Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар


Мазмұны:
Екінші деңгейлі банктердің несиелендірудегі құқықтық
базасындағы мәселелері
Анықтамалар
Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым.
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т. б. ) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.
Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті (ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы
Құқықтық қатынас- көптеген айқындамалары бар, алайда кеңінен тараған айқындамаға сәйкес құқықтық қатынас қатысушылары мемлекет қорғайтын әрі кепілдендіретін субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге иелік ететін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас
Белгілеулер мен қысқартулар
ҚР- Қазақстан Республикасы
ҰБ-Ұлттық Банк
ҚҚА-Қаржылық Қадағалау агенттігі
ЕДБ-екінші деңгейлі банктер
АҚ- акционерлік қоғам
ЖІӨ- жалпы ішкі өнім
АҚШ-Америка Құрама Штаты
%-пайыз белгісі
Тг-ұлттық валюта, теңге
Кіріспе
Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткізді. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық- құқықтық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2009 жылдың 6 наурызындағы өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Дағдарыстан-жаңаруға» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамызбен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық»- деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді[1]
Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банктің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жандануы және конденсациялық процестер жалғасуда. Банк жүйесін мемлекеттік және заңнама жағынан қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік мәселелері шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін заңнама негізінде банк жүйесіне жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс. Қаржы заңдарының дамуы экономиканың дамуындағы жалпы ішкі өнім үлесіндегі қосымша құн өскен сайын бюджет көздері толықтанып, халықтық әлеуметтік және рухани шығындарын қанағаттандыра түсіру үшін нарықтық қатынастардың құқықтығы күшейе түсуіндегі барлық бағыттарды бақылау жүргізу әділеттіліктің негізгі даму бағыты. Сайып келгенде, зерттелінген мәселенің ғылыми және іс-тәжірибелік маңызы зор бастамалардың бірі екенін айта аламыз. Қазіргі заманда мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының құқықтық базасының дамуының маңызды бағыттарының қатарына жатады, өйткені қаржы жүйесі мемлекеттің экономикалық негізін қалап, қоғамның тиімді әлеуметтік дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар қаржы құқығының маңыздылығы елімізде нарықты экономиканың дамуында және жаңа экономикалық- құқықтық қатынастар пайда болуымен да артып отыр.
Дипломдық жұмысымның тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы банктік несиелендірудің құқықтық негізі». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Қаржы саласындағы заңдылықтардың жиі өзгеріп, қомақты және күрделі болуына байланысты қаржылық құқықтық қатынастар көпжақты. Мемлекеттің қаржы және салық саясатын жетілдіру мәселелерін зерттеуге өз еңбектерін арнап, сол арқылы экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан төмендегідей заңгерлер мен экономистерді айтуға болады: А. Герун, А. И. Худяков, А. К. Арыстанова, Б. Б. Шермухаметова, Б. Ж. Ермекбаева, В. Г. Фурсов, В. Д. Мельников, Г. К. Жакупова, Г. М. Бродский, Е. Калюжанова, Е. Х. Сигаев, З. Атығаева, К. А. Сержантов, М. Т. Оспанов, М. Х. Тусеева, С. С. Сатубалдин, А. А. Нурумов, А. Б. Зейнельгабдин, А. Смит, А. Соколов, А. Тривус, В. Д. Ли, Г. А. Лесбеков, Г. Карагусова, Д. Г. Черник, Е. В. Порохов, К. А. Аттапханов, К. Ә. Сағадиев, К. К. Ильясов, М. Б. Кенжегузин, О. Тимофеева, С. Г. Пепеляев, С. М. Мусин, Ф. С. Сейдахметова және тағы басқалар. Бірақ, қаржы заңдарының дамуы, салық жүйесінің бақылау қызметі мен мемлекеттік қаржылық бақылауының көпжақтылығы және мәселелерінің күрделілігі оның әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Банктік несиелендірудің құқықтық заңнамасын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіні туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде дипломдық жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтап отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты- Қазақстан Республикасы экономикасындағы екінші деңгейлі банктердің қызметінде несиелендірудің құқықтық базасының мәселелері мен даму болашағына баға беру.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Банкілік қызметтің теориялық негіздері жағынан қарастыру;
- Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттарымен танысу; - Банктік несиелендірудің мәні және басқа несиелерден айырмашылығын көру;
- Қазақстан Республикасында банктік несиелендіруді ұйымдастыру механизмін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар айқындау;
- Екінші деңгейлі банктердің несиелендірудегі құқықтық базасындағы мәселелерін көрсету
Зерттеу обьектісі: Банктік несиелендірудің құқық және қаржы заңдарының түсінігі, жүйесі, қаржы заңнамасы жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілер және оны заңнамалы жүзеге асырудың әдістері.
Зерттеу пәні: Банктердің несиелендірудің заңнамасы.
Ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары, сондай-ақ банкік несиелендірудің құқықтық қатынастардың дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т. с. с. пайдаланылды.
Құқықтық негізде ҚР Президентінің заңдар мен заң күші бар жарлықтары және әр түрлі әдістемелік нұсқаулар жатады. Сонымен қатар жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жолдауы, «Ақшалы-несиелік және қаржылық мәліметті қалыптастыру мақсатында екінші деңгейдегі банктермен, несиелік серіктестіктермен және ипотекалық компаниялармен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне есепті берудің тізімі, нысаны және мерзімдері жөнінде нұсқауды бекіту туралы» қаулысы, Алимжанов К., С. Б. Мақыш, В. И. Колесникова және тағы басқа экономистердің еңбектері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Берілген жұмыстың теориялық маңыздылығы Қазақстан Республикасының банктік несиелендірудің құқықтық қатынастар жүйесінің қалыптасу мен даму үрдісі толықтай қарастырылды.
1. Банкілік қызмет анықтамасы және оның құқықтық жағдайлары
1. 1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі коммерциялық банктер акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қазақстан Республикасының банктер, банктік қызмет туралы заңнамалық актілері, өздеріне қатысты өзге де заңнамалық актілер мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ арнаулы лицензиялар - рұқсаттар негізіндебанктік операциялар мен мәмілелердің барлық түрлерін және тиісті қаржылық қызметті кең ауқымда жүзеге асыратын коммерциялық заңды тұлғалар кредиттік ұйымдар болып табылады.
Банк жүйсінің төменгі (екінші) деңгейіндегі коммерциялық банктер кәсіпкерлік қызметтің айрықша түрін банктік операцияларды тиісті заңдарға және лицензияларға сәйкес жүзеге асыру арқылы (нәтижесінде) белгілі бір көлемде мол пайда табуды көздейтін, таза нарықтық сипаттағы коммерциялық институттар ретінде ерекшеленеді. Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен және банктер туралы заңдарда белгіленген мән-жайлар мен ерекшеліктер негізінде акционерлік қоғам нысанында құрылады. Жаңадан құрылған коммерциялық банктің акционерлері банктің жарғылық капиталына Әділет министрлігінде не оның жергілікті бөлімдерінде банкті тіркейтін мерзімге қарай елу процент мөлшерінде және тіркелген күннен бастап бір күнтізбелік жыл ішінде толығымен төлем жасайды [2] .
Қазақстан Республикасының Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі өз құзыреті шегінде әрі өзі белгілеген тәртіппен коммерциялық банктерге банктік операциялардың Қазақстан Республикасы банктік заңнамасында көзделген түрлерін (валюталық операциялардан басқаларын) жүргізуге лицензия береді. Сонымен қатар, аталған Агенттік банктерге, банктік топтарға арналған пруденциялдық нормативтерді және банктер үшін сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді, сондай-ақ коммерциялық банктерді ашуға, қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді. Қазақстан Ұлттық Банкі және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар коммерциялық банктердің операциялық іс-әрекеттеріне араласпайды. Олар банк жүйесіндегі адал бәсекелестіктің қалыптасуына жағдай жасауды көздейді. Коммерциялық банктердің пассивті операцияларына клиенттерге қызмет көрсету арқылы немесе клиенттерге қызмет көрсетуден басқа да көздерден қаражаттар тарту жатады. Коммерциялық банктердің активті операциялары банк клиенттерінің есебінен және олардың тапсырмалары бойынша банктің өзінің пайдасына жүргізілетін операциялар болып табылады. Коммерциялық банктер мен олардың клиенттер арасындағы операциялар және банкаралық қатынастар тиісті банктік шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы экономикасының банктік секторындағы коммерциялық банктер елдің бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі шаруашылық қызмет субъектілеріне қатысты және сыртқы экономикалық қызметке байланысты кредиттік, қаржылық және есеп айырысу операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” Қзақстан Республикасы заңының 30 бабына сәйкес коммерциялық банктер:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ олардың шоттарын ашады және жүргізеді;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдайды, сондай-ақ оладың банктік шоттарны ашады және жүргізеді;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есеп-шоттарын ашады және жүргізеді;
- жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашады және жүргізеді;
- кассалық операцияларды жүзеге асырады;
- заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларды ақша аудару жөніндегі тапсырмаларын орындайды;
- заңдыы тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге де қарыздық міндеттемелерін есепке алады (дисконттайды) ;
- жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, олардың ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олрадың банктік шоттары бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады;
- сенімділік (трасталық) операцияларды жүзеге асырады;
- банкаралық клиринг жүргізеді;
- сейфтік операцияларды жүзеге асырады;
- ломбардтық операцияларды жүзеге асырады;
- төлемдік карточкалар шығарады;
- банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялайды;
- шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асырады;
- төлемқұжаттарын инкассоға қабылдайды;
- чек кітапшаларын шығарады:
- аккредитив ашады, оны растайды және ол бойынша міндеттемелерді орындайды;
- ақша түрінде орындалуды көздейтін банктік кепілдіктер береді;
- лизинг қызметін жүзеге асырады;
- өз меншігіндегі бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
- факторингтік операцияларды жүргізеді;
- форфейтингтік операцияларды жүргізеді;
- инвестициялық портфельді басқарады;
- бағалы қағаздар рыногында делдалдық және дилерлік (кәсіби) қызметті жүзеге асырады;
- қымбат бағалы тазартылған металдарды сатып алады, кепілге қабылдайды, сақтайды және сатады;
- вексельдермен жасалатын операцияларды жүзеге асырады.
Осындай және өзге де банктік операцияларды топтастыру коммерциялық банктер орындайтын:
- ел экономикасын мемлекеттік және меншік секторларын, сондай-ақ тұрғылықты халықты кредиттеу;
- қазақстандық немесе шетелдік инвесторлардың тапсырмалары бойынша күрделі салымдарды қаржыландыру;
- қазақстандық не шетелдік заңды және жеке тұлғалардың уақытша басы бос ақша қаражаттарын, жинақталған ақшаларын немесе пайдаланбай жиған қаражаттарын өз қарамағына жұмылдыру;
- қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу;
- өздеріне тән бағалы қағаздарды шығару;
- инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
- түрлі қаржылық қызмет көрсетулерді ұйымдастыру және жүргізу сияқты қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ олрады орныдау аясы осы банктердің қолындағы барлық лицензияларымен қамтылады.
Банк операциялардың заң жүзіндетолығымен көрініс табуы және коммерциялық банктерге осы орайда берілетін лицензилардың міндетті түрде болуы коммерциялық банктердің арнаулы құқықтарының көлемін айқындай түседі. Банк қызметінің негізгі мақсаты банкілік қызмет көрсетудің, ҚР жеке жəне заңды тұлғаларына, резиденттері мен резиденттер еместеріне банкілік қызмет етудің, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту үшін тікелей халықаралық қатынастарды орнатудың негізінде кіріс алу болып табылады .
Банк дегеніміз - өз атынан ақшалай қаражаттарды арқылы мерзімділік және қайтарып беру шартымен тарту және орналастыру үшін құрылған ұйым. Банктің негізгі міндеті - қарыз алушы мен қарыз беруші және сатып алушы мен сатушы арасындағы ақша қаражаттарын аудуруда делдалдықты іске асыру. Нарықтық қатынастар жағдайында ақшалай қаражаттарды аударуды банктермен қатар инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар және т. б. қаржылық мекемелер іске асырады. Банк дегеніміз - Қазақстан Республикасының 31. 08. 1995 ж. (10. 07. 2003 ж толығымен) «Банк және банкілік қызмет туралы» Заңы банкілік қызметті іске асыратын коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып табылады. Банктің басқармасы орналасқан жер банктің орналасқан жері болып табылады. Банктің түріне қарай Ұлттық Банк жылдық есеп беру, бухгалтерлік баланс және пайда мен шығынды есептеудің әр түрлі стандартын бекітеді. Банктер мемлекеттік меншік негізінде құрылатын мемлекеттік банктен басқа, кез-келген меншік формасы негізінде құрылады. Қазақстан Республикасында 3 мемлекеттік банк бар. Олар:
1. Даму банкісі - 01. 07. 01 ж;
2. Қазақстан Эксимбанкі;
3. Тұрғын үй құрылыс сақтау банкі - 2003 жылдың қыркүйек айында құрылған.
Банк құрылтай шарт негізінде құрылады және өзінің заңына сай қызмет етеді. Банкті құру жөніндегі құрылтай шартында мынадай мәліметтер көрсетілуі керек:
- құрылтайшылар туралы мәліметтер: олардың әрқайсысының толық фирмалық атауы, орналасқан жері, заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет, жеке тұлғалар үшін - аты-жөні, азаматтығы, жеке басын күәландыратын құжаттың мәліметтері, тұрғылықты жері;
- акциялардың құны, саны және категориясы туралы мәліметтер Банктің заңында міндетті түрде төмендегідей мәліметтер болуы керек:
- банктің толық және қысқаша атауы;
- банктің меншік формасы және құқықтық-ұйымдастырылу формасы туралы мәліметтер;
- банктің қорларын құру және оларды пайдалану принциптері;
- банкті басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі. Банк өзінің
Заңдарына жазылған фирмалық атауды банктің атауы ретінде қолданады. Бірде-бір банк негізгі Заңда жазылған атаудан басқа атауларды, құжаттарда, хабарландыруларда және жарнамаларда пайдалануға құқығы жоқ. Ұлттық Банктен басқа барлық банктерге өз атауында Ұлттық сөзін қолдануға тиым салынады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттерін қамтамасыз етуге қызмет етеді және банкілік операцияларды жүргізудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Банктің жарғылық қоры (мемелекеттік банктік есепке алмағанда) алғашқы кезде акцияларды сату немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен құрылады. Құрылтайшылар мен акционерлер өздері алатын акцияларға тек қана ақшалай қаражат төлеуі керек. Акционерлік қоғам формасында қызмет ететін банктің акциялары үшін несиеге алынған, кепілдікке берілген қаражаттарды қолдануға тиым салынады. Осы талаптарды бұзу жолымен жарғылық қорға түскен қаражат сондай-ақ, банкті пайдаланудан келіп түскен табыстар республикалық бюджет пайдасына өндіріліп алынады. Ал, акциялар одан әрі іске асырылу үшін банкке қайтарылады. Банк акцияларын алғаш рет сату олардың номиналды құнынан төмен емес бағамен және барлық құрылтайшылар үшін бірдей жүргізіледі. Жаңадан құрылған банктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық қоры оның тіркелу сәтінде өзінің акционерлерімен 50% төленген болуы керек. Қалған бөлігі банк заңды тұлға түрінде тіркелген күннен бастап бір жыл ішінде төленуі керек. Банктің жарғылық қорын көбейту мынадай жолдармен жүргізіледі:
- қосымша акциялар шығару;
- акциялардың номиналдық құнын көтеру.
Бәрінен бұрын банктерге анықтама берудің маңызы зор. Экономикалық тұрғыдан да, заң ғылымында да банкті несие алу немесе беру жөніндегі делдалдық қызметті атқаратын кәсіпорын деп түсіндіреді. Профессор, юрист М. М. Агарков пікірінше, төмендекелтірілген сурет бойынша коммерциялық банктердің қызметтері көрсетілген.
Сурет 1 Коммерциялық банктердің қызметі
Қызметтің осы үш категориясына сәйкес банктерге тән үш міндетті ажыратып айтуға болады:
1) бөтеннің қаражатын жинау;
2) несие беру;
3) төлем айналымына ықпал ету.
Қазақстан Республикасындағы «Банктер және банкілік қызмет туралы» 1995 жылдың 31 тамызында шыққан заңының 1 бабында банк дегеніміз заңдарға сәйкес банкілік қызметті іске асыруға өкілеттігі бар коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға деп бекітілген.
Акционерлік қоғам түрінде қызмет ететін банктердің жарғылық капиталы жеке және заңды тұлғалардың арасында бөлінетін номиналдық құнын тең бөлетін акциялардың белгілі бір санына бөледі. Банктердің акциялары акционерлердің басым көпшілігінің келісімімен ғана қолдан-қолға өтеді. Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы акционерлік қоғамдардың жалпы қабылданған басқару жүйесіне сай болып келеді. Коммерциялық банктің жоғарғы органы болып жылына кемінде бір мәрте болатын акционерлердің жалпы жиналысы саналады. Банк қызметінде жалпы басшылықты банк кеңесі іске асырады. Оған банктің басқармасының жұмысына бақылау мен қадағалауды жүргізу жүктелген. Коммерциялық банктің қызметін тікелей басқаратын басқарма акция акционерлердің жалпы жиналысы мен банк кеңесі алдында жауапкершілік атқарады. Банк басқармасының құрамына, әдетте, банк мүшелерінің неғұрлым ірі өкілдері кіреді. Мәжілістері жүйелі түрде болып тұрады және шешімдер басым көпшіліктің дауысымен қабылданады [3] .
Ревизиялық комиссияны қатысушылардың жалпы жиналысы сайлайды және ол банк кеңесіне есеп беріп отырады. Ревизиялық комиссияның негізгі міндеті- қызмет бабын пайдаланып қиянат жасауды ескертетін жағдай жасау, сондай-ақ банктің жылдық есебі мен балансы бойынша қорытынды дайындау. Коммерциялық банктің қызметінің басты және негізгі қалаушы принципі іс жүзінде қолда бар ресурстар шегінде қызмет ету. Бұл принциптің мәні- коммерциялық банк өзінің ресурстары мен несиелік салымдар арасындағы сандық сәйкестікті ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен бірге, банкілік активтердің сипаты мен жинақталған ресурстардың ерекшелігін сәйкестігіне қол жеткізу керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz