Асқазан және ішек жолдарына пробиотиктердің әсері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
РЕТТІК НӨМІРІ
МАЗМҰНЫ
БЕТ
РЕТТІК НӨМІРІ:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
БЕТ: 3
РЕТТІК НӨМІРІ: 1.
МАЗМҰНЫ: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
БЕТ: 4
РЕТТІК НӨМІРІ: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Пробиотиктер туралы жалпы ұғым
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Денсаулыққа тиімділігі және емдік қасиеті
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Пробиотикалық препараттардың құрамы және қауіпсіздігі
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 1. 4
МАЗМҰНЫ: Түйе сүті
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 1. 5
МАЗМҰНЫ: Түйе сүтінің физико-химиялық құрамы
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 2
МАЗМҰНЫ: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН МЕТОДТАРЫ
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 2. 1
МАЗМҰНЫ: Зерттеу объектілері
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Зерттеу әдістері
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3
МАЗМҰНЫ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 1
МАЗМҰНЫ: Ферментация процессін зерттеу нәтижелері
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 1.
МАЗМҰНЫ: Сүттің белсенді қышқылдылығы мен титрлеу қышқылдылығын анықтау
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 1. 2
МАЗМҰНЫ: Микроорганизмдердің тіршілікке бейімділігін анықтау
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 1. 3
МАЗМҰНЫ: Ферментация процессінің сарысу белоктарына әсері
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 1. 3. 1
МАЗМҰНЫ: Сүттің сарысу белогының мөлшерін Лоури әдісімен анықтау
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 1. 3. 2
МАЗМҰНЫ: Сүт және дайындалған өнімнің сарысу белоктарының фракцияларын электрофорез әдісімен зерттеу
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 2
МАЗМҰНЫ: Сүт және алынған өнімнің химиялық қасиеттерін зерттеу нәтижелері
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ: 3. 3
МАЗМҰНЫ: Дайындалған пробиотикалық тағамның технологиялық жағдайын ұсыну
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
БЕТ:
РЕТТІК НӨМІРІ:
МАЗМҰНЫ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
БЕТ:


КІРІСПЕ

ХІХ ғ соңында медицина микробиологтары ауруға бейім және денсаулығы жақсы адамдардың ас-қорыту жолдарының микробиотасының өзгешеліктерін анықтады. Микробиота дегеніміз ас-қорыту жолдарында тіршілік ететін қалыпты микрофлора. Адам организмінің микробиотасының 80% сүт қышқылды бактериялар мен бифидобактериялар, қалған микрофлораның көпшілік мөлшерін ішек таяқшалары құрайды.

Ас-қорыту ішек жолдарының пайдалы микрофлорасын құрайтын микроорганизмдерді пробиотиктер деп айтамыз. Пробиотиктер грек тілінен аударғанда «өмір үшін» дегенді білдіреді. Пробиотиктер - ас-қорыту жолдарында тіршілік ету барысында колония түзу арқылы адамның және жануарлардың микрофлорасын қалпына келтіретін, ағзаға емдік қасиет көрсететін, қажетті мөлшердегі, тіршілікке қабілетті, белгілі микроорганизмдер тобы бар, тағамдар және препараттар.

Қазіргі кезде пробиотиктерді тұтыну кең ауқым алып келе жатыр, өйткені, пробиотиктердің басқа дәрілік заттар немесе диеталық тағамдарға қарағанда пайдалы жақтары едәуір көп. Ең бірінші пайдалы қасиеті пробиотиктердің құрамы адам немесе жануарлардың қалыпты микрофлорасынан тұратынымен сипатталады. Осыған байланысты пробиотиктер антибиотиктерге қарағанда организмнің қалыпты микрофлорасын жоймайды, керісінше оны толықтырып отырады. Пробиотиктер және олардың көмегімен ашыған сүт өнімдерінің күнделікті тұтынудағы маңызы: пробиотикалық организмдер, сүт қышқылын түзу арқылы сүт өнімдерінің сақталу мерзімін ұзарту және антимикробтық құрамына байланысты, тағамға дәмдік қасиет беретін метаболиттерді өндіру (ацетальдегид), өнімнің тағамдық құндылығын жақсарту (мыс: бос аминқышқылдарымен байыту және витаминдер түзу), қатерлі ісік ауруларды емдеу немесе алдын-алу және қандағы холестерол мөлшерін реттеу сияқты т. б. пайдалы қасиеттер арқылы сипатталады. Пробиотиктердің бұл пайдалы қасиеттері өндіріс және тұтыну кезіндегі бактериялардың өсуі мен олардың әрекеті нәтижесінде болады. Сонымен қатар пробиотикалық тағамдар ас-қазан, ішек ауруларының бірнеше түріне және емдік лактоза қорыта алмаушылық ауруларына қарсы емдік қасиет көрсетеді.

ХХ ғасырда экологиялық проблемалардың салдарынан туындап жатқан аурулар ғалымдарды ойландыруда. Зерттеушілердің тұжырымдауынша пробиотикалық өнімдер, антибиотиктерді шектен тыс қолдану себебінен туындайтын ас-қорыту жолдарының ауыруларын емдеу және алдын алу, сонымен қатар антибиотиктерге төзімді патогенді микроорганизмдердің штаммдарының пайда болуы және басқа көптеген әлемдік ауқымдағы мәселелерді шешуге септігін тигізе алады деген болжаулар келтіруде.

Қазақстан Республикасы аумаға экологиялық ахуалы нашар елдер қатарына жатады. Өткен ғасырдың 80 жылдарына дейін Қазақстанның солтүстік және батыс аумақтарында ядролық сынақтар жүргізіліп келуі, Арал теңізінің тартылып, теңіз түбіндегі түзың ауаға таралуы экологиялық жағдайды күрт төмендетті. Осыған байланысты Қазақстан халқының денсаулық жағдайы да жылдан жылға төмендеуде. Соныдықтан пробиотикалық тағамдарды халықтың күнделікті тұтынысына енгізудің маңызы зор.

Алға қойған мақсатымыз түйе сүтінен пробиотикалық қасиет көрсететін тағам дайындау биотехнологиясын ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей талап қойылды:

  • Сүтінің ферментация процессінің зерттеу
  • Сүттің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу
  • сүттің сарысу белогының Лоури әдісімен анықтау
  • Сүт белоктарының фракцияларын электрофорез әдісімен зерттеу
  • Пробиотикалық тағам алу биотехнологиясын ұсыну
  1. Әдебиетке шолуПробиотиктер туралы жалпы ұғым

Пробиотик термині грек тілінен аударғанда «өмір үшін» дегенді білдіреді және ол қазіргі кезде жануарлар мен адам денсаулығына пайдалы әсер ететін бактерияларға байланысты қолданылады. Кейбір сұрыпталған бактериялардың организмге жағымды әрекетіне байланысты алғашқы зерттеулерді ХХ ғасырдың басында Нобель сыйлығының лауреаты, көрнекті орыс ғалымы Илья Мечников жүргізді. Ол былай деп тұжырымдады: «Тағамдағы ішек микроорганизмдеріне байланысты организмнің микрофлорасын өзгертуге және патогенді микроорганизмдерді пайдалы микрофлорамен алмастыру шараларын жүргізу мүмкіндігі туады». [1-3]

Осы уақытта франсуз педиатры Тиссер диареямен ауыратын жас балалардың стулында (үлкен дәретінде, нәжісінде) ерекше Ү формасымен сипатталатын бактериялардың төмен болатынын байқады. Бұл бифидо бактериялар керісінше дені сау балалардың нәжісінде көп болды. Ол: «бұл бактериялар диареямен ауыратын науқастардың қалыпты ішек микрофлорасын реттеуге септігін тигізуі мүмкін» деген тұжырым жасады. [2, 3]

1974 жылы Манн мен Споридж, Lactobacillus бактерияларының жабайы (табиғи) түрлерінің көмегімен ашыған, йогуртты ішкен адамдардың қанында холестерол мөлшері төмен болатынын ашты. Бұл жаңалық пробиотиктерді зерттеудің ауқымын кеңейтті. Сонымен қатар пробиотиктердің қан құрамындағы холестеролды төмендететіні туралы бірнеше ғалымдардың зерттеулері көрсеткен [4] . ХХ ғасырдың 80 жылыдары ғалымдар сүт қышқылды бактериялардың өнімдері лактоза яғни сүт қантын қорыта алмаушылық ауруын жеңілдететінін, бір бірінен тәуелсіз зерттеп, көрсетті. 1992 жылдары пробиотиктердің қатерлі ісік ауруларының алдын алуда маңыздылығы туралы зерттеулер жүргізілді. [5]

1994 жылы Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы, антибиотиктерді шамадан тыс қолдану антибиотиктердің жарамсыз болып қалуына әкеліп соғатын болса, керісінше пробиотиктерді қолдану маңызды иммундық қорғаныш жүйесі болу мүмкіндігі қарастырылды.

Пробиотиктер ХХ ғасырдың басында ашылып, зерттеле бастаса да «пробиотик» термині ең алғаш 1960 жылдардан бастап қолданыла бастады. Оны алғаш рет 1965 жылы Лилли және Стилуелье «бір микроорганизмнен бөлінетін және басқа микроорганизмнің өсуін қолдайтын затты» сипаттау үшін қолданды. 1975жылы Сперти пробиотик терминін «микроорганизмдер өсуін қолдайтын ұлпа экстрактін» сипаттау үшін қолданды. Алайда пробиотик терминінің қазіргі анықтамасына жақындайтын сипаттаманы Паркер ұсынды. Ол пробиотиктерге «асқазан микрофлорасын қолдайтын организмдер немесе заттар» деген анықтама берді. Алайда Паркердің анықтамасы кең ауқымды қамтыды, себебі заттар деген сөзді қолдану арқылы ол соның ішіне антибиотиктерді де жатқызды . 1989 жылы Фуллер Паркер ұсынған анықтаманы толықтыруға тырысып келесі анықтаманы ұсынды: «пробиотиктер - иесінің асқазан-ішек жолдарының микробтық бірқалыптылығын сақтауға көмектесу арқылы ағзаға тиімді әсер беретін тірі микробтық тағам қоспалары». Бұл өзгертілген анықтама пробиотиктердің тіршілікке қабілеттілігіне және оның иесінің яғни жануарлардың ағзасына пайдалы әсер ету қасиетіне ерекше мән беріп тұр. 1992 жылы Хавенаар және т. б. пробиотик терминін иесі және қалыпты микрофлора арасындағы қатынасқа ерекше мән бере отырып мынадай анықтамамен аша түсті: «пробиотиктер қалыпты микрофлораның жағдайын жақсарту арқылы адамдар мен жануарлар ағзасына емдік қасиет көрсететін, тіршілікке қабілетті бір немесе бірнеше микроорганизмдер культуралары» [3, 4] . Ал 2001 жылы неміс ғалымдары пробиотиктерге берілген анықтамалардың барлығын жалпылай келіп: пробиотиктер - имплантация және колонизация арқылы ағзаның микрофлорасын өзгертетін және осы арқылы, ағзаға емдік қасиет көрсететін, қажетті мөлшердегі, тіршілікке қабілетті, белгілі микроорганизмдер тобы бар өнімдер, препараттар немесе дәрілік заттар-деген анықтама берді. Бұл анықтама жаңа тұжырымдардың бірі, алайда соңғысы деп айту қиын. [4]

  1. Денсаулыққа тиімділігі және емдік қасиеті және әсер ету механизмі

Пробиотиктердің денсауыққапайдалы әртүрлі емдік қасиеті бар. Пробиотиктер арқылы емделетін немесе емдеуі мүмкін клиникалық симптомдарға диарея, қарын мен ішектің қабынуы, вирусты асқазан аурулар, асқазанның жұқпалы аурулары, қатерлі ісік, иммунитеттің төмендеуі, лактазажетіспеушілік, балалрдың аллергиялары, өсудің тежелуі, семіру, сары ауру, Helicobacter pylori инфекциялары және басқалары [5, 6] .

  • Қоректік зат синтезі және тез қорытылуы

Пробиотиктер қосылған тағам дайындауда немесе асқорыту жолдарындағы микроорганизмдердің әрекеті кейбір қоректік заттардың мөлшерін жоғарылатып, тез қорытылуын жақсартатынын көрсетеді. Тағамды сүтқышқылды бактериялар ақылы ашыту ферментациялау йогуртта, айранда және басқа ашыған сүт өнімдерінде фолиінді қышқылды жоғарылатады. Сондай ақ ниацин және рибофлавин деңгейі ферментация әсерінен жоғарылайды. Сүт қышқылды бактериялар асқорыту жолдарын әртүрлі витаминдермен және ферменттермен қамтамасыз ететіні белгілі. Бұл асқорытудың бұл бір бірмен келісілген әсері, асқазанның нашар сіңіру симптомдарын азайтады, және сүт қышқылын түзу арқылы асқазанның рН мәнін төмендетеді, ал бұл өз кезегінде е коли және сальмонелла сияқты инвзивті патогенді микрооганизмдердің дамуын төмендетеді. Бактериялардың ферменттерінің белок пен майды гидролиздеуі олардың сіңірілуін жақсартады сондай ақ бос аминқышқылдары, қысқа тізбекті май қышқылдары, сүт қышқылы, пропион қышқылы, бутир қышқылы сүтқышқылды бактериялармен синтезделеді. Қысқа тізбекті май қышқылдарының концентрациясы қалыпты рН ты ұстап тұруға септігін тигізіп ал бұл жағдай өз кезегінде қарындағы көптеген бактериялық ферменттерге және бөгде қосылыстарға және карциногнеді метаболиттерге жағымсыз жағдай жасайды [6-8] .

Қоректік заттарды синтездеумен қосымша микроорганизмдер әрекеті тағамдық өнімдердегі қоректік заттарды өңдеп жақсы қорытылуға жағдай жасау. Кейбір мәліметтер көрсеткендей сүтқышқылды бактериялардың белгілі түрлерінің сәйкес мөлшері лактозасиымсыздық симптомдарын жеңілдетеді. Ферменттелген тағамдарда қолданылатын стрептококк лактобацилалар және басқа лактобацилалар адам асқазанындағы лактаза жетіспеушілік ауруларының алдын алатын, жеткілікті бактериялық лактазамен қамтамасыз етеді [8] .

  • Асқазан және ішек жолдарына пробиотиктердің әсері

Сүтқышқылды бактерия адам организмінде кейбір ас қорыту және ішек ауыруларын таралуын, ұзақтығын және қауіптілігін төмендете алады деген тұжырымдар бар олар төменде келтірілген [9] .

  • Даиареяны алдын алу және емдеудегі әсері

Қауіпті вирусты және бактериялық диарея және антибиотиктік диареаның алдын алуға және емдеуге қолданылатыны жақсы белгілі. Лакто бифидобакт арнайы түрлері және басқалары маңызды пайдасы әсері бар. Балалар диарея ауруларын емдеуде пробиотиктер көп үміт күттіреді. (мынадай мынадай бактериялар бар. ) сүт қышқылды бактериялар асқазан және ішек жолданы ас қорытуға қолайлы әсер ету және нашар сіңіру қасиетін жеңілдетуші бірнеше ферменттермен қамтамасыз етуші ретінде белгілі.

Балалар ауырун емдеуде пробиотиктер вирусты диареяны емдеуде иммунологиялық механизмге IgA синтездеу арқылы көмектесуі мүмкін [5, 8] .

Пробиотиктер диарея ауруларының алдын алу немесе жеңілдету олардың иммундық системаға әсер ету арқылы болуы мүмкін. Сонымен қатар патогендік бактериямен немесе вируспен қарынның эпителиалды жасушалы қабықшасына жабысуға жарыс жүргізеді. Және олар пробиотикалық бактериялардың өсуіне низин сияқты бактериоциндер түзу арқылы көмектесуі мүмкін [10] .

  • Лактозаға қорыта алмаушылық ауруын жеңілдету

Лактозағаны қорыта алмаушылықпен әлемде 70% шамасында адам ауырады. Ол - асқазанда β-галатозидаза ферментінің төмен мөлшеріде болуынын және лактоза асқазанда осмотикалық, қорытылмайтын карбоногидрат ретінде болуынан туындайтын ауру. Йогурт культурасындағы сүт қышқылы лактаза жетіспеушілкпен ауыратын адамдарда лактозаға тұрақсыздықты жеңілдетеді. Ферменттелген сүттегі сүт қышқылды бактерияның тиімді әсерінің көрінуі тік ішекте лактазаның белсенділігін жоғарылатуынан нәтижесінде болады. (10-14)

  • Аллергия және экзема

Аллергиялық ауырулардың көбісі 35-40 жастан асқаннан кейін жиілейді. Пробиотиктердің аллергияға қарсы әсері әлі де зерттеліп жатса да, олар иммундық жүйені микрофлораға әсер ете отырып реттеу арқылы әсер етеді деген тұжырымдар бар [15] . Пробиотикалық бактерия тағамдық аллергиясы және экземамен ауыратын науқастарда жоғары сезімталдық салдарынан қабынуларды төмендетуде маңызды роль атқарады [10-14] . Аяғы ауыр әйелдерге L. rhamnosus GG пробиотигін беру жас нәрестелердің экземамен ауырун төмендетеді. [14] .

Сонымен қатар пробиотиктер сүт белогының байланысты болатын тағамдық аллергиялардың кебір түрлерінің жіті өтуін жеңілдетеді. Оның бұл қасиеті аталған белоктарды ұсақ пептидтерге және амин қышқылдарына ыдырату арқалы болуы мүмкін деген болжам бар [8] .

  • Иммунды функция

Иммундық жауапқа пробиотиктердің әсері жан-жақты зерттелген. Жануарлар және адамдарға жүргізілген зерттеулер пробиотиктердің шартты және шартсыз рефлексті жоғарылатыны дәлелденді. Олар макрофагтардың белсенділігін арттыру, цитокиндер деңгейін арттыру, табиғи өлтіруші жасушалардың белсенділігін арттыру және иммуноглобулиндердің мөлшерін арттыру арқылы әсер етеді. Иммунды жауап клеткалық және гумморалдық жауаптан тұратын, күрделі механизм. Иммундық жетіспеушілік кейбір аурулардың нәтижесінде (СПИД, лейкимия, рак) немесе жас ұлғаю, жүктілік, стрессті жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін. Аутоиммунды аурулар иммунды жүйенің дұрыс жұмыс жасамауынан болады.

Инфекцияларға қарсы иммундық жауаптың пробиотиктер арқылы күшейе түсуі жануарларда да адамдарда да байқалады. Candida albicans қоздырғышы жұқтырылған, иммунитет жетіспеушілікпен ауыратын тышқандарға пробиотиктердің Lactobacillus және Bifidobacteria түрлері жақсы әсер берген [12] .

Пробиотиктерді қолданудың аясын кеңейту науқастардың иммунитетін күшейтуде көп үміт күттіреді.

  • Қан қысымының жоғары болуы (гипертония)

Зерттеу мәліметтеріне сүйенсек [10, 11] пробиотикалық бактерия және олардың ферменттелген өнімдері қан қысымын реттеуге де қатысады деген болжамдар бар. Орта жастағы қан қысымымен ауыратын науқастарға L. helveticus және Sacc. сerevisiae арқылы ашытылған өнім берілген [12, 13] .

  • Қатерлі ісік

Қатерлі ісік ауруы клеткалардың өсуі мен бөлінуін бақылайтын гендердің мутациясынан немесе өзгеше гендердің пайда болуы салдарынан туындайтын ауру. (Гендерді мутацияға ұшыратын факторлар немесе заттар мутагендер деп аталады) қалыпты клеткалардың мутант клеткаларға қарсы күресі нәтижесінде бұл клеткалардың барлығы қатерлі ісікке алып келмейді. Сонымен қатар иммунды жүйе көптеген мутант клеткаларды танып, жояды. Қатерлі ісіктен сақтандыру үшін оның пайда болуының алдын алу шараларын жүргізу керек. Қатерлі ісік пайда болуының себептерінің біріне химиялық заттардың әсері жатады. Қатерлі ісік тудыратын химиялық заттар (карциногендер) ас-қорыту жолдарындағы микрофлораның зат алмасу өнімдерінен де туындауы мүмкін [5] . Осыған орай пробиотиктердің химиялық карциногендердің пайда болуын тежеуі төмендегі:

  • Карциногендердің улылығын жою
  • Ас-қорыту жолдарының ортасын өзгерту арқылы канцерогенді қосылыстар пайда болуына себепші болатын бактерияның популяциясын немесе зат алмасу өнімдерін азайту
  • Арнайы зат алмасу өнімдерін (мыс. бутират) түзу және сол арқылы өлуге тиіс клеткалардың жойылуын жақсарту (ескі клеткалардың өлуі немесе апоптис)
  • Ісік клеткалырының өсін тежейтін қосылыстарды түзу
  • Иммунды жүйенің ісік клеткаларының бөлініп көбеюіне қарсы тұра алу қасиетін жақсарту қасиеттеріне байланысты деген болжам бар.

Пробиотиктер карциногенді заттардың түзілуінің алдын-алу қасиетінің тағы бір себебі олардың ас-қорыту жолдарындағы бактерияларға әсеріне байланысты. Пробиотиктер прокарциногендерді карциногендерге айналдыратын бактериялардың өсуін тежейді және сол арқылы ас-қорыту жолдарындағы карциногендердің мөлшерін азайтады. Прокарциногендерді карциногендерге айналдыратын ферменттердің белсенділігінің өлшемі көп жағдайда пробиотиктердің ас-қорыту жолдарындағы әрекетінің анықтаушысы болып табылады [13, 14] және зерттеу нәтижелері L. casei пробиотигі арқылы жасалған өнімдерді қолдану ісік көпіршіктерінің қайта пайда болуының тежейтінін көрсетті.

Лактобактериялардың ісік клеткаларына қарсы көрсететін қасиеттерінің бірі олар мутагенді қосылыстарды жабыстыру арқылы мутагендердің асқазанға шөгуінің алдын алуға қабілетті деген болжам бар[2, 9, 14] .

  • Қандағы холестерол мөлшерін реттеу

Адам ағзасында холестерол көптеген функцияларды атқарады. Олар кейбір витаминдер мен гормондардың алғызаттары ретінде және жүйке клеткаларының және клетка мембраналарының құраушы бөлігі ретінде кездеседі. Алайда қандағы холестерол немесе басқа липидтердің жоғары мөлшері жүрек қан айналым ауруларының пайда болу себептерін ұлғайтады. Адам ағзасы холестеролды биологиялық функциясына байланысты қажетті мөлшерде синтездегенімен, холестеролдың артық мөлшерінің ағзазаға тағам арқылы келіп түсуі де маңызды роль атқарады. Сарысудағы холестерол мөлшеріне әсер етуіне байланысты сүт қышқылды құнды болып саналады. Сонымен қатар сүт қышқылды бактериялардың қандағы холестеролдың мөлшерін төмендететіні туралы зерттеулер әлі де жүргізілуде.

Холестерол мөлшері жоғары адамдарда пробиотикалық сүт тағамдарын ішу арқылы төмендегені туралы мәліметтер бар, бірақ жалпы алғанда бұл қасиеттерінің әсер көрсеткіші жоғары емес. Бұл пробиотиктердің әсері тым әлсіз және бағалау қиындығынан болуы мүмкін. Кей жағдайда пробиотикалық бактериялардың бір түрлері холестеролды реттеуге қаттыса алатын қасиетке ие болса келесі бір түрлеріне бұл қасиеттер тән болмауы мүмкін.

  • Helicobacter pylori инфекциясы

Айба және т. б. зерттеулерінің көрсетулері бойынша L. salivarius сүт қышқылының көп мөлшерін өндіре алу қасметіне байлансыты in vitro жағдайында H. Pilory бактериясының өсуін тежейтіні көрсетілген.

Пробиотиктердің H. Pilory бактериясына қарсы әсерін Вазолли зерттеді. Ол L. acidophilus, L. casei және L. salivarius, L. acidophilus бактерия культураларының әсерін салсыстырмалы түрде көрсетті. Сонымен қатар бірнеше ғалымдар L. salivarius бактериясының аталған бактерияға қарсы қасиеттері анықталған. Бұл зерттеулер пробиотикалық препараттар асқазанның қатерлі ісік және асқазан жарасы (язва желудка) ауруларына себепші болатын H. Pilory бактериясының әрекетін тежеуде маңыздылығын көрсететеді [10] .

  1. Пробиотикалық препараттардың құрамы

Пробиотикалық препараттарды дайындауда ең көп қолданылатын микроорганизмдер сүт қышқылды бактериялары, олар дені сау жануарлардың асқазанында көп мөлшерде кездеседі. Сүт қышқылды бактериалардан басқа қазіргі кезде пробиотикалық препараттар дайындауда қолданылатын микроорганизмдерге Bacillus түріне жататын бактериялар, ашытқылар (мыс: Saccharomyces cerevisae және Saccharomyces boulardii ) жіптәріздес бактериялар (мыс: Aspergillus oryzae) . L. acidophilus, Bifidobacterium longum, Bifidobacterium infantis, Enterococcus faecium және т. б. жатады (1-кесте) . Пробиотикалық бактериялар енгізумен қатар фруктоолигосахаридтер қосу арқылы жасалған пробиотикалық препараттардың әртүрлі түрлері бар. Қазіргі кезде кеңінен таралған пробиотикалық препараттардың бірі болып фруктоолигосахаридтер қосылған L. acidophilus негізінде жасалған, L. acidophilus және Bifidobacterium longum негізінде, Bifidobacterium infantis және L. acidophilus негізінде жасалған пробиотикалық препараттар табылады [3, 10, 11] .

Бұл пробиотикалық препараттар адамдар және жануарлардық қосымша ретінде немесе емдік мақсаттарға қолданылуына байланысты ұнтақ, таблетка, капсула, паста немесе спрей түрінде болуы мүмкін.


Кесте 1. Пробиотикалық препараттар дайындауда ең көп қолданылатын сүт қышқылды бактериялар
.

Lactobacillus
Bifidobacterium
Enterococcus
Streptococcus
Lactobacillus: L. acidophilus
Bifidobacterium: B. bifidum
Enterococcus: Ent. faecalis
Streptococcus: S. cremoris
Lactobacillus: L. casei
Bifidobacterium: B. adolescentis
Enterococcus: Ent. faecium
Streptococcus: S. salivarius
Lactobacillus: L. delbrueckii ssp (bulgaricus)
Bifidobacterium: B. animalis
Enterococcus:
Streptococcus: S. diacetylactis
Lactobacillus: L. cellobiosus
Bifidobacterium: B. infantis
Enterococcus:
Streptococcus: S. intermedius
Lactobacillus: L. curvatus
Bifidobacterium: B. thermophilum
Enterococcus:
Streptococcus:
Lactobacillus: L. fermentum
Bifidobacterium: B. longum
Enterococcus:
Streptococcus:
Lactobacillus: L. lactis
Bifidobacterium:
Enterococcus:
Streptococcus:
Lactobacillus: L. plantarum
Bifidobacterium:
Enterococcus:
Streptococcus:
Lactobacillus: L. reuteri
Bifidobacterium:
Enterococcus:
Streptococcus:
Lactobacillus: L. brevis
Bifidobacterium:
Enterococcus:
Streptococcus:

Пробиотиктер селекциясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пробиотиктер, пребиотиктер және симбиотиктер
Қолданылатын бифидобактериялардың штаммдары
Пробиотиктар препараттардың құрамы мен қауіпсіздігі
Bacillus туысы бактерияларының негізіндегі пробиотиктер
Пробиотиктер
Құрғақ Bifidobacterium bifidum-ның қайта жандандырту жұмыстарын жүргізу арқылы жаңа Bifidobacterium bifidum дақылдық өнім алу
Сүт қышқылды бактериялардың қасиеттері мен табиғатта таралуы
Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы
Bacillus туысының бактeрияларының мeтаболизм экзоөнімдeрі бар инактивтeлгeн дақылдық сұйықтығының биологиялық бeлсeнділігін зeрттeу
Пробиотикалық бактериялардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz