Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі
бөлімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .6
1 Қазіргі кезендегі отбасының мәселелері, басты қызметтері мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Отбасы –рухани адамгершілік тәрбиесінің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ..10
1.2 Бүгінгі қоғамдағы отбасының психалогиялық мәселелері ... ... ... .14
1.3 Мектеп пен отбасының
әрекеттестігі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2 Қазіргі кезендегі балаларды тәрбиелеудегі ата – аналардың рөлі ... 22
2.1 Балаларды тәрбиелеудегі ата- аналардың рөлін арттыру жөніндегі
ұсынымдамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...22
2.2 Баланың бос уақытын бақылау және ересек адамдардың тәрбиедегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.3 Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени
құндылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... .33
2.4 Тәжірибе жұмысының
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...36
3 Тәжірибелік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .52
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Тақырыптың мәні: Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің
мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен,
қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Ата- ана және
отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өмірінен
қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін
қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны
дене және ой-еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір
сүрүге, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге дағдыландыру, бойында
жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
жатады.
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен күнге өзгеру үстінде.
Бүгіңгі ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды
толғандыратын мәселе балалардың дүние көзқарасын және мінезін
қалыптастыруда отбасы рөлінің маңыздылығын көрсету.
Өзектілігі: XIX ғасырдың екіншісі жартысында өмір сүрген қазақ
ағартушылары Ш.Уалиханов, А. Құнанбаев, ағартушы- педагог Ы. Алтынсарин, XX
ғасырдың 30-шы жылдарындағы ағартушы- педагогтар А. Байтұрсынов, М.
Дұлатов,Ж. Аймауытов балалардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруда отбасы
рөлінің маңыздылығын ескере отырып, ондағы әкесі мен анасының, атасы мен
әжесінің, жасы үлкендердің отбасында басты тәлімгерлер екендігін өздерінің
жеке бастары мен шығармаларында айрықша көрсете білді. Олардың пікірінше,
балаларды тәрбиелеу үшін ата-ананың өздері тәрбиелі болуы керектігі,
отбасында балаларды ана тілі , ата-баба дәстүрлері, ауыз әдебиеті, халықтың
тарихы мен мәдениеті арқылы тәрбиелеуді қажет деп санады.
Дегенмен, отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайға іске асырылмайтындығы
және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі - ересек адамдардың
педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе, отбасындағы бала
тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді атап көрсетуге
болады.
• Отбасының этикалық құрамы және құрылымы. Толық емес отбасы: көпбалалы
отбасы, бірбалалы, көпұлттық,бірұлттық отбасы.
• Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары.Отбасы мүшелерінің білім
дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, бюджеті,жалпы материалдық әл-
ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы екендігі.
• Отбасының мәдени әлеуеті. Күнделікті тұрмыстық жалпы мәдениеті, күн
тәртібі, демалыс, оның формалары,кітапхананы, теледидарды, музыка
аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысу,отбасылық дәстүрлі
мерекелер.
• Ішкі отбасылық қатынастар. Отбасы микроклиматының сипаттамасы,
отбасында көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің
өз міндеттерінің көзқарасы.
• Қоғамға көзқарасы. Еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие
институттарына қатысы.
• Отбасының тәрбиелік әлеуеті. Отбасылық тәрбие,қолданылатын әдістер,
ата-аналарының және мүшелерінің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор. Бүгінгі
күннің басты мақсаты- өмірдің барлық саласында, белсенді шығармашылық іс-
әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін тәрбие беруде отбасы,
бала- бақша, мектеп, қоғам және жұртшылық бар мүмкіндіктерін кіріктіріп
жүзеге асырулары тиіс.
Мақсаты:Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы ата ана ролін анықтау.ата
ананың, оқушының негізгі қызметтерімен танысу.Жанұя тәрбиесінің тұтас
педагогикалық процесс ретінде мәнін ашу. Бала занды құқықтармен
танысу.Мектеп пен жанұя арасындағы байланысты реттеу.
Міндеттері:
а)Қазіргі қоғамдық даму кезеніндегі жанұя тәрбиесің ерекшеліктерін ашу.
ә)Жанұя тәрбиесінің тұтас педагогикалық процесс ретінде қарастыру.
б)Баланың занды құқықтарымен танысу.
в) Баланы тәрбиелеудегі ата ананың негізгі қызметі.
Болжамы: Отбасының тәрбиелік әлеуетінің деңгейін анықтаған соң,
мектептің міндеті оны көтеруге мейілінше ықпал ету. Мұндай күрделі
міндетті жүзеге асыру тек отбасының жеке дара қызметімен шешіле салмайтыны
белгілі. Ол үшін әлеуметтік институттарының арасындағы бірлескен әрекет
тетіктерін кіріктіру бүгінгі күн қажеттілікгінен туындайды.Қазіргі таңда
қазақстандық мектептің мақсаты- ата-аналардың психология-педагогикалық
ағарту орталығын ұйымдастыру және мектепте ата-аналар университеттері
жұмысын, ұйымдарды құрастыруға мүмкіндік жасау болып отыр.
Отбасының тәрбиелік әлеуетінің деңгейін диагностикалау, кемшіліктерін
жою жолдарын қарастыру.
Пәні: Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы ата ана ролі
Объектісі: Отбасының тәрбиелік әлеуеті
Құрылымы:
а) Жанұя терминінің мағынасын толық қарастыру.
ә) Әр жанұяның өзін ата ана ретіндегі жауапкершілігі.
б) Қазіргі тандағы ата аналардын өз ұрпақтарына көрсетер үлгі тұтар іс
қимылдары.
в) Оқушы тұлғасын қалыптастырудағы мектеп пен жанұяның тигізер әсері және
бір бірімен байланысын қарастыру.
Әдістер: Салыстыру, диагностикалау, әдебиеттерді зерттеу
Негізгі бөлім
1.Қазіргі кезендегі отбасының мәселелері, басты қызметтері мен міндеттері
Қазіргі таңда Қазақстанның болашағы, оның әлемдегі деңгейі мен орны
біздің балаларымыз қандай болып өсетініне байланысты екенінде ешкімнің
күмәні жоқ.
Соңғы жылдары ғалымдардың назарында мектеп, отбасы және тұлғаның қарым-
қатынасы, жалпы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің дамуы болып, басты бағытқа
айналуда.
Дәстүр бойынша отбасы-тәрбиенің ең басты институты. Баланың өмірінің
көпшілік уақыты отбасында өтіп, балалық шақта отбасында көрген, алған
білімдерін кейінгі өмірінде сақтайды. Отбасында алғашқы тұлғалық негіздері
қалыптасып, мектепке келген кезде ол жартылай тұлға ретінде жетіліп
келеді.Ол пікірді Н.Т.Юркевич, А.С. Красовский, С.Н.Бурова қолдап, өз
сөздерінде: Баланы адам қылдырып қалыптастырудағы ата-ананың қызметі-
олардың ең жауапты, қызықты да таңғажайып істері деген.
Баланы тұлға ретінде қалыптастыру ата-аналардың басты да жауапты
қызметі. Өйткені рухани көзқарасы, физиологиялық дамуы мен мәдениеттілігі,
өмірлік ұстанымы және әдеттердің қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы
мүшелерінің қарым-қатынас деңгейі, құндылықтары, басты қызығушылықтарынан
бала болашақта қандай болып өсетіні байқалады.
Қазақстанда бес миллионнан астам бала бар, ол мемлекеттің үштен бір
бөлігі. 8095 мектепте 3 миллион бала білім алып жатыр. Бұл балалардың
әрқайсысының қамқорлыққа, тәрбие алуға және ата-ананың, мемлекеттің,
қоғамның қамқорлығына құқықтары бар. Бірақ , қазіргі теңда көптеген
отбасылар экономикалық ахуалдарын шешумен, күнгөріс мәселелерімен
айналысып, кейде баланың тұлғалық қалыптасуы мен тәрбиелік сұрақтарды
шешуден бас тартады. Бүгінгі күнде ата-аналардың бала тәрбиелеу
міндеттерінен ауытқуәлеуметтік ахуалы күшеюде.
Бұл жағдай жастар арасында балалық құқықбұзұшылыққа, нашақорлық,
қаңғыбастыққа әкеліп соғады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: Қазақстанның барлық
балалардың білім алуға мүмкіндіктері мен жағдайларды жасау- адамгершілік
және ұлттық құндылықтары негізінде тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуы
мемлекеттің негізгі бағыттарының бірі деп белгіленген.
Отбасылық тәрбиенің ұйымдастырушылық мәселелерді ұлттық педагогика
негізінде қарастыруды С.Қалиев, Қ. Жарықбаев, С. Ұзақбаева,
Б.Айтмағанбетова, А. Бейсенбаева, Қ. Қожахметова, С. Ғаббасов , А.
Колесникова , З. Абилова, С.П. Поляков ұсынды.
Ал Г.Байделдинова , Н, Тригунова, Б. Мұқанова, А. Қапенова отбасы мен
мектептің қарым-қатынас деңгейлерін өз еңбектерінде зерттеген. Мектеп пен
отбасы байланысы неде ? деген сұраққа жауап беріп көрейік. Отбасылық
тәрбиенің кемшілігі ата-аналардың психология мәселелері мен педагогикалық
білімнің таяздылығынан, баланың жастық ерекшеліктерін ескермегендіктен,
баланың өмірінде туындаған мәселелерді шеше алмайтындығынан болып, кей
кезде мүлде балаға көңіл аудармағаннан болады. Сол кезде мектеп
қызметкерлері де көмектесе алмаса , бала өз білерлігімен шешу жолды іздеуге
мәжбүр болады.
Отбасының оқушы тұлғасын қалыптастырудағы рөлін сын тұрғысынан қарастыру
және қазақтың дәстүрлі отбасылық тәрбие тұрғысынан зерттеудің оқушы
тәрбиесіне әкелетін
пайдасы зор. Отбасылық тәрбие сырын ашуда ұстаз өзінің тәрбие жұмысын
нығайтып жаңа мазмұнымен толықтыра алады.
Отбасы -адам үшін ен жақын әлеуметтік орта.Отбасы белгілі бір
дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің
сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып,
мінез-құлық нормаларын игереді.Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі
болып табылады.
Отбасының басты қызметі - бала тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі бұл жалпы
тәрбиенің ең басты бір бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте
дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын
жоспарлайды және саналы адамзат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды.Бұған
баланың қажеттілігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой-еңбегіне
үйрету, күн тәртібін дұрыс реттуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға
тәрбиелеу, жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге үйрену, бойынан

Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттеріне тоқталайық.
Басты қызметтері:
- тәрбиелік;
- сауықтыру;
- руғани – адамгершілік;
- танымдық – білімділік;
- тұрмыстық;
- еңбек;
- мәдени- ағартушылық;
- демалыс – шығармашылық;
- тұлғаның өзәндік тәжәрибесін ынталандырушы;
- қорғау;
Басты міндеттері:
- баланы үйлесімді дамыту;
- бала денсаулығына қамқорлық жасау;
- оқуына көмек көрсету;
- еңбек тәрбиесін жүзеге асыру және мамандық тандауға көмектесу;
- тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;
- ізгі, эмоциональды – адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;
- жалпы мәдени және интелектуальдық дамуына қамқорлық жасау;
- қызығушылығы, өабілеті, бейімділігі мен шығармашылығын дамыту;
- өзін - өзі тәрбиелеумен өзін - өзі дамытуға дайындау;
-жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау;
Сонымен қатар отбасы тәрбиесінің мәңгілік басты құрауыштары бар. Олар:
- отбасы тәрбиесінің ахуалы( дәстүрі, қатынасы, жайлылығы);
- отбасы өмірінің күн тәртібі;
- әрекеттер мазмұны ( әкенің, шешенің, әженің, атаның ,балалардың).
Баланың отбасындағы өмірін және іс әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін
жасау және іс әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін жасау және талап қою
білудің мәні ерекше.Күн тәртібі баланың еңбегі мен демалысының
парасаттылыұпен, жас және дербес ерекшелігіне сәйкес өтуін қамтамасыз етуі
тиіс.
1.1 Отбасы -рухани адамгершілік тәрбиесінің негізі
Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев “Егер біз адамгершілігі жоғары
қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы
балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз “ –деген
болатын.
Отбасы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік
ортасы. Халықтың салт-дәстүрін әдет-ғұрыптарының сақтаушысы. Сондықтан
отбасы тәрбиесі халықтың ой арманымен мол тәжірибесімен ұлттық дәстүрімен
дамып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жеткен тарихи мұра. Әрбір отбасыда
балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру ең бірінші ата-ана
тәрбиесіне байланысты. Қай заманда, қайсы елде болса да отбасының адамзат
ұрпағына ететін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен
салыстыруға болмайды. Отбасы тәрбиесінің түрлері мен мүмкіндіктері көп,
әсіресе, көргенді, ынтымақты, тату тәтті тұратын отбасыда шаңырақ шаттығы-
негізінен, қоғамдық сананың адамгершілік, кісілік, қайырымдылық, әдептілік,
әділеттілік сияқты толып жатқан моральдық ұғымдарға негізделеді. Бала үшін
отбасыда ең алдымен, әке-шешесінің, ата-әжесінің басқа да ересектердің
инабатты, кісілік үлгілерінің маңызы зор. Бала өз заманына тән кісілікті,
әдептілікті, қайырымдылықты, тіпті бұзақылықты да алғаш рет осы өзінің
отбасында меңгереді. Үй ішінде күнделікті айтылатын ұлағатты өсиеттері мен
ақылы, ал жастардың оларға деген сый құрметі, адал көңілі, әдепті
қылықтары, ерке-назы, жалпы алғанда, дұрыс қалыптасқан моральдық-
психологиялық қарым-қатынастар отбасы өмірінің ерекше рухани бір байлығы.
Осындай отбасыда өскен балалар бақытты, олардың өмірден алатыны да, өмірге
беретіні де көп болады.
Балалардың бойындағы қабілеттің, қайсы нәрсеге бейімділігін, ол
қабілеттер мен бейімділіктер қашан, қай мезгілде пайда болатыны әлі де
толық шешіле алмай келеді. Соның салдарынан дүниеде миллиондаған адамдар
өздерінің болашақтағы орнын дұрыс таңдай алмай қиналады, сәтсіздікке
ұшырайды. Отбасы мен ата-аналардың осы проблемаларды шешуге тигізетін
пайдасы мол. Талапты жастарға мамандық таңдау үстінде дұрыс бағыт, кеңес
беретіндер негізінен, ата-аналар. Себебі, балалардың сырын да, қабілетін де
ата-аналарынан артық білетін адам жоқ.
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі-оның жұртқа ұнамды мінез-құлқы. Ол
қасиет негізінен отбасыда қалыптасады. Отбасы тәрбиесінің осындай
ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін қоғамдық тәрбиенің міндеттері мен
ұштастыра білсек, оның берері мол.
Баланы тәрбиелеуге ата-ана жеткілікті мән бермесе, бұл істің
нәтижесіз болары күмәнсіз. Абай былай дейді: "Балаға көбіне үш алуан түрлі
мінез жұғады. Біріншісі-ата-анадан,, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-
құрбысынан. Солардың ішінен бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек
жұғады". Сондықтан жұмыс қаншалықты қауырт болса да, қаншалықты шаршап-
шалдығып жүрсе де ата-ана бала тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Балалардың болашақ
қадамы отбасыда басталатыны бәрімізге аян. Бала жақсы әдетті болса да,
жаман әдетті болса да ең алдымен отбасында алады..
Ата-аналар балаларын мәдениетті, кішіпейіл адал азамат етіп
өсіргілері келсе, ең алдымен олардың өздері кіршіксіз таза адам болуы
керек. Көпшілік жағдайда баланың бойында теріс қылықтардың пайда болу
себебін отбасындағы үлкендер өздерінің бойынан іздемейтіні өкінішті-ақ.
А.С. Макаренко ата-аналарға арнаған еңбегінде "Сіздің мінез-құлқыңыз
-жеткіншек тәрбиесіндегі бірден-бір шешуші құрал. Сіз қалай киінсеңіз,
басқалармен қалай әңгімелесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз,
достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қатынас жасайсыз, сіз қалай
күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, мұның
барлығының да бала үшін маңызы ерекше"- деген болатын.
Ата-аналар шын беделге ие болған отбасыларда олардың жай ғана реніш
білдіруі, ескерту жасауы баланы теріс істерден сақтандыру үшін жеткілікті.
Беделдің болмауынан балалар ата-анасымен ашылып сөйлеспейді. Олардың
ескертпелеріне дөрекілікпен қарсыласумен жауап береді. Кішкентай күнінде
сәби ата-анасын жан- тәнімен қадірлейді, оларды бар зейінімен тыңдайды. Ал
ақылы кіріп жақсы мен жаманды ажырата бастаған жасөспірім үйдегі үлкендерге
енді ересек көзбен қарайды. Бірақ бұл жағдайды біздер, ата-аналар, үнемі
ескере бермейміз. Қорқытумен, күш көрсетумен балаға айтқанымызды істетуге
әуеспіз. Мұндай отбасыда нашар мінез-құлықты балалардың өсетініне мән
бермейміз. Отбасындағы байсалды, бірқалыпты қарым-қатынас балалардың ата-
аналарына сенімі мен құрметін күшейтетінін ұмытамыз. Әрбір ата-ана
баласының тәрбиесі үшін отан алдында, мемлекет алдында жауапты екенін
ұмытпағаны абзал.
Алдында ешқандай қуанышы болмаса, адам жарық дүниеде тіршілік етіп
жүре алмайды. Адам өмірінің ең жақсы атышулы қозғаушысы- ертеңгі қуаныш”-
деген А. С. Макаренко. Олай болса әрбір ата- ана балаларын ертеңгі қуанышты
сезіне білуге тәрбиелеу қажет.
В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына
ерекше назар аударған. “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді
біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағытты беруі
мүмкін”, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның
тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық
әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан,
ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагок-ғалымдар С.Қалиев,
М.Смайылова, М.Оразаева. Ж.Б.Қоянбаевтардың еңбектерінде жан - жақты сөз
болған.
Ж.Б.Қоянбаев Отбасы және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі атты
еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтын өсуін,
адамзат үрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажетттік-шаруашылық функциясын,
отбасының тәрбиелік функциясын, отбасы мүшелерінің өзара және туған-
туысқандарымен қарым-қатынас жасау функциясын есептейді.
Аталған еңбекте отбасы тәрбиесінің бірқалыпты жағдайда іске
асырылмайтындығы және отбасы тәрбиесінің сәтсіз болуының басты себебі-
ересек адамдардың педагогикалық көзқарастарының қауқарсыздығынан дей келе,
отбасындағы бала тәрбиесіне игі ықпал етуде мәні бар төмендегі белгілерді
атап көрсетеді.
1.Отбасының этикалық құрамы және құрылымы толық емес отбасы:бір балалы,
көп бадалы, отбасы бір қлттылық, көп ұлтылыұ отбасы;
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім
дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы,бюджеті, жалпы материялдық әл -
ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы;
3. Отбасының мәдени потенциялы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн
тәртібі, демалыс, оның формалары, кітапхананы,теледидарды, музыка
аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналысысуы, үйелмендік дәстүрлік
мерекелер.
4.Ішкі отбасылық қатынастар, отбасы микроклиматының сипаттамасы, отбасынды
кқз қарастын біоһрлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз
міндеттеріне көзқарасы;
5. Қоғамға көзқарасы:еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие
институттарына қатысы;
6. Отбасының тәрбиелік потенциялы: отбасылық тәрбие, қолданылатын әдістер,
ата -аналарының жіне басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Бұл белгілерді отбасы тәрбиесінде есепке алудың маңызы зор.
1.2 Бүгінгі қоғамдағы отбасының психологиялық мәселелері
Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан өзгерістер ғылыми білімнің түрлі
саласындағы мамандардың назарын бірқатар өзекті мәселелерге аудартып отыр.
Сондай мәселелердің бірі отбасы болып табылады. Іс жүзінде, отбасы
бүгінгі күні көптеген пән аралық зерттеу аймағы болып табылады. Отбасыға
деген қызығушылық, оның тұлға дамуы мен қалыптасуы үрдісіндегі, тіпті
қоғамның бүгінгі күні мен болашағындағы атқаратын рөлімен байланысты.
Отбасы орнықтылыққа ие бола отырып, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-
экономикалық және саяси үрдістерді жіті елеп, сезініп отырады. Қоғамдық
дамудың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде күрделі, мәселелі отбасылардың
санының көбейуі осы тәуелділікке куә болғандай.
Дегенмен де адамға мәнді құндылықтардың бірі - отбасы болып
табылады. Алайда шынайы өмірде біз оны жеткілікті түрде терең және
жауапкершілікпен саналы сезінбейміз. Тек осы игілік ошағы бұзылғаннан
кейін ғана біз қай жерден қандай қателік жібердік, оп-оңай жоғалтып алған
нәрсемізді қалайша қорғай алмадық, енді дәл бұрынғы күйіне қайта келтіре
алуымыз екі талай болар деп ойлана бастаймыз. Әр адам азды көпті болса да
өзінің отбасылық бақыты өз қолында екенін түсінгенмен де, тек кейбіреулері
ғана отбасыда тәрбиеленетін балалардың бақыты мен игілігі жайлы ойланады.
Балаларға деген осындай қатынас салдарлары олардың мінез-құлқы мен
тұлғалық дамуындағы қандай да бір ауытқулар түрінде ізін қалдырады.
Осыған байланысты сұрақ туындайды: бүгінгі біздің қоғамымыздағы
отбасы қандай? Еліктеуге болатын және еліктеуге тұратын көрнекі отбасы
моделі бар ма? Мұндай сұраққа қанағаттанарлық жауапты психологтардың,
әлеуметтанушылардың немесе басқа да отбасыны зерттеумен айналысатын
мамандардың бере алуы екі талай.
Бұл бір жағынан орынды да, себебі отбасылық бақыттың не екенін білу үшін
оның антиподымен танысу қажет.
Отбасылық сәтсіздік, ырыссыздық жайлы айту әрі оңай әрі қиын, себебі,
отбасылық одақтардың түрлері неғұрлым көп болса, соғұрлым оның формалары
көпқырлы болып келеді.
Ғылыми әдебиеттерде отбасылық сәтсіздік түсінігінің нақты анықтамасы
жоқ: әр автор оған өзінше мән-мағана береді. Әдетте, мұндай отбасылар
бетпе-бет кездесетін мәселелер оның өмірінің әлеуметтік, құқықтық,
материалдық, медициналық, психологиялық, педагогикалық және басқа
жақтарынан қатысты болады. Сонымен қатар, мәселелердің тек бір түрі ғана
сирек кездеседі, себебі олардың барлығы өзара байланысты және өзара
шартталған.
Мысалы, ата-ананың әлеуметік ұйымсыздығы психологиялық қысымдылыққа
әкеледі, ал ол өз кезегінде отбасылық жанжалға, жұбайлардың ғана емес,
сонымен бірге бала-ата-ана қатынастарының ушығуына әкеледі; қажетті
материалдық құралдардың болмауы немесе шектеулі болуынан көптеген өзекті
қажеттіліктер қанағаттандырылмайды, ересектер пен балалардың психикалық
және физикалық денсаулығына теріс әсер етеді, кейде тіпті отбасы мүшелерін
өрескел, қоғамға жат қылықтар мен әрекеттерге итермелейді. Ересектердің
педагогикалық компетентті болмауы баланың психикалық және тұлғалық дамуының
бұзылуына әкеледі.
Мұндай мәселелердің тізімі шексіз, өйткені әр отбасыда олар ерекше
сипатта болады. Әйтеседе қиындықтармен соқтығысқан отбасылардың барлығы
сәтсіз бола бермейді. Олардың басым көпшілігі қиын –қыстау кезден мойымай
өтіп, тіпті оның мүшелері бір-біріне одан сайын жақындай түседі. Өз-өзіне
сенімділігін жоғалтқан ересектердің апатияға беріліп, әлеуметтік белсендігі
төмендеп, тек өз тағдырына ғана емес, балаларының тағдырына да енжарлық
танытатын жағдайларда кездеседі. Мұндай жағдайлардың тұтастай отбасыға,
онда тәрбиеленетін балаларға негативті әсер ететіні сөзсіз. Осылайша,
“сәтсіз отбасы” түсінігінің аумағының кеңдігіне қарамастан оның негізгі
ерекшелгі – бала тұлғасының қалыптасуына теріс, ойсырата әсер етуі, оның әр
түрлі ерте мінез-құлықтық ауытқулардан көрінуі болып келеді.
Баланың жан-дүниесінің күйі мен мінез-құлқы отбасылық сәттілігі
немесе сәтсіздігінің ерекше көрсеткіші болып табылады. Сәтсіз отбасы деп
біз құрылымы бұзылған, негізгі отбасылық қызметтері құнсыздалған немесе
ескерусіз, елембеген, нәтижесінде “қиын” балалар пайда болатын тәрбиелеудің
айқын немесе жасырын ақаулары бар отбасыларды түсінуге бейімбіз.
Отбасылық сәтсіздік сипатына тоқталсақ В.М.Целуйко доминантты
факторларды есепке ала отырып сәтсіз отбасыларды екі үлкен топқа бөледі.
Бірінші топты сәтсіздік формасы айқын отбасылар құрайды: жанжалды,
мәселелі отбасылар, асоциалды, аморальды-қылмыстық отбасылар және тәрбиелік
ресурстары жеткіліксіз отбасылар.
Екінші топты сырт көзге респектабелді, өмір сүру қалыбы қоғам
тарапынан күдік туғызбайтын отбасылар құрайды, алайда мұндай отбасыда ата-
аналардың құндылық ұстанымдары мен мінез-құлықтары жалпы адамзаттық
моралдық құндылықтан алшақ болады да тәрбиеленуші балалардың
адамгершіліктік бейнесіне із қалдырмай қоймайды. Мұндай отбасылардың
ерекшелігі отбасы мүшелерінің өзара қатынасы әлеуметтік деңгейде қолайлы
болып көрінеді, бірақ та мұндағы теріс тәрбие салдары бала тұлғасының
қалыптасуына деструктивті әсер етеді. Бұл отбасыларды В.М.Целуйко іштей
сәтсіз категориясына жатқызады. Олардың түрлері сан алуан: баланың
табысына бағдарланған отбасы, атақты адамдар отбасысы, ахуалды адамдар
отбасысы және т.б.
Отбасылық сәтсіздік себебі өте күрделі мәселе. Еліміздің
экономикалық, саяси және әлеуметтік аймақтарында болып жатқан күрт
өзгерістер отбасының материалдық жағына ғана емес, сондай-ақ оның
мүшелерінің, соның ішінде ата-аналар мен балалар арасындағы өзара қатынасқа
да әсер етті. Біріншіден түрлі ұрпақтың өмірлік құндылықтары арасындағы
айырмашылық ұлғайды. Екіншіден, жалпы білім беру мектептеріндегі,
гимназиялар, лицейлердегі түрлі деңгейлік оқыту жағдайында ата-аналар
тарапынан өз балаларына деген тартымдылық деңгейі өсті. Үшіншіден, аса
жоғары әлеуметтік талаптардың әсері байқалады.
Осының салдарынан ата-аналардың балалармен қарым-қатынасындағы
қысымдылық өсуде, бастауыш мектептің өзінде –ақ үрейлік деңгейі күрт
ұлғайды. Бір жағынан, жұмыс бастылығы салдарынан тәрбиелік қызметті қажет
мөлшерде орындауға уақыттары жетпейді. Келесі жағынан, көптеген ата-аналар
отбасылық қатынаста кенет пайда болған қандай да бір мәселені шеше алу
біліміне ие емес.
Кәзіргі күнгі отбасыға деген қысым күнннен күнге ұлғайған сайын оның
басым көп бөлігі балалларға келіп тиеді. Содықтан да әлеуметтік
қиындықтардан ғана емес, сондай-ақ өз ата-аналарынан қорғауды қажетсінетін
азаматтарға көңіл бөлген дұрыс сияқты.
Сан алуан әлеуметік институттардың ішінде тұлғаға да, қоғамдық
өмірдің көптеген үрдістеріне де әсер ету дәрежесі бойынша отбасымен тең
келетін институт жоқ десек те болады. Мемлекеттің демографиялық саясаты,
өндірістің дамуы мен өндіріс тауарларын тұтыну мәселесі, өнеркәсіп
орындарының құрылысы және тұрғын үйлер мен кварталдарды сәулеттік
жопсарлау, білім беру жүйесінің дамуы мен әлеуметтік–мәдени мекемелердің
дамуы отбасының өмір сүру қалыбын, құрамы мен қызметін есепке ала отырып
анықталады. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесімен байланысты көптеген
әлеуметтік сұрақтарды шешу отбасылық факторларды есепке алусыз мүмкін емес.
Отбасыны қолдау және де оның тәрбиелеу потенциалын күшейту мәселесі
отбасымен жұмыс істейтін мамандардан терең жүйелік білімді, кәсіби күш салу
жерлерін таба білу ептілігін, жанұмен өзара әрекеттесудің адекватты
тәсілдері мен құралдарын табуды талап етеді.
Оөушы отбасын зерртеу педагогқа отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен оның
күш қуатының деңгейін анықтауға, соның негізінде бірлескен әрекеттің
онтайлы ідісін, формасын тандауға, нәтижесінде тәрбие мәселесін табысты
шешуге мол мүмкіндік туғызады. Ол үшін мұғалім дәстүрлі педагогткалық –
психалогилық диагностика әдістерінің кешенің пайдаланады.Отбасын зерртеу
сынып жетекшіден кәсіби шеберлікті талдап ететін өте күрделі мәселе.
Сынып жетекшісі отбасын зерттеуде төмендегідей ережелерді сақтағаны дұрыс:
- Ата – аналар мен балалар өздерін зерттеу нысаны ретінде сезінбеуі тиіс.
- Зерттеу мақсатты бағытталған, жоспарлы және жүйелі болуы қажет.
- Зерртеу әдістері тәрбие әдістерімен өзара байланысты болуы шарт.
- Психалогиялық – педагогикалық әдістер түрленген және кешенді түрде
қолдануы
керек.
- Отбасын зерттеуде педагок төмендегі мәліметтерге басты көңіл аударуы
тиіс:
1.Отбасы мүшелері және отбасының әлеуметтік – материялдық, тұрмыстық
жағдайлары мен мектеп ісіне деген қызығушылықтары туралы толық мәлімет.
2.Отбасындағы балалардың тәрбиелік деңгейі.
3.Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері.
1.3 Мектеп пен отбасының әрекеттестігі
Танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру үшін мұғалім жүргізетін жұмысты
таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне,
педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп
жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы
балаларды мектепке, семьяда әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.
Тәрбие жұмысында әр баланың жене даму ерекшелігін еске алған жөн.
Демек, тәрбие жұмысын жаппай жүргізіп қана қоймай, онда балалардың дербес
ерекшеліктері де еске алу керек. Мысалы сангвиник бала қиыншылыққа кездесе
бастаған ісін аяғына дейін орындамайды. Сондықтан оны үздіксіз, яғни
тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Оқуға енжар, тәртібі нашар, отбасы тәрбиесіне көнбейтін, жағымсыз
істермен шұғылданатын оқушыны қиын бала дейді. Ондай қиын баланың
тізімін алып, мектеп онымен жұмыс істейтін тәжірибелі педагогті бөледі.
Мұндай қиын баламен жергілікті милиция қызметкерлері де әңгімелесіп,
қамқорлығына алып отырады.
Осындай дәрежеге жету себептерінің өзі отбасыда сол бала тәрбиесіне
әуел бастан – ақ көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, ата – ана тарапынан
дәрменсіздік баланың арақ ішуіне, бейсуат жүруіне әкелетінін өмір көрсетіп
отыр.
Баланың әрбір ісіне мән беру керек. Бала ісі білместіктен болған
ғой, ештеңе етпес деуден аулақ болған жөн. Баланың жағымсыз ісін айтып,
жөнге салып отырмаса, бала бұзылып, ақыры бұзақылыққа салынады.
Отбасыда баланың әрбір ісіне мән бергенде, жақсы ісін жақтап, жаман
ісін даттап, оның неліктен жаман екенін түсіндіріп, енді жаман іске
жолаттылмау жағын ойластырған жөн.
Отбасыда баланың өз ісін өзіне бағалатуға дағдыландыру керек. Бұған
дағдыланған бала ісінің дұрыс, қисық екенін айыра біледі. Әрдайым жақсы іс
істегісі келеді.
Отбасыда балаға орынсыз ұзақ, шұбалаңқы ақыл айта беру де пайдасыз.
Осындай сөздерден әдбен қажыған бала отбасы тарапынан айтылған ешқандай
сөзге мән бермейді.
Бала ісіндегі кездейсоқ болған бір сәтсіздікті қазбалай бермей,
ескерту жасаса да жеткілікті. Отбасыда балаға өрескел қаталдық жасау да
дұрыс емес. Өрескел қаталдыққа шыдамаған бала отбасыда қашып кетуді
дағдыға айналдырады.
Бала уақытының көбін далада өткізсе, ондай балаға ерекше назара аударып,
қайда баратынын, кіммен жүретінін, немен шұғылданатынын біліп отырған
дұрыс.
Сонымен қиын балаға айналдыратын негізгі себептер не?
Ата – ана тарапынан бақылаудың болмауы, Отбасыда біріңғай талаптың
жоқтығы, тәрбие мәдениетінің төмендігі, өрескел қаталдық, бала мінезіне
жағымсыз әдеттің сіңе беруі, еңбекке дағдыланудан қашқақтауы – баланың сана-
сезімін төмендетіп, қиын балаға айналдырады. Сондықтан қиын баланы
тәрбиелеуден гөрі оны тудыратын себептерді болдырмау керек. Бала мінезінде,
ісінде болған жағымсыз өзгерісті байқасымен- ақ оны тудыратын себептер
қандай, міне, осыны анықтап, сол себептерді жоюмен шұғылдану керек. Оны
тудырған себептерді жоймай тұрып, бала бойында, пайда болған жағымсыз
өзгерістерді де жоя алмайсыз.
Кейде бала мен ата – ана арасында қайшылық туған кезде, ата – ана
баласынан түңіліп, бала не істесе де оған дәрменсіздік білдірумен болады.
Осыдан барып бала өз дегенін істеп, төмен құлдырай береді. Баланы осылай өз
бетімен жіберуге болмайды.
Қорыта айтқанда, А. С. Макаренко айтқандай, дұрыс тәрбиелеу жұмыстары
іске асырылса ғана тәрбие нәтижелі болатындығын есте ұстаған жөн.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетінің басты қызметтері:
- ақпараттық;
- тәрбиелік – дамытушылық;
- қалыптастырушылық;
- қорғау – сауықтырушылық;
- бақылаушылық;
- тұрмыстық.
Аталған өзара әрекеттің міңдеттері:
- ата – аналардың белсенді педагогикалық ұстанымын қалыптастыру;
- ата – аналарды педагогикалық–психалогиялық білім, біліктермен
қаруландыру;
- бала тәрбиесіне ата-аналарды белсенді қатыстыру.
Отбасы мен мектептің өзара әрекетін ұйымдастыру жолдары:
- Отбасының тәрбиелік мүмкіндігі мен күш қуатын айқындау мақсатында
зерттеу;
- Отбасының адамгершілік бағыттылығына қарай оларды топтастыру;
- Олардың бірлескен әрекеттерінің ағымдық және соңғы нәтижелерін талдау.
2 Қазіргі кезендегі балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролі
2.1 Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі
ұсынымдамасы
Қазақстанның отбасы институтын нығайту, балаларды тәрбиелеудегі ата-
аналардың рөлін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясаты ұрпақтардың
әлеуметтік және мәдени сабақтастығын қамтамасыз етіп, қоғамның тұрақты әрі
орнықты дамуына ықпал етеді.
Отбасы институтын нығайтуда Қазақстан Республикасының
Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат
жөніндегі ұлттық комиссиясы айтарлықтай роль атқарады.
Республикада 2006 жылдан бастап балалардың құқықтарын қорғау
комитеті жұмыс жасауда, оның негізгі міндеттерінің бірі адам және отбасының
адамгершілік- рухани дамуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан
Республикасында гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009-
2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Қазақстандық отбасы
үлгісінің жобасы және 2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
отбасы-демографиялық саясаты тұжырымдамасы әзірленді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына (27-бап) сәйкес
Неке және отбасы, ата-аналар және балалар қоғам мен мемлекеттің
қорғауында болады. Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының
заңы неке-отбасылық қарым-қатынастарын белгілейді және реттейді.
Осы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған шаралардың барлығы
отбасы және отбасылық тәрбиені қолдау мақсатында.
Халық санағы бойынша 2009 жылдың басына сәйкес Қазақстан
Республикасында жалпы халық саны 15 776 492 адам. Отбасы құрамының орташа
статистикалық саны - 4 адам, оның ішінде, ауылдық жерде — 4,6 адам, қалалық
жерде — 3,6.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 5 миллионнан астам бала тұрады,
олардың ішінен 2,5 милионнан астам балалар республиканың мектептерінде
білім алуда, дамуында
мүмкіндігі шектеулі балалардың 149 мыңнан астамы анықталған, ішкі істер
органдарының есебінде 13 мыңнан астам жағдайы ауыр отбасылар және 27
мыңнан астам балалар тіркелген, шамаман 16 мыңға жуық жетім және ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толықтай мемлекет қамқорлығына
алынған. Жыл сайын кәмелетке толмағандарға арналған уақытша оқшаулау және
бейімдеу орталықтарына шамамен 10 мыңға жуық қараусыз қалған балалар
түседі, олардың әрқайсысы мемлекет, қоғам және бірінші кезекте ата-аналар
тарапынан берілетін қамқорлығына, тәрбиесіне және қолдауына құқықтары бар.
Отбасы саясатын қалыптастырудың негізгі қағидалары отбасы
берекесіне, отбасылық тұрмыс салтын нығайту және дамытуға негізделеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі тапсырысымен
2007 жылда жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша отбасы
адамның өмір қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамзат тіршілігіндегі ең
негізгі сала болып табылады. Қазақстандықтардың 44 % отбасы — жалғыздықтан
құтылудың жолы; қатысушылардың 28 % отбасы — бұл балалар, оларды тәрбиелеу
деп есептейді. Әрбір оныншы қазақстандық отбасыда өзара түсінісушілік және
психиологиялық қолдау табады. 22 % қазақстандық отбасы өмірдегі табыстарға
жетудің негізгі ынталандыру жолы деп есептейді.
Отбасы бала тәрбиесіндегі негізгі әлеуметтік институттардың
бірі болып табылады. Балаға алғашқы қоғамдық орта құрайтындықтан, әрбір
адамның өмірінде ата-ананың жеке тұлғасы маңызды роль атқарады. Баланың
жеке басын және оның психофизикалық ерекшеліктерін бірлесіп тексеру үшін,
тәрбиеге жалпы көзқарасты қалыптастыру мақсатында педагогтардың жұмысы
отбасымен ынтымақтастық орнатуға бағытталуы тиіс.
Ата-ана өз балаларының тәрбиесіне және дамуына жауапты. Оларға
қоғам үшін толыққанды тұлға дайындау, қоғамда өмір сүруі үшін балаға
қажетті негізгі әлеуметтік білімді беру, рухани-адамгершілік шеберлік пен
дағдыларды, құндылықтар мен идеяларды дамыту міндеттері жүктелген.
Бала тәрбиесі процесінде ата-аналардың пікірі бірінші кезекте
тұрады. Яғни, педагогтар, бала тәрбиесіне жауапты басқа тұлғалар ата-
аналардың пікірін және олардың ұсыныстарын мүмкіндігінше назарға алулары
қажет.
Ата-аналармен жұмыс, оларды балалармен бірге жалпы мектеп іс-
шараларына тарту бала тәрбиесінде олардың маңыздылығын айтарлықтай
арттырады. Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл процесі ата-аналарды тәрбие
процесіне және сабақтан тыс бос уақыттағы жұмысына белсенді қатыстыруға
бағытталуы тиіс.
Ата-аналардың психологиялық-педагогикалық ағартуға назар аудару
керек (консультациялар, лекциялар, ата-аналар клубтары, университеттері
және т.б.). Осының барлығы ата-аналардың балалармен олардың кез-келген
жасында тұрақты тығыз психиологиялық байланыста болуына ықпал етеді, бұл
тәрбиеге әмбебап талап болып табылады. Атап айтқанда, балалардың ата-
анамен жақындығын сезіну балаларға ата-ана махаббатын, үйірлігі мен
қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді.
Отбасы әрқашанда өзара түсінісушіліктен құралады. Отбасылық
қарым-қатынастың негізгі қағидалары — жұбайлардың отбасыда тең құқығы,
балаларды отбасылық тәрбиелеу басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және
жұмысқа жарамсыз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Қазіргі қоғамның жаҺандануы және енуі неке, балалы
отбасы құндылықтарының, барлық ұрпақ тұтастығының, балаларды
тәрбиелеудегі ата-аналар ролінің төмендеуіне әсер етеді.
Бүгінгі күні отбасыға жоғары талаптар және үміттер жүктеледі, бұл
адамның түсінушілік пен жұбаныш табатын, көптеген мәселелерді шешуге көмек
және қолдау алатын ортасы болып табылады.
Қазақстандық отбасыға жоғарғы беделін қайтару үшін ата-аналарды
ерікті экономикалық нарықтың қажеттіліктеріне сәйкес балаларды тәрбиелеу
қажеттілігіне сендіру қажет. Ата-аналар еңбек этикасының құндылықтарының
жолбасшылары болу үшін өзінің өркендеуін қамтамасыз ете алатын адамдарды
тәрбиелеу және басқалармен бірлесіп барлық қоғамның өмір сүру деңгейін
жоғары ұстау қажет.
Осы жағдайда балаларды тәрбиелеу мен оқыту барысына ата-
аналардың қатысуын ынталандыру мен белсендіруге бағытталған ұйымдар мен
органдардың жұмыстарын күшейту қажет. Осыған байланысты білім ұйымдарда
“Жас ата-аналардың клубы” сияқты ата-аналардың бірлестіктері мен одақтарын
құруға, денсаулық сақтау, әділет, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарды
тарту арқылы қоғамдық ата-аналардың университеттерін ұйымдастыруға, ең
жақсы ата-аналарға арналған құрмет тақтасын құруға бастамашылық ету қажет.
Сонымен қатар, толық ашық ақпараттық саясатты ұстану қажет: ата-
аналарға барлық қажетті және маңызды ақпаратты жеткізу. Білім беру
саласындағы қызметкерлерінің тапсырмасы – қоғамға негізгі қағиданы жеткізу:
мектеп және отбасы – үздіксіз білім беру тізбегіндегі қос байланысқан буын.
Сөзсіз, қазіргі уақытта барлық педагогикалық ұжым толық шамада
ата-аналарды бала тәрбиесіне тарту қызметіне дайын емес .
Сондықтан педагогикалық ұжымды оқытудан бастау, соның ішінде
осы қызметті ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік семинарларды өткізу
қажет. Әдістемелік жұмыс жоспарына конференциялар, педагогикалық оқыту,
“дөңгелек үстелдер” және т.б. енгізу мүмкін. Осындай амалмен, педагогикалық
ұжымның мүшелері алдағы жұмыста теоретикалық білім білу тиіс.
Оқыту семинарларының барысында педагогтар толықтай және соның
ішінде сыныптық ұжымда тәрбие беру жүйесінің жетілдіру әдістерімен танысу
тиіс. Іскерлік ойын барысында ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі ролін
жоғарлатуға бағытталған әлеуметтік жобаларды жасау бойынша жобалы әдісті
пайдалануға ата-аналар мен мұғалімдер құрамына кіретін уақытша шығармашылық
ұжым қолдануға болады. Одан басқа, ата-аналармен оқыту семинарлар
ұйымдастыруға болады. Семинарлардың тақырыптары “Тәрбие - әлеуметтік мәселе
ретінде”, “Мансап мектептен басталады”, “Қазіргі баланың әлеуметтік
белсенділігі – ертеңгі әлеуметтік жетістік” және т.б. тақырыптарда болу
мүмкін. Семинарларға психологтарды, осы саладағы беделді педагогтарды,
ғалымдарды, кәсіпкерлерді, жұмыспен қамту қызметкерлерді шақыртумен
ұйымдастырылуы тиіс.
Ата-аналар жиналысы – бұл ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеудің
негізгі және дәстүрлі түрі, оның барысында аса маңызды сынып қоғамының
тіршілік әрекеті, мектеп және үй жағдайында оқушылардың тәрбиесі
мәселелерінің шешімдері талқыланады және қабылданады. Басты оның
тағайындалуы баланың рухани байлығын, адамгершілік тазалығын, физикалық
денсаулығын дамытуға жағдайлар жасау үшін мектеп және отбасылық күштерді
келістіру, үлестіру және біріктіру болып табылады. Ата-аналар жиналысы ата-
аналардың педагогикалық мәдениетін, олардың сынып өміріне белседілігін
арттыруға, балалардың тәрбесіне жауапкершілік сезінуге өткізіледі. Осыған
байланысты, білім беру ұйымдарда ата-аналардың, балалар мен мұғалімдердің
арасындағы қарым-қатынасы негізгі болатын сынып жиналыстарын өткізу
төмендегі әдістерін қарастыруды ұсынамыз:
- Ата-аналар және балалар: сенім мен махаббат (жақсы және тату
отбасылық атмосфераны жасау, баланың сүйікті болу сезімін ұялату, бала
өмірінде ата-аналардың рөлі, бала өмірінде ата-аналардың рөлі жөнінде);
- Ата-аналар және балалар: отбасыда жауапкершілік (бала және ата-ана
не үшін жауап береді; отбасыда барлық тапсырмалар мен қиыншылықтар бала өзі
жеңіп шыға алатын және ата-анасының көмегі негізінде жеңе алатындарға
бөлінеді);
- Ата-аналар және балалар: бала тәрбиелеуде қиындықтар (оны еркелетіп
жібермей, тек қолдау үшін оған қалай көмек беру? Баланы дербестікке қалай
тәрбиелеу? Баланы қалау тындау қажет? Жасөспірімдерге қалай кеңес беру
қажет?);
- Ата-аналар және балалар: баламен жанжалдар (жанжалдардың пайда
болуынан сақтану, баламен жанжалдарды сауатты және нәтижелі реттеу
жөнінде. Өзіңіз кінәлі болғанда не істеу қажет? Бала кінәлі болса, не істеу
қажет?);
- Ата-аналар және балалар: бірге тұрамыз: (Барлықтарға пайда әкелу
үшін немен айналысу керек? Баланы немен қызықтыру және оған қалай қызықты
болу керек, қажетті және пайдалы дағдыларды қалай құру? Балалармен бірге
демалысты қалай өткізу? Баланы компьютер мен телевизордан “алаңдату” үшін
не жасау қажет? Қайда оқуға баруға ақыл айту? Баланы мектепке дайындауда
ата-аналарға не білу қажет?) және т.б.
Баламен қалай дұрыс сөйлесіп және отбасындағы келеңсіздіктерді
қалыпқа келтіруге болады, қазіргі уақытта баланы азғыру мен қауіптен қалай
сақтап және жеке дербес жауапты тұлғаны қалай тәрбиелеп шығуға болады деген
сауалдарға құрамында белсенді ата-аналар мен кәсіптенген педагогтар,
психологтар мен әлеуметтік педагогтары бар білім ұйымдары жанындағы Ата-
аналар кеңесімен Ата-аналар клуб мүшелері осы шешімдермен қатар басқа
мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұдан бұлай білім органдары мен ұйымдарының қызметі қазіргі
қазақстандық отбасының мәртебесін көтеруге, отбасы институтын бекітуге,
баланы тәрбиелеуде ата-ана ролін көтеруге, қоғамда отбасы, адамгершілік
құндылықтарының басымдықтарын қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Дәл қазіргі
уақытта отбасы институт ұстанымы әлсірегенде әр отбасы мүшесі көмек пен
қолдау таба алатындай қоғамдастықты құрып, осы маңызды қоғам ұяшығын бекіту
аса қажет болып табылады. Оның ішінде әр-түрлі психологиялық көмекті қажет
ететін барлық отбасы мүшелеріне отбасы орталығының құрылу қажеттілігі
туды. Мектеп ата-аналар үшін жас ата-аналармен тұрақты ағартушылық дәріс
өткізу қажет.
Үздік отбасылардың оң мысалдарына сүйеніп, міндетті түрде халықты
ағарту, үйрету қажет. Отбасы құндылықтарын қолдау және насихаттау, ата-
аналардың үзік тәжірибесі бойынша арнайы бағдарламаларды жасау, күмәнсіз,
жоғары деңгейдегі азаматтық бағытымен жүретін адамның тәрбиесіне, өмірі мен
іс-әрекетінің жауаптылығына, өз мемлекетінің азаматы болуы сезіміне ықпал
етеді.
Үздік ата-аналар мен сәтті отбасылардың оң бейнесін кең насихаттау,
органдар мен білім беру ұйымдарының үздік ата-аналарды марапаттау
мақсатында облыстық баспа және электронды БАҚ-та Отбасы және қоғам, Мен
және менің отбасым, т.б. шығарылымын және рубрикаларын ашу қажет.
Отбасы өте көп жақты. Бүгінгі күні отбасы құрушы адамға адам
болмысының түрлі саласынан білім алу керек. Жақсы отбасыға психологиялық
және этикалық, педогогикалық және экономикалық, физиологиялық және
сексологиялық, медициналық, үй шаруашылығын білу және эстетикалық білімдер
қажет.
Бұл отбасы өмірінің этикасы және психологиясы атты мектеп курсының
ерекше мәнін көрсетеді. Әрбір курстың сабағы отбасы өмірінің тек
анықталған жақтарын ұйымдастыруға ғана емес, болашақ жұбайлардың, ата-
аналардың, қарапайым мемлекет азаматтарының орнықты белгілеріне
бағытталған.
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақстандық қоғамның алдында жаңа
ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбиесі, азаматтар арасында жақсылық,
әділеттілік, өзара көмек, төзімділік орнықтыратын құндылықтарды іздеу
мәселесі қалыптасты.
Бүгінгі балалардың бойында руханилылықтың жоқтығына байланысты ерекше
алаңдаушылық білім беру жүйесінде жалпы адамзаттық рухани-адамгершілік
құндылықтарды оқытуға бағытталған Өзін-өзі тану бағдарламасын енгізуге
негізгі себеп болып отыр.
Рухани-адамгершілік жөніндегі жаңа тәртіп балаларда (мектепке дейінгі
кезеңнен жоғары оқу орнына дейінгі деңгейде) жеке ерекшеліктері мен
халықтық педагогика әдісін, қазақ халқының ұлы мұрасы, сонымен қатар
әлем тәжірибесіндегі жалпы
адамзаттық құндылықтарын есепке ала отырып адамгершілік және руханилық
сапасын дамытуды жорамалдайды. Жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаева
есептегендей әрбір адам туғаннан қалыптасқан қабілеттіліктерді толықтай
мүмкіндігінше іске асыру үшін, сонымен қатар тек мемлекетке ғана емес
жердегі барлық адамдарға пайда әкелу үшін білім арқылы біз өз коғамыңызда
адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңартуды тілейміз.
Осы пәнді енгізу мектептік оқытудың нақты мақсаты ретінде өзін-өзі
тәрбиелейтін және дамытатын адамды қалыптастыру тапсырмасын ұсынуға
мүмкіндік берді.
Өзін-өзі тану педагогтар мен ата-аналардың қызметін жастарды
әлеуметтендіруге, балалардың өз мінез-құлықтары мен өмірлік іс-әрекеттерін
қайта ойлауға бағыттайды.
Балаға ата-аналардың беделі, білімге және рухани құндылықтарға
негізделген ата-ананың ықпалы тәрбиенің маңызды жағдайы болып табылады.
Сондықтан да өзін-өзі тану мұғалімдері ата-аналармен жұмыс
жоспарлағанда отбасы рөлінің қалыптасуын және оның мүшелерін бағалаудың
маңыздылығын ескеруі тиіс. Осындай ақпаратты білу мұғалімдерге отбасының
баланың жеке дамуына, оның мінезіне, тәртібіне ықпалын алдын-ала білуге
мүмкіндік береді. Осы факторларды есепке ала отырып, педагогтар ата-
аналармен өзара әрекеттердің ең әсерлі үлгілерін таңдай алады.
Бала тәрбиесінде ата-аналардың жүріс-тұрысы шешуші рөль атқарады. Ата-
аналардың әрбір ойлаған сөздері және қылықтары өз отбасы мүшелерін
құрметтеу - ең бастысы және маңыздысы тәрбие үрдісі болып табылады.
Күн сайын балалар сынып жетекшілерінің қарауында ғана емес, сонымен
қатар мұғалімдердің қарауында болғандықтан, мектеп ата-аналарға қарағанда
балаға үздіксіз үрдіс түрінде тәрбие береді. Атап айтқанда, болашақ
адамның тәрбилесі оларға байланысты. Олардың әр оқушыға ықылас бөлуі,
баланың мектептегі жетістіктеріне, оның рухтық және зерделілігінің дамуына
байланысты.
Халықаралық және республикалық жобалардың (Балаға тілектестік қарым-
қатынас мектебі, Балаға мейірімді қала, Еріктілер мектебі )
ресурстарын оқу мен қолдану жалпы адамгершілікке, ұлттылыққа,
этномәдениетке жеке тұлға құндылықтарына мектепте, отбасыда басқа да
мүдделі құрылымдарда білім кеңістігінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz