Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйе


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе: Кіріспе
:
Кіріспе: I-тарау. Мәліметтер қоры - информацаялық жүйенің негізі
:
Кіріспе: 1. 1. Информациялық жүйе және оның жіктелуі, мәліметтер қоры жайлы жалпы түсінік
:
Кіріспе: 1. 2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МББЖ), мәліметтер қорының негізгі типтері
:
Кіріспе: II-тарау. Мәліметтер қорын оқытудың ерекшеліктері
:
Кіріспе:
  1. Мәліметтер қорын оқыту әдістемесі.
  2. Мәліметтер қорын оқытудың тиімділігі.
  3. Әдістемелік талдаулар мен нұсқаулар

ІІІ - тарау. Тәжірибелік жұмыс

:
Кіріспе: 3. 1. Мәліметтер қоры және ақпараттық жүйе
:
Кіріспе: 3. 2. МҚБЖ ортасындағы оқушылардың негізгі жұмысы
:
Кіріспе: 3. 3. Кесте құру, сұраныс жасау, есеп беру.
:
Кіріспе: 3. 4. Мәліметтер қорын құру
:
Кіріспе:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Әдебиеттер.
:
Кіріспе: Қосымшалар.
:

Кіріспе

ҚР президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында, яғни Қазақстан - 2030 бағдарламасына сәйкес қоғамның барлық салаларында ақпараттандыру үрдiсi жүруде. Осыған байланысты барлық оқу жүйелерiн, әсiресе орта мектептердi компьютермен жабдықтап қана қоймай, программалау саласының iшiнде МББЖ-сiн оқыту қолға алынып отыр.

Әртүрлi құжаттар үшiн керектi ақпаратты табу үшiн, мамандарға үлкен көлемдi мәлiметтермен жұмыс iстеуiне тура келедi. Осындай жұмыс түрiн жеңiлдету үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi төмендегiдей программалау тiлдiрiмен, яғни - MS Access, FoxPro жүйелерiмен жұмыс жасайды.

Қазiргi уақытта әр түлi мамандықтың саласында, ойлауды және интенсивтендiру жасалып, дербес компьютер негiзiнде жұмыс iстейтiн автоматтандырылған жұмыс орындары осы МББЖ-нiң iшiндегi MS ACCESS жүйесiмен жұмыс iстеу кең ауқымда таралуда.

Біз өмірде әр түрлі анықтамаларды (телефон желісі, теміржол, әуе жолы, т. б. ), каталогтарды (библиотекалық, өнеркәсіп өнімдері тізімін), тізімдерді (студенттердің, оқушылардың, жыскерлердің, т. б., жиі қолданамыз. Көрсетілген әрбір информация көзі объектілер жиынын анықтайды (абонент телефоны, мектеп туралы ақпарат), сондықтан, жинақталған информацияның ішінен ең керегін таңдап алу көп уақытты талап етеді. Ал керекті информацияны құрастыру, жинақтау, жаңарту бұдан да қиын. осындай көрсетілген жұмыстар қазіргі уақытта машина иығына артылып, өз шешімін тауып отыр.

Информацияны ЭЕМ кегімен ұйымдастыру әдістерінің жан-жақты таралған түрінің бірі - Мәлiметтер базасын басқару жүйесі (МҚБЖ), яғни керекті информацияның өңделу үшін ыңғайлы түрде сақталуы.

Мәлiметтер қорын ұйымдастыру үшін компьютерлік бағдарламалар бар, оларды мәлiметтер базасын басқару жүйесі деп атайды.

Бұл мәлiметтер қорын басқару жүйесінің білім беру саласында да тигізер пайдасы зор. Атап айтқанда математика сабағында мәлiметтер базасының мүмкіндіктерін малімдер де, оқушылар да пайдалана алады.

Біздің өмірімізде орын алатын, қазіргі кезде өміріміздің көптеген салаларында қолданылатын компьютерлердің мектептерімізбен үйлерімізге де жылдам еніп бара жатқанын байқаймыз. Сондықтан біз осы машиналардың балаларды оқытуға қандай әсерін тигізетіні туралы қызу даудың куәгері бола аламыз. Әрине, компьютерлердің білім беру саласында да тигізер пайдасы зор.

Мәлiметтердің педагогикалық банкісін сәтті қолдануды қамтамасыз ету үшін, бізге практикалық дағдымен білім алу керек.

Қазіргі заманғы қылыстармен обьектілер массивтерінің негізгі принциптерінің құрылымдарымен танысу бітіру жысымның басты мақсаты. Осындай массивтер программалы аппаратты құралдармен бірге информациялық жүйе деп аталатын жүйені құрайды.

Мәлiметтер базасының басқару жүйесiмен жұмыс жасаудың негiзгi мақсаты:

  1. Оқушылардың ойлау қабiлетiн арттыру;
  2. Оқушыларға ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық техналогияларды меңгерту;
  3. Оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау.

Практикалық бөлiмде жасалынған дидактикалық материалдар төңiректiк ауқымда жасалынған.

XXI ғасырдың әрбiр мұғалiмi мен оқыушысы компьютерлiк техналогия және қарым-қатынас дегенiң не екенiн ұға бiлуi, тиiмдi пайдалана алуы, оның iшiнде ақпарат қайда, қандай түрде екенiне қарамастан бiлiмнiң әр түлi саласындағы мәлiметтермен мәлiметтерге қол жеткiзуi қажет.

Мектеп оқушылары мен бiз ұстаздар бәрiмiз бiр үлкен «Ғаламдық ауылдың» тұрғындарымыз, сондықтан оның бiр бұрышындағы оқиға бәрiмiздiң өмiрiмiзге әсер етедi.

Жұмыстың мақсаты - фактографиялық информациялық жүйемен танысып, Мәліметтер қорының жұмысының принциптерімен танысу, мәліметтер базасының информациялық жүйенің негізі болатынын көрсету, мектепте мәліметтер қорын оқытудың ерекшеліктерін көрсету.

Осы мақсатқа жету үшін жүргізілетін жұмыстар:

  1. Информациялық жүйе түрлерімен танысу.
  2. Мәліметтер қорының жұмыс режимін сипаттау.
  3. Қазіргі кездегі информациялық жүйе ерекшеліктерін сипаттау.

Ескерту.

Бұл жұмыста бұдан былай Мәлiметтер базасынын басқару жүйесі деген сөз орнына қысқартылып МББЖ сөзі, ал Мәлiметтер базасы сөзі орнына қысқартылып МБ сөзі жазылады.


I-ТАРАУ. МӘЛIМЕТТЕР ҚОРЫ - ИНФОРМАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗІ

  1. Ақпараттық жүйе және оның жіктелуі

Қазіргі заманғы құбылыстар мен объектілер массивтерінің негізгі принциптері, құрылымдары программалы - аппаратты құралдар мен бірге информациялық жүйені құрайды.

Информациялық жүйелерді шартты түрде фактографиялық және документальды деп бөлуге болады.

Фактографиялық - информациялық жүйеде өмідегі барлық объектілер туралы мәлiметтердің нақты мәндері тіркеледі. Бұл жүйеде объектілер туралы барлық мәлiметтер алдын - ала белгіленген форматты компьютерге хабарланады. Фактографиялық - информациялық жүйеде информациялардың белгілі бір структурасы болады. Солар бойынша машина мәлiметтердің бірінен - бірін ажырата алады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сауалға бірмәнді жауап бере алады.

Ал, документальды - информациялық жүйелердің фактографиялық жүйелерден біршама өзгешеліктері бар. Бұндай жүйелердің мәлiметтер базасын белгілі бір структураға сәйкес документтер (статья, кітаптар, рефераттар, т. с. с) және графиктік объектілер құрайды. Жүйенің мақсаты қолданушының сұрауындағы шартты қанағаттандыратындай документтер тізімін береді.

Мәлiметтер қоры жайлы жалпы түсінік

Мәлiметтер деп, біз ЭЕМ-ның жадысында немесе ЭЕМ-ға енгізуге дайындалып қойылған информацияларды түсінеміз.

Информацияларды дайындау оны жалпылау, кодтау және машинаның тіліне көшіруден тұрады.

Мәлiметтерді өңдеу деп, мәлiметтер массивін түрлендірұді жүзеге асыратын есептердің мәндестілігін түсінеміз . Мәлiметтерді өңдеуге мәлiметтерді ЭЕМ-ға енгізу, қандай да бір параметр және сын бойынша мәлiметтерді таңдау, мәлiметтердің құрылымын түрлендіру, мәлiметтерді ЭЕМ-ның сыртқы жадысына орналастыру, есептің шешуінің нәтижесі болатын мәлiметтерді шығаруды өзіне енгізеді.

Мәлiметтер комплексін шешу үшін мәлiметтерді өңдеудің өзара байланысқан есептердің жүйесі құрылады.

Мәлiметтерді басқару деп, мәлiметтердi өңдеу есебiн жетiлдiре қалыптастыру үшiн қажеттi мәлiметтердiң барлық операцияларының шеңберi түсiндiрiледi. Бұл операцияларды қамтамасыз етушiлерге бөлуге болады, мысалы, көшiру және жұмысшылар, бұлар МӨЕ-нiң қолданбалы бағдарламалармен орындалады.

МӨЕ-нiң (Мәлiметердi өңдеу есептерi) шешiлуiнiң әдiстерiнiң дамуы 60- шы жалдары мәлiметтер базасының ұғымының пайда болуына әкелдi, бұл информатика саласының негiзi болды. Осы жерде «Мәлiметтер базасы деп ненi түсiнемiз?» деген сұрақ туады.

Мәлiметтер базасы деп келесi шарттарды қанағаттандыратын мәлiметтер жиынын айтады:

  1. Жалпы есепке байланысты қойылған мақсатқа бағытталғандылық.
  2. Өмiр шындығына қатысты әлдебiр облысты бейнелейтiн құрылымдылық шарты немесе модельдiлiк.
  3. Өзара байланыстылық.
  4. Жинақталған информацияның басқа қолданбалы программалардан тәуелсiздiгi.

Мәлiметтер базасы негiзiнде кейбiр пәндiк облыстардың өзара байланысқан мәлiметтердiң мәндестiгi, бұл ЭЕМ-нiң жадысында сақталады және бұл мәлiметтер есептердi шешуге қолдануды ұйымдастырылғаны айтылады.

Мәлiметтер базасың ұғымына байланысты кейбiр нақты жағдайларды көрсетейiк.

  1. Мәлiметтер базасын сақтау үшiн қандай жады жарамды?

Бұл жады келесi қасиеттердi меңгере алуы керек:

  1. МӨЕ-нiң мiндеттерi ккөбiнесе қайталана шешiледi, мұнда бiр есептiң шешiлуi кейбiр жаңдайларда басқа есептерге берiлген iзделiндi бола алады.

Бұл жағдайларда мәлiметтер базасы «мәлiметтер банкы» рольiн атқара алады, мұнда берiлген облыстың есептерiн шешу үшiн пәндiк информация жинақталады. Сондықтан, мәлiметтер базасыың берiлуi тұрақты сақталсын және олардың бар болуы жәе сақталуы ЭЕМ-нiң күйiне тәуелдi болмауы керек. Бұдан басқа информацияның мәлiметтер базасында бағалы болғандықтан жадыға информацияны сақтаудың сенiмдiлiгiнiң жоғары болуы талап етiледi.

  1. Мәлiметтер базасының жадысы өте кең көлемдi болуы керек және мәлiметтер базасының өмiр сүру процесiнде кеңейтуге мүмкiндiк болуы керек.
  2. МБ-сында қолданылатын информациялардыiздеу методы мәлiметтерге тура қатынасты талап етедi. Қазiргi уақытта тiзiлген қажеттiлiктерге көп мөшерде магнит дискiсiндегi сыртқы жады қанағаттандырады, қазiргi МБ-ның көпшiлiгi дискiде сақталынады.

Магнит лентелерындағы сыртқы жады МБ-ның көшiрмесiн түсiру үшiн қолданылады.

МБ-сын қолдану процессiнде, мәлiметтер керектi мөлшерде ЭЕМ-нiң оперативтi жадысында есептелiнедi, мұнда олардың қажеттi өңдеуi өтедi.

ЭЕМ-нiң ақпаратты құралдарының дамуы негiздерiнде МБ-сын сақтауға жаңа м8үмкiндiктер пайда болуда. ЭЕМ-ны оперативтi жадысының тез арада көлемiнiң ұлғаюына байланысты оперативтi жадыға барлық мәлiметтер базасын қосымша санауға жиi мүмкiндiктер туады, бұл мәлiметтердi өңдеудiң жылдамдығын арттырады. Бұдан басқа соңғы уақытта «электронды дискiде» информацияны көп уақыт сақтауға мүмкiндiк туды.

Мұндай құрылғылар жоғары жылдам қозғалыстарды меңгередi.

II. Базалардың бiркелкi мәлiметтерi көптеген қолданбалы есептердi шешуге қолданылады. Осымен МБ-сын басқа кез-келген ЭЕМ-ның сыртқы жадысының мәндестiгiнен айырмашылығы бар. Бұдан басқа, мәлiметтердiң массивi әртүрлi тәсiлдермен табылады немесе мәлiметтердiң жекелеме көрiнiстерi көптеген әртүрлi пайдаланушылармен бiрге қолданылады.

III. Мәлiметтер базасы сыртқы әлемiнiң кейбiр пәндiк облыстарымен информациялы моделi болады. Мұнда, объектiнiң қасиеттерi және мiнездемелерi туралы мәлiметтер сақталады. Шынында сыртқы әлемде объектiлер өзара байланысқан, ал МБ-сында бұл байланыстар бейнеленедi.

Сонымен, МБ-сында барлық мәлiметтер байланысқан.

Мәлiметтердi ұйымдастырудағы қажеттiлiктер.

МБ-сын жақсы құрастыру тек қана оның ұйымдастыруындағы кейбiр қажеттiлiктердi орындағанда жүзеге асады. Мұндай қажеттiлiктерге мыналарды енгiзуге болады:

  1. Мәлiметтердi бiрге қолдану.
  2. Бiрдей базаның мәлiметтерi бiрнеше пайдаланушылармен қолданыла алады. Мұнда әрбiр пайдаланушы бұл мәлiметтердi өзiне ыңғайлы түрде алуы қажет. Бiрдей мәлiметтердi бiр мезгiлде әртүрлi пайдаланушы қолданған кезде мәлiметтер базасына аздаған ыңғайлылықтар туғызу керек.

МБ-сының кеңейтiлуi.

МБ кеңеюге қабiлеттi болуы керек, бұлар мыналар негiзiнде болады:

  1. Бiр типтi мәлiметтердiң сандарын арттыру.
  2. МБ-сына жаңа типтес объектiлердi немесе байланыстың жаңа типi енгiзiледi, «сабақ пәнi» және «студент» объектiлерiнi4 арасына «баға» байланысты енгiзiледi.

МБ-мен жұмыстың қарапайымдылығы.

Мәлiметтердi өңдеу күрделi жүйенiң және шығарушының жағдайында, МБ-сның мәлiметтерiмен қарапайым жұмыс iстеу маңызды орын алады.

  1. Мәлiметтердiң құрылысы логикалық және анық болуы керек/
  2. Мәлiметтерге тиiмдi оерация анық және жақсы сызылған функциялрмен меңгерiлген.
  3. Көп еңбектi қажет етпей, әртүрлi қамтамасыз ету операциялары орындайды (көшiру, базаны кейту және т. б. )

Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеудiң қарапайымдылығы программалауға кететiн уақатты қысқартады, жүйелердi кейiнге қалдыру және пайдалану, сол сияқты оларды құрастыру үшiн аздаған мамандықты қажет етедi.

МБ-сының ену үнемдiлiгi.

Үнемдiлiк деп, мұнда мәлiметтерге оперативтi жадының алатын көлемiнiң шектеулiлiгi кезiндегi ену жылдамдығы түсiнiледi.

МБ-сына ену үнемдiлiгi өте қажет. Қазiргi уақытта мәлiметтер базасына ең қажеттiсi тұйықтық және тәуелсiздiк қажеттiлiктерi болады.

МБ-сының тұйықтығы.

МБ-сының тұйықтығы деп, оның жұмысқа дайындығы түсiнiледi. МБ-сының тұйықтығы - қиын ұғым, көптеген аспектiлерден тұрады.

Кейбiреуiн көрсетейiк:

  1. Физикалық тұйықтығы, мәлiметтер үлгiсiнiң әдептiлiгi және магниттi тасушылардағы информациялардың сақталуы .

2. Логикалық тұйықтық, бұл базада мәлiметтердiң сөзге қарсы келмеуi түсiнiледi.

3. Мәлiметтердiң маңыздылығы немесе заттардың нақты жағдайына мәлiметтердiң сәйкес келуi.

МБ-сының тұйықтылығын жоғалту ЭЕМ-ның аппаратурасының жұмыстан шығуына программамен қамтамасыз еткендегi қателiк, дұрыс емес енгiзудiң технологиясы және т. б болады. Сондықтан базалардың тұйықтығын қамтамасыз етуде нақты көлемi өте қиын.

Мәлiметтердiң бағдарламаға тәуелсiздiгi

Мәлiметтердi өңдеудiң кез-келген жүйесi үзiлiссiз дамиды-жаңа мiндеттер бар нәрселер жаңарады, жаңа есептегiш техника және операциялық жүйелер пайда болады. Мұндай жүйенiң дамуы бiрiншiден, мәлiметтер құрылысын модификациялауда түсiнiледi. Дiрақ-та жалпы жағдайда, мәлiметтер құрылысыын модификациялау, осы мәлiметтердi өңдеудiң қолданбалы бағдарламаларына әсерiн тигiзедi.

Мәлiметтердiң тәуелсiздiк принципi әртүрлi модификациялау кезiнде мәлiметтер базасын кеңейту және қайта ұйымдастыруда бар қолданбалы бағдарламаларға өзгерту енгiзудi қажет етпейдi.

1. 2. Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ)

Бiздiң сөз етiп отырғанымыз мәлiметтердiң компьютерлi базасы жайлы болғандықтан, бұдан мәлiметтермен жасалатын барлық жұмввыс программа көмегiмен болады. Әртүрлi программалар берiлген мәлiметтердi әртүрлi көредi, әртүрлi жағдайда қолданады. Бiрнеше қолданушы бiр-бiрiне кедергi келтiрмей, өздерiне қажеттi информацияларды, мәлiметтердi алу үшiн мәлiметтер базасын басқару жүйесiн пайдаланады. Олар мәлiметтер базасымен жасалатын барлық жұмыстарды қамтамасыз ететiн программалар: құру, мәлiметтер базасын көптеген қолданушылармен қолданудан құралады.

МББЖ-нiң шешетiн мiндеттерiне тоқтала кетейiн.

МҚ-сын құру үшiн, онда әрине қандай мәлiметтер сақталатынын және қандай типте болатынын анықтап алу қажет. Бұдан басқа қаазiрi компьютерлердiң информациялық сиымдылығы, мысалы кiтапхана каталгтарына көптеген есе үлкен болғаанымен де шексiз емес. Сондықтан мiндеттi түрде басынан бастап мәлiметтердi сақтау көлемiн шектеу керек. Бұл үшiн информацияның әрбiр элементiне нақты ұзындық беру керек . Осындай қасиеттердi сипаттау үшiн мәлiметтер базасының басқару жүйесiнiң өзiндiк тiлi қолданылады. Ол тiлдi мәлiметтердi сипаттау тiлi деп атайды. Мәлiметтердi сипаттау тiлiнен басқа МҚБЖ мен коипьютердi қолданушының арасындағы қатысты сипаттайтын басқа да тәсiл бар, онда программа мәлiметтердiң әрбiр элементiнiң типi, өлшемi және атына байланысты сұрақтар қояды, ал қолданушы осысұрақға ЭЕМ - мен диалог түрiнде жауап қайтарады. Мәлiметтердiң жалпы сипаттауын метамәлiметтер деп те атайды.

МҚБЖ-нiң келесi мiндетi компьютер жадысына мәлiметтердi енгiзумен қамтамасыз ету немесе басқа мәлiметтер базасын жүктеу.

Бұл этапта МҚБЖ-сi енгiзiлетiн информацияның дұрыстығына бақылау жасауды жүзеге асырады. Мысалы, мәлiметтердi типi бойынша тексеруге болады. Егерде санның орнына әрiп енгiзетiн болсақ, программа оны жадына жiбермейдi және дисплей экранына сәйкесiнше хабарын шығарады. Кең көлемдi мәлiметтер базасын жүктегенде, бұл iс өте қажет, себебi олар енгiзуде кеткен қателiктердi ерте бiлуге көмектеседi. Енгiлген информацияны компьютер жадына орналастыруды, мәлiметтер базасының схемасы мен элементтер бейнесiнiң көмегiмен МББЖ басқарады.

МҚ-сын пайдалануда қолданушының алдына қандай міндеттерпайда болады?

Ең басты міндеті МҚ- сын жаңарту немесе ескірген мәлiметтерді жаңамен алмастыру, яғни жаңа информациялармен толықтыру. МБ-ның бұл міндетін реттеу ісінде де МББЖ шешуге көмектеседі. Содан кейін қолданушы мәлiметтердің барлықсақталып тұрғандарын тек сол кезде қажеттілерін таңдап алуға ұмтылады.

Өз сұпанысымен ол МҚБЖ-сін ұсынады. Бұл үшін сұрақтардың арнаулы тілдерін қолдануға болады, олар өмірдегі тілдерге жақындау немесебасқа құралдар қолдануға болады, қайсысы керекті информацияны таңдау ісін кеңейте түседі.

Егер мәліметтер базасын бір мезгілде бірнеше адам қолдана алса, онда МББЖ-сі олар бір-біріне кедергі жасамау мәселесін реттеп отырадi. Бұдан басқа, МҚБЖ-сі машина істеп шыққанда ақпарптты сақтай білу керек. Бұл есептер шеңбері мәлiметтер базасын толық қамтамасыз ету деп аталады. Сондықтан алынған дарактер негізінен қандайда бір өңдеуге ұшырайды. Мұндай өңдеудің ең көп қолданылатын түрі сортқа бөлу. Мысалы, сандарды кемімелі немесе өспелі деп, ал символдардың жолын әріптермен сорттауға болады. Кей кезде бүтіндей блоктардынемесе элементтердің бірігуін шығаруға тура келеді.

МҚБЖ - сі мұндай өңдеуді қамтамасыз етуі керек. Соңында алынған информацияны ыңғайлы және көрнекті түрде ұсынуға болады. Бұл дегеніміз график, цифрлы мәлiметтері бар диаграмма немесе кестелер болуы мүмкін. Кестелерді немесе графиктерді дисплей экранында жүргіліледі. Осындай процедураларды МББЖ-нің құрамына кіретін санақ генераторы орындайды.

Барлық осы айтылғандардан бізде екі жақты пікір қалыптасады. Бір жағынан қазіргі кездегі МҚБЖ - сін қолдану өте жеңіл көрінеді, ал екінші жағынан - мәліметтер базасын қиын құрылымды етіп құра білу керек. ОЛ үшін бірнеше арнайы тілдер мен МҚБЖ-нің ішкі жүйесін меңгеру қажет. Бірақ мәліметтер базасын үлкен ЭЕМ үшін, коллективті адамдар үшін құралғанын ашу керек. Бірінші жағдайда МҚ-рын құру өте ауыр болады және оны программистер, өңдеушілер құрады. Ал, екінші жағдайда, МҚ-рын өңдеуде әдетте едәуір қарапайым мақсаттар талап етіледі. Сондықтан мұнда қарапайым құралдарды қолдануға болады.

Олар программасыз қолданушының барлық қажеттілігін өтей алуы керек. Мұндай жүйелердің мүмкіншіліктері соншалықты аз емес. Осындай жүйе болса мынандай мәліметтер базасын құруға болады. База құру кезінде уақыт қысқарады. Канцелярлық жұмыстың негізгі бөлігін ЭЕМ-дер көмегімен жүзеге асыруға болады. Онда әрине МБ-сының тигізер пайдасы зор.

МҚБЖ-сі келесі әрекеттерді орындауғ мүкіндік беретін программалар пакеті:

  1. Қолданушының тілдік құрылымдарымен қамтамасыз ету және мәліметтерді басқаруға мүмкіндік беру.
  2. Мәліметтердің логикалық моделін құптау.
  3. Мәліметердің толық сақталынуы, мәліметтерді қорғау және оларды өңдеуге мүмкіндік беру.

МҚБЖ-нің қолдданылу түрлері олардың моделімен тығыз байланысты. Практикада келесі модеьдер анықталған: сеттік, иерархиялық және реляциялық. Практикада кең қолданылатын реляциялық мәліметтер базасы. Реляция - қатынас сөзінен шыққан.

МҚ-ның құрылымы

Өзіндік мәлiметтер базаңды құру үшін, ең алдымен ол базаның қандай элементтерден тұратынын анықтап алуымыз қажет. Мысалы, егер біз математика немесе физика формулаларыныің анықтамалылығының кқшірмесін құрғымыз келсе, онда әрине оған: алгебра, геометрия, мат. анализ, және т. с. с. бқлімдерді енгізіміз. Бұларды белгілі бір жазбаға біріктіере отырып, блин, олар арасына анықталған байланыс орнатамыз. Осындай байлыныстардың болуы мәлiметтер базасынын құрылымын анықтайды.

Қолданушының көп бөлігі компьютерде жқмыс істеуді бастағанда алдымен текстік файлдармен жұмыс істеуге машықтанады. Бірінші этапта компьютерді қолайлы интелектуалды жазу машинкасы ретінде қолданады. Бірақ дәл осы кезде төмендегідей элементтерден тұратын примитивті информациялық жүйенің ойлай білмеген:

А) текстік редакторды текстерді манипуляциялау инструмент ретінде

Б) текстік файлдар тобын өңдеу объектісі ретінде қолданған.

Келесі этапта адамдар текстік файлдарды амбарлы кітапша ретінде әртүрлі жазба мәлiметтерін сақтау үшін пайдаланды. Мысалы, өзінің кітапханасының каталогы, адрестер, басқарма аттары, ауру тарихын, телефон номерлерін т. с. с.

Осындай амбарлы кітапшаларды мәлiметтерді көрсету мен орналастыруды қолданушы өзі ойлап табады. Сонда біздің қарастырып отырған текстік файлдар құрылымданған информацияларға жатады. Осыларға қарап біз информациялық жүйенің анықтамасын толық та нақты түрде тұжырымдай аламыз.

Информациялық жүйе деп белгілі әдіспен структараланған мәлiметтер мен мәлiметтер сақтау үшін құрылған ақпаратты - программалы құралдар жиынын айтамыз. Информациялық жүйелердің мақсатымәлiметтерді объектілір арасында байланысорната отырып өңдеу. МБ-сы теориясында мәлiметтерді әдетте атрибут деп, ал объектілірді - маңыз деп атайды. Объек, атрибут және байланыс - информациялық жүйенің фундаменттеальды түсініктері.

Объект - аты болатын және объектілірдің бір-бірінен айырмашылығы болатын зат. Кейде белгілі бір объекті үшін бір ғана мәлiмет бірнеше мәнге ие болады. Мысалы, бір ғана фирма әртүрлі тағамдар өндіреді. Бұндай мәлiметтер қайталанушы топ деп аталатын топ құрайды.

Қарапайым екі өлшемді құрылым

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық ақпараттық жүйе түсінігі
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
«Центр Кредит банктың жинақтаушы зейнетақы қорының» ақпараттық жүйесі
Автоматтандырылған ақпараттық ресурс орталығы
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің архитектурасы
Парасат Телеарна қызметкерлерінің деректер қорын жобалау
Деректер қорын басқару жүйелері
Мәліметтер қорларын пайдаланатын ақпараттық жүйелер
Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері
Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz