Шетелдік гендерлік зерттеулер
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
1 Тілдің гендерлік зерттеудің жалпы ғылыми алғышарттары
1.1 Гендер, гендерология және
тіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Гендер және жыныс
ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Хинди тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөйлеу әрекетіндегі лексикалық және
синтаксистік ерекшеліктер
2.1 Ерлер мен әйелдердің қозғайтын тақырып аясы ... ... ... ... ..
2.2 Аяу, мүсіркеу, жаны ашу мәніндегі сөздердің жыныстар арасында
айтылу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..
2.3 Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы инвективтік
лексика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .
2.4 Коммуникативтік қарым-қатынастағы ым-ишараның
жыныстар арасындағы семантикалық қызметі ... ... ... ... ... .
2.5 Қуануға, таңырқауға және шошынуға байланысты жыныстар
арасындағы сөз
қолданыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Шетелдік гендерлік
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
Кіріспе
Жеке адам статусындағы жеке категориялар – жыныс пен жас
ерекшеліктерін де қамтиды. Менің қарастырып отырған объектім де осы жыныс
категориясына тән ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшеліктер
проблемасы туралы болмақ.
Ғылыми тұрғыда физиологияда ерлер мен әйелдердің миында өзіндік
ерекшелік бар екені дәлелденген. Ерлерде мидың оң жақ жарты шары визуалды
кеңістік қызметке (іс-қимыл әрекеті, көру және қол арасындағы үлесімдік)
жауап берсе, мидың сол жақ жарты шары сөйлеу және когнитивті әрекетіне
(сезімге әсер ету, абстрактілі түсініктерді ұғыну) жауап береді. Ерлердің
ойлаудан сезімге өтуі, яғни, мидың оң жақ жарты шарынан бірден сол жақ
жарты шарына ауысуы қиынға соғады. Бұлай ауысу барысында әйелдерге
қарағанда, ерлер ұзақ уақытты қажет етеді. Ал әйелдердің миының оң жақ және
сол жақ жарты шарлары икемді және жан-жақты бірдей қызмет атқарады. Әйел
миының екі жарты шары да олардың кез-келген мәселені шешуге, сезімталдыққа
баруына ықпал етеді. Осындай физиологиясының түрлілігіне орай ерлер мен
әйелдердің мінез-құлықтарында да айтарлықтай айырмашылықтары болады. Сондай-
ақ мұндай ерекшеліктер олардың сөйлеу әрекетінде де көрініс табады. Бірақ
біз ол айырмашылықтарды күнделікті қарым-қатынаста байқай бермейміз. Ал осы
жыныс арасындағы ерекшеліктердің бар екендігіне ғылыми тұрғыдан зерттеулер
жүргізу арқылы көз жеткіземіз [1].
Жұмысымның өзектілігі. Жаңа заман лингвистикасы парадигмасы
адамды тілдік тұрғыдан жан-жақты танып, білуге бағытталған. Адам - әлемнің
тіршілік иесі, адам болмысының өзі таңбалық, тілдік сипатта болып келеді.
Тіл адамзаттың дамуы мен жан жақты жетілуіне әсер етеді. Ол- тұлғаның
тілдік ортадағы қарым-қатынасы барысында қалыптасқан адамның туа біткен
қабілеті арқылы жеткен жетістігі. Тіл тек денотативтік (таңбалық) сипатты
құрал ғана емес, сонымен бірге коннотативтік құрал. Тілдің әлеуметтік
қызметін дамыту – 19 ғасырда тіл білімінің бірден-бір сұранысы, уақыт
уағызы. Кейінгі кездерде ғалымдар адамның биологиялық жынысынан гөрі
әлеуметтік жыныс мәселелерін сөз етуге бет алды. Мәдениет аясында еркек пен
әйелге тән қалыптасқан және тілде көрініс беретін мінез-құлық
ерекшеліктерін біліп, түюдің мәні зор. Ол жыныс өкілдерінің қоғамдағы
әлеуметтік орнымен белгіленеді [2]. Жыныстың әлеуметтік құрылым дамуын
түсіну үшін, алдымен адамға тән үш бастаудың (биологиялық, әлеуметтік,
трансценденттік) өзара байланысын ұғыну қажет. Биология адам дамуының
алғышарты, негізі десек, бала тууыдың әйел жынысына тән екендігі табиғи
үдеріс, бұл жерде әлеуметтік құрылымданудың еш қатысы жоқ. Ал гендерлік
теория бойынша адам трансценденттікті негіз ете отырып, өзінің тіршілік
әрекеттерін әлеуметтік дамуымен сабақтастырады [3; 97-98]. Жыныстар
арасындағы қарым-қатынас, мінез-құлық айырмасы адамға туа біткен табиғи
қасиеттер емес, әлеуметтік институттар мән мәдени дәстүрлер ықпалы
нәтижесінде қалыптасатын конструкт, жасанды құрылым. Олай болса, жыныс -
жаратылыстан берілген үлес болса, гендер - әйел мен ердің қоғам туғызған
әлеуметтік бейнесі. Жыныс категориясына қарағанда, гендерлік мәртебе соған
сәйкес гендерлік иерархия, мінез-құлық ерекшеліктері табиғаттан
берілмейді, қоғамда қалыптасады, әлеуметтік бақылау институттары мен мәдени
дәстүрлер арқылы жүзеге асады [4]. Гендер ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары
белгілі болғанымен, ғылыми қолданысқа 80-жылдардан бастап енді. Ол
биологиялық жыныс пен әлеуметтік-мәдени жыныстық (еркектік, әйелдік
белгілерінің рөлдер бөлінісі, мәдени дәстүрлер, биліктік қатынастар арқылы
тұжырымдалуы) шекарасын бөліп көрсету мақсатында енгізілді.
Гендер терминін қолдану sexus ұғымының астарында түсінілетін
биологиялық детерменизм (жынысқа қатысты әлеуметтік-мәдени ерекшеліктердің
барлығын табиғи факторлармен байланыстырады) идеясын шектеуді көздейді.
Еркек пен әйелге тән мінез-құлық ерекшеліктері, олардың мәдени-
әлеуметтік мәні, дәстүрге сай айырым белгілері, әлеуметтендіру жайы ғылыми
зерттеулерде, соның ішінде антропология мен этнографияда ішінара айтылып
келгенімен, биологиялық жыныс пен әлеуметтік жынысты айырып қарау мәселесі
тек гендерлік зерттеулер арқылы мүмкін болады. Гендерлік зерттеулер
батыстың гуманитарлық ғылымдардан бастау алып, қазіргі кезде кең тарай
бастады. Оның пайда болып, дамуына таным мәселесіне деген жаңа көзқарас,
ғылым философиясы, әлеуметтік философиясы, тұлғатану философиясы мен
психологиясы, әлеуметтану мен антропологиясының қарқынды дамуының сәйкес
келуі жайдан-жай емес [5]. Гуманитарлық ғылым салаларында антропоцентристік
ұстанымға көзделген тұлғаның дараның өлшемдерін анықтауға деген
қызығушылықтың артуы, тіл мен жыныстың өзара байланысын жеке-дара
қарастырмай, кешенді түрде зерттеуге мүмкіндік береді.
Грамматикалық тек (род) категориясын білдіретін ағылшын термині
gender лингвистикалық контекстен алынып, алдымен басқа ғылым салаларының
- әлеуметтік философия, әлеуметтану, тарих пен саясаттану ғылымдарының
зерттеу нысанына айналды. Кейінірек, гендерлік зерттеулер шеңбері кеңейіп,
пәнаралық мәртебе алған кезеңде гендер термині тіл біліміне жаңа мағынада
енді.
Тілдің гендерлік жіктелу факторы - әйел тілі мен ер тілі
дамуының қозғаушы күші. Тілге құрылымдық талдаулар жасау арқылы гендердің
әлемдік тілдер мен мәдениеттерде алатын орнын белгілеп, әйелдер мен
ерлердің түрлі қарым-қатынасын, мінез ерекшелігін, гендерлік нормалардың
уақыт пен кеңістік шеңберінде өзгеріп отыруын, әйел мен ер жынысын
даралайтын тілдік, стилдік белгілер, тілді игерудегі гендердің рөлін
зерделеуге болады. Гендерлік зерттеулер санында гендерлік лингвистика тіл
ғылымының жаңадан қалыптасып келе жатқан саласы. Ол, біріншіден, пәнаралық
парадигмада зерттеледі. Екіншіден, жеке ғылым салалары, соның ішінде
лингвистикалық категориялар (лексикон, прогматика, синтаксис) алынады да,
зерттеу пәні болып тиісінше, гендерлік өлшем белгіленеді.
Зерттеу нысаны. Шетелдік ғалымдардың гендерлік зерттеу
жұмыстарына сүйеніп, хинди тіліндегі және хинди лигвистикасындағы
гендерлік аспектілірді қарастыру.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Хинди тіліндегі гендерлік
аспектілер мәселесін зерттеу арқылы дипломдық жұмыс алдына мынандай
міндеттерді жүктейді:
- Хинди және қазақ лингвистикасындағы гендерлік аспектілерді салыстыру
- Мысалдар беру арқылы әйел мен еркектің сөз қолданысындағы
айырмашылықтарын көрсету
- Гендерлік саясат тілде, яғни сөйлеу кезінде жыныстар арасында
ерекшелігін көрсететінін дәлелдеу
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Гендерлік лингвистика хинди тіл
білімінде зерттеу объектісі ретінде қарастырылып отыр. Жұмыс барысында
ерлер мен әйелдердің сөз қолданысына қатысты негізгі деректер талданды.
Психолингвистикалық және социолингвистикалық тұрғыда әйелдер мен
еркектердің қоғамдағы рөліне, мінез-құлқына байланысты қуану, ренжу,
ашулану, таңырқау сияқты сезімнің әр қырынан болатындығы психология
ғылымындағы зерттеулермен және жаслынған тәжірибелермен дәлелденді.
Этносоциолингвистикалық қырынан салт-дәстүрлерге ұлттық саласында
қалыптасқан әдептер, тыйымдар, тәртіптерге орай ерлер мен әйелдердің сөз
қолданыстарындағы ерекшеліктердің көріністері берілді. Гендерлік
лингвистикада негізгі қаралатын мәселе, ғылыми жаңалық деп мына мәселерді
айтуға болады:
- Ерлер мен әйелдердің психологиялық ерекшеліктеріне, қызығушылығына,
қоғамдағы рөліне, қарай олар әр түрлі тақырыпта өзара қарым-қатынас
жасайды. Осы тақырыптарға байланысты жыныстар арасында түрлі лексика
қатарлары қызмет атқарады.
- Әйелдердің отбасындағы орнына қарай жаны ашу, мүскіреу, аяуға
байланысты сөздерді жиі айтады.
- Сезімнің түрлі қырына байланысты ерлер мен әйелдер қуанғанда,
таңғалғанда, шошынғанда, қорыққанда (суггестизмдер), ашуланғанда
(инвективтер, сес көрсетуге қатысты лексика) түрлі сөздерді қолданады.
- Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысында бағалауыштық лексика есім сөздер
мен үстеулер, одағайлар арқылы жасалып, қызметіне қарай жыныстар
арасында ажыратылып отырады.
- Сөйлеу процесінде ойын жеткізу мақсатында болатын сөйлем құрау әдісі
де (сұраулы, бұйрықты сөйлемдер, қыстырма сөздер) ерлер мен әйелдердің
арасында ерекшеленеді.
- Бала тәрбиесінде баламен қарым-қатынас жасауда ата-ана өзіндік ерекше
сөз қолдануға барады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында келесі әдіс-амалдар
пайдаланылды:
- Мысал беру арқылы лигвистикадағы жыныстар арасындағы сөз қолданысын
айқындау
- Салыстыру тәсілі арқылы айырмашылықтарын анықтау
- Сәйкестік мәселесін қарастыра отырып, ерекшеліктерін көрсету
Зерттеу жұмысына қолданылған материалдар. Диплом жұмысымның
тақырыбына сай, яғни хинди лингвистикасындағы гендерлік аспектілер жайлы
зерттеу жұмысы болмағандықтан, мен қазақ және шетелдік ғалымдардың гендер
жайлы жазған зерттеу жұмыстарына сүйеніп жаздым. Сондықтан бұл осы
бағыттағы алғаш зерттеу деп есептеймін. Зерттеу жұмысына Мамаева Г. Б.
Ерлер мен әйелдердің сөз қолданысындағы ерекшеліктер (гендерлік зерттеу)
, Хасанұлы Б. Проблемы развития гендерных исследований в казахском
языкознании и вопросы женского языка, Жанатаев Қ. А. Адамның жас
ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар, Турдалиева Р.С. Көркем мәтіндегі
гендерлік сипат психо-лингвистикалық талдау, Шокым Г.Т. Гендерлік
жіктелімнін ғылыми негіздері т.б зерттеу еңбектері негіз болды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Хинди тіліндегі
гендерлік аспектілерді теориялық тұрғыдан зерттеу арқылы лингвистикадағы
хинди тілінің ерекшелік негізі енгізілді. Бұл диплом үндітанушы
студенттерге және осы бағыт бойынша зерттеулер жүргізем деушілер үшін қажет
еңбек екендігіне сенімдімін.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, нысаны, мақсат пен міндеттері,
зерттеу тәсілдері, материалдары, зерттеудің теориялық және практикалық
маңызына аса көңіл бөлінген.
Бірінші тарауда тілдің гендерлік зерттеудің жалпы ғылыми
алғышарттары, яғни гендер, гендерология және тіл ұғымдарына толық
анықтама берілген, сонымен қатар гендер және жыныс ұғымдары айқындалған.
Қазіргі таңда гендерлік зерттеу ғылымда ерекше орын алып отыр және кеңінен
зерттелуде.
Екінші тарауда ерлер мен әйелдердің сөз қолданыстарындағы
ерекшеліктеріне арналған. Ерлер мен әйелдердің сөйлеу әрекетіндегі
лексикалық және синтаксистік ерекшеліктер мысал беру арқылы көрсетілген.
Сонымен қатар интернет желісі бойынша сұрақ-жауап жүргізген жұмысымның
қорытындылары көрсетілген. Тараудың бөлімдерінде: ерлер мен әйелдердің
қозғайтын тақырып аясы жайлы, аяу, мүсіркеу, жаны ашу мәніндегі сөздердің
жыныстар арасында айтылуына арналған. Ерлер мен әйелдердің сөз
қолданысындағы инвективтік лексикамен таныстыру. Коммуникативтік қарым-
қатынастағы ым-ишараның жыныстар арасындағы семантикалық қызметі жайлы
жазылған. Қуануға, таңырқауға және шошынуға байланысты жыныстар арасындағы
сөз қолданыстар көрсетілген. Ерлердің сөйлеу әрекетіндегі ренжу, күш
көрсету, сес көрсетуге байланысты қалыптасқан лексикасы берілген.
Әйелдердің магиялық нанымдарға, құдыретті күшке сенімінен туған
суггестиялық лексиканың сөйлеу тіліндегі көрінісі берілген.
Үшінші тарау шетелдік гендерлік зерттеулерге арналған. Себебі
жұмысымның дұрыс жазылуына ұйытқы болған шетелдік ғалымдардың жұмыстары
болған. Әр жұмыстың жазылу барысында салыстыру әдісі жұмысқа жаңа мазмұн
беретін күш болып есептеледі, сондықтан зерттеу барысында хинди
лингвистикасындағы гендер мәселесін шешуде шетелдік гендерлік зерттеулер
үлкен әсерін тигізді. Гендерлік зерттеулер бұған дейін әйел мен еркектің
қоғамдағы әлеуметтік функциясын қарастырып келсе, ендігі таңда
лингвистикада кең өрісін алып келеді. Әйел мен еркектің сөз қолданысындағы
ерекшеліктер лингвистикада, соның ішінде грамматикада, фонетикада,
синтаксистік құрылымдарда анық айқындалған. Шетелдік ғалымдардың зерттеу
жұмыстарын оқи отыра, хинди тілінде соған сәйкес зерттеу жұмысын жүргізіп,
талай мәселердің көзін ашып, тақырыбым жаңашыл келбетке ие болды.
Жалпы диплом жұмысы хинди тілінің гендерлік саясатына ғана
тоқталып қоймай, гендерлік мәселені зерттей отыра, хинди тілінің
ерекшеліктерін жетік түсінуге септігін тигізді. Соның ішінде әйел мен
ерлердің сөз қолданысындағы ерекшеліктерін ашуға үлкен көмегін тигізді.
Шетелдік лингвистикалық гендерлік зерттеулер сол зерттеліп
жатқан тілдегі әйел мен ерлердің лексикасындағы айырмашылықтарды ашып
көрсеткендіктен, өзімнің жұмысымда сол зерттеулерге сүйеніп, хинди
тіліндегі жыныстар арасындағы болатын ұқсастықтар мен айырмашылықтарды
терең зерттеуге мүмкіндік табылды.
1. Тілдің гендерлік зерттеудің жалпы ғылыми алғышарттары
1.1. Гендер, гендерология және тіл
Жыныстарға қатысты сөйлеу үлгілерін зерттейтін ғылым –
гендерлік лингвистика деп аталады. Сонымен гендер термині жыныстар
арасындағы ерекшеліктердің табиға емес, әлуметтік, мәдени жағын білдіреді.
Ерлер мен әйелдердің арасында сөз қолданысында ерекшеліктер бар деген пікір
ғалымдардың үлесіне көптеген сұрақтар алып келді. Гендерлік рөлдер мен
нормалар тіл-тілде ортақ мазмұн мен нормаға ие емес. Әр ұлтта ерлер мен
әйелдердің сөз қолданыстарындағы ерекшелік әрқалай көрініс береді.
Гендерлік лингвистика психофизиологияда да зерттелінген проблема болып
табылады. Ойлау мен сөйлеудің арақатынасы жөніндегі мәселе психологиялық
зерттеулерде көрнекті орын алады. Бұл салада психологияның ерекше мән
беретін мәселесі – сөйлеу процесінің қалай іске асатындығы, сөйлеудің
түрлері, оның адам психикасымен байланысы, сөйлеу процесіндегі мидың
қызметі, мидың зақымдануының сөйлеу әрекетіне, сөйлеу органдарының
қызметіне тигізетін зиянды әсері. Осы мәселені шешуде психологияның тіл
біліміне, тіл білімі психологияға қол ұшын беріп, екі жақты байланысқа,
қарым-қатынасқа түседі. Сөйлеу, сөйлемді қабылдау, түсіну жағдайларын
психологияның қатысынсыз ұғыну мүмкін емес. Тілдегі гендерлік ерекшеліктер
психология мен тіл білімінің ортақ зерттеу объектісі ретінде қарастырылады.
Психологиялық құбылыстар (түйсік, қабылдау, сезім) сөйлеу
процесіне тікелей қатысады. Қарым-қатынаста тіл ойды ғана емес, сонымен
қатар адамның жан дүниесін, сезімін білдіреді. Жынысқа қатысты
психологиялық және сөйлеу ерекшеліктері зерттелінбеген проблема. Әйел
тілінің ерекшелігі әлеуметтік, діни және басқа да көптеген факторларға
байланысты болады, бірақ бұл факторлардың әсері болмаған жағдайда да әйел
тілі мен тілінің басқа түрлері арасындағы ерекшелік сақталып қалуы мүмкін.
Мысалы, араб тілінде, XX ғасырға дейін қазақ, алтай тілдерінде әдет-
ғұрыпқа, діни сенімге байланысты тура айтуға тыйым салынған атаулар мен
есімдерді тұспалдап түсіндіру немесе оған балама болатын сөзбен айту. Әйел
тілі туралы түсінікті К. Аханов Тіл білімінің негіздері (1993), Ә.
Хасенов Тіл білімі (1990) еңбектерінде атап кетеді. Гендерлік
зерттеулерде өмір сүретін бағыттың бірі – феминизм. Феминизм (латын тілінен
femina -әйел)-екі деңгейде түсінік беретін ұғым. Бір жағынан әйелдердің
құқығы үшін күресетін кең қоғамдық қозғалыс. Оның қайнар көзінде суфражизм
(ағылшын тілінен suffrage-дауыс құқығы)-заңдастырылған теңдік үшін
қозғалыс, әйелдердің сайлау құқығын алуы жатыр. Екінші жағынан феминизм –
қоғамдық жағдайды талдайтын әлеуметтік-философиялық, әлеуметтік,
психологиялық, мәдени теориялық жиынтық. Феминистік бағыт ерлердің
әдебиеттанудағы үстемдігін, әйелдердің еленбеуін қарастырса, гендерлік
зерттеулерде, ғалымдар, жыныстар арасындағы тілдік ерекшеліктердің
әлеуметтік, психологиялық, биологиялық тұрғыдағы ерекшеліктерін зерттейді
[1]. Гендер әйел мен ер жынысының әлеуметтік ортадағы , қоғамдық-мәдени
институттарындағы (отбасы, саясат, мәдениет, білім беру т.б.) орнын
анықтайды. Гендерлік қатынастар – әлеуметтік ұйымның маңызды қыры болып
табылады яғни қоғам дамуын айқындайтын әлеуметтік қатынастарға ықпал етеді.
Олар тілде мәдени концептілер түрінде бейнеленеді және тұлғаның мінез-
құлқы, сөйлеу ерекшелігі, тілдік әлеуметтенуіне ықпал етеді. Гендерлік
қатынастар – адам қызметінің көптеген саласын қамтитындықтан, гендерді
зерттеу пәнаралық сипатта дамуы тиіс.
Гендерология – қазіргі ғылым жүйесінде ерекше қарқынмен дамып
келе жатқан саланың бірі. Ол әлеуметтану, психология, мәдиенеттану,
антропология, мәдениетаралық және бейвербалды қарым қатынас, лигвистика
т.б. ғылым салаларымен бірлікте келіп, адамзат тарихы мен мәдениетін тануда
кең көлемді зерттеулерге жол ашты.
Гендер ұғымы 20-ғасырдың 80-жылдарынан бастап ғылыми қолданысқа
еніп, жүйелі түрде зерттеле бастады. Оған себепкер болған:
1) Саяси әлеуметтік жағдай – қоғамдық қатынастардың өзгеруі мен
феминистік қозғалыстың өріс алуы.
2) Лингвистикалық жағдай – структурализмді сынға алу, тілдің прагматика
саласына деген қызығушылықтың артуы әлеуметтік лингвистиканың дамуы.
3) Философиялық жағдай – таным теориясының жаңа бағыт алуы, постмодернизм
мен бейқұрылымдау идеяларының кең таралуы (М. Фуко, Ж. Деррида) [6;
52]
Гендер мәселесін ғылыми тұрғыда зерттеп, тіл біліміне жаңа бір
дүние етіп енгізу, менің ойымша, тілдегі болатын сан қилы өзгерістердің
бірі – жыныстар арасындағы болатын ерекшеліктерді түсінуге көмегін
тигізді.
Гендерология ғылым ретінде енгізілсе, соның ішіне гендер мен тіл
тығыз байланысып, ғылымды өз еншісінде ұстап тұруға ықпал етеді. Гендер
тілсіз, ал тіл гендерсіз пайда бола алмайды. Менің жұмысымда хинди
тіліндегі болатын гнедерлік аспектілерді қарастырып отырудамын, сондықтан
біпінші тілге сүйеніп, оның гендерлік аспектілерін толық зерртеуден
өткізудемін. Хинди тіліндегі гендерлік зерттеу жұмыстарының алғашқысы болып
саналуына байланысты, бұл еңбекті хинди тілін одан ары зерделеп, зерттеуіне
ұйытқы болатын ең алғашқы жұмыс деп санаймын. Үндістанда гендер ұғымы
әлеуметтік, саяси тұрғыда кеңінен зерттелген, әйелдердің дискриминациясы,
олардың қоғамда алатын орны, мемлекет ісіне араласу бейнесінің болуы,
болмауы, осы жағдаяттар барлығы неге гендерлік мәселені лингвистика
тұрғысында зерттемеске деген сұрақ туады, себебі дүние жүзі бойынша
касталық құрылымы бар мемлекет болып саналатын Үндістан талай
зерттеушілерді қызықтырған, алдағы менің ұсыныстарымның бірі – неге
лингвистерге хинди тілінде болатын гендерлік мәселені зерттемеске.
1.2 Гендер және жыныс ұғымдары
Гендер тіл біліміне еніп, прагматикалық және антропобағыттық
сипат алды. Бұл кезде зерттеулердің дені әйелдерге қатысты жүргізілді.
Гендер ұғымы алдымен әйелдердің ерлермен салыстырғандағы әлеуметтік,
мәдени, психологиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін қолданылыды, содан келіп
қоғамда әйел, еркек деп тануға мүмкіндік беретін типтік мінез бітістері,
нормалар, таптаурындар, рөлдер ажыратылып қарастырыла бастады. Адамның
табиғи жынысы мен әлеуметтік дамуын ескеретін гендерлік факторлар тұлғаның
маңызды сипаттамаларының біріне айналды. 80-жылдардан бастап гендерлік
зерттеулерде әйел тарихы, әйел психологиясы мәселелерімен қатар әйелдік,
еркектік белгілерінің әлеуметтік-мәдени мәніне де назар аударыла бастады.
Ал 90-шы жылдары ерлерге қатысты маскулиндік зерттеулер бой көтерді.
Алайда, ғылымда күні бүгінге дейін гендер табиғаты туралы тұрақты, біркелкі
көзқарас жоқ. Бір жағынан, гендерді ойлау құрылымы немесе жыныстың
биологиялық және әлеуметтік мәдени қызметін анықтап айырудың ғылыми үлгісі,
екінші жағынан, гендер қоғамда қалыптасатын (соның ішінде тілдің көмегімен)
әлеуметтік құрылым ретінде пайымдалуда [7; 9-10]. Тұңғыш рет гендер (тек)
ұғымын ғылыми тіркеске американдық психоаналитик Роберт Столлер 1968 жылы
енгізді, ғалым бұл сөзді өзінің Жыныс және гендер еңбегінің атына
пайдаланды. Осы санаттардың айырмашылығын түсіндіре отырып, ол былай жазды:
Сөздіктер жыныс сөзінің негізгі мағынасы биологиялық деп көрсетеді,
алайда осындай сөз қолданудың жыныс өкілдерінің мінез-құлқын, сезімін, ой
мен қиялын қамтуға шамасы келмейді, сондықтан психологиялық құбылыстардың
кейбіреулері үшін біз гендер терминін пайдаланды. Жыныс биологиялық, ал
гендер психологиялық, демек мәдени феномен болып табылыды. Одан әрі гендер
ұғымы 1972 жылы әлеуметтанушы Энн Оуклидің Sex, Gender and Society
(Жыныс, Гендер және Қоғам) атты еңбегінде қарастырылды.[8; 272-273].
Сонымен гендер еркектер мен әйелдер арасындағы биологиялық айырмашылықты
емес, әлеуметтік ерекшелікті анықтау үшін пайда болды. Жыныс пен гендер
арасындағы терминологиялық айырмашылықты нақты айқындап берген Г.Рубин мен
Р.Унгердің еңбектері болды. Гендер терминінің синонимі ретінде әлеуметтік-
мәдени жыныс деп бөлінетіндіктен жыныс пен гендер тек не түр емес, бүтін
мен бөлшек ретінде тұтасады. Демек, әлеуметтік жыныс пен биологиялық жыныс
турасында тек ғылыми үлгіде метафоралы мағынада айтуға болады, ең бастысы,
олардың әлеуметтік, мәдени-символдық белгілері ажыратылуы тиіс [4; 100].
Gender терминінің өзі лингвистикалық терминологияға кейіннен енді.
Сондықтан тіл біліміне genus, sexus, gender категориялары айқын ажыратыла
бермейді. Бұл категориялар тілдегі жыныс мәселесін зерттеудің тарихи
ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Ағылшын термині гендер (gender) екітілді,
көптомдық сөздіктерде, өзге де қазақ сөздіктерінде аударылмаған да
түсіндірілмеген, бірақ оның қазақша баламасы жыныс екені даусыз. Сырт көзге
әр қилы мәтінде бұл балама гендерге барабар бола бермейтін сияқты көрінуі
мүмкін. Бір қарағанда, солай-солай. Ал, байыбына барсақ, гендер сөзінің әр
қилы ғылым саласындағы әлеуметтік жүктемесіне сай, оның қазақша жыныс сөзін
де екі мағынада қолдануға болады:
1) Биологиялық , яғни жалпы мағынасы, жыныс деген – еркек пен әйел
арасындағы анатомиялық айырманы білдіретін термин. Биологиялық жыныс екеу,
ол – еркек пен ұрғашы.
2) Әлеуметттік мағына, бұл жерде жыныс термині әлеуметтік топқа тән құрылым
екенін ескеріп, әлеуметтік жыныс деп атаған жөн. Тегінде бұл өзі
анатомия және жыныс ұғымынан өрбіген, бірақ оған сәйкес келмейтін,
әлеуметтік-мәдени құрылым [9; 16]. Гендер термині лигвистикалық
әдебиеттерде жүйелі түрде қолданыла бермейді. Гендерлік ерекшеліктерді
зерттеуші ғалымдардың көпшілігі жыныс (sexusпол) сөзін пайдаланса, ағылшын
тіліндегі еңбектерде екі термин де қатар жұмсалады. Кейде гендер термині
мен жыныс сөзі қосарлана беріледі. Мұның бәрі гендерлік зерттеулерде
терминдік түсініктердің шатасуына әкеліп соғады:
1. Қоғамның жыныстық жіктеліміне байланысты жазылған еңбектердің
бірталайы гендер термині шыққанға дейін жарық көрген, сондықтан ол
зерттеулерде sex, sexus сөздерін пайдалану орын алған. Тіпті жыныстар
арасындағы қоғамдық әрекеттестік жайы да аталған ұғымдарға сүйеніп
түсіндірілген.
2. Гендер термині ағылшын тілді ортада пайда болғандықтан, сол тілдегі
грамматикалық текрод категориясын білдіретін гендер сөзімен
омонимдес. Мұның өзі кей реттерде әсіресе лигвистикалық талдауларда
түсінбестік тудырады.
3. Бірқатар зерттеушілер жыныстың мәдени-әлеуметтік рөлі туралы айта
отырып, әлі де болса sex bias, sex role, sex difference т.б.
терминдерін ұстанады. Ағылшын тіліндегі еңбегі көпшілігінде екі термин
жарыса қолданылып келеді. Керісінше кейбір зерттеулерде жыныс (sexus,
пол) сөзін жаңа терминмен ауыстырып беру үрдісі байқалады. Бұл гендер
термині пайда болған тұста жарияланған еңбегі кездеседі.
4. Терминдік түсінбестіктердің туындауының тағы бір себебі: зерттеу
еңбектердің қай тілде жазылып, қай тілден аударылғанына да байланысты.
Алайда гендер терминінен гөрі туынды сөздер (Гендерлік
зерттеулер, гендерлік қатынастар, гендерлік жіктелім, гендеристер,
гендерология) жиі қолданысқа түскен. Осыған ұқсас жайт: неміс тіліндегі
еңбектерде гендер терминімен зерттеудің жалпы бағытын атаса, қалған
жағдайларда жыныс ұғымы пайдаланылады. Зерттеушілердің пікірінше, орыс
тілінде жыныс сөзінің мәнмәтіндік мағынасынан оның қандай мәнде
(биологиялық әлде әлеуметтік) жұмсалып тұрғандығын ажыратуға болатындықтан,
кірме сөз гендермен қатарласа қолданыла береді [10; 24-25].
Зерттеушілердің пікірінше, әйелдер мен ерлердің биологиялық
айырмашылығынан гөрі, ұқсастығы басым. Айырмашылығы тек біреу ғана, ол
өмірге ұрпақ әкелу. Әдетте ер адамның ұзын бойлы, денелі, қайратты дене
бітімін жыныстық ерекшелік деп танимыз. Ал Солтүстік Батыс Еуропа
әйелдерінің Оңтүстік Шығыс Азия ерлерімен салыстырғанда бойшаң және ірі
тұлғалы келетіндігін ескерсек, жыныстың адам физиологиясына қатысы шамалы
екендігі айқындала түседі, оған қоса адамның дене құрылысының,
организімінің дамуы мен жетілуі тұрмыс қалпына да байланысты болатыны мәлім
[10; 20]. Мәселен, антропологтар, тарихшылар мен этнографтар әлеуметтік
тұрғыдан әйелге тән, еркекке тән деп бөлу салыстырмалы түрде шартты
түрде бөлу деп есептейді. Өйткені белгілі бір қоғамда (мінез белгілеріне
сай) ерлер орындайтын жұмысты келесі бір қоғамда әйелдер ғана атқарады.
Олай болса, әйелдер мен ерлердің әлеуметтік рөлдерінің әртүрлілігін және
биологиялық мінездемелерінің принциптік тепе-теңдігін биологиялық жыныс
түсіндіріп бере алмайды. Ол әрбір жыныс өкілінің қоғамдық талаптар
мүддесіне сай орындайтын әлеуметтік және мәдени нормалардың жиынтығын
білдіретін ұғым гендердің еншісінде.
Н.А.Пушкареваның пікірінше, гендер – бұл әлеуметтік тәртіптің
жүйелі сипаттамасы, одан құтылу не бас тарту мүмкін емес. Ол әрдайым сана-
сезім, әрекет, қатынас құрылымында өңделіп отырады. Гендердің әдіснамалық
негізі – гендерді құрайтын ресурстарды анықтау. Жоғарыда айтылғандарды
тұжырымдай келгенде, қазіргі гуманитарлық парадигмада гендер адамның
әлеуметтік жынысы дегенді білдіреді [11; 171]. Өткен ғасырдың соңында
гендерге қатысты материалдарды теориялық талдау, гендер теориясын
қалыптастыру мәселелері жүзеге асырылды. Солардың ішінде негізгісі – гендер
теориясының стратификациялық өзгермелілігі. Осы теорияға сәйкес, гендерлік
стратификация ұғымы енгізілді. Гендерді басқа сараптандыру категориялары
шеңберінде қарастыру идеясын ұсынған зерттеушілердің бірі ағылшын ғалымы,
тарихшы Джоан Скотт. Ол гендерлік сараптамаға бірнеше әлеуметтік-тарихи
астүрт жүйелерді қосуды ұсынды. Гендерлік тұжырымды қалыптастыратын
әлеуметтік-тарихи астүрт жүйе дегеніміз не? Джоан Скоттың көрсетуінше, олар
– белгілі бір мәдениет аясында ерлер мен әйелдер бейнесін танытатын бейнелі-
символдық жүйе, бейнелі-символдық жүйені анықтайтын және ғылыми, құқықтық,
діни, саяси ілімдер мен ағымдарда көрініс табатын нормалар кешені,
әлеуметтік қатынастар мен институттар, тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруі [4;
103-104]. Ғалымдар жыныс пен гендер ұғымдарын ажыратып көрсетудің
қажеттілігін мойындай отырып, олардың ара-қатынасын түсіндіруде әр түрлі
пікірлер білдірді. Антрополог Николь Клод Матье сол айтылғандарды саралай
келіп, жыныс пен гендерді тұжырымдандырудың үш түрлі парадигмасын ұсынды.
Бірінші тәсіл – гомология (сәйкестілік) парадигмасы бойынша,
гендер биологиялық жыныстың әлеуметтік түрдегі жанама көрінісі деп
тұжырымдады. Әрбір адам мінез-құлықтың әйелге немесе еркекке тән түрін
жаратылысына қарай меңгереді. Сондықтан жыныс – гендердің мінез-құлық
ерекшелігін қалыптастырудың негізі.
Екінші тәсіл – аналогия (ұқсату) парадигмасы бойынша, гендер –
жыныс символы. Гендерлік сәйкестендіру – әлеуметтік топтың өкілі ретінде
еркек пен әйелдің ұжымдық тәжірибеге негізделген гендерлік рөлдерді
қабылдап, мәдени нормалар мен күтілістерге бейімделуі. Гендерлік рөлдер мен
рөлдік күтілістер түрлі қоғамда түрліше өзгеріп, құбылып отыруы мүмкін. Ал
еркек пен әйел биологиясына мұндай өзгешіліктер тән емес. Ендеше, аталған
тәсілге сәйкес, гендер мен жыныс арасындағы тура және жанама байланыстар
теріске шығарылып, гендердің символдық мәні баса көрсетіледі.
Үшінші тәсіл – гетерогенді (әр текті) парадигмасы бойынша,
жыныс пен гендер – әр текті құбылыс. Әлем табиғи тұрғыдан әйел және еркек
болып екіге бөлінген. Бұлайша жіктеу, тарих бойында әлеуметтік гендерлік
иерархияны қалыптастыруда орныққан. Ол әлеуметтік, экономикалық, саяси
себептерге сәйкес адамдарды топтастыруда немесе иерархиялық топтарда
биологиялық өзгешіліктердің мәнділігін, басымдылығын анықтайды. Бұл жерде
жыныс – гендердің негізі деген пікірлерге қарсы жыныс гендерді емес,
керісінше, гендер жынысты құрайды, қалыптастырады деген мәселе төңірегінде
сөз болады [12; 4]. Гендер сол қоғамда, сол тарихи дәуірде қалыптасқан
еркектік және әйелдіктің әлеуметтік-мәдени белгіленген үлгісіне жеке
адамның ену үдерісі мен нәтижесін қатар бейнелейді. Ер тілі мен әйел тілі –
тіл бірліктерінің жыныстық жіктелуімен тығыз байланысты, әлеуметтік қарым-
қатынасты жүзеге асырудың маңызды құралы. Бірқатар мәдениетте әйелдердің
тілдік мінез-құлқын реттеу алдымен әйел тілі ұғымының пайда болуына ықпал
етті. Ер адам тілін және әйел
тілін ажыратудың негізіне лексикалық тілдік бірліктер, модальды-
экспрессиялы демеуліктердің әр алуан жиынтығы, сыпайылықтың әр алуан
нысандары, тілдік стратегия ерекшеліктері (мәселен, ер адам өздерінің
артықшылықты дәрежеде екендіктерін тілдік бірліктердің ұзақтығы, әңгімеге
кірісу-араласу, қарым-қатынастың тақырыбын қадағалау арқылы танытады деп
саналады.) және т.б. алынады.
Гендер мен жыныстың лингвистикалық сөздіктерде мағынасын табу
жөнінде және мағыналарын ажырату мәселесінде зерттеушілер талай пікір-
таластарға түскен. Бірақ зерттей келе, түйінің шешімі табылды. Жыныс әйел
мен еркек жаратылысын анықтап, табиғатынан ерекшелетінін көрсетсе, гендер
әйел мен еркектің әлеуметтік функциясын ажыратады.
2 Хинди тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөйлеу әрекетіндегі лексикалық
және синтаксистік ерекшеліктер
2.1 Ерлер мен әйелдердің қозғайтын тақырып аясы
Ерлер-Марстан, әйелдер-Венерадан кітабының авторы
Колифорниялық жазушы Джон Грей ерлер мен әйелдер түбімен түрлі планетадан
пайда болған деп жазады. Жерге қонған соң-ақ олар өз планеталарын ұмытқан
деп түсіндіреді. Соғыс құдайының есімімен аталатын марсиандар іспен
айналысқан, қолөнерге жақын болған, сапқа тұрып соғысқан. Махаббат
планетасы есімімен аталған венералықтар айналып отырып алып, сезім туралы
қызық әңгімелер айтатын болған [13]. Жазушының түпкі қорытынды ойы – ертеде
әйелдер әлемде қарым-қатынас патшалығын құрса, ерлердің заттар патшалығын
басқарғандығы.
Бұл табиғи процесс осы күнге дейін жыныстар арасында жалғасын
тауып келді. Ер азаматтар қызмет атқарады, отан қорғайды, отбасын асыраудың
қамымен жүреді. Әйелдер үй тірлігімен айналасады, бала тәрбиелейді. Осыған
байланысты қызмет ету аясына, қоғамдағы орнына, отбасындағы рөліне қарай
еркектер мен әйелдер түрлі тақырыптарды әңгіме қылады.
Ғылыми түрде зерттелінбесе де, күнделікті өмірде бұл ерекшелік
барлық адамзатқа белгілі процесс. Ерлер мен әйелдер әңгіме барысында түрлі
тақырыптарды қозғайды, ерлердің әңгімесі әйелдер жоқ жерде жүреді және
ерлер әйелдердің тақырыбын қозғағанды ұнатпайды. Керісінше, әйелдерді
ерлердің әңгімесі көп қызықтыра бермейді [14]. Жазушының түпкі қорытынды
ойы-ертеде әйелдер әлемде қарым-қатынас патшалығын құрса, ерлердің заттар
патшалығын басқарғандығы.
Жалпы Үндістан ерлер мен әйелдердің қозғайтын тақырып аясын
зерттей келе, қалалық орындарында, ауыл-аймақтарында адамдардың әңгімелерін
тыңдап, бақылап, сол әңгіме мазмұнынан қорытынды шығарадым. Қорытындысында
ерлер мен әйелдердің түрлі тақырыптарды қозғайтындығын анықтадым. Жыныстар
арасындағы түрлі тақырыптардың қозғалуы бірнеше себептерге қарай бөлуге
болады. Бірінші себеп – ерлер мен әйелдердің қызмет ету аясының түрлі
болуы. Екінші себеп – олардың қызығушылығына байланысты. Үшінші себеп –
жыныстар арасындағы псиофизиологиялық ерекшеліктердің болуынан. Төртінші
себеп – отбасындағы атқаратын рөліне қатысты. Бесінші – ұлттық және ата-
ана дарытқан тәрбиенің жемісі. Ерлер мен әйелдердің қызығушылығының түрлі
болуына байланысты мен интернет желісі бойынша ер адамдармен сұрақ-жауап
жүргіздім. Оларға Сіз жолдастарыңызбен отырғанда қандай тақырыптарды
қозғайсыз деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақққа көбісі Спорт, саясат, ақша
мәселесі туралы әңгімелесіміз деп жауап берді. Ал әйелдердің талқылайтын
тақырыбына келсек- ол сан түрлі. Ең жиі айтылатын тақырып – жаңадан сатып
алынған бағалы киімдердің немесе сәнді әшекейлердің жүзік, алқа т.б өңін,
түр-түсін суреттейді, бағасын, қай дүкеннен сатып алынып, қай жерде
тігілгеніне дейін жалықпай әңгімелейді. Басқа адамдардың өміріндегі
өзгерістер, жаңалықтар түрі әйелдерді көп қызықтырады. Көптеген жағдайда
әңгіменің негізгі объектілері – басқалардың өмірін баяндау болады. Оны жай
ғана баяндап қоймай, әңгіме кейіпкерлеріне өз бағаларын беріп отырады. Бұл
тақырып жарыспалы, салыстырмалы түрде бірінің артынан бірі ілесіп кете
береді. Сондықтан, әйелдер отырған жерде әңгіме көп жүреді. Әйелдерде
уайымдау, қорқу, аяу, мүсіркеу сияқты эмоцияның түрлері тек жылау,
тітіркену сияқты физиологиялық құбылыстармен ғана берілмейді. Олар
сезімдерін кез-келген танысымен сөз арқылы бөліседі. Сөйлеп болған соң ғана
олар өздеріне қаншалықты жеңіл болып қалғандығын сезеді [15]. Ал ерлердің
сезімдері басқаша. Отбасы жағдайында олардың вербалды қарым-қатынасы қысқа
болады: тамақ дайын ба?, иә, жоқ. Ерлерге көп сөйлеудің керегі де
жоқ. Олар сезімдерімен бөліспейді. Ерлердің түсінігінде нағыз ер адам
сезімді игермеу керек. Ерлерді сана мен түйсік басқарады. Олар да қорқады,
жалғыз қалғанда қайғырады. Бірақ оларды нағыз ерлердің елесі бақылап
отырады. Ол елес-тәрбиенің жемісі [16]. Қарым-қатынас кезінде ерлер
басқаларды тыңдағаннан гөрі, тақырып барысында өздерінің табыстары жөнінде
әңгіме еткенді жақсы көреді. Отбасындағы әйелдер мен ерлердің атқаратын
рөлдеріне қарай әңгіменің айтылатын тақырыптық аясы болады. Ерлер
отбасындағы болып жатқан жайды көп әңгіме қыла бермейді. Ал әйелдер болса
басқа адамдармен басынан өткен кез-келген оқиғаны әңгіме етеді.
Ерлер мен әйелдердің қызығушылығына, эмоционалдылығына,
отбасындағы атқаратын рөліне қарай бұл тақырыптардың әңгіме болуы, әрине,
бұл кішкентайынан ата-ана тәрбиесімен сіңеді.
Тағы айтып кететін жайт, Үндістанда бір жыл шамасында білім
шыңдап, оқып келгенмін. Сол жердің тұрғылықты халқымен көрші болып тұрдым,
яғни айналамда тек жат тілдің халқы қоныстанды. Бұл кезең менің өмірлік
тәжірибеме еніп, хинди тілімді жаттықтыруға үлкен септігін тигізді.
Тұрғылықты халықпенен күнде тілдесіп,олардың сөйлеу мәнерлерінің
өзгешілігін байқадым. Әйелдердің психофизиологияық ерекшеліктеріне орай
сөйлеу қабілеті өте жоғары дамыған. Әйел психикасы солай орналасқан –
эмоциясы сөзге жылдам айналып, ағындай төгіледі. Эмоцияны сөзбен жеткізу –
организмнің қауіпсіздігін қорғайтын функция. Үндістан екі ғасыр бойы
ағылшын отаршылдардың қол астында өмір сүріп келді. Сол қиын қыстау
кезкңдерде Үндістан әйелдерінің жағдайы өте қиын болған. Әйелдер құқы төмен
болды. Қасиетті санскрит жазбаларын оқуға тыйым салынды және бәрімізге
белгілі каста құрылымы әйелдерге ең төмен сатыны берді. Қоғам өміріне
араласуды былай қойғанда, оларға тіпті адам құрлы көрмеді десек те болады.
Адамға қорқыныш сезімін ұялататын сати дәстүрі жесір әйелдердің қайтыс
болған күйеулерімен қоса өртеу рәсімі әйелдердің қандай жағдайда тап
болғанын көрсетеді. Индуизм бойынша таза,пәк әйел дүниеге ұл бала алып
келген әйел болып саналған,егер де үнді әйелдің күйеуі қайтыс болған
жағдайда сол әйелдің тағдыры әкесіне немесе ұлдарына тапсырылатын болған.
Жесір әйелдің өмір сүруге құқы болмаған не болмаса өмір бойы жесір әйел
болып, өмірдің бүкіл қызығынан қалу керек болған. Индуизм діні бойынша
әйелдің кармасы, яғни тағдыры ең қиын болған, дүниеге қыз баласы туылса,
онда осы берілген өмірі оның бұрынғы өмірде істеген күнәсі үшін жауап
беруге қайта берілген деп есептелген. Бірақ ежелгі Үндістанда әйел мен
еркектің теңдігі де болған. Гендерлік ассиметрия үнді әдебиетінде де орын
алған [30].Үнді мифологиясында әйел құдайы мен еркек құдайының теңдігі
көрсетілген. Мысалға алатын болсақ, индуистік құдай Шиваны оның әйелі
Парватисыз бөліп жарып айтпаған немесе керісінше. Кейіннен жоғарыда айтылып
кеткен касталық құрылым әйелдердің жағдайын мәз қылмады. А.М. Горячева
ежелгі үнді әйелдерінің әлеуметтік мәселесін былай суреттеген: Әйелдерге
қоғамда ең төмен орын берілген. Неғұрлым жоғарғы каста болса, соғұрлым әйел
құқы шектелген. Осы жағдаяттан әлеуметтік қоғамда теңсіздік – гендерлік
ассиметрия орын ала бастады [23]. Ежелгі салт-дәстүр бойынша әйелдерге
қасиетті кітаптарды оқуға тыйым салған, міне осы себепті олардың
сауатсыздығы пайда болған, ал бұл әйелдердің экономикалық тұрғыда тәуелсіз
болуына жол бермеген, сондықтан да олар мемлекеттің қоғамдық өміріне ойын
білдірмек түгіл, еш септігін тигізе алмаған. Үндістанда нағыз әйел – өмірге
ұл бала әкелген, отбасы құра алған әйел. Қыз туылған жағдайда оның тағдырын
әкесі шешкен, одан кейін қызды басқа отбасына бергеннен соң оның тағдырын
күйеуі шешкен. Үндістанда әйелдер күйеуінің бар жағдайын жасау қажет,
күйеуі сырқат немесе қайтыс болған жағдайда әйелдің бұрынғы өмірде істеген
күнәсі үшін құдай оны қарғап, күйеуінің өмірін алып қойды деп есептейді,
әйелді қоғамнан шеттетіп тастайды [29].
Үнді әдебиетінде әйел мен еркек теңсіздігі жайлы шығармалар көп
жазылған. Үндістанның танымал жазушылырдың бірі Нарендра Шарма өзінің
Оқулық атты еңбегінде брахманның жесір қалған әйелі Сукхия туралы жазған.
Күйеуі қайтыс болған соң, Сукхия бар тапқанын жалғыз ұлына Харишчандрға
беріп отырған. Амалы қалмаған жесір әйел ұлының оқуын төлеу үшін бір байдың
көңілдесі болуға бел байлайды. Ұлы үшін барлығына дайын болған әйел өзінің
абыройына көлеңке түсіріп қана қоймай, кастаға да кір келтіреді. Осы
себептен де сол заманның ескілік ойы әйелдерді ең төменгі сатыға жатқызған.
Шығарманың соңғы бөлімінде әйелге мынадай тип беріледі: 1) әйел –
қорғансыз, себебі үнді қоғамында әйелдің күйеуі, ұлдары не әкесі болмаған
жағдайда оны қорғансыз деп есептеген. 2) үнді қоғамының ойы бойынша әйел
болып дүниеге келген адамның кармасы бұзылған деп есептейді. Тағдырдың
жазғанына көнген Сукхия абыройын ұмытып, жалғыз ұлы Хариді асырау
мақсатында ақша үшін еркекке беріледі [33].
Үнді қоғамындағы әйелдің қиын жағдайы туралы Аңшылық атты
әңгімесінде үнді жазушысы Махашвети Деви, Мэри деген төмен кастаның қызы
туралы баяндайды. Мэри үнді күңші және бай ағылшынның некесіз туылған қызы
болады. Ол кездерде төмен кастадағы кедей әйелдердің бай мырзалардан
некесіз сәби туғаны жиі кездескен. Соның бірі Мэри болған. Некесіз туылған
баланы қоғам қабылдаған, бірақ басқа ұлттан туылған баланың дәстүр бойынша
үндіске үйленуге еш құқығы болмаған. Мэриге басқа дінді ұстанатын еркекке,
яғни мұсылманға үйленуден басқа амалы болмаған. Енді Мэриді үнді қоғамы бұл
қызды ешкім алмағаннан кейін мұсылманға үйленген деп күлкіге жығады. Себебі
мұсылманға шыққан қыз таза емес деп есептелген. Бұндай тағдырға мәз
болмаған Мэриге бай мырзалардан ашына болуға көптеген ұсыныстар түсіп
жатады. Бірақ Мәри бұны еркектерге бұл күнә болмаса да өзіне күнә есептеп,
бұл ұсынысты ешкім біліп қоймаса екен деп қорқынышпен өмір сүреді. Хикая
ежелгі үнді қоғамының сауатсыздығынан жапа шеккен қыздардың тағдыры жайлы
болған, ал тағдыры олардың – біреуге ашына болу, басқа дінді ұстанған
еркекке тұрмысқа шығу, не болмаса, басқа жолы – өлу [33].
Махашвети Девидің тағы бір шығармасы Дхаули атты еңбегінде,
үнді қоғамындағы сауатсыз тайпалар – Адиваси жайлы болмақ, бұл шығармалар
шынайы өмірден алынған хикаялар. Бұл шығарма дусадх кастасынан, яғни ең
төмен кастадан шыққан кедейдің қызы және жесір қалған Дхаули деген әйел
туралы жазылған. Күйеуі қайтыс болған әйелге әшекей-бұйым тағуға, шекесіне
бинди жағуына тіпті айнаға қарауына тыйым салынған болатын. Күндердін
күнінде Дхаули қызмет ететін үйдің жас мырзасы Мишрилал оған ғашық болады.
Дхаули да оған өз сезімін білдіреді, қателік жасап брахман мырзамен
жақындасып, одан жүкті болып қалады. Мишрилал отбасы бұл сұмдықты білгеннен
кейін, жігітті басқа жаққа алып кетіп, өзіне тең қызға күшпенен
үйлендіреді. Кішкентай сәбиімен жалғыз қалған Дхаулиді жұмысынан қуып,
баспанасыз қалдырады, Дхаулидің бұл үйде қалып, қызмет етуіне мүмкіндігі
болған, ол кездерде күңшілердің бай мырзадан балалы болып қалуы жиі
кездескен, бай мырзалар оларға баспана беріп, тамағын берген. Бірақ Дхаули
Мишрилалмен отбасы құрғысы келді, сондықтан оның бұл мақсатын теріс санап,
брахман отбасы әйелді далаға қуады. Жалғыз баласын асырау үшін Дхаули өз
денесін ақшаға сатады, бұны білген ауылдың брахмандары әйелді ауылдан
тасалап жібереді [34].
Міне, бұл хикаяларда ежелгі үнді әйелдерінің қиын жағдайы,
касталық құрылым және қоғамның ережелеріне бағынуы суреттелген. 1950 жылғы
Үндістан Конституциясы бойынша әйелдер мен еркек құқы тең болды. Жүкті
әйелдердің сәби жынысын білуге, түсік жасауға, қыздарды жасынан ерте
үйлендіруге тыйым салынды. Дегенмен, әйелдердің эмансипациясы үшін
әлеуметтік реформалар енгізу қозғалыстары 170 жыл бұрын басталған. 1828
жылы Үнді қоғам қайраткері, ағартушы Рам Мохан Рай бастаған Брахмо-самадж
қоғамы жесір әйелдерге қатысты сати дәстүрін құртуды ұсынып қана қоймай,
бұл рәсімнің орындалуына тыйым салды. ХІХ ғасырдың екінші жартысында
Үндістан тарихында әйел құқын көтеру жайлы көп қозғалыстар орын алада.
Танымал және ірі діни реформаторлардың бірі Вивекананда былай деп айтқан
екен [31]: Әйелге құрмет және ізет көрсетпеген ұлт осы шақта және
болашақта, яғни ешқашан ұлы мемлекет бола алмайды! ХХ ғасырда Махатма
Ганди бастаған ұлт-азаттық көтерілісте әйелдер енді мемлектеттің саяси
өміріне қатынаса бастады. Гандидің айтуы бойынша елдің азат болуына
Үндістанның барша халқы ұлтына, дініне, жынысына, әлеуметтік статусына
қарамай ат салысу қажет деп атап кетті. Ганди әйелдердің теңдігі жайлы
қозғалысқа жаңа мазмұн беріп, үнді әйелдерінің үй қабырғасынан шығып, елдің
саяси жағдайына өз ойларын білдіру құқына ие болды [32].
30-жылдары Үндістан ұлттық конгрессі партиясы әйелдер құқын
еркекпен теңестіруге заң алдында шешім қабылдады, жұмысқа алу кезіндегі
дискриммнация жойылды, сонымен қатар әйелдерге сайлау және сайлануға өз
құқығын берді. Бұл қысқаша шолу, Үндістандағы әйелдердің қоғамда қандай
орын алып келгенін және қазір қандай орын алатынын көрсетеді. Сонау
кездерден бері өзіне тиесілі орнын сұраумен келген үнді әйелдері қанша
қиыншылықты бастан кешті. Бұның дәлелін іздегіңіз келсе, тарихқа көз
жүгірту бірден-бір көмек. Гендерлік саясат жалпы қоғамда, мемлекет ішіндегі
сан түрлі салаларда, сонымен қатар тұрмыс тіршілікте, жанұяда орын алып
қоймай, лингвистикада орын алуы зерттеушілерге жаңа дүниенің есігін
ашқандай, көптеген жаңа ашуларға жол беріп отыр. Сөйлеу мәнерінде әйел мен
еркектің айырмашылықтарын табу зерек ойды қажет етеді. Себебі бұның алдында
гендерлік саясат деген әйел мен еркектің қоғамдағы теңсіздігін қарастырып
келсе, ендігі тақырып тілдегі, яғни лингвистикадағы әйел мен еркектің сөз
қолданысындағы мәселесін қарастыруда. Әйел мен еркектің тақырып қозғау аясы
түрліше болып келетіндігін байқадық, біріншіден жаратылысының әр түрлі
болып келуі, олардың табиғаты және ойлау қабілетінің түрліше болуында,
екіншіден бірде әйелдердің сөйлеу жылдамдығы жайлы айтылса, бірде әңгімеге
жақын, яғни әр уақытта әңгімеге даяр екекндігі туралы сөз қозғалды,
сондықтан әйелдер тек өз басы жайлы қана ойлап қоймай, айналадағы болып
жатқан жайттарға ойын салып, эмоцияға берілгіш болып келген.
2.2 Аяу, мүсіркеу, жаны ашу мәніндегі сөздердің жыныстар арасында айтылуы
Ерлер мен әйелдердің психологиясына қарай басқа адамның жағдайын
қабалдауы, түсінуі, ұғынуы әр түрлі болады. Әйелдердің адамның эмоциясын
түсіну қабілеті ерлердікінен жоғары. Кейбір тұжырымдарда әйелдердің тілдік
емес белгілерді, ситуациядағы адамның жағдайын түсінуі, сезімталдығы отбасы
жағдайындағы аналық, әйелдік рөлімен қызметіндегі бағынушы, яғни, қатардағы
қызметкерлердің бірі болуымен байланысты деп айтылған [15; 118].
Ерлердің қарым-қатынас жасау стилі қарапайым және нақты. Оларда
қарым-қатынас кезінде ұстамдылық, сабырлылық, шыдамдылық көрініс береді.
Әрқашан қарсыласынан биік болуға, үстем болуға тырысады. Қарым-қатынастағы
адамына әсер етудің рационалды әдісіне барады. Ерлер бір-бірімен үлкен ара-
қашықтықта сөйлеседі. Олар көп құшақтасып, сүйісе бермейді.
अंदर आमीर जी आकर बोल रहा है:
- आज मैं सब लोगों मैं यह बाताना चाहता हूँ कि एक कार्यक्राम करेंगे। इसलिए सब लोग जमा
करके तैयार करो क्योंकि बाद में निर्देशक ने सब लोगों को धन्यवाद देकर इनाम देगा -
इतनी सी बात कहकर मास्तेर जी चाला गया। [37; 45].
Амир джи ішке кіріп, былай деп айтты:
- Бүгін барлықтарыңызға айтар сөзім бар, бір концерттік бағдарлама
дайындау қажет. Сондықтан барлықтарыңыз жиналып, дайындалыңыздар,
өйткені бағдарлама біткеннен кейін институт басшымыз өзінің алғысы
ретінде барлығыңызға сыйлық тарту етеді. – осыны ғана айтып директор
мырза шыға кетті.
Міне бұл мысал ер адамдардың көп сөзділіктен алыс екенін
байқауға болады, нақты тапсырманы ешбір басқа қосымша эмоциясыз айтып
кеткен директор мырзаның бейнесін жазушы өзінің жұмыс бабына сай нақты
бейнесін көрсете ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz