Облыс жерінде қар жамылғысы тұрақсыз


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Жалпы физикалық-географиялық жағдайы
1. 1. Қызылорда облысының географиялық жағдайлары
1. 2. Қызылорда облысының табиғат жағдайы
1. 3. Қызылорда облысының климаттық жағдайы
1. 4. Ішкі сулары
1. 5. Топырақ өсімдік жамылғысы
1. 6. Жануарлар әлемі
2. Облыстың экологиялық жағдайлары және табиғат қорғау
мәселелері
2. 1. Жер ресурстарын қорғау
2. 2. Суды қорғау
2. 3. Орманды және өсімдіктерді қорғау
2. 4. Жануарлар дүниесін қорғау
2. 5. Ландшафтар мен табиғат кешендерін қорғау
2. 6. Облыстың жалпы экологиялық жағдайы
- Арал өңіріндегі табиғат қорғау мәселелері мен қазіргі экологиялық ахуалы
3. 1. Арал өңіріндегі қазіргі экологиялық ахуал
3. 2. Арал теңізінің суындағы және құрғаған орындағы тұздардың
жылжу ерекшеліктері
3. 3. Арал теңізі табанының геоморфологиясына қатысты тың
мәліметтер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
1. Жалпы физикалық-географиялық жағдайы
Қызылорда облысы Республикамыздың оңтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Әдебиетте Республикамыздың оңтүстік батысындағы ұлан ғайыр жерді «Сыр өңірі» деп атайды. 1938 жылы 15 қаңтарда құрылды. Облыс территориясы өте үлкен ауданды алып жатыр. Әсіресе, ол оңтүстік - шығыстан солтүстік - батысқа қарай, Сырдария өзенінің ағысын қуалай ұзыннан ұзақ 578 шақырымға созылып жатыр. Облыстық шекаралық сызығының конфигурациясы қисық төртбұрыш тәрізді, оңтүстік - шығыстан - солтүстік - батысқа қарай қисық трапеция құрайды. Облыс шығысында және оңтүстік шығысында Оңтүстік Қазақстанмен, солтүстігінде - Қарағанды, солтүстік - батысында - Ақтөбе облыстарымен және оңтүстігінде Өзбекстанның Қарақалпақ АССР-мен шектеседі. Батысында Арал теңізі жатыр. Ол облыс территориясының 11, 8 % бөлігін алып жатыр. Облыс жерінің жалпы көлемі 228, 1 мың шаршы шақырым. Халқы 596 215. орталығы Қызылорда қаласы. Облыс 7 ауданға бөлінеді, үш қаласы бар. Территориясының көлемі жөнінен Республикада Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысынан кейін төртінші орынды алады. Территориясы көлемі жөнінен Қызылорда облысы көптеген Батыс Еуропа елдерінен асып түседі. Мысалы: Швецария (41 мың шаршы шақырым), Австрия (84 мың шаршы шақырым), Венгрия (93 шаршы шақырым) мемлекеттері еркін сиып кетеді, ал Азия елдерінің ішінде Сирия (185 мың шаршы шақырым), Біріккен Араб Әмірлігі (84 шаршы шақырым), Араб Ислам Республикасы (195 шаршы шақырым) мемлекеттерінен үлкен, ал Израиль, Иордания, Катар, Кувейт, Ливан, Бутан мемлекеттері еркін сиып кетеді. Облыс жерінің солтүстігі 47˚ 58' с. е., оңтүстігі 42˚ 26' с. е. аралығымен өтеді. Батысы 59˚ 02' ш. б. пен шығысында 68˚ 09' ш. б. аралығында жатыр. Облыстың алып жатқан территориясы өзіне тән табиғатымен ерекшеленеді. Ол шөл және шөлейт зонада орналасқан. Басқа облыстардан табиғатының өте шұғылдылығымен ерекшеленеді. Яғни, жазы ыстық, қысы қатты суық (-44 t), жауын-шашынның жылдық мөлшері 110-80 мм, кейде 70-75 мм. Облыс территориясында табиғаты өте әр түрлі. Осыған орай үш ауданға бөлуге болады. Яғни солтүстік, өтпелі, оңтүстік.
Облыстың Оңтүстік - Шығысын Қаратау сілемдері, ал солтүстік - батысқа қарай Тұран геосинклиналының қазан шұңқыры, Арал маңы ойысына келіп тіреледі. Бұл бағытта облыс территориясы Арал маңындағы Үлкен және Кіші Борсық құмдарына келіп тіреледі. Солтүстігінде Қарағанды облысының территориясымен шектесетін жерде Арал маңы Қарақұмы, одан оңтүстікке қарай өсімдік атаулыдан жұрдай Дариялық - Тақыр, ол барып Арысқұм құмына қосылады. Одан әрі Орталық Қазақстан далаларына барып жанасады. Жалпы облыс территориясының орналасқан орны Сырдария өзенінің ежелгі дельтасында жатыр, ол үлкен үшбұрышты формада болып келеді. Дельта - Атырау көптеген құрғақ және иректеліп тармақталған қазірге дейін сақталған, өзен арналарымен тілімделген дельта желпуіш тәрізді батысқа қарай көлбеу болып келеді.
Қызылорда облысы ежелден келе жатқан, Сыр өңірін мекендеген халықтың қоныстанған орны. Тарихына ой жүгіртсек өзіне тән қызықты кезеңдері бар. Еуропа мен Азия елдерін байланыстыратын сауда - керуен жолдары ықылым замандардан - ақ қазақ жерінің үстінен өткені анық. Сол уақыттарда бұл облыс территориясынан «Ұлы Жібек» жолының бір тармағы өтті. Облыс территориясы арқылы Батыс Сібірге Ташкенттен, Бұхара мен Хиуадан келген сауда - керуені өтті.
Алғашқы орыстардың қазақтармен және басқа да Орта Азия елдерінің халқы мен қарым қатынасы осы территориядан басталады.
Зерттеудің көкейтестілігі . 2007 жылы қабылданған «Экологиялық Кодекс» құжатында қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз ету арқылы Қазақстанның экологиялық қаупі жоғары аймақтардың табиғатын тиімді пайдалану және қорғау мәселелерін нақтылап айтқан болатын. Бәрімізге белгілі Қызылорда облысының Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы, Арал аудандары экологиялық дағдарыс аймаққа жатады. Осы тұрғыдан алғанда Қызылорда облысының экологиялық ахуалын білу табиғатын тиімді мәселелері Қазақстанның өзекті проблемасы ретінде қарастырылды. Оның үстіне Арал, Сырдария өңірі бұрынғымен салыстырғанда көп өзгерістерге ұшыраған. Ол әрине оң өзгерістер. Атап айтқанда, Сырдария өзенінің бойындағы фауна мен флораны қорғау және тиімді пайдалану мәселелері, жер ресурстарын, орман - тоғайды, ландшафтарды, табиғат кешендерін ретке келтіру барысында мемлекеттік бағдарламалар қабылданып өзінің оң шешімдерін тауып отыр. Әсіресе, Сыр өзенінің жағалауларын көктемгі су тасқынынан, жазғы өрттен қорғау мәселелері, Арал теңізінің Кіші Арал бөлігін сақтап қалу және т. б. проблемаларға көп қаржы бөлініп жұмыс оңға басып отыр.
Облыстың экологиялық жағдайы негізінен 3 аймаққа бөлінеді: апатты аудандар, экологиялық жағдайы орташа және салыстырмалы жақсы аудан. Облыстың негізгі проблемаларының бірі - су қорларының тазалығы болып табылады. Өйткені, су сапасы стандартқа сәйкес келмейді. Айталық облыстың 37 елді мекенінің ішуге жарамсыз құбыр суын ішсе, 18 елді мекен суды тасып ішеді, ал, шалғайдағы елді мекендер амалсыздан Сырдария өзенінін ауыз су алады (Қазалы, Арал аудандары) . Мәселен, жыл сайын ауаға 130 мың тонна күл мен қоқыс, улы газдар тарауда. Мұның үстіне Сыр бойындағы немесе жақын жатқан Байқоңыр ағарыш айлағы, Құмкөл, Қармақшы, Шиелі шикізат өндіру кеніштерін қоссаңыз экологиялық жағдайының қаншалықты қиын екендігін көреміз. Әрине Сыр бойында шешімін таппай жатқан мәселелер көп. Дегенмен оны шешу жолдары жыл сайын жақсарып келеді. Ал оны көпшілік қауым түсіне бермейді. Осы проблемаларды жаңа фактілерге сүйеніп көпшілікке және студент қауымына жеткізу үшін дипломдық тақырыбымызды: «Қызылорда облысының физикалық-географиялық жағдайы мен экологиясы және табиғатын қорғау мәселелері» деп таңдауға тура келді.
Зерттеудің мақсаты : Көпшілік пен студенттер қауымына Қызылорда облысының қазіргі экологиялық ахуалына жаңаша сипат беру.
Зерттеудің нысаны : Сырдария өңірінің экологиясы мен табиғатын қорғау мәселелері.
Зерттеудің міндеттері :
- Қызылорда облысының қазіргі физикалық - географиялық жағдайына жаңаша сипаттама беру;
- Облыстың табиғат қорларының бүгінгі экологиялық жағдайы мен сапалық көрсеткіштерін анықтау;
- Арал өңірінің табиғатын қорғау мәселелері және қазіргі экологиясына мониторингтік баға беру.
Зерттеудің практикалық мәні :
- Қызылорда өңіріндегі қазіргі экологиялық жағдайларға физикалық - географиялық тұрғыдан жаңаша сипаттама берілді.
- Облыстың негізгі табиғат ресурстарына (су, жер, фаунасы мен флорасы) рекреациялық тұрғыдан жаңаша баға берілді.
- Облыстың экологиясы мен табиғатын пайдаланудағы соңғы жаңалықтар мен фактілер берілді.
- Арал өңіріндегі қазіргі экологиялық проблемаларды шешу тың материалдармнен көпшілік қауымды ақпараттандыру болып табылады.
Диплом жұмысы 3 тараудан, 15 бөлімнен тұрады. Соңында қорытынды мен ұсыныстар және қолданылған әдебиеттер тізімі берілген. Бірнеше кестелер, диаграммалар мен суреттер бар.
- Қызылорда облысының географиялық жағдайлары
«Сыр» өңірін ғана емес бүкіл Қазақстанды оның табиғатын зерттеп білуге, Ресей ежелден көңіл бөлген. Оның басты себебі орыс княздігінің жерін кеңейту, сонымен бірге, Қазақстан жері Азияға үлкен қақпа ретінде болды. Сыр бойын географиялық тұрғыдан зерттеу 1856 жылдан басталды. Бірақ оған дейін де мәліметтер мол болды. Мұның бірі орыс саудагерлері мен көпестерінің агенттік хаттамаларынан алынған.
Себебі, орыс елшілеріне сапарларынан қайтып оралғаннан кейін өздері болған елдердің жағдайы туралы егжей - тегжейлі есеп жазу міндетті түрде жүктелген. Бұл мәліметтер «Үлкен чертеж кітабы» мен Москва мемлекетінің картасына түсірілген. Кітапта Қазақстан территориясының оңтүстік - шығысында Іле өзенінен бастап Сарысу өзендері, Қаратау таулары көрсетілген. Онда Аралды Көк теңіз деп көрсеткен. Сонымен қатар онда біздің облыс территориясына, Сыр өңіріне жалпы сипаттама берген. «Көк теңіз бен Сыр өзенінің жоғарғы сағасына дейін 250 шақырым, ал Көк теңіздің ені 60 шақырым, суы тұзды» - деп келтірілген. Картада Қаратау тауының ұзындығы 250 шақырым, ал Сыр өзенінен ол тау 30 шақырым, сондай - ақ Борсыққұм, Қарақұм көрсетілген.
XVIII ғ. басында Қазақстанның Рессейге қосылуының әсерінен алғашқы шолып - барлау экспедициялары бастады.
1740 жылы Д. В. Гладишев пен И. Муравиннің экспедициясы кіші жүз ханы Әбілқайырдың Сырдария өзенінің сағасынан орыс қаласын салу жөніндегі өтініші бойынша ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде Сырдария өзені бойының ландшафтық картасыны түсірілген: таулар, құм төбелер, адырлар, құмайтты қыраттар, ойпақ жерлер, тегіс жерлер. Сондай-ақ топырақ түрлері тастақты, саздауыт, құмдақ және ойпақ жерлердегі қара топырақ болып жіктелген.
Өсімдіктерден көктерек, қайың, қараған, сексеуіл, ырғай, тобылғы, тал, жүзгін жусан және қамыс аталған.
XVIII ғ. ортасында Ресей империясы шалғай жатқан жерлерде ғылыми зерттеу жүргізуді қолға алды.
Сол кездегі орыс экспедициясының Сыр өңіріне жасаған саяхаттарының бірін Рычков П. И. (1712-1777 жж) басқарған. Оның еңбектерін Сарысу өзені жөніндегі мағлұмат та ден қоярлық, жоғары сағасында жұрттың айтуынша үзіліссіз ағады да, сосын жер аяғы құрдымға сіңіп жоғалатындығы сөз болады. Сарысу өзенінің осы күні де құмға сіңіп, Сырдарияға дейін жетпейтіндігі бізге мәлім. Сонымен бірге Сыр өңірі жануарлар дүниесі де қызғылықты. Мәселен: П. И. Рычков «Сырдарияның төменгі сағасында да ну қамыстарда жолбарыс мекендеген. Сарысу бойында үйір - үйір құландар жортқан» - дейді. Ал қазір ол жерлерде аталмыш жануарлардың иісі де жоқ.
Сол кездері картографиялық еңбектердің арасында XVIII ғасырдың аяғында жасалған Орта Азия және Қазақстан картасының авторы Я. Б. Боуверді атап өтуге болады. Оның картасында біздің облысымыздың территориясындағы Телікөл көлі көрсетілген. Бұл көлге Сырдария өзені құяды, бірақ ол Сарысу өзеніне жетпей үзіледі.
1856 жылдан кейін классикалық кезең - П. П. Семенов, Ш. Ш. Уәлиханов, Н. А. Северцов жүргізген физикалық географияның жүйелі зерттеулері басталды.
1848 - 1849 ж. А. И. Бутаковтың экспедициясы Арал теңізі мен оның аралдарын, табиғатын зерттейді. Нәтижесінде теңізге жылпы шолып барлау жүргізіліп барлау жүргізіліп, аралдары съемкаға түсірілді. Зерттеудің негізгі қорытындылары А. И. Бутаковтың «1848 жылы Арал теңізін зерттеу үшін жасақталағн экспедиция туралы мағлұматтар» атты еңбегінде жарияланды. 1853 жылы ол тарихта тұңғыш рет Сырдария өзені бойынша кемемен саяхат жасады. Өзенге жануарлары мен өсімдік дүниесіне үлкен сипаттама берді.
Н. А. Северцов Сырдария өзеніне метеорологиялық зерттеулер жүргізді. Арал теңізін зерттеген кезде теңіз суының ұдайы немесе мезгіл - мезгіл тартылуы және климаттың қуаңшылыққа айнала бастауы туралы мәселелерге баса назар аударылды. Сырдария экспедициясының зоологиялық коллекциясында құстардың 96, аңдардың 35, жылан - кесірткенің 26 түрі, балықтардың 15 түрі және омыртқасыз жәндіктердің 400 данасы жинақталған.
1910 жылы С. С. Неуструев Перовск уезінің жерін зерттеді. Ол Қаратау жотасының батыс бөлігінде, Арысқұм құмдарында, Телікөл маңындағы сортаң көлдерде, құндыздыда және Сарысу өзенінің төменгі сағасында болды. Сырдария өзенінің бойымен қоса алқапта далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ол сол аймаққа тән шөлейт жерлерді суреттеуге, құмдарда топырақ түзілу жағдайына, шөл аймағының басқа да мәселелеріне сипаттама береді. Өзен маңындағы жазықтарда кебір мен тақыр жерлердің көп екенін ескертіп, топырақ түзілуіне климаттың әсерін атап көрсетті. Осының негізінде Перовск уезінің топырақ картасы жасалынды.
Н. А. Зарудный Арал төңірегі құстарымен қатар бауырмен жорғалаушыларды және қосмекенділерді жинап тексерудің нәтижесінде «Аралдың жылан - шаяндары», «Арал теңізінің құстары» - деген еңбектерін шығарды.
И. В. Мушкетов Тұран бассейнінде метеорологиялық деректер жинайды. «Жазы ми қайнататын ыстық, құрғақшылық, қысы қатаң суық» - деп тұжырым жасайды. Сонымен бірге климаттың рельефтің формаларының қалыптасуына әсерін түсіндіреді.
Қазіргі кездегі зерттеулер. Арал аймағының Қызылордалық бөлігінің географиялық жағдайы, жер бедерінің даму тарихы мен географиясы, жер астылық сулары мен оның режимі, климаты мен топырағы, топырақтың су - тұздылық режимі, тұздың қорлану (жиналу) кейіптері, мал азықтық ресурстары, Сырдария өзенінің ескі атырауы, Солтүстік Қызылқұмның табиғи аудандарын ауыл шаруашылық мақсатқа игеру жолдары 1946 - 1955 жылдары зерттеліп тексерілді.
Бұл жұмыстың басты мақсаты Қызылорда облысында Сырдария өзенінің төменгі жағында суармалы жер шаруашылығын және мал шаруашылығын дамыту болды.
60-шы жылдардан кейін ол кездегі Қызылорда Педагогикалық институтының зерттеушілері Арал өңірінде жеке мәселелерді шешумен айналысты. Мысалы: «Жаңадария жазығының тақыр тәрізді топырақтарының агрохимиялық сипаты» (А. М. Нұрғызаринов), «Қызылорда облысының мәдени және табиғи фитоценоздарындағы доминанты өсімдіктердің тамыр жүйелері» (Қ. Б. Балтаев, 1973 ж. ), «Сырдарияның ескі дельтасындағы табиғи фитоценоздарындағы доминанттардың тамырларының экоморфозы» (Т. Л. Бурсова, 1984 ж. ) .
Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы 1984 жылы «Арал өңірі топырағының антропогендік шөлейттенуі» атты монография шығарды. Бұрынғы Одақтағы гидрометеорологиялық мемлекеттік комитет және мемлекеттік океанографиялық институтымен ТМД теңіздері жобасына сәйкес тек Арал теңізіне арналған VII - томды шығарды (Л. Гидрометеоиздат, 1990 ж. ) .
Қызылорда облысының жағдайына байланысты суармалы жер шаруашылығына және мәдени өсімдіктерді өсіруге т. б. мәселелерге арналған ғылыми еңбектер де бар. 1998 жылдан бастап Қызылорда мемлекеттік университеті мен облыстық биоресурстар басқармасы және облыстық балық, аң - құс шаруашылығымен зерттеулер жүргізілуде.
Сурет - 1.
- Қызылорда облысының табиғат жағдайы
Облыс территториясының рельефі ұзақ уақыт бойы жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан, керісінше төмен түсіру сияқты күрделі процестер жүріп отырды. Кайназой эрасының басында территория бір жола құрлыққа айналып, жер бедері негізінен жазық болды. Биік жерлердегі бұзылған жыныстардың ойыстарға жиналуынан аккумуляциялық жазықтар пайда болған. Осы кезде теңіздің шығыстағы шекарасы шамамен Сырдария өзенінің төменгі ағысына дейін жеткен. Неогеннің басында жер қыртысында бірнеше дүркін қозғалыстар болды, бірақ рельеф ешқандай өзгерген жоқ. Батыстағы Үстірт теңізден көтеріліп Арал теңізі дараланды. Содан бері де бұл теңіз суы солтүстікке, оңтүстік - шығысқа жайылған, кей жылдары кейін шегінген, кейде суы молайып, бір - бірімен қайта қосылып отырған. Жазық жерлерде денудациялық процестің әсерінен саздақты, құмдақ, түсті саз балшық қабаттары жиналды.
Неогеннің аяғында аридтік климат үстем болып, соған байланысты қуаң далалы өңір қалыптасты.
Төрттік дәуірдің орта кезінде Амудария өзенінің Қарақұмның солтүстігі арқылы өтуіне байланысты Арал теңізі пайда болды.
Арал маңы ойпатының оңтүстік - шығыс жағынан төменгі Сырдария немесе Қызылорда ойпаты басталады және ол шығыста Түркістан қаласы тұсына дейін созылады. Арал теңізіне қарай көптеген ежелгі өзен аңғарлары тармақталып барады, оларға - Іңкәрдария, Жаңадария, Қуаңдария сияқты өзендердің арналары дәлел бола алады. Сырдарияның оң жағалауы маңы жазығын Дариялық тақыр алып жатыр. Қызылқұм жазығының солтүстік - шығысы ғана Қызылорда территориясына еніп яғни, Сырдария өзені аңғары мен Жаңадария өзені аңғары аралығында жатыр. Мұндағы тұтас құмды рельефтің біразы өсімдіктермен бекіген.
Облыс рельефі бірсыпыра тегіс, кей жерлерде белесті, адырлы болып келеді. Әр жерлерде көзге алыстан көрінетін оқшау төбелер, шоқылар кездеседі. Жазықтың абсолюттік биіктіктері Сырдария өзенінің төменгі атырауында Арал теңізі жағалауында 50 - 53 метрге дейін төмендейді. Облыстың қиыр оңтүстік - шығысын Қаратау жотасының солтүстік - батыс шеті кіреді. Оның беткейлері көптеген тар, құрғақ, тек көктемде ғана су жүретін өзен аңғарларымен тілімденген. Облыс территориясының жер бедерін үш морфологиялық ауданға бөліп қарастыруға болады:
А) Аллювиалдық жазық және Сырдария аңғары.
В) Эолды - құмды жазықтар.
Б) Арал теңіз жағасы және бұрынғы теңіз табаны.
Бірінші морфологиялық ауданға Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы аудан орталықтары мен Қызылорда қаласының жерлері жатады. Эолды - құмды жазықтарға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы Қызылқұм құмдары жатады. Жер бетінің құрылымы жағынан төбелі аккумулятивтік эолды - аллювиалды жазық болып келеді. Құм төбешіктердің арасы тіршіліксіз қу тақыр болып келеді. Арал теңізінің жағалық зонасы өз алдына жеке аудан. Сондықтан теңізге шығыс, судан жалаңаштанған, жағалары төрттік дәуірдің шөгінділерінен құралған жазық және ойпат, кей жерлерде құмды аралдар кездеседі. Ал теңіздің солтүстік жағалары биіктеу болып келеді, түбектерде палеоген жыныстары жер бетіне шығып жатыр.
Геологиясы . Қызылорда территориясы Тұран плитасы шегінде орналасқан. Бұл өзі ерекше жазық аймақ.
Солтүстік Қызылқұм синеклизасы Қаратау - Есіл ойпаңының девон - карбон әк тастары бетінде орналасқан. Ойыстың ортаңғы бөлігі төменгі бордың континенттік кекескі жыныстарынан құралған.
Арал маңы қарақұмының оңтүстік жиегі бор шөгінділерінен тұрады. Сырдарияның сол жағалауындағы Қазалы массивінің тұсы палеогендік жыныстар. Ал қалған территория түгелімен дерлік антропоген шөгінділері.
Төменгі протерезойда Сырдарияның оң жағалауын тайыз теңіз басып жатты, ал сол жағалауы құрғақ жазық болады. Венд шөгінділері каледон антиклинорийлерінің осътік бөліктерінде дамыған. Жыныстардың құрамы әр түрлі.
Қаратауда конгломерат - құм - саз қам - қабаттары, орта және қышқыл құрамды вулканиттер, туффиттер, карбонатты - кремнийлі жыныстар қалыптасқан.
Палеозой тобының жыныстары Республика территориясында өте кең тараған. Тұран плитасында палеозойлық фундаментті мезо - кайназойлық шөгінділер жауып жатыр.
Төменгі кембрий жыныстарында фосфоритті және ванадийлі горизонттар Қаратауда бар.
Девон кезеңінің басы теңіздің шекарасының кішіреюуімен сипатталады. Неогенде облыс территориясы қазіргі келбетіне келген.
Жазықтар мен ойпаттар . Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр. Жазықтың көп бөлігі Сырдария, Сарысу баяғы заманғы Қызылқұмды кесіп өткен Іңкәрдария, Қуаңдария, Жаңадария өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Облыс территориясынан ағып өтетін Сырдария өзенінің бойында тарихи деректер көрсеткендей екі үлкен қазан шұңқыр болған. Оның бірі Қызылорда қазан шұңқыры, ол Сырдария, Сарысу өзендерінің таудан ағызып келген шөгінділермен толтырылған. Себебі, ол кезде бұл өзендердің арнасы толып, екі жиегін шайып құлата ағып, көп лайлы - құмды ала келген. Осыдан Қызылорда қазан шұңқыры сумен келген шөгінді жыныстармен толып қазіргі рельеф формасы қалыптасқан. Ол аймақ оңтүстік - шығысында Қаратау, оңтүстік - батысында Қызылқұм төбелерінің аралығын ала Сырдария өзенінің арналық бағытымен кең жайылып жатыр. Қазан шұңқыр майда тас аралас құммен саздан, құмшық пен құм аралас шөгінділермен толтырылған. Облыстың солтүстік - батысындағыц екінші қазан шұңқырда - Арал теңізі орналасқан. Қазан шұңқырдың батысы және солтүстік жағалауы тік болып келеді, ал шығысы мен оңтүстік жағалауы - қайраңды, құмды кей жерлері тайыз болып келеді. Бұл теңізге, қазан шұңқырға құятын өзен суының әрекеттерінен болған. Сол сияқты желдің әрекетінен өзгеріп тұратын құмдар арасында эолдық шұңқырлар кездеседі, олар кейде жауын - шашын, еспе суларға толып, уақытша көлшіктер түзеді.
Жер бедерінің өзгеруіне ауылшаруашылығы үлкен әсер етті. Ол мыңдаған гектар жерлер тегістеліп егістікке айналдырылды, ол жерлерге су жеткізу мақсатында жасанды - каналдар қазылды. Оларға 1966-68 жылдары салынған «Айтек» магистральды каналы (80 шақырым), Келінтөбе каналы (90 шақырым), Қызылорда су торабының сол жағындағы магистралды каналы, Шиелі - Телікөл каналдарын жатқызамыз.
Бикесары жазығы . Шаруашылық мәні біршама, жеткілікті өсімдік жамылғысы бар ежелгі төбешік құмдар кең таралған жазық. Бикесарыға қатарласа Дариялық тақыр жатыр. Егер су көзін тапса шаруашылыққа пайдалана алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz