Деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе8

1 Қызметкерлерді басқару бөлімі қызметінің сипаттамасы10

1. 1 Техникалық тапсырысты және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді саралау10

1. 2 Пәндік саланы саралау11

1. 3 Қызметкерлерді басқару бөлімі жұмыскерінің қызметі11

1. 4 Ақпараттық жүйені құру: мақсаты мен міндеттері13

2 Деректер қоры мен жүйе құрылымын талдап жасау16

2. 1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу және құру қағидалары16

2. 2 Деректер қорын басқару жүйесінің архитектурасы17

2. 3 Деректер құрылымын жасау19

2. 4 Деректер қорын жобалаудың инфологиялық үлгісі20

2. 5 Деректер қорын жобалаудың датологиялық үлгісі22

2. 6 Бағдарламаы құру құралдарын таңдау30

2. 6. 1 SQL құрылымдық сұраныстар тілі30

2. 6. 2 Borland Delphi - деректер қорының бағдарламалық қамсыздандыруын жасау құралы ретінде32

2. 7 Техникалық құралдарды таңдау34

3 «Қызметкерлерді басқару» БҚЕ-ін құру36

3. 1 Ақпаратты сақтау құрылымы37

3. 2 Жүйенің пайдаланушылық интерфейсі39

3. 3. 1 Жұмыскердің жеке карточкасы42

3. 3. 2 Анықтамалар45

3. 3. 3 Есеп берулер47

4 Экономика51

4. 1 БҚЕ құрудың өзіндік құнын есептеу53

4. 2 БҚЕ құнын есептеу58

4. 3 БҚЕ - ні сату мен енгізуден алынатын пайданы есептеу58

4. 4 Тұтынушының БҚЕ-ні пайдалануының жылдық эффектісін анықтау60

5 Еңбек қорғау62

5. 1 Өндірістік зиянды және қауіпті факторларды анықтау62

5. 2 Жарықтандыру және жақсарту іс шаралары64

5. 3 Жасанды жарықтандыруды есептеу67

5. 4 Өрт қауіпсіздігі69

6 Өндірістік экология 74

Қорытынды86

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі87

Қосымша А89

Кіріспе

Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы мекеменің қызметкерлерді басқару бөлімі үшін жасалған автоматтандырылған ақпараттық жүйе болып отыр. Жұмыс қорытындысы ТНК КазХром АҚ мекемесінде осы күнге дейін пайдаланылып жатқан «Қызметкерлерді басқару» бағдарламалық қамтамасыз етуі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, «Қызметкерлерді басқару» автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларымен танысу. Сомдалған қорытынды ретінде қызметкерлерді басқару бөлімінің қызметкерінің талаптарын қанағаттандыратын бағдарламаны құру.

Кез-келген ұйымдағы қызметкерлер құрамын басқаратын құрылымдық бөлімшесі ол - басқару бөлімі. Оған қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығару, сонымен қатар оларды оқыту, біліктілігін көтеру, қызметкерлерді қайта үйрету атқарымдары жүктелген. Қызметкерлер кестесін жай ғана толтырып қана қоймай, жұмысқа алынатын адамды тиімді пайдаланатындай етіп құру қажет. Әрине, маңызды фактор басқару қызметкерлерінің біліктілігі болып табылады. Осы қызметкерлердің таңдауынан, жұмысқа қабылданған жаңа жұмыскердің ұйымға әкелетін пайдасы мен оның болашақ еңбек ақысының мөлшері анықталады.

Әрбір мекеменің жеке құрамы оның қызметкерлерімен танылады. Қызметкерлерінің құрамы мен құрылымы техника мен технологияның өзгеруінен, өндіріс пен басқарудың ұйымдастырылуынан ауысып отырады. Қызметкерлер құрамы келесі көрсеткіштермен сипатталады: білімдік деңгейі, мамандық, кәсіп, біліктілік, жұмыс өтілі, жас шамасы, жұмыскерлердің бөлек санаттарының арақатынасы. Және де қызметкерлер өндірістік күштің ең ауыспалы бөлігі.

Басқару қызметінің міндеттері:

  • ұйымға жетекшілік ететін жұмыскерлер мен мамндарды, мекеменің бейініне сәйкес мамандығы, кәсібі, біліктілігі бар қызметкерлерді жинақтау;
  • қызметкерлердің ауысуын, қызметкерлердің мансабы жоғарылауын, жаңа буын өкілдерін дайындауды қамтамасыз ету;
  • қызметкерлердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету;
  • жеке құрамды есепке алу.

Соңғы тапсырма ерекше маңызды, себебі бұл міндетті кез-келген кадр бөлімінің, ол үлкен мекемедегі қызметкерлерді басқару жүйесі немесе кіші ұйымдағы кадр бөлімінің қызметкері болсын, бірдей атқарады. Жеке құрамды есепке алу ең кіші деген мекемелерде жүргізіледі, онда кадр бөлімі болмаса да, ол міндетті хатшы, есепші не басшының өзі атқарады.

Күмәнсіз, басқару теориясы мен тәжірибесіндегі басты аспекттің бірі еңбек ресурстарын басқару. Керекті адамдарсыз ешқандай ұйым дұрыс қызмет етіп, өзінің мақсатына жете алмайды. Дұрыс таңдалған еңбек ұжымы - жетекшінің басты міндеті. Тек сонда ғана ұйымның табысты болуын анықтайды. Сондықтан кадрлық есепке алу жүйесін жаңа ақпраттық технологияларды еңгізу жолымен дамыту өзекті мәселелерді бірі болып табылады.

Соңғы жылдардағы есептеуіш техникасындағы, оның ішінде теория, технология және қосымшалардың дамуы компьютерлердің пайдаланылатын салалары кеңейіп, пайдаланушылардың артуы әкеліп отыр. Қазіргі заманғы қоғамның маңызды бөлігі алуан түрлі ақпаратты сақтау және деректерді алу жүйелері болып отыр, оның ішінде заманауи ғылыми-техникалық даму да бар. Бар ақпаратты компьютерлік негізге ауыстырудың көптеген орынды себептері бар: деректерді өңдеу жылдамдығы жоғары, клиент-серверлік технологияны пайдалану арқылы деректерді орталықтандырып сақтау айтарлықтай қаражатты үнемдейді, және бастысы қажетті ақпаратты алуға және жүргізуге мүмкіндік береді.

Кез-келген ұйымда ол үлкен не кіші болсын деректерді басқару ең тиімді жұмысты қанағаттандыратындай етіп ұйымдастыру мәселесі туындайды. Кейбір мекемелер ол үшін құжаттарды сақтайтын үлкен шкафтарды пайдаланады, ал көбісі ақпаратты тиімді сақтау және шығаруды, үлкен көлемдегі деректерді басқаруды қамтамасыз ететін компьютерлендірілген деректер қорын басқару жүйесін (ДҚБЖ) пайдаланады.

Ақпараттық жүйелерде ДҚ пайдаланудың маңызды қасиеті қолданбалы бағдарламалардан деректердің тәуелсіз болуын қамтамасыз етуі. Бұл пайдаланушыларға деркетерді ұсынудың физикалық деңгейдегі мәселелерін: деретерді жадыда орналастыру, дерктерді алу тәсілдерін шешуден босатылады.

Деректерді өңдеумен байланысты міндеттер кез-келген қызмет саласында кең таралған. Олар супермаркеттер мен қоймаларда тауарды есепке алу, есепшілердің төлем ақыны есептеп шығару сияқты міндеттер. Қазіргі заманғы кәсіпорындар мен мекемелердің қызметін БҚЕ-ді пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Бұл жүйелер кез-келген қызмет саласындағы, өндіріс, қаржы мен телекоммуникацияны басқарудан бастап, отбасылық бюджетті басқарумен аяқтағанда ақпараттық жүйенің ірге тасын құрайды.

Деректер қоры пайда болғаннан бастап қажетті ақпаратты алуд процессін жеделдетуге болады, себебі ақпратты беру процессімен көптеген қызметкерлер кездеседі де, көбіне тегін ғана ауыстырып бір ақратты көшіріп беру қажет болады. Деректер қорын құру көптеген деректерді сақтап, оңай өзгеру және жаңа деректерді еңгізіп, сонымен қатар компьютер экранына қажетті мөлшердегі ақпаратты шығаруға мүмкіндік береді.

Осы дипломдық жобаның мақсаты ТНК КазХром АҚ мекемесінің қызметкерлерді басқару бөлімі жұмысын жетілдіру, ол өз кезегінде автоматизация деңгейін жоғарылатып, деректерді табыстау тәртібін оңайлатар еді.

  1. Кадр бөлімі қызметінің сипаттамасы

1. 1 Техникалық тапсырысты және жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді саралау

Дипломдық жобаның тапсырмасы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерді басқару бөлімдері үшін БҚЕ құру. Деректер қорын құру үшін кадр бөлімінң бастығы арқылы өтетін құжаттар мен деректер қажет. Деректер қоры көрнекті интерфейспен жабдықталу қажет, жаңа деректерді еңгіз және ескі деректері өзгерту мүмкіндік болу және қажетті деректі іздеу мүмкіншілігі болу міндетті. Жұмыстың нәтижесінде толық құрылған әрі бағдарламаланған деректер қоры болады.

Деректері сақтаудың ескі тәсілдерін пайдалану берілген сұраныстар бойынша деректерді іздеу немесе деректерді сұрыптау және тікелей нәтиже беру мүмкіншілігін (деректердің өте көп болу салдарынан) туғыза алмайды.

Сонымен қатар қажетті ақпаратты іздеумен айналысатын қызметкерлердің үлкен құрамын ұстау қажет.

Деректері сақтаудың ескі тәсілдерін пайдалану кезінде деректерді орталықтандырып, сол деректерді алу мәселесі шешілмей қалады.

Сандай-ақ, бағдарламаның ыңғайлы әрі жарқын жүзді интерфейсі арқасында, жұмыс істеу қолайлырақ болады, соған сәйкес ЭЕМ операторының еңбек өнімділігі артады.

Басты міндет - ақпаратты сақтау құрылымының (яғни деректер қорының құрылымы), ақпаратты еңгізу, оқу, түзету алгоритмінің дұрыс ұйымдастырылуы. Ал жалпы бағдарлама кадр бөлімін қызметкерлерінің жұмысын жеңлдететін қызметкерлер жайлы толық хабарды беретін анықтама жүйесі болады.

Бағдарламалық құралдардың көптеп дамуына байланысты дербес компьютерлерде пайдаланыла алатын өте ыңғайлы әрі сенімді деректер қорын құру қажет. Қазіргі уақытта деректер қорын құруға арналған бірнеше өте жақсы құралдар бар. Олардың барлығының өз артықшылықтар мен кемшіліктері бар. Келесі бөлімдерде дұрыс таңдау жасап, бізге лайықты деректер қорын құруға арналған құралды таңдау ерекшеліктерін қарстырамыз.

Дипломдық жобаның техникалық тапсырмасынан түсінікті болғандай, бізге ақпараттық жүйені құру қажет. Деректер қорын құрудағы бар білімімізге сүйеніп, біз SQL технологиясы мен «клиент-сервер» архитектурасын пайдалану жөн деп шешілді. Ал бағдарлама интерфейсін, қазір өте кең тараған, өзі ыңғайлы әрі сенімді жүйе болып қалыптасқан Borland Delphi-де жазу дұрыс деп ұйғардым. Бұл құралдардың болашағы бар, бастысы қойылған тапсырманы, қойлған талаптарға сәйкес орындауға мүмкіндік береді.

1. 2 Пәндік саланы саралау

Құрылатын бағдарламаның заттық облысы болып ТНК КазХром АҚ мекемесінде қызметкерлерді есепке алу болып табылады.

Пәндік саласын саралауға мемлекеттік мекеме алынған және соның үлгісінде кадр бөлімінің бастығы, инспекторы, бухгалтер және басқа пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері анықталған.

Мекеме қызметкерлер құрамы 533 адам. Осы қызметкерлер сонда көмір және тау - кен саласындағы өнімдерді саралау, тұтынушыға жеткізу және де түскен жаңа ақпаратты өңдеумен айналысады.

Кадр бөлімі қызметкерінің міндетіне жұмыскерлерді есепке алу, құжаттамаларды қабылдау әрі беру, өтініштерді қабылдау және кіріс-шығыс құжаттарын тіркеу, есепшілерге уақытында штат кесесін әрі табельді тапсыру, мекеме жетекшісіне жұмыскерлердің құрамындағы сандық өзгерістер жайлы есеп беру.

Қажетті құжаттарды, қандай да типтік амалдарды орындау қажеттігін анықтап болғаннан кейін, әмбебаптылық, көрнекі, логикалық талаптарына сай деректер қорының күрделі құрылымы жасалды.

Құрастырылып жатқан бағдарламаның басты міндеттері: қызметкерлерді есепке алу, жеке ісіндегі мәліметтерді көрсету, анықтамалармен жұмыс істеу, сұраныстар мен есеп берулерді дайындау. Кез-келген қызметкер жайлы ақпарат қарап шығу және түзету үшін монитор экранына және басып шығару үшін Excel-парағына немесе . html түрінде сақталына алады.

1. 3 Қызметкерлерді басқару бөлімі жұмыскерінің қызметі

Әрбір қызметкердің құқықтары мен міндеттері бар, жұмысқа қабылданар алдында онымен жеке еңбек шарты құрылып, қолына лауазымдық нұсқаулары беріледі.

Лауазымдық нұсқау - бұл мекемеде құрылып, бекітілген жұмыс берушінің акты. Онда жұмыскердің құқығы, міндеттері және жауапкершілігі мен оыс лауазымға үміткердің талаптары қойылады.

Лауазымдық нұсқауда бөлімше ішіндегі еңбек бөлінісі мен қауымдасу регламенті бекітіледі. Оның рөлі - бөлімшеге жүктелген міндеттерді атқару үшін дербес жауапкершілікті қамтамасыз ету және әрбір жұмыс орны үшін құқық, міндет пен жауапкершіліктің теңгерімін белгілеу.

Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқауларын құрастыру құрылымдық бөлімшелердің жетекшісі немесе кадр бойынша инспекторға, заң кеңесшісіне жүктеледі.

Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқауларын құрастыру кезінде 2002 жылдың 22 қаршасында Қазақстан Республиксаның еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрінің №273-Б бұйрығымен бекітілген жетекшішер, мамандар және басқа қызметкерлердің анықталған лауазымдары үшін біліктілік мінездемесіне негізделіп жасалады.

Қызметкерлерді басқару бөлімінің жұмыскерлерінде лауазымдық нұсқаулардан басқа, қызметкерлердің жеке ісі сақталады. Бұл бастапқы ақпарат, кейін ол басқа бөлімдерге таралады.

Жеке істе қызметкер туралы келесі деректер сақталады: тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, мекен-жайы, ұлты, байланыс телефондары, отбасы туралы мәлімет, әскери қызметке қатынасы, әскери атағы, қандай білімі алды, қандай оқу орнын қашан бітірген, мамандығы, жұмыс өтілі, еңбек кітапшасы.

Жеке істер арнайы папкаларға тігіліп, пайдалануды ыңғайлату үшін алфавит бойынша сақталады. Одан әрі қажетті ақпаратты құрылымдық бөлімдерге жібереді.

Қызметкерлерді басқару бөлімі қызметкерінің жұмысын жүйелендіріп, қызметкерлер құрамын автоматтандырылған есепке алуды қамтамасыз ету үшін, жүйе мекемедегі кадр есебінің қазіргі жағдайының және архивтік материалдардың біртұтас деректер қорына ие болу қажет және де пайдаланушының сұранысы бойынша кез-келген мәліметті оңай алуға болатындай етіліп жасалуа қажет. Мекемедегі есепке тіркеудің ерекшеліктеріне байланысты деректер қорының құрылымы да өзгеше болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде нақты қызмет есебіне жүйені күйіне келтіру басты параметлерін ұсынатын орнаған жоспар құрылымына сәйкес келу қажет.

Компьютерлік тұрғыдағы жүйе сенімділігі деп оның кездейсоқ щалыс беруінен, кей жағдайда қасақана деректерді бүлдіруден қорғанысын айтады. Белгілі болып отырғандай, қазіргі дербес компьютерлерді ашық деп есептеуге болады, сондықтан физикалық деңгейде толық қорғанышта болатынына кепілдік беруге болмайды. Осыған бола, бастысы, деректер қоры құртылған жағдайда, оны оңай әрі жоғалтусыз қалпына келтіріп, тез уақытта жүйе жұмысын жандандыруға болатындай етіп көңіл бөлу қажет.

Қызметкерлік есеп жүргізу кезіндегі амалдарды өңдеу тәсілі мекеменің ұйымдастырушылық құрылымына және ішкі бақылаудың әдісі мен тәртібіне үлкен әсерін тигізеді. Бақылаудың тәртібі мен жағдайын бағалау кезінде компьютерлік технологияны сипаттайтын бірқатар ерекшеліктерін ескеру қажет. Төменде деректерді компьютерлік өңдеудің қолмен өңдеуден өзгешеліктері келтірілген.

  • Амалдарды біркелкі орындау. Компьютерлік өңдеу кезінде кадрлық есептің ұқсас амалдарын орындау кезінде бір пәрменді пайдаланады. Осыдан қолмен өңдеу кезіндегі болатын қателіктердің болмайтыны анық. Керісінше бағдарламалық қателіктер (кез-келген аппараттық немесе бағдарламалық жабдықтың жүйелік қателіктері) біркелкі жағдайлар кезіндегі барлық ұқсас амалдардың теріс өңдеуіне әкеліп соқтырады.
  • Міндеттерді бөлу. Компьютерлік жүйе ішкі бақылаудың көптеген амалдарын орындай алады, автоматтандырылмаған жүйелерде оны әр-түрлі мамандар орындар еді. Бұл жағдай компьютермен жұмыс істеуге рұқсаты бар мамандардың басқа қызметті орындайтын жұмыстарға арласып кетуі мүмкін. Сондықтан компьютерлік жүйелер бақылауды қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін қосымша шаралардың өткізілуін талап етеді. Автоматтандырылмаған жүйелерде бұл мәселе жай ғаан міндеттерді бөлумен шешілетін. Мұндай шараларға парольдер жүйесін жатқызуға болады. Ол деректерді алуға рұқсаты бар басқа мамандардың есептегі құжаттармен активтермен терминал арқылы диалогтық тәртіптемеде рұқсат етілмеген іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік бермейді.
  • Қателіктер мен дәлсіздіктердің пайда болу мүміншіншілігі. Автоматтандырылмаған жүйеге қарағанда кадрлық есептің компьютерлік жүйесі рұқсат етілмеген қол жеткізуге ашық болады, оның ішінде бақылау жүргізетін тұлғалар үшін де ашық. Сонымен бірге деректеді жасырынды өзгертуге, әрі қызметкерлер жайлы ақпаратты тікелей не оңаша тәсілдермен алуға ашық болады. Қателіктер мен дәлсіздіктерді болдырмаудың бір жолы, компьютерлік өңдеумен айналысатын адамдардың санын шектеу әрі мүмкіндігінше азайту. Қолданбалы бағдарламаларды құру және күйіне келтіру немесе түзету кезінде кеткен қателіктер көп уақыт бойы байқалмай қалуы мүмкін.
  • Әкімшілік тарапынан бақылауды күшейту мүмкіндігі. Компьютерлік жүйелер әкімшілікке ұйым қызметін бақылап, бағалап тексеріп отыру үшін үлкен талдау жасайтын жолдарын береді. Қосымша құралдардың болуы жалпы ішкі бақылау жүйесін нығайтып, оның тиімсіздік қатерінен сақтауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, кейбір қолданбалы бағдарламалар комьютер жұмысы жайлы статистикалық ақпаратты бере алады, оны кадр есебінің амалдарын өңдеудің нақты барысын бақылауға пайдалануға болады.
  • Амалдарды компьютерде орындауға ынтагерлік беру. Компьютерлік жүйе кейбір амалдарды автоматты түрде орындай алады, және де ол міндетті түрде құжаттандыруда қажет етпейді. Себебі әкімшілік шешімімен ақпараттық жүйені пайдалануға еңгізу айқын түрдегі мақұлдаудың болуын шамалап отыр.

1. 4 Бағдарламалық қамтамасыз етуді құру: мақсаты мен міндеттері

Бағдарламалық өнімде не болатындығы алдын-ала анықталғандықтан, енді автоматтандырылған жүйе шығысында не беретіндігін анықтау қажет:

  • кез-келген қызметкер жайлы толық ақпарат;
  • жұмысқа қабылданған, одан шығарлған, жақында зейнетке кететін, қызметкерлердің тізімін;
  • жұмыскерлердің еңбек өтілі жайлы ақпарт;
  • әскери қызметке қатынасы жайлы ақпарат;
  • шттаттық кесте;
  • қызметкерлер жайлы алуан-түрлі есеп берулер.

Тапсырманың мақсаты мекеменің кадр бөліміндегі барлық жазбаша тіркелген қажетті құжаттарды автоматтандырылған кадрлық есептің беруі.

Міндеттің қойылуы өте маңызды, себебі не істеу керектігін және ол қандай талаптарғы сай келу керектігін анық біліп алмаса, автоматизацияның нәтижесі дұрыс болмай шығуы мүмкін. Сонымен қатар алдын-ала міндеттері біліп алмай бағдарламаны жасап, кейін ол қажетті құжаттар мен сұраныстарды қанағаттандырмауы мүмкін, ос үшін оны тағы да күйге келтіріп немесе қайтадан жасау қажеттігі туады.

Қызметкерлерді басқару бөлімі көбінесе құжаттардың үлкен көлемімен асыра толтырылған, осыған бола бөлім жұмыс бір сарынды еңбекті атқарумен айналысып, өнімділігін жоғалтады. Бөлімнің автоматтандырылуы сондағы қызметкерлердің жұмысын қағаз жұмысынан босатып, олардың еңбек икемділігі мен сапасын жоғарылатады.

Бөлімнің автоматтандырылуы штаттық кестенің жасалуын, есептемелер н мен бұйрықтардың құрастырылуын жеңілдетеді. Заңнаманың талаптары мен мекеме жұмысының ақиқат саясаты ескерілген бірнеше қолданбалы шешімдер бар және қызметкерлер құрамын басқару мен уәждеудің болашағы бар әлемдік үрдістері де жеткілікті. Көбіне бағдарламалық құралдар бөлімнің табысты автоматтандырылуының бағыты.

Жағарыда айтып өткендей дипломдық жұмыстың мақсаты мекеме қызметкерлерін есепке алатын ақпараттық жүйені құру. Себебі бұл мекемедегі қызметкерлер жайлы есеп жүргізу қағаз жүзінде немесе Microsoft Office қолданбалы өнімі арқылы жүргізілетін. Ақпараттық жүйені жасауғдағы қойылған талаптар:

а) қызметкерлер туралы барлық қажетті ақпараттар сақталған деректер қорын құру;

ә) қажетті мазмұндағы бұйрықтарды құру және баспаға шығару;

б) қажетті мазмұндағы есеп берулерді құру және баспаға шығару;

в) жұмыскерлердің жылдық демалыстарын пайдалануын есепке алу;

г) мекемедегі бос лауазымдардың есебі

Жобаланатын жүйеде жоғарыда аталып өткен әрбір қызмет сәйкес бағдарламалық модульмен жасалады, және де олардың әрқайсысымен қалыпты амалдарды: ақпаратты түзету, жаңадан еңгізу, іздеу және бұйрықтар мен есептерді құру орындай алады. Деректерді толтыру, түзету және іздеу амалдары барлық модульдерде біртекті тәсілмен орындалады. Деректерді еңгізу және түзету кезінде пайдаланушының еңгізетін ақпараты деректер тұрпатымен, диапазонымен тағы да басқа мүмкін мәндермен салыстыру арқылы дұрыстыққа тексеріліп отырады. Дұрыс емес ақпаратты еңгізген кезде, автоматты түрде пайдаланушыны хабардар ететін ескерту хабарламалары дайындалады. Деректерді еңгізу және түзету үшін арнайы экрандық нысандар, еңгізу жолдары, түсініктеме жазбалар, амалдарды басқаратын батырмалар жасалады. Деректерді іздеу үшін әр-түрлі өрістегі мәндер аясындағы арнайы сұраныстар қамтамасыз етілген. Ақпаратты іздеу кез-келген кесте бойынша да, әр жол бойынша да жүргізуге болады. Жүйедегі барлық бағдарламалық модульдерде есеп беру пішіндері мен құжаттарды құру және баспаға жіберу амалдары қарастырылғаг. Барлық есеп берулер автоматты түрде жасалады.

Сипатталған бағдарламалық кешен қызметкерлерді басқару бөлімі қызметкерінің жұмысын жұмыскерлер жайлы ақпаратты іздеу, өңдеу тұрғысында жеңілдетіп, есептемелері автоматты түрде жасалуын қамтамасыз етеді.

2 Деректер қоры мен жүйе құрылымын талдап жасау

2. 1 Бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу және құру қағидалары

Басқару ақпараттық жүйесі (БАЖ) - ұйымда жүргізілетін барлық операциялар жөніндегі ақпараттар мен мәліметтерді қызметкерлерге (адамдарға) қамтамасыз ететін жүйе. БАЖ ұйымдағы қызметкерлердің, клиенттнрдің, шешуші адамдардың қызметінде қолданылады. Бұл тұлғаларды транзакциямен байланысты атқаратын қызметтерге көмек ретінде мәліметтерді тиімді әзірлеу немесе лауазымды тұлғаны жүйелі ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен қолдау іске асырылады.

Ақпараттық жүйені құру - маңызды дайындық пен ұйымдастырушылықты талап ететін күрделі жұмыс. Әзірленген АЖ нің қызметінің тиімділігі көбіне оны құрудың гылыми негіздемелік әдістерімен алдын ала анықталады.

Ақпараттық жүйенің қызметінің технологиялық үрдісінің құрылу позициясы екі турлі формамен анықталады: орталықтандырылған және орталықсыздандырудан орталыққа үйлесуі. Бірінші жағдайда ақпараттық есептер мекеменің есеп беру орталығында шешіледі. Екіншісінде есеп беру орталығындағы жеке компьютермен байланысып, басқару қызметкерлерге автоматтандырылған жұмыс орындары ұйымдастырылады.

Автоматтандырылған жұмыс орындарынан желілерге көшу негізінен мекемені басқару кезінде автоматтандырылған жүйенің қызметін экономикалық ақпаратты өңдеумен қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің құрылуын осы формасы анықтайды. Сонымен қатар бұл жағдайда ақпараттық жүйемен автоматтандырылған жұмыс орындарын ұйымдастыруда мекеменің автоматтандырылған басқару жүйесін құру принципі негіз болып табылады.

Маңызды принциптарға келесілер жатады: жүйелі көзқарас, әдістемелік бірлік, машинамен адам арасындағы қызметті бөлу, модульділік, бейімділік, сенімділік, кезеңділік, түрдің түсініктілігі, жана тапсырмаларды шешу, жеке компьютердегі шығыс мәлімдемелердің кірісінің біртектілігі және машина өңдейтін ақпараттарды қолданудың көптектілігі.

БҚЕ мен байланыс механизмінің барлық мүмкіндіктерін кеңейту үшін жүйеде бірыңғай болатын, БҚЕ мен жалпы құрылғыларды құру үшін нақты мақсатын анықтауға жүйелік көзқарас қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деректер базасының архитектурасы
Деректер қорын құру құралдары
Кинопарк 7 Ақтөбе деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
«Кітапхана бөлімінің Мәліметтер Базасын құру(ұйымдастыру)»
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Деректер базасы және оның объектілері
Қалыпқа келтіру. мәліметтерді сақтаудың теориялық негіздері
Веб - серверлер
Деректер базасының сервері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz