Банкаралық корреспонденттік қатынастар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
8

1. ҚР банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар және олардың арасында
жүргізілетін операциялардың негізгі түрлеріне сипаттама 10
1.1 Банкаралық корреспонденттік қатынастар туралы түсінік және
олардың түрлері
10
1.2 Қазақстан Республикасы экономикасындағы төлем жүйесінің маңызы
және оның банкаралық есеп айырысулармен өзара байланысы
12
1.3 Банкаралық корреспонденттік қатынастар. Корреспонденттік шоттарды
ашу тәртіптері
16

2.Еуразиялық банк АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау
22
2.1 Еуразиялық банк АҚ-ның даму тарихы мен басқару құрылымы,
банктің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне баға беру
22
2.2 Банктің басқа банктермен корреспонденттік қатынастар
операцияларына баға беру
33
2.3 Банктің кірістері мен шығыстарына баға беру
38
2.4Банкаралық корреспондеттік қатынас негізіндегі несие
операцияларының тиімділін талдау
44

3.Банкаралық корреспонденттік қатынастарын жетілдіру жолдары
48
3.1 Коммерциялық банктердің корреспонденттік қатынастарының
аудиторлық тексеруін ұйымдастыру
48
3.2 Коммерциялық банктердің филиалдармен жүргізетін операцияларды
ұйымдастыруды жетілдіру
54

Қорытынды
58
Қолданылған әдебиеттер тізімі
60
Қосымшалар
62

Кіріспе

Коммерциялық банктер немесе екінші деңгейлі банктер, корреспонденттік
қатынастар орнатылған Қазақстандық банктер және шетел банктері арқылы
халықаралық есеп айырысулар, валюталық және басқа қатынастар бойынша барлық
банктік операциялар Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық
актілерімен сәйкесте шетел валютасында және теңгеде банктік және басқадай
операцияларды жүргізуге лицензияға және Жарғыға негізделіп іске асырылады.
Корреспонденттік қатынастарды бекіту туралы ұсынысты халықаралық есеп
айырысу және корреспонденттік қатынастар Департаментімен даярланады,
шетелдік және қазақстандық банктердің қаржы жағдайы мен несие қайтару
қабілеттілігі туралы мәліметтер, оның қызметінің ерекшеліктері мен елдің
несие жүйесіндегі орны, олармен банктік операцияларды орындау шарттары және
корреспонденттік қатынастарды бекітудің дұрыстылығы туралы сұрақты шешу
үшін қажетті басқадай мәліметтерден тұруы қажет. Ұсынысты даярлаған кезде
баланс талданылған және оқылған, комиссиондық сыйақылардың тарифтері
шоттардағы қалдық бойынша есепке алынатын сыйақының мөлшері туралы
мәліметтер, шетелдік және қазақстандық банк–корреспонденттерінен сұраныс
бойынша қажет болған жағдайларда алынған берілген материалдар және мөрлер.
Негізінен банктердің араласуымен жүзеге асырылатын есеп-
айырысуларды шартты үш түрге бөлуге болады:
- Екі әртүрлі банктерде қызмет көрсетілетін кәсіпорындар
арасындағы есеп-айырысулар;
- Банктердің Орталық банкпен есеп-айырысулары;
- Банктердің бір-бірімен есеп-айырысулары.
Банктер әртүрлі клиенттердің төлемдерін және есеп-айырысу-
кассалық қызметтерін жүзеге асыру үшін бір-бірімен келісім-шарттық
қатынастарға түседі, бұл қатынастар корреспонденттік қатынастар деп
аталады.
Біздің елімізде банкаралық корреспонденттік қатынастар екі
вариант бойынша жүзеге асырылады.
Бірінші - орталықтырылған, бұл кезде екі банк арасындағы
қарым-қатынас оларға Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шот
арқылы жүзеге асырылады.
Екінші – орталықтандырылмаған, бұл екі банк арасындағы
қатынастың тікелей жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
Шетелдік-қазақстандық банктер мен корреспонденттік қатынастарды бекіту және
шоттарды ашу халықаралық есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар
Департаментінің Басшысымен немесе оның орынбасарымен жазылған хаттық рұқсат
бойынша жүргізіледі.
Корреспонденттік қатынас екі жақтық корреспонденттік шотты ашу,
келісім-шарт немесе хаттармен алмасу бойынша келісіммен рәсімделеді.
Корреспонденттік шотты ашу туралы келісім-шарттың тақырыбы банктің
басқармасымен бекітіледі. Корреспонденттік келісімдердің түпнұсқалары
құжаттық қамтамасыз ету басқармасына сақтау үшін беріледі.
Корреспондеттік қатынастар Қазақстандық банктермен және шетел
елдерінің банктерімен корреспонденттік шотты ашу туралы типтік келісім-
шартты жасау жолымен жасалады және келесі құжаттар пакеті ұсынылады:
- корреспондеттік шотты ашуға өтініш;
- уәкілетті тұлғалардың қолдар үлгісімен және мөрінің үлгісімен
нотариалды расталған карточкалар;
- нотариалды расталған құрылтайшылық құжаттармен жарғы көшірмесі;
- банктік операцияларды іске асыру үшін нотариалды расталған лицензия
көшірмесі;
- соңғы жылдық есеп бойынша және соңғы есеп бойынша баланс;
- филиалдарының тізімі;
- банк-корреспонденттерінің тізімі;
- банкті салық есебіне тіркелгендігі шын екендігін растайтын, салық
қызметінің органымен берілген формадағы құжаттар.
Диплом жұмысының өзектілігі – банкаралық аударымдарды өз уақытылы және
жедел түрде жүзеге асыру және олардың бухгалтерлік есепте өз
уақытысында дұрыс көрсетілу қажеттілігінен туады. Мұндай қажеттілік
банкаралық есеп айырысулардың жүзеге заңға сай және клиенттердің талаптарын
өз уақытысында орындауымен байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – банкаралық корреспонденттік
қатынастардың мәнін ашу, олардың банкаралық есеп – айырысулардағы орнын
көрсету және банкаралық корреспонденттік қатынастардан туындайтын
операциялардың бухгалтерлік есепте көрсетілу тәртібін қарастыру болып
табылады.

1. ҚР банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар және олардың
арасында жүргізілетін операциялардың негізгі түрлеріне сипаттама

1.1 Банкаралық корреспонденттік қатынастар туралы түсінік және
олардың түрлері

Шетел банктерімен корреспонденттік қатынастар, шотты ашып немесе
ашпай-ақ бекітілуі мүмкін.
Халықаралық есеп айырысу мен корреспонденттік қатынастар
Департаментімен сәйкес банктің бөлімшелеріне жіберілетін шетел
корреспондент-банктерінің тізімі мен корреспонденттік қатынастарды
тоқтатылуы корреспондент банктің жазбаша арызы негізінде алдын-ала пайда
болған міндеттемелер бойынша барлық шығындарды өтеумен және ақша қалдығының
міндетті расталуымен жүргізіледі.
Шетел мен Қазақстандық банктерде Банк халықаралық есеп айырысуды іске
асыру үшін өзінде–“Ностро” және “Лоро” корреспонденттік шоттарын ашады.
“Ностро” шоты–бұл корреспондент банкінде Қазақстанның Халық Банкінің атына
ашылған ағымдағы шот, ал “Лоро” шоты бұл Қазақстанның Халық Банкісінде
корреспонденттік банкі атына ашылған ағымдағы шот. Корреспонденттік шоттар
шетел валютасында және теңгеде “Ностро"және “Лоро” шоттары бойынша осы
шоттарда қалған қаражатты қалдығы шегінде немесе несиелік линиямен рұқсат
етілген шекте операциялар жүргізіледі. Қаражат қалдықтары мен несиелік
линия шегінен асып кеткен операциялар тек банктің несие комитетінің
рұқсатымен жүргізіледі. Халықаралық есеп айырысу мен корреспонденттік
қатынастар Департаменті әр тоқсан сайын ТМД елдерінің және Қазақстанның
корреспондент банктерінің қаржылық жағдайын талдауын жүргізеді және Банктің
несие комитетінің қарауына корреспондент банкке халықаралық есеп айырысу
форекстік және ссудалық операцияларды жүргізу үшін несиелік линияның
мөлшері туралы ұсыныс шығарады. Бекітілген несиелік линияның мөлшері мен
мерзімі корреспондент-банкке жазбаша түрде жеткізіледі.
Бекітілген шектер қажеттілігі бойынша, бірақ тоқсанына кемінде 1 рет
корреспондент банктің қаржылық жағдайының өзгеруін есепке ала отырып қайта
қаралады.
Шетелдік корреспондент банктердің халықаралық рейтингік агенттіктер
мен расталған біріккен класты рейтингі болған жағдайда халықаралық есеп
айырысу мен корреспонденттік қатынастар Департаментімен мұндай банктердің
қаржылық жағдайының талдауы жылына бір рет жылдың қорытындылары бойынша
берілген қаржылық есеп беруді ұсынған кезде жүргізіледі. Бірақ мұндай
банктердің рейтингінің қандай да бір төмендеуі және нарықтық жағдайының
өзгеруі орын алған жағдайда халықаралық есеп айырысу және корреспонденттік
қатынастар Департаменті корреспонденттік қатынастарды әрі қарай жалғастыру
тоқтату туралы сәйкес қорытынды даярлайды [1].
Банк корреспондентке бекітілген лимиттерді сақтауды бақылау
халықаралық есеп айырысу және корреспонденттік қатынастар
Департаментімен–корреспонденттік шоттардағы қалдықтар бойынша, қазынашылық
депортаментімен–форекстік мәмілелер мен банкаралық несиелеу операциялары
бойынша жүргізіледі.
Клиенттерге есеп айырысу қызметтерін, олардың тапсырмаларын орындау
барысында коммерциялық банктер корреспонденттік қатынастарға түседі.
Банктер корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу құқығына
корреспонденттік шоттар ашуға және жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар
банктер ғана ие.
Банктер корреспонденттік шоттар ашу және жүргізу лицензиясы Қазақстан
Республикасының заңдарына, сонымен бірге Ұлттық Банктің банктерді
лицензиялау мәселесін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
беріледі.
Коммерциялық банктер бір-бірімен корреспонденттік шоттар аша алады.
Басқа коммерциялық банкте корреспонденттік шот ашу үшін банктің құрылтай
құжаттарының көшірмесі, жарғы көшірмесі, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік
көшірмесі, банктік лицензия көшірмесі, қол мен мөр үлгілері карточкасы,
салық инспекциясынан анықтама талап етіліп корреспонденттік келісімшартқа
отырады, сонымен қатар тарифтік келісімді бекітеді.
Банкаралық корреспонденттік қатынастар бойынша есеп айырысулар:
- Ұлттық банкте ашылған корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі;
- коммерциялық банкте ашылған корреспонденттік шот арқылы жүргізіледі.
Корреспонденттік есепшоттарды жабу тәртібі келесідей:
- егер заңдарда немесе шартта басқаша көзделмесе, Респонденттің

- өтініші бойынша;
- корреспонденттік есепшот шартының қолданылуы тоқтатылған кезде;
- корреспонденттен Ұлттық Банктің корреспонденттік есепшот ашуға және
жүргізуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
- егер Респондент банк болса, банктік операцияларды жүргізуге берген
құқық беретін лицензия қайтарып алынған кезде;
- егер Респондент банктік емес ұйым болса, одан Ұлттық Банктің аударым
операцияларын жүргізуге берген лицензиясын қайтарып алған кезде;
- заңдарда және немесе корреспонденттік есеп шот шартында көзделген
басқа да жағдайларда жабылады;
- корреспондент таратылған жағдайда Респонденттің корреспондентке қоятын
талаптары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
қанағаттандырылады.
Корреспонденттен немесе Респонденттен корреспонденттік есеп
шоттар ашуға және жүргізуге немесе Респондентке корреспонденттік есепшотты
жабуға берілген лицензиялар қайтарып алынған жағдайда, өздерінің арасында
жасалған шарттың талаптарына сәйкес корреспондент Респондент көрсеткен есеп
шотқа ақша аударуға міндетті.
Респондент төлемдерінің айналымы бойынша лимит есептеу тәртібі
келесідей:
- Респондент ағымдағы айда басқа банктерде немесе банктік емес ұйымдарда
ашылған корреспонденттк есеп шот арқылы Ұлттық Банк белгілеген
лимиттен аспайтын көлемде төлемдер жасайды. Бұл лимит ''Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы'' шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік
кәсіпорынның төлем жүйесі арқылы Респонденттің өткен айда жүзеге
асырылған қолма-қол жасалмайтын шығыс төлемдерінің жалпы көлемінің
проценттік арақатынасы бойынша есептеледі.
- Респондент Ұлттық Банкке есеп берілген айдан кейінгі айдың 10-нан
кешіктірмей басқа банктерде және банктік емес ұйымдарда ашылған
корреспонденттік есеп шот арқылы жүзеге асырылған төлемдердің саны мен
көлемі туралы мәліметтерге беруге міндетті.
- Ұлттық Банк белгілеген төлемдер көлемінің лимиті артып кеткен
жағдайда, Респондент Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес
жауап береді.

1.2. Қазақстан Республикасы экономикасындағы төлем жүйесінің маңызы
және оның банкаралық есеп айырысулармен өзара байланысы

Қазақстан экономикасында төлем жүйесінің рөлі өзінің артында
нарықтық қатынастарға өтуін және тұтас елдің экономикасын реформалауды
әкелген Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауы мемлекеттің
экономикасын және қаржылық қызмет етудің дамыған нысандарын қалыптастыру,
оның ішінде банктік жүйені реформалаудың қажеттілігін арттады.
Осыған байланысты 1990 ж. банктік жүйесін реформалаудың заңды
негіздерін қалыптастырған ‘’Қазақ ССР банктер және банктік қызметі туралы
жаңа заң қабылданды. 10 сәуір 1993ж. Қазақстан Ұлттық Банктерінің
мақсаттарын, қызмет ету қағидаларын, құқықтық статусын және мәртебелерін,
оның банктік жүйеде орны мен рөлін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару органдарымен қарым-қатынастарын анықтаған, ‘’Қазақстан
Республикасының Ұлтық Банк туралы’’ Қазақстан Республикасының заңы
қабылданды [2].
‘’Банктер және банктік қызметі туралы’’ заңына сәйкес Қазақстан
Республикасының ІІ-деңгейлі банктік жүйесі бар: Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі банктік жүйеде І-ші деңгейде, ал мемлекеттік, жеке меншік
акционерлік және біріккен банктердің торабы ІІ-ші деңгейде. Осындай банктік
жүйеде Ұлттық Банк елдің бас банкі болып табылады, ол Республикада есеп
айырысулардың тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды. Ол банк аралық
есеп айырсулардың өз уақтылы және үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз етуші
төлем жүйесінің қызмет етуін ұйымдастырады. Өз кезегінде ІІ-ші деңгейлі
банктер, әр түрлі банктік қызметтерді ұсынып, өзінің клиенттерінің
төлемдерін жүзеге асырады.
Банктік жүйені реформалау сенімділігімен, қауіпсіздігімен және
тиімділігімен ерекшеленетін төлемдерді минималды тәуекелдерімен жүргізуге
мүмкіндік беретін принципиалды жаңа төлем жүйесін құру қажеттігін
туындатты.
Ұлттық Банктің төлем жүйесін дамыту бойынша шаралары тәуекелдерді бір
мезгілде қысқартумен операцияларды тиімділікті, сенімділікті жылдамдығы
және төлем операцияларының өз уақытылығын арттыруға, сондай-ақ әртүрлі
төлем құралдарын қолдану үшін жақсы жағдайларды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Төлем жүйесінде Ұлттық Банктің негізгі қызметтері болып:
- Нақты уақыт режимінде жалпы есеп айырысулар жүйесін және клирингтік
есеп айырысу жүйесін ұйымдастыру екі жағдайда банкаралық міндеттемелер
Ұлттық Банктегі шоттардағы қолдану арқылы толығымен өтелінеді. Бұдан
басқа Ұлттық Банк төлем жүйесінің жұмысын ұйымдастыра отырып, төлем
жүйесінің жұмысын реттейтін оның қызмет етудің құқықтық негізін
қалыптастыратын нормативтік және құқықтық актілерді жасайды, бекітеді.
- Төлем жүйесінің қызмет етуін лицензиялау және қадағалау бұл белгілі
бір төлем жүйелер банктердің әртүрлі экономикалық, технологиялық қол
жеткізу критериялары үшін белгілеу арқылы жүзеге асырылады.
- ІІ деңгейлі банктердің және банктік қызметтердің жекелеген түрлерін
- ұсынатын барлық қаржылық ұйымдардың корреспонденттік шоттарын
жүргізу.
- ІІ-деңгейлі банктерді инспекциялау, бұл есеп айырысуды жүргізудің
сенімділігімен қауіпсіздігін кепілдеудің маңызды баптарының бірі.
- Төлем жүйесінің қатысушыларының несиелік және өтімділік тәуекелділігін
басқару. Нақты уақыт режимінде төлем жүйесін мониторингін жүргізу.

Ұлтық Банк ІІ-ші деңгейлі банктер сияқты төлем жүйелерінің қатысушысы
болып табылады. Ақша неше реттеудің органы бола отырып, Ұлтық Банк жалпы
елдің қаржылық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жауапты, ал төлем
жүйесі оның маңызды элементі болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанның төлем жүйесі нақты уақыт режимінде жұмыс
істейтін Ақшаларды Аударудың Банкаралық Жүйесінен (ААБЖ) және Банкаралық
Клиринг, Шаруашылық жүргізуші субъектілермен бюджетік ұйымдар арасындағы
Клиринг және VІSA Ұлттық Клирингтің ішіне қосатын Бөлшек Төлемдер Жүйесінен
(БТЖ) тұрады. БЕҚО құрылымын 1. Сызба арқылы көруге болады. БЕҚО Жалпы
төлем жүйесінің дамуына техникалық қолдауға, операционды қызметіне беретін
Ұлтық Банктердің Қазақстандық Банкаралық есеп айырысу Қазақстан орталығы
төлем жүйесінің операторы болып табылады. Айтып кететін жағдай, Ұлттық
Банктердің төлем жүйені халықаралық стандартқа жақындату бойынша жұмысы
халықаралық қаржылық ұйымдардың кеңес берушілермен жоғары бағаланды. ХВҚ
миссиясының есеп беруіне сәйкес, Қазақстан төлем жүйесі жүйелі түрде
маңызды төлем жүйелері үшін халықаралық есеп айырысулар банкпен жасалған
барлық принциптеріне жауап береді.

1-сызба. Банкаралық Есеп айырысудың Қазақстандық Орталығының құрылымы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Банкаралық Есеп айырысу
Қазақстандық Орталығы Қазақстан Республикасының банктік жүйесін реформалау
бағдарламасына сәйкес Ұлттық Банктің Басқармасының 30.12.95 жылдағы N552
шешімінің негізінде құралған [3].
БЕҚО құрылтайшысы мен өкілетті орны ҚР ҰБ-і болып табылатын заңды
тұлға болып табылады. 1999 жылдың 1 шілдесінде БЕҚО әділет органдарында
қайта тіркеуден өтіп шаралардың жүргізу құқы бар Республикалық
мемлекеттік кәсіпорын формасын келеді. БЕҚО -ң банктік шоттағы, гербтік
мөрі, штампы және қазақ тілдеріндегі өзінің атауы бар фирмалық бланкілер
бар.
БЕҚО жекеше шарттық жүргізуші субъект, банктік емес қаржылық ұйым
болып табылады. БЕҚО -ң негізгі қызметі болып банкаралық ақша аудару жүйесі
БТЖ-сі ақша аударымы банкаралық төлемдермен аударымдар жүргізу болып
табылады. Клиенттерге көрсетілетін қызметтер үшін төленетін төлемдер БЕҚО
табысының негізгі статьясы болып табылады.
БЕҚО -ң мақсаты банктік қызметтің негізгі қажеттіліктердің тиімді,
тұрақты, қауіпсіз банкаралық төлем жүйесінің негізінде қамтамасыз ету және
болашақта Әлемдік Банктің ұзақ мерзімді несиесін пайдаланып ұзақ мерзімді
төлем жүйесін құру болып табылады.
БЕҚО келесілерге белсенді қатысатындар:
- Ұлттық Банктің банкаралық төлемдер мен ақша аударымдар, БЕҚО
пайдаланушыларының қажеттіліктерін талдау негізінде клиринг немесе
халықаралық қаржылық ұйымдардың тәжірибесі аумағындағы стратегиясын
қалыптастыруда;
- Ұлттық Банкпен бекітілген концепцияға сәйкесте төлем жүйесін, әрі
қарайғы жетілдіру бойынша төлем кеңесінің қызметтері;
- Ұлттық Банкпен бекітілген концепцияға сәйкесте тиімді, тұрақты,
қауіпсіз халықаралық төлем жүйесін енгізу және оны әрі қарай дамыту;
- Банктік операциялардың жеке түрлерін іске асырып жатқан ұйымдарға ІІ
деңгейлік банктерге төлемдер және ақша аударымдар саласындағы
жұмыстардың тұрақтылығын ұстап тұруға жәрдемдесетін нормативті
құқықтық актілердің жобаларын шығаруда;
- Қазақстан Республикасының банктік және басқадай заңымен және оларды
орындаудың бақылауымен сәйкесте клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын
жақсартуға;
- БЕҚО пайдаланушыларының өзара әрекеттері бойынша халықаралық
тәжірибенің есебі мен стандарттарын қолдануда және таңдауда;
- БЕҚО пайдаланушыларының өзара әрекеттік және сәйкестілік өзгерту
бойынша ұсыныстарды жасауда;
- Қазақстан Республикасының заңдылығымен сәйкесте клирингте халықаралық
төлемдерді және ақшалай аударымдарды жүргізу;
- төлем карточкаларын қолдана отырып, ұлттық және де халықаралық
эмитеттердің төлемдерін қамтамасыз ету;
- БЕҚО -на сенімді қызметін атқаруды қамтамасыз ететін аппаратты
бағдарламалық комплексті, ұстап тұруда және таңдауда, жасап шығаруда;
- БЕҚО пайдаланушыларын оқытып үйрететін және әртүрлі қызметтермен,
техникалық және бағдарламалық қамту жүйесінің қауіпсіздігімен
байланысты сұрақтарды шешуге;
- Қазақстан Республикасының жағдайына қолданылатын құқықтық қамтулар,
олардың құрылу және даму негізгі концепцияларын қоса, төлемдік жүйенің
енгізілуі және алып кетуі бойынша басқа елдердің тәжірибесін талдау
және зерттеуде;
- БЕҚО пайдаланушыларына және олардың клиентеріне әртүрлі ақпараттарды,
оның ішінде қаржылық ақпараттарды ұсыну, өңдеу жинақтауда;
- Қазақстан Республикасының төлем жүйесін жақсартуда және тұрақтандыру
бойынша мемлекеттік және үкілеттілік бағдарламаларды, және де басқа
бағыттарын жасап шығаруда;
- Қазақстан Республикасының заңдылығына қарсы келмейтін басқадай
қызметтері.
Тиімді төлем жүйесін құру, өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын
айту қажет. Төлемдердің жылдам және сапалы өтуі тауарлық және қаржылық
қатынастарда операцияларды аз уақытында бітірудің кепілі болып, шетелдік
инвестицияларды тарту үшін белгілі бір алғы шарттарды қалыптастырады.
Ақшаны аудару жылдамдығына байланысты әрбір шаруаның үрдісінің
қатысушысының қаржылық жағдайының тұрақтылығы бюджетке түсімдердің өз
уақытылы және сәйкес жалпы мемлекеттің экономикалық және саяси тұрақтылығы
тәуелді болып келеді.
Бүгінгі күн талаптарына жауап беретін төлемдердің сапалы өтуін
қамтамасыз ететін және дамыған нарықтық қатынастар жағдайында қызмет ету
перспективаларына бағытталған төлем жүйесін қалыптастыру және ары қарай
қызмет етуі, елдегі позитивті экономикалық өзгерістердің көрсеткіші болып
табылады [4].
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк РМП БЕҚО ақшаларды аудару
банкаралық жүйесі.

1.3 Банкаралық корреспонденттік қатынастар. Корреспонденттік шоттарды
ашу тәртіптері

Төлемақы жасау мен клиенттерге есепті-кассалық кызмет көрсету
үрдісінде банктер өзара қарым-қатынасқа түседі, бұндай қатынастар
корреспонденттік қатынастар деп аталады. Корреспонденттік шоттар арқылы
банкаралық есеп айырысудың екі түрі белгілі: біріншісі - жекелей есеп
айырысу қаржылық банктердің корреспонденттік қатынастарына құрылған,
екіншісі - орталықтандырылған есеп айырысу Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінде ашылған корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп айырысу
жүргізу.
Банктер арасындағы төлемдер делдалдығы Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкіне қаржы айналымын бақылап бағыттай алуға мүмкіндік береді.
Орталықтандырылған банкаралық есеп айырысу негізінде корреспонденттік
шоттарды пайдалану жатыр.
Корреспонденттік шот - бүл банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінде ашқан ерекше шоты. Корреспонденттік шоттың ерекшелігі - онда
банктің өз қаражаты сақталады, сонымен катар қаржылық банктің клиенттеріне
көрсететін қызметі бойынша несие-есептік, кассалық жәнс т.б. операцияларын
белгілейді. Корреспонденттік шот бойынша жасалатын операциялар:
- банк клиенттерінің ақша қаражаттарын аудару мен төлеу;
- банктің өндіріс-клиентері мен бюджет, зеинеткерлік қорлар мен т.б.
ұйымдар арасындағы есеп айырысуы;
- клиенттерді колма-кол ақша беру мен қабылдау, яғни еңбекақы төлеу;
- банкаралық қарыздар мен депозиттер, құнды қағаздар, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкімен жүргізетін кассалық операциялар;
- клиенттерге берілген несиелер мен басқа түсімдер пайызын төлеу;
- депозиттік шоттар бойынша пайыз төлеу;
- банктің бюджетке төлейтін салығы;
- банк аппаратына қажетті шығындар, т.б.
Корреспонденттік шот ашу үшін сауда банктері:
- шот ашуға өтініш;
- қол қойылған, мөр басылған, нотариалдық түрде расталған жарғы мен
карточканың көшірмесін талап етеді.
Сауда банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде тек бір ғана
корреспонденттік шот аша алады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдына қойған
мақсаты - әлемдік жетістікрге сай тиімді мемлекеттік банкаралық есеп
айырысу жүйесін құру. Осыған байланысты банкаралық құжат аудару машақатынан
құтқаратын электронды төлем жасау жүйелерін ұйымдастыру, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінде түрлі клирингтік құрылымдарды ашу, сонымен
қатар сауда банктары арасында тура есеп айырысу жүйелерін ендіру алдыңғы
қатарға қойылып отыр. Банкаралық депозиттер жүйесімен байланысқан
корреспондент-банктар жекелей қатынастар мүшелері болып табылады.
Хат алмасу, лауазымды тұлғалар қолы қойылған үлгілер, мен телеграф
кілттері негізінде корреспондент-банктар өзара есеп айырысу үшін бір-біріне
корреспонденттік шоттар ашады. Корреспонденттік қатынастар басқа да қызмет
түрлерін атқарады, мәселен корреспондент-банктар бір банк үшін белгіленген
лимит сомасы үстінен клиентке несие бере алады. Бұдан басқа, ірі
корреспондент-банктар ұсақ банктарға инвестицияық бағытта, яғни құнды
қағаздарды сатып алу, сату, сақтау жәнінде кеңесшілік қызмет көрсете алады.
Шет елдік банктармен сауда банкінің арасында корреспонденттік
қатынастар құру үшін ең алдымен Ұлттық Банктан валюталық бас лицензия алу
керек.
Бас лицензия сауда банкіне шет елдік банктармен тура корреспондентік
қатынас құруға мүмкіндік береді. Бұл клиентердің халықаралық есеп айырысу
жұмыстарын жеделдетеді, өйткені клиенттердің валюталық шоттарындағы қаражат
шет елдік корреспондент-банктарда ашылған шоттарға түседі. Валюталық бас
лицензиялары бар сада банктары басқа сауда банктарымен валюталық операция
жүргізу үшін корреспондентік шот ашуға құқылы.
Халықаралық корреспондентік қатынастар әдетте құжаттардың бақылау
пакетімен ауысудан бастайды. Құжаттарда уәкіл тұлғалар қолдарының тізімі,
төлем дер жасау мен тағы да басқа нұсқаулар көрсетілген телекстарда
пайдаланатын тексеруші код көрсетіледі. Егер корреспондент-банк СВИФТ
жүйесіне қосылған болса, кодтармен ауысады. Бұдан басқа, қызмет көрсетудің
басқа шарттары мен көрсетілген кызметке байланысты төлемақы көлемі
көрсетіледі.
Корреспондентік қатынастар өзара сеніммен құрылатындықтан осы
қатынастарға жауап беретін тұлғалардың кездесулері маңызды рөл атқарады.
Бұл үшін, әрине, міндетті түрде шетел тілдерін меңгеру қажет. Уақыт өте
келе, тәжірибе алмасу мақсатымен басқа банктардан мамандар шақырылуы да
мүмкін. Жақсы дайындалған қызыметкерлер банк мәмілелерінің қауіптілігін тез
байқап, оларды тар уақытта шеше алады.
Банкаралық корреспанденттік қатынастарға қауіп төнуі мүмкін. Бұл
капиталдар нарығымен, мысалы валюталық қауіп (түрлі валюталық бағыттардағы
өзгерістерге байланысты банктар өз позицияларын ұстай алады), сонымен қатар
пайыздақ мөлшерлеме өзгерістеріне байланысты.
Бұдан басқа, корреспандент-банктар белгілі бір елдермен, несиелік
қауіптерді ескерулері керек. Белгілі бір елмен байланысты қауіпті ескере
отырып, елдегі саяси-экономикалық жағдай, атап айтқанда қарызды мерзімде
қайтара алу мүмкіндігі назарға алынуы тиіс.
Несиелік қауіпті бағалай отырып банктің қаржылық сенімдігін де
ұмытпаған жөн. Осындай мақсатпен , корреспандент-банктар олардың қаржылық
мүмкіндіктерін анық көрсететін бір жылдық есептермен алмасады. Жылдық
есепке тепе-теңдік, шығындар мен табыстар туралы есеп және түсініктеме
қағаз кіреді. Тепе-теңдік өзінің құралған күніне диінгі акционерлік
капиталдың үлесін, мүлкін және міндеттемелерін көрсетеді. Шығындар мен
табыстар есебі банктың өткен жылғы кіріс-шығыстарын, қаржылық нәтижелерін
көрсетеді.
Іскерлік қарым-қатынастың тәжірибесі талқылануда, яғни банктер өткенде
өз міндеттерін орындады ма.
Банкаралық корреспондеттік қатынастарды орнату кезінде саудамен
байланысты қызмет, аккредитив бекіту мен виза қоюдан, кепіл беруден, төлем
тапсырмалары мен төлем инкассоларын орындаудан тұрады. Мұндай қызметтер
экспорттық-импорттық операциялар бойынша өзара сипатта болады [5].
Операцияларды жүзеге асыру үшін банктер бір біріне шот ашады. Л
банкі Б банкімен бірге ұстап отырған шоттар А банкінің пікірінше,
НОСТРО (латын тілінен аударғанда НОСТРО біздікі дегенді білдіреді, яғни
біздін шот сіздерде) шоттарды деп аталады. Б банкінің көзқарасы
бойынша, бұл шот ЛОРО (әлде ВОСТРО) деп атлады. Латын тілінен ЛОРО\ВОСТРО-
сіздікі, яғни сіздің шотыңыз бізде дегенді білдіреді. Қаржылық
операцияларға, шоттарды басқаруға және пайыздарды есептеуге жауапты Б
банкінің кітабында А бакінің шоттары бар.
Мысалға, А банкі Алматы қаласында неміс маркаларымен (ДЕМ)
Франкфурттегі Дойчебанктс шот ашты. Көрсетілген шотты жүргізетін, оған
сәйкесінше жазбалар енгізетін, шот көшірмелерін А банкіне бағыттап
отыратын қызмет көрсетуші банк болып табылады. Франкфурт қаласындағы
Дойчебанктегі шот ЛОРО шот деп аталады. А банкінің пікірінше
Алматыдағы шот НОСТРО шот болып табылады. Мұның операциялары айналы
бухгалтерия тәсілімен көрінеді. Айнадан көру қағидасы бойынша мұндай
бухгалтерия Алматылық банкке неміс маркаларындағы өз шоттарымен шұғыл
басқаруға мүмкіндік береді.
А банкінің НОСТРО шоты бола тұрып, ақша қаражатын аудара алмайды,
ол нақты шоттың не кредит, не дебет бойынша соманы енгізу туралы өз
серіктестеріне анық нұсқау беру керек (мысалы, біздің есеп-шотымыздан мына
нөмірге евроға келесі соманы төлеуіңізді сүраймын , әлде біздің есеп-шот
нөмірімізге инкассациядан түскен келесі соманы- енгізуіңізді сұраймыз).
Банк есеп-шот мазмұнына, сонымен қатар есеп-шот бойынша жүргізелетін
операцияларға белгілі бір соманы төлейді. Төлем деңгейі банктер арасындағы
өзара қарым-қатынастар мен келісім шарттарға байланысты. Банктегі кредитті
көтеру дебеттік сальдо бойынша пайызға әсер етеді; несиелік сальдо бойынша
пайыз әдетте несиелік балансты төлеу үшін қолданылмайды, өйткені
белгіленген баланс есеп-шот мазмұны бойынша және басқа да операциялардың
шығындарын өтеу үшін қажет болуы мүмкін. Кейбір елдерде, мысалы АҚШ-та,
тәжірибеде есеп-шотта белгілі әрекеттегі балансты қатан, белгіленген
төлеммен қатар ұстауды талап етеді.
Келісу мақсатында банк ішкі айналым есеп-шотты ұстап тұру қажет. А
банкі Б банкіндегі өзінің НОСТРО есеп-шотынан төлем тапсырысын
шығарғанда, ол клиенттің есеп-шотын дебиттен, сол соманы өзінің ішкі
айналым есеп-шотының несиесіне жазады. Сәйкес банк-серіктестен алынған
НОСТРО есеп-шотының көшірмелерін ішкі айналым есеп-шоттың түсімдерін
салыстыру корреспондент-банк операцияларды лайықты түрде жүргізілді ме, жоқ
па, соны анық көрсетеді, әлде белгілі бағыттар ашық қалады. Бұдан басқа,
ішкі айналым есеп-шотты енгізу банкке банк көшірмелерімен, дебет, не
несие бойынша түскен қаржының уақытын салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені
үлкен сомалар пайызының бір күнге кешіктірілуі үлкен шығынға әкелуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда банк-корреспондент-Б банкі А банкінде ЛОРО есеп-
шоты ашуы мүмкін, әдетте А банкі орналасқан елдің валютасында болады. Осы
жағдайда есеп-шот бойынша қызмет көрсетуге жауап беретін А банкі
корреспондентінің лоро есеп-шотына түскен түсімдерді өзі қабылдайды,
мысалы, егер төлем тапсырмасын берет, есеп-шотты несиелейді (мысалға: ХҮZ
төлеуіңізді сұраймыз; біз Сіздің ХҮZ есеп-шотыңызға сәйкес соманы
енгіздік; әлде, керісінше, құжатларға қарсы экспорттық инкассоға төлеу
үшін, Сіздің ХҮZ есеп-шотыңызды дебиттеуге өкілетті беруіңізді сұраймыз).
Серіктес өз кезегінде өзінің ішкі айналым есеп-шоты бойынша сәйкесінше
клиентпен де кері байланыс жүргізеді.
Корреспонденттік катынастар кезінде НОСТРО есеп-шотында белгілі бір
соманы ұстап отыру, есеп-шот балансына бақылауды жүзеге асыру өте маңызды,
өйткені банк, әсіресе жоғары пайыз кезінде, текке ақшадан айырылуы мүмкін-
несиенің өсуі үшін пайыз төлейді, не несиелік баланстан пайыз алмауы
мүмкін.
Кейбір елдерде балансқа қатысты шектеулер бар екенін ескерген жөн.
Валюта айырбастауға шектеу коюға байланысты-егер бар болса-кейбір елдер өз
аумақтарында банктерде оң, не теріс сальдоларды ұстауға мүмкіндік бермейді.
Банкке барлық инструкциялардың анық, дұрыс жіберілгені анағүрлым маңызды,
өйткені инструкцияда кеткен қателік оң баланстан түскен табыстан айырылуға,
не теріс баланстың пайыздарын төлетуге әкелуі мүмкін. Сонымен .қатар, егер
корреспондент есеп-шотында төлемді жүзеге асыру үшін, қаржы жеткіліксіз
болса, түрлі себептерге байланысты кейбір банктер корреспонденттің шотын
дебеттемейді.
Қазақстан Республикасында корреспонденттік есеп-шот бойынша
операциялардың анық болуы үшін келесі есеп-шоттар ашылады:
№170 баланстық есеп-шот Банктің банк-корреспонденттегі есеп-шоттары-
НОСТРО (теңгемен) активті.
Есеп-шотты тағайындау: банк-корреспондент есеп-шотындағы банк қаржысын
есептеу, сонымен қатар осы есеп-шоттар бойынша жүргізілетін есептерді
есептеу.
Есеп-шоттың дебеті бойынша: банк-корреспондентке және оның
клиенттеріне тиісті сомалар өткізіледі.
№180 баланстық есеп-шот Банк-корреспондент есеп-шоты-ЛОРО(теңге)
пассивті.
Есеп-шотты тағайындау: банк-корреспондент пен оның клиенттеріне
басыбайлы қаржыны есептеу.
Есеп-шоттың дебеті бойынша: банк-корресіюнденттің клиенттерінің
пайдасына, оның есеп-шотына түсетін, не өзіне тиісті сомамен жүргізіледі.
ЛОРО корреспонденттік есеп-шоттарды ашу мысалы ретінде Алматы
қаласындағы келесі банктер бола алады. КазА Кредсоцбанктің келесі
төмендегі банктерде корреспонденттік есеп-шоттары бар: Кредит импеэксбанк,
Ресей; Соmmertsbank, Германия, Ваnkегs Тrust, АҚШ; Центркредитбанк,
Қаpақстан.
Альбарака-Казахстан халықаралық банкінің келесі банктерде
корреспонденттік есеп-шоттары бар: ТұранӘлембанк, Қазақстан;
Центркредитбанк, Қазақстан; Каздорбанк, Қазақстан; Аккобанк, Ресей; Ваnkегs
Тrust G, АҚШ; Deutshе Ваnk, Германия.
Қазақстандық-американдық бірлескен Тексакабанктің төмендегі
банктерде ЛОРО есеп-шоттары бар: Торибанк, Ресей; Republic National Bank
АҚШ; Credit Swise bank, Швейцария. Өз банкісінде Corestes Trust, АҚШ
банкісіне ашылған корреспонденттік есеп-шот бар.
АООТ Ларибабанктің ЛОРО есеп-шоттары келесі банткерде ашылған:
Межкомбанк, Ресей;Bank of New York, АҚШ; Bankers Nrust, АҚШ.
Өз банкісінде Монаконың Western Union банкісіне ашылған
корреспонденттік есеп-шоты бар.
Ұлттық банктің корреспонденттік есеп-шоттары мына банктерде: Federal
Reserve Bank of New York, New York; Bank of England, London; Bank Austria,
Wien; Bangue National De Belgiue, Brussel; Kreditbank, NV, Brussel;The
Chase Manhattan Bank, N.A. New York; National Westminster Bank, PLC,
London; Union Bank of Switzerland, Zurich; Deutsche Bank, FrMain; Dresdner
Bank, FrMain; Kommerzbank, FrMain; The Bank of Tokyo-Mitsubishi, Tokyo;
Fuji Bank LTD, Tokyo, Osaka; International Monetary Fund, Washington;
Republic National Bank of New York, New York; Midland Bank, PLC, London;
Rotschild and Sons LTD, London; Credit Commercial De France, Paris; Bank of
New York, New York; Credi Suisse, Zurich; Credit Lyon-nais, Paris; Bankers
Trust Company, New York; Автобанк, Мәскеу: Ресей Федерациясының Орталық
Банкі, Мәскеу.
Шетелдік банктермен корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру кезінде,
біздің коммерциялық банктер негізінен СВИФТ халықаралық банкаралық жүйесіне
сүйенеді. Қазіргі уақытта осы жүйеге бірнеше отандық ірі банктер кіреді
[6].

2.Еуразиялық банк АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық
талдау

2.1 Еуразиялық банк АҚ-ның даму тарихы мен басқару құрылымы,
банктің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне баға беру

Еуразиялық банк 1994 жылы акционерлік қоғам түрінде құрылды.1995
жылы ақпан айында банктік операциялар жүргізуге лицензия берілді. 1995 жылы
маусым айында 95,6 млн, теңге шамасында құнды қағаздардың бірінші
эмиссиясын тіркеді. 1996 жылы наурыз айында № 20030007 лицензия құнды
қағаздар рыногында делдалдық қызмет атқаруға берілді.
1998 жылы желтоқсан айында акциялардың үшінші эмиссиясын тіркеп,
жарғылық қоры 2899,7 млн теңгеге өсті. 1999 жылы Банк кастодиан қызметін
жүзеге асыруға кірісті. 1999 жылы қазан айында Қаржы қауымдастығына мүше
болды. 2000 жылдан бері Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастыққа мүше.
2006 жылы Еуразиялық даму банкісі еуразиялық кеңістікте, халықаралық
қаражат ұйымдарыменқарым қатынасын жақсартуға, интеграциялық процестерді
тереңдету мақсатында, елдердің ынтымақты дамуына үлес қосу мақсатында біраз
іс –шаралар белігілеп отыр.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады банктің
басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің
құрылымы. Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі
қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді,
үнемді және жедел жетекшілік ету 2006 жылы Standard Poor s ұзақ
мерзімді валюта рейтингін ВВВ деп бағалады. Және ұлттық валютада
алынған ұзақ мерзімді рейтинг ВВВ +!., қысқа мерзімді несие алу рейтниг
ұлттық валютада А-2 деңгейінде және шетелдік валютада А-3 деңгейінде
болды. Сонымен 2006 жылы Мoodу s Investor Service шетел валютасындағы
ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша рейтинг Ваа2
Банк қызметі Қазақстандағы бизнесті жүргізуге тән экономикалық,
саяси және әлеуметтік тәуекелдіктерге икемді келеді. Бұл тәуекелдіктер
үкімет саясатындағы экономикалық жағдайларға, салықтық және құқықтық
салалардағы өзгерістерге әкеледі.
Еуразиялық банк АҚ-ның бөлімшелеріне мыналар жатады:
- несиелендіру бөлімі
- валюталық реттеу бөлімі
- касса
- құқықтық бөлім
- ақпараттық технологиялар бөлімі
- қауіпсіздік қызметі.
- операциондық бөлім.
Директордың орынбасарына тікелей қатысты бөлімшелер бұл несиелендіру,
валюталық реттеу, касса, құқықтық, ақпараттық технологиялар және
қауіпсіздік қызметі бөлімдері табылады. Енді осы аталған бөлімдерге жеке-
жеке тоқталып өтейік:
1.Несиелендіру бөлімі.Несиелендіру бойынша операцияларды жүргізеді
және ҚРҰБ нормативтік, құқықтық актімен сәйкес банк несиелендіру
операциясын жүргізеді. Сондай-ақ несие саясатының тәртібі Еуразиялық банк
АҚ-ның несиелендіру операциясын жүргізеді. Несие процедуралары және басқа
да құжаттар тездетілген, қайтарымды, төлемді, қамсызданған, мақсатты
қолдану жағдайында несие төлемінің тәртібі белгіленеді.
Несие айналымы банк шотында ашылған уақыттан бастап 6 ай ішінде банк
клиенттері несиелерін алуға құқылы. Ұзақ, орта және қысқа мерзімді несие
классификациялары ұсынылады. Қысқа мерзімді несиелерді несие
департаментімен ұсынылады, ал ұзақ және орта мерзімді несиелерді
клиенттерге келесі мақсаттармен несие басқармасын іске асырады: айналым
қаражатын толықтыру,негізгі қаражатын жетілдіру,объектілерді қайта құру
үшін,тұтыну және т.б. мақсаттарға.
2.Валюталық реттеу бөлімі.Бұл бөлім теңге және шетел валюта түріндегі
ағымды операцияларды жүргізеді.Атап кетсек мұндағы операциялардың түрлеріне
мыналар жатады:
- банк клиентерінің ұсынысымен олардың банктегі шоттарындағы ақшалардың
есеп айырысуды іске асыру.
- инкассалық органдардың салық қызметінің және кеден органдардың
бұйрығына сәйкес бюджетке төлем және басқа банктердің несие сомаларын
есептеп шығаруын, банк клиенттерінің айып пұлдарын және т.б. орындау
және түгендеу, қабалдау.
- депозиттерді қабылдау және олардың сый ақысын есептеу.
- қолма-қол ақшаларды қабылдау және төлеу.
- ҚР бекітілген валюталардың заңдарына сәйкес заңды тұлғалардың банктік
шоттарына шетел валюталарын есепке алу.
ҚР заңға қайшы келмейтін операцияларын жүргізу қорытындысы мыналарға
сай жүргізіледі: тауарларды экспортқа шығаруға алынған төлем,несие несеме
инвестиция түрінде,қайтарымсыз, қайтарымдылық жарнамалары және басқа да
келіп түскендері, ішкі валюта нарығында алынғаны, Резиденттердің алдында
резидент емес заңды тұлғалардың өз міндеттерін орындамағанына байланысты
қайтарымдар және т.б.
Заңды тұлғалардың тапсыруына байланысты олардың банктік шоттарына
шетел валюталарын ҚР валюталық заңдылықтарына сәйкес олардың толытырылған
құжаттарын есептен шығаруға мыналар жатады:резиденент емес жұмысшыларға
еңбек ақы және жұмысшылардың шетелдерге қызметтік іс-сапар шығындарына
байланысты төлемдері; ауыстыру операцияларын жүргізу; резиденент еместің
пайдасына ақшаларын аудару және төлемдерін іске асыру; шет ел валюта
түріндегі алынған несиелердің міндеттерін орындау;корпоративтік карта шотын
Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген қарым-
қатынасты реттеу негізінде толытыру тсс.
Клиенттің, заңды тұлғалардың ұлттық және шетел валюта түріндегі
валюталық операцияларды жүргізу нәтижесінен түскен соммалар және клиенттің
банктік шотына есепке алынады және олар ҚР заңдарының актілеріне сәйкес
міндетті түрде клиенттің төлемдерін іске асыруға дейін ақшалар
пайдаланылмайды.
Банктің корреспонденттік шоттарына клиенттің пайдасына түскен барлық
ақшалар банкте үш жұмыс күнінде акцептелінеді және клиентің алған күні
соммалар төлем құжаттарының шарттарына сәйкес ҚР аумағындағы аударымдар
және төлемдер ҚР заңдылықтарына сәйкес банктік шоттардың барлық
реквезиттерімен есепке алынады. Төлем құжаттарда көрсетілген мәліметтерге
және банк шоттарының реквезиттеріне сәйкес банк (шоттарының) ақшаларды
транзидтік шотқа есепке алады.
Сонымен қатар қосымша жазбашы түсініктемелердің негізінде банк
алушыдан ағымды белгіленген мерзімде себептерін көрсетіп ақшаны қайтарады.
Банк клиентінің ұсынысы бойынша шотта қалған ақшалар негізінде есеп
айырысуды іске асырады. Жіберуші банк төлем талабын акцептелгенге дейін
өзінің банк шоттарындағы ақша соммаларын төлем талапты орындауға қажетті
сомманы қамтамасыз етуге міндетті.
Жіберушінің шотында ақшалардың жетіспеушілігі немесе жоқтығы болған
жағдайда төлем құжаттары, сонымен қатар жіберушімен акцептелінген сомма №2
клиенттің банктік шотына ақша соммалары аудырылмағанға дейін, оларды
орындауға қажетті сомма және бір ішінде сақталынады. Белгіленген мерзім
өткен соң төлем құжаттары қызмет орындалмаса да қайтарылады. Банк қызметіне
комиссиондық сый-ақылар клиенттің банк шотынан келісім-шартқа негізделе
есептен шығарылады. Жолдағы чектер.Шетел банктерінен жолдағы чектерді сатып
алу және оларды шет елдерге жіберу банк ережелерімен, банк аралық
келісімдерге негізделеді. Банк бақылау материалдары қолда бармен өңделеді.
Жолдағы чектерді шетел банктеріне жіберу олардың жиналу мөлшеріне қарай
өңделеді.
Шетел банктерінің коммерциялық чектері жеке тұлғалардың және заңды
тұлғалардың тіркемелік жарнамаларын төлеуге арналған. Чектер клиенттің
өтініші бойынша негізделіп тек АҚШ долларымен жазылып беріледі. Western
Union жүйесі. Western Union жүйесі бойынша ақшалай аударымдарды төлеу
немесе жіберу жедел түрінде іске асырылады. Western Union жүйесіндегі
барлық ақшалай аударымдар және төлемдер ҚР валюталық заңдылығына сәйкес
жүзеге асырылады. Western Union жүйесінің халықаралық төлем клиенттері
болып жедел түрде ақша алуға немесе жіберуге қажетті жеке тұлғалар
табылады.
Жіберулер және төлемдер банкпен клиенттің шотын ашпай-ақ іске асыруға
болады. Сондай-ақ ақша соммаларының аударымы 10000 АҚШ долларынан аспауы
тиіс. Жедел аударымдар коммиссия банк тарифына сәйкес алынады. Барлық есеп
айрысу АҚШ долларымен өңделеді, аудырымға төлем жіберуші клиенттен
ұстанылады. 1-2 минуттан кейін жіберілген аударымдар әлемдегі 150 елдегі
Western Union мекемелерінің барымен пайдалануға болады. Банктерге және
өкілетті орындарға қолма-қол шетел валюталарын сату.Сату келісім-шартқа
сәйкес банктің келісімімен, келісім шартқа негізделе іске асырылады. Қолма-
қол ақшаларды сату қолма-қолсыз валютамен немесе теңгемен іске асырылады.
Саудалық емес бөлімдердегі операциялар жоғарыда көрсетілген құжаттармен,
сенім хаттарға сәйкес банк кассасынан қолма-қол ақшаларды алуға шығыс-
кассалық құжаттары құрылады. Жеке тұлғаларға қолма-қол шетел валюталарын
сатып алу және сату.
Операциялар тек қана ауыстыру бөлімдерінде іске асырылады. Жұмыс
күнінде бағамды өзгерту жазбаша бұйрықтарға негізделе істеуге болады. Әрбір
шетел валютасын сатуда эквиваленттік сомма мөлшері 10000 АҚШ долларынан
аспауы тиіс, міндетті түрде анықтама сертификаты толтырылуы керек.
Клиенттің ұсынысы бойынша анықтама сертификат кез-келген соммаға беріледі.
3.Касса бөлімі. Кассалық операциялар (қабылдау, қайта есептеу,
ауыстыру, буып түйю және банкноталар мен монеталарды сақтау) екінші
деңгейлі банктер және ҚР бөлек түрлі банктің операциялардың іске асырушы
мекемелердің кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне сәйкес. Ұлттық
Банктің 2001 жылы 3 наурыздан бергі №58 ережелері, сонымен қатар банктің
ішкі ережелеріне сәйкес іске асырылады. Қолма-қол ақшалардағы операциялар
кассалық операциялар бөлімінің операциялардың сағаттарына сәйкес іске
асырылады. Қолма-қол ақшаларды қабылдау кіріс кассалық құжаттарға негізделе
өңделеді: заңды және жеке тұлғалардың шотына жарналар, кәсіпкерлік қызметті
іске асыруға, ал қалған басқа келіп түскен соммалар кіріс кассалық ордеріне
негізделе іске асырылады.
Банк кассасынан ақшаларды беру шығыс кассалық құжаттармен өңделеді:
ақшалай чектермен және белгіленген шығыс кассалық ордерінің формаларымен
Еуразиялық банк АҚ-ның клиентінің шотын қабылдаған ақша соммаларымен
және олардың қабылдап болғанға дейінгі соммаларымен несиелейді.
4.Құқықтық бөлім. Құқықтық бөлім Еуразиялық банк АҚ-ның қызметін ҚР
Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан
халықаралық шарттарымен, сондай-ақ өз қызметіне жатқызылған мәселелер
бойынша ҚР заң құжаттары мен Президентінің заңдары негізінде және оларды
орындау үшін шығарылатын Ұлттық Банктің қалыптық құқықтық құжаттарымен және
де Еуразиялық банк АҚ-ның жүргізілетін барлық операцияларды ҚР банктік
заңдылықтар негізінде реттеп отырады.
Ақпараттық технологиялар бөлімі. Ақпараттық технологиялар бөлімі елдің,
шаруашылықтың, әр түрлі соммалардың, кәсіпорындардың экономикалық
жағдайлары туралы керекті деректермен қамтамасыз етеді. Еуразиялық банк
АҚ-ның өз қызметкерлерін комьютерлік технологиясымен қамтамасыз етуі керек.
Ол интернетке міндетті түрде қосылған болу керек.
Басқару қызметінің негізгі бағыттарын көрсететін 3 негізгі бөлімше
бар:
1. Банктің коммерциялық қызметінің негіздерін өңдеу және жетілдіруді
басқару бөлімшесі. Ол келесі қызметтерді атқарпады:
- банкті басқаруда нақты мақсаттарды анықтау үшін банктің іскерлік
саясатының актілерін жасау;
- банк балансын дайындау ;
- банктің несиелік потенциалын анықтау;
- банктің жұмыс нәтижелері бойынша жалпы есепберуді әзірлеу;
- банк қызметін жүзеге асыру бойынша негізгі бағыттарды анықтау.
2. Банк қызметінің шаруашылық есеп айырысуларын ұйымдастыру бөлімі:
- банктің шығындары мен кірістерінің жағдайын анықтау;
- банктің кірістері мен шығындарын болжау;
- жоспарланғанымен салыстыра отырып банктің іс жүзіндегі
кірістерімен шығындарын талдау;
- банк жұмысының рентабельділігін талдау және оны жоғарылату
перспективалары.
3. Банк өтімділігін басқару бөлімі – банктің ағымдағы және
келешектегі өтімділігін анықтау бойынша сұрақтардың көлемін шешеді:
- банктің баланс өтімділігініңкөрсеткіштерін есептеуді жүргізеді;
- банктің күнделікті өтімділігін бақылайды;
- банктің өтімділігіне әсер ететін факторлардың жиынтығын талдайды.
Несиелік басқару – банктің активті операцияларын жүзеге асырудағы
орталық жүйе болып табылады.
4. Несиелік операцияларды жалпы ұйымдастыру бөлімі:
- нақты экономикалық жағдайға байланысты банктің жалпы саясатын және оны
жүзеге асыру тәртібін анықтайды;
- несиелеу мен қаржыландырудың ұзақ және қысқа мерзімді әдістемесін,
клиенттердің несие қабілеттілігін айқындау әдістемесін жасайды;
- несиелік тәуекелділіктерді қайырып,банктің несие операцияларын
сақтандыру механизмін анықтайды.
Банк – бұл ақшалай қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан
мерзімінде қайтару, төлеу шартымен орналастыру үшін құрылатын ұйым.
Банктің негізгі қызметі – банктік қызметтерді көрсету. Банктік қызмет
нарығында 13 жыл ішінде Еуразиялық Банк өзін халыққа кеңінен қызмет
көрсететін тұрақты, сенімді банк ретінде көрсетті.
Еуразиялық Банк АҚ-ның басқа да бөлімшелері мен филиалдары сияқты
Тараз қалалық филиалы да келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
- несиелеу;
- депозиттер;
- ақша аударымдары.
Банктің негізгі қызметі болып несиелеу есептеледі. Несиелік
операцияларды несиелеу бөлімі атқарады. Несиелеу бөлімі несие операциялар
түріне байланысты секторларға бөлінеді:
- тұтынушылық несие бөлімі;
- ЕҚДБ бағдарламасы бойынша несиелеу бөлімі;
- Депозит бөлімі.
Тұтынушылық несие бөлімі. Несиелердің барлық түрлері жылжымайтын мүлік
кепілімен беріледі және мақсаттық пайдалануға ғана беріледі (несие
мақсатсыз пайдаланған жағдайда несие сомасының 25% айыппұл төленеді). ЕҚДБ
бағдарламасы бойынша несиелеу секторында несие төлеудің көзі бизнестен
түскен табыс болса, бұл бөлімде отбасының табысы қарастырылады, оған
кәсіпкерлік қызметтен не жалақыдан түсетін табыс кіреді. Клиенттің төлеу
қабілеті келесі әдіспен есептеледі: отбасының тұтастай табысы есептеледі;
Отбасының тұтастай табысынан отбасыға кететін шығындар алып
тасталынады (минималды тұтыну қоржынынан); алынған мәліметтер негізінде
клиенттің төлеу қабілеттігі және төлей алатын несиенің максималды мөлшері
есептелінеді. Егер сұранып жатқан сомма одан аз болса не максималды несие
мөлшеріне тең болса, оның өтініші қарастырылады, ал асып кетсе, клиентке
несиенің максималды мөлшерінде несие алу ұсынылады.
Банктің негізгі тағайындауы – ақшалай қаражатты несие берушіден
қарыз алушыға, сатушыдан сатып алушыға ауыстырудағы делдалдық.
Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі
белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкаралық корреспонденттік қатынастардың мәні
Банкте корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру
Банкаралық есеп айырысу есебі
Банкаралық есеп айырысу
БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ, ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
БАНКАРАЛЫҚ КОРРЕСПОНДЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ
Банкаралық клиринг есебі
Кассалық операциялардың есебі
Банкаралық несиелеу
ҚАЗАҚСТАН БАНКАРАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫН ҚҰРУ
Пәндер