Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Қылмыстық процестегі дәлелдемелердің ұғымы мен түрлері . . . 6
1. 1 Дәлелдемелердің ұғымы, мәні және анықталуы . . . 6
1. 2 Дәлелдемелердің іске қатынасы мен іске пайдалану мүмкіншілігі . . . 18
1. 3 Дәлелдемелерді топтастыру . . . 21
1. 4 Жанама дәлелдемелердің түсінігі мен ол арқылы дәлелдеудің құрылымы . . . 24
2 Қылмыстық процесстегі дәлелдемелердің қайнар көздері және олардың түрлері . . . 34
2. 1 Дәлелдемелердің қайнар көздерінің ұғымы . . . 34
2. 2 Заттай дәлелдемелер қылмыстық процесстегі дәлелдемелердің бір
түрі . . . 50
3 Дәлелдеу теориясы процесінің элементтері . . . 54
3. 1 Дәлелдемелерді жинау мен бекіту . . . 54
3. 2 Дәлелдемелерді бағалау және олардың арасындағы байланысты анықтау . . . 56
3. 3 Қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қолдану . . . 58
Қорытынды . . . 60
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 63
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілгендей: Қазақстан Республикасы - демократиялы, зайырлы және біртұтас мемлекет [1] . Өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын қылмыстық жазаға тартылғанына қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тыйым салынады. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандығы мен ажырамас құқығын ең қымбат қазына деп таниды және өз қызметін азамат пен қоғам мүдделері үшін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы құқық реформасының мемлекеттік бағдарламасы туралы» заңында көрстілгендей Қазақстан халқы әлемдік қауымдастықтың ажырамас бөлігі бола отырып, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құруды конституциялық негізде бекітті. Бұл мақсаттарға жету заң жүйесін кеңестік тоталитаризмнің мұраланған кемістіктерінен, социалистік құқықтың, соттардың, құқық қорғау органдарының мемлекеттендірілген және репрессивті сипатынан тазартуды талап етеді [2] .
Алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының күрделі қызметі жасалған қылмысты ашуға, ақиқатқа жетуге бағытталған. Ақиқатқа тергеу, прокуратура, сот органдары тек дәлелдемелер арқылы ғана жетуі мүмкін. Дәлелдемелер - тергеу, сот органдарының қылмыстық істерді тергеу, шешу барысындағы өз қызметтерінде қалыптастыратын бүкіл фактілі материал болып есептеледі. Дәлелдемелер қылмыстық іс жүргізуде тергеу, сот арқылы процессуалдық заң талабын сақтай отырып қана қолданылуы мүмкін.
Дәлелдемелер ұғымын қылмыстық іс бойынша былай сипаттаймыз: тергеуші, прокурор, анықтаушы және сот қылмыстың болғандығын немесе болмағандығын, бұл қылмысты айыпталушы жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлілігін немесе кінәлі еместігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтауға негіз болатын заңды түрде алынған фактілі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Заңсыз жолмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Қылмыстық істерді алдын ала тергеу және сотта қарап шешу дәлелдеу қызметі арқылы жүзеге асырылады. Іс жүргізу органдары (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) қылмыстың қалай жасалғандығын, оның барлық мән-жайларын дәлелдемелердің негізінде ғана анықтай алады. Сондықтан да қылмыстық істер бойынша дәлелдеу мәселелерін зерттеу қылмыстық процесс ғылымының маңызды бөлімі болып табылатын дәлелелдеу теориясының пәніне жатады [3] . Тергеудің ең маңызды сәті адамды кінәлі, айыпкер ретінде жауапқа тарту болып табылатыны белгілі. Жинақталған дәлелдемелердің жиынтығын бағалай отырып және сезіктінің әрекеттеріне заңдық баға бере отырып, тергеуші оның әрекеттерін қылмыстық заңның тиісті бабымен дәрежелейді. Бұл адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудағы ең маңызды және жауапты шешім болып табылады. Дәлелдемелер теорияда көп зерттелген, сондықтан деректік қоры өте бай. Басшылыққа алатын деректерге Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық істер жүргізу кодексі, заңдар жатады. Біз қарастырып отырған мәселе М. С. Строгович, М. А. Чельцов, Р. С. Белкин, М. Л. Якуб, А. Я. Вышинский, Н. А. Селивановтардың еңбектерінде жан-жақты, толығырақ қаралған. Қарастырып отырған мәселе Қазақстанның ғалымдары арасында Б. Х. Төлеубекованың, А. Я. Гинзбургтың, С. Е. Еркеновтың, Т. Е. Сарсенбаевтың еңбектерінде орын алған.
Диплом жұмысының мақсаты дәлелдемелердің қылмысты ашудағы орның белгілеу және заттай дәлелдемелердің ерекшеліктерін айқындау.
Осы диплом жұмысының мақсатына жету үшін келесі міндеттерді қойылды:
- дәлелдемелерді жан- жақты зерттеу;
- осы проблемаға байланысты ғалымдардың ой-пікірлерін сараптау;
- дәлелдемеге байланысты нормативті-құқықтық актілерді зерттеп сараптау,
- заттай дәлелдемелердің орның белгілеу.
Диплом жұмысының объектісі мен пәні - қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелердің ұғымын, түрлерін және орның белгілеу.
Диплом жұмысының теориялық негізің қазақстан және ресей ғалымдарының еңбектері құрайды. Олар: М. С. Строгович, М. А. Чельцов, Р. С. Белкин, М. Л. Якуб, А. Я. Вышинский, Н. А. Селиванов, . Х. Төлеубекова, А. Я. Гинзбург, С. Е. Еркенов, Т. Е. Сарсенбаев.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қылмыстық процесстегі дәлелдемелердің ұғымы мен түрлері
1. 1 Дәлелдемелердің ұғымы, мәні және анықталуы
Дәлелдемелердің негізінде прокурор қылмысты айыпталушы жасағандығын соттың алдында ашып көрсетеді, ал қорғаушы айыпталушыға тағылған айыптауды жоққа шығарады немесе оның жауаптылығын жеңілдету жөнінде өз талаптарын қоя алады. Сот айыптау немесе қорғау тараптары келтірген дәлелдемелердің негізінде соталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі жөнінде анық тұжырымға келіп, айыптау немесе ақтау үкімін шығарады.
Анықтау, тергеу, сот прокуратура органдары қылмыстық істі тергеу, шешу барысында қылмысқа жататын фактілерді анықтауы қажет. Істі шешу үшін қылмыс жасалғанын, оны белгілі бір жақтың жасағанын, оның әрекеті (немесе жіберілген әрекетсіздік) үшін жауапқа тартылатындығына көз жеткізу керек. Барлық фактілер мен жағдайлар ақиқатпен байланысты болуы керек. Қылмыс фактісін анықтау - қылмыстың шындығында болғанын дәлелдеу, айыпкердің кінәлілігін анықтау - оның қылмыс жасағанын және жауапқа тартылатынын дәлелдеу.
Дәлелдемелер арқылы ақиқатқа жататын фактілер қалыптасады, ақиқатқа жатпайтын, бірақ болғаны туралы болжам туған фактілер жоққа шығарылады. Дәлелдемелер арқылы прокурор сотта айыбын қолдайды, айыпкер және оның қорғаушысы айыптан бас тартады. Немесе айыпкердің кінәлілігін жеңілдететін жағдайларды қалыптастырады [4] .
Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 115-бабында дәлелдемелерге мынадай ұғым берілген: "Анықтау жүргізуші органның, тергеушінің, сотта қоғамға қауіпті іс-әрекет істелгенін немесе істелмегенін, бұл іс-әрекетті істеген адамның айыптылығын және істі дұрыс шешуге маңызы бар басқа да мән-жайларды заңда белгіленген тәртіппен анықтауына негіз болатын фактілі деректердің қандайы болса да қылмыстық іс бойынша дәлелдеме болып табылады".
Бұл деректер мыналармен анықталады: куәнің, жәбірленушінің, сезіктінің, айыпкердің жауабтарымен, эксперттің қорытындысымен, айғақты заттармен, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамаларымен және басқа құжаттармен [4] .
Дәлелдемелердің екі мағынасы бар: біріншіден, дәлелдемелер - фактілер, олардың негізінде қылмыс жасаған жақтың кінәлі немесе кінәлі еместігі, жауаптылығының дәрежесі анықталады. Екіншіден, дәледемелер заңда қаралған қайнар көздер, яғни олардың негізінде тергеу, сот органдары іске маңызы бар фактілер қалыптасқан мәліметтер алады [5] .
Іс бойынша фактілер және дәледеу құралдары, яғни дәлелдеме ұғымының екі жағы бар. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан "дәлелдеме" термині осы ұғымның екі жағын қамтиды. Тергеуші дәлелдемелерді жинағанда бекітілген дәледеу құралдары іс бойынша дұрыс мәліметтер болады, сот дәлелдемелері бағалағанда оның екі жағын - дәлелдеу құралы мен фактілерді бағалайды. Дәлелдемелер факт туралы мәліметтердің қайнар көздері ретінде дәлелдеу құралы деп аталады. Мысалы, куәнің қандай да бір факт туралы жауабы тергеу, сот органдары осы факт туралы мәліметтер алатын қайнар көзі болып табылады, осы жауабы арқылы факт дәлелденеді.
Дәлеледме фактісі - іс бойынша анықталуға жататын, басқа фактілер туралы түйін жасайтын фактілер. Мысалы, лауазымды адамға қызметі бойынша тапсырылған материалдық бағалы заттардың жетіспеу фактісі, айыпкердің өзін ақтайтын документтерге өзгерту енгізу фактісі тағы басқа жатады .
Куә, жәбірленуші, сезікті, айыпкерлердің жауаптарында, тергеу, сот әрекеттерінің хаттамаларында фактілер емес, фактілер туралы мәліметтер болады. Себебі, фактілер өткен шақта орын алған іске маңызы бар, бірақ анықтау жүргізуші, тергеуші, сот арқылы тікелей анықталмаған фактілер осы фактілер туралы мәліметтер тергеуге, нақты қылмыстық істі қарауға қатысы бар фактілерді өткен шақта өмір сүруінің дәлелі болады.
Сонымен, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Iс жүзiндегi деректер, егер олар қылмыстық іс жүргізу кодекстiң талаптарын бұза отырып, процесске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процесстiң өзге де ережелерiн бұзумен, оның iшiнде:
1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бiрге өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы;
2) оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған қылмыстық процесске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;
3) iс жүргiзу iс-әрекетiн осы қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның жүргiзуiне байланысты;
4) iс жүргiзу iс-әрекетiне қарсылық бiлдiруге жататын адамның қатысуына байланысты;
5) iс жүргiзу iс-әрекетiн жүргiзудiң тәртiбiн айтарлықтай бұза отырып;
6) белгiсiз көзден, не сот отырысында анықтала алмайтын көзден;
7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми бiлiмге қайшы келетiн әдiстердi қолдану арқылы алынып, олар iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде алынған iс жүзiндегi деректердiң дұрыстығына ықпал етсе немесе ықпал ету мүмкiн болса, дәлел ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi деп танылуы тиiс.
Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде iс жүзiндегi деректердi дәлелдеме ретiнде пайдалануға жол бермеушiлiктi, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкiндiгiн өз бастамашылығы бойынша немесе тараптардың өтiнiшi бойынша процесстi жүргiзушi орган белгiлейдi.
Егер бұлар қылмыстық iс материалдарының түгендеу тiзiмiне кiргiзiлмесе, сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң және куәнiң көрсетуiн, сарапшының қорытындысын, заттай айғақтарды, тергеу және сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларын және өзге де құжаттарды айыптаудың негiзiне жатқызуға болмайды. Куә ретiнде алдын ала жауап алу барысында сезiктi, айыпталушы берген айғақтар дәлелдер ретiнде танылмайды және айыптау негiзiне алынбайды.
Заңды бұзу арқылы алынған дәлелдемелер заңдық күшi жоқ деп танылады және айыптаудың негiзiне жатқызыла алмайды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу кодекстiң 117-бабында аталған кез келген мән-жайды дәлелдеу кезiнде пайдаланыла алмайды.
Жоғарыда аталған бұзушылықтармен алынған iс жүзiндегi деректер тиiстi құқық бұзушылықтар мен оларға жол берген адамдардың кiнәлiлiгiн дәлелдеу фактiсi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Қылмыстық сот өндірісінде ақиқатқа жету дәлелдеу арқылы жүзеге асырылады. С. С. Алекесеев пікірі бойынша «дәлелдеу (кең мағынада) - дәлелдемелердің көмегімен істің мән - жайларының ақиқаттылығын анықтауға бағытталған субъектілердің қызметі. Ал тар мағынада дәлелдеу ұғымы ұсынылатын тұжырымдар мен қарсылықтарды негіздеуге, олардың ақиқаттылығы жөнінде қандай да бір тұлғаларды сендіруге байланысты қызмет болып табылады» [6] .
Дәлелдеу - тергеуші мен соттың нақтылықпен толық сәйкестендіре отырып істің заңды мәні бар барлық мән-жайларды анықтауы тиіс процесс. Дәлелдеу дегеніміз қылмыстық процесс субъектілерінің істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән - жайларды анықтау мақсатымен заңмен белгіленген тәртіпті сақтай отырып атқаратын дәлелдемелерді жинау, зерттеу және бағалап қолдану қызметі болып табылады [7] .
Бір топ авторлар, оның ішінде Шейфер С. А. дәлелдеу процесін - қылмыс туралы ақпаратты қабылдауға бағытталған, мемлекеттік органдармен жүзеге асатын іздену, тану, куәландыру, құқықтық қамтамасыз ету әрекеттері деп түсінеді [8] .
Кез - келген саладағы таным процесі сияқты дәлелдеу де оны анықтау мақсаты болып табылатын объективтік ақиқатқа қол жеткізуге ұмтылады. Гносеологияда объективті ақиқатты объектінің қасиеттері мен ерекшеліктері туралы оларды танып - білуші субъектінің санасында шынайылықтағы кейіпімен жаңғыртатын білім ретінде түсінеді. Осылайша, объективтік ақиқат дегеніміз мазмұны объективті, адамның санасына және еркіне тәуелсіз білім деп түсінуіміз керек.
Қылмыстық іс жүргізуде ақиқатты анықтау шынайылықта қандай орын алғананына және нақты фактілерге сәйкес болған оқиғаны және қылмыстық іс бойынша анықтауға және дәлелдеуге жататын барлық мән - жайларды тану дегенді білдіреді [9] .
Бірақ дәлелдеуді тек ақиқатты білім алуға бағытталған процесс ретінде ғана қарастыру жеткіліксіз.
Ғылым мен қоғамдық тәжірибе оның барлық салаларында тек ақиқатты емес сонымен қатар шын мәніндегі дұрыс, негізді, тексерілген, оның ақиқаттығына кепіл беретін және соңғысын тексеруге мүмкіндік беретін жолмен алынған білімді талап етеді. Тергеуші және сотпен анықталған нақты мән-жайлар адамдардың тағдырын қозғайтын жауапты шешім қабылдау үшін негіз болатын қылмыстық сот өндірісінде қолданылатын білімнің анықтылығын талап ету аса маңызды. Осы мақсатта заң дәлелдеудің әдістері мен тәсілдерін нақты көрсетеді, бұл сот өндірісі тұрғысынан қарағанда білімдерді алудың, тексеру мен куәландырудың неғұрлым тиімді тәртібін қамтамасыз етеді. Процессуалдық жолмен алынбаған мәліметтер (мысалы, жедел ідестіру қызметі нәтижесінде, баспа хабарламаларынан және т. б. ) ақиқаттылығына кепіл берілмейтін мәліметтер ретінде тек көмекші мәнге ие болады және іс бойынша тұжырым жасауға негіз бола алмайды.
Осылайша қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу екі мәселені шешеді: бір жағынан - тергелетін қылмыстың мән - жайлары бойынша ақиқатты анықтау; екінші жағынан - алынған білімді негіздеу.
Процессуалдық және криминалистикалық әдебиеттерде сот дәлелдемелерінің гносеологиялық болмысы жөніндегі мәселені қарастыруда дәлелдемелер қылмыс оқиғасының қоршаған ортада бейнеленуінің нәтижесі болып табылатындығы көрсетілген [10] . Сөйте тұра, В. И. Лениннің «барлық материя болмысы бойынша түйсінумен туыстас қасиет - бейнелену қасиетіне ие болады» деген тұжырымына сілтеме жасайды. Материяның бұл қасиеті құбылыстардың жалпыға ортақ байланыстары мен өзара тәуелділігінің болуымен сипатталатыны барлығына мәлім. Осындай өзара байланыстың әсерінен бір объектілердің (құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің) қандай да болсын өзгерісі олармен байланысты өзге де объектілердің (құбылыстардың, оқиғалардың, процестердің) сәйкесінше өзгеріске ұшырауына әкеледі. Бұл өзгерістер қылмыс оқиғасының қоршаған ортада бейнеленуі болғандықтан қылмыс іздері деп аталуы мүмкін. Олар тергеуші мсен сотқа жасалған қылмыстың бейнесін жаңғыртуға және кінәлілерді анықтауға мүмкіндік беретін нақты деректер болып табылады.
А. Я. Вышинский «сот дәлелдемелері - кәдімгі фактілер, күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстар, сол заттар, сол адамдар, адамдардың сол іс-әрекеттері. Олар сот процесі аясына түскендіктен, сот пен тергеуді қызықтыратын мән - жайларды анықтау құралына айналатындықтан ғана сот дәлелдемелері болып шыға келеді» [11] .
Қылмыс арқылы өзгеріске ұшыраған қоршаған орта объектілері («қылмыс іздері») бірден дәлелдеме болып табыла алмайды - олар тек дәлелдемелердің прокурормен, тергеушімен және алдын ала тергеу жүргізуші тұлғамен тиісті дәрежеде танылып, толық көлемде тексерілуі тиіс. Нақты мәліметтерді тану мен куәландыру қылмыстық іс жүргізу құқығы нормаларымен қатаң түрде белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Заң да осы аталғандарды негізге ала отырып дәлелдемелердің ұғымын анықтайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 115-бабының 1-бөлігінде дәлелдеме анықтамасы берілген: «Анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кінәлігін немесе кінәлі емес екендігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады».
Дәлелдеме деректер мен іс жүргізушілік қайнар көздердің бірлігін білдіреді. Іске қатысы бар ешқандй деректері жоқ жауап алу хаттамасы қылмыс оқиғасына қатысы бар, бірақ іс жүргізушілік сипатта емес жедел іздестіру сипатындағы деректер де дәлелдеме бола алмайды.
Дәлелдемелердің ұғымын құрайтын белгілері бар. Мысалы, Б. К. Төлеубекова пікірі бойынша мұндай белгілерге мыналарды жатқызады:
- ҚР ҚІЖК ережелерін қатаң сақтай отырып алыну;
- Анықталатын мән - жайларға қатысы бар фактілер жөніндегі дұрыс деректерінің болуы;
- Фактілер жөніндегі деректерді жинауы және олардың негізінде қылмыстық жазаланатын іс - әрекеттің белгілерінің болуын не болмауын анықтау;
- Мұндай анықтау үшін құқықты тек оған құзыреті бар органдар мен олардың лауазымды тұлғаларына ғана беру;
- Оны жасады деп айып тағып отырған іс - әрекетке адамның кінәлілігін немесе кінәсіздігін анықтау [12] .
Ал А. П. Рыжаков дәлелдемелердің белгілері ретінде келесілерді көрсеткен:
- Дәлелдемелерде деректер болады.
2. Деректер дегеніміз - іс үшін маңызы бар мән - жайлар туралы ақпарат.
- Деректер заңмен көзделген қайнар көздерден алынуы тиіс.
- Деректер қылмыстық іс жүргізушілік дәлелдеуге заңмен белгіленген тәртіпте тартылады.
Деректер - бұл дәлелдеменің мазмұны, тергелетін (қаралатын және шешілетін) оқиға жөніндегі ақпарат [13] .
Мұндай деректер сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің айғақтарымен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады.
Ресей Федерациясының Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша бұл тізімге маманның қорытындысы мен көрсетулері қосылған [14] .
Дәлелдемелер әр уақытта да объективті мазмұн (көрініс тапқан мән - жай, факт) мен субъективті формалардың (нақты субъектіні жасаудан көрініс табады) бірлігі болып табылады. Дәлелдемелердің мазмұнының объективтілігі оның қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән - жайлармен байланысынан көрініс табады. Дәлелдемелердің субъективтік нысаны оның қайнар көзі әр уақытта да іске маңызы бар деректер алынатын адам (субъект) болып табылатындығына негізделеді [15] .
Дәлелдеме оның мазмұны мен нысанына қойылатын екі талапқа жауап беруі тиіс, яғни дәлелдемелердің іске қатыстылығы мен дәлелдемелерді іске қолдануға болатындығы.
Дәлелдемеде болатын деректер мен анықталуға тиісті мән - жайлардың арасындағы логикалық байланыс дәлелдемелерді іске қатыстылық қасиетіне ие етеді. Мұндай байланстың болуы, тиісінше іске қатыстылық қасиеті туралы тұжырым істің нақты мән - жайларын тану процесінде өзеріске ұшырап отырады. Мысалы, сот - медицина сараптамасы нәтижесінде алынған деректер жәбірленушінің қайтыс болу уақыты туралы жаңа ақпарат беруі мүмкін. Бұл жағдайда айыпталушының оқиға болған уақытта қай жерде болғандығы туралы деректері бар дәлелдемелердің іске қатыстылығы да өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Дәлелдемелердің іске қолдануға болатындығы іске қатысы бар деректердің заңды нысаны ретінде келесі талаптарды сақтаудан тұрады: 1) дәлелдемелерді алудың тиісті субъектісінің болуы; 2) деректердің қайнар көзінің заңды болуы; 3) дәлелдемелерді алу үшін тек заңмен көзделген тергеу амалын қолдану; 4) тергеу амалдарын тек заң талаптарын сақтай отырып ғана жүргізу.
Дәлелдемелердің іске қатыстылығы - дәлелдемелердің қылмыстық іс үшін маңызы бар мән - жайлар және фактілермен байланысын білдіретін дәлелдемелердің мазмұнынан бағытталған құқықтық талап. Қаьысты дәлелдеме қылмыстық іс бойынша дәлелдеуге жататын мән - жайларды анықтаудың құралы қызметін атқаруға қабілетті. Мазмұны жағынан дәлелдеуге жататын мән - жайлар мен фактілердің болуына меңзейтін немесе олардың жоқ екендігін куәландыратын дәлелдемелер іске қатысты болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz