Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Аутенттік материалдар түсінігі және жүйесі мен құрылымы . . . 5
1. 1 Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың тыңдап түсіну іскерліктері
мен дағдыларын дамыту . . . 9
1. 2 Аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсінуде тілдік материалдың сипатына байланысты кездесетін қиындықтар . . . 17
1. 3 Ақпараттық технологияны тыңдап түсінумен ұштастыру . . . 22
1. 4 Ағылшын тілін тыңдау арқылы уйрету . . . 34
2 Мектепте шет тілін оқытуда аутенттік аудиоматериалдарын тыңдап түсіну дағдыларын дамыту . . . 41
2. 1 Шетел тілін оқытуда аутенттік мәтіндермен жұмыс істеу тәсілдері . . . 44
2. 2 John and Liz Soars «Headway» қолдану арқылы аутенттік . . . 49 аудиоматериалдардың артықшылығын көрсету анализі.
2. 3 Аутенттік аудиоматериалдарын практика жүзінде қолданудың
нәтижесі . . . 51
2. 4 «Headway» оқыту әдістемелік құралындағы аутенттік аудиоматериалдармен жұмыс жасау технологиясы . . . 55
Қорытынды . . . 57
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 60
Қосымша
Кіріспе
Егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізген елімізде болып жатқан өзгерістер білім алу саласына да елеулі өзгерістер әкеліп отырғаны баршамызға мәлім. «21 ғасыр - технологиялар ғасыры» болғандықтан, жас ұрпаққа тек білім беріп қана қоймай, сол арқылы әлем кеңістігіне енуді, дамыған елдермен тең дәрежеде болуды мемілекетіміз мақсат етті. Ал болашақ ұрпақ әлемдік білім кеңістігіне ену үшін білім жүйесі халықаралық деңгейге көтерілу керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Халқымыздың ұлттық бәсекелестікке қабылеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» - деген еді. Сондықтан бүгінгі күні елімізде дені сау, рухы таза, өз білімін әр турлі салада пайдалана алатын адамдар қажет.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру саласында шетел тілдерін оқып үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты қазіргі қоғам шетел тілдерін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі талаптар қоюда. Шетел тілін, әсіресе, ағылшын тілін оқу пәні ретінде оқытуды мектеп, колледждер, жоғарғы оқу орындары, қоғам және уақыт қажет етіп отыр. Ол әлеуметтік, экономикалық жайттардың қоғамның жалпы мәдени дамуының айғағы болуда.
Шетел тілінде қарым-қатынас жасаудың негізгі тілдік білім мен дағдылардан, лингво-елтану мен елтану туралы білімнен, білгірлік шеберліктен тұратын шәкірттердің жеткілікті деңгейде коммуникативтік біліктілікке қол жеткізуін көздейді. Осы мақсатта ұстаз өз шеберлігін сабағында жаңа технологияларды қолдануынан, инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруінен көрсете білу тиіс.
Сондықтан сондай озық әдістеменің бірі тақырыбымызға негіз болып отырған - «ағылшын тілін тыңдау арқылы үйрету».
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқушылардың қызығушылығын тудыра отырып, аутенттік мәтіндер арқылы сапалы білім беру.
Диплом жұмысының тақырыбы: Мектепте шет тілін оқытуда аутенттік аудиоматериалдарын тыңдап түсіну дағдыларын дамыту.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану. Оқушыларға өзекті мәселені тиімді әрі оңай жолмен үйрету арқылы тыңдап түсіну іскерліктері мен дағдыларын дамытуды қарастыру. Жаңа технологияны пайдаланып, ағылшын тілін оқушыларға аутенттік аудиоматериалдар арқылы үйрету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Оқушы қабілеті мен әрекетін дамыту барысында, тыңдап түсінуге үйрету;
- Шет тілін оқытуда аутенттік аудиоматериалдармен жұмыс істеу тәсілдерінің қалыптасуы;
- Аутенттік аудиоматериалдардың артықшылығын көрсету.
Диплом жұмысының нысаны: Аутенттік аудио мәтіндердің тыңдап түсінудегі маңыздылығын қарастыру.
Зерттеу пәні: Аутенттік аудиоматериалдарды қолдану.
Зерттеу әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысында баяндау, бақылау, тұжырымдау, талқылау, талдау-жинақтау, қорыту, эксперименттік әдістер т. б қолдандық.
Ғылыми жаңалығы: Қазіргі кезде аутенттік аудиоматериалдар шетел тілдерін оқуда өте маңызды болып табылады. Снымен қатар квадратты тыңдап түсіну іскерлік дағдысын қолдану.
Ғылыми болжамы: Мектептің оқу процесі қоғам сұранысына байланысты өзгеріп отырады. Біздің заманымызда ағылшын тілін білу қалыпты жағдайға айналады өйткені компьютерлік, экономикалық және палитикалық терминдер ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілін халықаралық қарым-қатынас тілі деуге болады. Сол себепті де аутенттік аудиоматериалдарды қолдану болашақта жақсы нәтиже беретіні анық.
Теориялық маңыздылығы: Дидактикаға мән бере отырып, белгілі бір мақсатта шетел тілін оқытуда аутенттік аудиоматериалдарды қолдану.
Практикалық құндылығы: Шетел тілдерін меңгере отырып елдердің мәдениетімен, сөйлеу әдептілігімен, қарым-қатынас барысында әртүрлі халықтардың сөйлеу мінез-құлықының ерекшеліктерімен, дәстүрлерімен танысу.
Жұмыстың апробациясы: «Ғылым және жаңа ұрпақ - 2011» 20. 04. 11 конференциясында апробациядан өтті.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 Аутенттік материалдар түсінігі және жүйесі мен құрылымы
Аудиоматериал арқылы оқыту яғни, таныс емес сөздері бар шетел тілін тыңдап түсінуді оқыту үшін көптеген қиындықтар мен сұрақтарды тудырады, себебі нәтиже жақсы болу үшін қолданатын мәтінді дұрыс таңдай білу керек. Жалпы аутенттік материалдар түсінігі оқыту методикасында жаңа пайда болған, жаңа заманғы оқыту әдісі. Қазіргі уақытта аутенттік материалдарға байланысты ойлар қалыптаса бастады. Кричевская К. С аутенттік шынайы емес мәтіндерге анықтама береді, оларды мына ретпен көрсетті: фольклорлық, суреттік, әуендік және шынайы заттық (киім, мебель, ыдыс) . Кричевская К. С күнделікті өмірге байланысты материалдарды жеке топқа бөліп қарастырды [1, 13-15б] . Ол топты прагматикалық топ деп атап оларға мыналарды енгізді: хабарландыру, анкета, меню, жарнама т. б. Біздің ойымызша прагматикалық материалдарға аудио және аудиовизуалды материалдарды жатқызуға болады, олар: радио және телепрограммалар, ауа райы, ақпараттық хабарлар, аэропорт және темір жол вокзалдарындағы хабарландырулар. Сонымен қатар Кричевская К. С прагматикалық материалдардың жүйесін көрсетті: оқу-білім ортасы, мәдени орта, күнделікті өмірдегі қарым-қатынас ортасы, сауда қарым-қатынас ортасы, жанұялық орта, спортық орта. Кричевская К. С мен Воронина Г. И еңбектерінде ұқсастықтар кездеседі. Воронина Г. И өз еңбегінде аутенттік мәтіндерді екі топқа бөледі [2, 56б] . Біріншісіне ақпараттық жүйелі мәтіндер, әрқашан жаңарып отыратын ақпараттар, жол белгілері, схемалар, диаграммалар, театр программалары т. б. Екінші топқа мақалалар, интерьвюлер, жарнама, комментарий, репортаж т. б. Кричевская К. С мен Воронина Г. И еңбектерін қарастыру себебіміз аутенттік мәтіндер туралы жалпы ой қалыптастыру, негізінен бұл екі зерттеушінің аутенттік мәтін жайлы анықтамалары толық қамтылмаған. Осы жұмысымыздың мағынасын анықтай түсу үшін Носонович Е. В пен Мильруд О. П аутенттік мәтіндер туралы анықтама, болжамдарымен танысайық [3, 11-18б], [4, 6-12б] . «Критерии содержательной аутентичности учебного текста» деген еңбегінде тілді аутенттік материалдар арқылы оқу керек екенін баяндады. Өйткені аутенттік материалдар шынайы қорлардан алынған мәтіндер. Бірақ осы мәтіндердің қиындықтары да болады. Авторлар келесідей аутенттік мәтіндерді жүйеледі. Аутенттік оқу материалдарының жүйесін функционалды аутенттік, лексико-фразеологиялық аутенттік, грамматикалық аутенттік және аутенттілік деп қарастырды. Функционалды аутенттілік оқушының жан-жақты сөйлеу іс-әрекетін дамытады. Оқу мәтінінің аутенттілігі көбінесе лексика мен фразеологияның дұрыс таңдалуынан байқалады. Бұл түсінік оқылатын тілдің грамматикасына да байланысты. Ал аутенттік құрылымы мәтіннің құрылымына байланысты.
Ең бастысы ағылшын сабағында ақпарат емес, тек ақпарат арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және сол арқылы тілін жетілдіру.
Аудио мәтіндерде дыбыстың рөлі ерекше болады (environmental clues) : көліктің дауысы, көшедегі адамдардың дауысы, телефон қоңырауының дыбысы, музыка. Осының барлығы өзге тілдегі мәтіндегі жағдайды түсінуге көмектеседі. Осы авторлардың ойынша да аутенттік материалдарға мыналарды жатқызды: жеке хаттар, анекдоттар, мақалалар, жасөспірім күнделіктерінен үзінділер, жарнамалар, ертегілер, елтануға байланысты мәтіндер. Сонымен қатар авторлардың ойынша аутенттік оқу бірнеше факторларға байланысты өтеді делінген:
- оның оқытылатын жері;
- оқуды қабылдайтын оқушылар;
- мұғалімнің біліктілігіне байланысты.
Осы авторлар арқылы берілген анықтамалар бізге қолайлы болады. Алдағы уақытта аутенттік материалдарды аутенттік және оқу-аутенттік деп екі салада қарастырамыз. Сонымен аутенттік материалдар дегеніміз - шетел тілін оқыту үшін, шынайы әдебиет, оқу көздерінен алынған лексика, грамматикалық құрылымы бар мәтіндер.
Оқу-аутенттік материалдары - бұл арнайы бір мақсатпен, жоспарланып жасалған мәтін. Жаңа заманға сай шнтел тілін оқып үйрену үшін осы елдің өз сөйлеушілеріне тән мәтіндерді оқу болып табылады. Мәтінді тыңдау арқылы үйрену бізге өте қолайлы екені мәлім болды.
Аудиоматериалдарды тыңдау - бұл оқуды тыңдап түсіну арқылы дамыту. Оқу үрдісінде аудиоматериалдарды тыңдау мақсат және құрал ретінде қолданылады. Құрал ретінде ол:
- оқу үрдісін ұйымдастыру құралы;
- тілдік материалдың ауызша түрі ретінде;
- алған білімді бекіту үшін.
Оқушылар шетел тілін орта есеппен тыңдап түсінген уақытта оқытушы мыналарды есте сақтауы тиіс: тыңдалатын мәтіннің 3-4% таныс емес сөздер болуы керек және ол сөздер мәтінді түсінуге кедергі жасамауы керек. Мәтін 3-5 минут тыңдалады. Осыған байланысты мектеп бітіруші тілді тыңдап түсінуі қажет және ол осы тәжірибесіне сүйеніп шетелдікпен ауызша қарым-қатынас жасай білуі қажет. Бірақ аудиолау кезінде қиындықтар көптеп кездеседі. Осы қиындықтарды біз Елухина Н. В және Пруссаков Н. Н еңбектеріне сүйене отырып мына ретпен көрсете аламыз [5, 25-29б] [6, 57-62б] .
Бірінші топқа жататын қиындықтар:
- тілдік аспектіге жататын қиындықтар;
- елдің мәдениетіне байланысты қиындықтар;
- тыңдаушының деңгейіне байланысты .
Бірінші топқа жататын қиындықтарды өзара үш топқа бөлүге болады: фонетикалық, грамматикалық, лексикалық. Бұл қиындықтарға жұмысымыздың барысында толық тоқталатын боламыз.
Екінші топқа жататын қиындықтарға келесі тұжырымдарды жатқызамыз. Оқушы өз отанында басқа елдің тілін оқып жүргеннен кейін, сол ел туралы, мәдениеті туралы білімі жеткіліксіз болуы мүмкін. Екі елдің мәдениетінің әртүрлілігіне де байланысты. Ол естіген ақпаратынан қате тұжырым қалыптастыруы мүмкін. Осы қиындықты жеңу үшін социолингвистикалық және социомәдениеттік бағыттарды оқуы керек. Социолингвистика тілін, ал социомәдениет ел салт-дәстүрі мен мәдениетін танып білу үшін оқытылады. Сол себепті де аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсінудің түр-түрін ұйымдастыру керек, мысалы: таныстырушы-аудио мақсаты жан-жақты білімін кеңейту, шетел жайлы мағұлымат беру. Аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсінудің сәттілігі аутенттік мәтінге байланысты. Мәтіндегі қаратпа сөздер, паузалар, синонимдік тіркестер түсінігі көмектеседі. Интонация және ырғақ 60% айтылған материалды түсінуге өте қолайлы. Сөзіміздің соңында аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсіну сәтті болу үшін қажетті факторларды айта кететін болсақ:
- Объективтік фактор оқушының өз деңгейіне байланысты.
- Субъективті фактор оқушының жаңаға деген талпынысынан қалыптасады.
Аудиоматериалдарды тыңдау біліктілігі оның қиындықтарын жеңу болып табылады.
Қазіргі таңда өзекті мәселклердің бірі болып шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін оқытудың маңызы артуда себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен-күнге даму үстінде.
XXI ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы әлемдегі болып жатқан өзгерістерге тез бейімделіп, өзін терең білімді, жан-жақты дамыған, шығармашылықпен, өз бетінше оқи алатын тұлға ретінде көрсете алуы тиіс. Осыған орай қазіргі таңдағы оқушы тек бір ғана тілді емес, бірнеше тілдерді меңгеруі тиіс, оның ішінде әрине ағылшын тілінде. Ағылшын тілі пәні оқушылар үшін өте қажетті пән ретінде саналып отырғаны бәрімізге айғақ. Ағылшын тіліне оқыту процесінде пәнаралық байланыстың, әсіресе ағылшын тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты оқушыларды тілге үйрету. Оқушы ағылшын тілін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихымен, мәдениетімен таныса отыра, өз елінің өмірін, тарихын, мәдениетін терең тусінетін болады [5, 30-31б] .
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың физиологиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамызға мәлім. Оқушылардың:
- тез қабылдауы;
- еліктеуге бейімділігі;
- қиялының әр түрлілігі;
- ойлау, ауызша сөйлеу іскерліктерінің дамуы;
- танымдық іс-әрекеттерінің басымдылығы;
- есте сақтауы;
- қызығушылық қасиетінің молдығы мен әр түрлілігі;
- жан-жақты тәрбиелеуге бейімділігі;
- еліктеуіш қасиетінің басым болуы;
- сензитивті, сезімтал болуы;
- іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы.
Оқушылар жаңа оқу пәні ағылшын тіліне үлкен қызығушылықпен қарап ауызша сөзге үйрену басқа пәндерге қарағанда белсенді түрде болса, жақсы үлгерім көрсетсе, онда олар рухани қанағаттанушылыққа жетеді. Ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет:
- тыңдап түсінуді;
- сөйлеуді (монолог және диалог түрінде) ;
- оқуды;
- жазу, хат жаза алуды [7, 6-7б] .
Жоғарыда көрсетілген іскерліктердің арасында оқуға ерекше әсер беретін тыңдап түсіну барысында ауттенттік материалдар және олардың қиындықтарын жеңу. Ауттенттік материалдарды қолдану барысында қиындықтарды болдырмау, оқушыларға тиімсіз болады. Себебі осы тілдің сөйлеушілерімен кездесіп, қарым-қатынас жасағанда сөйлесу қиындайды. Ал алдын ала қиындықтармен қоса тыңдап үйренсе, шынайы қарым-қатынас барысында оңай болады. Бастауыш және орта сыныптардан қарағанда аудиомен жоғары сыныптарда жұмыс жасау тиімді, өйткені олар оқуда білімдік қор жинаған оқушылар. Жоғары сыныптарда аутенттік аудиоматериалдарды тыңдап түсінудің маңызы зор, ол жасанды қарым-қатынас қалыптастырады. Аутенттік аудио материалдар оқушының жас ерекшелігіне және осы оқылып отырған тілдік біліміне сай болуы керек. Сонымен қатар мәтіннің мазмұны қызықты және жаңа ақпаратпен өңделген болуы тиіс. Жоғары сыныптарға тыңдататын материалдар күнделікті өмірден алынған болуы маңызды. Ағылшын тілін оқыту ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуына әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.
Ағылшын тілін оқытуда мотивацияның рөлі зор екні айдан анық. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетке, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу процесінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды реакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады. Т. А. Дегтерева өз мақаласында сабақты қызықты және тартымды етіп өткізуге төмендегідей факторлар әсер ететінін көрсетеді:
- мазмұндық, машықтану формаларының әр түрлілігі;
- оқушы мен оқытушы байланысының белсенділігі;
- оқытушы тұлғасы [7, 15-16б] .
Ағылшын тілі оқытушысы оқушылардың мотивациясын арттыру үшін тиімді де, уақытты үнемдейтін әдіс тәсілдерді пайдалану қажет.
Ғалым-әдіскер Н. Д. Гальскованың айтуынша ағылшын тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсілдер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:
- оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қтынас әрекетінде қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;
- оқушы тұлғасын толығымен оқу процесіне тарту;
- оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін ояту, ынталандыру;
- оқушының оқу процесінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;
- сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;
- сабақта түрлі көрнекіліктерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, апликация, альбомдар, сызбалар, кестелер, кроссвордтар) кең қолдану;
- әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;
- сабақта жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану [8, 50-55б] . Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың тыңдап түсіну
іскерліктері мен дағдыларын дамыту
Қазақстан республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары дамыған адам қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірлендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылған талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мідениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым-қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінуі тиіс. Тыңдап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық ету қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процес болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту;
Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімінің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы - сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек [9, 4-5б] .
Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады.
Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушыларды тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір-ақ рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші рет тыңдауға болады, бірақта бұл жолы мұғалім тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне, оқиға уақытына, оқиға жеріне және т. б назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т. с. с) . Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты - мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында тыңдап түсіну қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты - мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты - мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтау, берілген кестені немесе сызбаны толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетін анықтау және т. б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты - мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т. б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т. б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты - оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір-талас ұйымдастыру, «дөңгелек үстел» ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т. б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар: тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
Мәтіннің бірлік логикасы болуы шарт;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz