Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I . Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындық
1. 1. Мұхтар Әуезовтің шығарамалары . . . 6
1. 2. Мұхтар Әуезов шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселесі…… . . . 12
1. 3. Мұхтар Әуезов шығармаларындағы тарихи және көркем шындық мәселесі . . . 16
II. «Қилы заман» және «Қараш-Қараш оқиғасы» повестеріндегі көркем және тарихи шындық
2. 1. Қилы заман повесіндегі тарихи және көркем шындықты суреттеу . . . 21
2. 2. Қараш-Қараш оқиғасындағы халық азабын бейнелеуі… . . . ……… . . . 34
2. 3. Қилы заман және Алаш идеясы . . . . . . . . . 41
III . «Қилы заман» және «Қараш-Қараш оқиғасы» повестері
арқылы мектепте оқушыларға тарихи шындықты ашу әдістемелері . . . 47
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
Кіріспе
Әлемдік ірі құбылыс, ғұлама жазушы М. Әуезов қазақ халқының рухани байлығын бүкіл дүние жүзіне паш етті. Өзінің саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетіне, тарихы мен ұлттық өнеріне арнады. Ол әдебиеттің бар саласында да қажырлы еңбек етті. Жазушының артынан қалдырған мол мұралары публицистика, драматургия, проза, көркем аударма тұрғысынан болса, ғылыми мұрасы фольклортану, әдебиеттану сияқты ірі салаларды қамтиды.
М. Әуезов - қазақ халқының ғасырға жуық өмірінің рухани шежіресін жазған, ұлт келбетін бар шындық айшықтарымен көрсете алған ірі тұлға. Ол XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірін дүниеге әкелген нағыз кемел шығарманың авторы ғана емес, толғампаз зерттеуші. М. Әуезов арқылы төрткүл дүние Абайды танып, Абай арқылы Азияның кіндігіндегі көшпенділер елі тарихын зерделеп, дала пәлсапасына қанығады.
Ол шәкірттік дәуірді басынан өткермей, әдеби майданға білек түре кіріскені тырнақалды шығармаларынан-ақ айқын аңғарылады. Көркем сөз құдіретін ерте ұғынған жазушы қазақ әдебиетіне құбылыс болып енді. Ұлттық сөзді биік белеске көтерді. Сол себепті М. Әуезовтің ұлы шығармалары қазақ халқының көнермес асыл мұрасы, ар-абыройы болып қала бермек. Дала данышпаны Абай - қазақтың асқар биігі, өлең сөздің үлгісі болса, қара сөздің хас шебері М. Әуезов туындылары адамзаттың рухани қазынасына айналған қымбат құндылықтардың бірі болып табылады.
Диплом жұмысының тақырыбының өзектілігі. Өмірлік шындық пен көркемдік шындықтың қарым - қатысы көп мәселеге байланысты екендігі белгілі. Тоталитарлық қоғамдық жүйе, қасаң идеологиялық саясат, әдеби күштердің теке - тіресі, талас - тартысы, жеке тұлғалардың пенделік пиғылы талай көркем туындыны, қаншама талантты әуре - сарсаңға, қуғын - сүргінге түсіргеніне мысал жетерлік. Осы орайда қаламгердің азаматтық қызметі, шығармашылық қағидасы, дүниетанымы мен саяси ауыздықтау XX ғасырдың 20 - 30 жылдарында бірде ашық, кейде астыртын сапада жүріп жатты. Қалыптасқан жағдайға көндігу, партиялық күшті мойындау, сырттай икемделу, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, астарлы түрде жалғастыру, ашық қарсы шығу - сол кезең қойған таңдау еді. Әр әдеби тұлғаның қай жолды таңдағаны жөнінде біршама зерттеулер бар, бірақ әлі ғылыми тұрғыдан анықталмаған мәселелер де жеткілікті. Соның бірі - кеңестік жүйенің алғашқы кезеңдегі әдебиеттегі ұлт - азаттық идеясының көрінуі, оны бейнелеудегі автор қолданған түрлі амал - тәсілдердің табиғатын зерделеу. Осы тұрғыдан қарағанда М. Әуезовтің қазақ әдебиеті мен ғылымы үшін аса маңызды, бірақ әлі күнге дейін арнайы сөз бола қоймаған, көпшілікке беймәлім сыры мен қыры жетерлік кезеңі бар. Ол қаламгердің азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған қазақ зиялыларының қатарында Алаш қозғалысының идеясымен суарылған шығармашылық қызметі.
«Қилы заман» - ұлттық сананың қозғаушы күші, халықтың көкірек көзін оятар ерек туынды! Кеңестік жүйенің бұл шығармадан зәре-құты қалмай қорыққаны да, жарты ғасырға жуық уақыт тасада құлыптап ұстағаны да сондықтан. Аталмыш туынды алып жазушы Шыңғыс Айтматовтың Әуезовтей кемеңгер ұстазының жолында бар беделін сала жүріп, күш-жігер көрсетуінің арқасында ғана 1972 жылы «Лихая година» деген атпен Мәскеуде жарық көруге мұрсат алды.
Бұл әңгімелердің бәрінде жағымды кейшкерлер бір-бірімен тағдырлас, қорғансыз, жетім, жесір, көкірегі мұң шерге толған аяулы жандар. Жазықсыз құрбан кейіпкерлер тағдыры бұлай болып қала бермейтініне жазушы үлкен үміт, сеніммен қарайды. Бұлардың аянышты халінен құтылудың жолы, азаттық үшін күрес екенін автор шындықты шынайы суреттеу арқылы жетеді. Ол «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаятында анық көрініс тауып, әлеуметтік теңсіздік тартысы үлкен суреткерлік күпшен бейнеленеді. Демек, алғашқы мақала, алғашқы әңгіме, пьесаларының өзінде-ақ М. Әуезов ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралығымен, көреген білімпаздығымен танылды. Өмірді жан-жақты қамтып, терең сипаттаған бұл дүниелер - жазушының реалистік қол таңбасының айғағы.
Мұхтар Әуезовтің 20-30 жылдарындағы шығармашылық қызметіндегі ұлт - азаттық идеясының бейнеленуі мен көріну жолдары туралы азды - көпті пікірлер айтылған зерттеулер бар. Олардың кезеңдік тұрғыдан алғанда әрқилы екендігі, кереғар пікірлердің барлығы, орнықты бағасын күткен асығыс тұжырымдардың кездесетіні - арнайы зерттеуге сұранып тұрғандай. Соған қоса осы тұрғыдағы жазушы көзқарасының өзгерісі мен дамуы да әрі қарай жүйелі зерттеуді қажет ететіні даусыз. Ұлы жазушының мол мұрасын, ұлт - азаттық идеясын көркем мазмұн мен шығармашылығын қайраткерлік қызметімен тығыз байланыста қарау, аталмыш идеяларды бейнелеудегі қолданған тәсілдерін саралауға бағытталған ізденіс, жаңа заман тақырыбы, әйел бейнесінің рухани әлемі осы диплом жұмысының тақырып өзектілігін айқындайды.
Алаш идеялары қатарында М. Әуезовтің азаттық үшін күрескен қайраткерлік тұлғасы сомдалды, қызыл империяның саясатын қазақтың мүддесі тұрғысында парасаттылықпен зерделеп, дүние таным эволюциясын айқын аңғартты.
«Қилы заманда» суреттелген тағдыр тауқыметiн көркемдік тәсілдер арқылы бүгiнгi күннiң шындығымен байланыстыру, салыстыру жағы қойылымда кемшін түсіп жатқандай көрінді. Тарихты сахналағанда, қазақтың рухын көтерер тұстарға көбірек мән беру керек сияқты. Әуезовтің өз заманындағы цензураға байланысты бауырын еркін жаза алмаған, қолын шідерсіз байлаған тұстарын қойылым арқылы қоюландырып бергенде, жоғарыдан ешкім «тәйт» дей қоймасы анық. Мәселен, әлгі бір ұрыс сәті бейнеленген көріністе, біраз уақыт қазаққа орыс ұлықтарын тырқыратып қуғызып, төбелеріне әңгіртаяқ ойнатқызып қойса, көрерменнің айызы қанып, рухы бір көтеріліп қалар еді. Шошайып келген төрт-бес солдаттан шошынып қаруын жерге тастайтындай қазақты бейшара ғып көрсетудің енді күні өткен. Көрерменге жаңаша сипатта ұсынылды делінгенмен, қойылымда осы жағы жетпейтіндей көрінді. Қойылым соңында отаршылдар қайқы қылышпен қақ бөлген Бесікті жиынтық бейнедегі Ананың таңып-байлап, бүтіндегені сәтті шыққан.
Диплом жұмысының мақсаты. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестеріндегі тарихи және көркем шындықты ашу.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындадық:
- Мұхтар Әуезовтың шығармашылығының ерекшеліктерін сипаттадық;
- «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестерін жан-жақтан талдап, тарихи, әлеуметтік маңызын аштық;
- Дипломдық жұмыстағы материалды мектепте «Әдебиет» сабағында пайдалану мүмкіндіктерін келтірдік.
Зерттеу нысанасы. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестері.
Зерттеу пәні. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестеріндегі тарихи және көркем шындық.
Дипломдық жұмыстың жаңашылдығы. Мұхтар Әуезовтың «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестері талданып, тарихи және көркем шындық сипатталған. Осы шығармалардағы тарихи, саяси оқиғалардың маңыздылығы, кейіпкерлердің прототиптері туралы жазылған.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда Мұхтар Әуезовтың өмірбаяны, шығармашылығы келтірілген. Екінші тарауда «Қилы заман» және «Қараш-Қараш» повестері әдеби, тарихи, саяси жағынан талданды. Үшінші тарауда осы повестер бойынша сабақ жоспарлары келтірілген.
- Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы тарихи шындықМұхтар Әуезовтің шығарамалары
Мұхтар Омарханұлы Әуезов - Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957) .
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік - Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады [1] .
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5 - 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 - 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 - 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді.
Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді.
1951-1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады.
1955 жылы шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955-1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі - оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның «Абай жолы» роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды. 1961 жылдың жиырма жетінші маусымында Мәскеу қаласындағы ауруханада қайтыс болды; Алматы қаласында жерленген. Сол жылы Қазақстан Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды. Қазақ академиялық драма театры, Алматы, Астана, Семей және басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуы ЮНЕСКО-ның шешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті [2] .
Туған жері - бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы) . Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1908 жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.
1918 жылы М. Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алаш¬орда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.
1919 жылы - Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.
1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.
Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.
Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.
1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «[[Социалистік Қазақстан] ] » және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.
Ол 1961 жылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрыҚазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М. Әуезов атымен аталды [3] .
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» - қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолыроман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды. Сондай-ақ бұл роман-эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын «Абай» (1942, 1947), онан кейін мұның жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын; 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т. б. бәрі бар. Роман-эпопеяның танымдық мәнімен бірге ұлттық әдебиет пен мәдениетті, ана тілін өркендетудегі рөлі зор болды. Алғашқы екі кітаптан тұратын «Абай» романы үшін жазушыға КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949) беріліп, төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы жарық көргеннен кейін ол Лениндік сыйлықтың лауреаты (1959) атанды. Эпопея дүние жүзі халықтарының бір жүз он алты тіліне аударылған. Ол екі жүз томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» топтамасында екі том болып басылды.
Жазушының драматургия саласындағы еңбектері
Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас.
20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz