Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ

1. 1 Жасөспірімдер тұлғасы және олардың даму динамикасы . . . 6

1. 2 Жасөспірімдердің танымдық ерекшеліктері және темпераменті . . . 17

ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ

2. 1 Жасөспірімдердің ата - ана және мұғаліммен қарым -қатынас психологиясы . . . 28

2. 2 Жасөспірімдермен ересектердің қарым - қатынасын жақсарту жолдары . . . 41

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қоғам өмірін демократияландыру мен ізгілендіру бағытында болып жатқан түбегейлі жаңаруларға байланысты білім мен тәрбие беру жүйесінде де мол өзгерістер туындап отыр. «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» ұсынылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы талқыланып жатқан тұста, мектептің тұтас педагогикалық процесіндегі тәрбиеге жаңа көзқараспен қарау қажеттілігі туындады [1] .

ХХІ ғасырдың басында жаһандану мен ұлттық тенденциялардың бірлігі мен күресі, үйлесімі мен текетіресі елдің, ұлттың, жеке адамның адамгершілік қасиет сапаларын, ар-намысын жаңа қырынан саралауды талап етіп отыр.

Жеке тұлға мен қоғам құндылықтарының жандануы адам өмірінің негізгі тамыры болып саналатын адамгершілік, ұқыптылық, ар мен намыс, парыз бен жауапкершілік, игілікті іс сияқты жалпы адамзаттық қасиеттерді объективті түрде талап етеді. Осыған байланысты қазіргі қоғамның мақсаты жалпы адамзаттық құндылықтар болып саналатын, адамгершілік құндылықтарды бүгінгі ұрпақтың бойына қалыптастыру тәрбие мәселесінің өзекті мәселелері болып отыр.

Қоғам өміріндегі барлық салалардағы өзгерістер психология ғылымы алдында жасөспірімдердің өзара қарым-қатынас үрдісін жаңа тұрғыда зерттеу талабын туғызады.

Жасөспірімдердің құрбы-құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсуін, олардың тұлғалық дамуының басым психологиялық шарты деп түсіну керек. Қарым-қатынастағы сәтсіздіктер оларда жағымсыз күй тудырады, ал өмірдің басқа салалардағы жоғары көрсеткіштері оның орнын толтыра алмайды. Жасөспірімде субъективті түрде қарым-қатынас жеке тұлғасына өте маңызды нәрсе ретінде қабылдайды. Оған дәлел жасөспірімдердің қарым - қатынас формасына, дауыс ырғағына, сенімділікке, ерекше назар аударуы, және құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасына талдау жасауға ұмтылуы. Ересек өмірге қадам басқанда жасөспірімдер әлеуметпен көбірек өзара әрекетке түседі.

Өзінің идеалдары бойынша өмір сүруге ұмтылуда, өзінің жүріс-тұрыс үлгісін қалыптастыруда жасөспірімдер мен ересектердің көзқарастары бір жерден шықпай, кикілжің жағдайларға алып келуі мүмкін.

Жасөспірімдік шақта балалар үлкендерден алыстайды және құрбы- құрдастарының беделі балалар үшін арта түседі. Бұның терең психологиялық мағынасы бар. Өзін - өзі дұрыс бағалап, түсіну үшін, өзін-өзі құрбы-құрдастармен салыстыру қажет. Өзін - өзі білу, түсінудің белсенді процестері құрбы - құрдастарына деген қызығушылығын тудырып, осы кезеңде олардың беделін өсіреді.

Психологтардың (Л. С. Выготский, А. Р. Лурия, Н. Н. Обозов, С. Л. Рубинштейн, А. А. Бодолев, А. Н. Леонтьев) зерттеулерінше адамдар арасындағы өзара түсінушілік адам іс-әрекетін қадағалап отырудағы эффективтілік болып табылады. Ал өзара түсініктілік тек қана қарым - қатынас кезінде дамитындығын ескеру қажет. [2, 3]

Жоғарыда атап көрсеткеніміздей тұлғааралық қарым - қатынаста жасөспірімдер жан - жақты өзгере бастайды. Ересектер әрекетіне бейімделіп, әр түрлі қарым - қатынаста болады.

Зерттеу мақсаты: Жасөспірімдер мен ересектердің қарым-қатынасының теориялық негізін құру және жасөспірімдердің ата-аналар және мұғалімдерімен қарым-қатынасын жақсартудың әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Зерттеу нысаны: Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы

Зерттеу пәні: Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас үрдісі

Зерттеу міндеттері:

  • жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда негіздеу;
  • жасөспірімдер мен ересектердің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау;
  • жасөспірімдердің ата-аналар және мұғалімдерімен қарым-қатынасын жақсартудың әдіс-тәсілдерін ұсыну

Зерттеудің болжамы: Егер, оқу-тәрбие процесінде ата-аналар, мұғалімдер жасөспірім шақтағы психофизиологиялық ерекшеліктер туралы барынша білім, тәжірибе жинақтап, оны аталған процесте тиімді қолдана білсе, жасөспірімдер мен ересектердің қарым-қатынасы екі жаққа да жағымды нәтижелер берген болар еді.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ

1. 1 Жасөспірімдер тұлғасы және олардың даму динамикасы Жасөспірімнің басты ерекшелігі тұлғалық тұрақсыздығы болып табылады. Нақты осы уақытта жасөспірім өзін тұлға ретінде ұсынады. Қарама-қарсы ұмтылыстар, сапалар, тенденциялар бірге дами отырып, мінезбен мінез-құлықтың қарама-қарсылығын анықтайды. Осы мәселеге орай жасөспірімдерде өзара және ересектермен келіспеушіліктер пайда болады. Жасөспірімдер ер адам мен әйел адам туралы тұрақталып қалған әлеуметтік көзқарастарға, қоғамдағы мінез-құлық стратегияларына бейімделеді. Жасөспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық теориялар нақ өсудің биологиялық процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жасөспірімдікті алдымен организм эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның заңдылықтарына, ішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар (З. Фрейд, А. Фрейд, ) жасөспірімдікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі. Көрсетілген теориялар жасөспірімдікті алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. [4] Бірақ бұл даму әр турлі әлеуметтік және мәдени ортада әр келкі болып өтеді. Жас өспірімдіктің социологиялық теориялары оны алдымен әлеуметтенуінің белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды. Зерттеушілер (Ж. Пиаже, Б. Г. Ананьев, А. Адлер) адам меңгеруге тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық бағдарларының қалыптасуына, еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты проблемаларға назар аударады, яғни индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады. Кеңестік (Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов, М. Я. Басов, А. Н. Леонтьев) ғылым жастық проблемасын әлеуметтік-психологиялық факторлар мен дамудың ішкі заңдылықтарын есепке алып, жүйелі зерттеу керек деп біледі. [2] Бұл психофизиологиялық дамудың қарқыны мен фазалары әлеуметтік толысу мерзімімен әр кезде үйлесе бермейді. Жыныстық толысу да екі жыл ерте басталып, ерте аяқталады. Физиологтар (И. П. Павлов, И. М. Сеченов) екінші жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті үш фазаға препубертаттық, пубертаттық және постпубертаттық фазаларға бөледі, осының өзінде жасқа қатысты психология әдетте жеткіншектік жасты (балаң жастық) алғашқы екі кезеңмен байланыстырады. [5]

Акселерацияға байланысты жеткіншектік кезеңнің шектері төмендейді де, қазір ол енді 14-15 жаста-ақ аяқталады. Жас өспірімдік тиісінше ерте басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің нақты мазмұнын алдымен әлеуметтік жағдайлар анықтайды. Жастардың қоғамдағы орны, ол меңгеруге тиісті білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.

Ежелгi дәуiрлерден бастап зерттеушiлер адамдардың дене құрылымы және физиологиялық қызметiнiң ерекшелiктерiмен сай келетiн көп түрлi әрекет-қылықтарды топтап, ретке келтiруге ат салысты. Осыған орай темпераменттiң көп түрлi типологиясы қалыптасты. Бұлардың iшiнде назар саларлықтай тип - адамның дене құрылымына байланысты дараланып, тума темперамент қасиеттерiне негiзделген - конституциялық типология (Э. Кречмер) . [6] Бұл теорияның мәнi: әр адам өз дене құрылымына орай өзiндiк психикалық ерекшелiкке ие. Осыдан, дене мүшелерiнiң (қол, аяқ, бас, кеуде т. б. ) сырттай өлшемдерiне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгiленген:

1. Лептосоматик - бойшаң, нәзiк денелi, көкiрек тұсы жайылыңқы, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.

2. Пикник - мығым, семiзшең, кiшi немесе орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас, қысқа мойын.

3. Атлетик - бұлшық еттерi күштi дамыған, денесi мығым, берiк; ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектерi тартылған.

4. Диспластик - дене бiтiмi қисынсыз. Бұл адамдар - әрқилы мүшелiк зақым-сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ-қолы кемiстер) .

Аталған дене құрылымы типтерiне үш темперамент типi сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик - дене құрылымы нәзiк, әлсiз дамыған, тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгерiмiне ере бермейдi, осыдан қоршаған ортаға икемдесуi қиын. Иксотомик - денесi мығым, мiнезi байсалды, сезiмталдығы кем, ым-ишараға жоқ, ойлау қабiлетi шабан, көбiне майдашыл. Циклотомик - семiзшең, домаланған денелi, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бiрдей, тiл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.

Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негiзiн қалаған - Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзiндiк ерекшелiктерiмен осы ғасырдың 40-жылдарында АҚШ-та одан әрi жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерiн айыруда ұстанған қағидасы - адам дене құрылымы және оның өзiнiң жаңалығы - эмбриологиялық белгiлер. Бұл теориялардың негiзгi кемшiлiгi - тұлғаның психикалық қасиеттерiнiң қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтiк жағдайлардың ескерiлмеуi. У. Шелдон теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады: "Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттiк қасиеттерi оның дене құрылымындай нәсiлдiк белгi емес, мұндай қасиеттер анатомиялық-физиологиялық негiзге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтiк ортада ғана қалыптасады" [7] .

Ал ғылым шындығына келетiн болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесi қызметiмен байланысты екендiгi ежелден-ақ белгiлi болған. Темперамент түрлерiнiң кейбiр жалпы психикалық процестер ерекшелiгiне тәуелдi келуi И. П. Павлов және оның шәкiрттерiнiң еңбектерiнде экспериментальды дәлелденген [5] . И. П. Павлов темперамент типiнiң жүйке қасиеттерi ретiнде қозу мен тежелу күшiн, тепе-теңдiгiн және қозғалмалылығын атап көрсеттi.

Жасөспірімдік кезең балалық пен ересектік арасындағы өтпелі кезең болып табылады. Ол әр адамда әртүрлі кезеңде, әртүрлі жағдайда жүзеге асады, нәтижесінде көптеген жасөспірімдер кемелденеді. Осы мағынасында жасөспірімдік кезеңді балалық пен ересектіктің ортасына тасталған көпір ретінде қарастыруға болады. Бұл аралықтан әрбір адам өтеді және жауапкершілікті, шығармашыл ересек адам қатарына өтеді.

Қазіргі жас классификациясына сай жасөспірімдік кезең шекаралары орта сыныптағы 12 ден 15 жас аралығын қамтиды. Алайда, айта кететін бір жайт, өмір кезеңдерінің негізгі критерийі ретінде календарлық жас емес, ағзадағы анатомды-физиологиялық өзгерістер алынады.

Жасөспірімдік кезеңде жыныстық жетілу қалыпты құбылыс болып табылады. Оның көрсеткіштері жасөспірімдік кезеңнің шекараларын анықтайды. 8-9 жаста жыныс гармондары секрециясының ұлғаюы басталады, бірақ олардың интенсивті жоғарылауы жасөспірімдік кезеңде жүзеге асады. Кенеттен бойдың ұзаруы, екіншілік жыныстық сипаттардың дамуы, ағзаның дамуы осы жас кезеңінің негізгі сипаты болып табылады.

Жасөспірімдік кезең - балалық жастың ішіндегі ең күрделісі. Оны өтпелі жас деп те атайды. Өйткені, осы жас кезеңінде балалықтан ересектік кезеңге өту үрдісі жүзеге асады. Ол жасөспірім дамуының барлық қырын қамтиды: анатомды-физиологиялық құрылымын, интеллектуалды дамуы мен оның әрекетінің әртүрлілігін қамтиды.

Жасөспірім - бұл маңызды сапалардың қалыптасу кезеңіндегі тұлға: ересек адам ретінде қабылдау үшін әлі де жеткіліксіз дамыған, сонымен қатар қоршағандармен саналы түрде қарым-қатынасқа түсу үшін жеткілікті түрде дамыған. Жасөспірім - бұл өз әрекеті, сөйлеген сөзіне жауапты бола алатын кезең. Жасөспірім дұрыс ойластырылған шешімдер қабылдайды, саналы әрекеттер орындайды, оларға иманды және құқықтық жауапкершілікті болады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әлеуметтік-психологиялық даму ерекшеліктерін ескере отырып, ересек жасөспірімдік кезең мен жеткіншек жасты тұлғалық жауапкершілік сипаты ретінде қарастырады.

Есею кезінде ересек қоғамда өмір сүруге дайындық, өзін -өзі тануға деген қажеттілік туындайды. Жасөспірімді «Мен кіммін?» деген сұрақ жиі толғандырады. Өзіне деген қызығушылығы оянады, өз көзқарастары мен ой толғаныстары пайда бола бастайды, қандайда бір жағдайлар мен фактілерді өзінше бағалайды, өз мүмкіндіктері мен іс-әрекетін бағалауға тырысады, соған орай өзін құрбыларымен салыстыра бастайды.

Бұл жаста жасөспірім өз отбасынан, мектептен алшақтай бастайды. Жасөспірімнің тұлға ретінде қалыптасуына құрдастарының әсері көбірек болады. Көп жағдайда бала ресми немесе бейресми топтарды таңдау мәселесіне кезігеді. Қай топта балаға сыйласымдылықпен қарап, оған қолайлы жағдай туғызса, жасөспірім сол топты таңдайды. Бұл спорт үйірмелері, техникалық ұжым немесе жасөспірімдер жиналып, темекі шегіп, ішімдік ішетін немесе т. б. ұйымдар болуы мүмкін.

Осы жаста жасөспірімдерде ересек адамдармен, әсіресе, ата-аналарымен проблемалар жиі кездеседі. Ата-аналар өз баласын кішкентай бала ретінде қабылдайды, оған тым үлкен көңіл бөледі. Осыған орай ересектермен қарым-қатынасы көбінесе келіспеушілік жағдайда болады. Жасөспірімдер көбінесе құрдастарының ойына көңіл аударады. Жасөспірімдердің ересектермен қарым -қатынасы өзгереді: жасөспірім тәуелділік позициясынан теңдік позициясына ауысуға тырысады. Құрдастарымен қарым-қатынасы өзгереді, өзінің орнын табу үшін қарым-қатынас орнатады. Кері жағдайда ол мінез-құлықтағы ауытқуларға алып келеді; адамның интимді өміріне деген жоғары деңгейдегі қызығушылық жасөспірімнің сексуалды өміріне ассциалды өзгерістерді алып келеді.

Жасөспірімнің бойында есею сезімі пайда болады. Бұл құбылысты оның тәуелсіздікке және дербестікке ұмтылуынан, ересек адамның үйретуіне қарсы тұруынан байқауға болады. Ересектік сезім - жасөспірімдік шақтың негізгі өзгерісі.

Осы жаста жасөспірім үшін үлгі болатындай кейіпкер таңдайды және оның сырт келбеті мен мінез - құлқына еліктейді. Жасөспірім үшін оның сырт келбеті өте үлкен маңызға ие. Қалыптан тыс шаш үлгісі құлақтағы бірнеше сырға және т. б. атрибуттар жасөспірімге өздерін басқалардан бөлек ұстауға мүмкіндік береді.

Мұның барлығы эмоционалды-еріктік сфераның өзгеруімен қатар жүреді. Жасөспірімнің бойында қоршаған шындықты тануға деген, құрдастарымен қарым-қатынасқа түсуге деген, ортақ қызығушылықтарға сүйене отырып, достық қатынастарды орнатуға деген ұмтылыстар жоғарылай түседі. Жасөспірімнің бойында өз ойы мен іс-әрекетін бақылау білігі қалыптаса бастайды, шыдамдылық және басқа да еріктік сапалар дамиды.

Жасөспірімнің қызығушылықтары бұдан кішірек жастағы балаларға қарағанда елеулі түрде өзгереді. Ол шығармашылық әрекетке әуес болғанымен де, оған қызығушылық тұрақсыздығы да тән болып келеді. Сырт келбетіне келсек, жасөспірімнің өмірі еш өзгеріссіз: сол бұрынғы мектепте оқиды, осы жасқа дейін өмір сүрген отбасымен бірге тұрады. Көп жағдайда іс-әрекетті өз бетімен орындайды, алайда көп нәрсені орындауға ата-аналары рұқсат бермейді. Жасөспірімдер ештеңені өзгерте алмағанымен, ересектерге еліктейді. Осыған орай жасөспірімдердің бойында «жалған ересектік» атрибуттары пайда болады: шылым шегу, қала сыртына серуенге шығу.

Олар кез-келген қарым-қатынасқа еліктейді. Мысалы, егер отбасында қандай да бір мүшесін сыйламаса, онда мұндай қатынасты жасөспірімдерде қайталайды. Бала отбасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. Егер отбасында баланың көзінше ұрсысса, онда бала өз ата-анасымен айтылған сөздерді қайта жаңғырта отырып ұрсысады. Алайда, қатынастарды қайта қайталаудың жағымды жақтары да бар - бұл өмірде кездесетін рольдерді ойнап көру. Басқаша бұны жасөспірімнің әлеуметтенуі деп айтуға болады. Ата-аналардың байқауынша жасөспірімдер өз мінез-құлқын жиі өзгертіп отырады. Жасөспірімнің сырт келбеті кикілжіңнің тағы да бір көзі болып табылады. Жүріс-тұрысы, сырт келбеті өзгереді. Жасөспірімдердің бойында қауіпсіздік қажеттілігі туындайды.

Бұл жастағы баланың ішкі дүниесінде де өзгерістер пайда болады. Жасөспірімнің өзіндік позициясы қалыптаса бастайды. Ол өзін ересек адам ретінде санайды. Осы кезеңде жасөспірімдік шақтың келесідей көріністері байқалады:

1. Барлығы да оған теңдей қатынаста болуын қалағанымен, ол өз жауапкершілігіне алатын құбылыстардың аз екендігіне қарамастан көп нәрсе талап етеді.

2. Дербестікке ұмтылу. Осыған орай ол бақылау мен көмектен бас тартады. Алайда мұндай «дербестіктің» нәтижесінде ата-аналар мен балалардың арасында кикілжіңдер туындай бастайды.

3. Өзіндік көзқарастардың, бағалаулардың, мінез-құлық қырларының пайда болуы.

Балалар тезірек есейіп, өз ата-аналарынан ерекшеленгісі келеді. Жасөспірім тұлғасының қалыптасуында қоғам үлкен рөлге ие. Бұл жасөспірім үшін аса маңызды топ, ол әр қашанда сол топтың көзқарастарын қабылдайды. Мұндай топ бала үшін үлкен маңызға ие және ол жасөспірімнің мінез-құлқы мен басқалармен қатынасына үлкен әсер етеді. Жасөспірімдер осы топтың көзқарастарын ұстануға ұмтылады. Осы жерде жасөспірім өз орнын табуға тырысады. Алайда, жасөспірімдердің тобы тұйық болады және өз қатарына жаңадан мүше қабылдауға аса ұмтылмайды. Соның нәтижесінде қарым-қатынасында қиыншылығы бар жасөспірімдердің айналасында ерекше кеңістік пайда болады. Жасөспірімнің топтағы өзіндік жекелей даралығын, ерекшелігін бөліп көрсетуге ұмтылуы қарым-қатынастағы қиыншылықтарға алып келеді.

Жасөспірімдердің қоғамын екі топқа бөлуге болады. Олар: ресми және бейресми .

Жасөспірімдердің ресми топтарына оқушылар ұжымын жатқызуға болады. Олар өздерінің нақты сыныбымен, мектебімен және мұғалімдерімен сәйкестенеді (идентификацияланады) . Бұл оларға қандай да бір пәндерді бірге оқуға, әртүрлі әрекетке қатысуға немесе арнайы ұйымдастырылған демалыс кештеріне қатысуға мүмкіндік береді. Кез келген нақты анықталған әлеуметтік жүйе оқу жүйесінде және сыныптық әрекет жүйесіндегі жасөспірім оқушылар тобын біріктіреді.

Ресми түрде ұйымдастырылған әлеуметтік қатынастарға қатысу мүмкіндігі әлсіз, нашар құрылымды топтарды «бейресми» деп атаймыз. Оған тек қана жасөспірімдердің қылмыстық тобын жатқыза алмаймыз, олар жеке топ ретінде өз бетімен өмір сүре алады. Бейресми қоғамның мысалы ретінде мектеп өмірі шеңберінде жүзеге асатын қарым-қатынас жүйесін алуға болады. Жасөспірімдер достарын өз мектебінің, сыныбының ішіндегі балаларының арасынан таңдайды. Баланың қандай сыныпта оқитыны достық байланыстарға үлкен әсер етеді. Мектептік достардың арасында көптеген ортақ құбылыстар болуы мүмкін, бірақ оларды ортақ сынып көбірек байланыстырады.

Кейбір оқушылар жоғарыда қарастырылған жүйелердің ішінен достардың бейресми жүйесін маңыздырақ санайды. Бұл ересектердің назарынан тыс өмір сүретін жүйе болып табылады. Бұл жасөспірімдердің әлемі, мұнда индивидтің статусы басты болып саналады. Әрбір жасөспірім жан досының болғанын қалайды. Достық таңдаулы сипатта болады. Аталған жағдаяттарға негізделе отырып жасөспірімдік жасқа тән ерекшеліктерді келесідей бөліп көрсетуге болады. Олар жасөспірімдер арасындағы тұлғааралық проблемаларының туындауына әсер етеді: эмоционалды жетілмегендік; өз мінез-құлқын қадағалау білігінің жеткіліксіздігі, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында өз қалауы мен мүмкіндіктерін салыстыру, тезірек ер жетуге ұмтылу.

Жүргізілген зерттеулерге (З. Фрейд, К. К. Левин, М. И. Лисина) сүйенсек, жасөспірімдер ортасында пайда болатын проблемалардың себептері сан түрлі. Алайда, келіспеушіліктердің негізгі бөлігі жасөспірімдердің біреуінің достық кодексін бұзуынан туындайда. Жасөспірімдердің арасында келесідей мәселелер өте маңызды болып табылады [8] Олар:

-бір - бірін қолдау;

-барлық жағдайда да көмек көрсету;

-қарым-қатынастағы эмоционалды ахуал (комфорт) ;

-құпияны сақтау;

-сынның болмауы;

-үйретудің болмауы;

-қызғаншақтық қатынастың болмауы;

-басқа біреудің ішкі әлемін сыйлау;

Жасөспірімдік жыныстық толысудан басталып, ересектіктің басталуымен аяқталатын даму кезеңі деп анықталады. Алайда бірінші шегі физиологиялық, екіншісі әлеуметтік шек болып тұрған осы анықтаманың өзі құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді. Дене күшінің дамуы - адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу шамамен 13 ай), жігіттерде 17 мен 18-дің арасы (ауытқу шамамен 10 ай) . Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам калыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану тәртібі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық - ең көп жетістіктерге жететін кезең.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жасөспірім баланың ересектікке өтуі
Жасөспірім кезеңіне психологиялық сипатама
Қарым - қатынас стилдері
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ АЖЫРАСУ ЖАҒДАЙЫН БАСТАН КЕШІРУІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жасөспірім психологиясы пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Жасөспірімдердің қоршаған ортамен қарым – қатынасының психологиялық, педагогикалық негіздері
Конфликт және оның шешу жолдары
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz