Ғаламның тілдік бейнесі динамикалы негізді және ғалам бейнесіне тілдік араласудың нәтижесі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
Атькен Ұлжан
М. ДУЛАТҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҒАЛАМ БЕЙНЕСІНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ
(Диплом жұмысы)
Жетекшісі: ф. ғ. д., доцент
Әлісжанов С. Қ.
Рецензент: ф. ғ. к., доцент
Құсайынова Ж. А.
Қорғауға жіберілді «» 2009 ж.
Кафедра меңгерушісі: ф. ғ. д., доцент
Әлісжанов С. Қ.
АСТАНА - 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Когнитивті лингвистиканың қазіргі тіл білімінде алатын орны
1. 1 Танымдық тіл білімінің қалыптасу негіздері мен зерттелу тарихы . . . 8 1. 2 Ғаламның тілдік бейнесі- когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымы. . 13 1. 3 Танымдық тіл біліміндегі «тілдік тұлға» мәселесі . . . 21
2 М. Дулатұлы шығармаларындығы лингвомәдени бірліктер
2. 1 Көркем шығармалырындағы лингвомәдени бірліктер . . . 27 2. 1. 1 Прозалық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер . . . 27
2. 1. 2 Поэзиялық шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер . . . 38 2. 2 Ағартушылық еңбектеріндегі лингвомәдени бірліктер . . . 46 2. 3 Көсемсөз, әдеби-сын, зерттеу мақалаларындағы лингвомәдени бірліктер . . . 52
3 М. Дулатұлы «тілдік тұлғасын» құрайтын тілдік бірліктер
3. 1 Дулатұлы тілдік тұлғасын құрайтын мақал-мәтелдердің лингвомәдени мәні . . . 61
3. 2 Дулатұлы тілдік тұлғасын құрайтын фразеологизмдердің лингвомәдени мәні . . . 64
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 74
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Көркем шығарма тіліне танымдық талдау жасау арқылы сол халықтың санасындағы әлемнің бейнесін, ғалам бейнесін, қоршаған орта болмыс - бітімін тұтастай тануға болады. Тілдің болмысы мен табиғатын түсіну үшін сол тілді жасайтын адамдармен бірлікте қарау керек. Жазушы өз әлемін (өзіндік танымын) «көркемдік әлеммен» ұштастыру арқылы ұлт болмысын танытатын, ұлттық әлем бейнесін яғни сол ұлттың арғы - бергі түсінігі, қоршаған ортамен адамдармен қатынасы арқылы туындайтын ғалам бейнесі арқылы ұлттың әлеміне үңілуге мүмкіндік береді.
Көркем шығармадығы лингвомәдени бірліктер дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық ерекшеліктерді айқындаушы көрсеткіштер ретінде қарастырылып, ұлт дүниетанымының «Табиғат - Адам - Қоғам» өзара байланысы нәтижесінде ғаламның тілдік бейнесін жасауға негіз болады.
М. Дулатұлы шығармаларындағы лингвомәдени бірліктерді талдау барысында оның шығармашылық жүйесін құрайтын барлық туындыларында көрініс тауып, бейнеленген автордың сомдаған ғаламдық бейнесі мен тілдік тұлғасы, оны дәлелдейтін тілдік бірліктер жан- жақты сипаттап, талдауды қажет етеді. Жазушы шығармаларындағы тілдік және этномәдени мазмұнды ақпараттық құрылымға бай ғұрыптық фольклорды шығарма мазмұнына енгізіп, көркем шығарманың ұлттық нышанын айқындай түскен. Жұмысымыздың негізгі өзегі болып отырған лингвомәдени бірліктерді зертеудің маңызы зор.
Міржақып Дулатұлы - сан қырлы тұлға. Атап айтқанда, ол - лингвист, әдебиетші, сыншы, зерттеуші, публицист, ғалым, жазушы, ақын, ұстаз, математик, журналист, қоғам қайраткері, жаратылыстанушы, аудармашы, заңгер. М. Дулатұлының шығармашылығы сан-салалы қырлардан тұрады.
М. Дулатұлының жарық көрген кітаптары мыналар: 1. «Оян, қазақ!» 1909ж, Уфа: «Шарқ» баспасы; 2. «Бақытсыз Жамал», 1910ж, Қазан: Каримовтар баспасы; 3. «Азамат» (өлеңдер жинағы) Орынбор, 1913ж; 4. «Терме» (жинақ) Орынбор, 1915ж; 5. «Есеп құралы» оқулығы. Орынбор: «Дін уә мағишат» баспаханасы, 1914ж; 6. Бастауыш мектепте екі жыл оқылатын «Қирағат кітабы». Орынбор: Ғ. Ғ. Хусаинов баспаханасы, 1916ж. «Қирағат кітабы» 1923 жылы, «Есеп құралы» 1927 жылы өңделіп, алтыншы рет басылды.
М. Дулатұлының қазақ ұлтын оятқан «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы ұлттық рухты көтерген шығарма болды. Сол уақыттағы белгілі әдебиетші Кемеңгеров: «Оян, қазақты» ел қазақтары құрандай жаттаған. Міржақыптың атын алты алашқа таратқан «Оян, қазақ!» болатын», -деп жазды [1, 359] . Ал «Терме» өлең жинағының алғы сөзінде ақын былай деп жазды: «Бұл өлеңдер мұнан алты-жеті жыл бұрын, қазақша газет-журнал жоқ кезде жазылған еді. Сондықтан көбінесе оқып жүрген жастарға арналып, оларды ояту, білім-ғылымға шақыру, халықты надандықтан құтқаруға үндеп сол рухта жазылған» [1, 364б. ] .
М. Дулатұлы қазақ журналистикасының негізін салушы, ұлттық баспасөз мәдениетін, тілін қалыптастырған, сол кезеңдердегі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты көтерген қаламгер. Фил. ғыл. докторы Ж. Ысмағұлов былай дейді: «М. Дулатұлы қаламынан туған татымды мақалалар ішінде ұлт тәуелсіздігі, жалпы әлеуметтік өмір, экономика, мәдениет, әдебиет, тарих, дін мәселелерінен бастап, тіпті сол кездегі халықаралық жағдайға дейін қамтыған, солар жайынан оқырманға өте бағалы танымдық деректер берген материалдар ерекше назар аудартады. Дулатұлы қаламынан қорытылып шыққан жанрлық материалдар тіл шеберлігі, стиль мінсіздігі жағынан көп-көп қазақ журналистерінің жас буынына өзіндік бір мектеп болды десек артық айтқандық емес» [2, 13б. ] .
Міржақып Дулатұлы барлық шығармашылық ғұмырында ұлттық тіл, оның мәдениеті мәселесін өткір де, өзекті мәселе деп есептеген. Алаш ағартушыларының ортақ идеясы халықтың санасын оятып, оқу-білімге үндеу болатын. Сонымен бірге қазақ халқы бойындағы ұлттық сананы, ұлттық сезімді, ұлттық тарихты, тілді, мәдениетті басқаларға таныту мақсатында еңбек етті. Бұл жөнінде Қ. Кемеңгерұлының тілтанымдық мұрасын зерттеген тілші О. Жұбаева былай дейді: «ХХ ғасырдың басы қазақ тарихында рухани ояну дәуірі болғаны белгілі. Ұлттың өзіндік белгісін сақтап қалатын негізгі қасиеттерінің бірі - тіл екенін терең түсінген қазақ зиялылары өз беттерінше білімін жетілдіре отырып, қазақ тілі бойынша оқулықтар жазған, баспасөз бетінде түрлі пікірталастар ұйымдастырып отырған. Қазақ тіл білімінің сол кезге дейінгі зерттелу жайы мен жалпы тіл біліміндегі түрлі бағыт-көзқарастармен таныса отырып, қазақ тілінің өзіндік болмысын танытуға тырысқан» [3, 3б. ] .
М. Дулатұлының артына қалдырған зор рухани мұрасын жинақтап, зерделеп, қазақтың әдеби тілінің асыл қазынасына айналдыру міндетіміз.
Диплом жұмысының өзектілігі: М. Дулатұлының қазақ әдебиетінде тұңғыш роман жазушы ғана емес, сонымен бірге публицист, математик, педагог, саяси қайраткер сынды жан-жақты жетілген тұлғаның тілдік ерекшеліктерінің тілдік тұлға тұрғысынан қарастырылмауы зерттеудің көкейтестілігіне негіз болады. Сондықтан оның шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің қолдану деңгейіне антропоцентристік тұрғыдан талдау жасау зерттеудің негізгі өзектілігін сипаттайды. Тілді тек тілдік тұрғыдан зерттеп қана қоймай, оны тілдің қолдану мүмкіндігін ерекше айқындай түсетін тіл білімінің жаңа бағытына айналған когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына айналдыру тіліміздің даму үрдісінде белгілі болып отыр. Көркем шығарма тіліне танымдық талдау жасау арқылы сол халықтың санасындағы әлем, ғалам бейнесін, қоршаған орта болмыс-бітімін тұтастай тануымызға болады. Аталмыш жұмыста М. Дулатұлы шығармаларындағы лингвомәдени бірліктерге талдау жасалынады.
Диплом жымысының зерттеу нысаны: М. Дулатұлының тілдік тұлғасын құрайтын лингвомәдени бірліктердің қолданыс ерекшеліктері.
Диплом жұмысының мақсаты: М. Дулатұлы шығармалары негізінде ұлттық құндылықтарымызды айғақтайтын лингвомәдени бірліктерді шығарманың тілі арқылы зерттеу.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Тілді танымдық тұрғыдан талдаудың теориялық әрі практикалық маңызы;
- Танымдық тіл білімінің қалыптасу негіздері мен зерттелу тарихына шолу жүргізу;
- «Ұлт» пен «Тіл» және «Қоғам» қарам-қатынасын анықтау;
- М. Дулатұлының «тілдік тұлғасын» құрайтын тілдік бірліктердің лингвомәдени мәнін айқындау;
- «Ғаламның тілдік бейнесін» қалыптастыратын лингвомәдени бірліктердің мәнін ашу.
Диплом жұмысының зерттелу дәрежесі: Қазақ халқының жарты ғасырлық ғұмыры бар біртуар азаматтарының бірі - М. Дулатовтың шығармашылығын сан қырынан зерттеуге әбден лайық. Міржақыптану ғылымы енді-енді жанданып, М. Дулатұлының шығармашылығымен айналысып жүрген ғалымдар еңбектері жарық көруде.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдебиет туындылары алғашқы рет әдебиет саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары газет - журнал беттерінде басылды. М. Әбсеметов, А. Сармурзин, Н. Канафин, Р, Нұрғалиев, Т. Кәкішев, С. Қирабаев, Ә. Тәжібаев сынды ғалымдар ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М. Дулатұлының өмірі мен шығармасын зертеуде М. Әбсеметовтың қосқан ролі ерекше. Ол 1991 жылы әдебиет саласында «XX ғасыр басындағы тарихи - әдеби процестегі М. Дулатұлының шығармашылығы», кейіннен М. Дулатұлы еңбектері жеке кітап болып басылуының Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе отырып жұмыс істеген.
Философия ғылымдарының саласынан 2003 жылы Жұманова Г. Б. «М. Дулатовтың шығармашылығындағы философиялық көзқарастар» және О. А. Сегізбаевтың «Казахская философия XV - начало XX века» деген еңбегінде М. Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қарастырылады. А. Х. Қасымжановтың «Ұлы даланың зиялылары» деген еңбегінде М. Дулатұлының қоғамдық ойларына баға берілген.
Тарих, құқықтану саласында М. Қойгелдиев, К. Нұрпейісов, Х. Асқарұлы, К. Жиреншин, Г. Сапарғалиев, М. Құл-Мұхаммед т. б. тарихшылар мен құқықтанушылардың еңбектері Алаштықтардың, соның ішінде М. Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері туралы мәлімет берілді. Тарих ғылымдарының зерттеушісі 1999 жылы Иманбаева С. С. «М. Дулатұлының өмірі мен қызметі (1885- 1935) » тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізеді .
Жапон ғалымы Уямо Томохиконың ғылым кандидаты (гакудзюцу сюси) атағын алу үшін қорғаған еңбегінің тақырыбы «ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенттерінің көзқарасы: М. Дулатұлының «Оян, қазақ!» кітабы туралы» деп аталған [Токио, 1992] .
Ал, М. Дулатұлы шығармаларын тілдік тұрғыдан, соның ішінде танымдық тіл білімі тұрғысынан алғашқы ғалымдардың бірі болып зерттеген ғалым Имашева Г. «М. Дулатұлы шығармаларындағы «Ғаламның тілдік бейнесі» деген тақырыпта 2007 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Біз зертеу жұмысымызды осы ғалымның еңбектеріне сүйене отырып, М. Дулатұлы шығармаларындағы «ғалам бейнесін» жасаушы лингвомәдени бірліктердің негізінде қарастырамыз.
Диплом жұмысының дереккөздері: М. Дулатұлының Алматы қаласы «Ан Арыс» баспасынан 2007 жылы жарық көрген I- IV томдық шығармалар жинағында топтастырылған көркем шығармалары мен ағартушылық бағыттағы еңбектеріндегі және көсемсөз, әдеби-сын, зерттеу мақалалары негізінге алынады.
Диплом жұмысының жарияланымы: «Ғылым және жаңа ұрпақ-2009» жоғарғы оқу орындары студенттердің XI ғылыми конференциясында «М. Дулатұлының көркем шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер» атты мақала (Астана, 2009), «Ғылым және білім- 2009» жас ғалымдардың IV халықаралық ғылыми көнференциясында «М. Дулатұлының көсемсөз, әдеби-сын зертеу мақаларындағы лингвомәдени бірліктер» (Астана, 2009) деген тақырыпта мақалалар жарық көрген.
Диплом жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
1. Когнитивті лингвистиканың қазіргі қазақ тіл біліміндегі алатын орны
Аталған тарауда когнитивті лингвистиканың қалыптасу негіздері, оның негізгі ұғым-түсініктерінің бірі - ғалам бейнесі, ғаламның тілдік бейнесі туралы және «тілдік тұлға» мәселесі жөніндегі зерттеулер, олардың қазіргі қазақ тіл білімінің даму үрдісіндегі алатын орны айқындалады.
Когнитивті лингвистиканың негізгі ұстаным заңдылықтары оның ұғымдық бірліктернің өзара қарым- қатынас жасау арқылы әрі бір-біріне әсер етуі негізінде айқындалғандықтан тіл мен танымның сабақтасқан бірлігі, ең алдымен адамның психофизикалық қабілетіне және одан туындайтын әрекетіне қатысты сұрыпталады. Танымның күрделі табиғаты әр ұғымның өзіндік ерекшелігін үлкен жүйенің бөлшегі ретінде зерделеуге мүмкіндік берумен қатар, олардың адам мен қоршаған ортаны жан -жақты қабылдаудағы қызметі мен орнын түсініп, пайымдауға септігін тигізері сөзсіз.
Бүгінгі күнде қандай да болмасын тіл жалпы адамзаттың баға жетпес құндылығы деп танылып, өркениетті қоғамның негізгі қағидаларының біріне айналады. Жалпы алғанда, тіл дүниетанымның құралы, ойлаудың ұғым, түсінік, пайымдау тәрізді түрлерінің обьективтенуі болып табылады. Сонымен қатар тіл қоғамдық сананың түрлерін қалыптастырумен қатар өз кезегінде оған әсер етеді. Ал әрбір тарихи кезең, қоғамдық құбылыстар тілде өз таңбасын қалдырып отырады. Тіл қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, рухани, мәдени, өзгерістердің айнасы іспетті.
Тілдік жүйенің құрылымына тереңдеп барудың ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы - тілдік таңбаларды, оны құрайтын элементтерді, олардың мазмұндық жағы мен тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы - оларды тілдік емес мәнділіктермен, яғни ақиқат өмір, ойлау, танымдық тұрғыда бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ. Тіл табиғатын когнитивтік сипатта қарастыратын бұл бағыттың ерекшелігі - әлемдік озық лингвистиканың теориялық бағыттарын әбден дәстүрге айналған құрылымдық лингвистикадан өзгешелеу қалыппен жаңа арна үлгісінде танытуға жөн сілтейді. Тілді жеке адам мен ұжымның психологиялық, танымдық ойлау өрісімен, әлеуметтік мәдени деңгейімен және рухани-практикалық қызметімен сабақтастыра қарастыруды көздейді.
Жалпы когнитив терминінің кең мағынадағы қазақша баламасы «таным» ұғымына жуық келеді. Танымның түпкі мақсаты, әрине құбылыстардың ішкі табиғатын игеру, соны бейнелеу және соның нәтижесінде адамның іс-әрекеттеріне пайдалану, іске асыру. Болмыстың заңын, өзіндік табиғатын игеру, бейнелеу ұғымдары түрінде іске асады. Таным сыртқы дүние заттарына бағытталған тәрізді көрінгенмен, оны жүзеге асырып тұрған адам болмысы тұрғысынан бағдарланып, айтылған процестің үнемі адамның ішкі жан дүниесіне қарай бағытталатындығында жатыр. Таным процесі адамның ішкі жан дүниесінің күрделі құрылымдарын тудырады және соған сәйкес сипаты да өзгеріп отырады. Осылайша, танымның өзгеруі мен толығуын адамның ішкі қажеттіліктер дәрежесі белгілейді. Когнитив терминінің философия-психологиялық мәнін Қ. Жаманбаева өз еңбегінде былайша атап өтеді: «Когнитив - «білім» деген ағылшын сөзінен алынған. Психикалық процестердің өтуін басқаратын әлдебір білімдер жүйесінің құрылымы когнитивтік құрылым делінеді. «Әлдебір» деген сөзді қолдануымыздың мәні бар. Себебі ол құрылымның нақты сипаты прцесс үстінде ғана айқындалады» [82. 13] . Ғалым анықтамасының түпкі мәнінен адам санасындағы білімдер жүйесінің күрделі құрылымы когнитивпен байланысты екенін аңғарамыз. Әрбір ұлттың тілі - сол елдің менталды дүниесі мен шынайы этникалық болмысының айнасы. Тіл ұлттың мәдени өмірі мен дүниетанымы туралы ақпаратты сыртқа көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге шаруашылық тәжірибесінен алынған білімдер жүйесінің санада ұғым ретінде қалыптасып, тілдік таңбалар құбылысын айқындаушы бірден-бір құрал.
1. 1 Танымдық тіл білімінің қалыптасу негіздері мен зерттелу тарихы
Тілді танымдық тұрғыда зерттеу еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда кең қарқынмен дамып, зерттелу үстінде. Жалпы тілдің дамуы мен қалыптасу тарихы кез- келген тілдік құбылыстың белгілі бір негізі, нақты бір қайнар көзі- алғашқы тәжірибелер мен ізденістердің негізінде қалыптасатыны белгілі. Қазақ тіл білімінің танымдық лингвистикасы өз бастауын орыс тіл білімінен және орыс тілі арқылы қол жеткізген ғылым мен білім саласы жетекші орында келе жатқан әлем тілдернің тәжірибесіне сүйенеді.
Когнитивті лингвистика өзінің пайда болу, қалыптасу, даму тарихын ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастайды. 60 жылдары американдық ғалым Дж. Браунер когнитивті процестің табиғаты туралы алғаш сөз қозғап, лекция оқыды. Ол Дж Миллермен бірге Гарворд университетінде бірінші когнитивті зертеу орталығын ұйымдастырады. Бұл орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосты. Бала тілін зерттеу арқылы біраз жетістіктерге жетеді. Когнитивизм ғылымының нәтижесінде индевид әлем туралы біледі, сол туралы ойлана алады, сол арқылы адамның әлемді және сол әлемдегі өзінің орны туралы ойлануы лингвистиканы басқа ғылымдармен, пәндермен байланыстырды.
Когнитивті лингвистиканың тағы да бір шығу көзі ретінде ғалым В. А. Маслава «танымдық психология» мен этнолингвистика, нейролингвистика, психолингвистика, мәдениеттану жатқызады [4, 21б. ] .
XX ғасырдың ортасында когнитивті лингвистика негіздері қазіргі антропоцентристік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылды. Осының нәтижесінде Еуропада XX ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, терең зерттелініп, қанатын кең жая түсті. Осы тұста Дж. Лакофф, Р. Лангакер, Т. Ван Дейк, Дж. Хэйман, Х. И. Шмидт, М. Джонсон, М. Витгенштейн, Г. Н. Кент сияқты шет елдік ғалымдардың когнитология саласына қатысты зерттеу еңбектері жарық көрді. Зерттеушілер танымдық ғылымдар аясында «ғалам бейнесін», «ғаламның тілдік бейнесін» сипаттаудағы қызметіне айырықша назар аударды.
Тілді әр қырынан қарау барысында когнитивті лингвистиканың құрылымдық кезеңдерін байқаймыз. 70-80 жылдары Дж. Лакофф пен Г. Томпсонның «Предстовление когнитивную грамматику» деген мақаласы жарық көрді. 90 жылдардың басында әлемдік когнитивті лингвистика ғалымдары әр түрлі бағыттағы зерттеулермен айналысып, бірер жылдардан кейін когнитивті лингвистикаға арналған алғашқы оқулықтар жазыла бастады. Оған Ф. Унгерердің 1996 жылығы «Когнитивті лингвистикаға кіріспе» т. б еңбектерді атауымызға болады.
Ал орыс тілінде когнитивті лингвистика В. И. Герасимов еңбектерінен бастау алып, өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап зерттеулер жүргізіле бастады. Т. Виноградовтың және Р. Шенка сияқты орыс ғалымдары әлем тіліндегі жаңа бағыт когнитивті лингвистика туралы еңбектерді аударып, жаңа ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, соның негізінде орыс тіл білімі когнитивті лингвистиканың негізігі ұғымдары мен түсініктерін қалыптастырды .
Ю. А. Сорокин, Е. С. Яковлевна, Е. С. Кубрякова, В. Н. Телия, А. Вежбицкая, А. П. Бабушкин, С. А. Аскольдов, Д. О. Добровольскийй, Н. Д. Артюнова, Н. Н. Болдырев, Э. Д. Папова, И. А. Стернин, Ю. Н. Караулов, В. А. Маслова сияқты орыс зерттеушілерінің еңбектерінде когнитивті лингвистика ғылымының өзектілігі, теориялық мәселелері назардан тыс қаламады. Аталған зерттеу еңбектерінде когнитология ғылымының нысаны, бағыт-бағдары, зерттелуі, негізгі ұғымдары сөз етілді. Бұл еңбектерден танымдық ғылымдар ішінде тілдің атқаратын қызметінің жоғары екенін аңғаруымызға болады. Сонымен қатар, Ресейде « Новое в зарубежной лингвистике» журналының XXIII томында тілдің когнитивтік аспектісі туралы мақала жарық көрсе, 1995 жылы «Язык и интелект» атты когнитивтік лингвистикаға қатысты жинақ шығады. Орыс тіл біліміндегі когнитивтік ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосқан ресейлік ғалым Ю. С. Степанов болды. Оның 1997 жылы «Консананты словарь русской культуры» атты еңбегінде орыс мәдениетін қамтылып, когнитологиялық негізде талдау жасалды. Адамның іс-әрекеттерінің негізгі ерекшеліктерін түсінуде когнитивистер тілді кілт ретінде қолданды.
Когнитивтік лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын біртұтас жүйе тұрғысынан қарастыру болып табылады. Ол сан ғасырлық тілдік білімді адам миының жемісі ретінде бағалап, күрделі құрылым, жүйе ретінде кешенді сипаттауға бағытталған.
«Когнитивтік ғылым» термині алғашқыда белгілі бір ақпаратты қабылдау, оны електен өткізу, ми қыртысында сақтай отырып, қажетті кезде оны тәжірибеде қолдану үшін енгізгізілген. Нәтижесінде адамның миында білімнің қалыптасып және толығу жүйелерін зерттейтін ғылыми пәндер есебінде қолданды. Танымдық үлгі жүйесіндегі тілдің қызметі жөнінде Г. Харман: «Тілдің танымдық ғылымдардың ішіндегі ең маңыздылығы - тілдің ойды жеткізудегі басты құрал болып танылуымен байланысты. . Тіл танымға өзінің әсерін беруі де мүмкін» десе, А. В. Гумбольд «Язык - главнейшая деятельность человеческого духа, пронизывающая все сферы человеческого бытия и познания»- деген болатын. Бұл жөнінде Е. С. Кубрякованың: «Қандай да бір табиғи тіл арқылы біз сананың құрылымы мен оның бейнеленуінін тіл арқылы білуімізге болады» деген пікірін келтіре аламыз [5, 21б. ] . Зерттеушілердің пікірінен адам санасында, миында қалыптасқан білім қыртыстарының көрінісі тек тілдің қызметі арқылы жүзеге асатынын аңғаруға болады. Демек, таным негізінде қалыптасқан санадағы білім тек тілдік бірліктер нәтижесінде коммуникативтік қарым қатынасқа түседі. Сондықтан да тілдің когнитивті лингвистикада алатын орны өте зор.
Қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуын А. А. Потебня, Н. Хомский, Н. Я. Марр, Г. Гадамерлер де қарастырған. Олардың концепциялары философия, психология, мәдениет пен тілді бірлікте қарауға арналған. Қазіргі кезде бұл мәселенің аясы кеңіп, ғылымның философия, логика, психология, мәдениеттану сияқты бірнеше салалардың басын тоғыстыру арқылы тілдік міселелерді шешуді ұсынып, жаңа концепциялар негізінде зерттеліп келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz