Қылмыстық жазаның құрамы


Мазмұны
Мазмұны . . . 2
Мағынасы мен қысқартылуы . . . 3
Кіріспе . . . 4
1 Қылмыстық жаза
1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі және белгілері . . . 7
1. 2 Қылмыстық жазаның мақсаты және қағидалары . . . 9
1. 3 Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау жалпы негіздері . . . 13
2. Қылмыстық жазаның құрамы.
2. 1. Қылмыстық жазаның жүйеленуі және түрлері . . . 24
2. 2 Қылмыстық жазадағы соттың ролі . . . 45
2. 3 Шартты түрде жазалаудың ерекшелігі. . 53
Қорытынды . . . 59
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 61
Мағынасы мен қысқартылуы
ТК - тәрбие колониясы
ТИ - тәртіптік изоляторы
ҚАЖКД - Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Депортаменты
КБКК - колония бастығының кезекші көмекшесі
ТҚД - техникалық қызметінің Депортаменті
УҰИ - уақытша ұстау изолятоы
ТК - түзеу колониясы
ТМ - түзеу мекеме
ҚАЖК - Қылмыс-атқару жүйесінің комитеті
ҚЗИ - Қостанай заң институты
ІІМ - Ішкі істер Министрлігі
ҒБМ - ғылыми және білім Министрлігі
ӘдМ - Әділет Министрлігі
НПО - неправительственные организации
ІІО - Ішкі істер органдары
БҰҰ - Бірккен Ұлттар Ұйымы
ҚҰТ - қылмыстық ұйымдастырылған тобы
ЖІҚ - жедел-іздестіру қызметі
ҚР - Казақстан Республикасы
ПДН - подразделение по делам несовершеннолетних
ПКТ - помещение камерного типа
БАҚ- бұқаралық ақпарат құралдары
ТИ - тергеу изоляторы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достығы
МБШТБ - мерзімінен бұрын шартты түрде босату
ҚАК - қылмыстық-атқару кодексі
ҚАЖ - қылмыс-атқару жүйесі
ҚК - қылмыс кодексі
ҚАЖКБ - Қылмыс-атқару жүесі комитетінің басқармасы
ҚЖК - Қылмыс іс-жүргізу кодексі
АИ - айыппұл изоляторы
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы.
Қылмыстық жазаның тиімділігі ретінде пайда болуы, калыптасуы, дамуы және оны тағайындау, орындау тәртібі барлық уақытта да көптеген ғалымдармен қатар көрнекті саяси қайраткерлерді де ойландырған мәселе. Жаза қазіргі уақытта өзіндік мән-маңызын мүлдем өзгертті, ол барынша адамгершілікке бейім нысандарға бағытталған. Бүгінгі таңдағы жаһандану әлемінде қылмыскердің жасаған қылмысына жаза тарттыру мәселесі төменгі деңгейде болғандықтан, қылмыстық қудалау жүйесі және оны жүзеге асыру саясаты үнемдеуге негізделген. Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу. Яғни бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істеген айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді.
Жалпы қылмыстық жазаның түсінігін әр түрлі көзқарастағы тұрғыдан беруге болады. Менің ойымша жеке тұлғалардың санасына тән берілетін қылмыстық жаза түсініктері неғұрлым дұрыс болса соғұрлым демократиялық сипатта болатын болар еді. Өйткені қылмыс деген әлеуметтік құбылыс деп айтып өткен ғалымдардың өздері жалпы адамзат баласы үшін ненің нақты қылмыс екендігі жайлы ой айтуда түп-тамырын нақты көрсетпеген. Қылмыс белгілі бір заман талабы мен қағидаларына кері әсерін тигізетін нормалар жиынтығынан да тұруы мүмкін. Не болмаса әрбір жеке тұлғаның өз ішкі сана-сезімі мен көзқарасынан құралған өмір сүру идеологиясының дауысқа салынған шешімі де болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстық жазаның да нақты түсінігін дәл айту үшін белгілі бір көзқарастарды алға сүйеу етеміз. Яғни, әділдік ақиқаты қылмыс түбіріне қайшылықты қылмыстық жаза тудыруы тиіс дейді. Бұл дегеніміз уды у қайтарады деген белгіге сай болуы қажет деген сөз. Бұл тұрғыдағы айтпағым қылмыстық жазаға тән сипат қандай болуы керек.
Әрине, қылмысқа сай. Қазіргі кезде ұстанған мемлекеттік нысанға сәйкес қылмыстық жазаны ізгілік тұрғысында қолдану көзделген дейді. Бірақ, зер салып қарасақ, Біз енді ғана жасаған қылмыстық іс-әрекетке сай қылмыстық жазаны іздеу, яғни, абыройлы мемлекеттің парасатты халқы ретінде әділеттіліктің тасын қалаудамыз. Өйткені, қылмыстың бәрі бірдей емес деген дәлелді сөздің астары нені талап етеді.
Әрине нақты әрбір қылмыстық іс-әрекет үшін де нақты бір қылмыстық жаза түрін шығаруға болады. Бірақ оның барлығы бірдей әділ көрінгенімен қылмыс жасаған тұлғаға тәрбие боларлық сұранысты қанағаттандырады ма, не болмаса жәбірленушіге келтірілген зиянның орнын толтыра алады ма, осыған мән беру қажет. Жаңағы айтылған қылмыстың бәрі бірдей еместің кебін қылмыстық жазаларға да өткізсек қалай болар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 38 б. 2-тармағына және Қылмыстық-атқару кодексінің 2 б. 1-тармағына сәйкес, қылмыстық жазалау мақсатының бірі сотталғандардың түзелуі болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін жазасын өтеп жүргендердің құқықтық сақтау мінезін ынталандыру өте маңызды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес жазаны орындау түзеу процесінің маңызды кезеңі болып табылады және сотталғандардың құқықтық сақтау мінезін ынталандырады.
Қылмыстық жазаның тиімділігімен байланысты сұрақтары әлі де маңызды болып тұр. Қазіргі нарық заманында осы негізінде босағандар қоғамда ылғи да табысты бейімделе бермейді, соның салдары қылмысты қайталауына себеп болады.
Мәселенің ғылыми өңделгендік дәрежесі . Қылмыстық жазаның тиімділігі институтының әр түрлі мәселелері Г. З. Анашкин, В. И. Михлин, Н. Н. Полянский, С. А. Қарабаева, И. Т. Гальперин, Ю. М. Ткачевский, В. А. Ломако, П. И. Хламов және тағы басқа ғалымдармен зерттелген.
Қылмыстық және Қылмыстық-атқару заңнамаларына енгізілген өте маңызды өзгерістер Қылмыстық жазаның тиімділігі негізін, шарттарын құқықтық реттеуіне әсер етті.
Дипломдық жұмысты зерттеу тақырыбын таңдауыма осының бәрі себеп болды.
Қылмыстық жазаның тиімділігі институтын қолданғандағы қоғамдық қатынастар зерттеудің нысаны болып табылады.
Түзеу мекемелерінен сотталғандарды босатуға дайындау қолдану тәжірибесі, оларды мінездейтін мәліметтер, Қылмыстық жазаның тиімділігі реттейтін қылмыстық-құқық және қылмыстық-атқару ережелері зерттеудің тақырыбы болып табылады.
Қылмыстық жазаның тиімділігін есепке ала отырып, теориялық және тәжірибелік қолдануын үйрену дипломдық жұмысты зерттеудің мақсаты болып табылады. Және де Қылмыстық жазаның тиімділігі институтының құқықтық реттеуін жоғарылатуға бағытталған, ғылыми дәлелденген ұсынымдарды өңдеуі мақсатталған.
Зерттеу процесінде келесі мақсаттар шешілуін талап етеді:
- қылмыстық жазаның тиімділігі институтының жетілуі және туу процесін зерделеу, негізгі ойын және дамуының заңдылығын табу;
қылмыстық-атқару құқығы және қылмыстық құқығы ережелерімен, қағидаларымен реттелетін Қылмыстық жазаның тиімділігі сұрақтарының жиынтығын анықтау;
- қылмыстық жазаның тиімділігі институтының құқықтық мән-жайының ғылыми анықтамасы;
- қылмыстық жазаның тиімділігі қолданатын шарттарын және негіздерін анықтау;
- сотталғандардың түзелген шырайын, жасаған қылмыстың қоғамға деген қауыптілігін, түзету мекеменің түрін есепке ала отырып, қылмыстық жазаның тиімділігін қолдануының ерекшелігін зерттеу;
- түзеу мекемелерінен қылмыстық жазаның тиімділігі қоғамдық бірлестіктерімен және мемлекеттік органдардың әлеуметтік бейімделулеріне көмек көрсету және бақылау-ұйымдастыру жұмысының іс-тәжірибесін талдау;
- институтын реттейтін отандық және шетелдік заңнамаларын талдау;
- институтының құқықтық реттеуін ынталандыратын ұсынымдарды өңдеу.
Зерттеудің тәсілдері және әдіснамалық негізі. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін қоғамдық құбылысымен және барыстарын диалектикалы-материалистік таным әдісі құрастырды. Осының шеңберінде келесі әдістер: тарихи-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-құрамды, статистикилық және жеке-ғылыми (сауал-сұрақ жүргізу, сұрау, құжаттарды талдау), қолдануға жоспарланады.
Зерттеудің нормативтік негізін: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Заңдар, заңға сәйкес және ведомстволы-нормативтік қылмыстық-атқару жүйесін реттейтін актілер, ҚАЖ қызметін реттейтін негізін құрайды. Шетел мемлекеттерінің теориялық және нормативтік негіздері талдауға тартылады.
Дипломдық жұмысын зерттеу процесінде жазаны орындайтын мекемелердің, ішкі істер органдарының, сотпен және прокуратураның әртүрлі статистикалық құжаттары және түзеу мекемелеріндегі қылмыстық жазаның тиімділігі институтының құқықты қолдану тәжірибесін талдау жоспарланады.
Дипломдық жұмысын зерттеудің жаңалығы , Қазақстан Республикасының өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайында қылмыстық және қылмыстық-атқару заңнамаларын, қылмыстық жазаның тиімділігі реттейтін, түзеу мекемелерінің тәжірибесін, соттардың және басқадай мемлекеттік органдармен қоғамдық бірлестіктердің оны іске асыруын дипломдық жұмыс деңгейде талдауы жоспарланады.
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңыздылығы .
Дипломдық жұмыс зерттеудің нәтижелері қылмыстық жазаның тиімділігі тәжірибелік қолдануын және құқықтық реттеуін ынталандырып, қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығы теориялық ережелерін әрі қарай дамытады деп ойлаймыз.
Зерттеудің мәліметтері қылмыстық жазаның қолданудың тиімділігін, топтастыру негізінде сотталғандардың түзелгенін, оны қолданудың негізі мен шарттарын, құқықтық жаратылысын жүйелеуге және ғылыми дамуын жобалауға мүмкіндік тудырады.
Зерттеудің практикалық мағынасы алдағы қорытындыларымен және ұсыныстар жазасын өтеп шыққандарды қайта қылмыс жасаудан, түзеу мекемелерінде қылмыстың алдын алу, сотталғандардың түзелуін ұйымдастырғанда қолдануға пайдасы болады деп ойлаймыз.
1. Қылмыстық жаза.
1. 1 Қылмыстық жазаның түсінігі және белгілері.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып табылады және ол мелмекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргізу құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен қолданады, сөйтіп қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күресті экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің белсенділігін, олардың құқылық сана сезімін жетілдіру арқылы жүзеге асыруға болады.
Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттің атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады. әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық құқылық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің мндеті болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек қылмыстық құқық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шараларда жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шараларының жеке бір түрі бола отырып, өз ерекшеліктерімен оқшауланады.
Бірішіден, қылмыстық шара - мелмекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшін міндетті тізбектерімен оны қолданудың тәртібі тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі неғұрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы.
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретіндегі қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. ҚК-тің 38-бабында “жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы” делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мелмекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қоғамдық тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамы салықтан бұлтартпаушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзірет шеңберінде әкімшілік құқық бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе лауазымды адамдардың бірде біреуі қылмыстық жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстық жазаны қолдану - тек қана соттың құзіреті.
Үшіншіен, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды жазадан босату, сондай-ақ тағайындалған қылмыстық жазаны жеңілдету тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және кешірім беру актілермен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе Республика Президенті арқылы жүзеге асырылады. Бұл да қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстық жаза жария түрде ашықтан-ашық тағайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді. Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де босата алмайды, заңды күшіне еңген сот үкімі мемлекеттік, жеке кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға қолданылуы мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-әрекетінің қылмыстық құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да қылмыстық заңда “адам өз кінәсі анықталған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті”, - делінген. Сондай ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес. Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізетін немесе істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруімен байланысты кінәлінің істеген қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға(68-бап) болады. [3]
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтық, әкімшілік немесе тәртіптік құқылық жауапкершілікке тартумен де ұштастырылуы мүмкін.
Қылмыстық жаза мемлекет атынан қылмысты іс-әрекеттер үшін кінәлінің кінәсін бетіне басу арқылы берілетін теріс құқылық баға болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс-әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыруы немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәліге заңда көрсетілген негізде еркше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп, кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстық жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан ерекшелігі сол, оны қолдану кінәліге барлық уақытта да сотталғандық туралы атақ береді. Сотталғандықтың кінәлі үшін белгілі бір құқылық зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек, сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмысты саралауға, жазаның мөлшерін, сондай ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін маңызды мәнге ие болады.
Қорытынды
Сонымен қылмыстық жаза дегеніміз сот арқылы мемлекет атынан қылмыс жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстық жазаны әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын жазадан айырмашылығы мынадай:
-1) қылмыстық жаза бұл істелген қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
- 2) қылмыстық жаза сот арқылы мемлекет атынан тағайындалады. Әкімшілік шаралары әкімшілік органдары, лауазым адамдары немесе судья тағайындайды.
- 3) қылмыстық жазаның әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік жазаға тартылғандар үшін мұндайда құқылық зардап болмайды. [9]
Жазаның белгілері.
1. Қылмыстық жаза - ерекше мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы.
2. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға ғана қолданылады.
3. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға құқықтары мен бостандықтанын шектеумен байланысты
4. Жаза тек қана сотың үкімі бойынша және мемлекет атынан тағайындалады.
Сот үкімі бойынша тағайындалған жаза кінәліге сотталғандық атақ белгілейді.
1. 2. Қылмыстық жазаның мақсаттары және қағидалары.
Осы арада санамыз қалыптасып қалған Отанымыздың жазалар жүйесінің тарихын шола кеткенді жөн санадым. Түзеу жұмысының қағидалық маңызы 1919 жылы сегізінші съездегі партия бағдарламасында белгіленген. Онда бостандығынан айыру түзеу жұмысымен ауыстырылды. Мұнда тағы да теориялық тұрғыда аса мән беріліп зерттелмеген түзеу жұмысы ал дегеннен іс жүзінде сотта көп қолданыла бастады. 1920 жылы сотталғандардың 23 проценті, 1921 жылы 28 проценті, 1922 жылы 38 проценті түзеу жұмыстарына үкімдері кесілгендер еді. 1926 жылы қабылданған РСФСР қылмыстық кодексінде түзеу жұмысын қолдану одан бетер көбейтілді. Түзеу жұмысы РСФСР қылмыстық кодексінің 78 бабында, яғни бұл 43 процентке дейін жетті. Сотта да осы түзеу жұмысын тағайындау жайында үкімдер шығару артты [12] .
Алайда мұндай қылмыстық жазаны қолдану 1935 жылдан бастап қысқартыла бастады. Оны әскери соғыс жағдайындағы қылмыстық жауапкершіліктің артуына байланысты Ұлы Отан соғысынан кейін қайтадан қолдана бастады. 1955 жылы түзеу жұмыстарына тарту жазасы барлық қылмыстық жазаның 38, 4 проценттік көрсеткішіне дейін жетті. 1950 жылдың соңында тарихи әлеуметтік дамуға сәйкес жолдастық сот етек ала бастады. Онда қоғамға қауіпсіз деп танылған қылмыскерлер азаматтардың, яғни, белсенді «жолдастардың» жауапкершіліктеріне берілді. Осыған көп мән берілді. Сөйтіп шартты түрде соттау кең етек алды. 1959-1961 жылдар аралығында түзеу жұмыстарында еңбек ақыдан ұстап қалу 25 проценттен 20 процентке дейін төмендеп, осы жағдай қылмыстық-атқару жұмысында кеңейтілді. Қылмыстық кодекс 1922 жылдың 1 маусымында 54 бап (31 процент), 1926 жылы (1927 жылдың 1 қаңтарымен қарағанда) 78 бап (43 процент), (1960 жылдың 31 желтоқсанымен қарағанда) 96 бап (35 процент), қылмыстық кодекс 1960 жылы (1969 жылдың 1 қаңтарымен қарағанда) 124 бап (56 процент) өзгерістерге ұшырады [14] .
Абайсызда жасалған, сонымен қатар қоғамдық ортаға қауіпсіз деп сол кезде есептелген қылмыстар үшін қылмыстық кодекстің 25 бап 2 бөлімге сәйкес 1969 жылы түзеу жұмысынан қасақана жалтарған сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстыра бастады. Бұл тарихи сараптамадан белгілі болды. Мұнда сотталған тұлғаға мәжбүрлі түрде жұмыс жасатумен қатар оның бостандық-еркі де шектеліп отыр. Түзеу мекемелерінде қылмыскерлердің өз заңдары мен ережелері қалыптасты. Әрине мұның барлығы сотталған тұлғаның оң бағыттағы түзелім жолына түсуіне кедергі болғаны сөзсіз. Осыдан барып жоғарыда айтылған КСРО-дан қалыптасып қалған жаттанды қатыгездік дегеніміз шығады. Яғни, сол уақыттағы қоғамдық санадан құралған пікір бойынша түзелу мекемесінен босап келген тұлға түзеліп емес керісінше атақты ұры болуға жасаған бастама қадамы ретінде есептелді. Оларға жауапты жұмыс тапсыру мүлде мүмкін еместей көрінді. Неліктен? Өйткені сотталған адамды тәрбиелеу мекемелеріндегі жүргізілетін жұмыс қоғам көзқарасына сәйкес адамды түзеу деп емес тек қана жазалау мәнінде байқалды.
КСРО ыдырағаннан кейінгі кезенде Қазақстан заңгерлері қылмыстық жазаны атқаруды (өткеру) реттеудің өз жүйесін құрды. Қазіргі күші бар қылмыстық атқару заңдары жазаны атқару заңдар нормасын жүйеге келтіру нәтижесінде пайда болды.
ҚР ҚК -нің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақсотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған. [3]
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, соталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз қылмыс істеген адамға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің жеке басының жеке басының ерекшеліктері ескеріле отырып, қылмысына сай келетін, әділ жаза тағайындау болып табылады.
Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру үшін заңдылық принциппен қатаң басшылыққа алып жасалған қылмысқа әділ құқылық баға және лайықты жаза белгілеу қажет.
Жазаның мақсаттары қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. ҚК-тің 2-бабындадағы осы заңның міндеттері заң қорғайтын мүдделерді қорғау, алдын алу делінсе, ол міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгілепіп, қылмыс ұғымы айқындалады, қылмыс істеген адамдарға қолдануға тиісті жазамен өзге де қылмыстық-құқылық ықпал ету шаралары белгіленеді. [3]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz