияқты бір топ қоғам зерттеушілерінің мақалаларынан осы кезең аралығында ұлт мәселесіне қатысты әр түрлі пікірлер көреміз.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ұлт мәселесін көтерушілердің бірі - тарихшы ғалым, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигші Қозыбайтегі М. Қ. бірнеше мақалаларын жарыққа шығарды. Манаш Қабашұлы 1992 жылы басылып шыққан «Біз қазақ қайдан шықтық?» атты мақаласында дүниежүзілік қазақтар құрылтайында сөйлеген сөзінен: «Тарих сыры да көп, айтатын мұны да көп. Түркі текті халықтардың ішіндегі іргелісінің бірі, бірі де болса бірегейі қазақ халқы. «Қазақ түрік емес, қазақсыз түрік емес», деген ежелгі мәтел ер қазақтың ерен мінезін, абзал қасиетін, асқақ көңілін, ата тарихына деген сүйіспеншілігін көрсететінін хақ», - дей келе Қозыбайтегі Манаш тарихымызға, көнеден келіп жеткен асыл мұрамызға қатысты зерделі ой тұжырымдайды. Ол сол тәуелсіздігіміздің алғышқы жылдарының өзінде бүкіл қазақ тарихын бес астарлы кезеңге бөліп көрсетті [1, 6-8 бб. ] .
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының мүше-корреспонденті Ғайрат Сапарғалиев 1993 жылы «Конституция және ұлттық мемлекет» деген тақырыпта жазылған мақаласында Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда қазақ ұлтының өзін өзі билеу құқығы баян етілгенін айта келе, ол аталған құжатқана сүйене отырып, жаңа Конституция заңдастырған ұлттық мемлекетіміздің көрінісі болып табылатын негізі белгілері мен қаситеттерін атап көрсетті [2, 3 б. ] Осы кезеңде ұлттық идея тұрғысында баспаға шыққан тағы бір мақаланың авторы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының профессоры, тарих ғылымының докторы Сәкен Дорженов «Ұлттық. Қазақтық. Қазақстандық» атты мақаласын 1993 жылы «Ақиқат» жуналында жариялады. С. Дорженов аталған мақаласында ұлттық идеяны мәселесін «ұлттық», «бауырлас» деген ұғымдардың дұрыс қолданылу, қолданылмау мәселесін көтере отырып: «Біздің Республикамыз көп ұлтты емес, сан ұлттың өкілдерінен тұратын мемлекет», - деп, «Қазақстан - көп ұлтты мемлекет» дегеннің дұрыс емес екендігін аңғартады [3, 33-39 бб. ] .
Сонымен қатар, осы жылы Тұрсынбай Жандәулеттің «Ұлттық, жалпыхалықтық бірлік» деген тақырыпта мақаласы жарық көрді. Аталған мақаласында Т. Жандәулет: «Ұлт біріктіруші идеологияның негідері мектепте қалануы керек. Бүкіл қазақтың біртұтас бауырластығы, атамекенінің бөлшектеуге келмейтін бүтіндігі, төл мемлекетімізге, елімізге қызмет ету идеялары, әр қазақ жасының құлағына сәби күнінен бастап құйылып отыруы керек. Тіл қадірін де мектепте ұғып шыққаны жөн. Әрине, ұлтты біріктіруші идеолгияның негіздерін құрау біз үшін қиынға соқпас. Біз үшін абайдың өзі идеолгия. Абайдың қазақ туралы айтқан идеяларын жүзеге асырсақ, соның өзінде біз ұлт ретінде заңғар рухани биікке көтерілер едік», - деп, ұлттық идея қазақ халқының басын біріктіруге, оның патриоттық сезімдерін қалыптастырып, рухани түлеуіне бағыттайтынын ерекшелеп айтады [4, 5 б. ] .
Қазақстан Ресрубликасы Ұлттық Ғылым Академиясының коррепондент мүшесі, философия ғылымының докторы, профессор Ә. Нысанбаев, және профессор Н. Елікбаев ұлт туралы 1993 жылы «Егемен Қазақстан» № 203 санында жарық көрген «Ұлттық рух және дәуір тынысы» мақаласында: «Осы уақытқа дейін қазақ тілінде орысша «национализм» деген ұғымның «ұлтшылдық» деген аудармасын пайдаланып келдік. Оны ескінің қалдығы, саясатымызға қарама - қайшы томпақ нәрсе деп бағаладық. Сөйтіп сыңаржақты саяси бағалану ұлтқа деген сүйіспеншілік, жанашу, ұлттық мүддені қорғау сияқты сезімдерден алыстап, өзімізден өзіміз сырт айналуды дағды еттік. Одан шеккен қасірет жеткілікті. Кейінгі кезде баспасөз беттерінде «ұлтжандылық» деген балама сөз пайда болды. Қарап отырсақ ғылыми-саяси, өміршеңдік тұрғыдан құрметтеуге, қолдануға лайық ұғым» [5, 4 б. ], - деген ой тұжырымдайды.
Философия ғылымының докторы, профессор Раушанбек Әбсаттаров «Конституция және ұлт саясаты» атты мақаласында: «Алда Қазақстан экономикасын дағдарыстан қалай шығару міндеті тұрса, ұлт саясаты саласында да осындай күрделі міндеттер тұр. Бұл міндетті заңдық тұрғыдан Ата Заңымыз айтарлықтай сәтті шешіп берді. Енді сол заңды басшылыққа, жүзеге асыру міндеті тұр» [6, 5 б. ], - дейді.
Марат Раушанбекұлы «Ақиқат» журналының № 6 санында жариялаған «Ұлттық сезіну мақаласында» ұлттық, рулық шектелуге қарсы күресу, ұлт өмірін демократияландыру, мемлекетті жаңарту, әлеуметтік әділеттікті жүзеге асыру қажеттілігін көрсетсе [7, 21-24 бб. ], «Арқас» өрбіту қорының президенті, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков 1993 жылы «Қазақтану керек пе?» деген мақаласында тек ұлттық мемлекет арқылы ғана қазақ халқын экономикалық, әлеуметтік, парасаттық, құқықтық, мәдени, моральдық, имандылық, мінез-құлықтық жағынан кемеліне келтіруге болатынын айтады [8, 2 б. ] .
Фиолософия ғылымының докторы, профессор Әбдеш Қалмырзаев «Осы жұрт қазақ елін біле ме екен?» мақаласында: «Ұлттық сана ұлттың қадір-қасиетін танудан басталады» [9, 17 б. ] - деп, халықтың шын тарихын, мәдениетінің тамырын, оның үздік үлгілерін әлемге таныту керектігін айтады.
Жоғарыда келірілген ұлттық идеяға қатысты мақалаларда айтылған ой тұжымдары 1995-2000 жылдар аралығында да баспасөз беттерінде жарияланып, ұлт саясатының маңызына қатысты салиқалы ой-пікірлер көпшілікке ұсынылды.
1995жылы «Ақиқат» журналының № 3 саныныда жарық көрген «Ұлттық менталитет және әлем образы» деген мақаласында философия ғылымының кандидаты Серік Нұрмұратов: «Ұлттық менталитет - қазақтың «халықтық діні» деген ұғымға сәйкес келеді» [10, 74 б. ], - деп ұлттық менталитетке ұлттық мәдениет, дәстүр, салт-сана, бағыт-бағдарлар, құндылықтар жататындығын атап көрсетті. Аталған журналдың № 9 санында 1996 жылы философия ғылымының докторы Рүстем Қадыржанов «Қазақ халқын қалыптастыру хақында» атты мақаласында: «Қазақстандағы ұлт саясаты біздің пайымдауымызша, біртұтас Қазақстан ұлтын қалыптастыруға бағытталуы қажет», - деп Қазақстан үшін халқынынң құрамы көпэтникалық болғандықтан біртұстас ұлт құруға деген талпыныстың маңызы ерекше екендігін алға тартады. Р. Қадыржановтың ойынша, егер Кеңес халқы біртұтас ұлт болғанда Кеңес Одағы ыдырамас еді. «Өйткені, ұлт адамдардың мықты әрі тұрақты қауымдастығы» [13], - деп көрсетеді ол.
«Ақиқат» журналының 1999 жылғы № 8 санында жарық көрген Сейітқазы Мұқатаевтың «Іргелі ел боламыз десек . . . » деген мақаласында: «Қазақтың ұлттық идеологиясы Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистеріне суйенген исламдық шариғат пен қазақтың қанына сіңген ұлттық тәрбиелік әдет -ғұрыптан, салт-сананың бірігуінен туындайды . . . Ұлттық идеологияны негізі бір арнаға құятын қос куретамыры сол ұлттың діні мен сөйлер тілі» [15, 34-35 бб. ], - деп ұлттық идеяға дін мен тілдің қажеттігін ерекшелеп көрсетеді.
Ал енді ХХІ ғасырдың бас кезінен бастап бүгінгі күнге дейін ұлттық идеяны баспасөз беттерінде көтеріп жүрген Д. Әубәкір, А. Әлімұлы, А. Смайыл, О. Сәбден, Ж. Әкім, Ж. Алпысбаев, Ә. Қайдарова, Х. Әбжанов Әбдіқалықов Қ. С. мақалаларын ерекше айтуға болады. Олардың ішінде жазушы Алдан Смайылдың 2006 жылы Жас Алаш газетінде жарияланған «Ұлттық идея ұстыны» атты мақаласында: «Ұлттық идея дегеніміз, белгілі бір кезеңге ұлттың сай болуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мұраттар және оларды жүзеге асырудың жолдары. Оның негізгі нысанасы, ұлттық мемлекет құру. Бұл мынадай үш өмірлік міндетті алға тартады: 1. Ұлттық саяси элита қалыптастыру; 2. Ұлттық экономикалық буржуазия қалыптастыр; 3. Ұлтты жетілдіру», - деп Қазақстандағы ұлттық идеяның қалыптасуындағы тұғырлы үш міндетін нақты-нақты атап көрсетті [21, 4 б. ] .
Сонымен қатар, «Жас алаш» газетіннің 2006 жылы № 4 санында академик Оразалы Сәбденнің «Біз үшін ұлттық идея - өркениетті, дамыған, демократиялық ел болу» атты мақаласы жарық көрді. Аталған мақаласында академик: «Бір сөзбен айтқанда, біз үшін ұлттық идея дегеніміз - Қазақстанның демократиялық, дамыған, өркениетті ел болуы. Дүнежүзілік өркениеттен, ұлы көштен қалып қоймауы. Меніңше, біз үшін ұлттық идеяның ең негізгі қағидасы - осы. Осыдан енді үш бағыт, үш тармақ тарайды. Бірінші бағыт - демократиялық саяси жүйе құру. Екінші бағыт - әр адамға жақсы өмір сүру деңгейін жасау. Үшінші бағыт - тарихи, мәдени, отаншылдық рухымызды, ұлттық құндылықтарымызды сақтау және дамыту. Бұл үшін қазақ халқының бірлігін қалыптастыру қажет, мемлекеттік тілді тұғырына қондыру керек. Ұлттық идеяға келсек, құр айқаймен емес, қазақты ғылым-біліммен қолдау керек. Қазақты көтеру үшін жас отбасында бір сәби өмірге келсе, сол отбасына кем дегенде мың доллар берілуі керек. Бұған біздің қаражатымыз жетеді» [22, 5 б. ], - деп өз ой-пікірін ашып айтады.
Бұдан кейінгі жылдары Жас Алаш газетінің № 10 санындағы Жанұзақ Әкімнің «Қазақстанның болашағы - қазақ идеясында» деген мақаласында: «Ұлттық идея дегеніміз - халықтың әріден алғанда дәуірлік, беріден алғанда ғасырлық мұратын айқындайтын, келешек ұрпаққа жол көрсететін шамшырақ болатын заманалық рухани философия. Ұлтты қалыптастырып, біріктіретін - оның тілі, нәсілі, елі, мемлекеті және діні болса, идея оның негізі болып саналады» [23, 1 б. ], - деп ұлттық идеяның негізін жүйелі түрде ұсынады.
2010 жылы «Президент және халық» газетінің № 40 санында жарияланған «Ұлттық идея - халық мұраты» деген мақаласында тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов ұлттық идея құндылықтары мен ұстанымдарын екі әлеуметтік қауым арасында мейілінше дәйекті бекемдеу қажет екендігін айтады. Оның бірі ретінде - бала бақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндерден бастап, университет аудиториясында отырған жастарға жеткізуден ештеңені аяуға болмайтынын айтса, екіншісі - мамандар мен зиялылардың ұлттық идеяға қалтықсыз берілгендігін қалыптастыру. Х. Әбжанов: «Ұлттық идея барша халықтың күш-жігерін, іс-әрекетін уақыт алға қойып отырған аса жауапты тарихи міндетті шешуге жұмылдыратын, баурап әкететін күш болуын қалаймыз. Ұлттық идеяның мән-мағынасын дәл қазіргі таңда «Қазақ елі. Азаттық. Бірлік» деген ұғым түсініктер аша алады» [29, 4 б. ], - деп өз ойын қорытындылайды.
Елбасымыз Назарбаев Н. Ә. ұлттық идеяға ерекше мән беріп: «Ұлттық идеяға келетін болсақ, оның іргетасы мүлде басқа. Ол ең алдымен, өзінің ұлттық тұтастығын айқындай түсуге негізделеді. Ұлттық идея қоғамның өз ішінде пісіп жетіледі. Онда сырттан танылған сипат болмайды. Ұлттық идея идеология жәдігөйлерінің ашқан жаңалығы емес, миллиондаған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерін түсінудің жемесі болып табылады. Ұлттық идеяның қалыптасуы өзіміздің төл тарихымызды жаңаша ұғыну негізінде ғана мүмкін болады», - деп ұлттық идеяның негізі ретінде төрт тұғырды атап өтеді. Олар: 1. Ел бірлігі; 2. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі; 3. Интеллектуалдық жасампаз қоғам; 4. Өркениетті мемлекет.
Диплом жұмысының мақсат -міндеттері: Дипломдық жұмыстың басты мақсты - 1991-2010 жылдар аралығында қазақ баспасөзіндегі ұлттық идея мәселесінің көтерілу деңгейін анықтау. Ол үшін келесі міндеттер алға қойылды:
- 1991-1995 жылдар аралығында қазақ баспасөз беттерінде ұлттық идея мәселесінің көтерілу деңгейін ғылыми түрде анықтау;
- 1995-2000 жылдардағы қазақ баспасөз беттерінде ұлт саясатын қалыптастыру тұрғысындағы ой-тұжырымдарға сараптамалық талдау;
- 2001-2010 жылдар аралағында қазақ баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардағы ұлттық идеяның мазмұнын айқындау;
- Назарбаев Н. Ә. шығармашылығы және мақалаларындағы ұлттық идея мәселесінің қозғалуын жүйелі түрде талдап көрсету.
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Бұл дипломдық жұмыс барысында ұлт мәселесіне байланысты зерделі ой-тұжырымдарын қазақ баспасөз беттеріне жариялап жүрген Қозыбайтегі М. Қ., Ө. Жәнібеков, Ғ. Сапарғалиев, С. Дорженов, Т. Жандәулет, Ә. Нысанбаев, Н. Елікбаев, Р. Әбсаттаров, М. Раушанбекұлы, Ә. Қалмырзаев, С. Нұрмұратов, С. Борбасов, Р. Қадыржанов, С. Қирабаев, С. Мұқатаев, Қ. Атабаев, Р. Құттыбаева, М. Кішікбаев, Д. Әубәкір, А. Әлімұлы, А. Смайыл, О. Сәбден, Ж. Әкім, Ж. Алпысбаев, Ә. Қайдарова, Х. Әбжанов, Әбдіхалықов Қ. С., Назарбаев Н. Ә. және басқа да зерттеушілердің ғылыми ұстанымдары мен теориялық пікірлеріне назар аударылып, жұмыс барысында қажетіне қарай қолданыс тауып отырды.
Зерттеу жұмысының хронологиялық ауқымы. Қазіргі таңдағы тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен 20 жылдық уақыт ішіндегі ұлттық идеяның баспасөз беттерінде көтерілуі, қоғамдағы орны мен рөлі жан-жақты зерделенді. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері 1991-2010 жылдар аралығын қамтиды. Бұлай алуының себебі тәуелсіздік алғанымыздан бастап ұлт мәселесінің, ұлттық идеяның баспасөз беттерінде қандай деңгейде көтерілуін анықтау мақсатында алынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz