Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Социология кафедрасы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

Орындаған Паргана О. П.

4-курс студенті (қолы, күні)

Ғылыми жетекші Жаназарова З. Ж.

социол. ғ. д, пофессор (қолы, күні)

Норма бақылаушы Ильясова И. Б.

Оқытушы. (қолы, күні)

Қорғауға жіберілді:

Социология кафедрасының

меңгерушісі,

социол. ғ. д., профессор Садырова М. С.

(қолы, күні)

АЛМАТЫ

2011

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І ТАРАУ. ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

1. 1 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні . . . 6

1. 2 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс

тарихы жайлы . . . 9

1. 3 Отбасы ұғымы. Қызметі мен құрылымы . . . 19

1. 4 Отбасыны танудың теоретикалық бастаулары . . . 24

ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

2. 1 Қазіргі Қазақстандық отбасы әлеуметтік

мәселелерін зерттеу . . . 31

2. 2 Отбасымен жқмыс әлеуметтік қызметкердің ерекше

қызметі ретінде . . . 35

2. 3 Қазақстандағы отбасы саясаты . . . 37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 52

КІРІСПЕ

Қазір отбасы өзімен өзі қайнап жатқан әлем. Ал ол болса - көптеген жақсылықтар, қателіктердің жемісі.

Отбасы барлық уақытта ежелгі философтардан бастап, қазіргі заманғы ғалымдардың зерттеулерін қоса алғанда, осы қоғамдық ойлардан, ілгері саяси және қоғамдық қайраткерлердің басты назарында болды. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлі даму үстінде.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмыс мамандығы, сондай-ақ барлық пәндердің арасынан отбасы туралы ғылым өзекті тақырып болып, отбасы, әйел, өскелең жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін жаңа мамандық маманына талап күшейді.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүру жылдарында әртүрлі мәселелерге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты, отбасылар өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы сұрақ тындайды.

Бүгінгі күні отбасы мен отбасы қатынастарын зерттеу мәселелері айтарлықтай кең дәрежеде. Дегенмен, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар тарапынан отбасы сырттай қолдау туралы мәселелері аз дайындалған.

Қазақстанда үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қолдауымен әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, аса мұқтаж отбасыларына материалдық қолдау көрсететін, шұғыл әлеуметтік қолдау көрсететін, әлеуметтік-психологиялық қолдау жасайтын әлеуметтік қызметкер мен агенттіктер ойдағыдай даму үстінде.

Әлеуметтік жұмыстардың ұйымдары мен мекеме жүйелері маңызды аспект болып табылады. Оған Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыс және аудан жанындағы тиісті басқарма мен бөлімдер басшылық жасайды. Онда әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру қызметкері, денсаулық сақтау, білім беру, қоғамдық тәртіп және т. б. органдарындағы әлеуметік көмек және қорғау комиссиялары жұмыс істейді. Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер өзінің жұмысын осындай ұйымдармен және басқа да әлеуметтік институттармен бірге жасау керек.

Қоғам отбасылық қарапайым түрде көбеюі мен жаңа ұрпағын әлеуметтендіру қызметін орындауы кезіндегі мұқтаждығын, мүдделігін білуі қажет. Әлеуметтік институт ретінде, тек отбасы ғана қоғамды еңбек ресурстарымен, әлеуметтік рөлді орындаушылармен қамтамасыз етеді.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл күшейіп жатқан кезде өзекті болатыны байқалады.

Көбінесе, бұл іс-әрекет мемлекеттің әлеуметтік саясатына байланысты, бұл жұмыс көпшілік жағдайда халықтың белгілі топтарының мүддесі үшін іске асырылады.

Қандай да бір әртүрлі күштердің себебінен проблема туып, онымен күресуге тырысады. Сондықтан, әлеуметтік саясат халықтың сондай және басқа да топтарына көмек көрсетуге ғана емес, сондай-ақ, сол және басқа да әлеуметтік проблемалардың алдын алып немесе жеңілдетуге бағытталуы тиіс.

Сонымен қатар, қоғамдағы отбасының ең басты негізгі қызметтері болады. Олар: дүниеге адам әкелу, әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу. Отбасы қоғамның бір институты болғандықтан, әрашанда қозғалыста болып отырады. Сондықтан бұл маңызды сфераның бірі болып және әлеуметтік жұмыстың басты объектілерінің бірі болып табылады.

Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен анықталады. Отбасы арқылы адамдардың ұрпақтары жлғасып отырады, онда адам туады, және де ол арқылы ұрпақ жалғаса береді. Отбасы, оның формасы және қызметі тікелей қоғамның қатынастарына толығымен тәуелді.

Отбасы қазір қоғамның негізгі бір бөлігі болып табылады. Қазіргі кезде мемлекттің көмегінсіз отбасыға өмір сүру қиын. Оның ішінде көп балалы отбасылары және әртүрлі себептерге байланысты материалдық жағдайлары төмен отбасылары.

Отбасы адамның әлеуметтік жұмыс істеу жүйесін білдіреді. Ол қоғамның негізгі институттарының бірі болғандықтан, әлеуметтік жұмыстардың маңызды саласы мен негізгі объектілердің бірі.

Қазір отбасы өрістеудің күрделі кезеңін - дәстүрлі үлгіден жаңаға ауысу үрдісін бастан кешіріп отыр. Отбасы құрылымы, отбасы қызметі, билік жүйесі, отбасылық рөл, жұбайлардың функционалды тәуелділігі, отбасындағы бала жағдайы өзгереді, ал бұл өз кезеңінде әлемдегі отбасы түрінің өзгеруіне әкеледі.

Бала туу төмендеп, ажырасулар саны өсіп, жалғыз басты адамдар саны көбейіп, әйелдердің эмансипациясы отбасынан бас тартуға әкеліп, бұл өз кезеңінде қоғамның ұдайы өндіріс қызметіне ықпал етеді. Қоғамның дәулетті адамдар тобын, дәулетсіз адамдар тобына қарағанда бала қажеттілігі аз толғандырады.

Қазақстанда дипломды мамандар жоқ, бірақ әлеуметтік қамсыздандырудың әртүрлі қызметтері, сақтандыру, денсаулық сақтау, балалар ұйымдары, әкімшілік жанында, қоғамдық бастамаларда отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізумен кәсіби түрде айналысатын мамандар жеткіліксіз.

Отбасы - ол алғашқы және негізгі қоғамдық орта, онымен адамзат байланысады және ол моральдық баға жүйесін, тәртіп нормасын қалыптастырады, сонымен қатар қоршаған орта және өмір жолында кездесетін құбылыстың маңызы туралы білімді жеткізеді.

Қазіргі заманның отбасы, оның ерекшеліктері тұтасымен қазіргі кезеңнің ерекшеліктерімен алдын ала келісілген, ол неғұрлым жаңа мәселелермен кездесті, адамның өміріне қажетті көптеген қызметтерді орындау мүмкіндігінің біраз дәрежесінен айырылды, көптеген жағдайда басқа әлеуметтік институттармен ұзаққа созылған ала ауыздылық күйіне енді және жаңа дағдарыс табалдырығын аттады.

Осы айтылған ойлардан автордың таңдаған өзекті тақырыбы туындайды: отбасымен әлеуметтік жұмыс.

Бұл жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы отбасын сақтауға және нығайтуға көмектесу, отбасы саясатын зерттеу болып табылады.

Бұл қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай мәселелер қарастырылуы тиіс:

  • Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні;
  • Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс тарихы жайлы;
  • Отбасы ұғымы. Қызметі мен құрылымы;
  • Отбасыны танудың теоретикалық бастаулары;
  • Қазіргі Қазақстандағы отбасы әлеуметтік мәселелерін зерттеу;
  • Отбасымен жұмыс әлеуметтік қызметкердің ерекше қызметі ретінде;
  • Қазақстандағы отбасы саясаты.

І ТАРАУ. ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС

1. 1 Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні

Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады.

Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжірибесі бар. Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.

Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептеледі. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмыстары басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған «Мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі» тоқталып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда әлеуметтік қамтамасыз ету болады. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлаумен әлі де болса кездесіп қалып отырмыз.

Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның міндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төмендету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгедектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасыларын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың жұмыстардың дамуы әлеуметтік жағдайы мен мүдделері әртүрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерін теңестіруге қол жеткізуін шамалайтын, азаматтық қоғамдық құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты. Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.

Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс-әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмысбастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәсіптік дәрежесімен және клиенттердің әртүрлі тобымен жүргізілген әлеуметтік саясат сипатымен анықталады. Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әртүрлі жағдайларда іске асырылады.

Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқа да мәселелерді анықтау кезінде көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен құқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.

Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жүргізетін жұмысындағы рөлін атап өтудің маңызы зор. Ең алдымен, бұл әлеуметтік жұмыстардың мүмкіндігіне қарай объектісі болып табылатын, отбасы тұрпаттамасын құруға бағдарланған социологиялық зерттеулер жүргізу. Бұл жерде отбасының өмір сүру кезеңінің түрлі сатысында тұратын және әр түріне жатқызылатын нақты қажеттіліктері мен мүдделерінің пайда болуы туралы сөз болатындықтан, бұл қарапайым тапсырма емес. Мұның күрделілігі отбасында кездесетін мәселені олардың түрліше түсінуінде. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтердің қорғалмаған отбасыларының жүргізетін жұмыстарының қаншалықты тиімділігін анықтайтын зерттеу жүргізу талап етіледі.

Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін қызметтерге қажет. «Отбасы» терминінде практикада анықтама беру оңай нәрсе емес.

Соңғы жылдары социологтар мен көптеген ғалымдар айналысқан басты, негізгі пікірталастардың бірі отбасы және отбасын өмірдің басқа да әдет-ғұрпынан ажыратуға бола ма деген тақырыпта болды. Мәселен, студенттер тобын алатын болсақ, олар бірге тұрып, бірге немесе бөлек тамақ әзірлеп, кафеге барып, емтихан немесе қатты көмек қажет болған кезде бір-біріне көмек көрсете алады, бірақ, жалпы алғанда, біз оларды отбасы деп есептемейміз.

Отбасына біз қандас немесе интимдік, жыныстық қатынастар арқылы бір-біріне жақын адамдардан тұратын туысқандар тобын жатқызамыз. Отбасы негізінде, некеден жасалады және қоғамдық қатынастар мен өмірдің басқа да әдет-ғұрыптарына қарағанда, тұрақты болатын. Дегенмен, бірге тұрып шаруашылықтарын бірге жүргізіп, заң түрінде тіркелмеген отбасылар да кездеседі. Соңғы уақытта осындай отбасылар санының көбейіп кеткені байқалады. Некенің тұрақты немесе тұрақсыз болып келуі де әртүрлі. Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге байланысты, отбасы тәртібі мен ұйымы да соған қарай икемделеді. Отбасының жеке қатынастары мен өмірдің әдет-ғұрпына экономикалық жағдай, заң, дін, салт-дәстүр әсер етеді. Сондықтан, отбасының ортадағы қоғамдық экономикалық және әлеуметтік аспектілерін игеретін әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қарастырамыз.

Н. Смелзер, адам өміріне сипаттама бере отырып, «Біздің көпшілігіміз өз өмірімізді ұйымда - перзентханада бастаймыз» деп атап көрсеткен. Онда дәрігерленр, медбикелер, анастезиологтар, санитарлар және т. б. жұмыс істейді, олардың барлығы да біздің денсаулығымызға қамқорлық жасайды. Перзентханадан кейін біз басқа ұйымға - сәбилер үйі, бала бАҚШа, бастауыш және орта мектепке барамыз, олардың әрқайсысының белгілі бір құрылымы мен жұмыс тәртібі бар.

Мектеп бітіргеннен кейін де бізге ұйымдарға баруға тура келеді. Ер жеткеннен кейін де біз солардың біріне жұмысқа кіреміз. Сондай-ақ, қаржы басқармасы, армия, полиция, ст, банк, дүкен және т. б. жұмыс жасаймыз. Зейнетке шыққаннан кейін біздің әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық қорғау жүйесі ұйымдарымен кездесуімізге тура келеді, біздің аурухана немесе қарттар үйінде де болмай қалуымыз мүмкін емес».

Н. Смелзер біздің өміріміздің бір жағын байқап қалған. Туғаннан о дүниеге дейінгі барлық өмір жолында адамдар ұйымда болып, оларды отбасы қарсы алатынын ұмытпағанымыз жөн.

Адамның бейресми өмірі ата-анасының отбасында, өзінің отбасында және балаларының, немерелерінің, туысқандары мен достарының отбасында өтеді.

Адамның ресми өмірі өзгермелі ұйымдарда (мектеп, жоғары оқу орындары, фирма және т. б. ) және адамның өмір бойы барып тұратын храм, дүкен, театр және т. б. өтеді. Уақыттың мерзімді түрде ауысып отыруы (таңертең жұмысқа, кешке үй) адам өмірін толықтырады. Осы үдерістің бұзылуы қалыпты өмірден алшақтатып (еңбекқор) немесе тоғышарлық, жалқаулыққа әкеледі.

Адамдардың дұрыс өмір сүруге қмтылуы ауыр тұрмыс жағдайын азайтуға әкелуі тиіс, бірақ бұның өзі жеке және қоғамдық мәселе болып табылады. Біздің еліміздегі отбасымен жасалатын әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде бүгінге дейін қалыптасу үстінде.

Ғылыми пәннің сипатты белгілері ұйым, оқу кафедралары мен жарияланымдар болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың ғылыми-зерттеу институттары ашылып, кәсіби мамандар даярланатын тиісті бөлім, кафедралар ашылған.

Қазақстанда үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың қолдануымен әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша әртүрлі әлеуметтік көмек және әлеуметтік-психологиялық қызметке өте мұқтаж отбасыларына көмек көрсететін түрлі қызметтер мен агенттіктер ойдағыдай дамып отыр.

Аса кәсіби қызметкерлер талап етілуде, олар философия, социология, психология мамандықтары бойынша аспирантура және докторантура арқылы дайындалады.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың басқа да ғылымдар сияқты теориялық және эмпирикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері білімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымынң принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, принципін дәне әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады, : жалпыфилософиялық принциптер - детерминизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдардың жалпы принциптері тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері плюрализм (әртүрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымның келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптері қоғамдық-топтық және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күн көрісі үшін өзінің күнелтуі және толық жарамды азамта тәрбиелеу.

Психологиялық-педагогикалық принциптер - эмпатия, (жан ашуы), сенімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда адамға күнелтуге көмектесу және т. б. ;

Әдістемелік принциптер - мирасқорлық, бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық;

Ұйымдастырушылық - жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т. б. ғалымдар арасында) ;

Нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамдар мен азаматтардың құқығын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттіктің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сенімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т. б. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болырп саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасының әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі қолданатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік -психологиялық, әлеуметтік, әкімшіл, педагогикалық және т. б. түрге бөлеміз.

Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз ұмыс тәсілдері мен міндеттерін игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологияның өзіндік ерекшелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.

1. 2 Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс тарихы жайлы

Қазақстан қазір өзінің дамуының қиын сәттерін бастан кешіріп отыр. Өтіп жатқан жағдайлардың нақтылығын бағалай отырып, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қамтамасыздандыру жүйесі мен оның элементтерінің: білім беру, әлеуметтік қорғау, тұрғын-үй және денсаулығын қорғаумен қамтамасыз етудің мазмұнын ашу өте қиын.

Қазіргі кезде журнал, мақала сипатындағы әлеуметтік жұмыстар жөніндегі жұмыстар өте көп, бірақ осы ғылыми пәннің даму тарихын, қалыптасуын және күйін қарастыратын теориялық жұмыстар жоқ. Барлық жарияланымдарда осы саладағы қазіргі іс жағдайы зерттеледі, ал, әсіресе, отбасына қатысты ешқандай болжамдар мен практикалық тәжірибені кездестіре аламыз.

Әрине, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар тарихының өз тарихы, өз бастауы бар.

Шетел және ресей зерттеушілері әлеуметтік жүмыстардын дүние жүзінде ағымдағы жүз жылдықтағы 90-жылдардың екінші жартысында басталғандығын айтады, бірақ бұл мүлдем дұрыс емес.

Әлеуметтік жұмыстар қиын жағдайда қалған адамдарға қолдау көрсету, оларды қорғауға бағытталған іс-әрекет түрі ретінде адамдық қoғaм пайда болып, дамыған сәтінен бастап пайда болды. Әр кезеңде оның сипаты әртүрлі болып, әртүрлі әдіс-тәсілдермен жүргізіліп, халықтың барлық тобына жүргізілмейді, қоғам мeн әртүрлі әлеуметтік институттар оған түрліше баға беріп, түрліше түсінді.

Өздеріңіз білетіндей, кем бағал, мүгедек жандарға көмек, қайырымдылық көрсету үнемі орын алып отырды.

Қазақ халқының салт-дәстүрі, рулық қауым, туысқандығы кем бағал, кедей жандардың басқалардан қайыр, көмек сұрауына жол бермеді. Туысқандары мен жақындары өздерінің руластарының қиын жағдайға қалдырмайды.

Бірақ Ресейде әлеуметтік жұмыстар ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басынан бастап қана кәсіби қызмет түрі ретінде қалыптасты. Әлеуметтік қызметтерді-кәсіп, маман ретінде ресми танып, отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер лауазымын мемлекеттік ресми құжаттарға енгізу дүние жүзінің әртүрлі елінде әр уақытта іске асырылады.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қоғам, ел ауыр кезеңді бастан өткізіп, отбасының әлеуметтік проблемалары шұғыл күшейіп жатқан кезде өзекті болатыны байқалды.

Көбінесе, бұл іс- әрекет мемлекеттік әлеуметтік саясатына байланысты, бұл жұмыс көпшілік жағдайда халықтың белгілі топтарының мүддесі үшін іске асырылады.

Қандай да бір әртүрлі күштердің себебінен проблема туып, онымен күресуге тырысады. Сондықтан әлеуметтік саясат халықтың сондай және басқа да топтарына көмек көрсетуге ғана емес, сондай- ақ, сол және басқа да әлеуметтік проблемалардың алдын алып немесе жеңілдетуге бағытталуы тиіс.

Аналардың отбасылық үй-жайынан жеке еңбек төлемін алатын нарықтық жүйеге елігуі әйелдер мен күйеулердің бәсекелестігіне негіз болып, ажырасуларға және некеден кейін және некеден тыс жалғыз басты аналардың көбеюіне материалдық база болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік қызметкер және отбасы
Мүгедек баласы бар отбасы
Тұрмыс жағдайы төмен отбасылармен әлеуметтік жұмыс технологиясы
Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері
Отбасының репродуктивті функциясы
Отбасымен жүргізілетін әлуметтік жұмыстың маңызы
Жас отбасының қалыптасуы мен нығаюында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың рөлі
Жас отбасымен әлеуметтік жұмыстың негіздері
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен байланысы
Отбасында бала тәрбиелеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz