ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Дүниежүзілік Сауда ұйымының әлемдік экономикада алатын орны . . .

1. 1 Әлемдік сауданы реттеудегі Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімнің рөлі мен қызметі . . .

1. 2«Уругвай раундының» қорытындылары және Дүниежүзілік Сауда ұйымының пайда болуы . . .

1. 3 Дүниежүзілік Сауда ұйымына кірудегі шет мемлекеттердің тәжірибесі . . .

2. Қазақстан Республикасының дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі - әлемдік экономикаға ықпалдасудың маңызды факторы . . .

2. 1 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру мақсатында жасаған алғашқы қадамдары . . .

2. 2 Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда ұйымына кірудегі кейбір мәселелері . . .

2. 3 Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кірудегі болашағы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңінде әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесінде жетекші орынды халықаралық сауда алады. Әлемдік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің барлық дерлік түрлерін қамтып, барлық мемлекеттерді бір бүтінге біріктіреді.

Әлемдік саудаға қатысушы мемлекеттер әрдайым осы саладағы келіспеушіліктерді жою жолдарын іздестіруде. Бір жағынан, олар сыртқы сауданы дамыту мен кеңейтуде өз талпыныстарын біріктіруге ұмтылады, екінші жағынан, қарсы тенденция - эгоцентризм қалыптасады, жеке мемлекеттер мен экономикалық топтарды алшақтататын өз мүдделерін қорғау саясаты. Бұл орайда халықаралық сауданың қатысушы мемлекеттері арасындағы бір-бірімен байланысқан сыртқы сауда саясатын жүйелендіру орынды болып табылады.

Протекционизмді әлсіретуге және сыртқы сауданы либерализациялауға бағытталған әлемдік саудаға қатысушы мемлекеттердің талпынастарында олардың арасындағы келісімшарттар мен сыртқы сауда саясатын сәйкестендіретін және мемлекетаралық деңгейде сауда қатынастарын реттейтін халықаралық ұйымдар маңызды орын алады. Олардың ішінде алдыңғы қатарға Дүниежүзілік Сауда ұйымы кіреді. Ол тауар және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын реттеуде, интеллектуалдық меншік құқығын қорғау, халықаралық сауда дауларын шешуде, әлемдік сауда саясатын қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Дүниежүзілік Сауда ұйымы шеңберінде көпжақты келіссөздер, консультациялар және қатысушы мемлекеттердің ресми және ресми емес кездесулері өтіп тұрады.

Дүниежүзілік Сауда ұйымының басты міндеті - іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда, әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:

- Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;

- Сауда кедергілерін азайту немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;

- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;

- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;

- Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан-анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.

Қазақстанның алдында халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде нақты орынды иелену міндеті тұр. Республика отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экпорт пен импорт құрылымын реттеу, мемлекеттік төлем және сауда балансын жүйелендіру, мемлекет тарапынан экспорт-импортты бақылау және салық салу жүйесін жетілдіру, мемлекеттің нормативті-құқықтық базасын жүйелендіру сияқты міндеттерді қамтитын экономикалық дамудың маңызды бағыттарды анықтауы тиіс. Бұл міндеттердің барлығы тек нақты және рационалды сыртқы сауда саясаты арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Қазақстан сыртқы экономикалық қызметін либерализациялау стратегиясын жүргізіп отыр. Сыртқы экономикалық саясатты сауатты қалыптастыру және жүргізу үшін Дүниежүзілік Сауда ұйымының қызмет ету қағидалары мен ережелерін білу қажет, бұл ұйымға мүшелікке қабылдану немесе қабылданбауға байланыссыз. Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруі - ұзақ және күрделі үрдіс, оған аса жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені, бұл ұйымға мүшелік қаншалықты мүмкіндіктер берсе, соншалықты міндеттемелер мен жауапкершіліктердің орындалуын талап етеді.

Еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру үдерісі 1996 жылдың қаңтар айында басталды. Онда Қазақстанның ДСҰ-ға енуі туралы ұйымның хатшылығына ресми өтінім жасалған болатын. Осы жылдың ақпанында ДСҰ-дағы байқаушы ел мәртебесі берілген еді. Осымен қатар, еліміздің бұл ұйымға енуі бойынша жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында Ұйымға мүше 43 елдің өкілдері жасақталған. Атап айтқанда, Қазақстанның барлық негізгі сауда әріптестері, яғни ДСҰ-ға кіру кезіндегі республиканың талаптары мен міндеттерін талқылауға ниет білдіргендер жұмыс тобына енгізілді.

1996 жылмен 2003 жылдың аралығында тиісті шарттарға сәйкес ұйым хатшылығына ауқымды көлемдегі ақпараттық материалдар мен міндетті құжаттар бағытталды. Осы арқылы 2003 жылы Қазақстан ДСҰ-ға ену үдерісінің ақпараттық кезеңін аяқтап, ұйымдағы мүшеліктің шарттарын айқындау бойынша жұмыс тобындағы мүше елдермен келіссөздердің белсенді сатысына кірісті. Женева қаласында жұмыс тобының 10 отырысы өтті.

Сонымен қатар ДСҰ-ға енудегі басымдықтарға:

- халықаралық сауда ережелерін әзірлеу кезінде көпжақты сауда келіссөздерінде тиімді қатысу жолы арқылы өзіміздің ағымдағы және стратегиялық сауда-экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мүмкіндігі;

- еліміздің ішкі заңнамасының нарықтық экономиканың талаптарына бейімделуін ДСҰ нормаларына сәйкес жетілдіру арқылы іске асыру;

-елімізге капиталды тарту арқылы қосымша жұмыс орынын құру мен халықтың әл-ауқатын көтеру, оның ішінде тікелей инвестиция тарту шараларын жатқызуға болады.

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан салыстырмалы түрде ішкі нарығы шағын ел болып табылады. Сондықтан республикаға өзінің тауарлары мен қызметтерін сыртқы нарыққа белсенді түрде шығарып, экономикалық даму көздерін іздеу қажет. Бұл ДСҰ-ның шеңберінде сыртқы сауданы белсенді дамытуды көздейді.

Сондықтан да Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруін теориялық негіздеу, нақты және дұрыс сыртқы сауда саясатын даярлау, сыртқы сауданың дамуына және даму шарттарын талдау бүгінгі күні маңызды болып табылады. Тақырыптың өзектілігі де осында.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеу барысында қазақстандық және шетелдік, соның ішінде ресейлік авторлардың еңбектері қолданылды. Бірақ Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру үрдісі әлі аяқталмағандықтан, бұл мәселеге байланысты әлі жеткілікті деңгейде ғылыми әдебиеттер қоры аз болғандықтан, мақалалар да басшылыққа алынды.

Зерттеу жүргізу барысында қазақстандық автор Мырзахметова Аида Менлыбаевнаның «ВТО и внешняя торговля Казахстана» атты еңбегі басшылыққа алынды [1] . Елдің сыртқы саясатының теориялық негіздері мен құралдары, ГАТТ-ДСҰ-ның әлемдік сауданы реттеудегі және мемлекеттердің халықаралық саудаға байланысты саясатын даярлаудағы рөлін ашып көрсетеді. Еңбектің ерекшелігі, Қазақстанның сыртқы сауда саясатының құрылу және даму кезеңдерін қарастырып, Қазақстанның ДСҰ-на кіруі, келіссөз үрдісінің негізгі мәселелері, мемлекеттің ДСҰ-ға кіруіне байланысты жағымды және кері аспектілері айқындалған.

Төреғожина Меруерт Болатқызының «Қазақстан және ДСҰ-ның ынтымақтастық жасасу проблемаралы» атты еңбегінде ГАТТ-ДСҰ-ның қызметінің мәні, Қазақстанның бұл ұйымға кіруге байланысты жүргізген келіссөз үрдісінің бағыттары, аталмыш ұйымға кірген елдердің тәжірибесі қамтылған материалдар, сонымен бірге әлемдік сауда жүйесінің ережелері баяндалған [2] .

«Экономические горизонты развития Казахстана и стран СНГ» деп аталатын материалдар жинағында жетекші қазақстандық және ресейлік ғалымдардың экономика және саясат салаларындағы мақалалары берілген. Олардың ішінде: А. Есентугенов, С. Жуков, А. Кошербаева, Д. Сатпаев және басқа да зерттеушілердің Қазақстанның экономикалық дамуы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының барлық мемлекеттерінің экономикалық деңгейлерін салыстырып, аймақтық және жаһандық дәрежеде талдау жасайды [3] .

Ресейлік автор И. И. Дюмуленнің «Всемирная Торговая организация» атты монографиясында ДСҰ-ның қызмет ету ережелері мен қағидалары жан-жақты қарастырылған. Аталған ұйымның барлық нормативтік құжаттары, ұйым қызметінің ұйымдастырушылық-техникалық мәселелері, қызметінің алғашқы нәтижелері, сонымен қатар мемлекеттермен қатынастары айқындалған [4] .

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы зерттеу орталығының «Казахстан в системе мировых экономических процессов» атты кешенді монографиясы Қазақстанның әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіндегі өзекті мәселелеріне арналған [5] . Кітапта Қазақстан эконмикасының жағдайы мен даму бағыттары талданып, елдің әлемдік шаруашылыққа ықпалдасуының негізгі факторлары, сонымен бірге аймақтық интеграциялық стратегия, көліктік, аграрлық және экспорттық потенциал қарастырылған.

«Казахстан и Всемирная Торговая организация» атты екі томдық құжаттар жинағы да басшылыққа алынды [6, 7] . Мұнда 1996 жылдан бастап 2000 жалға дейінгі барлық құқықтық-нормативтік актілер, заңдар, жарғылар мен қаулылар мәтіндері көрсетілген. Барлық тексттер толық күйінде, ресми аудармамен берілген және де өз күшіне енген құжаттар ғана келтірілген.

Сондай-ақ, Р. Б. Жакупованың «Перспективы правового урегулирования сотрудничества Республики Казахстан со Всемирной торговой организацией[8] » атты және А. М. Мырзахметованың «Всемирная торговая организация и проблемы внешнеторговой политики Казахстана[9] » атты диссертациялар авторефераттары да қолданылды.

И. Самсон, Д. Дайкер сынды шетел зерттеушілерінің аударма мақалалары да қолданылды. « Анализ экономических последствий вступления Казахстана во Всемирную торговую организацию» атты мақаласында Қазақстанның ДСҰ-на кіргеннен кейінгі экономикалық жағдайға, соның ішінде ауыл шаруашылығына әсерін айқын ашып көрсеткен [34] .

Дерек көздері. Жұмыста ДСҰ-ның көптеген халықаралық құжаттары, нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарын реттейтін заңнамалық және құқықтық актілері мен құжаттары кең қолданылды. Соның ішінде 1994 жылы 15 сәуірде қабылданған көпжақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының нәтижелері бар Қорытынды акт, 1995 жылдың бірінші қаңтарынан бастап өз күшіне енген Дүниежүзілік Сауда ұйымын құру туралы Мараккеш келісімдері қарастырылды. Бұл құжаттарда келіссөздердің Уругвай раундында қандай шешімдер қабылданғандығы, ДСҰ-ның қызмет ету қағидалары мен ережелері, жалпы құрылымы және қызмет ету салалары, функциясы және қатысушы мемлекеттердің міндеттері туралы ақпараттар қамтылған. Сондай-ақ, ДСҰ шеңберінде қабылданған 1995 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет етуші саудадағы техникалық кедергілер, ауыл шаруашылығы бойынша, төлем балансы сияқты әр түрлі салаларды қамтитын келісімдер де қарастырылды.

Қазақстан ДСҰ-на кіру туралы ұсыныс берген кезден бастап үздіксіз өзінің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын ұйымның талаптарына сәйкестендіріп келеді. Сол кезден бастап көптеген құжаттар қабылданды. Зерттеу барысында осы құжаттардың ең негізгілері қарастырылды. Олардың ішінде: 1996 жылы 19 ақпанда қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің ДСҰ-на кіру туралы Ережесі, Қазақстанның сыртқы экономикалық катынастары туралы Меморандум, сонымен қоса, 1996 жылдан бастап қабылданған сауданың әр түрлі салаларына қатысты заңнамалық құжаттары бар.

Қазақстан ұйымға толыққанды мүше болып қабылдануы үшін ДСҰ-ның қатысушы-мемлекеттерімен екі жақты келіссөздер де жүргізіп отырады. Атап өтетін жағдай, Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанатындықтан ұйымның көптеген мүше-мемлекеттері Қазақстанның сауда әріптестері болып табылады. Сондықтан екі жақты форматта қабылданған келісімдер мен құжаттар да аса маңызға ие.

Отандық әдебиеттерде ДСҰ-ның ережелері мен қызметі шеңберінде Қазақстанның сыртқы сауда саясаты мәселелеріне арналған жан-жақты және жүйеленген зерттеулер жоқ немесе өте аз. Зерттеуімнің тақырыбын негізге ала отырып, мәселелерде келесі аспектілер қарастырылды: жаһандану және әлемдік шаруашылық байланыстар мәселелері мен халықаралық сауданы реттеуде ДСҰ-ның өсіп келе жатқан маңызы, Қазақстан Республикасының ДСҰ-на кіру үрдісі мен шарттары, салдарлары және мүмкіндіктері.

Мұның барлығы зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін айқындады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Диплом жұмысының тақырыбы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметіндегі сауда саясатының маңызын жетілдіру арқылы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын мен рөлін арттыруға ықпал ететін шарттарды және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше ретінде қабылдану жолындағы басты мәселелерді анықтауымен маңызды болып табылады.

Осыған орай, диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы сауда саясатының маңыздылығын анықтай отырып, ұйымға кіру үрдісін толық қарастырып, даму келешегін зерттеу, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына ену мүмкіндіктерінің оң және теріс тұстарын саралау. Аталған мақсаттарға байланысты, келесі міндеттер алға шығады:

  • ГАТТ-ДСҰ-ның құрылымын, қызмет ету қағидаларын және әлемдік экономикаға әсер ету салаларын зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының негіздерін анықтау;
  • Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіру тарихын, хронологиясын және қабылданған құжаттар мен қаулыларды қарастыру;
  • Қазақстанның ДСҰ-на кіру мәселелері мен болашағы және мүмкіндіктерін саралау;
  • Қазақстанның ДСҰ-на кіру кезінде пайда болған мәселелерді шешуге ұсыныстар жасау.

Зерттеу жұмысының нысаны - Қазақстан мен Дүниежүзілік Сауда ұйымының қарым-қатынасы және болашағы. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңберін екіге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, Дүниежүзілік Сауда ұйымына қатысты, яғни құрылу кезеңінен бастап - 1947 жылдан 1995 жылға дейін; екіншісі, тікелей Қазақстанға қатысты, яғни Қазақстанның осы ұйымға мүшелікке қабылдау туралы өтініш берген кезінен бастап қазіргі кезге дейін - 1996 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі кезең.

Зерттеу жұмысының пәні - халықаралық сауда қатынастарын реттеуші бірден-бір ұйым Дүниежүзілік Сауда ұйымының қызметі мен әлемдік шаруашылықта алатын рөлі, Қазақстанның осы ұйымға және әлемдік экономикалық қатынастарға мүше болу мүмкіндіктері мен болашағы болып табылады.

Зерттеу барысында қолданылған әдіс-тәсілдер . Жұмысты жазу барысында негізінен шетелдік және отандық экономистердің халықаралық сауда, сыртқы сауда саясаты және Қазақстанның мүшелікке қабылдануы туралы еңбектері қолданылды. Осы еңбектерді зерттей келе, зерттеу барысында тарихи, кұрылымдық, статистикалық, салыстыру, болжау және талдау мен синтез жасау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы. Бұл дипломдық жұмыс Қазақстанның ДСҰ-на кіруіне, әлемдік экономикалық жаһандану шарттарында елдің сыртқы сауда саясатының халықаралық сауданың ережелерімен өзара байланысына арналған. Осыдан келе, зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығн төмендегідей көрсетуге болады:

  • ГАТТ-ДСҰ-ның тарихы, қызмет ету аясы және маңызы, ұйымның атының өзгеруінің негізгі себептері анықталды;
  • ДСҰ-ның әлемдік экономикаға, сондай-ақ жеке мемлекеттердің экономикасына әсері мен маңызы зерттелді;
  • Дамушы елдерде сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің негізгі мәселелері анықталып, қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының өзекті мәселелері қарастырылды, жеке мәселелердің шешілуіне ұсыныстар жасалды;
  • Қазақстанның ДСҰ-на кіруінің барлық жағымды және кері әсерлеріне баға берілді;
  • Республиканың бұл ұйымға кіруінен болатын салдарлар талданып, болжам жасалды және кейбір жағымсыз нәтижелердің алдын-алу үшін ұсыныстар жасалды.

Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы оның негізгі қорытындылары мен мазмұны тақырыпты ары қарай зерттеуге мүмкіндік тудырады. Негізгі нәтижелер Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің жыл сайынғы студенттер мен жас ғалымдар конференциясында баяндалып, Университет мақтау қағазын жеңіп алды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тізімінен, қосымшалар мен кестелерден тұрады. Әр бөлім үш бөлімшеге бөлінген. Бірінші бөлім жалпы Дүниежүзілік Сауда ұйымының құрылу тарихынан бастап, қазіргі кездегі халықаралық саудада алатын орны мен қызметі, маңыздылығы, сондай-ақ шет мемлекеттердің осы ұйымға мүше болу жағдайлары туралы. Ал, екінші бөлімде Қазақстан мен Дүниежүзілік Сауда ұйымының қарым-қатынасы, біздің еліміздің осы ұйымға өтініш бергеннен бастап, қазіргі кезге дейін атқарған қызметі, негзгі мәселелері мен болашағы қарастырылады.

  1. Дүниежүзілік Сауда ұйымының әлемдік экономикада алатын орныӘлемдік сауданы реттеудегі Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімнің рөлі мен қызметі

Әлемдік сауданың көпғасырлық тарихына қарамастан, ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін әлемдік сауданы реттейтін халықаралық ұйым болған жоқ. Тек 1947 жылы әлемдік саудадағы кедендік-тарифтік мәселелерді реттейтін Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісім (ГАТТ) құрылды.

Дүниежүзілік Сауда ұйымы құрылған үлгі ретінде 1948 жылдан 1994 жылға дейін халықаралық сауда ұйымының қызметін атқарған ГАТТ болды. ГАТТ - бұл Дүниежүзілік Сауда ұйымының фундаментінің негізгі бөлігі. ГАТТ өзінің құқықтық ұйымдылығын, барлық ережелері, нормалары, жарғыларын және Бас Келісімнің баптарын толықтыратын келісімдер мен құжаттарды қоса сақтап қалды. Дүниежүзілік Сауда ұйымының құрамына кіре отырып, ГАТТ көптеген мәслелерде өзінің автономдығын сақтайды.

Даулы мәселелерді шешу үшін, ДСҰ-на біздің мемлекетіміздің кіру шешімінің дұрыстығын анықтау үшін ГАТТ-тың алғышарттары және құрылу жағдайларын, бұл ұйымның құрылымын, ережелері мен қағидаларын түсіндіру қажет.

Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісім 1947 жылы Женева қаласында құрылды. ГАТТ-тың құрылуы Дүниежүзілік Сауда ұйымын (МТО) құру талпыныстарымен байланысты болатын. 1946 жылы ақпанда БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі сауда жөнінде халықаралық конференция шақыру шешімін қабылдап, Дүниежұзілік Сауда ұйымының Жарғысын даярлайтын арнайы комитет құрды.

Сауда және жұмысбастылық жөніндегі халықаралық конференция 1946 жылдың қыркүйегінен 1948 жылдың наурызына дейін Гавана қаласында өтті. Оған әлемнің 56 мемлекеті қатысты. 1948 жылы 24 наурызда қорытынды акт - Дүниежүзілік Сауда ұйымының Гаваналық Жарлығы қабылданды. Бұл құжат екі айдан кейін, конференцияның қорытынды құжатына қол қойған мемлекеттер ратификациялағаннан кейін өз күшіне енуі тиіс болды. Бірақ бұл құжат өз күшіне енген жоқ. Гаваналық Жарғыға қол қойған көптеген мемлекеттер өздері бекітпей тұрып, Америка Құрама Штаттарының іс-әрекетін бақылаған болатын. Ал АҚШ-та протекционистік саясатты жақтаушылар жеңіске жетіп, Жарғы бекітілген жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, бұл кезде АҚШ басшылығанда Трансұлттық корпорациялардың мүддесін қорғаушы күш тұрған болатын. Трансұлттық корпорациялар әлемдік сауданы реттеуші ұйымның құрылуына қарсы болды, өйткені ТҰК үшін әлемдік сауда ішкі фирмалық бағалармен ішкі фирмалық сауданы көрсетеді және ол монополиялы бөлінген нарықтардағы «жоспарланған» сауда.

Дүниежүзілік Сауда ұйымының жарлығы бойынша келіссөздермен қатар, Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімнің текстін даярлау және тарифтер бойынша келіссөздер ұйымдастырылды.

Осылайша, 1947 жылдың 30 қазанында Женевада өзіне Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімнің текстін біріктірген алғашқы тарифтік конференцияның қорытынды актісінің қабылдануымен аяқталған екі үрдіс қатарынан жүрді. ГАТТ-тың құрылуының алғышарты - сыртқы сауданың дамуы әкімшілік әдістермен және біржақты шешімдермен емес, экономикалық факторлармен анықталуы тиіс деген идея болды.

ГАТТ-тың құрылуының негізгі мақсаты мынандай жолдармен халықаралық сауда қатынастарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету:

  • Кедендік және басқа да сауда шектеулерін жою;
  • Толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейін жоғарылату мақсатымен халықаралық саудадағы барлық дискриминация түрлерін жою;
  • Нақты кіріс пен сұранысты көтеру, шикізатты тиімдірек қолдану, сауда айырбасын және өндірісті жоғарылату.

Бұл Келісімнің негізгі міндеті қатысушы мемлекеттердің арасындағы сауда қатынастарын көпжақты негізде реттеуді қамтамасыз ету. Дүниежүзілік Сауда ұйымын құру талпыныстары жүзеге аспай қалғандығын ескерсек, Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімі осы келісімнің қатысушы тараптары арасындағы сауда және кедендік қатынастарды реттеуші жалғыз құжат болып қалды. Бұл жағдайда АҚШ Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімге қол қоюға қарсы шыққан жоқ, өйткені осы келісімнің алдында тұрған тарифтерді төмендету міндеті ТҰК-дың мүдделеріне қайшы келмеді.

1948 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тарифтер және Сауда жөнінде Бас Келісімі оған қол қойған жиырма үш мемлекет үшін, негізінен дамыған капиталистік мемлекеттер үшін өз күшіне енді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БСҰ - халықаралық жүйенің негізі
Халықаралық экономикалық ұйымдар
Дүниежүзілік сауда ұйымы
Халықаралық сауда ұйымдарының мәні мен ролі
Нарықтық экономика жағдайындағы халықаралық қаржы - несие институттары
СЭҚ-тарды кедендік саудалық реттеуге қатысатын негізгі ұйымдар
Халықаралық сауданың жан-жақты жүйесі
Дүниежүзілік сауда ұйымының мәнi, қағидалары және әлемдік саудадағы рөлі
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі
ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz