ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
КІРІСПЕ: 1 «ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
4:
КІРІСПЕ: 1. 1 Эпос мазмұны, өлең өлшемінің аудармада сәйкестігі
4: 6
КІРІСПЕ: 1. 2 Реалийлердің, фразеологизмдердің берілу амалдары
4: 15
КІРІСПЕ: 1. 3 Жыр тілінің, көркемдік құралдардың аудармасы
4: 28
КІРІСПЕ: 2 ЭПОСТЫ ТҮПНҰСҚАДАН АУДАРУДАҒЫ ЖАҢА ІЗДЕНІСТЕР
4:
КІРІСПЕ: 2. 1 Аударманың поэтикалық, стильдік, көркемдік ерекшеліктері
4: 37
КІРІСПЕ: 2. 2 Соғыс көріністерінің бейнеленуі және аудармасы
4: 44
КІРІСПЕ: 2. 3 Кейіпкер портретін аудару жолдары
4: 49
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 58
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 60
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
4: 62

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани-мәдени мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген этнос атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның тілінде көрініс табады. Бұл ретте В. Гумбольдт: «Язык народа есть его дух, и дух народа есть его язык. Язык насыщен переживаниями прежних поколений и хранит их живое дыхание», - деп пайымдаған [1, 68-82-б. ] . Әр халықтың өзіндік салт-санасы, елдік рухы алдымен оның тілінде таңбаланады. Этностың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Ұсынылған тақырып тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі болып табылатын оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете танумен өзектеледі.

Зерттеудің мақсаты - Аудармаларды кешенді, жүйелі, проблемалық, типологиялық түрде зерттеу.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей нақты міндеттер қойылды:

- Эпос аудармаларын зерттеу тарихына шолу жасау;

- түпнұсқадағы өлең өлшемі мен жыр мазмұнын саралау;

- көркемдік бейнелеу құралдарын, тілдік құрылымдық ерекшелігін анықтау;

- фразеологизмдерді, реалийлерді берудің жетістіктері мен кемшіліктерін жүйелеп, топтау

Зерттеу нысаны - «Қобыланды батыр» жырының түпнұсқалары, С. Липкин, Н. В. Кидайш-Покровская мен О. А. Нұрмағамбетова, Б. Жылқыбаевтың жасаған аудармалары

Зерттеу пәні. Зерттеу жұмысының нәтижелерін «Аударма теориясы», «Салғастырмалы әдебиеттану» пәндері және арнайы курыстар бойынша қосымша материал ретінде қолдануға болады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы “Қобыланды батыр” жырының орыс тіліндегі үш аудармасы салыстырмалы талдаудың негізінде алғаш рет кешенді, жүйелі түрде зерттеліп отыр.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Жұмыстың орындалу барысында Р. Бердібайдың, С. Қасқабасовтың, С. Садырбаевтың фольклор ерекшеліктері сараланған зерттеулері пайдаланылды. Қазақ қаһармандық эпосын арнайы қарастырған Қ. Жұмалиевтің, М. Ғабдуллин мен Т. Сыдықовтың, Р. Бердібайдың, Ш. Ыбыраевтың, О. Нұрмағамбетованың зерттеулері теориялық негіз болды. Көркемдік мәселелері сөз болған тұстарда әдебиет теоретиктерінің, атап айтқанда, Қ. Жұмалиевтің, З. Қабдоловтың, З. Ахметовтің еңбектері бағдар етілді. Эпостың аударылуы жөнінде сөз қозғағанда С. Орловтың, И. Левыйдың, С. Талжановтың, Н. Сағындықованың, М. Бисенқұловтың, С. Абдрахмановтың еңбектері негізге алынды

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы. Қазақ әдебиеті мен орыс әдебиетінің байланысын, аударма қалай дамығанын, аталмыш жыр бойынша көп аударманы жан-жақты салғастыра қарастыру.

Дипломдық жұмыстың практикалық негізі. Зерттеу жұмысының теориялық нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Аударма ісі» мамандықтары бойынша оқытылатын пәндерде және арнаулы курстарда пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, кестеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері баяндалған, зерттеу нысаны мен пәні көрсетілген, сонымен қатар зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық-әдіснамалық негіздері, ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңызы айқындалған және дипломдық жұмыстың практикалық негізі, құрылымы көрсетілген.

Жұмыстың «Қобыланды батыр» жырын аудару мәселелері» деп аталатын бірінші бөлімі үш тараушадан тұрады. «Эпос мазмұны, өлең өлшемінің аудармада сәйкестігі» атты тараушада «Қобыланды батыр» жырының С. Липкин, Н. В. Кидайш-Покровская мен О. А. Нұрмағамбетова жасаған аудармаларының мазмұны, құрылымы, тілі, стилі мен өлең өлшемі, ырғақ, ұйқас, мәселелері қарастырылды.

«Реалийлердің, фразеологизмдердің берілу амалдары» атты екінші бөлімде эпоста кездесетін реалийдерді, олардың негізі түрлерін, топонимдерді, антропонимдерді, тұрақты сөз тіркестерді аударудың амал-тәсілдері сипатталған.

«Жыр тілінің, көркемдік құралдардың аудармасы» деген үшінші бөлімде жырда кездесетін негізі көркемдеуіш құралдар метафора, метономия, синекдоха, эпитет, гипребола, теңеулердің т. б., аударылу тісілдері талданған.

«Эпосты түпнұсқадан аударудағы жаңа ізденіс» атты екінші тарау үш тармақшадан тұрады. Бөлімде эпостың жаңа аударма нұқсасының ерекшеліктері қарастырылған. «Аударманың поэтикалық, стильдік, көркемдік ерекшеліктері» деп аталып, онда аударма түпнұсқамен салыстырылып, алғашқы екі аудармадан негізгі айырмашылықтары мен ұқсастықтары айқындалды. «Соғыс көріністерінің бейнеленуі және аудармасы» атты екінші тармақшада батырлық жырдың композициялық құрылысының ажырамас бөлігі болып табылатын соғыс суреттерінің аударылу тәсілдері, ерекшеліктері жайлы сөз етілді. «Кейіпкер портретін аудару жолдары» деген соңғы тараушада эпикалық туындыларда жиі кездесетін батырдың, оның қалыңдығы мен тұлпарының бейнесіне қатысты көркемдеуіш құралдарды аударудың амал-тәсілдері қарастырылды.

Зерттеу нәтижелері қорытындыда берілген.

1 «ҚОБЛАНДЫ БАТЫР» ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

  1. Эпос мазмұны, өлең өлшемінің аудармада сәйкестігі

Аударма - ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстың бір түрі. Адамзат аударма арқылы араласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандығы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-әрекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да коммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі - аударма. Бұл тұрғыдан келгенде, аударма - адамзатты біріктіріп тұратын факторлардың бірі деуге болады.

«Қобыланды батыр» жыры - халқымыздың көне батырлық эпостарының бірі. Бұл жыр бір ғасырдың жемісі, бір ғана дәуірдің туындысы емес, жыр мазмұны көне дәуірден бастап, ХІХ ғасырдың басына дейінгі халық өмірінің сан кезеңдерін бейнелейді. Бірақ жырдың ең көне нұсқасы бізге жетпегендігін зерттеуші-ғалымдар атап өткен болатын [1, 14-б. ] .

«Қобыланды батыр» жыры тіл көркемдігі, жалпы мазмұнының өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Осы бағыттағы алғашқы зерттеулер Ә. Бөкейханов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Кенжебаев, М. Ғабдуллин, С. Мұқанов, Р. Бердібаев, О. Нұрмағамбетова т. б. ғалымдар еңбектерінен басталса, оның тілдік мазмұнын тарихи-лингвистикалық, этимологиялық, этнолингвистикалық ақпарат негізіндегі жалғастығын Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Е. Жұбанов, Б. Әбілқасымов, Ә. Нұрмағамбетов, Ж. Манкеева, Н. Уәлиұлы, Р. Шойбеков, А. Мұқатаева, С. Жапақов, Қ. Қайырбаева, Д. Керімбаев, А. Арысбаев т. б. еңбектерінен табамыз.

«Қобыланды батыр» жырының ел арасынан жинала басталуы, хатқа түсуі ХІХ ғасырдан бастау алады. 1870-90 жылдар аралығында жырдың кейбір үзінділерін В. В. Радлов пен Г. Н. Потанин жарияласа, Марабай ақыннан жазып алған нұсқасын алғаш рет баспаға берген Ы. Алтынсарин болатын. Ол Марабай жырынан алған үзіндіні «Киргизская хрестоматия» (1879) кітабының бірінші бөліміне енгізген. Жырдың кейбір нұсқаларынан алынған үзінділер «Дала уалаяты» (1899), «Туркестанские ведомости» (1899), «Тургайская газета» (1901) газеттерінде және «Орынбор оқымысты комиссиясының еңбектерінде» (1910) басылған. Ал жырдың бұрынғы Қостанай уезі, Қарабалық болысының жыршы-ақыны Біржан Толымбайұлы айтқан бір нұсқасын Махмұтсұлтан Тұяқбаев 1914 жылы Қазандағы «Үміт» баспасында жариялаған. Бұны зерттеуші-мамандар «Қобыланды батыр» жырының ең көлемдісі, толығы деп бағалайды.

Қазақ ортасында қалған батырлар әңгімелерінің әрқайсысының ішінде тарих ауданына сиярлық шындық қайсы, тарих оқиғаларынан қалған із, сүрлеу қайсы, әрбір әңгімеде ел мінезі, ел қиялы, ұғымы, бірлік әңгімесінде қаншалық дәрежеде күшейіп, қаншалық қалыпқа шейін жетті. Соның бәрі көрінетін жерлер аз емес. Қобланды өлеңі ескі қазақ әдебиетінде үлкен, елеулі орын алатын жырдың бірі. Бұның өлеңі күшті ақындықпен, шалымды қиялмен жазылған өлең. Жырдағы Қобландының үй ішімен қоштасуы, Тайбурылдың шабысы, Қазан мен Қобландының айтысы сияқты өлеңдер Қобыландыны соңғы, түзеп айтқан Марабай сияқты ақынның үлкен ақындық қуатын білдіреді. Бұл сөздер төселген жүйріктей толғаулы ақынды танытады. Қиялы бай, суреті көп сезімі күшті ақынды көзге көрсетеді. Қобланды жыры ескі жырлар үлгісімен жазылғандықтан барлық өлеңі әнге өлшеніп айтылған. . » [1, 64-б. ] .

Ел есінде сақталып келген, батырлармен араласқан адамнан тарайтын әңгімесі де болады. Кейде жалғыз ғана ел қиялының өзі туғызатын да батыр болады.

Қазақ батырлық жырларына ортақ сюжеттердің бар екендігін өз кезінде бірқатар ғалымдардың атап өткені белгілі. Қазақ батырлық жырына тән сюжет:

1) Перзентсіз ата-ана, олардың хал-жағдайы.

2) Кейіпкердің керемет болып туылуы.

3) Баланың батыр болып ерекше өсуі.

4) Батырдың әйел іздеп табуы

5) Ғашығын (қалыңдығын) іздеп табуы.

6) Батырдың өз елін қорғауы, ерлік жорықтары.

7) Ұлан-асыр қуаныш, той. Тыныштық өмір.

8) Батыр баласының ерліктері.

Осы орайда жұмысымыздің тақырыбы болып отырған «Қобыланды батыр» жырының сюжеті де басқа эпос сюжеттеріне ұқсас.

Жалпы, фольклорлық шығармалардың аудармасын зерттеу барысы түпнұсқа мен өзге тілдегі мәтінді салыстырудан басталады. Эпикалық туындылардың бірден-бір ерекшелігі оның варианттарының көп болуы. Біз қарастырып отырған «Қобыланды батыр» жырының С. Липкин, Н. В. Кидайш-Покровская мен О. А. Нұрмағамбетованың, Б. Жылқыбаев жасаған аудармалары түрлі нұсқалардан жасалғандықтан, жырдың бір аудармасында бар тұстары өзгесінде кездеспеуі мүмкін, сондықтан мұны біз аудармашының кемшілігі ретінде қабылдамауға тиіспіз.

«Қобыланды батыр» жыры сюжеттік желісі, композициялық құрылысы жағынан жалпы эпикалық жыр дәстүрін берік сақтайды. Жырдың көркем бейнелегіштік сипаты, сөз кестелері мен өрнек-нақыштары, жыр өлшемі, жыр өлшемі мен өрімі дәстүрлі қайталау, ұйқас-ырғақ т. б. жағынан да эпикалық жыр талабына сай құрылып, оны өзінше байыта, толықтыра пайдаланады Соның арқасында жыр қазақ эпосының айрықша құнды үлгілерінің қатарына қосылады. Алайда, бұл жырларды аударуда едәуір қиыншылықтар туындайтыны сөзсіз. Белгілі ғалым Н. Ж. Сағындықова: « . . . с интерпретацией древних эпических произведений гораздо сложнее, здесь, кроме языкового барьера, есть барьер временной. Здесь то и проявляются трудности трансформации одного языкового материала не другой. Не каждый представитель нации знает в совершенстве историю, древние обычаи и нравы своих предков, не будучи специалистом, по этнографии, сможет воспроизвести на своем языке предания чужой «далекой старины» [2, 36-б. ] .

Эпостық жырлар, соның ішінде "Қобыланды батыр" жыры да, үнемі бір ғана үлгіде, жалғыз өлшеуде жырлана бермейді. Онда қазақтың фольклорлық жанрларының біраз үлгілері бой көрсетіп отырады. Желдірмеге, термеге, тақпаққа ауысып отыратын тұсы аз болмайды.

«Қобыланды батыр» жырының өлеңдік-техникалық жақтарында да жалпы қазақ фольклорына тән қызықты үлгілер аз емес. Оны шумақ, ырғақ, ұйқас, инверсиядан т. б. айқын аңғаруға болады.

Сонда сұлу қыз Құртқа

Қылаң етіп, қылт етіп,

Сылаң етіп, сылт етіп,

Шекеде шоғы бұлт етіп,

Алтынды тоны жылт етіп,

Саулы інгендей ыңқылдап,

Күшігендей сұңқылдап,

Сүмбіледей жылтылдап,

Буыны түсіп былқылдап . . . [3, 65-б. ] .

Осы үзіндіде сұлу Құртқаның қимыл-қозғалысы, сыртқы көрінісі, әсерл тапқыр көріністер, ұлттық теңеу, бейнелеулер арқылы беріледі. Сонымен бірге жыр ұйқастарында да жаңалық бой көрсеткен. «Қылт етіп» деген сөз қатарынан төрт жол бойы ұйқасып келеді де, екінші ұйқасқа ауысады, кейінгі ұйқас тағы да төрт қайталанады (а ә ә ә б б б б) . Аудармасы:

Красавица кыз - Кортка

Вся озаряет как свет

Когда грациозно, горделиво идет,

Перышко развивается на голове,

Золотом отделанная шуба блестит,

Зов ее, как крик верблюдицы молодой,

Голос ее, как щебет птицы степной,

Волосы черные блестят

Подвижен и гибок ее стан [4, 96-б. ] .

С. Липкиннің аудармасында:

Тут красивейшая из жен,

Высока, и гибка, и тонка, -Отодвинула полог Кортка,

И, чаруя взором своим,

Золотым убором своим,

Круглой шапочкой золотой,

Колыхающимся пером,

Смоляным сверканьем волос,

На пуховом ложе своем,

Томной неги полна молодой . . . [4, 50-б. ] .

«Қылаң етіп, қылт етіп, Сылаң етіп, сылт етіп» деген тармақ алғышқы аудармада «Когда грациозно, горделиво идет», екіншісінде «Высока, и гибка, и тонка» болып шыққан да, түпнұсқадағыдай эстетикалық әсер береді деу қиын.

Сонымен қатар:

Құстың жүні мамық-ты,

Арпа, бидай қабықты,

Асыл туған Қыз Құртқа

Қуанбасаң қамықпа . . .

Айдын көлден қу аттым,

Дертке дәрі өті деп,

Жазғы балық ойнайды,

Айдын көлдің шетінде [3, 87-б. ] .

Мұндағы ұйқастар: ааәә; аәаә болып келген. Қазақ өлеңінде әдетте ұйқастар толымды, дыбыстары не бірыңғай жіңішке, не бірыңғай жуан дауысты, не бәрыңғай дауыссыз, не дауысты дыбысқа ғана бітіп отыратын дәстүріне бұл жырда біраз өзгешелік енен бастағанын көреміз. «Қамықпа» деген сөз «қабыққа» болып ұйқасса керек еді, бірақ мұнда «қабықты» да ұйқас болып тұр. Екінші шумақтағы «өті деп» деген ұйқасқа «шеті деп» болып ұйқасса керек еді, бірқақ мұнда «шетінде» деген сөз ұйқасып тұр. Соңғысының біреуі дауыссыз, екіншісі дауысты дыбысқа біткен. Бұл дәстүрлі фольклорды жиі кездесе бермейтін, көбіне жазба әдебиетте болатын құбылыстың осы жырдағы біз сөз етіп отырған нұсқасына кездесуі өте қызықты. Демек, бұл қазақ өлеңдерінде бұрыннан бар құбылыс» деген тоқтамға келеді ғалым О. Нұрмағамбетова. [ 5, 245-б. ] .

Аудармада:

Птичий пух и перо на перину (идут),

Рожь и пшеница в шелухе,

Благородной родившаяся Кыз Кортка,

Радуйся, не грусти . . .

«На широком озере застрелила лебедя -

От болезни целебна его желчь,

Летом рыба резвится, выпригивает

У берега широкого озера . . . [4, 248-б. ] .

Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеуші З. Ахметов жеті-сегіз буынды жыр эпикалық дастандарда мол кездесетінін көрсетеді. Зерттеуші осы орайда түркі халықтарының көпшілігіне тән силлабикалык өлең құрылысына сүйенеді. Оның пайымдауынша, жыр - суырып салып айтуға лайықталған өлең, ол термелеп, тақпақтап айтуға өте ыңғайлы. Жыршылардың термелеп ұзақ жырлауына қолайлы, Мәселен, 4+3, 3+2+3 құрылысты екі түрлі өлеңді алып қараса, екеуінің де жыр, терме екендігін көреміз. Екеуін де ақындар термелеп, әуендетіп жеңіл айтып шыға алады. Онан соң ондай жыр, термелер тез жатталады. Есте ұзақ сақталады. Көбінесе жыр, терме ұйқасы бір-бірімен үйлесіп шығады.

Жырда ұйқастың екі түрі кездеседі. Оның бірі негізгі ұйқастағы, екіншісі қосымша, жолдан қосылған ұйқас. Эпикалык жырларда әр түрлі өлең жолдары кездесетіндіктен онда қосымша, жолдан қосылған ұйқастардың маңызы негізгі ұйқастан кем соқпайды. Түйдек-түйдек тізілген терме жолдары бірінен соң бірі тасқындап ағытыла береді.

Жырда жалқы (монорифм) ұйқас та кездесіп отырады. Бір шумақ өлең тізбектері бір ұйқасқа бағындырылады. Егер бірнеше жыр тізбектері бір ұйқасқа телінбесе, ол жыр тізбегі қайталанады [5, 58-61-б. ] .

«Қобыланды батыр» жырының тілдік, көркемдік ерекшеліктерін өте жоғары бағалай келіп М. Әуезов былай дейді: «Қобыланды батыр» жырының көркемдігі мен түрінен қазақтың батырлық эпосына тән көп ерекшеліктер аңғарылады. Дастан жеті-сегіз буынды жыр үлгісімен жазылған. Мағынасына қарай шумақтағы жол сандары алмасып отырады. Ұйқас та айнымалы, тұрақсыз болып келеді. Бірақ дыбыстың үндестігі мен әуезділігі, қайталаулар, ассонанс пен аллитерация мол ұшырасады. Бұл - қазақ эпосына, оның өлеңдік құрылысына жалпы тұтастай ортақ қасиет. Оның үстіне тартыс шиеленісіп, уақиға қабындап, өткір сезім күйлеріне түскенде бір қалыпты жыр ағымы күшейіп желдірме ырғағына ауысады. «Қобыланды батыр» жырында жырдың көркем үйлесімдігі шегіне жеткен. Қобыландының үй-ішімен қоштасуы, ата-анасының батырды жоқтауы суреттелетін тараулар - қазақтың халық поэзиясының ең үздік үлгісі» [5, 129-б. ] . М. Әуезовтің бұл пікірінің дәлеліне жоғарыда мысалға алынған шумақтар мен жыр жолдары толық айғақ бола алады деп ойлаймыз.

Жырда эпикалық баяндау тәсілі сақтала бермейді. Уақиғаны тыңдаушыға анық жеткізу үшін айтушы жырды қиыстыру ісіне тікелей өзі араласып кететін сәттері бар. Мәселен:

Бара тұрсын Біршымбай,

Ұзын сөзді қысқартып,

Келейін енді қыз жаққа [3, 132-б. ] .

Пусть себе едет Биршимбай.

Сократим долгий сказ,

Теперь о девушке речь поведем [4, 292-б. ] -деген Б. Жылқыбаевтың тәржімесінде мұндай қиыстырушы, кіріспе жолдар кездеспейді. С. Липкиннің аудармасында бұл жолдар:

Лишних слов не потратим сейчас,

О Кортке продолжим рассказ,

Мы окрасим бумажный лист,

Мы рассказ поведем вперед [4, 42-б. ] -осы шумақтағы «мы окрасим бумажный лист» - деген жолдар жыр қағаз бетіне түскеннен кейін қосылса керек.

Кез келген поэтикалық аударманы үш аспектіде қарастыру керек: мағыналық, стилистикалық және прагматикалық. Түпнұсқаның бұл үш қыры аудармада берілуі тиіс, алайда оларды жүз пайыздық ділдікпен беруге болмайды (берілмейді де) . Өйткені мұндай аударма буквализмге әкеп соқтырады [1, 15-б. ] .

Эпоста, соның ішінде түркі жырларындағы қайталалау, эпизод қайталау да көркемдеудің бір тәсілі. Жыршы бұл әдіске негізгі ойды, түйінді идеяны жеткізу мақсатында әдейі жүгінеді. Мұның аса қызықты бір үлгісін «Қобыланды батырдан» табамыз. Айтушылар осы тәсілге әсіресе, екеуара жауаптасу және монолог тұсында көбірек орын береді.

Сонда Естемес сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді . . . [3, 67-б. ] .

Тогда Естемес сказал,

Сказавши так молвил [4, 240-б. ] . - деген дәстүрлі жолдардан кейін диалог басталады. Және диалог иесі айтайын дегенін бірден қысқарып қалған, дәстүрлі кіріспе жолдарсыз беріледі.

Бір ойдан екінші ойға ауысар тұста қайталау атқаратын қызмет күшті. Сонымен бірге, сырт көзге анық байқала бермесе де, «кіріспе» қайталауларда бейнелеу құралдары іштей өзара байланысты болады. Және де ойдан суырып салып отырған ақын, бір жағына, ұйқастың тартымды шығауын көздейді. Бірнеше жырды қатарынан жатқа айтатын ол ұтымды тіркестерді бірінен екіншісіне көшіре айтады. Осыдан келіп эпостық дәстүрдің поэтикасы қалыптаса бастайды. Қараманның айтқаны:

. . . Замандасым, мұңдасым,

Заманың бірге сырласым,

Жасы бірге құрдасы [3, 81-б. ] .

Сверстник мой, повереннный друг,

Мы одних лет, одногодок мой,

Одногодки мы, ровесник мой [4, 240-б. ] . -деген жолдар тавтологияға ұшыраған. Келесі аудармада бұл жолдар компрессияға ұшыраған: «Сверстник мой, великий батыр!» [5, 116-б. ] .

Эпикалық жырларда қайталаудың жоқтау-монолог түрлері де көп. Жоқтау жанрында эпитет, әсірелеу, теңеу, символ сияқты бейнелі сөз түрлері ескі фольклорлық сарында айтылады. Онда мұсылмандық реңктегі кітаби сөздер де жиі ұшырайды. Діни ұғымдар, бір Аллаға жалбарыну, әулие, пірлерге табыну шығыс аңыздары арқылы келгені де мәлім.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Батырлар жырын оқыту
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz