Кәсіби өзіндік сана құрылымы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3-5
І ТАРАУ
ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ӨЗІНДІК САНА МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1 Өзіндік сана және оның құрылымын зерттеудегі теориялық бағыттар 6-15
1. 2 Тұлғаның кәсіби психологиясындағы өзіндік сана мәселелері……. …16-20
1. 3 Кәсіби өзіндік сана құрылымы . . . 21-27
1. 4 ІІБ қызметкерінің кәсіби іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы . . . 28-32
IІ ТАРАУ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2. 1 Зерттеудің мақсаты, болжамы және міндеттері . . . 33
2. 2 Әдістемелердің сипаттамасы мен қолдану аясы . . . 34-40
2. 3 Мәліметтерді өңдеу және сандық талдау . . . 41-54
2. 4 Мәліметтерді сапалық талдау . 55-58
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59-60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61-63
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Өзіндік cананың дамуы мәселесі психологиядағы негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Ол кеңестік психологияда да шетелдік психологияда да кеңінен қарастырылды.
Психологияда өзіндік сана дегенде, не өзіндік тәжірибенің жинақталу процесі, не осы процестің нәтижесі түсіндіріледі. Бірінші жағдайда зерттеушілер өзіндік сананың динамикалық аспектілерін - өзіндік сананың пайда болуы мен көрінуін, оның адамның өмірі барысында дамуын зерттейді. Екінші жағдайда, зерттеушілерді бұл тәжірибенің формасы, оның құрылымы мен ұйымдастырылуы, оның адамның өмірлік іс-әрекетіндегі функциялары қызықтырады.
Адамның бұл тәжірибесі қандай формада тіршілік етеді? Мысалы, білімді бұл тәжірибенің бір формасы деп қарастыра аламыз. Бірақ білім бүкіл тәжірибені қамти алмайды. Білім әрқашанда эмоциялық-құндылықтық сипатта болады. Сонымен қатар, адам тәжірибесінің маңызды бөлігі әрекет, мінез-құлық бағдарламалары түрінде болады. Мысалы, оған оқу мен дағдылар жатады.
Тұлғаның өзіңдік санасы күрделі психикалық құрылым. Оның күрделілігі, ең жоқ дегенде, екі себеппен шартталады. Біріншіден, адамның өзіндік санасы қалыптасатын және адам қатысатын жағдайлар көп түрлі (кәсіби жағдайлар, тұрмыстық жағдайлар т. б. ) екіншіден, өзіндік сананың обьектісінің көп қырлылығы, яғни өзіндік сананың обьектісі болатын тұлғалық қырлардың көптігі (сырт келбет, мінез, кәсіби қабілеттер, мінез-құлық мәнері т. б. ) .
Тұлғаның өзіндік санасын зерттеуде кәсіби өзіндік сананы зерттеу маңызды орын алады, себебі кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі формаларының бірі болып табылады. Адам өз жұмысын, кәсіби іс-әрекет жетістіктерін және өзін қабылдауы мен бағалауларынан оның жалпы күйі мен іс-әрекетінің сәттілігі тәуелді. Сонымен қатар, кәсіби өзіндік сана кәсіби дамумен жетілудің негізгі механизмі болып табылады. Адам өзінің кәсіби ролін ұғынса, өзінің жетістіктері мен кәсіби қасиеттерін адекватты бағалай білсе ғана белсенді және саналанған кәсіби даму мен өзіндік дамуы мүмкін болады.
Полиция қызметкерінің қайшылыкты іс-әрекеті, ауыр экстрималды жағдайлар, бағынушылық пен қоса белсенділік, заң бұзылушылар мен жұмыс істеу - міндетті түрде оның өзіндік санасына әсер етеді және оны өзгертеді/2, 6. 19-20/.
Маманның кәсіби шеберлігіне кәсіби білім, қоғам, оның талаптары, мораль және т. б. сыртқы факторлармен қоса ішкі факторлар - өзіндік актуализация, өзін тану, өзіндік реттеу, өзін түсіну әсер ететіні белгілі/3, 6. 8/.
Қазіргі күні полиция қызметкерлерінің кәсіби деформация мәселесі көтеріліп жатыр. Бұл адамның өзін түсінуі мен жоғарғы құңдылықтарды сақтап тұруымен байланысты. Бұл зерттеуде полиция қызметкерлерінің кәсіби өзіндік санасының тұлғалық және кәсіби өзін анықтаудың және қалыптасудың маңызды кезеңі - кәсіби оқу барысында қалыптасуы қарастырылды.
Жұмыстың практикалық маңызы алынған мәліметтерді кәсіптік бағдар, мамандық таңдау, курсанттарды ІІБ қызметкерлерін даярлайтын оқу орындарына қабылдауда, полиция қызметкерінін кәсіби жарамдылығын анықтауда қолдануға болады.
Жұмыстың теориялық негізі ретінде - И. И. Чеснокованың, А. Г. Спикиннің, И. С. Конның, В. В. Столиннің, А. И. Липкинаның, Н. С. Пряжниковтың т. б., шетелдік авторлардан - У. Джемстің, Э. Эриксонның, К. Роджерстің, Р. Бернстің зерттеулері алыңды.
Бұл еңбектерде өзіндік сана құрылымы, оның онтогенезде даму динамикасы, өзіндік сананың әлеуметтік-перцептивті аспектілері, өзіндік бағалаулар, өзін тану және басқаларды тану т. б. с. с. мәселелер қарастырылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Полиция қызметкерінің өзіндік санасының ерекшеліктерін, құрылымын, құрылымдық компоненттерінің өзара байланысын анықтау және олардың кәсіпке бейімделуге әсерін зерттеу.
Зерттеу нысаны: Әділет Жоғары милиция мектебінің 60 курсант тындаушылары.
Зерттеу пәні - кәсіби даярлық кезіндегі кәсіби өзіндік сананың қалыптасуы. Зерттеу болжамы:
- Полиция қызметкерлерінің жағымды кәсіби өзіндік санасын анықтайтын кәсіби маңызды касиеттер бар.
- Кәсіби өзіндік сана ерекшеліктері кәсіпке бейімделуге әсер етеді. Өндеу әдістемелері ретінде Спирменнің корреляция коэффициенті және Джонкирдің тенденция коэффициенті қолданылды.
Зерттеу міндеттері:
- Өзіндік сана мәселелері бойынша ғылыми теорияларға талдам;
- Тұлғаның кәсіби психологиясы мәселелерін талау;
- Полиция қызметкерлерінің кәсіби өзіндік санасын ерекшелейтін тұлғалыққасиеттерді анықтау;
- Курстан курсқа өтудегі кәсіби өзіндік сана динамикасын анықтау.
Зерттеудің әдістемелері мен әдістері:
Міндеттерді шешу үшін мынандай диагностикалық әдістемелер қолданылды:
- Р. Кеттелдің 16 факторлық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау сұрақтамасы(С нұсқасы) ;
- Дж. Роттердің Субъективті қадағалау деңгейін анықтау сұрақтамасы;
- Бақылау, әңгімелесу.
Өңдеу әдістемелері ретінде Спирменнің корреляция коэффициенті және Джонкирдің тенденция коэффициенті қолданылды
Зерттеу объектісі: "Әділет" жоғары милиция мектебінің 2-4 курс курсант-тыңдаушылары (60 адам) .
Зерттеудің практикалық базасы: "Әділет" жоғары милиция мектебі
Зерттеу көздері: психологиялық негіздегі ресми құжаттар, Ұлттық кітапхананың қоры, Ы. Алтынсарин атындағы Білім академиясы ғылыми кітапханасының материалдары, мерзімді баспасөзде жарияланған материалдар, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша оқулықтар мен оқу құралдары.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, I-ші теориялық бөлімнен ІІ-ші эксперименттік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде өзіндік сана және оның құрылымын зерттеудегі теориялық бағыттар, тұлғаның кәсіби психологиясындағы өзіндік сана мәселелері, кәсіби өзіндік сана құрылымына және ІІБ қызметкерінің кәсіби іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы мәселесінің теориялық мән-мағынасын ашылып жан-жақты сипатта дәлелдеуге тырыстық. Ал, екінші бөлімде полиция қызметкерінің өзіндік санасының ерекшеліктерін, құрылымын, құрылымдық компоненттерінің өзара байланысын анықтау және олардың кәсіпке бейімделуге әсерін зерттеп, эксперименттік-психологиялық зерттеулер жүргізіліп, зерттеу болжамдарын дәлелдедік. Жұмысты қорытындылап, соңында пайдаланған әдебиеттердің тізімін көрсеттік.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1 Өзіндік сана және оның құрылымын зерттеудегі
теориялық бағыттар
Өзіндік сана мәселесі отандық психологияда да шетелдік психологияда да кең қарастырылды. Отандық психологиядағы зерттеулер үш негізгі мәселелер шеңберінде шоғырланған:
Өзіндік сананың философиялық-методологиялық, тарихи-мәдени аспектілері, олар тұлғалық жауап кершілікпен, моральдық таңдаумен, моральдық өзіндік санамен байланысты (И. С. Кон, АТ. Спиркин, А. И. Титаренко) және т. б. ;
Тұлғаның дамуыңдағы өзіндік сананың қалыптасуының жалпы психологиялық, әлеуметтік-перцептивті аспектілері (Л. И. Божович, И. И. Чеснокова, СЛ. Рубинштейн) ;
Өзіндік сананың өзіндік бағалау ерекшеліктерімен, олардың басқа адамдар бағалауларымен өзара байланысымен, өзін танумен және өзгелерді танумен байланысты әлеуметтік перцептивті аспектілері. (А. В. Захарова, А. И. Липкина, В. В. Столин) .
Әдебиетте "өзіндік сана", "Мен", "Мен-концепция", "өзі туралы түсінік", "өзіне деген қатынас", "өзіндік бағалау", "Мен бейнесі" сияқты әртүрлі терминдер кездеседі. "Өзіндік сана" термині осылардың барлығын жалпылаушы, олардың процессуалды жағын да құрылымдық сипаттарын да біріктіруші ретінде қолданылады. "Өзіндік таным", "өзі туралы түсінік" ұғымдары өзіндік сананың когнитивті жағын - адамның өзі туралы білімдерін сипаттауда қолданылады. Өзіндік сананың эмоциялық жағын сипаттауда "өзіне деген қатынас", "өзіндік бағалау", "өзін түсіну" терминдері қолданылады. "Мен бейне" - өзіндік сананың когнитивті, эмоциялық және реттеуші жақтарының үздіксіз әрекетінің соңғы нәтижесі болатын құрылым.
Көптеген авторларды өзіндік санның пайда болуы, оның құрылымы мен деңгейлік ұйымдасу мәселелері қызықтырады. И. И. Чеснокова өзіндік сананың 2 деңгейін бөлуді ұсынады. Бірінші деңгейде, адам өзі туралы білімдерді "Мен" және "басқа адамдарды" салыстыру арқылы алады. Бірінші қандай да бір қасиеттің басқа адам бойында көрінуі қабылданап, түсініледі, содан кейін ғана өзіне ауыстырылады. Бұл деңгейге тән ішкі амалдар - өзін қабылдау мен өзін бақылау.
Екінші деңгейде, өзі туралы білімдер аутокоммуникация процесіңде, яғни "Мен және Мен" шеңберінде алынады Адам өзі туралы дайын, өткен уақыттағы әртүрлі жағдайларда қалыптастырылған білімдірді қолданады. Мұндағы ішкі амал - өзін талдау және өзін мағыналау болады. Осы екінші деңгейде адам өзінің мінез-құлық өзі жүзеге асыратын мотивацияларымен салыстырады. Екінші деңгейдегі өзіндік сананың жоғары дамуына өмірлік мақсаттар мен жоспаларды қалыптастырған кезде, өзінің қоғамдық құндылығын анықтаған кезде жетеді /5, 6. 95-100/.
Р. Бернс "Мен-концепцияның" құрылымдық ілімін сәл өзгерек баяндады. Мен бейнесі нұсқаулық жүйе ретінде түсініледі; нұсқаулардың үш компоненті бар: когнитивті, аффективті және осы екеуінен туындайтын мінез-құлықтық компанент. "Осы үш элементті Мен-концепцияда қолдануға болады, сонда: мен-бейне индивидттің өзі туралы білімдері, өзіндік бағалау -осы білімдердің аффективті бағалануы және потенцияалдық мінез-құлықтық реакция, яғни Мен-бейне мен өзіндік бағалау әсерінен туған нақты әрекеттер". /6, б. 32/.
С. Кон да Мен бейнесін нұсқаулық жүйе деп түсінген, оның да танымтық, эмоциялық, реттеуші компоненттері бар. Мен-бейненің төменгі деңгейі "саналанбаған, нұсқауды бастан кешу арқылы жүреді, психологияда "өзіндік сезіммен" және өзіне деген эмоциялық қатынаспен ассоциацияланады; одан жоғары жеке қасиеттерді саналау мен өзіндік бағалау орналасады; одан кейін жеке өзіндік бағалаулар бүтін бейнеге бірігеді; және бұл Мен бейнесі тұлғаның өмірлік іс-әрекеттері, мақсаттарымен байланысты құндылықтар жүйесіне енеді"/7, б. 72-73/.
В. В. Столиннің пікірі бойынша, өзіндік сана үш деңгейде жүзеге асады:
субъектінің органикалық белсенділігі жүйесінде; оның ұжымдық заттық іс-әрекеті жүйесінде және оның көптеген іс-әрекеттермен байланысты тұлғаның даму жүйесінде бейнеленуі/4, б. 88-93/.
А. И. Липкинаның пікірі бойынша, Мен бейнесі аффективті когнитивті сипатта, ол адамның өзіне деген эмоциялық қатынасынан және өзі туралы когнитивті түсініктерден тұрады. Оның ойынша Мен бейне күрделі архитектоникалы: оның орталық құрылымы бар-оңда өзі туралы білімдер өңделген тұрақты түрде кездеседі, жалпы өзіндік бағалау да осы жерде туындап, қызмет етеді; сонымен қатар "периферия" бар, оған өзі туралы жаңа ақпараттар түсіп отырады, бұл білімдер өзі туралы түсініктердің өзгеруіне әсерін тигізеді /8, б. 99-100/.
"Мен-концепция" мәселелерінің алғашқы өңдеушілерінің бірі У. Джемс. Ол Үлкен тұлғалық Менді екі жақты құрылым ретінде қарастырады; онда сана-Мен және объект ретіндегі Мен бірігеді. Бүтіндіктің осы екі жағы бір мезетте тіршілік етеді. Олардың бірі таза тәжірибе (саналаушы Мен), ал екіншісі - осы тәжірибенің мазмұны (Мен, объект ретінде) . Джемс бойынша, объект ретіндегі Менге - адамның өзімдікі дей алатын нәрселерінің барлығы енеді. Оның төрт құрылымдық бөлігі бар және оларды мәнділік реті бойынша орналастыруға болады: рухани Мен, материалды Мен, әлеуметтік Мен және физикалық Мен/9, 6. 106-107/.
Э. Эриксон теориясында Мен-концепциясы мәселесі биологиялық негізде пайда болып, белгілі бір мәдениет өнімі ретінде түсінілетін Эго-бірдейлік призмасы арқылы қарастырылады. Меннің бірдейлігінің қалыптасуы - өзіндік сана мен өзіндік танымның үздіксіз кеңейуіне негіз болатын процесс. Эриксон тұлғаның, оның өзіндік санасының дамуын өзіндік ерекшеліктері бар кезеңдердің біртіндеп ауысуы ретінде қарастырады.
К. Роджерс Мен-концепция дегенде адамның өз-өзін қабылдауын түсінеді, индивидтің мінез-құлқын қадағалаушы және интеграциялауы механизм деп қарайды.
Сонымен өзіндік сана мәселесі көптеген психолоиялық теориялардың орталық мәселелерінің бірі болып табылады. Көптеген зерттелушілер өзіндік сана - адамның өзін тануын және өзіне деген қатынастарын қамтитын процесс деп қарастырады.
Тұлғалык өзіндік сана-психология ғылымының ең бір қызықты және күрделі мәселелерінің бірі. Ол ерте заманнан бастап, осы күнге дейін адамзат көңілін аударып келеді, өйткені, адамдарды әрқашан өмір мағынасы мәселесі толғандырып олар өзін және өзгелерді түсінуге ұмтылып отырған. Адамдардың өзара әрекеттесуінде нормалар мен заңдылықтар өңделіп, олар кейін мінез-құлықтың ішкі регуляторына айналып отырған. Адамда осы ішкі ережелер мен нормаларға бағынуға деген қажеттілік қалыптасты. Біртіндеп ар-ұят, адамдық борыш, жауапкершілік туралы түсінік қалыптаса бастады. Бұл адамды нақты жағдайлардан, өзі тиісті адамдар тобынан тәуелсіз етті. Басқаша айтсақ, индивид тұлғаға айналды.
Тұлғаның дамуы оның өзіндік сананың кемелденуі процесінде жүзеге асады: Ол өзінің әрекеттерін өкіну, ойлану арқылы ұғынады; ішкі конфликтінің себептерін ұғынып, өзінің ішкі әлемін тани отырып адам басқаларды жетік түсінеді, ол өз таңдауларын еркін жасайды, іс-әрекет атқаруда шығармашылық тұрғыдан келеді.
Тұлғаның өзіндік санасы тұлғаның өзін қоршаған әлемнен бөліп, өз болмысын анықтап, өзінің өткеніне, қазірі мен болашағына қатынасын өзгертуге қатысатын психикалық процестердің жиынтығы. Өзіндік сана адамға өз ішкі әлемін танып, бастан кешіре отырып, оны бейнелеуге және өз-өзіне белгілі бір түрде қатынас жасауға мүмкіндік береді, яғни, өзіндік сана -бұл өзіне деген танымдық қана емес, сондай-ақ эмоциялық, көбінесе саналанбаған қатынас.
Өзіндік санада мотивтер мен әрекеттер бір тілектермен, құмарлықтар мен ұмтылыстар басқалармен сәйкестенеді. Нәтижесінде тұлға өзін анықтап, өзі үшін маңызды қажеттіліктерін бөледі, өз болмысын ашады - оны қабылдайды не одан бас тартады.
Сонымен, өзіндік сана, өзін дамытумен және өмір мағынасын ізденумен байланысты реттеуші қызмет атқарады. Санасыз тұлға болмайтыны сияқты, ол өзіндік санасыз да болмайды. Егер санада барлық объективті шындық бейнеленсе, өзіндік сана обьектісі адамның өзі, оның "Мені" болады.
"Мен" - тұлғаның ішкі әлемі жағынан бүтіндігі мен бірлігін бейнелейтін, адамның өз-өзін қалай танитынын бейнелейтін ұғым. Адамның "Мені" - көпқырлы, үздіксіз өзгеріске ұшырап отыратын құрылым. Тұлғаның өзіндік санасында көптеген "Мендер" болады. Физикалық "Мен" ("Мен организм ретінде"), әлеуметтік "Мен" ("Мен" әлеуметтік индивид ретінде), Рухани "Мен", уақыт бойынша өткен шақтағы "Мен", Қазіргі "Мен", болашақ "Мен" деп бөлуге болады. Модальдылығы бойынша "реалды-Мен", "идеалды-Мен", "идеалдандырылған Мен", "рефлексивті" және "басқалардың қабылдауындағы Менді" бөліп көрсетуге болады. Бұл "Мендер"-бір-біріне сәйкес келмей, өзара конфликтіге түсуі мүмкін, бұл тұлғалық қарама-қайшылыққа әкеледі. Сонымен қатар, адамның өзі туралы ойларына мәнді адамдардың пікірлері де әсер етеді.
Өзіндік сананың орталық құрылымы - "Мен-концепция" - адамның өзі туралы сәйкестендірілген, қарама-қайшылықсыз, вербалды тіркелген ойларының жүйесі. Ол әртүрлі жағдайлардағы жеке "Мен-бейнелері" арқылы өзін бағалау мен танудын нәтижесі. Өзіндік сана процесі әртүрлі "Мен" бейнелердің динамикасы арқылы жүзеге асады, оның нәтижесінде өзі туралы қалыптасқан тұрақты көз-қарас пайда болады, ал оның арқасында адамда өзіндік бірдейлік, тұрақты анық болу сезімі пайда болады. "Мен-концепция" индивидтің қандай екенін емес, оның өзі туралы ойларын, өзінің болашақтағы дамуының мүмкіндіктеріне қалай қарайтынын анықтайды. Бір рет қалыптасқаннан кейін "Мен-концепция" өзіне өмірлік тәжірибе мәліметтерін таңдамалы түрде қабылдап отырады. Яғни өзі туралы жаңадан келіп отырған мәліметтерді талқылау үшін интерпретациялық матрица болады. "Мен-концепцияның" мазмұны мен құрылымына сай ақпарат тез қабылданады, ал сәйкес келемейтіні ығыстырылады немесе жоққа
шығарылады.
Өзі туралы білімдер барлық адамдарда тұрақты жүйеге бірікпейді. Кейбір адамдарда олар "Мен-концепцияға" бірікпеген жеке Мен-бейнелер түрінде қызмет атқарады.
"Мен-концепция" өзіндік сананың шыңы болып табылады. Ол ең бір саналанған, рационалды компонент. Өзіндік санаға басқа да саналануы төменірек компоненттер кіреді. Ондай компоненттердің бірі - "өзіне деген қатынас" - өзінің Меніне қатысты эмоционалды-құндылықтық нұсқаулар. Ол өзінің Меніне қатысты "қолдаушы" және "қарсы" сезімдер ретінде көрініс табады: өзін мақұлдау, өзін мақтан тұту, өзін кінәлау, өзін табалау түрінде.
Адамның өзі туралы ойлары өзіне деген қатынасты және өзін бағалауды бейнелейді, Өзін бағалау адамның өзінің құндылығын қалыптастыруға тырысатын саналы пайымдауларында көрінеді. Өзін бағалау субъективті сипатта болады, себебі біздің өзімізге тиістеген қасиеттеріміз әрқашанда шындыққа сай бола бермейді. Адам үшін мәнді болуға деген қажеттілік ең маңызды қажеттіліктердің бірі болып табылатындықтан, өзін бағалау жағымды Мен-бейнені қалыптастыратын механизм болып табылады. Мысалы, кәсіби іс-әрекетте жетістіктерге жете алмаған адам басқада: отбасында, спортта, шығармашылықта т. б. өзін көрсеткісі келеді. Өзіндік бағалау да өзіндік сананың басқа компоненттері сияқты тұрақты емес, ол өмірлік жағдайларға байланыста өзгеріп отырады және өзін бағалау-адекватты, не адекватты емес, не тым жоғары, не төмен болуы мүмкін; вербалды саналанған да, интуитивті де болуы мүмкін.
Өзіндік бағалауды түсінуде үш маңызды мезетті бөлуге болады.
- Оның қалыптасуында реалды Мен мен идеалды Меннің сәйкес келуі маңызды орын алады.
- Адамның өзін бағалауы оны басқалардың бағалауы мен тығыз байланысты.
- Өзіндік бағалау тұлға үшін маңызды іс-әрекет өрісіңде сәттілікке жетуге байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz