Құлпытас - негізінен Батыс Қазақстанда аса кең тараған қазақ тас ескерткіштерінің бір түрі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Материалдық мәдениеті . . . 10

1. 1 Шаруашылығы мен кәсіпшігі . . . 10

1. 2 Пәтер-жай мен киім кешегі . . . 23

2 Рухани мәдениеті . . . 32

2. 1 360 әулиелі Маңғыстау . . . 32

2. 2 Маңғыстау мен Үстірт қазақтарның наным-сенімдері мен

әдет ғұрпы . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ . . . 62

ҚОСЫМШАЛАР . . . 65

КІРІСПЕ.

Тақырыптың өзектілігі.

Егемендіктің жырма жылдығы да таяп қалды. Көп уақытқа дейін еліміздің тарихы үлкен жалпыодақтық тарихтың бөлігі болып келгені ешкімге де сыр емес. Қазақ халқы мәдениеті жоқ, Кеңес Одағына қосылмағанша білімі болмаған қарапайым малшылар тұрғысынан қаралды. «Мыңқау» тарих пен мәдениет ескеркіштері далалықта шаңға оралып, жойылып кетіп жатты. Ал тың науқаны басталған кезде Қазақстан территориясының көп бөлігінде ескерткіштерінің қаншамасы жермен аударылып, үс-түссіз жоғалды, осы «қасірет» айналып өткен аймақтың бірі болып Маңғыстау ғана қалса керек. Бірақ одан басқа қазіргі кезде өзге де антропогендік факторлар кең етек алуда, бұған салынып жатқан авто жолдар, мұнай-газ өндіретін орындарды жатқызуға болады.

Қатаң идеологизацияның әсерінен қазақ халқының санасындағы әдет-ғұрып пен салт-санамыз бара-бара ұмытылып, тілімізді ұмытып, ұлт ретінде жойылып кетудің қаупі болды. Ендеше осы жиырма жылда не өзгерістер болды, тарих пен мәдениетті жандандыруға қандай әрекеттер жасалды?

Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс Қазақстанда өзара ерекшелінетін, өркениеті айрықша аймақтарының бірі Маңғыстау мен Үстірт қазақтарының мәдениетіне арналады. Зеттеу жұмысының қазіргі таңда жазылудың негізгі екі себебі бар: біріншіден, жоғарыда айтып келгендей «тарихтың куәгерлері» болатын түрлі архитектуралық жерлеу комплекстері, бір жағына шалқайған құлпытастар мен бара-бара жермен жексен болып құрып жатқан саз мазарлар, өлке тарихының бір сырын ашып беретін «кілттердің» жойылуы болса, екіншіден, аз болса да білетін, киелі деп саналатын орынды көрсетіп беріп, сол туралы мәлімет жеткізе алатын, естеріңде әдет-ғұрып, ауыз әдебиетімізді ұстап келе жататын қарияларымыздың азайып бара жатқанымен түсіндіріледі.

Соңғы кезде көшпенділердің өмірі мен мәдениетіне ерекше назар аударылып жатыр. Бұған ел басшысымыздың жариялаған «мәдени мұра» бағдарламасы ерекше атауға болады. Осындай мемлекеттің беріп жатқан көмегі мен нұсқауы арқылы ғылыми зерттеулер мен экспедициялар ұйымдастырылып, бейнефильмдер түсіріліп жатыр. Бұлардың айтып, шырылдап жатқанның басты мәселесі көшпенділіктің мүлдем жабайылық екендігін жоққа шығару, керісінше тарихы мен мәдениеті бар, өзге дүниежүзілік өркениетті халықтардан ешбір кем еместігін жариялау. Бұл орайда Мағыстау мен Үстірт халқының ұлттық дәстүрлі материалдық және рухани мәдениетіне арнап біздің де қосатынымыз бар секілді.

Мәдениет деген кезде бұл сан ғасырлар бойына қалыптасып, өне бойына білім мен даналық жинақталған элементтердің жиынтығы. Ал оның өзі халық айналысып жатқан шаруашылығы мен кәсіпшілігімен тығыз байланысты екені баршамызға түсінікті. ХХ ғасырдың басынан бастап өмір салтының өзгергеніне байланысты ұлттық мәдениет деген «мұрамызды» ұмыта бастаған секілдіміз. Жас ұрпақтар бұған ешбір қызығушлығын танытпай, орта жастағылардың үйрететіні жоқ болса керек. Әсіресе бұл Ресеймен шекаралас аудан тұрғындарына қатысты секілді. Сондықтан да ата-бабамыздың мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз. Осындай «мұраның» мол сақталған өлкелердің бірі Маңғыстау елі.

Өткенді білмей болашаққа ұмтылу мүмкін емес. Ата-баба мұрасы мыңжылдар бойына атадан балаға ауыз әдебиет, ерекше рухани мағынаға ие болған түрлі аңыздар мен оқиғалар арқылы беріліп жатты. Болашақ ұрпақты рухани жағынан тәрбие беретін әдет-ғұрып пен салт-дәстүрін дер кезінде қағазға тіркеп алу, көрнекілік құралы не «ашық аспан астындағы мұражай» бола алатын қазақтың тас қашаудың шеберлерінің туындылары мен діни ғұрыптық құрылыстарды сақтаудың маңызын айтпасақ та түсінікті шығар.

Мәселенің зерттелу деңгейі.

Зерттелуі мен тарихи танымдылықта қарастырып отырған аймақ Батыс Қазақстанның өзге облыстарымен салыстыратын болсақ аз зерттелген. Өйтіп айтуыма бірнеше себептерім бар: біріншісі әлі де болса өлкенің киелі орындары туралы толық тізім жасақталмаған, екіншіден ескерткіштердің тек бір бөлігі ғана зерттелген.

Революцияға дейінгі Маңғыстау үстімен өткен саяхатшылардың мәліметті жинақтағандардың алғашқысы боп «қазақтың геродоты» атанған Левшинді атауға болды. Оның «Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей . . . » атты еңбегінде Арал-Каспий аймағының құрылыстары туралы, жергілікті халықтың шаруашылғы мен әдет-ғұрпына да тоқталып, мәлімет береді.

Ал, ХІХ ғ. 50-шы жылдары Маңғыстау діни-ғұрыптық кешендерін суретке салып, сипаттауда Қазақстанға жер аударылған Т. Г. Шевченко мен Б. Ф. Залесскийдің еңбектерінің маңызы зор. Бұл ескерткіштер жиынтығы 1865 жылы Парижде басылып шығып, бүкіл батыс еуропа қоғамына танылады. Еңбек тек 1991 жылы Алматыда орыс және қазақ тілдерінде қайта басылып шығады. Сол кезде салынған архитектураның суреттері қазіргі кездегі рестоврация үшін ерекше маңызды.

Орыс географиялық қоғамының экспедициялары де аймақты суреттеуге, Бекет ата секілді қазақтардың діни-ғұрыптық кешендеріне сипаттама беруде өз үлестерін тигізді. Жерлеу ғұрпына ерекше мән берген жазбалар Г. С. Карелиннің «Путешествие по Каспийскому морю» атты еңбегінде 1832 жылы жарық көреді. Ал, М. И. Иванин «Поездка на полуостров Мангышлак в 1846 году» еңбекте жүріп көрген құрылыстың көпшілігі ұлутастан жасалғанын аңғарады.

ХІХ ғ. соңына қарай Арал-Каспий аймағы зерттеушілерді одан әрі қызықтыра түседі. Қазақтардың аңыз-әңгімелеріне, дәстүрлеріне назар аударған түрлі очерктік басылымдар (М. Леваневскийдің, Ю. Т. Лебедевтің т. б. ) жарық көреді. Қазақ халқы туралы этнографиялық деректер толығырақ мәлімет беретін неміс ғалымы мен дәрігер Р. Карутцаның «Среди киргизов и туркменов на Мангышлаке» еңбегін де табуға болады.

Жоғарыда аталған еңбектер Үстірт пен Маңғыстаудағы түрлі мәдени құрылыстарын айқындаумен ғана шектелген. Ал жергілікті халық туралы жазып алынған ауызша әдебиет пен әдет-ғұрып, дәстүрлері көбіне-көп үзік-үзік немесе қысқа болып келген.

Қазақстан этнографтары бұл өлкеге қызығушылығын тек ХХғ. екінші жартысынан бастап қана таныта бастады. 50-шы жылдардың басында М. М. Мендикуловтың ғылыми қызметінің арқасында Шопан ата, Масат ата, Сисем ата, Қамысбай, Асан-қожа т. б. ірі ғұрыптық кешендер ашылып, зерттелген болатын. Ол осы мәдени ескерткіштерді алғашқы топтау әрекетін жасаумен қатар генезис (ескерткіштердің пайда болуы, дамуы) сұрақтарына тоқталған, бұл алғашқы ғылыми этнографиялық тәжірибелер болатын.

Бұдан кейін бұл өлкені зерттеу жиырма жылдай уақытқа тоқталған болатын.

ХХ ғ. 60-шы жылдардың соңында танымал этнограф Х. Арғынбаев Маңғыстау мен онымен шектес аудандарын зерттеуге ат салысып, 1987 ж жарық көрген «Қазақ халқының қолөнері» кітабында Батыс Қазақстан қазақтарының тас қашау өнеріне арнап «Тас өңдеу» атты қосымша тарау қосқан. Бұл тарауда негізінен бұрын белгісіз болған халық тас өңдеу шеберлері туралы көп мәлімет жинақталған.

1960-шы жылдары Маңғыстау ескерткіштерін этнографтар А. Джакиев пен С. П. Поляков зерттеулері жарық көре бастайды. Осы басылымдарда қазақ пен түркмен діни-ғұрыптық кешендерінің ортақ генезисі мен айырмашылығына көп көңіл бөлінеді.

Кейінгі уақытта этнографиялық зерттеулерде адай жұртының рухани мәдениетіне де көңіл аударыла басталып, халық арасында киелі жерлер, аңыздар туралы мәліметтер жинақтала бастайды, жарық көреді.

70-шы жылдардың ортасында Маңғыстаудың тарихы мен мәдениетіне арнап сол жерде туып өскен авторлар ұжымы С. Шалабаев, Е. Өмірбаев және К. Сыдиықов өз көзқарастарын «Маңғыстау» коллективтік монографиясында білдірді. Сонымен қоса Ә. Кекілбавтің де «Ұйқыдағы арудың оянуы» кітабы да жарық көрді. Бұл екі еңбекте Шығыс Каспий аймағының тарихи-мәдени көрінісіне түрлі жаңашыл ойларды білдірді, халықтың тарихи аңыздары мен әңгімелерін жария етті.

Маңғыстау мен Үстірттің халық сәулет өнеріне қызығушылық (бұл зерттеушілік) ХХ ғасырдың 70-шы жылдардың басында Республиканың Мәдениет басқармасы, Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының экспедицияларымен он жыл ішінде Маңғыстау мен Үстірттің көне қорымдарының көп бөлігін зерттеді. Ондағы негізгі мақсаты ескерткіштерді мемлекеттік есепке алу, паспорттау, және архитектуралық құрылыстарды реставрациялау болатын. Осы зерттеулердің бір бөлігі «Қазақ Кеңес Энциклопедиясында» жеке кішігірім мақалалар ретінде көрініс тапты. Бірақ өкінішке орай материалдың көп бөлігі жарияланбай архивте шаңдалып қалған болатын.

Маңғыстау мен Батыс Үстірт аймағындағы қазақтың сәулет өнерін зерттеудің нәтижесі Т. Джанысбековтың кандидаттық диссертациясында көрініс алды. Ол әлсіз зерттелген қорымдарына көп көңіл бөлген еді. Бірақ, біздің ойымызша ескерткіштердің генезисіне (шығу тегі) мен типологиясына (белгілеріне қарай бөлу) аз көңіл бөлінген секілді.

1987 ж. М. М. Мендикуловтың соңғы «Памятники народного зодчества Западного Казахстана» атты монографиясы жарық көрді. Бұл ертеректегі автордың зерттеулерінің жалғасы немесе қорытындысы болды. Негізгі көңіл әрине Батыс Қазақстанның оңтүстік бөлігіне, яғни Маңғыстау мен Үстірттің тас қашау өнері шеберлерінің туындыларына бөлінді.

70-шы жылдардың соңынан бастап ескерткіштерді зерттеу жоспарлы түрде жүзеге асырыла бастады. Маңғыстау мен Үстірт және олармен көршілес аймақтарына кешенді тұрде экспедициялар ұйымдастырыла бастайды.

Өмірінің көп бөлігін осы салаға арнаған Қазақстан этнографтарының бірі ретінде қазіргі кезде танымал доктор, профессор С. Е. Ажиғалиді айтуға болады. Ол Арал-Каспий аймағын Тарих, археология және этнография институтының ұйымдастырған (1987-1988, 1990 жж. ) экспедиция құрамында зерттеушілік жолын бастаған еді. 1997 ж. Сам ауданында, француз-қазақ-қарақалпақ экспедициясында, 1998 ж. Бузачи жартыаралындағы этномәдени зерттеулерін жалғастырды.

Автор Маңғыстау мен Үстіртте 130-дан астам қорымдары мен 4 мыңға тарта жеке құрылыстарын зерттеді. Бұл зерттеулер «Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана» еңбегінің жазылуына алып келді.

Қазіргі кезде Маңғыстау мәдениетіне көптеген жаңа мақалалар мен материалдар жинақтары жариялымдары шығып жатыр. Осылардың арасында Медоедовтың «Камень и эстетика номадов», К. Ибраеваның «Казахский орнамент», Т. Джанысбековтың «Тасөрнек» басылымдарын айтуға болады.

Қазақстандық Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнерінен» басқа қарақалпақ зерттеушісі Х. Есбергеновтың «Қоңырат . . . » зерттеулері Үстірт қазақтарының мәдениетіне байланысты көп қызықты деректерді келтіреді.

1995 ж. «казахи» коллективті монография жарық көрді. Бұл еңбек жалпы Қазақстан аумағындағы қазақтардың (көбіне ХІХ-ХХ ғғ. ) тұрмыс-тіршілігі, отбасылық қатынастар, рухани мәдениетіне мен шаруашылығына байланысты әдет-ғұрып элементтерін қамтиді. Жекелеген аудандарының мәдениетіне байланысты деректер аз, немесе бұл еңбекті жалпы қазақ халқын өзгелерге таныстыру мақсатында жазылды деуге де болады.

Соңғы уақытта энциклопедиялық басылымдар кең етек алуда. «Маңғыстау» энциклопедиясында бөлімнің бірі арнайы халықтың мәдениетіне арналған: Маңғыстау, Бузачи жартыаралының және батыс Үстірт аймағындағы әулиелер, соларға арнап тұрғызылған түрлі архитектуралық құрылыстар мен мешіттер, аңыз-әңгімелерді де келтіреді.

2005 жылы Р. А. Бекназаровтың «Қазақтың тас қашау өнері» атты еңбегі баспадан шығарылады. Бұнда автор Батыс Қазақстан ескерткіштерінің типологиясына көп ауытқымай, ежелгі заманнан бастап даму сатыларына ерекше мән берген.

Соңына қарай екі жеке авторға тоқталғым келіп отыр. Біріншісі, бұл жоғарыда айтып кеткен С. Е. Ажиғалидің «Архитектура кочевников» монографиясы. Ол бүкіл Батыс Қазақстанның ескерткіштерін тізбектеп зерттей келе, Батыс Үстірт пен Маңғыстау аймағы ерекше, көршілес аудандардан өзгеше, ал бұндай айырмашылықтардың қалыптасына алып келген басты себептерінің бірі ретінде географиялық жағдай, шұғыл контитентті климат деп көрсетті.

Екінші зерттеушіміз Шетпе кентінде он жылға жуық төсекке таңылып жатып, Маңғыстау мен онымен көршілес аймақтары туралы оннан астам кітап жазып, қазақтың тарихына өз үлесін қосты. Серікбол Қондыбайды «қазақ мифологиясының» іргетасын қалаған дарынды иесі деп бекер айтпайды. Еңбектері: «Қазақ мифологиясына кіріспе», «Есен-қазақ», «Эстетика ландшафтов Мангистау», «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары», «Маңғыстаунама» т. б. Оның көзқарастары бойынша Маңғыстау өзара үзілмес тарихты басынан кешірген. Қазіргі түбек тұрғындарын (адай жұртын) есен-қазақтардың ұрпақтары дейді. Ал есен-қазақтар деп сонау ертерек заманнан бері тұрып келген еркін көшпелі халықты атайды. Маңғыстауды автор Азияның ортасында орналасқан Тибетпен салыстырады, себебі ол да материктің шетінде орналаспағанмен өзге дүниеден шектеліп келіп, осының арқасында ежелгі дәстүрлерді бойында сақтап келді деген тұжырымға келді. Өкініштісі ол өз еңбектерін көзі тірісінде ешкімге сыйға бере алмады, 2004 ж. дүние салады. Ал, туынды шығармалары тек 2007 ж. жарық көрді.

Тарихнамалық аспектіні қорыта келе тарихшылар ең алдымен адам, ал адамға тән қасиет оның өзінің көргенін жазу немесе өз көзқарасын білдірту. Дегенмен жоғарыда аталған еңбектерінің маңызы зор екенін атпасақ та болатын шығар.

Мәселенің деректік көзі.

Дерек негізіне біз Маңғыстауға жол сапар шеккен саяхатшылардың жазба мәліметтерін (Левшин, Т. Г. Шевченко мен Б. Ф. Залесский, Г. С. Карелин және М. И. Иванин), алғашқы этномәліметерді тіркеген М. Леваневскийдің, Ю. Т. Лебедевтің, Р. Карутцаның еңбектері мен Қазақстандық этнографиялық экспедицияларының нәтижелерінде жарияланған Х. Арғынбаев, М. М. Мендикулов пен С. Е. Ажиғалидің материалдарын пайдаландық.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.

Диплом жұмысын жазу барысында біз алдымызға төмендегідей мақсаттарды қойдық:

-Осы аймақ мәдениетінің Қазақстанның өзге өлкелерден ерекшелігін көрсету;

  • Оның тарих аясында алған оқиғалармен ұштастырып, себеп салдарын түсіндіру.

Осыған байланысты біз келесі міндеттерді шешуге бел будық:

  • Маңғыстау қазақтарының мәдениеттің негізін құрып, айналысқан кәсіпшіліктерін айқындау;
  • Киім-кешегі мен баспанасындағы ерекшелігін айқындау;
  • Кең тараған әулиелер культін зерделеу;
  • Қәзіргі халқының әдет-ғұрып пен діни сенімдеріндегі кешегі мен бүгінін айыру.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері.

Бұл өлке азамат өркениетінің көпғасырлық даму жолынан ешқашан тысқары тұрмаған, бұл аймақ үшін үнемі қызу қантөгістер жүріп отырғаны көпшілікке мәлім. Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері ХVIII ғ. басынан бастап яғни Маңғыстауда қазақтардың тұрақты қоныстануынан бастап (дерек бойынша уақытты 1700-1725 жылдары, яғни XVIII ғасырдың бірінші ширегі), ХХ ғ. 30-шы жылдардағы елде қуғын-сүргін мен елден босып, қашуға дейінгі уақыт аралықты қамтиді.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Біз мәдениеттің зерттеу барысында рухани және материалдық аспектілерін бірге қарастыруды жөн көріп, байланысы мен бір-біріне әсерін зерттемекпіз.

Зерттеудің практикалық маңызы.

Зерттеу жұмысы келешекте осы бағытта ізденушілерге, өлкетанушыларға және орта оқу орындарының оқытушыларына бағыт-бағдар, көмекші құралы ретінде, сонымен қоса келешекте мақала мен ғылыми зерттеу жұмастарына негіз бола алады деген ойдамыз.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері.

Бұл зерттеу жұмысы қазіргі қалыптасқан тарихи зерттеу әдіс-тәсілге сүйене отырып, тақырыбына байланысты деректер мен әдебиетке негізделіп жазылды. Тарихи талдау, салыстырмалылық тәсілдер қолданылды.

Зерттеудің территориялық ауқымы.

Географиялық жағынан алғанда қарасырып отырған өлкемізді «Шығыс Каспий», «Маңғыстау жартыаралы» және Батыс Үстірт аймағын бір контекст тұрғысынан қарауды жөн көрдік. Ал қазіргі әкімшілік-территориялық бөліністе солтүстікте Атырау мен Ақтөбе облыстарымен, Шығыста Қарақалпақ автономиясымен (Өзбекстан республикасы), оңтүстігінде Түркменстан республикасымен шектеседі. Бүкіл батыс жағы Каспий теңізінің жағалауы.

Диплом жұмысының құрылымы.

Жұмыс кіріспеден, екі тарау мен төрт параграф, қорытынды және пайдаланған дерек тізімі мен қосымша иллюстрациялық материалдардан тұрады.

1. Материалдық мәдениеті.

  1. Шаруашылығы мен кәсіпшілігі.

Маңғыстау мен Үстірттің табиғи жағдайы ондағы шаруашылықтың қалыптасуына өз септігін тигізді. Әсіресе б. з. д. І мыңжылдықтың басында болған аридизация (далалықтың құрғақтанып кетуі, шөлейт аймағына айналуы) өзгерісінен соң Еуразияның даласының көп бөлігінде көшпелі мал шаруашылығы басты орынды иеленді.

Мыңжылдар бойына қалыптасқан көшпелілердің маршруттары, XVII-XVIII ғасырда болған саяси жағдайларына байланысты бірталай бұзылған болатын.

Кіші жүздің Ресей қоластына кіргеннен соң, елдің ішкі жағдайы тұрақтанғанымен көшпелі мал шаруашылығы кең көлемде қайта жандана алмады. Онымен қоса Ресей империясы бекіністерін сала бастағаннан кейін, қазақтар көптеген жайлау аймақтарынан айырылды.

Шығыс Каспийдегі тасты немесе құмды шөл мен шөлейт аймағы мал өсіруден басқа шаруашылық жүргізу мүмкін емес болғандықтан, мұнда дәстүрлі кәсіппен өмір кешіп, бойлық бағытпен көшіп-қону жалғаса берді. Шұғыл континетальды климат жағдайында Маңғыстау қазақтары осы қиыншылықтарға төзе алатын мал тұқымдары - түйе, жылқы және қой өсірілді.

Қой жалпы барлық аймақта тұратын қазақтар үшін маңызды алдыңғы орынды иеленді (Маңғыстауда да) . Қазақстанның жергілікті ауа-райының жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты, әр жақта өзінің қой түрі өсірілді. Батыста «жергілікті қой» деп адайлық (құйрықты, қылшық жүнді) тұқым өсірілді. Қой мыңжылдар бойына қазақ даласында айырбас сауданың өлшем бірлігі болып келді (айталық құнды заттардың барлығы қой санына теңеліп саналған болатын) [1] . Бұл өлкеде «Мал өсірсең - қой өсір, табысы оның көл - көсір» деген сөз ежелден қалса керек. Маңғыстау сөзінің баламасы ретінде кей зерттеушілер оны екі сөзден құралатынын айтады: біріншісі түріктің «маң» (яғни-қой) сөзі, екіншісі бәрімізге түсінікті қыстау сөзі.

Қазақтарда төртүліктің арасында ерекше қасиетті деп саналатын жануары жылқы. Қой секілді жылқының да түр-түрін (жетісулық, наймандық, адайлық т. б. ) қазақстанның әр түкпірінде кездестіруге болатын еді, бірақ ең көп таралған түрі бұл - қазақтың аласа бойлы, қалың жүнді, кең бүйірлі жылқысы еді. Басқалардан өзгешелігі жыл бойына жем-шөбін өзіне өзі таба алатын, тебінді мал болды. Жылқы да қой секілді адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуде зор маңызға иеленді. Қойдан артықшылығы, жылқының сүті - қымыз өте пайдалы деп танылды. Бұнымен қоса салт мінсең көлік, және түрлі шаруашылық көмекке пайдалануға да болады. Орыстар қазақтардан жылқыны аса төзімділігі мен күй талғамайтындығы себебінен жиі сатып алып жатты [2] .

Орыс казактарының көшіп келумен бірге (ірі қараның етіне сұраныстың көбеюі салдарынан) Батыс Қазақстанның солтүстік облыстарында сол кезде ірі қараны өсіру кең етек алған. Ал, Маңғыстау үшін бұл мал түрін өсіруге тиімсіз болды, сондықтан аз ұсталған болатын [3] . Дегенмен де кейінгі кезде өсіріле басталғаны айғақ.

Көшпелілік кезінде заттарды тасымалдау үшін қазақтар түйенің көмегіне жүгінді. Маңғыстауда түйенің екі түрі қолданылды: бірөркешті - нар және екі өркешті-айыр. Жартыаралдың шұғылконтиненталдық климатын ескере отырып, көбіне екі өркешті түйелер көбейтілді. Олар төзімдірек болса керек. Түйенің жүні киім-кешек пен көрпе тігумен қатар, сатуға пайдаланды. Тағамға еті, ал сүті - «шұбат» (бұл термин Батыс Қазақстандық, өзге аудандарда «қымыран») сусын ретінде пайдаланды.

Жылдың мерзіміне орай көшпенділердің көшіп-қонуы төрт циклден тұрды: қыстау, көктеу, жайлау мен күздеу.

Қыста малдың жайылымдары ретінде - солтүстіктің салқын желдерден қорғайтын таулардың оңтүстік баурайлары, тал және қамыспен қоршалған өзен мен көлдердің жағалаулары секілді жерлер таңдап алынып жатты. Осыдан Маңғыстау топонимінің екінші баламасы «Мыңқыстау» сөзінің пайда болуының тағы бір болжамы ретінде қарастыруға болады.

Көктемгі жайылым территориясын таңдауда, келесі жағдайлар ескеріледі: қыстаудан жақын жердегі, қары ерте кететін болуы шарт еді. Көбіне-көп көктеу мен күздеу аймақтары бір болды, бойлық ендікпен жайлаудан оралғанша, шөп жамылғысы қалпына келуге мүмкіндігі болды.

Жайлауға адайлар солтүстікке бағыт алған, малдың саны көшу қашықтығына тікелей байланысты болды [4] . Осыдан қазақтарда «шаруа көшсе байыды» мақалы да пайда болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Андроново мәдениеті
Маңғыстау облысының туристік – экскурсиялық мүмкіндіктері
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Батыс Қазақстанның тарихи - мәдени ескерткіштері
Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Түркістан қаласы тарихы
Ортағасырлардағы тайпалардың материалдық мәдениеті
Ақтөбе облысының территориясына туристік - экскурсиялық маршрут жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz