Төзімділік мәселесін теориялық - әдіснамалық талдау



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 бет
1 тарау. Этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастағы төзімділік
мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ...8 бет
1.1. Төзімділік мәселесін теориялық-әдіснамалық талдау ... ... ... ..8
бет
1.2. Мемлекеттік қызметшінің төзімділігін зерттеудегі шетелдік
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25 бет
1.3. Мемлекеттік қызметші төзімділігінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .34 бет
2 тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
тұлғасындағы төзімділік мәселесін талдау және қазіргі жәй күйі ... ... ..42
бет
2.1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші төзімділігінің жәй
күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .42 бет
2.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісі төзімділігінің
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..48 бет
2.3. Мемлекеттік қызметшінің төзімділігін дамыту жолдары мен жетілдіру
басымдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .56 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 66 бет
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69 бет

Кіріспе

Біздің ел - географиялық орналасуы мен тарихи дамуының ерекшеліктеріне
байланысты әлемдегі көптеген ұлттар мен ұлыстар мекендейтін мемлекет.
Қазіргі кезде Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі, сонымен қатар дәстүрлі
емес діндердің өкілдері бір шаңырақтың астында тату тәтті өмір сүруде.
Олардың белсенділігі де артып, ғибадатханалардың саны да артуда.
Діндер аралық қатынастар саласындағы біздің еліміздегі салиқалы
мемлекеттік саясаттың негізі дін жағдайымен көрсетуге болар. Біріншісі –
либералдық заңнамалар, екіншісі - барлық діни нанымдарға төзімділікпен
қарау, үшіншісі – плюрализм, яғни діни пікірлердің, діни көзқарастың
алуандығы.
Осы үш жағдай бір бүтін болғанда Қазақстанда дінге сенушілердің құқығын,
дін ұстану бостандығы принциптерін, рухани бірлікті нығайту іс-шараларын
іске асыруға толық негіз бар.
Сол сияқты Қазақстанда ар-ождан бостандығы саласында осындай
мемлекеттік саясаттың негізгі үш принципін атап өтуге болар, олар:
бейтараптық принципі, өзара төзімділік (толеранттылық) принципі және тепе-
теңдік (паритеттік) принципі.
Бізде діни бірлестіктердің ішкі діни істеріне араласпау, қандай да
бір болмасын діни ұстанымдарды бір-бірімен сәйкестендірмеу, тең мүмкіндік
мәселелерін қамтитын мемлекеттің дүниетанымында бейтараптылық
(нейтралитеттік) принципіне басты орын беріледі.
Өзара төзімділік, шыдамдылық, принципі дегеніміз басқалардың діни
сеніміне қаншалықты төзімділікпен қарау ғана емес, сонымен бірге
соншалықты деңгейде құрметпен де қарау, бөтен дінділерді шеттетпеу дегенді
білдіреді.
Бұл принцип беріден алғанда, адамдардың және дінге сенушілер мен
атеистердің бір-біріне деген қарым-қатынастарына, ал, әріден алсақ,
біртұтас мемлекеттік тәртіп шеңберіндегі барлық діндер мен әртүрлі зайырлы
ұйымдардың бейбіт қатар өмір сүруіне де қатысты.
Тепе-теңдік принципі, Дін туралы Заңда, егер басқа діндердің де құқығы
бірдей болатын болса, мемлекеттің қандай да бір болмасын діни бірлестікке
бөле-жара ықылас білдіре алмайтындығы атап көрсетілген. Елімізде барлық
діни бірлестіктер заң алдында бірдей.
Өздеріңізге мәлім, біз соңғы жылдары бүкіл әлемнің назары ауып,
Қазақстанға барша адамзаттың ықыласын арттыратын үлкен рухани және
қоғамдық, саяси және тарихи маңызды оқыйғалардың куәсі болып жүрміз.
Елбасымыз Н.Назарбаетың бастамасымен 2003-ші, 2006-шы және 2009
жылдары Астанада, жаңа салынған Бейбітшілік пен келісім сарайында Үшінші
әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің Съездері өтті. Съездерге
Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Америка елдерінің түрлі конфессияларының
басшылары мен діндер делегациялары қатысты.
Егер бірінші съезде 17 делегация болса, Үшінші съезге 29 делегацияның
құрамы келді. Съезде әлемдік діндер лидерлері мен қоғам қайраткерлері,
әлемдік масс-медиа өкілдері іс-шараның жұмысын бүкіл әлемге паш етті.
Съездің басты міндеті – конфессиялар арасында үнқатысуды орнықтыру.
Үлкен жиындарда өркениеттер дағдарысын еңсеру, қақтығыстарды бейбіт шешу
жолында әлемдік діндердің күш-жігерін біріктіру секілді өзекті мәселелер
талқыланды.
Сонымен қатар, Республикада ұлтаралық және конфессияаралық келісімді,
тұрақтылықты сақтауға ықпал ету мақсатында 1995 жылғы
1 наурызда ҚР Президенті жанындағы консультативтік-кеңес органы ретінде
Қазақстан Республикасының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының
Ассамблеясы құрылды.
Төзімділік (толеранттылық) - бұл жергілікті халықтың басқа ұлт
өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларға
барынша мәдениеттілік көрсетудің белгісі. Төзімділік – туа біткен топтық
немесе жеке қасиет емес, белгілі бір жеке және қоғамдық құндылықтар мен
мінез-құлық нормаларын жүзеге асырылуына бағытталған күш салу. [1].
Тұлғаның тиімді өзара қатынасының негізі болып табылатын төзімділік
өмір бойы білім беру жүйелері мен кәсіби қызмет шеңберінде қалыптасады.
Төзімділік деңгейі, ұйымдастырушылық мінез-құлықтың ерекшеліктері мен
мемлекеттік қызметшілер агрессияшылдығының деңгейі мемлекеттік
қызметшілердің өз әріптестерімен және тұрғын халықтың кез келген
топтарымен өзара қатынасының тиімділігін қамтамасыз ететін сипаттамалар
мен қасиеттердің жиынтығы болып табылады.
Төзімділік ұғымы бір жақтан өзара әрекеттесу мен қатынас
ұғымдарымен, ал екінші жағынан ізгілік пен адамгершілікті
жауапкершілік категорияларымен тығыз байланысты. Төзімділік дегеніміз
басқа біреуді ол қандай болса, сондай қалпында қабылдай алуға, олармен
келісім негізінде өзара әрекетесуге және жағымсыз жанжалды жағдайларды
басқа адамның пікірін түсіну арқылы шешуге деген дайындық. Төзімділік
ұғымының болмысы адамдар мен әлеуметтік топтар арасындағы өзгешеліктердің,
саяси, экономикалық, ұлттық (этностық), конфессиялық және басқа да
қайшылықтардың бар болғандығымен, сонымен қатар жанжалдардың пайда болып
кету мүмкіндігімен де байланысты. Төзімділік аталған жанжалдардың мүлде
пайда болмауына, немесе жанжалдың барлық тараптар үшін оңтайлы нәтижемен
шешілуіне ықпал етеді [2, 25 б.].

Магистрлік жұмыс мәселесінің зерттелу деңгейі. Төзімділік мәселесі
Николай Кузанский, Дж. Локк, Вольтер, Дж. Стюарт Милльдің және басқа да
ойшылдардың еңбектерінде зерттелген. ХХ ғ. философия, социология,
психология, педагогика и акмеология саласында төзімділік теориясын әзірлеу
үшін елеулі теоретикалық алғышарттар қалыптасқан: қоғамдардың күштемей
өзара әрекеттесу тұжырымдамасы (B.C. Степин); объективті және субъективті
еркіндіктердің ара – қатынасы мен авторитаризмді тұлға белсенділігін
төмендететін әдіс ретінде жоққа шығару тұжырымдамасы (JI.C. Выготский);
төзімділіктің тұрақты түрде жаңғырмалы күш салу арқылы жүзеге асырылатын
келісу ретіндегі тұжырымдамасы (А.Е. Зимбули); қазіргі заманға сай
қоғамдық сананың кең ауқымды өзекті мәселелерін шешу шарттары ретіндегі
төзімділік идеясы (Л.А. Беляева, Ж.Т. Тощенко және т.б.)
Соңғы уақытта көптеген зерттеушілер төзімділік феноменін басқа біреуге
қатысты төзімді санамен ғана емес, басқаға деген қызығушылық білдірумен
(Е.Ю. Клепцова), мәдени айырмашылықтарды қабылдаумен, оларды құрметтеумен
және бекітумен (Г.Д. Дмитриев), басқа мәдениеттің оңтайлы бейнесімен (Н.М.
Лебедева), басқа біреумен үндесуге дайын болғандықпен (Р.Р. Валитова),
осындай үндесу барысында көзқарастардың өзгеруіне деген нұсқаумен (В.А.
Лекторский), басқаға деген рақымдылық пен мәдениеттер әралуандылығының
құндылығы бар екендігін мойындаумен (А.Г. Асмолов, У.Г. Солдатова)
байланыстырады.
Қазіргі кезге дейін төзімділік мәселесін, соның ішінде мемлекеттік
қызметшілер төзімділігін дамыту мәселелерін келесідей ғалымдар зерттеген
- (И.В. Фетисов, М.М. Набиев, К А. Мантаева, Н.М. Филимонова, Ф.М.
Малхозова, Р.Г. Гаджиева, И.Э. Белоусова, Н.В. Мольденгауэр, И.Б.
Шебураков т.б.)
Сонымен қатар, төзімділіктің қалыптастырылуы мен дамуын айқындауға
келесідей ғалымдар өз зерттеулерін жүргізді: күйзелісті жағдайларда
психологиялық тұрғыдан қызмет етуге дайындығын зерттеген - В.Н. Кузнецов;
рефлексті біліктілікті анықтауға бағытталған зерттеуді - O.A. Полищук;
жанжалды жағдайларда сындарлы іс-қимыл туралы - Г.Н. Малюченко,
психологиялық бақылағыштықты - И.А. Кулькова, жанжалды жағдайларды шеше
білу біліктілігін туралы - О.И. Денисов.
Алайда қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің төзімділік мәселесі
толығымен зерттелмеген мәселе болып табылады.
Осыған орай, мәселенің өзектілігі мен оның жеткіліксіз деңгейдегі
ғылыми әзірленушілігі магистрлік зерттеудің тақырыбын, пәнін, мақсаттары
мен міндеттерін алдын ала анықтады.
Магистрлік жұмыста төзімділік мәселесі теориялық-әдіснамалық түрде
талдау жүргізілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алған кезден бастап ұлтаралық қатынастарды тұрақтылықта сақтауға және
халықтың әл ауқатын арттыруға байланысты бүкіл жағдайларды жасауға
тырысты.
Ел тізгінін қолға алған Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ашық қарулы
қақтығыстарға жол бермей, ел басқару стратегиясын дұрыс таңдағанның
арқасында Қазақстанда саяси тұрақтылық сақтай алынды.
Ел басшылығы таңдаған ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен
қоғамның бірігуі сынды стратегиялар тәуелсіз Қазақстанның Қазақстан -
2030 Стратегиясында тәуелсіз Қазақстанның ұзақ мерзімді басымдылықтары
ретінде ерекше атап өтілген. Алайда, Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша, ...
мықты тұрақтылыққа, шоғырлану мен бірлікке біз әлі жете қой ған жоқпыз
және де біз бәріміз өз өзімізді бір бүтін отбасы ретінде сезініп, өз
мақсаттарымызды дұрыс айқындап, оларға келісіп жетуімізге дейін кең
ауқымды жұмыс атқаруымыз керек.
Біздің Республикамызда мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру
технологияларының кешенді саясаттанушылық талдауының өзектілігі төменде
атап өтілген бірқатар себептерге байланысты.
Біріншіден, ұзақ мерзімді бейбітшілікті қамтамасыз етіп, Қазақстандағы
мәдени әралуандылық жағдайларында саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікке
кепілдік бере алатын демократиялық қағидаттардың бірі болып табылатын
төзімділік категориясының саясаттанушылық мәртебесін анықтау қажет.
Отандық сарапшылар Қазақстан Республикасында діни, саяси, этносаралық,
құқықтық жанжалдардың пайда болу қаупі мен олардың саяси үрдіске жағымсыз
ықпалын жоққа шығармайды.
Екіншіден, отандық саясаттанушылар төзімділікті, оның Қазақстан
Республикасының қазіргі заманға сай саяси үрдісіндегі орны мен ролін
пайымдауға деген назары жеткіліксіз болып табылады, ол біздің қоғам
дамуының ғылыми тұрғыдан негізделген үлгілерін құруға кедергі туғызады.
Үшіншіден, Қазақстандағы саяси, діни және этникалық салаларда төзімді
қатынастар орнын айқындау қажеттілігі.
Жақын және алыс шетелдік ғалымдардың төзімділік мәселесіне қатыс ты
көптеген еңбектерінің бар болғандығына қарамастан саяси, діни және
этникалық төзімділік саясаттанушылық талдаудың ең аз зерттелген саласы
болып табылады; төзімділікті дамытудың саяси механизмдері туралы мәселе
жеткіліксіз деңгейде қарастырылған; мәдени және саяси төзімділік туралы
мәселе де даулы мәселелер қатарында, Қазақстан Республикасының саяси
өміріндегі төзімділіктің орны мен ролі айқындалмаған.
Сөйтіп, саяси төзімділік мәселесінің ғылыми тұрғыдан жеткіліксіз
деңгейде зерттелуі және оны саясаттанушылар, заңгерлер, әлеуметтану шылар
тарапынан бір мағыналы емес түсінуі осы зерттеудің тақырыбын таң дауға,
мақсаты мен міндеттерін айқындауға негіз болды.
Зерттеу тақырыбы – мемлекеттік қызметшілердің төзімділігі мәселе сінің
әлеуметтік-саясаттанушылық мәнін негіздеу.
Зерттеу объектісі – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі. Зерттеу
пәні – мемлекеттік қызметшілердің төзімділігін арттыру үрдісін
оңтайландыру.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу мәселесінің теориялық талдауын жүзеге асыру.
2. Төзімділік құрылымының теориялық үлгісін әзірлеу
3. Мемлекеттік қызметшілер төзімділігінің даму өлшемдерін,
көрсеткіштері мен деңгейлерін айқындау.
4. Мемлекеттік қызметшілердің төзімділігінің, ұйымдастырушылық мінез –
құлқы мен агрессияшылдығының өзара байланысын зерттеу.
5. Мемлекеттік қызметшілердің төзімділіктің даму үрдісінің оңтайланды
рылуын және мемлекеттік қызметшілердің тұрғын халықтың түрлі санаттарымен
ара – қатынасының тиімділігін қамтамасыз ететін психологиялық құрамдас
бөліктерді анықтау.
Зерттеудің теориялық - әдістемелік негізі – тұлғаның дамуына қатысты
(Б.Г. Ананьев, Л.И. Анцыферова, B.В. Давыдов, А.Н. Леонтьев және т.б.);
жеке және кәсіби дамудың өзара ықпалы туралы кез келген ғылыми ережелер,
тұжырымдамалар (Б.Г. Ананьев, A.A. Бодалев, Б.Ф. Ломов, C.Л. Рубинштейн,
В.А. Сластенин, В.Д. Шадриков).
Зерттеудің теориялық негізі – төзімділік теориясы (А.Г. Асмолов, Н.М.
Лебедева, В.А. Лекторский, М.П. Мчедлов, П.П. Николсон, Дж. Роле, Т.Г.
Стефаненко, М. Уолцер и др.), ұйымдастырушылық мәдениет пен ұйымдық ара –
қатынастар туралы еңбектер (И.В.Калинин, Н.О.Коломиец,
Д. МакГрегор, Ю.В.Синягин, В.А.Спивак, Ф.Фидлер, Э.Шейн және т.б.).
Зерттеу әдістері: қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін салыстырмалы
қисынды, статистикалық, психологиялық, тарихи және т.б. әдістер пайдала
нылды.

1 тарау. Этносаралық және конфессияаралық карым-қатынастағы төзімділік
мәселесінің теориялық-заңнамалық негіздері

1. Төзімділік мәселесін теориялық-әдіснамалық талдау

Әр істе табысқа кенелу төзімділік пен баяндылыққа байланысты болып
келеді және төзім болмаса, табыс пен жеңіс қолға оңай түспейді. Ғылым мен
білім жолында және табиғаттың құпияларын ашу үшін қажырлы еңбек етіп,
қиындықтарға төзген данышпандар аз емес. Олар сол еңбегінің арқасында
жоғары ғылыми дәрежелерге қол жеткізген. Сондай-ақ өзінің ұстамдылығы мен
еңбек етуінің арқасында жағымсыз әдеттер мен сипаттар орнын игі
сипаттармен ауыстырған адамдар да кездеседі. Мұндай кісілер нәпсі құмарлар
мен азғындыққа бастайтын әулекі алдында төзімді болып, мықты және құнды
адамдарға айналған. Қоғамдағы жағдайды жақсартуға талпыну да төзімділікті
қажет етеді. Қоғамды түзетуде оң қадамдар жасап, оны бақытқа жетелейтін
кісілер қарсыластардың бөгет жасаулары, мазасын алуы және былапыт
сөздеріне қарап тұрып, түрлі қиындықтарға төзіп, түпкі жеңіске дейін
қайсар болуы керек.
Негізінен төзімділік, яғни толеранттылық (лат. tolerantia - шыдам,
төзім) терминіне шет тілдері сөздігінде бір нәрсеге, біреуге төзімділік,
төзу, шыдау деген түсініктеме беріледі.
Төзімділік ұғымы алғаш рет 1953 жылы медицина саласында пайда
болған. ХХ ғ. 80-ші жылдардың аяғында саяси термин ретінде ресімделген, ол
толеранттылық ұғымының синонимі болып табылады [3, 143 б.].
Аталған ұғымды талдау нәтижесінде әлемдегі мәдениеттердің түрлі
әралуандылығын қабылдау мен түсіну мағынасындағы құрметтеу ұғымы, адам
даралығын білдіру әдістері мен өз өзін білдіру нысандары төзімділік
ұғымының басты мағынасы мен негізі болып табылатындығы анықталды.
Төзімділік ұғымының мәні қазақ тілінде өте терең; ол шыдамдылық,
байсалдылық, кісілік, ізгілік, келісімді табу деген мағыналарды білдіреді.
Төзімділікке, яғни толеранттылыққа қарсы интолеранттылық деген үғым бар;
ол адам, әлеуметтік топтар, мемлекеттерге байланысты ымырасыздық,
шыдамсыздық, тағатсызық, кейістілік, менмендік, оспадарлық, парықсыздық
деген мағыналар пайдалынылады. Толерантты парасаттың үлгісі қазақ
билерінде кеп кездескен. Мысалы, Қазыбек бидің қалмақ ханы Қоңтайшыға
айтқан біз қазақ деген мал баққан елміз - деп басталып, достығымызды
сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса,
хан ордасын таптай білген елміз деген сөздер өзара сыйластыққа шақырады.
Төзімділік, толеранттылық, келісім тарихтың мәңгілік сыйы емес, себебі
күнделікті дамудан туып отыратын қайшылықтар біржола шешілмейді, күніге,
ай сайын, жылдар бойы, үздіксіз, барлық адамға шынайы жана шырлықпен,
түсінік жүмыстарын жүргізе отырып, шешімді табуды талап етеді [4, 18 б.].
Төзімділіктің шарты плюрализм, яғни түрлі ойлар мен пікірлердің бар
болуы. Жалпы алғанда, толеранттылықтың негізі – өзінің басқаға, бөтенге
қатынасын бақылау болып табылады. Бұл күнделікті кездесетін, тұрмыстық
деңгейден бастап кәсіби қарым-қатынас жасауға дейінгі аралықты қамтитын
мәселе болып саналады. Төзімділіктің негізінде плюрализмнің бар болуына
құрмет көрсету орын алады, осыған байланысты төзімділік ұғымы демок
ратия қағидаттарының бірі ретінде танылады. Төзімділік ұғымы алғашында
әлеуметтік ой саласында философиялық категория ретінде пайда болып,
қатынас ретінде түсіндірілетін. ХХ ғ. бастап ол тәжірибе – саяси қызмет,
технология ретінде көрініс табады, осыған байланысты ол жеке дара саяси
ұғым ретінде танылады.
Төзімділіктің негізгі ережелері мен қағидаттары БҰҰ мен Біріккен
Ұлттардың білім, ғылым мен мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымының UNESCO
– ның құжаттарында әзірленген, ал оның онан әрі талдау ғылыми және ғылыми
және ғылыми – танымалды ақпарат көздерінде жүзеге асырыл ған. Аталған
құжаттарды төменде атап өтілетін үш топқа бөлуге болады.
Біріншіден, төзімділіктің негіздері түсіндірілетін жарияланымдар
(саяси мәдениет, адамның құқықтары мен бостандықтары, өзара түсінушілік,
тілектестік және т.б.), оның дүниетанымды негіздері мен саяси басымдылық
тарын анықтау, нормативтік - құқықтық базаны дамыту, мәдени – білім беру
бағдарламасын әзірлеу мен жүзеге асыру, ағартушылық және насихаттаушы лық
акцияларды жүргізу жөніндегі іс - әрекеттер орын алады;
- жалпы адамдық құндылықтарды, төзімділік мәдениетінің қайнар көздерін
анықтау арқылы төзімділікті тұжырымдамалық негіздеу мақсатын көздейтін
мақалалар;
- зерттеу тақырыбына сәйкес келетін немесе зерттеу тақырыбына ұқсас
тақырыптар бойынша жазылған кандидаттық және докторлық диссерта циялар.
Негізінен төзімділік мәселесіне қатысты зерттеулер өте аз. Қазақстандық
саясаттанушылық ғылымның дамуына Г.О.Насимованың докторлық диссертациясы
елеулі үлес қосқан, алайда ол жанжалды пара дигма шеңберінде жазылған,
еңбекте төзімділік мәселесіне қатысты деректер аз.
Екіншіден, төзімділік мәселесінің кез келген аспектілері бар: діни,
тарихи, философиялық, мәдениеттанушылық, педагогикалық, психологиялық,
сасат танушылық, құқықтық, әлеуметтанушылық және т.б., олардың
әзірлеушілік деңгейлері де әртүрлі. Төзімділік мәселесі саясаттанушылық
шеңберінде өте аз зерттелген.
Төзімділік мәселесі теориялары шынайы классикалық теориялар болып
табылатын Ағарту дәуірінде өмір сүрген ойшылдардың еңбектерінде зерт
телген. Төзімділік ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардың Дж. Локк, Ф.М.А.Вольтер,
Ж.Ж.Руссо, И.Кант сынды ұлы либералды ойшылардың азаматтық қоғамның
негізгі құндылықтарының бірі ретінде қарастырылған. ХІХ ғ. Дж.Ст.Милль
төзімділік идеясын еркіндіктің басты шарты ретінде қарастырады, М.Вебер
дінге еріктілік идеяларын қорғайды. ХХ ғасырдың 70-ші жылдары бейтарап
либерализмнің теорияшылы Дж. Роулс төзімділікті әлеуметтік әділдіктің
негізі ретінде қарастырады. Барлық атап өтілген еңбектерде төзімділік
идеясы ой еркіндігі мен ар – намыс еркіндігі қағидаларының шиеленісуі
ретінде қарастырылады, алайда онымен қоса соғыс пен бейбітшілік мәселесі
мен де ұштастырыла бастады. А.А.Алиев, М.С.Стецкевич, В.М.Золотухин,
В.В.Шалин, Б.Г.Капустин және т.б. діни төзімділік туралы ойлардың қалып
тасу мен дамуының талдауына арналған монографиялық еңбектер мен жеке леген
мақалалар жазған.
Саяси төзімділік жеке феномен ретінде оның саяси жүйеде қызмет етуі
саяси тәртіпге (режимге) байланысты болғандықтан зерттелмеген. Саяси
төзімділіктің талдауы азаматтық қоғам теорияларының ережелеріне негіз
деледі (қазақстандық ғалымдардан төзімділік туралы Р.К.Қадыржанов,
К.Г.Габдуллина, К. Ж. Нұғыманова жазған).
Әдеби көздерді талдау қазіргі заманға сай ғылыми әдебиетте негізінен
саяси төзімділіктік тек белгілі бір тұстары мен көріністерінің зерттеулері
қана кездесетіндігін көрсетті. Төзімділіктің анықтамалары саясаттанушылық
энциклопедиялық сөздіктерде кездеседі, төзімділік мәселесінің кейбір аспек
тілері ұжымдық монографияларда кездеседі. Қазақстандық саяси ғылымда саяси
төзімділік теориясына арналған теориялық - әдіснамалық жұмыстар мүлде жоқ
деуге де болады.
Қазіргі заманға сәйкес келетін демократиялық әлеуметтік – саяси ахуал
жанжалды парадигмадан негізінде төзімділік қаланған парадигмаға көшуді
талап етеді.
Төзімділік терминін саралау барысында ғалымдар арасында елеулі
қайшылықтар туындайды. Біраз жағдайда оны тікелей төзімділік сөзімен
байланыстырады. Қазақ тілінде төзім сөзі шыдам, сабыр, тағат
мағынасында да қолданылады. Яғни, төзімді болу - басқаға, оның ісіне,
құбылыстарға шексіз төзу, шыдау ұғымын білдіреді і [6, 28 б.].
Төзімділік қазіргі ғылымда әр түрлі аспектілерде қарастырылады:
әлеуметтік, діни, саяси, жыныстық, этникалық, т.б. Осылардың ішінен біздің
зерттеу пәнімізге байланысты этникалық толеранттылықты жеке бөліп
қарастырайық. Этникалық толеранттылықтың философиялық негізі – басқаның,
өзі нен айырмашылығы бардың өмір сүру фактісінің өзі болып табылады. Ал
оның түпкі мәніне жету үшін ең алдымен этникалық түсінігіне тоқталып
өткен жөн. Этнос терминін қарастырғанда көпшілік авторлар Ю.В.Бром
лейдің анықтамасын негізге алады [7, 29 б.]. Оның айтуынша этнос – бұл
белгілі аумақта тарихи қалыптасқан, салыстырмалы түрде тұрақты тіл,
мәдениет және психикалық ерекшеліктерге, сол сияқты өзіндік атауында
көрінетін өзінің бірлігі мен өзгелерден ерекшелігін (өзіндік сана)
түсінетін адамдардың тұрақты жиынтығы. Этнос табиғатын түсіндіруге
арналған басқа да тұжырымдар көптеп жасалды. Л.Н.Гумилев этносты ең
алдымен табиғи құбылыс ретінде қарастырды. Оның түсінігінде этнос – бұл
өзін басқа өзі сияқты ұжымдарға қарсы қоятын (біз – біз емес), ерекше ішкі
құрылымға және мінез-құлық стереотипіне ие адамдар ұжымы (динамикалық
жүйе). Этномәдени білім беру мәселесін зерттеу барысында Ж.Ж.Наурызбай
этнос ұғымын тайпадан жоғары қауым, ұлт ұғымдарын жалпылаушы термин
ретінде қолданады. Сонымен, этникалық сөзінің мәні адамның белгілі бір
этнос мүшесі ретінде сол этносқа тиістілігін, сәйкестілігін сезінуі деген
қорытынды жасауға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда этникалық
толеранттылық басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін, ойлау жүйесін, өзіндік
ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін қабылдай алу қабілеті ретінде
көрінеді. Әрине, оның шегі өзара сыйластық, ынтымақтастық деңгейінде болуы
тиіс.
Ғылыми-зерттеулерге сүйенсек, дін – қоғамды біріктіруші де ыдыра-тушы
да фактор болып қала береді. Қазіргі кезеңде діни төзімсіздік қоғамды
тұрақсыздыққа, қақтығыстар мен жаппай кедейшілікке тірейтінін көз көріп
отыр. Тарихқа сүйенсек, діни наным-сенімді сыйламаудың түбі қанды
шайқастарға ұласып, бүтін бір мемлекеттің жойылып кетуіне де әкелген.
Ғылымда діни төзімділіктің бірнеше белгісі көрсетілген. Олар мыналар:
бірінші – өзге діндегі азаматтардың сеніміне төзімділік (мұсылман-
христиан, мұсылман-буддист т.б.); екіншісі – өзге конфессиялардың
өкілдеріне деген төзімділік (сунниттер-шииттер, католиктер-протестанттар);
үшіншісі – дәстүрлі емес діндер мен олардың өкілдеріне төзімділік;
төртіншісі – Құдайға мойынсұнғандар мен атеистер арасындағы төзімділік.
Діни төзімділіктің классификациясына қарайтын болсақ, бұл төртеуі
Қазақстанда сақталған. Бір сөзбен айтқанда, татулықты ту еткен Тәуелсіз
Қазақстанда діни төзімділіктің барлық түрі сақталған. Оған дәлелдер де жоқ
емес. ҚР Конституциясы 1-бабының 1-тармақшасында: Қазақстан Республикасы
өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары, – деп жазылған. Яғни демократия құндылықтарымен
жүретін біздің ел – сонымен қатар зайырлы мемлекет. Православие, буддизм
және ислам әлемінің ортасында орналасқан Қазақстан Өркениеттер қақтығысы
атты әйгілі мақала жарияланған жылдары азаттық алды. Барынша жариялылықты,
географиялық факторларды ескеру аса маңызды болды. Дін сияқты өте нәзік
мәселеге екі шоқып бір қараған еліміз бүгінде діни төзімділіктің үлгісін
көрсетіп келеді. Халықаралық ұйымдар мен әлемдік сарапшылардың пікірінше,
Қазақстан әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қомақты үлес
қосуда. Оның бір айқын дәлелі – дүние жүзінде тұңғыш рет қазақ жерінде
ұйымдастырылған әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 жылы
алғаш рет Астанада өткізілген форум әрбір үш жыл сайын ұйымдастырылатын
болып, 2006 және 2009 жылдары елордада өз жалғасын тапты. Қазақстан
Президенті Н.Назарбаевтың әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезін
өткізу туралы идеясын ислам, православие, католицизм, протестантизм,
буддизм, индуизм, конфуциандық, иудаизм және басқа да көптеген діндердің
өкілдері қолдап отыр. Осы бір бастама арқылы қанды қақтығысқа дейін барған
діндер арасындағы келіспеушіліктер бір үстелдің басында мәселе етіп
көтеріліп, күн тәртібіне шығарылды і [8, 18 б.].
Этникалық толеранттылықтың мәні – басқа ұлт өкілдерінің сыртқы түрін,
ойлау жүйесін, өзіндік ұлттық, мәдени ерекшеліктерін, іс-әрекетін
қабылдау. Этникалық толеранттылық адамның тұлғалық қасиеті болып табылады,
сонымен бірге ол қалыптасу барысында маманның кәсіби қажетті қасиетіне
трансформацияланады. Этникалық толеранттылық әлеумет тік-мәдени және
прагматикалық құзыреттіліктердің (дүние туралы білімдер, жағдаятты түсіну)
даму деңгейімен анықталады. Осы құзыреттіліктерді бөліп көрсету арқы лы
оларға сәйкес кәсіби міндеттерді анықтау мүмкін болады. Басқаша айтқанда
міндеттердің екі тобын (әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерді дамыту бойынша
кәсіби міндеттер, прагматикалық құзыреттіліктерді дамыту бойынша кәсіби
міндеттер). Қойыл ған мақсатқа жету үшін, яғни этникалық төзімділікті
қалыптастыру үшін бұл міндеттер өз деңгейінде іске асырылуы тиіс [9, 18
б.].
Қазіргі кезде мемлекеттік деңгейде қарастырылып, мемлекеттің ішкі
саясат мәселелерінің біріне айналған мемлекеттік қызметшілердің
төзімділігін арттыру мәселесі Қазақстанның мемлекет пен құқық тарихында
алғаш рет қозғалып отырған мәселе емес. Төзімділікке қатысты ой –
пікірлер, төзімділік қасиетінің қажеттілігі әрі маңыздылығы адамның басқа
да рухани қасиеттері мен қатар Алаш зиялыларының еңбектерінде де көрініс
тапқан.
Негізінен, толеранттылық, немесе төзімділік ауқымындағы ұлттық мінез,
ұлттық намыс, ұлттық дәстүр, әдет-ғұрып, салт-сананың жойыла бастауы сөз
жоқ, ұлттык тіл мен ділдің тоқырауына әкеліп соғатыны сөзсіз, сондықтан
мемлекеттік қызметшінің мәдениетін арттыру үшін рух мәдениетін арттыру
керек. Рух мәдениеті -күрделі әлеуметтік құбылыс, ол өз заңдылығымен,
даралығымен дамиды. Кезінде ұлы қазақ ойшылы Жүісіпбек Аймауытов ерінбей
еңбек етуге таудай үміт, табанды кайрат, шамдай мұрат, жалынды жүрек,
терең білім керек, - деп жазған. Қазак халқының сана мәдениеті, рух
мәдениеті, тіл мәдениеті - үлкен тарих, ұзак ғасырлар көшпелі елдің қилы -
килы асуларынан туған күрделі үрдіс. Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып,
үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды.
Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше өзімізде де бар
дәулетті жарыққа шығарып, іске жарауға талпыпу керек, - деген Жүсіпбек
Аймауытовтың сөздерінде ағартушылык, танымдық сарын басым [10, 24 б.].
Теңдік, еркіндік ұғымдарының әлеуметтік-саяси, моральдік мәні аса
зор, түркілер үшін ол ынсап, канағат, сабырлылык, біліктілік білімділік,
ерлік, төзімділік түсініктерімен айкын далып отырады. Төзімділік қабілеті
– адамның табиғи қасиеті, ол әрбір адамға тән және барлық адамдарға жалпы.
Алаш ағартушыларының экзистенциалдық тақырыптағы шығармалары адамға
сабырлылықтың, төзімділіктің, кішіпейіл діліктің жолын, мәні мен
құндылығын түсіндірумен мәңгі. Олардың сабырлылық, қажымас қайрат,
жігерлілік пен төзімділік жөніндегі түсінігі мен көзқарастары — мәнін
жоймайтын құндылық. Адам өзінің әрбір ойына, әрбір ісіне ішінен баға
беріп отырады. Ізгі ой, ізгі іс адамда жағымды сезім туғызады. Адамға
қалайда болса, қашан да пайда келтіретін Ой һәм ізгілік. Ізгілікке ұмтылу,
жауыздықтан безу - адамнын жаратылысының өзінде бар нарсе, - деп жазды
Мағжан Жұмабаев. Ойшыл Мағжанның түсінігінше, адамның жан дүниесінің
іздейтіні - руханият, ал оны болашаққа жеткізу үшін әрбір заманда,
қоғамда рухты сабақ тастырушы, жалғастырушы адамдар болады, олар өздерінің
дұрыс өмір сүре білуін өзгелерге де ұсынады. Ал, дұрыс өмір сүру
әрекетінің басты шарттары адамгершілік, өзгені өзіндей түсіну, бірлік,
ынтымақ, жанашыршылдық, сабырлылық, қанағатшылдық. Егер адамның іс-
әрекетін бағалауда жасандылық, әділетсіздік болса, ол сенімге дақ
түсіреді, рухты жасытады. Мағжан ақынның түсініктері әлеуметтік маңызға
ие. Алаш зиялылары өз өмірінде болып жатқан түрлі оқнғалар мен әралуан
жағдайға халық тағдыры үшін де жауаптымын деп санап, мұндай жәйттің орын
алуын өз мінез-кұлқымен, болмысымен, кабілетінің деңгейімен түсіндірді.
Қазақ ағартушылары, атап көрсеткеніміздей адам пайда болғаннап бастап,
онын бойында бар төзімділік касиетті оның негізгі армандарымен қамти
отырып, шығармаларына аркау етті. Нақтырақ айтқанда, шығармаларынан
түсінетін адам бойындағы басқа касиеттермен тұтас өзара ықпал ету
нәтижесінде төзімділік касиеті жаксылыққа, парасаттылыкка жетелейді. Егер,
төзімділік жеке дара болса, адам құрсаулы, амалсыз, ыктиярсыз, көнбіс
деңгейде калып, ол кері жағымсыз мінез - құлықты берер еді. Ынжық,
жігерсіз, одан келіп, жауапкершілікті сырты күштерге арта салу, қалыптас
кан тіршілігін бәз баяғыша жалғастыра беруге дәрменсіздік - міне, осының
бәрі шыдамдылық, төзімділік, сабырлылықтың әлсіреуінен келіп шығады.
Төзімділік күбылысы - үлггык көріністерді бейнелейтін адамныңды түрлі
өмірінің этно-мәдени, әлеуметтік ортада рухани жетілу деңгейі мен бағытын
өзгені тану, түсіну, кішіпейілдік, адамның рухани өмірін жетілдіретін
тұтас түсінік, белсенді көзқарас.
Жалпы төзімділік өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас
ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-
сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрі нісі.
Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастар дың
белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.
Адам баласының бір-біріне деген сыйы мен құрметі сұйылып, оның үстіне
бір-біріне деген сенімсіздіктері ұлғая түсіп, ол келіп тұтас бір
мемлекеттердің арасындағы қырғи-қабақ соғысқа ұласып, дүниені үрей мен
қауіп билеген сәтте біздің елімізде көне тарих бұрын-соңды естіп те, көріп
те білмеген конфессияларалық және ұлтаралық төзімділік пен үйлесімділіктің
белгісі болып табылатын әлемдік маңызы бар форум өткізілді; оны енді жалпы
адамзат баласының өзара түсінушілік және бірін-бірі құрметтеу, бірінің
уәжін бірі төзімділікпен тыңдай білуі арқылы бейбіт қатар өмір сүру
бағытында жасалған қадам деп түсінуге болады.
Дүние жүзінде дінаралық негіздегі кикілжіңдер көбеймесе, азаяр емес.
Ал Қазақстан қоғамында толеранттылық пен діни төзімділік ауаны
қалыптасқан. Мұны осыдан 10 жыл бұрын, 2001 жылғы Нью-Йорктегі оқиғалардан
кейін сол кездегі Рим Папасы Иоанн Павел ІІ атап көрсеткен: Ұлы Даладағы
бейбітшілік пен келісім бейбіт өмірді көп ұлтты мемлекетте де сақтауға
болатынын айғақтап отырғаны жағымды жағынан таңқалдырады, деген еді ол.
Елімізде ұлтаралық татулықтың салтанат құруы – біз мемлекеттің негізін
құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілге нінің
белгісі. Біле білсек, төзімділік – үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол
жеткізген 20 жылдағы маңызды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас
еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің
үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан
кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен
салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты
тірлікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жеткізе алмауда. Керек десеңіз,
Қазақстан – Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақтап, алауыздыққа жол
бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға
тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім
ошақтарының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ
еліміздегі өзге ұлт өкілдеріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге
болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ
тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек.
Бұдан басқа ел аумағында 13 тілде түрлі радиохабарлар тарайтыны белгілі.
Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.
Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының
маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Алдағы
уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына,
дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біз төзімді қоғам арқылы ұлттық
болмысымызды жойып алмауға ерекше мән берген жөн. Қайта керісінше
толерантты қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа жетудің жолдарын
қарастырғанымыз абзал. Сонда біздің ұпаймыз түгел болатыны белгілі.
Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жатқан Ассамблеяның қызметі еліміз үшін
үлкен мән-мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820
мәдени орталық мүше.
Ассамблеяның негізгі функциялары мен өкiлеттiктерi:
1) этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттiк
ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу;
2) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм, мемлекеттiк тiлдi
және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту саласында шаралар әзiрлеу
мен iске асыруға қатысу;
3) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз ету
мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам
институттарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келiсiм үлгiсiн елде және
шет елдерде насихаттау.
Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде
қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден
байқайды.
Алдағы уақытта төзімділік біздің халқымыздың күнделікті өмірінің
дағдысына, дәстүріне айналуы керек. Сондай-ақ, біздер төзімділікы қоғам
арқылы ұлттық болмысымызды жойып алмауға баса мән берген жөн. Қайта
керісінше төзімділік қоғамды пайдаланып тілдік, ұлттық басымдылыққа
жетудің жолдарын қарастырғанымыз абзал. Сонда біздің ұпаймыз түгел
болатыны белгілі. төзімділікылық бізді ассимилиацияға түсірмеуі тиіс.
Сондықтан мемлекеттік саясатты барынша айқындап алуымыз шарт. Сонда ғана
төзімділік біздің мақсат-мүддемізге жұмыс істейтін болады.
Қазақстан тәуелсіздік алған алғаш жылдары қабылданған, мемлекет
қызметінің негізін қалайтын құжат болып табылатын Қазақстан Республикасын
2030 жылға дейін дамыту Стратегиясында ҚР Президенті Н.Назарбаев мемлекет
дамуының жеті ұзақ мерзімді басымдықтарын атап өткендігі белгілі. Аталған
құжатта аса маңызды басымдықтардың ішінде ішкі саяси тұрақтылық пен
қоғамды бірігіп нығайту міндеттері көрсетілген; олар орындалған кезде осы
және алдағы онжылдықтар ішінде ұлттық стратегия жүзеге асырылатындығы
туралы да айтылған.
Бүгінгі күні Қазақстандағы төзімділік, бейбітшілік пен амандықтың көзі
болып табылатын, қазіргі заманның нақтылығына айналған басты
құндылықтардың бірі, бүкіл қазақстандықтардың ауызбірлігінің негізі және
ел басшылығының ішкі саяси бағыттағы саясатының негізгі
құрамдас бөлігі. Сонымен қатар, еліміздегі төзімділік – Қазақстан
Республикасының халықаралық кеңістіктегі оң имиджінің негізгі құрамдас
бөлігі. Халықаралық қауымдастықта біздің елімізді мемлекеттегі ішкі саяси
ахуалы аса қолайлы мемлекет деп біледі. Сонымен қатар, елімізде
этносаралық және конфессияаралық жанжалдардың жоқ болуы, ішкі саяси
тұрақтылықтың нық орнағандығы елімізді 2010 жылы Еуропадағы Қауіпсіздік
пен Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуші мемлекетті әрі аталған беделді
ұйым Саммитінің өткізілу орнын таңдау барысындағы айқын алғышарттарына
айналды.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан ұлтаралық және конфессияаралық
үндесудің өз үлгісін қалыптастыра алды, оны басқа елдерге де өз
саясаттарын қалыптастыру барысында пайдалану үшін ұсынуға болады: Күні
кеше ғана дүниенің төрт бұрышына бірдей айқара құшақ ашқан бүгінгі
Қазақстанның символындай болған дәл осы сәулетті ғимаратта бас қосқан
ислам, христиандық, яһуди, будда және басқа дін өкілдері біз ұстанған осы
саясатты ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің әлемдегі ең үздік
моделі ретінде бағалап, Қазақстанды дүние жүзіндегі бейбітшілік пен
келісім аймағы деп жариялады [11, 1 б.].
Осыған дейін аталғандай, Қазақстан Республикасы 130-дан астам ұлттар
мен конфессиялар бейбіт өмір сүретін бірегей мемлекет ретінде сипатталады.
Қазақстанның оң бейнесі мен еліміздің ішкі саясатындағы оң ахуал – ел
басшылығының бабаларымыздың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген, дана
саясатының нәтижесі деп білуге болады. Қысқаша айтқанда оны төзімділік
саясаты деп атауға болады. Оның негізі еліміздің Ата Заңында
келтірілген: 1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең. 2. Тегiне,
әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне,
ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты
немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге
болмайды [12, 1 б.].
Конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту жөніндегі саясат –
мемлекет дамуының бетімен жіберілген іс болып табылатын бағыты емес,
керісінше, ел басшылығы осы мәселеге ерекше назар аударуда. Біздің
елімізде республикадағы этносаралық және конфессияаралық қарым –
қатынастар – оның қазіргі кездегі жағдайын түсініп, дұрыс бағытта дамуына
ықпал ете алатын, өзара тиімді үндесуді жөнге келтіре алатын мемлекет
тарапынан сенімді серіктесті талап ететін қарым – қатынастар. Өйткені
аталған қарым – қатынастар мемлекеттегі тұрақтылық пен оның үйлесімді
дамуына тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы
бойынша қазіргі кезде этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар
жүйесінің осындай серіктестері құрылған, олар: Қазақстан халқының
Ассамблеясы мен Діни істер Агенттігі. Өз нысандары бойынша ерекшеленетін
осы екі ведомствоның ортақ бір мақсаты бар, ол – біздің мемлекетіміздегі
конфессияаралық және этносаралық келісімнің сақталуы мен нығайтылуына
ықпал ету. Ағымдағы жылы мемлекет пен конфессиялар арасындағы дәнекерлік
үндесуді нығайту жөніндегі жұмыстың қисынды жалғасы ретінде ҚР
Президенті жанындағы Академиясының негізінде Этносаралық және
конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталық құрылды.
Орталық этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастардың іргелі
зерттеулерімен айналысатын болады. Сонымен қатар, Орталықтың екінші
міндеті – этномәдени бірлестіктермен жұмыс істейтін мемлекеттік
қызметшілердің біліктілігін арттыру. Орталық төзімділік пен этносаралық
келісудің шетелдік тәжірибесін күрделі зерттеуімен айналысып, Қазақстан
ның осы саладағы жетістіктерін насихаттайтын болады. Қазіргі кезде ҚХА
ғылыми кеңесі мен жаңадан құрылған Орталық басқа да ғылыми – талдағыш
құрылымдармен бірлесіп, этносаралық қарым – қатынастар саласындағы іргелі
және қолданбалы зерттеулерді жүргізу барысындағы үйлестікті қамтамасыз
етуі тиіс. Орталық қызметінің нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен
этномәдени бірлестіктер қызметкер леріне арналған нақты ғылыми –
негізделген, тәжірибелік нұсқаулықтар әзірленетін болады.
Ассамблея, Агенттік, Орталық – барлық осы органдар елімізде
конфессияаралық және этносаралық қарым – қатынастардың нығайтылуы мен
дамуына ықпал ету мақсатында құрылған.
Аталған органдар құрылғанға дейін республикада этносаралық және
конфессияаралық қарым – қатынастар мәселесімен жергілікті атқарушы
органдар – әкімдіктер мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тиісті
құрылымдары айналысатын.
Яғни, қарастырылатын салаға тартылған мемлекеттік қызметшілердің
қызмет ету нысандары мен қызмет аясы әралуан: ол жергілікті және орталық
мемлекеттік органдардың, атқарушы және құқық қорғау органдарының
қызметшілері. Сонымен қатар, аталған салада қызмет ететін мемлекеттік
қызметшілер фактыларды анықтап, көрсетумен, конфессиялар мен этностар
арасындағы өзара қарым – қатынастарды зерттеумен айналысатын, дәстүрлі
емес және мемлекеттің саясатына қайшы қызметті жүзеге асыратын,
тіркелмеген діни бірлесіктердің қызметтерін айқындайтын қызметкершілер.
Алайда жоғарыда аталған ведомстволарда қызмет ететін барлық
мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік маңызы зор, ауқымды әрі ортақ бір
мақсаты бар; ол – елімізде конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау
мен нығайту.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде
сақтаудың басты шарты — қазақтар мен орыстарың және басқа да этнос
өкілдерінін достығын нығайту, Орталық Азия халықтарынын бірлігін сақтау,
аймақтың тең құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің куатты факторы
ретінде бірлікті нығайту деп біледі [13].
Ал осы бірлікке қол жеткізудің маңызды шарты – мемлекеттік қызметті
тиімді жүзеге асыру арқылы мемлекеттік идеологияны, мәдени факторларды
дұрыс қалыптастыра білу. Осының барлығы мемлекеттік қызметшілердің
міндеттері. Яғни, елімізде төзімділікті нығайту ісінде мемлекеттік
қызметтің, атап айтқанда осы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік
қызметшілердің үлесі зор.
Мемлекеттік қызмет туралы ҚР заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшi -
мемлекеттiк органда мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру
мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан
Республикасының азаматы [14].
Мемлекеттік қызметшінің қызметі мемлекеттің функциялары мен
міндеттерінің әралуандылығына байланысты.
Мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының ахуалы аталған салада сауатты
негізде жөнге келтілірген өзара қарым-қатынастарға байланысты;
өз кезегінде бүкіл мемлекеттің ауқаттылығы - ішкі саясаттың
жағдайына байланысты. Сонымен қатар, мемлекеттің халықаралық
қоғамдастықтағы беделі республиканың ауқаттылығы мен экономикалық даму
деңгейіне байланысты. Тек іштей берік әрі мықты мемлекет қана сыртқы
саяси өзара қарым-қатынастарда да мықты болып, ойлаған жетістіктер мен
беделге ие бола алады. Осы салада қателіктер орын алатын болса,
мемлекеттің тіршілік әрекетінің барлық басқа салаларына: елдің
экономикасына да, ішкі саясатына да, сыртқы қарым – қатынастарына да және
т.т. кері әсерін тигізуі мүмкін.
Этносаралық және конфессияаралық қарым – қатынастар саласындағы саясат
мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына әрі мемлекеттің дамуы мен
өркендеуіне жауапты мемлекеттік механизмнің сансыз буыны - мемлекеттік
қызметшілердің қызметі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшілер -
бүкіл мемлекеттің бейнесі. Сондықтан да, қазіргі кезде, Қазақстан екінші
онжылдыққа жуық Орталыққа есеп беретін, КСРО деп аталатын ірі мемлекеттің
еншілес республикасы емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру процесінде олардың рөлі
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Әскери қызметкерлердің агрессивтілік деңгейін теориялық талдау
Дене әдістемесінің теориясы мен әдістемесі, пәні
Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі
Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі психологтың атқаратын рөлі
Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің әдістемелік негіздері
Дене шынықтыру жабдықтары
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Пәндер