Инженер - техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. 1970-1985 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
1. 1 Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы тенденциялары.
1. 2 Ауыл шаруашылығындағы дағдарыс.
2. ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕР-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКА ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2. 1 Инженер-техникалық интеллигенция - техникалық прогрестің жетекші күші
2. 2 Инженер-техникалық қызметкерлердің өнертапқыштық және рационализаторлық қызметі.
2. 3 Инженер-техникалық қызметкерлердің қоғамдық-саяси қызметі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі . Егемендікке қол жеткізіп, мемлекеттігіміз нығайып, бекіп келе жатқан кезеңде, халқымыздың рухани жағынан жаңаруына жол ашылуда. Бұрынғы әкімшілдік-әміршілдік жүйе жайдайында қалыптасқан идеологиялық ұстанымдардан бас тартып, отандық тарихымызды жаңаша зерделеуге мүмкіндік туды. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның 1970-1985 жылдар арасындағы экономикалық дамуы мен, онда инженер -техникалық интеллигенцияның Қазақстан тарихында алар орны өзгеше. Тоталитарлық жүйенің қалыптасу жылдарында экономика белгіленген жоспармен дамып, интеллигенция кадрларын іріктеу, тәрбиелеп орналастыру нормаларын бұрмалауға жол берілді. Ұзақ уақыт бойы интеллигенцияның мұң-мұқтажына, қажеттіліктеріне, қоғамда атқаратын қызметіне дұрыс мән берілмеді. Интеллектуалдық еңбектің дәрежесі төмендеді.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси міндеттерін шешуде, интеллектуалдық потенциялын көтеруде инженерлік-техникалық интеллигенция ерекше маңызды рөл атқарады.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясы мен Кеңес өкіметінің авторитарлық басқару жүйесінің реформалар жасау жолымен демократияландыру бағытын іске асыру мүмкін емес екендігі дәлелденді. Іс жүзінде ол демократиялық өзгерістерді әскери диктатура жолымен жойғысы келді.
Орталық өкіметтің банкротқа ұшыраған диктатурасы толығынан күйреді. Мұның өзі, халықтарға шынайы егемендік алуына ыңғайлы тарихи жағдайларды туғызды.
Қазақстанның саяси және экономикалық тәуелсіздігінің қалыптасуында алдыңғы қатарлы мәселелердің бірі-ұлттық инженер-техникалық мамандардың қалыптасуы болып есептеледі. Соңғы жылдары баспасөз беттерінде Қазақстанның өз алдына тәуелсіз мемлекеттігінің кепілі-оның бай табиғат ресурстары-кен, мұнай, астық т. б. анықталады деген мақалалар кездеседі. Бірақ халықтың шынайы егемендігінің критериі мамандар, яғни оның байлығын ұлттық мүдде жолында бағыттай алатын интеллектуалдық потенциалы. Қазір өткен тарихымыз сараланып, жаңаша баға беріліп жатқан кезде инженер - техникалық интеллигенцияның тарихын зерттеу өте қажет.
Кеңестік тарих ғылымының әлемдік ғылымнан томаға-тұйықтығы, мемлекеттік иделогияның қасаңдығы, басқаша ойлаумен күрес ғылымға қайшы келетін концепциялардың бекуіне алып келді. Ғылымда таптық көзқарасқа негізделген марксистік-лениндік методология үстемдік етті. Мұның өзі ғалымдардың шынайы тарихты айқындауына, ашып көрсетуіне кері ықпалын тигізді. Кеңестік дәуірдегі қасаң идеологиялық ұстанымдар, әкімшілдік-әміршілдік жүйенің сталиндік концепциясы тоталитарлық жүйенің жетекші күші болған КОКП басшыларының айтқандарын, партия съездері мен конференцияларының шешімдерін басшылыққа алған, сол негізде тарихты жазуға тарихшыларды мәжбүрледі. Сондықтан қазақстандық зерттеушілердің алдында қазақ тарихының өткен жолын түсінбейінше, ХХ ғасыр тарихын ұғыну қиын екендігі тұр. Осы тұрғыда отандық тарихқа қана емес, әлемдік тарихқа, үдеріске де тереңірек мән беретін уақыт келді. Әлемдік қана емес, қазақстандық өркениеттің қалыптасу үдерісі жүріп жатыр. Қазақстанның кеңестік және посткеңестік тарихын әлемдік ғылымның даму жетістіктерімен байланыстырмайынша түсіну мүмкін емес.
Қазір ХХІ ғасырдың басында қоғамымыздың демократиялық жаңаруы кеңестік отан тарихының ғана емес, еліміздің экономикалық дамуын, инженер-техникалық интеллигенцияның тарихы мен тарихнамасының өзекті мәселелерін зерттеуге оң әсерін тигізуде.
Қазақстаннның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақта «Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары болады. Біздің жас ұрпақтың кей өкілдері мемлекеттік қызметке тұрады. Олар жоғары ақы төленетін жақсы оқытып үйретілген, Қазақстан мен қазақстан халқына мүдделерін өздерінің жеке мүдделерінен жоғары қоятын мамандар бола отырып, жаңа дәуір жағдайында жұмыс істейтін болады» деп инженерлерге үлкен үміт артады [1, 11] . Инженер-техникалық интеллигенцияның тарихы мен тарихнамасы жалпы және арнайы зерттеулерде кеңінен қарастырыла қойған жоқ, сондықтан оны интеллигенцияның негізгі топтарының бірі ретінде зерттеу, Қазақстан тарихының құрамдас бір бөлігін құрайды.
Тақырыптың өзектілігіне, кеңестер кезеңіндегі саяси билік пен идеологияның үстемдік етуі әсерін тигізеді.
Біз қарастырып отырған мәселенің ауқымы кең, себебі бұл кеңестер кезеңіндегі экономикадағы социалистік басқару, инженер-техникалық интеллигенцияға ұстанған саясат, феноменін айқындап, тарихы және тарихнамалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Тарих ғылымының соңғы жылдары дамуы зерттеушілердің экономика, интеллигенция тарихы мен тарихнамасы мәселесін әр қырынан ашуға жол ашуда.
Отандық және әлемдік тарих пен тарихнамада Қазақстаннның экономикасы мен инженер-техникалық интеллигенциясы тарихнамасы арнайы түрде зерттеуді қажет ететін, тақырып болғандықтан, өзекті болып саналады. Біз таңдаған тақырыптың өз деңгейінде зерттелмеуіне бұрын жарияланбаған деректерге мүмкіндіктің болмауы, соны саралай отырып, ғалымдардың арнайы ғылыми концепцияларын талдауға жол ашады.
ХХІ ғасырдың басында тарихнамада интеллектуалдық тарихта мәдени бетбұрыс жасалды, бұл тарих ғылымының тарихымен анықталады.
Қазіргі тарихнамалық жағдай экономика мен интеллектуалдар тарихымен байланысты жаңа зерттеулерге жол ашуда. Қазақстан экономикасы мен өндірістік-техникалық интеллигенциясының феноменін кешенді түрде зерттеуде интеллектуалдық тарихқа жүгінеді.
Ірі әлеуметтік қозғалыстар, саяси катаклизмдер тарихи оқиғаларға жаңаша баға беруге серпіліс береді. Кәсіби тарихнама да өзінің әлеуметтік қызметін атқара отырып, болып жатқан үдерістен тыс қала алмайды. Сондықтан қазір тарихнамада өткен тарихқа баға беру, ұлттық ерекшеліктерін айқындау міндетінің болуы заңдылық. Тарих ғылымының дамуы оның теориялық методологиялық негізіне байланысты, немесе жаңа методологиялық ғылыми жолдарын іздестіруінде болса, тарихнамада ғалымдардың шығармашылық мұралалары отандық тарих ғылымының деңгейін анықтайды. Қазақстанның тарих ғылымы да қазір даму үстінде. Тарихнамада жаңа талпыныстар жасалып, өз еліміздің тарихи тәжірибесін ғана емес, әлемдік тарихнаманың мұраларын тану қажеттігін түсінуде.
Диплом жұмысының деректік базасы. Біз алдымызға қойған мақсатты ұстанымымызға жету үшін көлемді деректік базаны негізге аламыз. Оны бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
Ең алдымен тарихнамалық деректердің негізін тарихшылар еңбектері құрайды. Олар кеңестік кезеңдегі біз қарастырып отырған мәселеге байланысты тарихи ойдың дамуын жүйелі түрде баяндауымен құнды. Тарихнамалық тұрғыда оларға ерекше мән берілген. Тарихи тақырыптағы зерттеу еңбектері - монографиялар, кітапшалар, мақалалар мен деректер негізгі тарихнамалық деректерді құрайды. Мұнан кейін жарияланбаған, қолжазба күйінде сақталатын, бірақ ғылыми апробациядан өткен зерттеу жұмыстары-диссертациялар маңызды тарихнамалық дерек қызметін атқарады. Сонымен қатар тарихнамалық ерекшеліктеріне қарай, экономистердің де жазған еңбектері тарихнамалық дерек ретінде қарастырылады. Мысалы мамандығы бойынша инженер-металлург В. А. Пазухиннің, экономист С. А. Нейштадтың, Г. Т. Ашимбаевтардың т. б еңбектері.
Деректердің үшінші тобын жарияланған ғылыми еңбектер жинағы ретінде саналатын материалдар мен мемуарлар, ғұмырбаяндық еңбектер жинағы құрайды. Қазақстан экономикасы мен өндірістік-техникалық интеллигенциясы тарихына қатысты мәліметтерді Л. И. Брежневтің, М. С. Горбачевтың, Д. А. Қонаевтың. Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінен алуға болады. Тарихнамалық мәселені зерттеу барысында бұл деректердің зерттелуі ғылыми ойдың даму эволюциясы мен, әртүрлі ғылыми, тарихи концепциялардың деңгейін көрсетеді. Д. А. Қонаев республикада Кеңес өкіметі жылдары республикада үлкен әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени қайта құрулардың жүзеге асқандығын көрсете келіп, «Ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы, мыңдаған қазақ оның ішінде инженер-техникалық интеллигенциясының құрылуы Қазақстанда мәдени революцияны жүзеге асырудың маңызды әлеуметтік және саяси нәтижесі»-деп саралайды [2] .
Зерттеу барысында тарихнамалық дерек ретінде автор баспасөз материалдарын да пайдаланды. Ғылыми журналдар, газет беттерінде деректік негізде саналатын әртүрлі концепциялармен қатар авторлардың жекелеген көзқарастары, пікірлері, қол жеткізген жетістіктері көрсетіледі.
Тарихнамалық деректердің келесі тобына еңбекті жазу барысында пайдаланған ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялардың біз қарастырып отырған мәселе төңірегіндегі материалдары құрайды.
Отандық инженер-техникалық интеллигенцияның тарихнамасының қалыптасып дамуы кеңестік және тәуелсіз қазақстан тарихы кезеңіндегі тарих ғылымындағы жетістіктермен, қиындықтар мен кемшіліктермен айқындалады. Кеңестік кезеңдегі отандық тарихнаманы қарастырсақ, марксистік идеология мен КОКП мен кеңестік бюрократиялық жүйенің әсерінің зор болғандығын аңғарамыз. Тарихнамаға сыртқы факторлардың тигізген ықпалы болды. Кеңестік тарих ғылымында 1990-шы жылдардың басына дейін зерттеу жұмыстарын жүргізуде марксистік концепция негізгі басшылыққа алынды. Тарихнаманың дамуына партия съездері мен пленумдарының шешімдері, ұстанымдары да кері ықпалын тигізді.
Қазақстан экономикасының 1970-1985 жылдарындағы экономикалық дамуы мен инженер-техникалық интеллигенциясының тарихы мәселесі әдіснамалық жағынан қайтадан жаңаша зерделеуді талап етеді деп қорытындылауға болады. Нақты нәтижеге жету үшін, нанымды тарихнамалық талдау жасау керек. Оның негізіне қазіргі ғылыми білімнің жетістіктері мен талаптары алынуы қажет. Бұл міндет мәселенің қарастырылуы мен өзектілігін айқындайды.
Еліміз егемендік алғалы бері тарихи ой жүйесінде өзгерістердің пайда болуы зерттеу жұмысының өзектілігін айқындай түсіп, кеңестік және тәуелсіз Қазақстан кезеңінде жарық көрген еңбектерде Қазақстан экономикасы мен инженер-техникалық интеллигенциясының кеңестік кезеңдегі тарихын зерттелу мәселесін теориялық тұрғыда негіздеп, талдап, баға беруде, нақты мәліметтер негізінде шешу жолдарын мақсат еттік.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Тәуелсіздік жағдайында қазақстандық тарихнамада болып жатқан маңызды өзгерістерге байланысты, ХХ және ХХІ ғасыр тоғысында әдістеме қатты жапа шекті. Марксистік концепциядан бас тарту тарихта тарихи үдерісті түсіндіруде жаңа жол іздеу аймақтық, салалық, ұлттық, мәдени тағы басқа критерилерді қолдануға алып келді. Кейде әдістемеден бас тарту, тарихты ойынға айналдырған сәттер де байқалды. Кейбіреулер үшінші мыңжылдық тарихшысының басты ұраны «Қызықсыз болмасын» деп жариялады. Жарты ғасырдан астам ғылым мемлекетке бағынышты болды. Анықтама беруде саясатқа жүгінді. Қазір ұлттық бағыт ұстанған кейбір тарихшылар саясатта сепаратистік бағыт танытқан әрекеттері де байқалады.
Ғылыми негізделген әдістемеге арқа сүйемейінше ХХІ ғасырда маңызды тарихи мәселелерді айқындау мүмкін емес.
Кеңестік және тәуелсіз Қазақстан тарихын көпғасырлық тарихы бар адамзат қоғамының даму тенденциясы мен әлемдік шындық, әлемдік ғылым жетістіктерімен байланысты қарастырмайынша оны түсіну мүмкін емес.
ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап тарихшылар адам және оның қоғам мен табиғаттағы орнына мән бере бастады. Әлеуметтік тарих қалыптасты. Осы ретте экономика мен интеллигенция тарихына да ерекше көңіл бөлінді.
Қазір тарихқа формациялық және өркениетті көзқараспен қараудың ара-жігін анықтайтын уақыт жетті. Тарихнамада адамзат дамуының өркениетті моделі қазір негізгі модельге айналып отыр. Бірақ адамзаттың дамуында формациялық сатылардың болғандығын жоққа шығара алмаймыз.
Біз қазақстандық экономика мен өндірістік-техникалық интеллигенция тарихының концептуальды дамуын қарастырғанда оған көпфакторлы деңгейде қарауымыз керек. Интеллигенцияның әлеуметтік дамуының таптық факторы, немесе географиялық, табиғат, этникалық факторлардың оған әсерін анықтаймыз.
Біз тарихты жазғанда халық бұқарасының тарихта алатын орнын, рөлін артқа шегіндіріп, аз мән беріп отырамыз. Сондықтан қазақстан экономикасы мен инженер-техникалық интеллигенцияның тарихы мен тарихнамасының зерттелу деңгейі жөнінде концептуальды мазмұнын анықтау, тарихи таным механизмінің мазмұны мен теориялық мағынасына талдау жасау негізгі міндеттеріміздің бірі. Теориялық ойлау саласы ретінде экономика тарихы мен инженер-техникалық интеллигенция тарихының әдістемесі тарих ғылымы негізінде пайда болып, нақтылы тарихи зерттеуге негізделген.
Біз қарастырып отырған мәселенің тарихының әдістемесі нақты тарихи зерттеудің тәсілдерін, ғылыми түсініктерін айқындайды. Біз қарастырып отырған мәселені танып, оған теориялық талдау жасаудың жолын көрсетеді. Әдістеме біз қарастырып отырған мәселеге толық жауап бермейді, оны шешу жолдарын үйретіп, негіз болады. Кеңестік кезеңде инженер-техникалық интеллигенция тарихын ғылыми жағынан зерттеуде марксистік-лениндік теорияға сүйенді. Мемлекеттік идеология да соған негізделді. Оның үстемдігі шексіз болды.
1990-шы жылдардан бастап еліміздің қоғамдық өміріндегі өзгерістерге байланысты, тарих ғылымы да марксистік ұстанымдардан бас тарта бастады.
Қазір тарихнамада тарихи зерттеулерге жаңаша көзқараспен қарау, постмодернизм, микротарих, күнделікті тарих, ауызша тарих, гендерлік тарих т. б. пайда болды. Отандық тарихнамада бұл жаңа тәсілдердің қолданылуы пікірталастар туғызуда.
Диалектиканың жалпы ғылыми принциптерімен қатар тарихилық принцип біз қарастырып отырған мәселенің феноменін ашуға, билікпен арақатынасын ажыратуға, әлеуметтік дамуы тарихын айқындауға көмектесті. Жалпы көлемдегі мәселенің ішінен жекелеген, арнайы мәселерінің мәнін ашуға дедукция тәсілі көмектесті. Индуктивтік логикалық тәсіл нақты материалдар негізінде белгілі бір заңдылықтарды айқындауға ықпал етті. Пәнаралық принциптің қолданылуы алынған ғылыми білімнің философия, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану саласында кеңінен пайдалануына жол ашты.
Диплом жұмысында Қазақстанның 1970-1985 жылдардағы экономикасы мен инженер-техникалық интеллигенциясының тарихына тарихи және тарихнамалық тұрғыда, талдау жасалған. Көптеген зерттеу еңбектері тарихнамалық дерек ретінде ғылыми айналымға тұңғыш рет еніп отыр.
Жұмыстың теориялық - методологиялық базасы. Қазақстанның 1970-1985 жылдардағы экономика тарихы кешенді түрде зерттеліп, тарихилық принцип жұмыстың методологиялық негізін құрады. Жұмыс барысында тарихи-салыстырмалық әдіс қолданылып, анализ-синтез, индукция және дедукция тәрізді тәсілдері пайдаланылды.
Ғылыми жаңалығы . Мәселенің қарастырылуының өзі оның ғылыми жаңалығын ашады. Автор кешенді түрде Қазақстанның экономикасы тарихы қарастырылып, сыни талдау жасайды. Жаңа зерттеу еңбектері мен басылымдарда жарық көрген материалдарды пайдалана отырып, оларды ғылыми айналымға енгізеді.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері : Диплом жұмысының басты мақсаты - Қазақстанның 1970-1985 жылдардағы экономикалық дамуы мен инженер-техникалық интеллигенциясының оны дамытудағы рөлін айқындау. Сондықтан зерттеу барысында біз алдымызға төмендегідей міндеттер қойдық:
- Қазақстанның 1970-1985 жылдардағы экономикалық даму проблемаларын анықтау;
- оны анықтау барысында ең алдымен отандық тарихшылардың көзқарасын ашып көрсету;
- ауыл шаруашылығындағы дағдарыс мәселесін саралау,
- Қазақстан инженер-техникалық интеллигенциясының республика өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесін үлесін айқындау;
- Инженер-техникалық интеллигенцияның техникалық прогрестің жетекші күші болып отырғандығын қарастыру;
- Инженер-техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық. Рационализаторлық қызметін көрсету;
- Инженер-техникалық интеллигенцияның қоғамдық-саяси қызметін айқындау.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы . Диплом жұмысының кейбір ұсыныстары мен қорытындыларын Қазақстанның қазіргі заман тарихы, аймақтану пәндеріне арналған арнайы курстар мен, тәжірибе сабақтарында пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан тұрып, әр тарауы екі-үш параграфтан, қорытынды, пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.
І. 1970-1985 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН.
1. 1 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ.
1966 жылы басталған экономикалық реформақазақстанның экономикалық дамуына импульс берді. Тоғызыншы бесжылдықтың басында жаңаша жоспарлау мен экономикалық ынталандыру жүйесінде 1578 қазақстан өнеркәсіп орындары жұмыс істеді. Сегізінші бесжылдық негізінен орындалғанымен, барлық өнеркәсіп орталықтары тиімді болып саналғанымен экономикалық реформада радикализм, жүйесіздік байқалды.
Сондықтан 1970-ші жылдардың басында өнеркәсіп тиімділігін арттыруға мән берілгенімен ол бұрмаланды. Көптеген кәсіпорындар табыс табамыз деп, өз өнімдерінің бағасын арттырды. Бұл инфляцияға әкеліп, экономиканың дамуына кері ықпал етті. Реформалар шала болғандықтан, кәсіпорындардың тәуелсіздігі кеңейіп, министрліктер мен ведомостволардың әкімшілік және экономикалық құзіреттілігі арта түсті. Бір орталықтан жоспарлау сақталып, ұдайы өндіріс көрсеткіші артты.
Реформалардың сәтсіздіктерінің негізгі себептерісаяси өмірдегі демократизациялау үдерісінің дұрыс жүзеге асррылмауына байланысты болды. Мемлекеттік меншіктің сақталуы бюрократияның күшеюіне әкеліп, нарықтық қатынастың дамуына кедергі келтірді. Брежнев пен оның төңірегіндегілер экономиканы реформа негізінде қайта құруға қарсы болды.
1970-ші жылдары шаруашылықты жүргізіу, жоспарлау мен ынталандырудысақтауға тырысқанымен ол ешқандай тиімділік әкеле қоймады.
1970-1985 жылдары республиканың индустриалды дамуынында бірталай ілгерілеушілік байқалды. Химия, мұнайхимиясы, машина жасау өнеркәсіптері дамыды. 1000 астам жаңа өнеркісіп орындары мен цехтар құрылысы іске қосылды. Оның қатарында Қазақ гаөңдеу заводы, Шевченко пластмасса заводы, Қарағанды резинатехника бұйымдары, Павлодар мен Шымкентте мұнай өңдеу, заводтары мен екібастұз, Ермак ГРЭС-тері, Қапшағай ГЭС-і, Шымкент, Жамбыл фосфар заводтары мен жайрем тау-кен комбинаттары болды. Өнеркәсіп өндірісі жөнінен Қазақстан Одақта үшінші орын алды.
Маңғышлақ, Қаратау, Жамбыл, Павлодар-екібастұз территориялық өндіірстік комплекстері қалыптасты.
Экономиканың дамуы халық шаруашылығына шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды ендірумен байланысты жүзеге асты.
Қазақстан экономикасы шикізаттық бағыттылығымен ерекшеленді. Республика өнеркәсіп орындарының жартысына жуығы одақтық бағыныста болды. Қазақстан шикізат көзі есебінде ғана пайдаланылып, одақтық ведомствалар республика бюджетіне ешқандай табысты құймады.
Сондықтан өңдеуші, қайта өңдеу өнеркәсіп өндірісі төменгі деңгейде болды.
Әкімшілдік-әміршілдік басқару әдісінің сақталуы экономикадағы барлық міндеттерге бақылау жасады. 1981-1985 жылдары әртүрлі министрліктер мен ведомостволардың жоспарлары 300 рет қайта қарастырылды.
1980-ші жылдардың ортасында Қазақстан экономикасы дағдарыс жағдайында болды. Бюрократияның сақталуы, жоғарыдан қатаң бақылаудың орнауы, еңбекақы төлеуде теңгермешілік мемлекттік меншіктің монополиялануы, өнеркісіпті басқаруда демократияның сақталмауы жұмысшы табының шығармашылық ынтасын төмендетті.
1. 2 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫС.
1965 жылғы КОКП ОК-нің наурыз Пленумы ауыл шаруашылығын тиімді түрде дамытудың аграрлық реформасын жасауға тырысты.
Республиканың ауыл шаруашылығы ірі инвестициялар алды. 1971-1989 жылдары оған 58, 2 млрд. сом құйылды. Соның нәтижсінде 1985 жыл жер жырту, өңдеу, астық жинау толық механикаландырылып, мал шаруашылығында негізгі жұмыстардың 75-98 % механикаландырылды. Алайда барлық саланы механикаландыру жүзеге аса қоймады. Қол еңбегі бақша дақылдарын отырғызу мен жеміс - жидектерді жинауда пайдаланылды.
Ауыл шаруашылығы мәселесін капитал құю жолымен шешу ешқандай тиімділік бере қоймады. Олардың жакртысына көбі 55 пайызы ірі мал комплекстерін салуға, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жұмсалды. Қалдық принципі ауыл мен селоның әлеуметтік мәселерін шешуде сақталды. 1987 жылы ауыл-селолардың жартысына жуығында дәрігерлік пункттер болмады.
Ауылшаруашылық өнімдерінің бағасы төмен болды. Ауыл мен селоны Сельхозтехника, Сельхозхимия т. б. сияқты кәсіпорындар тонады.
Астық өндірісі де тұрақты болмады.
1971-1985 жылдар аралығында ұдайы өндіірс артып, мақта, картоп, бақшаөнімдерін өндііру артқанымен, қан қызылшасын өндііру азайды. Тоқырау жылдары ауыл шаруашылығы жағдайы дағдарыс жағдайына келді.
Ет өнімдерін өндіру артты. Қой шаруашылығы дамыды. Ал 1980-ші жылдардың ортасында ол бірте -бірте төмендей бастады.
Мемлекеттің уыл шаруашылығын дамыту жөніндегі шаралары жартылай жүзеге асырылып, ол халық шаруашылығының дамуына а та қаларлықтай табыс әкеле қоймады. Республиканың орталыққа тәуелділігі сақталды.
Ауылшаруашылығындағы әкімшілдік-әміршілдік әдістің сақталуы шаруашылықты дамытуға айтарлықтай ықпал ете алмады.
Сатып алу құнының төмен болуы ауылшарукашылық өнімдерінің өзіндік құнын жаба алмады. Сондықтан тиімсіз шаруашылықтар саны арта бастады. Тек құс өнімдерне басқаның бәрі тиімсіз болып саналды. 1985 жылы совхоздардың 53 пайызы, колхоздардың 49 пайызы шығын әкелді.
1985 жылы сәуір Пленумында елдің әлеуметтік-экономиалық дамын жеделдетуге бет алғанымен, ол ауыл шаруашылығына өзгерістер әкеле қоймады.
1961 - 1980 жылдар бұл ғылыми - техникалық прогрестің, елімізде экономиканың, ғылым мен техниканың дамуында кеңес халқының материалдық әл - ауқатының жақсарып, мәдени дәрежесі артуында жетістіктерге жеткен кезең. Осы жылдары әсіресе инженер - техникалық интеллигенцияның қатары едәуір көбейді. Халық шаруашылығында қызмет ететін жоғары білімі бар мамандардың саны 1960 жылғы мәлімет бойынша 124, 8 мың адам болса, 1966 жылы 210, 9 мыңға, соның ішінде инженерлердің саны 1960 жылы 31, 4 мыңнан 1966 жылы 54, 0 мыңға жетті. Ал орта арнаулы білімі бар мамандардың ішінде техниктер 1960 жылы 67, 9 мыңнан 1966 жылы 112, 5 мыңға дейін көбейді.
2. ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕР - ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫНЫҢ
РЕСПУБЛИКА ӨНЕРКӘСІБІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ
2. 1. ИНЖЕНЕР-ТЕХНИКАЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ПРОГРЕСТІҢ ЖЕТЕКШІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz