Педагогикалық қарым - қатынас стилі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

КІРІСПЕ . . . 3

I - ТАРАУ. Оқыту процесіндегі қарым-қатынастың теориялық негіздері . . . 8

  1. 1. 1. Қарым-қатынас туралы түсінік, мәні, түрлері, функциялары . . . …81. 2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі . . . 261. 3. Педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас . . . 321. 4. Педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасының мәдениетін қалыптастыру мәселелері . . . 42

II - ТАРАУ. Оқыту процесіндегі педагог пен оқушының қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары . . . … . . . ……… . . . … . . . 52

2. 1. Педагог пен оқушының қарым-қатынасы және педагогтің жеке қасиетін анықтауға арналған сауалнама . . . 52

2. 2. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасын жақсартуға арналған жаттығулары . . . 57

2. 3. Педагог пен оқушының қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу жұмысы және оның нәтижелері . . . 61

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХІ ѓасыр табалдырыѓын аттаѓан шақта тәуелсіз Қазақстан дуниеж‰зілік білім кењістігінде µз орнын айқындауды мақсат етті. Ал білім берудіњ негізі - мектеп. ¦стаз мектептегі оқушыыныњ жан-жақты жеке т±лѓа болып қалыптасуыныњ шыѓармашылық к‰ш-қуаты. Осы орайда оқушыны субьект ретінде қарау керек деп б‰гінгі білім стандарты мен Қазақстан Республикасыныњ 2015 жылѓа дейінгі білім беруді дамыту т±жырымдамасында да қарастырылѓан. Ал осы реттегі ±йымдастырушы -м±ѓалім. Сондықтан да қазіргі таңда білім беру сапасының жоғары болуы тікелей педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Оқу процесін әр бала ақыл-ой және шығармашылық жағынан дамып жетістікке жете алатындай етіп ұйымдастыра білетін педагогтарға сұраныс өсті.

Білім беру мекемелеріне негізгі психологиялық-педагогикалық дайындықты игерген, өз пәнін терең меңгерген, балаларды түсінетін және олармен жаңа деңгейде қарым-қатынасқа түсе алатын, мәдениетті, эрудициясы жоғары, еңбекке құлшынысы бар шебер педагогтар қажет.

Қазіргі педагог оқу процесінде тек қана ақыл-ой, эмоциялық, адамгершілік құндылықтарымен ғана қаруланып қоймай, балалармен қарым-қатынасын тиімді орната білуі керек. Ал қарым-қатынас мәдениетінің төмендігі, педагогтің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасқа психологиялық тұрғыда дайын болмауы тәрбиеленушілермен өзара қатынас орнатуда кері әсерін тигізеді.

Қоғамның даму тарихында қарым-қатынассыз адам әрекеттерінің жүзеге асуы мүмкін еместігі анық. Адамдар әр түрлі ұжымға кіре отырып, өзара әрекеттеседі, бір-бірімен қарым-қатынасқа түседі, бір-біріне өзара әсер етеді, рухани толығады, өз жолдастарының қарым-қатынасын басқарады, қоғамның материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Өмірден алынған көптеген фактілерде адамдардың бір бірімен қарым-қатынасқа түсу мазмұны мен жиілігі, қарым-қатынасқа түсуші жақтардың біліміне, біліктілігіне, әрекеттеріне, ішкі және сыртқы келбеттеріне, бір- бірінің сұраныстарын қанағатандыра алуына байланысты.

Ғалымдар мен білім беру үрдісінің қызметкерлерінің педагог пен тәрбиеленушілердің өзара қатынас мәселесіне қызығушылығының артуы бүгінгі таңда заңдылық. Бүгінгі күнде зерттеушілер қарым-қатынас процесінің әртүрлі аспектілерін қарастыруда. Олар: О. А. Абдуллин, Н. В. Александрова, Д. Ф. Николенко, А. В. Петровсикй, А. И. Пискунова, Л. Ф. Спирин, В. С. Библер, М. М. Бахтин, Я. А. Коган және елімізде Ж. М. Абдильдин, Ш. Қасабеков т. б. еңбектерінде ашылып қарастырылған. Соымен қатар жплпы қарым-қптынас мәселелерімен белгілі ежелгі ойшылдар әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци және т. б. айналысқан.

Педагогикалық қарым-қатынас мәселелерін теориялық және практикалық өңдеулердің маңыздылығы, ең алдымен, оқыту-тәрбиелеу процесін жетілдіру қажеттілігімен, тәрбиеші тарапынан баланың жеке тұлғалық ерекшеліктеріне көңіл аударумен анықталды.

А. В. Киричуктың дәлелдеуі бойынша, қарым-қатынастың қоғамда тек ақпаратық қана емес, сонымен бірге мотивациондық, гностикалық және реттеуші функцияларын анықтайды. Қарым-қатынастың бұл функциялары «өзара диалектикалық байланыста, біртұтас жүйе ретінде жеке тұлғаның ақыл-ойының, адамгершілігінің және физикалық дамуына әсер етіп қана қоймай, сонымен қатар барлық ұжымдық бірлестіктердің әлеуметтік дамуына ықпал етеді».

Н. Д. Хмельдің концепциясы құнды саналады, оның ойынша «педагогикалық процесс - педагог - тәрбиеленушілер» жүйесінің қызмет етуі, бұл жерде балалар арасындағы өзара әрекеттесуі барлық мәдениет байлығын меңгеруге, өскелең ұрпақты қоғам өміріне және еңбекке белсенді қатысуға дайындауға бағытталды.

Педагогикалық процестің кез келген актісі «педагог - тәрбиеленуші» жүйесінің қызмет етуінсіз мағынасыз болып табылады. Сондықтан да коммуникативті іс-әрекет бұл жүйеде педагогтардың да, тәрбиеленушілердің де іс-әрекетінің өнімді тәсілі болып табылады.

В. В. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынасқа толық анықтама береді. Автор педагогикалық қарым-қатынасты «педагогтар мен оқушылардың әлеуметтік - психологиялық өзара әрекетінің жолдары мен дағдылары кіретін жүйе» деп түсіндіреді.

Жоғарыда айтылғандардан, қарым-қатынас мәселесінің тарихы бар екендігін аңғаруға болады. Қоғам дамуының казіргі кезеңінде қатынассыз адам іс-әрекетінің қарапайым актісі болуы мүмкін емес. Социологиялық, философиялық, психологиялық- педагогикалық әдебиеттердегі қарым - қатынас мәселесінің негізгі тәсілдерінің талдауына сүйене отырып, біз мынандай қортындыға келеміз.

«Қарым -қатынас» әр алуан мағына беретін түсінік болып табылады. Ғылымда қарым-қатынас қажеттілік, индивидтің өмір әрекетінің бір жағы, іс-әрекет түрі ретінде, оның компоненті ретінде, процес ретінде және т. б. қолданылады.

Жоғары оқу орнының негізгі міндетінің бірі мемлекеттің жоғары дәрежелі мамандарға деген сұранысын қаматамасыз ету. Бұл әрекеттің қазіргі таңдағы дамуына келетін болсақ, жоғары оқу орнының түлектерінің кәсіби мүмкіншіліктерімен қарулануының өзі орта мектепте қалыптасатынын аңғаруға болады.

Негізінен кәсіби мүмкіншіліктің қалыптасуы бала мен тәрбиешінің, оқушы мен мұғалімнің, оқытушы мен студенттің өзара бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен басталады. Педагогикалық әдебиетерде кейінгі жылдары өзара қарым-қатынас процесіндегі оқушы мен педагогтың бір-бірімен қатынасқа түсуі мәселе ретінде көтеріліп жүр. Педагог өзінің кәсіби қарым-қатынасын жүзеге асыра отырып өзімен қарым-қатынасқа түсушілер алдында өзінің мүмкіншіліктері, ритмі, жағынан жоғары мазмұнға ие болуы керек. Өз серіктесінің ерекшеліктерін, рухани жан-дүниесін, қажеттіліктері мен түрткілерін көріп, түсіне білуі керек. Оларды көріп-түсініп қана қоймай, өзінің көздеген мақсатына жету үшін қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра білуі керек.

Зерттеу мақсаты: оқыту процесіндегі педагог пен оқушының қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу объектісі: педагог пен оқушы.

Зерттеу пәні: оқыту процесіндегі қарым-қатынас.

Зерттеу міндеттері:

  • Қарым-қатынасын түсінігіне теориялық талдау жасау;
  • Педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін көрсету;
  • Қарым-қатынасқа мазмұнды сипаттама беру;
  • Қарым-қатынастың психологиялық-педагогикалық жағын ашып, көрсету;
  • Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесіне тоқталу;
  • Оқыту процесіндегі педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеу барысын қорытындылап, ұсыныстар беру.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: шетел зерттеушілері Дж. Миллер, Д. Берлон, Г. Лассвел, Д. Бродбент, А. А:Леонтьев, Г. П. Щедровицкий, В. В. Рыжов, Г. В. Гусев, Б. Ф. Ломов, Ю. А. Щерковин, В. Н. Панферов, А. А. Брудный, Б. Д. Парыгин, А. А. Бодалев, Е. Ф. Тарасов, Л. А. Карпенко, Я. Яноушек, Ч. Осгудтың және отандық зерттеушілер А. Тұрысбаева, Н. Н. Орынбаева, Ә. Сүлеймен, Қ. Қарас, А. Рыспаева, А. Құдиярованың теориялары, пікірлері.

Зерттеу көздері: зерттеу мәселесі бойынша педагогтардың және психологтардың еңбектері. Педагогика мен психологияның ғылыми жетістіктері мен педагогикалық тәжірибелерді өмір тәжірибесіне ендіру мәселелесіне байланысты дербес зерттеу жұмысы.

Зерттеу әдістері:

  • Педагогикалық, психологиялық, әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық талдау;
  • сауалнама жүргізу;
  • психологиялық эксперимент;
  • эксперимент нәтижелерін сандық және сапалық тұрғыдан өндеу.

Зерттеудің негізгі кезеңдері: алғашқы кезеңде зерттеу мәселесі

бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді, ғылыми зерттеу ақпараты айқындалды. Екінші кезеңде эксперимент бағдарламасы даярланды, тәжірибелік - эксперименттік жұмыстар жүргізіліп, зерттеу қорытындылары жүйеленіп, талдау жүргізіліп, жұмыстың рәсімделуі аяқталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі

мен қосымшалардан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, обьектісі, пәні, мақсаты,

міндеттері зерттеудің ғылыми болжамы, зерттеу әдістері мен негізгі кезеңдері беріледі.

Қарым-қатынастың теориялық негіздері атты бірінші тарауда қарым-қатынастың теориялық негіздері ашып көрсетіледі.

Оқыту процесіндегі педагог пен оқушының қарым-қатынасының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары атты екінші тарауда адамның әртүрлі қарым-қатынастың педагогикалық-психологиялық еренкшеліктерін анықтау негізінде жүргізілген зерттеу жұмыстарына сипаттама беріледі.

Қорытындыда жүргізілген жұмыстың теориялық және практикалық нәтижелеріне негізделген нақты тұжырымдар жасалынып, әдістемелік тұрғыдан ұсыныстар беріледі.

I - ТАРАУ. Оқыту процесіндегі қарым-қатынастың теориялық негіздері.

  1. 1. 1. Қарым-қатынас туралы түсінік, мәні, түрлері, функциялары.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағыларымен қарым - қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысы. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.

Адамдардың өзара қарым - қатынасы күнделікті өмірде қажетті болып тұратың жағдай. Адамдардың өзара қарым - қатынасы тұрмыстық жағдайға әсіресе кішігірім топта, ұжымда, жұмыста сондағы адамдардың жеке бастарына әсерің тигізіп отырады.

Ұжымдардың, әлеуметтік топтардың пайда болуы, олардың таптық табиғатың, ондағы өзара қарым - қатынасты және топ, ұжымның жеке адамға тигізетін ықпалын қарастыратын психология ғылымының саласы - бұл әлеуметтік психология.

60-70 жылдардан бастап психологияның жаңа саласы әлеуметтік психология пайда болды. Ол қоғамда кездесетін әлеуметтік топтардың пайда болу себептерін, олардың таптық табиғатын, өзара қарым-қатынастардың және жеке адамдарға жасайтын ықпалын зерттейтін ғылым. Жеке адамның қоғамдық өмірі әртүрлі топтардағы басқа адамдармен қарым-қатынаста өтеді. Адам топтары нешетүрлі себепке негізделіп, жіктелуі мүмкін. Ең алдымен оларды екі типке болады. Біріншісін, мысалы тізімге қарап отырып, топтағы адамдардың ұлтына, жұмысына, жасына т. б. өзгешеліктеріне қарап бөлу. Бұл - ойға алатын шартты топтар. Екіншісіне өмірде болатын нақты топтар жатады. Бұларға бір жерде, бір уақытта іс-әрекет жасайтын кісілерді жатқызамыз. өмірде болатын нақты топтар өте үлкеннен кішігірім бірлестік түрінде кездеседі. Ең үлкен нақты топтарға адамдардың ұлттық, таптық, мемлекеттік бірлестіктері жатады. Шағын топтарға отбасы, өндірістік бригада т. б. жатады.

Нақты топтарда олардың өмірдегі қызметіне қарай формальды (ресми), формальды емес (ресми емес) деп екіге бөлеміз. Бірінші топ штат кестесі, устав және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады. Мысалы, әскери құрамдағы рота, батальон, т. б. бөлімдері жатады. Формальдық топтың ұйымдастыру принципі-оның мүшелерінің арасында арнайы ережеде көрсетілген іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастар бір-біріне бағыну немесе өзара міндеттің орындалуына жауапты болу құқықтық негізде құрылады. Формальдық топтағы өзара қарым-қатынас нұсқалары бірдей болған жағдайдың өзінде бір-біріне ұқсас келуі мүмкін емес, өйткені онда адамдардың мінезі, темпераменті, икемділігі, қарым-қатынас жасау стилі бірдей болмайды. Сөйтіп іскерлік қарым-қатынас нұсқауда жоқ қарым-қатынаспен толығады. Психологиялық жақындық (ұнату, сыйлау, достасу) формальды топты нығайта түседі, алға қойған міндеттерді орындауға көмектеседі. Сонымен қатар бұл топ ішінде теріс эмоциялық қатынастар - ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласау да болуы мүмкін. Олар да іскерлік қатынасқа әсер етеді.

Формальды емес (ресми емес) топ штат кестесінде де нұсқауларда да көрсетілмеген қарым-қатынастар негізінде пайда болады, яғни ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы, жекелеген адамдардың беделі т. б. психологиялық мотивтер бірлігі негізінде туады. Мұндай топтарға ресми құжаттардың күші жүрмейді. Олардың да өзара қарым-қатынастарын жақындататын, нығайтатын мақсаттары, толғандыратын істері болуы мүмкін. Жеке адамның, әсіресе оқушы балалардың, ішкі сырын, беталысын анықтауға көмектесетін құралдың біріне референттік топ жатады. Бұл топты эталондық топ деп те атайды. Оған жеке адамның өзінің дүниетанудағы көзқарасын, өмірге деген талғамын, еліктіретін идеалын қалыптастыруға әсер ететін өмірде болатын, тіпті қиялынан орын алған топты жатқызаы. Кейбір адамдардың референтті тобы 2-3 адам, тіпті бір адам да болуы мүмкін, егер де олардың көзқарасын, өмір талғамын өзіне өнеге деп есептесе. Кейде мұғалім бір оқушының ішкі дүниесін түсініп білуге болмайды дейді. Бұл қате: егер де осы оқушының референттік тобын анықтасақ, оның ішкі сырын да білуге болады.

Н. А Островский “Ұжым әрқашан адамды көтеріп, оны аяғынан нық тұрғызады”, - демекші ұжым, жеке адам, қарым - қатынас мәселелеріне көптеген ғалымдар өз көз қарастарың білдіріп, аса зор көңіл аударған.

Ұжым проблемасын әр түрлі ғылым саласының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, Н. А. Островский, П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, В. А. Сухомлинский, А. Линкольн және тағы басқа да ғалымдар аса зор көңіл бөліп аударып, зерттеді.

А. В. Луначарский жеке кетіменк еадамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс. Тұлға ұжым негізінде ғана дамиды.

Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп айтып кеткен.

А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бірізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс - әрекеті, қарым - қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болады.

Қазіргі кезенде А. С. Макаренко идеясын дамытуда И. П. Ивановтың “Коммунар әдісі” игі әсер етуде. Коммунар әдісінің мәні, ұжым өмірінің айқын бейнесін ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелі принципке, шығармашылыққа негізделеді. Ұжымдық шығармашылық біріккен іс - әрекеттің әдісіне ұжымдық жоспарлау және жүзеге асыру, күнделікті іс - әрекеттері, ұжымдық талқылау, шешім қабылдау және баға беру кіреді. Бұл мәселелер И. В. Ивановтың “Коллектившілерді тәрбиелеу” атты еңбегінде қарастырылған.

М. Горький: “Адамға осынын бойында жақсылығынан гөрі жамандығы көп - ау деген оймен жақындамаушы болма ” деп кеңес берген. Қарым - қатынас барысында әдетте адамның басқаларға көзқарасының сипаты көрініп тұрады. Күдіктенгіш, қайырымы аз кісілер бөгде ортаға түскенде қиналып қалады. Керісінше, адамдардың бойынан (әрине, бәрінің емес) жақсылықты, тіпті кейде байқала бермейтін жақсы қасиеттерді көруге бейім кісілердін өзгелердің де ықылас иемденуге мүмкіндігі мол болады. Ең бастысы, адамдар арасындағы қарым - қатынас өзара белсенді түрде көрінуге, сөз жүзінде, болмысвқа сырттай қараумен емес, нақты қызметтен танылуға тиіс.

Дұрыс қарым - қатынас жасаудың қажетті бір шарты - басқа адамның іс - әрекетінің астарын, яғни, “бөтеннің” өз мінез құлқы арқылы не білдірмек болғаның дұрыс аңғара білу. Әйтпесе адам басқа біреуге шын мәнініде оның мінез құлқында білінбеген себептерді танады да, содан барып аралары суи бастайды.

Ұлы композитор Людвиг ван Бетховен құлағы естімей қалған кезде түсініспеу трагедиясы туралы былай деп жазған: “О, адамдар, мені масқаралап, қазір өмірге назалы, есінен ауысқан немесе адам атаулыны жек көретін деп санайсындар . . . Сендер менің негебұлай болып көретімдігімнің жасырын себебін білмейсіндер . . . ” Әрине, бұл сирек кездесетін жағдай, алайда күнделікті өмірде адамдардың басқа кәсәлердің сі - әрекетіне баға беруі өте жиі кездеседі. Мұндай түсініспеушіліктің себептерінің бірі белгілі бір іс - әрекет, талаптардың қарым - қатынасқа қатысушы адамдар үшін әр алуан түрлі мағынасы болатындығы адамдар арасындағы бірқалыпты өзара қарым - қатынас. Олар басқалардың жайын ақылмен ғана емес, сезіммен түсінуге, басқаларға жаны ашып, бірте толғана білгенде өзін басқа адамдардың орнына қоя білгенде ғана орнығады.

Өзара жеке басты қарым-қатынас дегеніміз - қарапайым да күрделі проблема. Күнделікті тұрмысымыза осы қатынассыз жасауымыз мүмкін емес. Себебі адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасады.

Қарым-қатынас “ұжым” деген ұғыммен тікелей байланысты. Ұжым дегеніміз өзара әрекет ететін жеке адамдардың жай бір жиналысы емес, ол ұйымдасқан ұжым органдары бар адамдардың белгілі бір мақсат қойған жинағы болып табылады. Ұжымның ұйымы бар жерде оның органдары да болады және жолдастың жолдасқа қарым-қатынасы жөніндегі мәселе достықтың, сүйіспеншіліктің, көршілестіктің мәселесі болып табылмайды, жауапкершілікпен байланысты қарым-қатынастың мәселесі болып табылады. Жолдас адамдардың жағдайлары бірдей болып, бірқатардағы адамдар болған күннің өзінде ұжымды ұйымдастыратын, оны байланыстыратын тек қана достық болмайды, жұмыстағы жалпы жауапкершілік, ұжым жұмысына қатысу болады.

В. С. Грехнев қарым-қатынас факторын екі топқа бөледі: жеке бастық және операциялық.

Жеке бастық - бұл адамның өзінің жеке басымен байланысты ( сырт келбеті, киімі, тәжірбиесі, білімі, эмоциясын көрсете білуі) .

Операциялық- қандай мақсатпен, ненің көмегі арқылы жүзеге асатындығына байланысты болып келетін қарым-қатынас процесінің барлық сипаты.

Әрбір адам үшін педагогикалық әрекет бірлескен дамытушы роль атақарады. Бір жағынан педагог балаларға олардың дамуына (ақыл- ойының, адамгершіліктік, эмоциялық, физикалық) көмектессе, екінші жағынан балалар педагогтың жеке басының кәсіби педагогикалық және адамгершіліктік қасиетін дамыта түсуіне әсер етеді.

Жеке бастың жан-жақтылығы оның білімінен, бағалауынан, қарым-қатынасқа түсуінен көрінеді. Педагог еңбегінің тиімділігі қарым-қатынас мәдениетімен тығыз байланысты. Педагогикалық қарым-қатынас негізінде баланы дұрыс түсіну, топпен тығыз байланыс орнату, ситуацияны шеше білуге дағдылану жатады. Осының бәрі кәсіби шеберліктің құрамды бөлігі болып табылады және педагогикалық әрекеттің жетістіктерін қаматамасыз етеді.

Тек кәсіптік-педагогикалық қарым-қатынаста, оған қоса балаларды шыңайы жақсы көре білгенде ғана В. А. Сухомлинскийдің айтқанындай, тәрбиеші өнері ең алдымен сөйлеу өнерімен, адам жүрегін баурап алу өнерімен көрінеді.

Мұғалімнің қарым-қатынас жасау шығармашылығындағы тағы бір жағдай - бұл шығармашылықтағы өздігінен реттелетін процес - өзіңнің психологиялық күйінді меңгере білу, әр алуан психологиялық кедергілерді жеңу, өзіңнің шығармашылық сезіміңді шабыттандыру, әр қашан шат көңілді, әрі оптимист бола білу.

Жас мұғалімдерде байқалатын ең көп тараған қателіктер қандай? Олар қарым-қатынасты тұтастай ұйымдастыра алмайды да, оның белгілі бір функциясын ғана жүзеге асыруы мүмкін. Мәселен, сабақтағы өзара әрекеттің аса маңызды және өте мәнді функциясы - ақпарат формасын жете ұйымдастыруға көңіл бөледі. Міне сондықтанда жас педагогтар сабақты жоспарлағанда ең алдымен ақпаратты беру жүйесін ойластырады да, жоғарыда аталған басқадай қатынас функцияларын ескермейді. Соның салдарынан сабақ конспектісі, көрнекі материалдар әзір болып, мұғалім жақсы даярланып, материалды толық игергенімен сабақ ойдағыдай өтпейді. Мұндай жағдайда біз аудиториямен байланыс жоқ дейміз. Өте дұрыс, бірақ дәлірек айтқанда педагогикалық қарым-қатынастың тұтас процесі жоқ. Танымдық ақпарат болғанымен, ол өзара қарым-қатынаспен нығайтылмағандықтан мұның өзі жеке адамдар арасында өзара әсер туғызбайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іс-әрекет және оның құрылысы
Оқушылардың әлеуметтік-психологиялық климатына оқытушылардың педагогикалық қарым-қатынас стилінің әсері
Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің стилі
Оқытушылар МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒА АРАЛЫҚ ҚАТЫНАСЫНЫҢ психологиялық ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Рухани адамгершілік білім беру жүйесі
Оқытушылар мен студенттер арасындағы тұлға аралық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін айқындау
Педагогикалық қарым - қатынас технологиясы
Мұғалімнің бейвербальді қарым –қатынас құралдарын меңгеруі
Дене шынықтыру мұғалімі мен жаттықтырушысының педагогикалық қарымқатынасы және эмоционалды тұрақтылығы
ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭМПИРИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz