Өлшем мәнді тұрақты сөз тіркестері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Халық өлшемдері ұлттық тұрмыс-тіршілігінің
айнасы ... ... ... ... ... ... ... . ...5

II. Ескілікті метрология атауларының тақырыптық топтары ... ... ...20
ІІ.1 Сандық ұғымда жұмсалатын ескірген
өлшемдер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..21
П.2. Уақытқа, мезгілге қатысты
өлшемдер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІ.З. Құндылық мағына беретін өлшемдер және салмақ
өлшемдері ... ... ... ... ... 32
П.4. Жас мөлшерше және ұзындыққа қатысты
өлшемдер ... ... ... ... ... ... ... . ... ...35
П.5. Өлшем мәнді тұрақты сөз
тіркестері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 39
ІІ.6. Халықтық өлшем атауларындағы бес саусақтың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 42

III. Қазақ тіліндегі өлшемдік ұғымдардың морфологиялық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Сілтеме көрсеткен әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
8

Шартты түрде қысқартылып алынған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ...60

Кіріспе

Әлемнің ең алғашқы атаулары, адамзат қоғамының алғашқы кезеңімен
басталады. Әрбір мемлекет дамуының тарихи жолы мен қазіргі кезеңдегі
ерекшелігі оның саяси және экономикалық жағдайымен ғана емес, мәдениетінің
деңгейімен де анықталады. Қазақ дәстүрлі мәдениеті – отырықшылар және
көшпелілер өркениетін өз бойына сіңірген өзіндік ерекшелігі бар мәдениет.
Ол – қазақ халқының ғасырлар бойы жиналған асыл қазынасы, оның мінез –
қулқы мен жан дүниесі, философиялық күретамыры мен бет – бейнесі, тыныс
тіршілігі мен ғумыр нәрінің қайнары. Кез-келген мәдениетттің іргетасы тіл
болып тіреледі. Қай ұлттық да өзіндік рухани мәдениеті алдымен тілде
таңбаланады. Сондықтан да әрбір халықтың интеллектуальды ерекшелігін оның
өз тіл құрылымынан іздеу керек болады.
Кез – келген этностың тілінде қазіргі тілдік қолданыстан шығып қалған
немесе мағыналарында өзгерістер болған сөздер көптен кездеседі. Сөз
мағыналарында болып жатқан бұл құбылыс заңды болып табылады. Себебі тіл –
тарихи категория болып табылғандықтан ол үздіксіз даму үстінде. Осы
үздіксіз даму сөздердің семантикасында өзгерістерді туындатады. Бірқатар
сөздер пассив сөздер қатарына кетіп немесе мүлдем тілдік қолданыстан шығып
қалып жатса, ендігі бір сөздердің мағыналары тарылып немесе кеңейіп жатады.
Ал кейбір сөздер қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға байланысты тілімізге
басқа тілден еніп немесе өз элементтерін өзге тілге беріп жатады. Тілдің
лексикасы сол тілде сөйлеуші халықтың тілінде, мәдениетімен байланысты.
Әрбір халықтың тілінде, мәдениетінде сол халықтың тарихы, өмірі, тіршілік
көрінісі жатыр. Халқымыз өздерін қоршаған айналадағы, ортадағы әр түрлі
заттарды танып – білу үшін, сандық, кеңістік, салмақ, көлем, уақыт тәрізді
өзге де сапалық қасиеттерді анықтау үшін түрлі әдіс – тәсілдер пайдаланған.
Тақырыптың өзектілігі: жалпы алғанда тілді этносты танудың, әсіресе
интеллектуальды ерекшелігі жағынан танып білудің құралы ретінде тануға
әбден болады. Халқымыздың рухани мәдениетінің сөз, сөз тіркесі түріндегі
бұл тілдік көріністерге үңіле отырып, олардың этимологиясы мен семантикасын
анықтап, кейбір өзге тілдерден ара-тұра салыстырма деректер келтіріп,
оларды этномәдени контексте ала отырып зерттеу арқасында өз халқымыздың
қоғамдық-тұрмыс жағдайынан, салттық ерекшеліктерінен, өзіндік метрология
жүйесінен не бір құнды тілдік те, этнографиялық та талайтың мәліметтерге
қол жеткізуге болады.
Осы орайда диплом жұмысының негізгі мақсаты – тіліміздегі кездесетін
мағынасы көмескіленген ескілікті метрология атауларының семантикасын ашу.
Ол үшін жұмысына мынадай, міндеттер қойылды:
- өлшемдік атауларды қызметіне сай сұрыптау және тақырыптық топтарға
жіктеу.
- Ескілікті өлшем мәнді сөздерді салыстырмалы және этимологиялық тіл
материалдарын пайдалана отырып, генетикалық құрамын анықтау.
- Метрология атауларын халқымыздың этномәдени өміріне қатысты тұрғысынан
алып қарастыру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы – халықтық өлшем атаулары тақырыптық топтарға
бөлініп, олардың ескелену себептері жан-жақты қарастырылып отыр. Жұмыс
барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: сөздердің шығу төркінін анықтау
барысында этимологиялық әдіс, тарихи-салыстырмалы әдіс және
лексикографиялық әдістер қолданылды.
Зерттеу нысаны – тарихи шығармаларда кездесетін ескілікті метрология
атаулары.
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Халық өлшемдері ұлттық тұрмыс-тіршілігінің айнасы

Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографиясының қызықты
салаларының бірі болып саналады. Халық айтса қалт айтпайды дегендей халық
өлшемі анық өлшем десек қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бағзы
заманнан бері қолданып, сол арқылы өлшем негіздерін жасаған.
Бай да бедерлі тілімізде уақытқа, ұзындыққа, қашықтыққа, көлемге,
салмаққа қатысты өлшемдік атаулар өте көп. Дегенмен, бұл жұмыста күнделікті
сөз қолданысынан шығып қалған, мағынасы көміскеленген метрология атаулары
ғана сөз болмақ.
Қазіргі таңда мұндай ескірген атауларда тек бір кездері жазылып
қалған жыр – дастандардан, тарихи шығармалардан кездестіруге болады.
Сондықтан бұл атауларды сөз еткенде, жинаған тілдік деректер арқылы
бергенді жөн көрдік.
Халықтық метрологияға қатысты өлшем атауларының бастапқы қарапайым
үлгілері қай тілде де жалпы адамзат қоғамының алғашқы бала шағынан бастау
алады. Бұл жөнінде ғалым Е.Жанпейісов: Нумеративы по своей природе всегда
находятся в тесной зависимости от общественного уклада жизни, - дейді
1.119.
Әрбір қауым, тайпа мүшелерінің өздерінің тіршілік ортасын, айналасын
сандық және кеңістік, сондай-ақ, көлем, уақыт сияқты, салмақ тәрізді де
өзге де түрлі сапалық қасиеттері тұрғысынан сипатап дағдылануға өте ертеден
деп қойғанын және қоршаған дүниені алғашқы танып білу деңгейінің
қарадүрсмін болғанын бүгінде жекелеген этнолингвистикалық, тарихтық
деректерден байқап білуге болады. Метерология атауларын өзіндік тұрмыс –
тіршілігімен тығыз байланыстур қай халықтың болмасын тарихында кездеседі.
Мысалы, ежелгі жұңғо (қытай) жылнамаларындағы тугюлер (түркілер) шөптердің
шығуына қарап уақыт, мезгіл өлшемдерін белгіленген. Осыған байланысты
С.Жанпейісова мынадай: Они узнавали о последовательной смене лет и
отаитывали время по зазеленвшей траве... Турки говорят (еще и сейчас): Ему
три зелени – үш уанінда. Следовательно, словно уанн обазначает не
завершевшийся год, а который год возраста. 2.19.
Осы айтылғанға мына дерек те қатысты деп ойлаймыз: Қазақ жаңа жылы
дін әсерінен таза. Бұл күні ешбір құлшылық, дін әдеттер жасалмайды. БАр
болғаны – ел бір-бірімен көрісіп: - Жасын құтты болсын! – Жасын құтты
болсын! – дейді. Ауыз ақтан айырмасын, қызылды уақытымен көрсетсін, жас
құтты болсын! – деп, бата жасап тарқасады. Біздің ойымызша, жас лексемасын
бұл жерде Мағжан да сол наурыз айдағы алғашқы көк (зелень) мағынасында
қолданып отырған сияқты. 26.347. Жылды бұлай айналаға қаптап көк шығатын
осы наурыз айымен санау дағдысы ертеде қазақ тұрмысында да болған. Мына бір
деректен мысалы сондай ой туады:

Көзім жасын көрсейші.
Үш наурызды берсейші.
Үш наурызды бергенім.
Үш өтіп кеткен соң,
Уағдыға келгенім.
Екі - үш наурыз өткенде,
Сайын кетер жорыққа.
(Ер Сайын). Түркілер ертеде сандық
ұғымды таңбалаудың, танып білудің, еске сактаудың бұдан өзге де түрлі жолын
білген. Кейбірін атай кетейік: Ухуаньцы живут в круглых юртах, питаются
мясами, пьют кумыс. Письма не имели. Предводители и начальники овечьим
пометом грубо отличали число ратников. Количество требуемых людей, лошадей,
податей и скота считают по зарубкам на дереве. А для памяти вырезывали
знаки на дереве и делали узелки на веревочке. 2,20.
Осы сиякты халыктык өлшемнің, есептік ежелгі сөз қолданыстың кейбір
ізі бұрын қазак тұрмысында да болған сиякты. Қазак халқы төңкеріске дейін
көшіп - конып көшпенділік дәуірді ұзақ уақыт басынан өткізгендігі белгілі.
Олар жаз жайлауда, қыс кыстауда, күз күзекте бірден-бірге көшіп қонып
жургенде, уақыт мерзімін, ұзындык пен көлемді калай өлшеп білген деген
занды сұрау туады. Сол заманда біздің халқымыздың уақыты сағатпен, көлем
мен кеңістікті метрмен өлшеуге әлі онша дағдыланбаған, үйренбеген кезі еді.
Бәлкім, сол кезеңге бұл өлшемдердің көшпенділік тұрмысқа соншалықты қажеті
де болмаған шығар. Қалай дегенмен, сол заманның тұрмыс тіршілігіне лайық өз
өлшемдері болғанғын тілдегі өлшемдік ұғымды білдіретін кырулар сөздер мен
тұрақты сөз тіркестер арқылы танып білуге болады.
Кез-келген халыктың өз тарихы, әдет-ғұрпы, әдебиеті, мәдениеті,
өзіндік өркениеті өлшем атауларына да қатысты болып келеді. Ал, оны
ұрпақтан ұрпакка жеткізуші - тіл. Ол халкъімыздың тұрмыс - тіршілігімен
тығыз байланысты. Осыдан қазақ тілінде мезгілдік мағыналы білдіретін бие
сауым, ет пісірім, боз торғай шырылдағанда т.б. кеністік өлшемдерге: әудем
жер, асымет, бір жұтым, бір шөкем, бір үзім т.б. атаулар қолданылған.
Сондыктан, бүл зерттеу халкымыздың ежелгі тарихынан көптеген хабардар
беретіні анық. Бұл жөнінде Б.Қарағұлованың Қазақ ескіліктерінің тілегі
көрінісі атты еңбегінде былай делінген: Шынында да тілдің сөздік құрамы
әр халықтың өз тарихының, өз түрымысының, өз мәдениетінің онын дүниелік
(материалдық) және рухани қазынасының айнасы сияқты болып есептеледі.
Өйткені, өмірдің сала - саласындағы құбылыстардын, бәрі де тілдің сөздігіне
іздерін тастап, оған тиісті сөздерді куә етіп, дақ қалдырып отырады.
33,4.
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемінің
атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың
сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен сыртқы
терендігі, қаттылығы мен жұмсақтығы - бәрі түйсікке әсерін тигізетін
құбылыстар.
Мәселен, өлшем бірліктерін білдіретін қазактың көне сөздері өте көп
кездеседі. Адамзат дүниесі дән өлшейтін мысқалдан бастап, астық өлшейтін
шойын таразыларға толы Тарих дегеніміз - адамзаттың кең арналы тәжірибесі,
адам баласының ғасыр айдынында жүздесуі , - дейді Марк Биок 14.23.
Расында да, мұқалуды білмейтін сөзді немен салыстыруға болар еді?
Мысалы жұп сөзі алайықшы, тең дегенді білдірмейме? Тау болса, ойпат
неге болмасқа? Адамзат ана мен әке болып тең бөлінеді. Яғни, әлем қарама -
қарсылықтан жарытылған.
Талай ғасыр көшіп артқа тастап, кең дала төсінде мал бағып,
ұзақ күнді, айлы түнді жұлдызды аспан кұшағында өткізген бабаларымыздың
табиғат құпиясын байқаудан немесе өмірден түйген түсінігі нәтижесінде
қалыптасқан зіндік өлшемдері ана тілі байлығымыздық бір бөлігін құрайды.
Дүниеде бар құбылыстың, заттың, тіпте табиғаттың да өзіндік мөлшері бар.
Бұрынғы ата - бабаларымыз өздерін қоршаған ортадан, төңіректегі заттардың
бітімімен, мал өрісінен, тіпті адамның дене тұрқын да сандық және
салыстырмалы түрде өлшемдік атаулар берген. Мысалы, күнге қарап уақытты
шамаласа, жұлдызға қарап жол тапқан. Әр түрлі құбылыстардың кеңістікте өту
мөлшері кеңістік өлшемдері ретінде қызмет еткен. Кеңістік өлшемдеріне тілде
кез келген заттар мен құбылыстардың атаулары емес, сол тілді қолданушы
халықтың шаруашылығына, күнкөрісіне, тұрмысына, негізгі кәсібіне тікелей
қатысты заттар мен құбылыстардың атаулары негізгі алынған. Мысалы, халықтың
ертеректегі негізгі шаруашылығы - мал өлшемдеріне негіз етіп алынып, қозы
көш жер, тай шаптырым жер, айшылық жол тәрізді сөз тіркестері пайда болған.
Ескілікті өлшем атауларының көптігі жері де, дархан көңілі де кең,
халқымыздың тілге де бай екендігін көрсетеді.
Қ.Жұбанов: Қатар тұрған екі ағаштың біреуін құлаштап өлшеп, елу қарыс
екенін біліп, онан кейін бұл екі санды қосып, екі ағаштын, ұзындығы - елу
бес қарыс деуге де, елу бес құлаш деуге де болмайды. Өйткені, мұндағы елу
бес саны өлшеулерден пайда болған қосынды емес, әр түрлі өлшеуден
құралған... Егер бұл екі ағаштың екеуін қосқанда, қандай ұзындық пайда
болатынын санмен көрсеткеңіз келсе, не қарыстай ғана, не тек құлаштап қана
өлшеп, не карыстап өлшегенде құлашқа, құлаштап өлшегенде қарысқа
айналдарған соң, неше құлаш, неше қарыс айтуға болады, - деп өлшем
атауларына сипаттама береді. 2.306.
Тілге жүйрік, сөзге шапшаң халқымыз нақыл сөздерде, мақал -
мәтелдерде де метрологиялык атауларды жиі қолданған. Мәселен: Екі елі
ауызға, төрт елі қакпақ, Өтіріктің құйрығы бір - ақ тұтам , Ауру
батпандап кіреді, мыскылдап шығады , Көңіл азып, тон тозса, берген көйлек
кез болар т.б.. Академик Ә. Қайдаров тілдің осы шежірелік кыры мен
танымдык қызметі туралы былай дейді : Этностың (бүгінгі ұлыстың, не
халықтың) тілінде оның басып өткен бүкіл ұзак өмірінің өрнегі жатыр.
Халыктың, яғни этностың шын мәніндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек
тілінде ғана сақталады. Әр түрлі заттың, құбылыстың аты - жөні, сыр-сипаты,
қоғамдық қатынастар, әдет - ғұрып, салт - сана мен дәстүрлер жайлы
мағлүматтардың бәрі кейінгі буынға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни
тілдегі сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизм мен мақал-мәтелдер, аңыз-
ертегілер арқыілы келіп жетуі мүмкін4.21
Жоғарыдагы көрсетілген тілдік деректерден халқымыздың тұрмыс -
тіршілігімен байланысты көптеген өлшем атауларын кездестіруге болады. Бұл
құбылыс тек біздің халқымыздың тіліне ғана тән емес. Біздің ойымызша, өлшем
т.б атауларды әр халык алғашкы кездері өздерінің күнделікті тұрмыс
-тіршілігіне, салт - дәстүріне байланыстыра атқан. Осы жерде өлшем
атауларының кірме қабаттары жөнінде де айта кеткенді жөн көрдік. Тіл томға
түйык өмір сүрмейтіні анық. Қоғамдағы әлеуметтік, эконкомикалық т.б.
байланыстарға байланысты бір тілден екінші тілге тілдік элементтер ауысып
жататыны белгілі. Бұл да халқымыздың тарихынан мәлімет береді. Кірме
сөздерге араб және парсы, монгол, қытай, орыс тілінен енген сөздер жатады.
Түркі тілдеріне, әсіресе, оның ішінде қазақ тілінде елеулі әсер еткен, оның
лексикалық қорына айтарлықтай әсер із қалдырған тілдердің бірі - араб -
парсы және иран тілдері болып есептеледі. Өлшем атауларына байланысты кірме
сөздерге батпан, сере,пұт, қыруар т.б. келтіруге болады. Алайда,
қоғамымыздың, тіліміздің дамуына байланысты аталмыш атаулардың орнын
қазіргі кезеңде басқа жаңа атаулар басып жатыр. Бұл - заңдылық. Өлшем
атауларын зерделей келе, олардың халқымыздың тұрмыс - тіршілігінен,
мәдиенетінен, тарихынан т.б. мәлімет беретіні анық. Қазіргі қазақ тілімізде
өлшем атауларына қатысты көптеген еңбектері бар. Мысалы, Е.Жанпейісов
Этнокультурная лексика казахского языка атты еңбегінде М, Әуезов
шығармаларында кездесетін өлшем атауларына жан - жақты зерттеулер жасаса,
С.Е.Жанпейісов пен Б.С.Қарағұлова ескілікті метрологиялық зерттеулер
жасаған. Сонымен қатар, ескілікті метерология атауларын Ә. Нұрмағанбетов,
Ә. Қайдаров, Ш. Сарыбаев т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.
Ежелгі тіл білімі заманынан бері анықталып келе жатқан оның ең
негізгі мәселесі - тіл мен ойдың байланысы. Ал, тіл арқылы берілетін ойдың
ар жағында сол тілде сөйлеушінің танымы, мәдениеті, психологиясы, өмір
тәжірибесі т.б. рухани-прагматикалық жүйесі жататыны белгілі. Демек, тіл
қызметін сол тілде сөйлеушінің жан-жақты қызметі мен болмысынан тыс қарау
мүмкін емес. Ал, ол қызмет тілдін ұжымдағы коммуникативтік қызметімен ғана
шектелмейді. Себебі, сол ұжымды үйымдастырушы, біріктіруші және жаңа ұрпақ
ұластырушы да тіл қызметі. Яғни, тілдік ұжымға тіл коммуникативті-
прагматикалык қызметпен қатар танымдық, құжаттық (кумулятивтік) т.б.
қызметтер атқарады. Мемлекеттік мәртебеге ие тілде бұл қызметтер ерекше
сипатта көрініс табуы тиіс. Олай болса, қазак тілінің жан-жақты коғамдық,
әлеуметтік қызметін негіздейтін, дәлелдейтін, айқындайтын, жаңғыртатын,
жандандыратын аркауын анықтауды мақсат ететін жаңаша сипаттағы
антрополингвистикалық бағыт қазақ тіл білімінде де өріс алуы қоғамдык
қажеттілік. Себебі тілдің тек құрылымдык жүйесіне негізделіп, тілдің жалаң
да жалпы сипаттағы коммуникативтік қызметінің ғана көрсетілуі тілдің
қазіргі қазақ қоғамында мемлекеттік тіл ретінде толыққанды кызмет етуінің
шын мәніндегі әлеуетін ғылыми негізде түсіндіріп, әлеуметтік сұранысқа
ғылыми тұрғыдан жеткілікті жауап бере алмай отыр. Оның себебі коғам
өзгеруі, онымен байланысты сана жаңғыруы рухани құндылыктарымызды бағалауға
қатысты бұнын қалыптасқан кағидалары мен ғылыми зерттеу нәтижелеріне де
ұлттык таным мен мүдде тұрғысынан қарауды қажет етеді. Осы орайда
функционалды-жүйелік парадигманы антропоөзектік парадигма ығыстыра
бастағаны байкалып отыр. Бірақ ол дәстүрлі тіл білімінің құнды нәтижелерін
теріске шығармай, керісінше, тілді зерттеу тарихындағы екі
тілдік пардигма бірін-бірі толықтыратын, жалғастыратын сипатта1
дамуы тиіс. Осымен байланысты тіл қызметін кешенді сипатта карастыруды
мақсат еткен, казіргі тіл білімінің құнды нәтижелерін теріске шығармай,
керісінше, тілді зерттеу тарихындағы екі тілдік парадигма бірін-бірі
толықтыратын, жалғастыратын сипатта дамуы тиіс. Осымен байланысты тіл
қызметін кешенді сипатта карастыруды мақсат еткен, казіргі тіл білімінің
жаңа салалары - когнитивтік лингвистика, казіргі тіл білімінің жаңа
салалары - когнитивтік лингвистика, коммуникативтік (қатысымдық)
лингвистика, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика т.б. казіргі казак
коғамындағы рухани-әлеуметтік сілкіністер нәтижесінде жаңарған ұлттық сана
мен ұлттык бірлікті, оның рухани дамуын камтамасыз ететін, сатериалдық
өндірісін бейнелейтін, танытатын күшті кұрал ұлттық тіл екенін дәлелдеуге
кызмет етеді. Басқаша айтқанда, олар тіл туралы онтологиялык көзқарасты сол
тілде сөйлеуші халыктың жан дүниесімен, ой-санасымен, соның ішінде тарихы
мен мәдениетімен тығыз байланысты қараудың теориялык-әдістанымдык негізін
құрайды.
Өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен алатын осы
антрополингвистикалык көзкарас қазіргі лингвистикалык зерттеулер мен
экстралингвистикалық көзқарас қазіргі лингвистикалык зерттеулер мен
экстралингвистикалык факторлардың әсерімен жаңа сапада кайта жаңғыртуда.
Бұл көзқарас алғаш реті XIX ғасырда пайда болғанда, ХҮІ-ХҮШ ғасырларда
ұсынылған логикалык бағыт пен универсалды грамматикаға қарсы, яғни негізгі
назарды тілдің ішкі формасына аударған лингвистикалык ілім ретінде
қалыптасты. Оның негізін салуніы - көрнекті неміс лингвисі В.Гумбольдт.
В.Гумбольдттың пікірінше, ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар,
сол рухтың ерекшелігін сыртка шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпакқа беруші күш
- тіл. Бұл қагида В. Гумбольдттың философиялык-лингвистикалық
бағдарламасының негізін құрайды. Ол В.Гумбольдттың тілді адамның ойы мен
санасы, мәдениеті және рухани өмірімен тығыз байланыста қарайтын тіл
философиясына сай келеді. В.Гумбольдтың лингвистикалық бағыттары
(концепциялары) тілдің табиғаты мен тегі, тіл мен ойлаудың халық рухымен
байланыстылығы туралы И.Гердердің идеяларына сүйенеді. Тіл мен рух
В.Гумбольдтың пікірінше, біртұтас ұғым: Человек весь не укладывается в
границы своего языка, он больше того, что можно выразить в словах; но ему
приходится заключать в слова свой неуловимый дух, чтобы скрепить его чем-
то, и использовать слова как опору достижения того, что выходит за их
рамки [4,349].
А.С.Чикобаваның көрсетуінше В.Гумбольдты: - философиялық теориясын
одан әрі қарай жалғастырған М.Лацарус, В.Вундт рух, халыктық рух деген
ұғымдарын психикаға айналдырып, халыктар психологияеы деген бағыттың
негізін салды. Ол бағытқа сай тілдің ішкі формасы - психологиялык процесс,
ал мақсаты - халықтың психикалық (рухани) қызметі деп анықталады.
М.Лацарустың айтуынша: Подлинно человеческая жизнь человека, духовная
деятельность человека возможна лишь в обществе; дух - это совместное
порождение человеческого общества [5,22]. Осыған сабақтас қазіргі
этнопсихология халыктардың ұлттық ерекшелігінің негіздерін, себептерін,
дамуын ия жоғалуын ашуға тырысады. Нақты айтканда, ұлттық мәдениеттің
құралы, таңбасы ретіндегі тіл табиғатының жан-жакты ашылуы ұлттык
психологияның мәліметтерімен тығыз байланысты болып келеді. Әрбір этностық
ұжымның тарихи тәжірибесі негізінде қалыптаскан психикалық өмір салтының
сипаттарын зерттейтін этнопсихология саласы ешкімде (басқа ұлтта, этноста
т.б.) кайталанбайтын рух ерекшелігін өз зерттеу нысанына тірек етеді. Соның
негізінде этнопсихологиялык зерттеулер ұлттык мәдениті жасаушылардың
психологиялык ерекшеліктерін есепке ала отырып, кез келген ұлттык
мәдениеттің өзіне ғана тән отырып, кез келген ұлттық мәдениеттің өзіне ғана
тән сипатын ашып көрсетеді. Мысалы, қазак ұлттык мәдениетіне катысты оның
айкын көрінісі - казақтың қонакжайлығы мен дарқан мінезі. Оны айғактайтын
тілдік қазынадағы деректердің сан-салалы айшықты жүйесі белгілі.
Ал, XX ғасыр басында В.Вундт халықтар психологиясын одан әрі қарай
дамытып, оны тіл білімінің методологиялық негізі ретінде қалыптастыруга
тырысты. Атап айтканда, В.Вундт күрделі интеллектуалдық процестер,
эмоциялар, сезімдік иірімдерді зерттеу басқаша әдісті кажет етеді деп
есептейді. Себебі лабораторияда тәжірибе арқылы діни ия моральдық т.б.
сезімдерді туғызу мүмкін емес. Мұндай күрделі психикалык процестер адам
қауымының тарихи өмірінде: тілде, аңыздарда (миф) 6 әдет-ғұрыптарда дінде,
өнерде өз іздерін қалдырады деп, В.Вундт соларды зерттейді де, оны былай
түсіндіреді: К мифам примыкают зачатки религии и искусства, к обычаям -
зачатки и общие формы развития права и культуры [6,25].
Бұл тұжырымдарды ұлттық тілді зерттеудің бірден-бір негізі деп
санағанмен, ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің дамуын, ұлттык тілдің үлттық
рух біріктірген ұжымда қалыптасуын түсіндіруде, ерекшеліктерін бағалауда
ескеруге болады. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңгырып, салт-дәстүрлеріміз қайта
жанданып жатқан қазіргі казақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс
бағалап, негізін түсіну үшін ұлттық тілдің дамуының ішкі формасынан
туындайтын жалпы зандылықтарды жеке адам, ерекше тұлғалардың психикасымен
және оның жалпы ұлттық санаға әсерімен байланысты түсіне білудің маңызы
зор. Себебі салт-дәстүрлер жай қолданбалы нәрсе ия науқандық, мерекелік
көрнекі құрал емес. Олардың шығармашылық сипаты - үлтты рухандырып, оның
ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Демек,
ұлттың дүниетанымымен сабақтас қалыптасқан материалдық өндіріс пен тұрмыс
күйі де әркімнің жеке басының жағдайына байланысты күй емес. Ол - халықтың
әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмысттық, дүниетанымдық негізін-ұлттық
санасын қалыптастыратын құбылыс. Оның негізгі бір сипаты - оның
тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа
беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінін желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіледі. Әртүрлі ұрпақ өкілдері бір ұлтты құрайды. Бұл бағыттың
Ресейдегі көрнекті өкілі - А.А.Потебня. В.Гумбольдттың пікіріне сүйеніп,
А.А.Потебня тілді ойды туғызушы тетік деп, яғни тілде о бастан шығармашылық
мүмкіндік бар деп түсінеді. Сонымен бірге ол тіл оқшау тұрған құбылыс емес,
ол халықтың дүниетанымымен, мәдениетімен біртұтас байланыста деп санайды.
Себебі, халық - тілді жасаушы, тіл - халықтың рухтың жемісі, сондықтан
тіл ұлттық ерекшелікті көрсетеді деп қорытады [7,155-156]. Демек, тілге,
- білікті ғалым М.Арын анықтағандай, жай әншейін ғана бір ойды айтып беруші
деп қарамау керек. Ол - ең әуелі сол ойды құрап беруші. Қарағанда ұлттық
ерекшеліктерді ескеріп барып, құрап беруші орган [8,15]. Сондықтан да
ғалымның пікірінше, ұлттық рухтың ең бір абыройлы қызметі -тілді
рухтандыру. Бірақ тіл білімінің әрі қарай даму барысында тілді, негізінен,
таңбалық жүйе деп қарау және сол кезеңде қатты дами бастаған дәл
ғылымдардың әсерімен тілдік бірліктердің құрылымы мен қызметіне ерекше
назар аудару, ішкі форма, семантика мәселелерін өзекті зерттеу нысандары
қатарына ығыстырып шығара бастады. Соның нәтижесінде тілдің негізгі мәні
ретінде оның қарым-қатынас құралы қызметі бағаланып, оның танымдық,
руханилық қызметіне дұрыс мән берілмеген кеңестік тіл білімінде
В.Гумбольдттың ілімін қайта жаңғыртып, өз еңбектерінде тілдердің ұлттық
ерекшелігіне қатты көңіл бөлген неогумбольдианттық бағыттың көрнекті
өкілдері Э.Сепир, Б.Уорф, И.Вейсгербер т.б. еңбектеріндегі көзқарастарына
идеалистік деген біржақты баға берілді [9,123]. Нақты айтқанда, XX ғасыр
басындағы тіл білімінің дамуы негізгі назардын, субстанциялық көзқарастан
құрылымдық-функционалдық көзқараста аууымен сипатталады. Соған орай тілдік
кұрылымының субстанциядан салыстырмалы тәуелсіздігін толық тәуелсіздік деп
таныған түсінік кең етек алды.
Тіл білімі тарихының бір кезеңнен көрсететін осы бағыт, атап
айтқанда, структурализм бағыты негізінен Фердинанд де Соссюр есімімен және
оның Жалпы тіл білімінің бағыты атты еңбегімен байланыстырылады. Онын
негізгі мәні Тіл субстанция емес, тіл - түр, тұлға дегенге саяды
[10,120].
Яғни, Ф.де Соссюрдіқ пікірінше, тіл деген ұғымға тілдің мәндік
(субстанция) кабығынан бөліп алынған кұрылымы және дыбыстық материя ғана
кіреді. Дыбысталудың өзі де бұған кірмейді, себебі ол тілге емес, сөзге
(речь) қатысты. Осылайша тілді таза құрылымдык кұбылыс деп қарайтын
ғалымның пікірінің кейде бірізділігі жойылып, қайшылыкка ұшырайтын тұстарын
да көреміз: Материальная единица существует лишь в меру своего смысла, в
меру той функции, в которою она облечена... - деп, тілді таза форма,
құрылым дей тұра, оның ойлау дыбыстың арасын жалғастыратынын мойындайды
[10,133].
Тілдің сыртқы тұлғасына, кұрылымының ерекше көңіл бөлген Ф.де
Соссюрдың ілімі тілді синхрондық тұрғыдан зерттеуді күшейтіп, диахрондык
жағынан қарастыруды әлсіретті. Сондықтан жоғарыда атап көрсетілген тілді
зерттеудің жаңа бағыттарына, біздің ойымызша, тілдің ішкі мәнін негіз деп
санап, тілді жүйелі кұбылыс немесе таңбалық жүйе деп қарайтын ғалымдардың
пікірі аркау болмақ [11].
Сонымен, тілдің ішкі формасы мен мазмұнын, халкымызға тән рухани
қазынасын бойына сіңіріп, сақтаған тілдік деректердің бүгінгі ұрпаққа
жеткізілген құдіреті - тілдің кумулятивтік (мұрагерлік) қызметімен
байланысты. Соның негізінде ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттык мәдениеттің
тіл арқылы танылуының теориялық мәні тарихи лексикология мен тарихи
морфологияға, этнолингвистика мен лингвомәдениеттану және елтануға тікелей
қатысты болса, ал түсіндірме, этимологиялык, екі тілді аударма сөздіктер
жасауға, олардың мазмүнын неғүрлым сапалык жағынан жетілдіре түсуге,
сонымен бірге мұражайлардағы коллекциялар мен этнографиялык экспонанттарды
түсіндіріп, паспорттауға, елтанушылық қызмет пен қазак тілін окытып,
үйретуге қатысты бұл бағыттың практикалык құндылыгын бағалауға болады.
Сайын келгенде, тілдің тек танымдык-мазмүндык жағы ғана ашылып қоймай,
сонымен бірге мемлекеттік мәртебеге сәйкес қазақ тілінің бұрын
толық көрінбеген қырларының коммуникативтік әлеуеті де ашыла түседі.
Осыған сай халқымыздың рухани өрісімен сабақтас қалыптасқан,
кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпакка мирас болып беріліп келе
жатқан ана тіліміздің мәдениетке қатысты үшан-теңіз қазынасының тілдік
табиғатын зерттеу негізінде олардың ұлттық болмыс-мазмұнын аныктау - қазақ
тіл біліміндегі өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселелердің шешімін табуы
мынадай міндеттердің орындалуын қажет етеді:
а) төл мәдениетіміздің өткен дәуірлерінен елес беретін көне тамырлы,
ұлттық бояуы қалың алуан түрлі атаулар мен ұғымдарды эпостық жырлардан,
акьш-жыраулар шығармаларынан, фразеологиялық тіркестер мен диалектілік және
кәсіби лексика құрамынан, паремиологиялық жүйеден, прецедентті, сакральды
атаулардан т.б. жиып көрсету.
ә) этнолексика түрінде сақталған осындай үшан-теңіз байлықты кез келген
жеке тілдік фактіге байланысты емес, белгілі бір қарым-қатынастар мен
байланыстардағы кәсіби, әлеуметтік, гендерлік т.б. мағыналық-тақырыптық
топтарга жіктеу.
б) эпостағы ия акын-жыраулар өмір сүрген дәуіріндегі, не фразеологиялық
т.б. тіркестер мен диалектілік ия кәсіби лексикадағы қолданылу өрісіне
байлансты семантикасы өзгерген сөздерге функционалды-семантикалық,
ономасиологиялық талдау жасау.
в) семантикалык, грамматикалық даму барысында, колданылу аясында
көптеген өзгерістерге ұшыраған мәдениетке қатысты этнолексика жасалға
тарихи-лингвисикалық реконструкцияны мәдени реконструкциямен сабақтастыру.
г) мәдени атаулардың этногенездік тарихи көздерін жаңғыртуда
көне түркі ескерткіштері мен түркі тілдері жүйесінің тарихи
қабаттарын тіл аралық салыстыру аркылы аныктау.
ғ) кейбір мәдени атаулардың архетиптерінің өзегін құрайтын тарихи туынды
түбірлерде сүрленіп калган өлі түбірлерді фоно-морфо-семантикалық
құрылым негізінде диахрондық тұрғыдан сипаттап, уәждік негізін тарихи
деривация мен номинация шегінде анықтау.
д) мәдени атаулардың номинативтік және этимологиялык кырларының
қалыптасу қағидаларын аныктау.
Қазіргі тіл білімі даму деңгейінің сан салалы теориялық ұстанымдары
бүтінгі күні тілдік зерттеулердің бағыт-бағдарын жаңаша анықтауға, жалпы
және жеке лингвистика шеңберіндегі маңызды тұжырымдар жасауға мүмкіндік
береді. Осыған сәйкес тілдің қоршаган әлеммен, адам факторымен
сабақтастығын зерделеу қазіргі қазақ лингвистикасының халықтық сипаты мен
әлемдік ғылым деңгейіне көтерілер биігін бір арнада тоғыстырады. Осыған
орай, ұлттық тіл ғылымының тілтанымдық-теориялық қоры мен әдіснамалық
ңегізі жаңа бағыттарға сай құнды зерттеулердің ғылымдар тоғысында дүниеге
келуін, сабақтастығын қамтамасыз етер алғышарттар ретінде сипатталады
(Қ.Жаманбаева,Э.Оразалиеа, Б.Тілеубердиев, М.Күштаева, Н.Аитова, М.Қожаева,
Н.Шаймердинова т.б.).
Осы тұтастықта қарастырылатын тілдің табиғатын адамның
мәдени, рухани, әлеуметтік, психологиялық болмысымен, оның қимыл-әрекетімен
ұштастыра талдаған қазақ ғалымдары соңғы кезде таным мәселесіне ерекше
назар аударып, ұлт пен тіл біртүтас деген қағидаға сәйкес
қазақ тіл білімінде антропоөзектік бағытты қалыптастыруда. Осымен
байланысты қазақ тіл біліміндегі құрылымдық жүйені тілді зерттеудің жаңа
үрдісіне сай анықтаған соңғы зерттеулерде қазақ тіл білімінің танымдық
бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық
ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу, сол арқылы когнитивтік
парадигманың қалыптасу және даму өлшемдерн анықтау қазақ лингистикасының
өзекті мәселелері деп қарастырылады, - деп бағаланған [12,3].
Сонымн, қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне
сәйкес тіл біліміндегі зерттеулер бағытыынң кешенді де интеграциялық
сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор. Оның нақты
көрінісі - ғаламның тілдік бейнесін ұлт тілі арқылы зерттейтін
этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының теориялық-әдістанымдық
негіздері В.Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Н.И.Толтой, Ю.Н.Караулов,
А.Вежбицкая, В.Маслов т.б., қазақ тіл біліміне Ә.Қайдар, М.Копыленко,
Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, К.Хусайын, Н.Уәли, Г.Смағүлова, Р.Авакова,
А.Ислам, Е.Керімбаев, Р.Шойбеков, М.Малбакаров, Қ.Кайырбаева т.б.
еңбектерінде жасалған. Яғни, кез келген тілдегі ғалам бейнесі екі жақты
сипатқа ие: бір жағынан, кез келген тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге
көзқарасымен байланысты болса, екінші жағынан, нақты әр тілдегі әлем
моделіне әлеуметтік-мәдени қоғамдағы ұлттық әлем бейнесі жалғасады.
Осының нәтижесінде жеке тіл өзіндік сипатқа ие болады. Сондықтан ғалам
бейнесі мәселесі адамның елестетуі мен санасындағы әлемді көру мен
суреттеуіне негізделеді. Осыған байланысты Г.В.Колшанский: Тіл адам
санасынан тыс әлемді бейнелей алмайды, өйткені ол объективті дүниенің
бейнесі ретіндегі субъективті әлемді бейнелейді. Тіл әрі объективті, әрі
субъективті. Ол әлемге және адамзатқа қатысты екі жақты
субстанция [13,26], - дейді. Ал адам өзінің әлемге деген көзқарасын,
дүниетанымын, өзіндік әлем бейнесі тілдің қызметі арқылы қалыптастырады.
Әрбір тілдің ішкі өзгешеліктері өзгеше қалыптастырады. Әрбір тілдің
өзгешеліктері бар болғандықтан, әрбір тіл өз ерекшелігімен әлем бейнесін
өзгеше қалыптастырады. Демек, қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени
қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр
тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі
мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған
таңбалық жүйе емес, ол - мәдениет айнасы.
Осы арада мына жайды атап өткен жөн деп санаймыз. Шын мәнінде, олардың
бастау көздері ретіндегі В.фон Гумбольдт, Э.Спир т.б. идеяларына сәйкес,
сабақтас пікірлерге, теориялық қағида сипаттағы ғылыми нышандарының
көріністеріне қазақ тіл білімінің, мәдениеттануының негізін салушы
ғалымдардың еңбектерін зерделеу барысында тап боламыз. Атап айтқанда,
Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, Ә.Марғүлан, М.Әуезов т.б. еңбектерінде тіл мен
мәдениет сабақтастығына ерекше назар аударылған. Мысалы, проф. Қ.Жұбанов
тіл арқылы халықтың тағылымдық мүраты мәдени әрі тілдік мұра ретінде
сақталанын және этностың әр дәуіріндегі ұрпақ өкілдеріне тіл мен мәдениетті
табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні туралы сол кездердің өзінде-ақ
болжам айтқан. Ғалымның: Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі- түрлі болған соң,
олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады,
бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты [14,93] деген пікірі
ұлт мәдениетінің ұрпақ жалғастығын сипаттаса, ал мәдениет жай өмірдің
туындысы емес, белгілі бір қоғамда өмір сүрген рухани әрі материалдық қоры
бар іргелі елдің өмір тіршілігінің қажетті туындысы деп қарауын: Мәдениет
-қазанның күйесінше жұғатын нәрсе емес, мәдениеттің белгілі сатысын
көксегендей жағдай тумаған болса,... жоғары мәдениеттің өзі келіп ауызға
түспейді [14,325] деген пікірінен көреміз. Осы тұрғыдан проф. Қ.Жұбанов
зерттеулерінде күн көру, күн байыды, күн батты, ұмай ана, безгегі ұстады
т.б. сөздердің қалыптасуының тек онтологиялық сипаты ғана емес, уәждік
негізі, уақыт пен кеңістік контексіндегі этнотанымдық табиғаты да ашылган.
Тіл мен ұлт біртұтас деген қағида ежелгі мәдениет көріністері, әртүрлі
салт-дәстүрлердің тіл арқылы сақталып жетуі арқылы ұлтты тұтастырушы,
жалғастырушы қызметімен дәлелденіп, анықталады.
Тіл мен мәдениеттің байланысы лингвомәдениеттану саласының өзегін
құрайтын белгілі. Лингвомәдениеттану пәнінің басты мақсатын ғалым В.Телия
былайша анықтайды: Тіл мен мәдениеттің өзара қатынасын қазіргі заман
мәдени ұлттық сана-сезім тұрғысынан қарастырып, оның тілдегі көрінісін
зерттеу және сипаттау[15,18].
Демек, лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдегі көрінісін синхрондық
тұрғыдан сипаттайды. Осымен байланысты лингвистикалық реконструкция мәдени
реконструкциямен сабақтасады. Себебі ежелгі дәуір
адамдарының әртүрлі әлеуметтік-тарихи кезендеріндегі өкілдерінің айналадағы
дүние туралы алуан түрлі сырын, мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін
көрсеткен тіл деректері, кейбір көне этномәдени сөз колданыстары бүгінгі
заманға халкымыздың бай ауыз әдебиеті, ескіліктері, көркем әдебиет
мәтіндеріндегі ұлттык-мәдени компоненттері т.б.шығармашылык көздері
арқылы келіп жетті. Сондыктан көне тілдік деректер халқымыздың ұзак
этномәдени даму жолын, материалдык және рухани құндылыктарын, түп-тамырын
неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызы таным тетігі ретінде
зерттеледі.
Осы арада материалдық мәдениет атаулары да рухани мәдениетпен қатар
адамдардың тіршілік мұқтаждылыктарын өтейтінін атап өткен жөн. Сондыктан
материалдык мәдениет пен рухани мәдениетті бір-бірімен өзектес, бүтіннің
екі жағы деп қарауға болады. Өйткені адамды коршаған табиғат пен өмір
сүруші субъектінің қатынасы барысында айналасындағы дүниені танып, өз ақыл-
ойының елегінен өткізіп, табиғаттың затын өз затына өндеп айналдыру - зор
еңбектің көрінісі. Бұл, түптеп келгенде, заттық мәдениеттің дүниеге
келуінің негізгі шарты. Бұл өз кезегінде сол қоғамның этикалық, әлеуметтік,
эстетикалық, символдық тәжірибесін көрсететін заттық атаулардың рухани
өмірімен байланысын материалдык мәдениет өнімдері рухани кажеттіліктерден
туындайды деген пікірді нақтылай түседі. Ол туралы акад. Н.И.Толстой:
Халыктың рухани мәдениеті оның ана тілінде, говорларда, салт-дәстүрінде
материалдық мәдениет атаулары арқылы да танылады. Оларды біртұтас деп қарау
қажет деп көрсетеді [16,21].
Рухани мәдениет арнасының заттык мәдени атаулармен тығыз байланысын,
тіпті бір-бірінің тууына себепші болғандығын халқымыздың көптеген
дәстүрлерінің шығуымен де дәлелдеуге болады. Мысалы, халқымызда сәби
дүниеге келгенде кигізетін ең бірінші киімі – ит көйлек. Немесе, сәукеле
-ұлттык бас киімдер ішінде ең бағалы, ерекше салтанатқа арнайы тігілетін,
калындық елінің байлығын танытатын, материалдық сипаттағы ғана бұйым емес,
сонымен бірге бір елдің әлеуметтік тұрмысынан хабардар ететін, халқымыздың
мәдени өмірімен елес беретін және жұртымыздың әсемдік әлеміндегі
эстетикалық талғамын көрсететін, әйел адамның әлеуметтік өмірдегі орны мен
жас ерекшелігін танытатын сәнділігімен, байлығымен ерекшеленетін бас киім
[17,68].
Демек, заттық (материалдық) мәдениеттің мәні дегеніміз адам әрекетінің
нәтижесінде заттандыру. Оның ішкі мәні соны тұтынушы коғам өкілдерінің
санасында, рухани дүниесінде.
Осы тектес этномәдени атауларды талдау негізінде мәдениет ұғымының
тілге қатысты мәнін былай түсіндіруге болады; кез келген үлттық мәдениеттің
негізі - ортақ тілде сөйлеп, ортақ мүдде мен қағидаларға сай өмір сүріп,
әрекет ететін этноұжымда және рухани кеңістігі. Олай болса, тіл -үлттық
тірегі, ұлт мәдениетінің негізі деген қағидаларға сәйкес тіл мен мәдениет
арасындағы байланыстың арқауы сан ғасыр өтсе де бар асылып өз бойында
сақтап, еш шашаусыз жиып, болашаққа жеткізетін тілдің құдіреті -
кумулятивтік қызметі негізінде шешіледі. Нақты түрдегі оның тілдік
көріністері; материалдық мәдениет (тұрақ, киім, тамақ, тұрмыс бұйымдары,
еңбек құралдары т.б.) және ұлттык тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа сақталып,
жеткізілетін рухани мәдениет (салт-дәстүр, өнер, дін, тәлім-тәрбие, көркем
мәтін т.б.) және ұлттық психология, таным түрғысынан жасалатын рәміздік
жүйе, сакрализация тәсілімен сақталған өнер, археология туындылары т.б.
атаулары.
Демек, әр этностың өмір сүру сипаты ұлттың рухани ерекшеліктері, ойлау
ұғымдары мен бағыт-байламдарын сипаттайтын тілдік жүйесі арқылы ана тілінде
сақталады. Ол - әр халықтың материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайына
байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін, ұжымның жадында
жинақталған жүйе (Ю.М.Лотман). Олай болса, мәдени атауларының жүйелі
тілдік көрінісін мәдениеттің метатілі деп қарауға болады. Бұл ыңғайда
мәдени лексика Ю.М.Лотман, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Ә.Т.Қайдар,
Е.Н.Жанпейісов, Р.С.Сыздык, Е.Қ.Жұбанов, Р.Шойбеков т.б. зерттеулеріне
арқау болуда. Ал осы мәдени мұраның немесе мәдениеттің метатілінің танылуы,
халык игілігіне асуының негізгі тірегі тілдің коммуникативтік қызметімен
тікелей байланысты. Сол аркьілы әрбір ұрпақ өкілі ақпараттарды қабылдап,
танып, мәдени мұраны игеруде ұрпақтар жалғастығын іске асырады. Міне, осы
арада мәдениет игіліктерін өндіруші мен тұтынушыарасындағы мәдениетаралық,
танытушылык қызметті проф.Қ.Жүбанов сынды ғалымдарымыздың зерттеулерінен
басталған тіл ғылымы атқарады. Осы мақсатта қарастырылатын тілдің танымдық-
мұрагерлік қызметі негізінде сан ғасыр құпиясын бойына сақтаған этнотіддік
деректерді сан ұрпақ танитын ана тілінің қорында мәңгілік сакталатын,
сарқылмайтын қазына, адамзат тарихының қоймасы (Қ.Жұбанов) деп түсінуге
болады.
Антропоөзектік бағытта жүргізіліп жатқан зерттеулердің барысы тіл мен
мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында
ерекше мәнге ие екенін көрсетіп отыр. Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде
пайда болған тілдік деректер ұлт мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың
қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының
көрсеткіші ретінде де танылады.
Бірақ этностың, көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен хабардар
ететін этнографизмдер, тілімізде мағынасы ұмыт болған әртүрлі этноатаулар
олардың сырын ашуды, танытуды кажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін
бағзы мәдениеттің жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың
санасына зор мақтанышпен жеткізу - ұлт болмысынғ ұлт мәдениетін танытудың
бір жолы. Осыған орай, қазақ лексикасындағы лингвокультуремалар
ретіндегі
этнографизмдер, ескіліктер т.б. этнодеректер мәдени-рухани байлықтың бір
көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық қарым-қатынас кезінде
белсенді қолданылмаса да, бұл сөздердің дені диалектілік лексикада, тұракты
сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің кұрамында, тарихи көркем шығарма
тілінде, ауыз әдебиеті, фольклор мен эпос тілінде сақталған.
Осыған сай нәтижеге жеткізуге көмектесетін тілді зерттеудің тиімді
саласы - этнолингвистика. Оның ғылыми сала ретіндегі мәнін проф.
М.М.Копыленко: Этностьщ тұрмыс-тіршілігі, қазіргі болмысы мен тарихы, оның
материалдық және рухани мәдениетінің тілдік көріністері айқындалады және
жете зерттеледі, - деп анықтайды [18,17]. Ол - адамзат қауымының этностық
деңгейдегі балаң, бастау тұтасындағы тек-тамырын, мекен-жайын, өмір
тәжірибесін, салт-санасын, кәсібін, жеке этностық топтардың алғашқы
анайылық қалпындағы дүниетанымын, мифтік танымын, сакральды атауларын,
киімін, іштен тамағын т.б. яғни мәдениет тілі аркьілы зерттейтін тіл
білімінің саласы. Себебі жоғарыда көрсетілген жайлардың бәрі адамдардың
бастапқы ұғым-түсінігіндегі өзіндік әлем үлгісі (модель мира) ретінде
тек тілде таңбаланып отырған. Мұны акад. Ө.Қайдар жоғарыда көрсетілгендей,
тілдің кумулятивтік немесе құжаттық (Э. Сепир) қызметімен байланыстырады:
Этнос және оның тілін біртұтас, өзара тығыз байланысты құбылыс деп
қарасак, тіл коғамда тек сол этностың қарым- қатынасты құбылыс деп
қарасақ, тіл қоғамда тек сол этностың қарым-қатынас кұралы ретінде ғана
емес, сонымен қатар оның (этностың) бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері
іспетті барлық болмысы мен өмір-тіршілігінің, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын
бойына сіңіріп ата мұрасы, асыл қазына ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп
отыратын қызметі тағы бар [19,34].
Тілдің өз бойында этномәдени мұраларды сақтауышылық қызметі туралы
пікір жалғастығын ғалым Н.Уәлиевтің мына тұжырымынан табамыз: Тіл - өмір
шындығы. Сол шындықты уақыт қалдырған қатпарлардан аршып ала білсек,
шежіредей сыр шертіп тұрады. Өмірде болған нәрсе тілде де із тастамай
кетпейді. Сондай іздің сорабын асыл мұрамыздың тілінен де кездестіреміз
[20,40].
Қазақ тілі лексикасындағы әртүрлі тақырыптық топтар мен қабаттар
Ә.Т.Қайдар, Е.Н. Жанпейісов, М.М.Копыленко, Н.М.Уәли, Р.Н.Шойбеков,
Қ.Аронов, Ә.Алмауытов және т.б. еңбектерінде этнолингвистикалық тұрғыда жан-
жақты сипатталған және әлі де жалғасуда.
Қазіргі казак қоғамындағы маңызды ерекше сипатқа ие болған ұлттық
мүдделі мақсаттың бірі - халық рухын, оның өзегі мәдениетті жаңғырту.
Себебі, мәдениет адамның ақыл ойы мен еңбегі жемісінің тізбектері, дәлірек
айтқанда, материалдык және рухани құндылықтар жүйесі (Э.Тэйлор). Көптеген
мәдениеттанушы ғалымдардың пікірінше, мәдениет - дүниенің бөлшектері болып
саналатын рухани көріністерді бейнелейтін тіл, миф, өнер, дін және т.б.
негізде құрылатын семиотикалық жүйе (Ю.Лотман). Осымен байланысты
мәдениеттің таңбалық негізі тілмен, рәміздік жүйедегі ұлттың психологиялық
түріменғ сакрализация тәсілімен сипатталады. Соның ішінде мәдениеттің
коммуникативтік, мұрагерлік табиғатына сәйкес оның ашық жүйе ретінде
сакталуы, кейінгі ұрпаққа жетуі, жаңғыруы, танымы игерілуі, жетілуі тіл
арқылы іске асатыны қазіргі тіл білімінің антропоөзектік бағыттағы
зерттеулерінде накты дәйектелуде. Себебі, ашық жүйе ретіндегі белгілі бір
этностык (ұлттық) ұжымда мәдени коммуникацияның іске асырылуы құралдарының
дені (таңбалар жүйесі, рәміздер, әдет-ғұрыптар, материалдык өндіріс
туындылары т.б.) тіл аркылы қызмет етеді де, мәдениетті тарихи-әлеуметтік
процесс ретінде сипаттайды.
Атап айтқанда, тіл тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам
болмысының, оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениеттің этнотаңбалық,
оның мәдениетінің көрінісі. Өйткені мәдениеттің этнотаңбалық белгілі тілмен
тыс көріне алмайды. Осыған орай тіл тек денотативті
коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі бір
әлеуметтік, мәдени, танымдық мәні бар) құрал.
Демек, тіл бірден бір коммуникативтік құрал ғана емес, тілдік қарым-
қатынас негізінде мәдениетті де анықтайтын кешенді ұғым. Сондыктан тіл
арқылы мәдениетті танытуда аксиологиялық (құндылықтар теориясы),
психолингвистикалық және герменевтикалық (түсіндірмелік) қағидаларға
сүйенеміз.
Соның негізінде ұлттық, әлеуметтік интеграция, рухани ұжымдық
(этностық) тұтастық, әлеуметтік интеграция, рухани кеңістік қалыптастырумен
сипатталады. Оның айқын көріністері сакрализация тәсілі мен ұлттық
психологиялық негіздері сан кырлы рәміздік жүйе мен тілде көрінеді. Соның
нәтижесінде мәдениеттің негізгі арқауы сакталады, жаңа сапада жаңғырады,
ұрпақтан ұрпаққа жетеді.
Шын мәнінде қоғамда ұрпақтар жалғастыгы мәдени мұраларды игеру,
қабылдау, әрі қарай дамыту арқылы жүзеге асады. Атап айтқанда, мәдени
ақпараттар салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. рәміздік жүйемен катар тіл аркылы,
сөз өнері, сөз мәдениеті аркылы жүзеге асады.

II. Ескілікті метрология атауларының тақырыптық,топтары.

Тілдік фактілерді әр түрлі тақырыптык, лексика -
семантикалық топтарға сұрыптау соңғы кезде кең қолданыс
табуда. Мұндай зерттеулердіқ негізгі Ф.П. Филин, Д.И. Шмель, А.А.
Уфимцева және т.б. ғалымджар еңбектерінде қарастырылған. Лексиканы аталмыш
әдіспен зерттеу түркітануда, оның ішінде қазір казак тіл білімінде де қең
етек алуда.
Бұл тараудағы мақсат - қазақ тілінде кездесетін ескілікті
метрология атауларын такырыптык топтарға бөліп қарастыру.
Тақырыптық топ дегенде лексикологтар әдетте нені түсінеді, әуелі
сөз осы турасында. Лингвистикада тақырыптық топ :"әне лексика -
семантикалық топ сөздердің лексикалык мағынасына негізделеді, яғни
сөздердің антонимдік, синонимдік не ұштас мағыналары есепке алынады. Бұл
жөнінде Ф.Ппп. Филин: Лексика - семантикалық топ деп екі немесе
бірнеше сөздердін лексикалык мағынасына қарай топталуын
айтады. 23.230. Ал Темантикалық топка топтастыруда лингвистикалық
принцип негізде алынбайды, заттардың табиғи белгілері, обьективтік
қатынастары, т.б. алынады - дейді М.Оразов. 24.129 Сөздерді тақырыптық,
топқа бөлу мен лексика-семантикалык топқа бөлу арасында айырмашылык жоқ
деуге болмайды. Тақырыптық топ сөздердін тек парадигмалық әрі денотаттардың
арасындағы байланыстарға сүйенеді. Бүгінге дейінгі дәстүр бойынша
калыптаскан әдіс-тақырыптық сөздік жасаушылар етістіктерді де, зат
есімдерді де бір тақырыптық топтың құрамына енгізіп, ал лексика-
семантикалық топка лексикалық мағынасы жағынан байланыскан бір сөз табына
енетін сөздер топтастырылып жүр. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі -дай, -дей, -тай, -тей тұлғалы теңеу мәнді тілдік бірліктердің этнотанымдық сипаты
Қазақ тіліндегі сандық мәнді сөздер жайында
Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің теориялық мәселелері
Қазақ тіліндегі өлшем бірліктеріне қатысты лексикалық қабат
Ұлттық өлшем бірліктер қолданылған бірнеше есептер
Сан компанентті фразеологизмдер
Жетімнің құрсағы жеті қабат
Қазақ тіліндегі халықтық өлшемдердің ерекшеліктерін анықтап, мән-мағынасын айқындап, танымдық тұрғыдан зерттей отырып, олардың ұлттық сипатын ашып, этностың ұлттық санасына, наным-сеніміне, тілдік табиғатына тереңірек үңіліп, жан-жақты зерттеу
Ж. Аймауытов шығармаларындағы фразеологизмдер
Сан компонентті фразеологизмдер
Пәндер