Әкімшілік мемлекеттік қызметті мамандандыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Мемлекеттік қызметтің ғылыми-теориялық негіздері . . . 6

1. 1 Мемлекеттік қызметтің теориясы және оның принциптері . . . 6

1. 2 Мемлекеттік қызмет және оның құрылымы . . . 11

1. 3 Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі . . . 21

2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметке өтудің қазіргі жағдайы . . . 25

2. 1 Мемлекеттік қызметтің обьективті қажеттілігі . . . 25

2. 2 Еліміздегі мемлекеттік қызметтің қалыптасуы және қазіргі ахуалы . . . 30

2. 3 Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызметтің дамуын талдау . . . 39

3 Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді шешу жолдары және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары . . . 51

3. 1 Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді шешу жолдары . . . 51

3. 2 Мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары . . . 58

Қорытынды . . . 65

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 67

Қосымшалар . . . 69

Кіріспе

Мемлекеттік қызмет - әр елдің барлық даму сатысындағы басты атрибут, ал мемлекеттік қызметшілер - өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасаудағы Мемлекет басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында “Кәсіби үкіметке” басым бағыт беруі тегіннен-тегін емес.

Осыған орай, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруде мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойып, отандық мемлекеттік қызметте тез арада өзгерістер енгізуді қажет етуде [1] .

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - бәсекеге қабілетті жоғары сұраныс талаптарына сай кадрларды даярлау, мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеуді өсіру, мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу, мемлекеттік органдардың іс-қимылының рейтингін және бюджеттік үдеріске жаңа тәсілдермен араласуын енгізу, мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, орнықтылығын және басқаруға оңтайлылығын арттыру, сыбайластықты азайту, мемлекеттің оңды имиджін қалыптастыру және нығайту.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет және оның жүзеге асырылу жолдары, әдістері.

Мемлекеттік қызмет саласында орын алған барлық оң өзгерістерге қарамастан, әкімшілк реформаның қазіргі сатысында мемлекеттік қызметтің қазақсатндық моделінің бірқатар кемшіліктері мен проблемалары да көрініп жатыр. Сондықтан кадр саясатының жаңа тұжырымдамасын талдап, әзірлеу өзекті проблемаға айналып отыр.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің жалпы теориялық негізі мен аспектілерін зерттеу, Қазақстан Рсеупбликасындағы мемлекеттік қызметтің дамуы мен мемлекеттік қызметті әкімшілік реттеудің бағыттарын анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:

  • мемлекеттік қызметтің теориясы, және оның принциптерін анықтау;
  • мемлекеттік қызмет және оның құрылымын зерттеу;
  • шетелдік тәжірибедегі мемлекеттік қызметті зерттеу;
  • Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы және қазіргі ахуалын талдау;
  • Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызметтің дамуын талдау;
  • Мемлекеттік қызмет саласындағы мәселерді шешу жолдарын саралау;
  • Мемлекеттік қызметті арттырудың негізгі бағыттарын айқындау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, оның ішінде сегіз бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері, өзектілігі мен құрылымы туралы айтылады.

Бірінші тарауда мемлекеттік қызметтің теориясы мен принциптері, мемлекеттік қызмет және оның құрылымы, реформалау механизмі, және де мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі туралы жазылған.

Дипломдық жұмыстың екінші тарауында ҚР-дағы мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен қазіргі жағдайына сипаттама беріліп, ҚР-ның мемлекеттік қызметінің обьективті қажеттілігі талданылып, Ақтөбе облысындағы мемлекеттік қызметтің дамуы сөз етіледі.

Үшінші тарауда ҚР-дағы мемлекеттік қызметтің даму болашағы мен мемлекеттік қызметті дамытудың әкімшілік бағдарламалары, ҚР-дағы мемлекеттік қызметтің дамуының перспективасы және ҚР-дағы мемлекеттік қызмет жүйесіндегі мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылған.

Қорытынды бөлімде барлық айтылған және сараланған мәселелерге тұжырым жасалынып, ұсыныстар келтіріледі.

Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының “мемлекеттік қызмет туралы” Заңы мен Азаматтық кодексі, ҚР-сы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төреағасы Қ. Нұрпейісовтың және осы агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық басқармасының бастығы Н. Сүйінбаевтың есебі, Егемен Қазақстан және Заң газеттері, ҚР-сы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің www. kyzmet. kz сайты, нарықтық экономикадағы мемлекеттің әрекеті мәселесіне қатысты отандық және шетелдік ғалымдар еңбектері: Баянов. Е “Мемлекеттік қызмет”, Оболонский. А. В “Государственная служба”, Ноздрачев. Ф “ Государственная служба”, Лытов. Б. В “ Государственная служба как социалный институт”.

“Мемлекеттің мемлекеттілігін мығымдай түсуде мемлекеттік қызмет саласында жүрген азаматтардың біліктілігі бірінші кезекте таразыға салынып, білім көкжиегі алдымен көзге түсері анық. Небір шешімдер мен шешілуі тиіс мәселелерді тастүйін даяр ететін мұндай мамандардың қажеттілігі уақыт өткен сайын арта түсуде. Сондықтан рухани құндылық атаулы бағаланар, жан-жақты сараналар тұста мемлекеттің ендігі бір ұстанымы - ол еліміздің мемлекеттік қызмет саласы кеңістігін мықты мамандармен толтыру. Сол арқылы қоғамдағы жаңашыл бастамаларға басымдық беру болмақ», - деп атап өткен өз еңбегінде Ел Президенті Н. Назарбаев.

Мемлекет межелеген міндеттердің ішінде мемлекеттік қызмет жүйесіне осылайша басымдық берілуі оған үстеме міндет артуда.

Бұл зерттеу жұмыста міне осының бәрі және де Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және одан әрі жетілдірудің басым бағыттарын анықтап, оны жоғары халықаралық стандарттарға жеткізу жолдары қарастырылады.

  1. Мемлекеттік қызметтің ғылыми-теориялық негіздері

1. 1 Мемлекеттік қызметтің теориясы, және оның принциптері

Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілетті жаңа үлгідегі мемлекеттік апппарат, жоғары кәсіби білікті, құзіретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.

Соңғы кезге дейін заңнамаларда «мемлекеттік қызмет» ұғымының түсінігі болмады. Заң әдебиеттерінде бұл ұғымға мемлекеттік ұйымдардың (органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және т. б) қызметшілерінің қызметтік лауазымдарына сәйкес мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған және мемлекет ақы төлейтін еңбек қызметін орындауы жатқызылды. Сонымен кез келген мемлекеттік ұйымдағы барлық қызметшілер мемлекеттік қызметшілер болып саналды.

Мұндай жағдай 1995 жылға дейін сақталып келді. ҚР-ның 1995 жылғы Конститутциясы мемлекеттік қызметке кірудің және мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын негізгі қағиданы белгіледі. 1995 жылы желтоқсанда ҚР-сы Президентінің « Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар жарлығы шықты - бұл, шындығында, мемлекеттік қызметке арнайы арналған бірінші -нормативтік -құқықтық акт еді. Ол қазіргі кездегі қолданыстағы 1999жылы 23 - шілдеде қабылданған.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңмен және оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдармен одан әрі дамытылып, ауыстырылды. Аталған заңда «мемелекеттік қызметші» мен «мемлекеттік қызмет» ұғымдарына жаңа мән - мағына берілген. Мемлекеттік қызметшілерге тек мемлекеттік органдарда, кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес (мысалы, мемлекеттік жоғары оқу орындарының қызметшліері мемлекеттік қызметшілер болып саналмайды), мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Саяси лауазымдарға:

1. ҚР-ның Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

2. ҚР-сы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік қызметшілер, олардың орынбасарлары;

3. ҚР-сы Жоғарғы Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;

4. Конститутцияға сәйкес Президент пен үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;

5. Орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру. Мемлекеттік лауазымдарды осылай бөлудің негізінде аталған заңда «мемлекеттік қызмет» ұғымының анықтамасы берілген [2]

Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі болып табылатындығымен айқындалады. Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметіндеболатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер - олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану-алғы шепте тұратын жалпы ұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс. Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін қамтамсыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған [3] .

Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтың субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігін нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды.

Мемлекеттік қызметтің принциптері мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мен қызмет атқару жүйесіндегі аса маңызды заңдылықтарды белгілейді. Олар мемлекеттік қызметтің жүйесінде пайда болатын қатынастардың маңыздылығын, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын қамтиды. Мемлекеттік қызметтің құқықтық принциптерінің болмауы зорлық-зомбылыққа, ең жаман мағынадағы төрешілдікке, бытыраңқылыққа, заңсыздыққа, әділетсіздікке әкеп соғады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңның 3-бабында мемлекеттік қызметтің төмендегідей принциптері белгіленген.

  1. Заңдылық принципімемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған және олардың құқықтарын қамтамасыз еткен кезде ҚР - сы Конститутциясы мен заңдарының өзге нормативтік құқықтық актілерден жоғары күші болатындығын білдіреді. Бұл Конститутцияның 4-бабының 2 тармағы ел Конститутциясының ең жоғары заңдық күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады деген қағидаға негізделеді. Конститутция мемлекеттің Ата заңының - оның Конститутциясының ең жоғары заң күші болатын жүйе құруды болжайды, ал барлық өзге нормативтік құқықтық актілер соған сәйкес болуға тиіс.

Мемлекеттік қызметші құқықтық актілерді, азаматтардың құқықтарын қатал сақтауға, оларды жүзеге асыру мен қорғау үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді жасауға міндетті.

Заңдылық идеясын іске асырудың мынадай бағыттарын атап айтуға болады: қызметші азаматтар мен ұйымдардың заңдарды орындауына қол жеткізуге тиіс, оның өзі заңдарды сақтауға тиіс, оның құқықтары қорғалатын болуға тиіс.

  1. Қазақстандық патриотизм принципі, (гректің patriotes - отандас, patris - отан дегені) - мемлекеттік қызметшінің өз Отанын, халқын сүйетіндігін, оларға деген терең сезімін, берілгендігін, Республиның тәуелсіздігін нығайтуға, онда өркениетті демократиялық қоғам құруға, елдің экономикасы мен мәдениетін, ең алдымен өз халқының тілі мен дінін дамытуға бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтындығын білдіреді.

3. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтас принципі . Бұл Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол аталған тармақтардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады деген Конститутцияның 3-бабының 4-тармағына негізделген.

Сонымен бірге бұл биліктің әрбір тармағының атқаратын қызметінің аражігін ажыратуды, нақтылап белгілеуді көздейді. Олардың әрқайсысының белгілі бір шамада дербес болатынын, өз функцияларын орындағанда белгіленген шекте тәуелсіз екендігін білдіреді. Солай бола тұра бұл принциптің мәнінен мемлекеттік қызметшінің заң шығарушы (өкілді) органның депутаты болуға құқы болмайтындығығы туындайды. Немесе керісінше: депутаттар мемлекеттік қызметте бола алмайды.

4. Азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдық принципі . Бұл Қазақстанның заңнамаларындағы жаңа ереже мемлекеттік қызметшілердің адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын білуге, сақтауға және қорғауға міндеттейді. Қазақстанда құрылып жатқан құқықтық мемлекет үшін адамның ең қымбат қазына екендігін тану және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзуға әкеліп соқтыратын іс-әрекеттері үшін «Мемлекеттік қызмет туралы» заңда қаралған барлық мемлекеттік қызметшілердің жаупкершіліктері болмай қалмайтындығы міндетті болуы тиіс.

5. Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар принципі . Конституцияның 33-бабының 4-тармағында бекітілген. Оның мәні мынада, мемлекеттік қызметке қабылдаған кезде нәсіліне, жынысына, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрақты тұратын жеріне, дініне, иланымына, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер қоюға болмайды. Мемлекеттік қызметке кіру мүмкіндігі Қазақстанның азаматы болуына жасына және мемлекеттік қызметшілер үшін қойылатын басқа талаптармен ғана байланысты.

6 . Азаматтардың мемлекеттік қызметке кірунің еріктілігі принципі . ҚР-сы Конституциясының 24-бабының 1-тармағында бекітілген әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы барлығына негізделеді.

7. Мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік жәнежоғары біліктілік принципі . Мемлекеттік лауазымның бос орнына (вакансияға) кандидатты іріктеген кезде пайдалынылатын негізгі белгілер. Басымдық ең лайықтыға, жақсы дайындығы барға, мамандығы бойынша жұмысының көп өтілі барға, іс-жүзінде өзінің ұйымдастырушылық қабілеттігін көрсеткенге беріледі.

8 . Мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу принципі . ҚР-сы Конституциясының 24-бабының 2-тармағында бекітілген әркімнің өз еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуына құқығы бар деген ереже негізделеді.

9 . Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынышты мемлекеттік қызметкерлер үшін міндеттілік принципі. Қазақстан мемлекеттілігінің негізгі бастауларының бірі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктің біртұтастығына және заңның жоғары күші болатынына, төменгі органдардың жоғары органдарға бағыныштылығына негізделеді. Осының арқасында мемлекеттік механизмнің барлық буындарына атқарушылық тәртіп үшін шынайы жағдайлар жасаланады.

10 . Мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болу және есептілік принципі. Мемлекеттік қызметтегі тәртіпті нығайтудың, мемлекеттік қызметшілердің өздерінің міндеттерін ойдағыдай орындалуын қамтамасыз етудің, олардың сол үшін жауапкершіліктерін арттырудың аса қажетті және тәжірибеде сыналған пайдалы тәсілдері.

11 . Қоғамдық пікір мен жариялықты ескеру принципі . Мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың ашық болуын, мемлекеттік органдарға қол жетерлік болуын және олардың мемлекеттік қызметшілердің тағдыры, құқықтық жағдайы туралы мәселелерді оның ырзашылығымен және келістілігімен шешулерін болжайды. Жариялықты кеңйтпейінше, қоғамдық пікірді ескермейінше, бақылау үшін ашық және қолжетушілік болмайынша мемлекеттік қызметшілердің шынайы бақылауда болуы мүмкін емес. Мемлекеттік органдардың бірде-бір қызметкері бақылаудан, сыннан тысқары қалуы тиіс емес.

12 . Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалу принципі. Олардың қалыпты қызмет атқару үшін қажетті жағдайлар туғызуды, қызметтік міндетерін орындауға тосқауыл болатын кедергілерді жоюға тиісті шаралар қолдануды көздейді. Қызметшілердің әлеуметтік құқықтық қорғалуы: олардың еңбегінің беделін көтеруді, айтарлықтай жоғары еңбек ақы төлеуді, еңбек етуге, демалысына қалыпты жағдайлар туғызуды, мемлекеттік сақтандыруды, қызмет сөзінен өсуді болжайды.

13 . Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу принципі . «мемлекеттік қызмет туралы» заңның 23-бабында қаралған.

14 . Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылық принципі . Мемлекеттік тәртіпті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің тапсырылған жұмыс үшін жеке жауаптылық сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

15 . Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу принципі . Қызметшілердің тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануын, кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруларын, арнайы оқу орындарын ұйымдастыруды тағы басқаларды болжайды.

Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдардының шешімдеріне байланысты болмайды. Мемлекеттік қызметшілердің атқаратын міндеттері мен функциялары, олардан саяси және діни алаламаулықты талап етті [4] .

1. 2 Мемлекеттік қызмет және оның құрылымы

Заңмен саяси тағайындаудың шектері көрсетілген, бұл жәй саяси процестердің профессионалды қызметкерлер аппаратына әсерін азайтады. Министрлік деңгейінде мемлекеттік Қызметкерлерге министр және оның орынбасарлары, аймақты деңгейде - аудан және облыс әкімдері мен олардың орыбасарлары. Басқа қызметтердің барлығы әкімшілік қызметтерге жатады.

Мемлекеттік қызметкерлердің 96-97 пайызын құрайтын әкімшілік қызметкерлер саяси басшылықтың ауысуы жағдайында жұмыстан шығарып жіберуден сақтандырылып мемлекеттік қызметінде жетістік жасауына стимул алды. Осылайша мемлекеттік органдардың кадрлар құрылымына саяси мемлекеттік қызметкерлер, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметкер болып есептелмейтін бірақ уақытша жұмысқа алынған қызметкерлер кіреді (Сурет 1) .

Сурет 1- Нақты мемлекеттік органдардың құрылымы

Ескерту: [5]

Әкімшілік мемлекеттік қызметте жылжу және келу кезіндегі міндетті түрдегі конкурстық таңдау. Мемлекеттік қызметке тең тұруы азаматтардың конституциялық құқықты іске асыруға мүмкіншілік беретін ашық, жариялы конкурсты таңдау. Дүние жүзінде осы уакытқа дейін конкурстық таңдаудан басқа қызметке жақсы мамандалған кадрларды алуға мүмкіншілік беретін әдісті ойлап тапқан жоқ. Бұны үлгеріп отырған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетеді.

Мемлекет басшысының бұйрығы бойынша өткен жылдың ақпан айынан бастап конкурсты таңдау механизмін жетілдіру мақсатында орталықты іске асырушы органдарда міндетті конкурсты таңдау жүйесі енгізілген. Президант үкімін орындауын талдай отырып келесі нәтижелерді шығаруға болады:

1) Төлем ақының төмен болған жағдайында кадр тапшылығының пікіріне қарсы орта есеппен алғанда 1 орынға конкурс есебінде 4 адам болды.

2) Үкімді іске асырмай отырғанда көптеген квалификациялық мамандар үшін вакансия жайлы ақпараттың болмауында.

3) Мемлекеттік оргондардың көптеген басшылары кандидаттардың кең ауқымынан таңдау мүкіншілігін жақсы бағалады.

Конкурсты 2000 жылдың 1-ші қаңтар айынан бастап вакансиялары бар мамлекеттік органдарының өзі өткізетін болды. Агенттік болса конкурстың бір этапын ғана өткізеді - кандидаттарды тестілеу. Бастапқы этапта тесттердің бастапқы мәндері дайындығы нашар кадрларды қабылдамауға мүмкіндік береді. Тестілеуден өткенді таңдаудан органдардың өзі жасайды. Осылайша әкімшілік мемлекеттік қызметке таңдау процедурасы максималды ашық болады.

Сол уақытта біздің реалилерді еспке ала отырып конкурсың ашық және жабық формаларын өткізе бастады, бұл жағдай біздің модельге иілгіш қасиетін берді. Одан басқа біздің заң берушінің ерекшелігі бір категориялы қызмет ауқымында бір мемлекеттік органның ішінде қызметке конкурс негізінде тұру.

Мемлекеттік қызметте әкімшілік қызметкерлердің тұрақты әрекет етуі үшін, орынсыз жұмыстан шығарып жіберуге жол бермеу үшін Заң оларға кепілдік береді.

Бұл заңда келесідегі жазылған, саяси қызметкерлердің ауысуы әкімшілік қызмет етушілердің жұмыстарынан шығарылуыңа себеп болмайды. Заңның басқа нормасымен мемлекеттік органның реорганизация немесе ликвидациядан өтуі жағдайында қызметкерлерге басқа жұмысқа тұрғызатынына кепілдік береді.

Әкімшілік мемлекет қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы:

• Саяси қызметкерлердің ауысуы әкімшілік қызметкерлердің жұмыстан шығарылып тасталуына себеп болмайды

• Әкімшілік мемлекеттік қызметке белгілі бір мерзімге келу

• Мемлекеттік органның реоргазизациясының жағдайында жаңа жұмыс орына тұрғызып беруі жайлы кепілдік беру

• Тәртіпке салу немесе жұмыстан жығарып жіберу шараларын қолдануғы нақты себептердің болуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызмет
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Менеджменттің қағидалары
Қазақстан Республикасындағы соттарды мамандандырудың басты кезеңдері мен мақсаты
Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы
Жалпы менеджмент туралы
Өндірістік кәсіпкерлік
Менеджменттің бастапқы теориялары
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру жолдары
Басқару тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz