Сан есімді тіркестер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . .

Негізгі бөлім

1 . Сан есім . . .

1. 1 Сан есім және оның түрлері . . .

1. 2 Сандардың ұғымдық ерекшеліктері . . .

2 . Сан есімді тіркестер . . .

2. 1 Сан есімнің аударылуы . . .

2. 2 Сан есімді тіркестердің жасалу және аударылу жолдары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Диплом жұмысының өзекті мәселелері: Тіл -жанды құбылыс. Өмірде күллі тіршілік атаулының бар саласын қамтитын әр ұлттың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері бар екені даусыз. Қазіргі таңда барша ғылымдар мен білім салаларын зерттеу, техниканың дамығанындай жүзеге асырылуда. Тілдің грамматикалық тұрғыдан зерттелуі өте ертеден бастау алған. Грамматиканың морфология саласында мөлшер сөздің болуы қазақ тілінен өзгешеленіп тұрады. Ал тақырыбымызға арқау болып отырған сан есім және сандар жүйесі, тіркестері әлі де зерттеуді талап етіп отыр. Қытай тілінде сандардың барлық комбинацияларын қолданып сөз жасау моделі өте кең таралған. Егер бірліктің бойында комбинация сандары қолданылса да, біз оны сөз деп атай алмаймыз. Иероглифтің комбинациясы туралы айтатын болсақ, бұнда сөздерді бір-бірінен бөліп қолданылуға болмайды, себебі қытай мәтіндерінде олар әр уақытта бірге қолданыста жүреді. Сөз терминін қолданған кезде қытай тілінде сөзбен сөз тіркесінің арасында анық шек жоқ екендігін ескеру қажет.

Сандар коды сан есім-концептермен берілген, Тань Аошуаньның айтуы бойынша тілдің поэтикалық қызметін көрсетеді, белгілі тәсілдермен уақыт пен кеңістіктікте туылған сан алуан метафораларды береді. «1» саны барлық заттардың бастауы саналады. «1» және «2» сандары болымсыздық бөлшегімен бірге фразеологизм мағынасына «өзгермейтін», «тұрақты», «нақты» сипатын беріп тұр. «3» және «4» сандары сезімдегі өзгергіштік мағынасын беріп, бей - берекет және тұрақсыздық сипатын көрсетеді. «6» саны сәттілікті білдіреді; Қытайда барлығын алты бөлікке бөлу көп кездеседі: алты дене мүшесі, алты сезім, алты өзен және т. б. «6» басқа да «4» және «8» секілді жұп сандар сияқты үйлену рәсімінде өте маңызды (күйеу қалыңдыққа төрт немесе сегіз сыйлық тапсыратын болған, той күні осы сандардың бірінен таңдалынып алынған) . «8» саны гуандун диалектісінде facai - баю сөзіндегі fa буынымен ұқсас айтылатындықтан, байлықпен сипатталады, бизнестің гүлденуін бейнелейді. Тұрақты сөз тіркестеріндегі бейнелерді таңдаудағы дәлелдің болуы қытай тілінің ұлттық өзгешелігін көрсетеді. Қытай тілінің фразеологизмдерін айтудағы өзіндік сипаттың болуы әлемдік тілдік көріністі түсінудегі ерекшелігіне байланысты. Ал тұрақты сөз тіркестерді аудару болса, өте қиын мәселе болып саналады. Сол себепті қазіргі кезде аударма саласында, әсіресе тұрақты сөз тіркестерін аудару төңірегінде еңбектер жарық көруде. Көршіміз Қытай мемлекеті мен біздің еліміз арасындағы байланыстар дамып отырғаны белгілі. Сондықтан да екі ел тілін жетік меңгерген аудармашы, қытайтанушы, дипломат қос тілді мұғалімдер дайындау үшін қазақ тілі мен қытай тілін салғастыра зерттеу өте қажет. Оның ішінде грамматиканың салалары морфология мен синтаксистің орны ерекше.

Теориялық және практикалық маңызы: Диплом жұмысының кейбір тұжырымдары мен нәтижелері қытай және қазақ тілдерінің грамматикасының дамуына, оның ішінде морфологиялық және синтаксистік жағынан дамуына өз септігін тигізеді. Зерттеу барысында қол жеткізген деректер тіл біліміне кіріспе сынды пәндерді жаңа деректермен толықтырады, жоғарғы оқу орындарында және мектептер мен қытай тілін оқыту орталықтарында қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасын, қытай тілі грамматикасы бойынша мамандандыру пәнін оқытуда, сонымен қатар аударма ісінде пайдалануға болады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Екі басқа, яғни туыс емес екі тілдің грамматикасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарын, әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар қазіргі қытай тілі мен қазақ тіліндегі сан есім және оның ұғымдық ерекшеліктерін айқындау, сөз тіркесінің сөз таптары арқылы жасалуы мен құрамына сан есім кіретін тұрақты сөз тіркестерінің жасалу және аудару мәлелелерін зерттеу диплом жұмысымыздың мақсаты болып табылады.

Осы мақсаттарға сәйкес төмендегідей міндеттер туындайды:

  • қытай тіліндегі грамматикалық ерекшеліктерді анықтау;
  • қытай тіліндегі сан есімдердің морфологияда алар орнын көрсету;
  • сандық ұғымдардың екі тілдегі ерекшеліктерін көрсету;
  • қытай тіліндегі сөз тіркесінің түрлері мен жасалуын қарастыру;
  • қытай тілінің сан есімді тіркестерінің қазақ тіліне аударылу жолдары мен маңызын айқындау;

Зерттеу нысаны: Қытай тіліндегі сан есім мен түрлері, екі тілдегі сандардың ұғымдық ерекшеліктері, қытай тілінің сөз тіркестері, оның жасалу жолдары мен қазақ тіліне салғастыра зерттей отырып аударылу жолдары.

Теориялық және әдістемелік негіздері: Қазіргі қытай және қазақ тілінің грамматикасына қатысты, оның ішінде морфологиясына және синтаксисіне қатысты түрлі оқулықтар, мақалалар, атап айтқанда Сәмитұлы Ж., Мәсімхан Д., Нурсаидов М., Аханов Қ., Абдурақын Н., Ғабитханұлы Қ., Даулетова Ф. диссертациялық жұмысы, түрлі интернет сайттары және де басқа да кітаптар мен сөздіктер басшылыққа алынып, пайдаланылды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірінші тарау екі тараушадан, екінші тарау да екі тараушадан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар берілді.

Негізгі бөлім

1 Сан есім

1. 1 Сан есім және оның түрлері

Тіл қай халық болмасын, сол халықтың дәстүрлі мәдениетінің алтын қазығы болып табылады. Яғни, тек қарым-қатынас құралы ғана емес, бір ұлттың болмысының айнасы. Дүниедегі мыңдаған тілдің өзіндік ерекшеліктері мен көнеден келе жатқан тарихы бар. Соның бірі-қытай тілі. Қытай тілінің тарихы тым тереңнен бастау алады. Мұндай ұзақ тарихы бар тілдің өзіндік ерекшеліктері де аз емес. Ал грамматикасы тіпті ерекше. Грамматика дегеніміз - тілдегі сөзді біріктіру, сөйлем құрау ережелері. Ол лингвистикадағы маңызды категориялардың бірі. Қытай тілі грамматикасы өз ішінен үлкен екі топқа бөлінеді: сөз тіркестері мен сөйлемдерді қарастыратын саласы-синтаксис деп аталады да, сөздердің жасалуы мен түрленуін зерттейтін саласы-морфолгия деп аталады. Оның синтаксис деп аталатын саласының қарастыратын негізгі мәселелері-сөз тіркестері мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері және сөз тіркестері мен сөйлемдегі сөздердің байланысу амалдары мен формалары болып табылады. Ал сөз бен оның формаларын, сөз таптарын морфология саласы қарастырады. Сөз таптары дегеніміз - сөздердің грамматикалық түрлерге жіктелуі, сөздердің тілдік құрылымда бейнеленіп, жіктеліп шыққан түрлері. Грамматикадағы сөздерді таптарға ажыратудағы мақсат - сөздердің қолданылуын анық түсіндіру, сөйлем құрылымдарын саралау болып табылады. Сондықтан да олардың грамматикалық қызметі мен грамматикалық ерекшеліктері басшылыққа алынады. Қытай тілінде сөздерді ең әуелі грамматикалық қызметіне қарай негізгі сөздер және шылау сөздер деп екі үлкен топқа бөледі. Негізгі сөздер деп - өз алдына сөйлем мүшесі бола алатын, нақты лексикалық мағынасы бар сөздерді айтады. Бұған зат есім, етістік, сын есім, сан есім, мөлшер сөз, есімдік және үстеу, одағай және еліктеуіш сөз секілді тоғыз сөз табы жатқызылады. Ал шылау сөздер - өзінің аты айтып тұрғандай, өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені оларда нақты лексикалық мағына болмайды. Сондықтан шылау сөздер сөйлемде тек белгілі грамматикалық мағынаны ғана білдіреді. Шылау сөздерге сөз алды қосымшасы, жалғаулық, көмекші сөз секілді үш сөз табы жатқызылады. Жалпы қытай тілінде он екі сөз табы бар, бұлардың ішіндегі одағай мен еліктеуіш сөздер ерекше негізгі сөз болып табылады.

Ал кейбір зерттеулерде сөздерді морфологияда атауыш сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер деп үшке бөледі. Яғни он сөз табы. Мұндағы ерекшелік мөлшер сөздің болуы. Бұларды толықтай жіктеп жазсақ төмендегідей болады.

  • Зат есім
  1. Сын есім
  2. Сан есім
  3. Мөлшер сөз
  4. Есімдік
  5. Етістік
  6. Үстеу
  7. Еліктеу
  8. Шылау

10) Одағай

Кесте 1

Атауыш сөздер
Көмекші сөздер
Одағай сөздер
Атауыш сөздер: Белгілі бір мағынаны білдіреді, ұғым атауы болады
Көмекші сөздер: Лексикалық мағыналары жоқ немесе көмескіленген
Одағай сөздер: Адамның көңіл-күйін білдіреді
Атауыш сөздер: Сөйлемде қажетіне қарай өз алдына дербес қолданыла алады
Көмекші сөздер: Атауыш сөздерге тіркесіп қолданылады
Одағай сөздер:
Атауыш сөздер: Грамматикалық қажетіне қарай жұрнақ, жалғау жалғанады
Көмекші сөздер: Жаңа сөздер жасай алмайды, ішінара кейбіреулері ғана түрленеді
Одағай сөздер:
Атауыш сөздер: Сөйлемнің толық мүшесі бола алады
Көмекші сөздер: Сөйлем мүшесі бола алмайды.
Одағай сөздер: Сөйлем мүшесі бола алмайды
Атауыш сөздер: Сөйлемдегі басқа сөйлем мүшелерімен түрлі грамматикалық қатынас жасай алады
Көмекші сөздер: Сөйлемде байланыстырушылық қызметті, грамматикалық қатынасты білдіру қызметін атқарады.
Одағай сөздер:

Сөз таптарын жіктеуге сөздердің лексикалық мағыналарының, морфологиялық түрленуінің ұқсастықтары, сөйлемдегі қызметтерінің көбіне-көп бірізділігі негізге алынады. Тілдегі барлық сөздер, түп-түгел сөз таптары тілдің сөздік құрамына кіреді. Қай сөз табына жатқызылса да, ең бастысы, лексикалық мағына ескеріледі. Тілдегі бір сөз табына кіретін сөздердің лексикалық жақтарында жалпылық, ортақтық, деңгейлестік те болуы мүмкін. Ал морфологиялық, синтаксистік ортақ белгілер бір сөз табына кіретін сөздердің барлығынан бірдей табыла бермейді. Мысалы, одағай сөздер үшін ортақ морфологиялық белгіні анықтау қиын, шылау сөздер үшін де негізгісі - байланыстырушылық, үстеме мағына берушілік қасиеттер. Ендеше, тілдегі сөз таптарын анықтауда лексикалық белгі негізгі, келесі бір сөз таптары үшін морфологиялық, синтаксистік белгілер қосымша болады. Кейбір сөз таптарынан үш белгіні де таба аламыз. Оған зат есімді, сын есімді, сан есімді жатқызамыз. Ал енді сан есімді қарастырайық.

Сан есім (数词) - заттың санын, мөлшерін, шама-шарқын, ретін білдіретін сөз табын сан есім дейміз. Сан есім Қанша? Неше? Нешінші? Нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы:

一(бір) , 二(екі) , 三(үш) ,。。。十(он) ,百(жүз) ,千(мың) ,万(он мың) ,亿(миллиард) 。

五倍(бес есе), 几(бірнеше, қанша) ,二十几(жиырма неше) ,三十左右(отызға жуық) , 四十上下(қырықтың ар жақ-бер жағы, қырықтай) , 三四个(төрт-бес) ,五十多(елуден аса) 。

2. Сан есімнің грамматикалық ерекшеліктері

1) Сан есімдер жалпы алғанда, зат есімдермен тікелей тіркеспейді. Сан есім мен зат есімнің арасына мөлшер сөз келуі тиіс. Мысалы:

五本书(бес кітап) ,三支笔(үш қаламсап) , 五个人(бес адам) , 七张纸(жеті қағаз) 。

Қытай тіліндегі сан есімдердің бұл ерекшелігі қазақ тіліндегі сан есімдерден ерекше айқындалып тұрады. Қазақ тіліндегі сан есімдер негізінен зат есімдер тікелей тіркесе береді. Мысалы: он кітап, бес бала, т. б.

Ежелгі қытай тілінде және тұрақты сөз тіркестерінде сан есімдер зат есіммен тікелей тіркесе алады, бұл сирек құбылыс. Мысалы:

千千万万 (мыңдаған, көптеген), 三三两两 (екі-үш, аз ғана)

2) Сан есімдер үнемі мөлшер сөзбен бірігіп, сөйлем мүшесі бола алады. Мысалы:

我买了五本。(Мен бес кітап сатып алдым. )/толықтауыш/

哈里克到阿斯塔纳去了三趟。(Халық Астанаға үш рет барып қайтты. ) /толықтырғыш/

古丽娜尔买了三支铅笔。(Гүлнар үш қаламсап сатып алды. )/анықтауыш/

3) Сан есімдер қайталанбайды. Тұрақты сөз тіркестерінде олардың қайталануы айрықша құбылыс.

千千万万 (мыңдаған, көптеген), 三三两两 (екі-үш, аз ғана)

4) Қос буынды сан есімдер өз алдына баяндауыш бола алады, жалаң буынды сан есімдер мөлшер сөздермен тіркескен жағдайда баяндауыш болады. Егер болымсыз түрде болса, онда баяндауыш бола алмайды. Мысалы:

叶尔兰十九, 我二十(Ерлан он тоғызда, мен жиырмадамын) 。 这孩子八岁了(Бұл бала сегіз жаста) 。

3. Сан есімнің түрлері және оның бейнеленуі

Сан есімдер есептік, реттік, еселік, болжалдық сан есім болып, ал есептік сан есім өз ішінде бүтін сан және бөлшек сан болып бөлінеді.

1) Есептік сан есім (基数)

Санның қанша екендігін білдіретін сан есім түрі есептік сан есім деп аталады. Мысалы:

一(бір) ,二(екі) ,三(үш) .

Бүтін санның бейнеленуі

Қытай тіліндегі бүтін сандарда оннан аттау тәсілі қолданылады. Онға толғанда бір арнаулы атау қолданылып отырады.

个位: Бірліктер: 一yī, 二иr, 三sān, …

十位: Ондықтар: 十一 shн yī, 十二Shн иr, 十三Shн sān, ….

百位: Жүздіктер: 一百 yī bǎi, 二百 Иr bǎi, . . .

千位: Мыңдықтар: 一千 Yī qiān, ….

万位: Он мыңдықтар: 一万 Yī wаn, . . .

Қытай тіліндегі бүтін сандардың әрбір төртінші орынға бірден арнаулы атау айтылады. Мына кестеге қараңыз:

Кесте 2

千百十(亿)
千百十(万)
千百十(个)
千百十(亿): (亿)亿 级 yi ji
千百十(万): (万) 万级wan ji
千百十(个): 个级 ge ji

Қытай тілінде жүзден кіші сандардың арнаулы аты жоқ, ал қазақ тілінде арнаулы атау бар. Мысалы мына кестедегідей:

Кесте 3

数目
汉语表示法
哈语表示法
数目:

20

30

40

50

60

70

80

90

100

汉语表示法:

二十er shi

三十san shi

四十 si shi

五十 wu shi

六十 liu shi

七十 qi shi

八十 ba shi

九十 jiu shi

一百 yi bai

哈语表示法:

Жиырма

Отыз

Қырық

Елу

Алпыс

Жетпіс

Сексен

Тоқсан

Жүз

Қазақ тіліндегі әр үш орынды санға бірден арнаулы атау айтылады.

Кесте 4

汉 han
千亿 qian yi, 百亿bai yi, 十亿 shi yi,亿 yi

千万qianwan, 百万baiwan,

十万shiwan, 万wan

千, 百, 十, 个

qian, bai, shi, ge

汉 han: 哈 ha
千亿 qian yi, 百亿bai yi, 十亿 shi yi,亿 yi:

Жүз

млрд.

Он

млрд.

Млрд.

Жүз

млн.

千万qianwan, 百万baiwan,十万shiwan, 万wan:

Он млн.

Млн.

Жүз мың.

Он мың.

千, 百, 十, 个qian, bai, shi, ge:

Мың.

Жүз.

Он.

Бір.

1. 2 Бірнеше бүтін санның қолданылуы

1) . «十» - Онның қолданылуы:

Қытай тілінде 十 -ны жеке қолдануға болады. Бірақ « 百,千,万,百万,千万,万万, (亿)» сияқтыларда жеке қолданғанда, әдетте, олардаң алдына «一» қосылады. Мысалы:

2) . 零 - нөлдің қолданылуы

1) Көп орынды сан құрамында零 (нөл) болатын болса, қанша零(нөл) қатарынан келсе де, тек бір ғана零 (нөл) оқылады. Егер零 (нөл) ондықтар орнында болса, онда сөзсіз оқылады. Ең үлкен сан 万 он мыңнан үлкен болса, онда万 оқылады. Мысалы:

3, 004 оқылуы “三千零四”

6,055,302 оқылуы “六百零五万五千三百零”

1,054 оқылуы “一千零五十四”

2) 零 көп орынды сандардың ең сонында болса, мейлі қанша 零 болса да, түгел оқымай, ең ақырғы орынның атын оқуға да болады. Мысалы:

360 оқылуы 三百六немесе三百六十

3500 оқылуы 三千五немесе三千五百

14000 оқылуы 一万四немесе一万四千

3) Ондық бөлшек нүктесінен кейінгі нөлдер түгел оқылады. Мысалы:

0. 01 оқылуы 零点零

0. 005 оқылуы 零点零零五

2. 0001 оқылуы 二点零零零

4) Жыл, нөмірлерді білдіретін көп орынды сандарды разрядтар бойынша оқыса да, нөмір бойынша да оқыса болады. Бірліктер бойынша оқығанда, 零 нөлдің оқылуы жоғарыдағы заңдылықтар бойынша болады. Нөмір бойынша оқығанда нөлдің толық оқылуы шарт. Кестеге қараңыз:

Кесте 5

写法xie fa
读法 du fa
写法xie fa:

Nian

1991年

2000年

1901年

1540号

读法 du fa: 按位读 an wei du
按数号码读an shu hao ma du
写法xie fa:

二千年иr qiān niбn

一千九百零一年yīqiān jiǔ bǎi ling yī niбn

一千五百四十号yīqiān wǔ bǎi sмshнhаo

读法 du fa:

一九九一年yī jiǔ jiǔ yīniбn

二零零零年或二000年иr ling ling ling niбn huт иr 000 niбn

一九零一年或一九0一年

yī jiǔ ling yīniбn huт yī jiǔ yī niбn

一五四零号或一五四0号yīwǔ sм ling hаo huт yī wǔ sм hаo

5 ) Нөлді үлкен бірліктер мен кейбір кіші бірліктердің арасына қолдануға болады, мұндай жағдайда ол қосылған санды немесе қалдықты білдіреді. Мысалы:

一年零三个月 ( бір жыл үш ай ) ,六点零五分( 6. 05) ,十尺另一寸(10 chi 1 cun) 。

6) Телефон, үй, жыл нөмірін оқығанда «1» дағдылы түрде «yao» деп оқылады.

1. 3) . 二 (сан есім) мен 两 (мөлшер сөздің) қолданылуы

二(екі) мен 两(екінің) мағынасы ұқсас болғанымен, қолданылуында айырмашылықтар бар.

а) мөлшер сөздердің алдында қолданғанда : өлшем бірліктер алдында, әдетте ұқсас қолданылады. ( Мөлшер сөз两 бұған кірмейді. ) ; заттардың бірлігін білдіретін мөлшер сөздердің алдында, әдетте, 两 қолданылады, 二 қолданылмайды. Мысалы:

二或两

个学生

间毛衣

两 不用二 条毛巾

两 ( 不用二 ) 支钢笔

间事 桶水

间宿舍

б) Жай сандардың алдында қолданғанда: 十(онның) алдына қолданылғанда тек қана 二 (екі) қолданылады. 百(жүз) , 千(мың) , 万(он мың) ,亿(миллиард) қатарлы сандардың арасында қолданылғанда, әдетте, 二 (екі) қолданылады; Санның басында қолданылғанда, 百(жүздің) алдына 二(екі) ; 千(мың) , 万(он мың) ,亿(миллиард) қатарлы сандардың алдында, әрдайым两 (екі) қолданылады. Мысалы:

1) 二十 (жиырма)

*两十

2) 二百二十二 (екі жүз жиырма екі)

*两百两十万

3) 两千二百二十二 (екі мың екі жүз жиырма екі)

*两千两百二十二

4) 二百二十万

*两百两十万

5) 两亿两千万

*两亿两千万

с) Реттік санда, бүтін санның бірлік орнын және жай бөлшек сан мен ондық бөлшек санды білдіргенде, 二 (екі) қолданылады. Мысалы:

1) 第二(екінші) ,二年级 (үшінші курс) , 二班(екінші топ) 。

*第两,*两年级,*两班

2) 二月(екінші ай) ,二号宿舍(№ 2 жатақхана) ,2. 5 жазылуы二点五,0. 2жазылуы 零点二,二连,Ң жазылуы 二两分之一。

*两月

*两号宿舍

*两点五

*两点两

*两连

*两分之一

д) 半 (жарты) сөзінің алдына 两 қолданылады, мысалы 倍 (есе) сөзінің алдына 二 мен 两-ның екеуі де қолданылады. Мысалы:

两半儿,两倍或二倍。

1. 4 . Бөлшек санның қолданылуы

Бөлшек санды бейнелеудің жай формасы мынау: « 几分之一 ».

Ң жазылуы 二分之一。 50% жазылуы 百分之五十。

ң жазылуы 四分之三。75% жазылуы 百分之七十五。

ә жазылуы 四分之一。 25% жазылуы 百分之二十五。

Бөлімі 十 (он ) болғанда, ауызекі тілде 几成 немесе 几分 арқылы білдіруге болады. Алымы қанша екендігі 几成 немесе 几分 деп білдіріледі. Мысалы:

1 今年的麦子比去年增加了三成(六分之三)(Биылғы бидай былтырғыдан үш есеге көбейді) .

2 他又七分成绩,三封错误。(Ол тағы да 7-ші дәреже алды, осымен 3 рет қателесті )

  1. Еселік сан 倍数

Еселік санды бейнелеу әдісі - есептік саннан кейін мөлшер сөз 倍 -ды қосып айту. Мұның формасы мынадай:

Есептік сан = Еселік сан + есе. Мысалы:

一倍( бір есе) ,五倍( бес есе) ,一点五倍(1. 5 есе) 。

Еселік сан, әдетте, 大于(көп) немесе 增加 (арту) деген жағдайда қолданылады, 小于 (аз) немесе 增 少(кему) деген ахуал астында қолданылмайды, қайта бөлшек сан арқылы бейнеленеді. Мысалы:

1 . 18 是16的两倍。

2 . 金矿厂今年的产量是去年的三倍。(比去年增加了两倍)

3 . 这个炼钢车间,由十天开一炉变为五天开一炉,时间缩短了一倍。(应该为“一半” немесе “二份之一”)

  1. Болжалдық сан есім 概数

Болжалдық сан есім дегеніміз жинақыланған белгісіз сан есім. Мысалы:

Болжалдық сандардың бейнеленуі

1) Есептік сан есімнің немесе сан есім мен мөлшер сөз соңына «多,来,上下,左右,以上,以下» деген сөздердің қосылуы арқылы бейнеленеді.

А. «多(көп) ,来» сөздерді қосқанда оның екі түрлі формасы болады. Бірінші түрі, есептік сан есімнің соңғы орны 零(нөлмен) аяқтаған көп орынды сан болса, оның формасы мынадай болады:

есептік сан есім + «多(来)»+ мөлшер сөз + зат есім

210+多(来)+米+布 = 二百一十多(来)米布。210 метрден аса мата

10+多(来)+米+布= 十多(来)米布。10 метрден аса мата

340+多(来)+车+煤= 三百四十多(来) 车煤。340 тоннадан аса темір

450+多(来)+块+钱= 四百五十多(来) 块钱。450-ден аса ақша

1500+多(来) +公斤+钢= 一千五百多(来)公斤钢。1500 килограмнан асаболат

Енді бірі, есептік сан есім бір орынды болса, оның үстіне мөлшер сөз өлшем бірліктері болып келсе, онда оның орны мынадай болып келеді:

есептік сан есім + мөлшер сөз + «多(来)» + Зат есім

3+米+多(来)+布= 三米多(来)布。3 метрден көп мата

2+顿+多(来)+煤= 两顿多(来)煤。2 тоннадан аса темір

6+块+多(来)+钱= 六块多(来)钱。6 куайдан аса ақша

7+斤+多(来)+米= 七斤多(来)米。7 килограмнан аса күріш

«多» сан есім мен мөлшер сөздің соңына келіп, сол саннан көп, белгісіз ұсақ сандарды білдіреді. Мысалы:

十多亩地, яғни 十几亩地,мағынасы - он мудан артық жер, яғни он мудан көп, ог бір муға жетпейтін жер.

«来» сан есім мен шамалық сөздердің соңына келіп, әдетте сол санға жетпеген санды көрсетеді, кейде бұл саннан сәл көбірек немесе сәл азырақ екендігін көрсетеді. Мысалы: 二十来个人деген сөздер, әдетте жиырмаға жетпейтін адамды көрсетеді, кейде жиырмадан бір-екеуі артық немесе кем екендігін көрсетеді.

Б. 1) Есептік санның немесе сан есім мен шамалық сөздердің соңына «上下,左右,以上,以下» қатарлы сөздерді тікелей қосуға болады. Мысалы:

几左右(上下)。六个左右(上下)。十五左右(上下)。十五人左右(上下)。一百左右(上下)。一百斤左右(上下)。三千以下,三十岁以上,一以下,一米以上,五以下,五天一。

2) Есептік сан немесе сан есім мен шамалық сөздің алдына «近,成,上 » қатарлы сөздер қосылса болжалдық сан есім болады. Мысалы:

近万名学生,近两千人,近十亿人,成千个工厂,成万个农村,上万个学校,上千人,上千工人。

3) Жақын есептік сан тіркесіп қолданылса, болжалдық сан есім болады. Мысалы:一两个人,两三个人,三四个人,一二百然,二三百人,五六千人,一两万人,七八万人,十一,二万人。

九 мен 十 тіркесіп қолданылмайды.

4) Сұрау орнына қолданылатын «几,多少,若干» қатарлы есімдіктер арқылы бейнеленеді. Мысалы:

几件,几点,几块钱,。二十几,二十几次,多少件,多少人,多少钱,花了多少,若干本,若干玩,若干次,来了若干人。

几,多少,若干 - дердің нақты қолданылуы .

多少和若干 деген екі сөздің мағынасы мен қолданылуы ұқсас, 几-дың 多少, 若干 - мен салыстырғанда қолданылуында кейбір айырмашылықтар бар.

А. 几жеке қолданғанда, әдетте аз шаманы білдіреді, үнемі 十 -дан кіші сандарды білдіреді, ал 多少 мен 若干 мұндай шектемеге ұшырамайды.

Б. 几-сөзінен соң, міндетті түрде мөлшер сөз келеді, 多少 мен 若干 сөздерінен кейін мөлшер сөз келсе де, келмесе де бола береді. Мысалы:

几个工人,多少(若干)工人,几台机器,多少(若干)台机器,几所多少,多少(若干)大学。

С. 几-сөзінің алдына не соңына сан келеді, 多少, 若干- да мұндай қолдануға болмайды.

三十几个人。

*三十多少(若干)人

五十几个人。

*五十多少(若干)人

几十人。

*多少(若干)十人

几百人。

*多少(若干)百人

两 негізінде 2 санын көрсетеді. Мысалы:

这两天,叶尔兰有点不舒服。Осы екі күннен бері Ерлан біраз мазасызданып жүр

Кейбір кезде 两 аз, кішкене деген мағынаны береді. Мысалы:

看了这么半天,才买了这两本书。Көп уақыт қарап, осы екі кітапты сатып алдым

上课时间都过了,才来了这么两个人。Сабақ уақыты біткелі қай уақыт, ал мына екеуі енді ғана келді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркестері туралы
Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат әл Әдаб», XIV ғасыр)
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Есімді тіркестер қабыса байланысқан сөз тіркестері
Сын есімді тіркестер
Етістікті сөз тіркестері
Ғылымды ұйымдастыру - үлкен сөз
Сөз тіркесінің түрлері, топтастыруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz