Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
І ТАРАУ
Р.ТОҚТАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ІІ ТАРАУ
АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ РОМАНЫ
2.1. Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі ... ... ... ... ... ... ...23
2.2. Романдағы мінез бен
тартыс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .49
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың 60 жылдары - ұлттық
әдебиетіміздегі жаңа бір кезеңнің бастауы болды. Бұл кезеңде әдеби жанрлар
барынша дамыды. Проза жанрындағы елеулі ізденістер өз жемісін бергеніне осы
кезеңде жазылған әртүрлі тақырыптағы романдар мысал. Жиырмасыншы ғасырды
ұлттық жазба әдебиетіміздің алтын ғасыры деп түрлі мазмұндағы, көркемдік
сапасы жоғары шығармалардың дүниеге келуімен бағалап жүргендігіміз
белгілі. Бұл кезеңдегі проза ұлт өмірінің әр қилы қырларын бейнелей отырып,
көркем бейненің бай галереясын жасады. Проза жанры бүгінгі күн тақырыбы мен
тарихи дәуір шындықтарын игере отырып, ұлт өмірінің шежірелі болмысын
бейнелеп берді. Бұл салада 60-жылдары әдебиет әлеміне келген Ә.Кекілбаев,
О.Бөкей, М.Мағауин, Т.Әбдік, Қ.Жұмаділов, Д.Досжанов, Р.Тоқтаров есімдерін
ерекше атауға болады.
Аталған кезеңдегі прозаның ең басты табысы - оның көркемдігінде.
Дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік келбетін суреттей отырып, жазушыларымыз оны
көркем бейнелердің мінезі, қарым-қатынасы, әрекеті, ой-аңсары, мақсаты,
ішкі жан-дүниесі арқылы бейнелеп берді. Жазушылар қаламына көп іліккен
тарихи тақырып әр қырымен көрініп, ұлт тарихындағы ұлы оқиғалар мен ұлы
тұлғаларды бейнелеп-сомдауда әдебиетіміздің тамаша табыстарға қол
жеткізгені белгілі. Сондай арналы бір тақырып – ұлтымыздың ұлыларының
өмірін арқау еткен туындылар болды. Тарихи оқиғаны, тарихи тұлғаны
сомдауда көркем прозамызда тамаша үлгі – М.Әуезов дәстүрі бар еді. Ұлы
суреткердің қаламынан туған Абай жолы роман-эпопеясы – қазақ әдебиетін
әлемдік деңгейге көтерумен бірге ұлттық әдебиетте өміршең дәстүр
қалыптастырды. 60-жылдарда көптеп дүниеге келген екі кітапты, үш кітапты
тарихи романдар – осының дәлелі. Осы кесек туындылар қатарында белгілі
қаламгер Р.Тоқтаров романдары да ерекше орын алады. Өзінің шығармашылық
жолында оннан астам роман жазған жазушы аса күрделі де қиын, көтерер жүгі
орасан зор тақырып – Абай тақырыбына барды. Ол дүниеге әкелген Абайдың
жұмбағы романы – жанр талаптарына толығымен жауап беретін көркем туынды.
М.Әуезовтен кейін бұл тақырыпқа батылы барып, роман жазудың өзі үлкен
ерлік еді. Р.Тоқтаров Әуезов дәстүріне деген адалдықты, ерекше құрметті
сақтай отырып осы бір жауапкершіліг мол тақырыпқа қалам тартты. Сөйтіп
үлкен туындыны жазып шықты. Абайдың жұмбағы романы - өз алдына жекелей
қарастырып, жүйелі зерттеуді қажет ететін туынды. Өзіміз нысан етіп алған
тақырыптың өзектілігін Р.Тоқтаров сынды әдебиеттен алар өзіндік орны бар
қаламгердің шығармашылық жолын зерделей отырып, Абай тақырыбындағы романын,
оның құрылымы мен тартыс жүйесін қарастырумен сипаттауға болады.
Зерттеу нысаны. Р.Тоқтаровтың әр жылдары жарық көрген “Ертіс мұхитқа
құяды”, “Бақыт”, “Тұлпардың сыны”, “Жердің үлгісі”, “Сусамыр”, “Таңбалы
жарғақтың құпиясы” романдары және “Абайдың жұмбағы” роман-хамсасы.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негігі
мақсаты – Р.Тоқтаровтың қаламгерлік шеберлігін, әдебиет тарихынан алар
орнын саралау, Абайдың жұмбағы роман-хамсасының жаңалығын, көркемдік
қырларын, мәні мен маңызын, ондағы тартыс жүйесін таныту. Осы мақсаттан
туындайтын міндеттер – қаламгердің шығармашылық өсу жолын қарастыру,
романдарының көркемдік құндылықтарын анықтау, Абайдың жұмбағы романындағы
тартыс пен кейіпкерлер жүйесін зерделеу болып табылады.
Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында талдау, жинақтау, баяндау
әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе мен қорытындыдан, негізгі екі
тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда
Р.Тоқтаровтың шығармашылық жолы, әр жылдары жарық көрген романдарының
тақырыптық, көркемдік сипаты туралы айтылады. Екінші тарауда Абайдың
жұмбағы романының құрылымы мен кейіпкерлер жүйесі, мінез бен тартыс
мәселесі қарастырылады. Қорытындыда диплом мазмұнында айтылған, талқыланған
мәселелер туралы ой қорытылып, түйінделеді.
І ТАРАУ
РАМАЗАН ТОҚТАРОВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Рамазан Тоқтаров 1935 жылы 13
қаңтарда Павлодар қаласында туған. Алматыдағы шет тілдер институтының
француз тілі факультетін бітірген. Жазушы қаламынан әр жылдары “Ертіс
мұхитқа құяды” “Бақыт”, “Тұлпардың сыны” “Жердің үлгісі” “Сусамыр”,
“Таңбалы жарғақтың құпиясы”, “Бітеу жара“ романдары және “Абайдың жұмбағы”
роман-хамсасы туды.
Жалпы, ХХ ғасырдың 60-жылдарын роман жанрының қарқынды дамуымен,
әсіресе, тарихи тақырыптағы романдардың көптеп жазылуымен сипатталады
дедік. Аталмыш жанрдың, жалпы көркем прозаның дамуын, көркемдік қырларын
қарастырған сын-зерттеу еңбектер де көптеп жазылды. Олардың қатарында
Р.Бердібаев [1], З.Қабдолов[2], Ш.Елеукенов [3], С.Қирабаев [4], Р.Нұрғали
[5], З.Серікқалиев [6], Ж.Дәдебаев [7], Б.Майтанов [8], Т.Рақымжанов [9],
М.Хамзин [10], Қ.Әбдезұлы [11] еңбектерін атауға болады. Ал, Р.Тоқтаровтың
Абайдың жұмбағы роман-хамсасы туралы Ж.Ысмағұлов, Б.Майтанов сияқты
әдебиеттанушылар мен сыншылар өз пікірлерін уақытында білдірген болатын.
Алпысыншы жылдардың басында, кәдімгі Хрущев әкелді дейтін аз уақыт
жылымық кезеңінде бүкіл кеңес әдебиетінде дүр етіп тұтанған қаудай жаңа
бір өрлеу дәуірі болған еді. Сол кезеңге есіктен де, терезеден де соққан
асау желдей қазақ әдебиетінде бір толқын кеулеген.
Әдебиетке әлгі жас толқынның алдыңғы легінде келген талантты өкілінің
бірі – Рамазан Тоқтаров болатын. Оның алғашқы тырнақалды туындысы –
Махаббат операциясы атты новелласы 1960 жылы Қазақ әдебиетінде жарық
көрді. Әңгіменің басты кейіпкері тіл – құлағынан бірдей айырылған мақау
қыз. Бірақ, ол туа мақау болмаған, әлдебірдеңеден шошынып, өзі сөйлеуден
құлағы естуден қалған. Бойжеткен арудың мүшкіл жағдайы оқушыға қатты әсер
етеді. Алматыдан келе жатқан сүйген жігіті қыздың мұндай халінен бейхабар.
Сүйген қызына тезірек жетуді аңсап асығып келеді. Әңгіме осылайша шұғыл
шиеленіспен басталады.
1968-69 жылдары жарияланып, екі кітаптан тұратын Ертіс мұхитқа құяды
[12] атты романында ол отызыншы, қырқыншы, соғыстан соңғы ондаған жылдар
бойына елімізде орын алған әлеуметтік мәселелерді қозғайды. Бас кейіпкер
Бекеттің туған күнінен бастап азамат болып ат жалын тартып мінгенге
дейінгі өмірін, оның төңірегіндегі адамдардың тағдыр-талайын жан-жақты
әңгімелей отырып, жазушы жарты ғасырдағы қазақ елінің тұрмыс-халын көз
алдымызға әкеледі. Отбасы мен қоғамның арақатынасындағы қайшылықтар,
кішкентай адамдардың күнделікті михнатқа толы өнімсіз тірліктері мезі ғып
жібергендей болады.
Ертіс мұхитқа құяды - жазушының роман жанрын мықтап игергенін және
ізденудің жаңа жолында екенін дәлелдеді. Өкіметтің ноқталы басқа
ауыздықтың жүген салған темір идеологиясы халықты қанша қыспаққа алғанымен
отызыншы жылдардағы ашаршылықты, репрессияны, Ұлы Отан соғысын бастан
кешкен халық ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін, берік рухы барын
танытты, қандай қиындықтарда да өзінің бет-бейнесі мен адамгершілік ажарын
сақтап қала алды. Бұл роман Р.Тоқтаровтың суреткерлік шеберлігінің бір
қырын танытқан туынды болды. Ғалым Б.Майтанов Оқиғаның аз, сезім-
тебіреністің молдығы белгілі қаламгер Р.Тоқтаровтың сыршыл да сыншыл
табиғатына жарасымды [8,211] деп, қаламгердің шығармашылығына әділ баға
береді де, Осы бір бағаналы мұрат жіті психологизм мен композициялық
шеберліктерді ұштастыру арқылы Ертіс мұхитқа құяды атты роман-дилогияда
айқын көрінген.Автор мұнда рухани-әлеуметтік құбылыстарды кең шеңберде
алып, характерлер тарихына байыппен үңілу үстінде қаһармандар кешкен
ғұмырдан заманалық сырлар түйе білді - деп, романның көркемдік табиғатына
ғылыми тұрғыда барлау жасайды. Белгілі сыншы С.Әшімбаев осы роман-
дилогияның кейбір кемшін тұстарын айта отырып, жетістіктерін атап
көрсетеді. Жазушыға қажетті фактордың бірі – суреткерлік. Ол кең
мағынасында болмысты кесиелі көркем тілмен қозғалыс үстіндегі жанды
суреттер арқылы көрсету, елестету. Атап айтатын нәрсе – Рамазанның
суреткерлік қабілеті. Оны романның қайсыбір беттерінен де еркін ұшыратып
отырасыз. Әдемі жазылған табиғат суреттері, адамдардың сырт портреттері,
динамикалық қимыл-әрекеттері мол аңғарылады [13, 47] деген сыншы пікіріне
назар аударсақ, аталмыш романның қазақ әдебиетіндегі елеулі жаңалық
болғанын аңғарамыз. Романда баяндауға мүлде орын берілмеген. Кейіпкерлер
болмысы психологиялық талдаулар арқылы ашылады. Көңіл аударатын кейіпкерлер
– Бекет пен Қоңырат. Бұл екеуі жазушы мүсіндеген тың кейіпкерлер. Бекет
жас та болса, өзі өмір сүріп отырған ортаға ырза емес, наразы. Бала күнінен
көргені, сезінгені - әділетсіздік пен жалғандық. Қоғамдағы тіршілік,
мемлекет билігі оған мүлде жат тәрізді. Халықтың рухани қажеттігімен,
шынайы тұрмысымен санасып жатқан ешкім жоқ. Ылғи бір қызыл ұран, ауыр
еңбекке жұмылдыру Бекеттің санасын шаршатқан. Мәскеуден өнер институтын
бітіріп келген Бекет ештемеге мойын бұрмай, ертеректе қайтыс болған
әкесінің мүсінін жасап шығарады. Ал, екінші бір кейіпкер Қоңырат – кешегі
ел билеген болыстың, жуан тұқымның ұрпағы. Елде мұғалім болған. Қуғын-
сүргіннен әлдебір түсініксіз себептермен аман қалған ол, соңынан
түртпектеушілер көбейіп кеткен соң өзі сұранып, майданға аттанады. Соғыста
жүріп, немістердің тұтқынына түседі. Өз ісі өзіне қылмыс боп жамалып, не
үйден, не түзден тірек таппай қалады. Сүйіп қосылған әйелі Мәлике де оны
мойындамай қояды. Ақыры ол Колымаға, содан кейін Салехардқа жер аударылады.
Қоңырат елге оралғанда өзін түсінетін, қасіретіне ортақтасатын жас жігіт
Бекетті ғана табады. Мәликеден туған ұлы Наурызға да Қоңырат сияқты әкенің
керегі болмайды. Бірі жас, бірі жасамыс Бекет пен Қоңырат тағдырлары бұрын
еш әдеби туындыда қайталанбаған ерекше үлгіде мінезделген кейіпкерлер.
Сырдария, Еділ-Жайық, Есіл секілді Ертіс те қазақтың бас өзені болып
табылады. Және ол қазақтың ұланғайыр сар даласын қақ жарып өтіп, көп сулар
құсап құрдымға жоғалмай, өзеннен өзен сағалап, мұхитқа барып құйып жатыр.
Осыны жұрттың бәрі біле тұра, қастап айту ешкімнің ойына келе қойған жоқ
қой. Рамазан-аға оны үлкен-үлкен екі кітаптан тұратын дилогия-романына ат
етіп, айдар тағып отыр. Сол сәттен бастап ол Ертіс те өзінің рухани биік
мағынасын, ұлттық арнасын қайта тапқан секілді - деп жазады әдебиетші
Т.Зәкенұлы [14]. Бұл романның Ертіс мұхитқа құяды деген атын ақтап тұрған
тағы бір орнықты мәселе бар. Ол – қаламгердің романды жазу барысында Ертіс
суының мұхитқа құяр сағасын көріп қайту үшін сонау Тундраға барып қайтуы.
Өзінің қасіреті мол кейіпкерінің ізімен жүріп қайтқан жазушы сол жақтардан
тундра халқын зерттейтін танымы мол тамаша повесть жазып қайтады. Терістік
шұғыласы деп аталатын өз алдына тұтас бір жинақты бастатқан осы повесте
автор сол кездегі тоталитарлық саясаттың бөліп ал да билей бер деген
зиянды әрекеттерін қалай жүзеге асырып отырғанын көркем образдар, нақты
көріністер арқылы шебер бейнелеп көрсетеді. Повесте сонау бір қиырдағы
түрі-түсі бөлек ненец халқының қазақтармен әлдебір ұқсастығы әңгімеленеді.
Көлемі үш баспа табақ болатын бұл повестен жалпы Сібір табиғаты, Алтайдан
ары қарай кеткен етектегі өлке, ондағы түрлі салт-сана көріністері
этнографиялық планда аса құнды деректер арқылы бейнеленеді.
1975 жылы жарық көрген Тұлпардың сыны[15] атты романында Р.Тоқтаров
жаңа белеске көтерілді. Романда қазақ қызының сәтті бейнесі бар. Алматыға
келіп оқуға түсе алмай, сандалып, әр кеменің құйрығын бір ұстап жүрген
Мағрипа есімді бойжеткеннің ауыр қасіретін сөз ете отыра, әйел – қырық
шырақты деген халық даналағының өміршеңдігін арқау етеді. Сол қыздың
жолында кезіккен бар қиындықты өз бойындағы ата-анадан жұққан асыл
қасиеттері арқылы жеңіп шыққанын әсерлі түрде баяндайды. Бас кейіпкер
Мағрипа жетім өскен, жарым көңіл бола тұра мінсіз сұлу жан. Бірақ ол өзге
кейбір құрбылары сияқты көркін саудалағысы келмейді. Бірақ, сұлу қыздың
соңына түсушілер көп. Романға эпиграф етіп алынған Жұртқа жақсылық жасаған
адам – жақсы адам, жұртқа жасаған жақсылығы үшін жапа шеккен - өте жақсы
адам. Алайда, сол жолда қасқайып тұрып, өзін құрбан етуге барған – ізгілік
пен ерліктің шыңына ту тіккен ең ғажайып, әрі қаһарман адам деген француз
жазушысы Лабрюердің сөзі романның күллі мазмұнын жинақтап тұрғандай.
Мағрипа да өзінің қасіретті өмір жолында осы үш бірдей адам үлгісін
кезіктіреді. Біріншісі – Қара Жұман. Ол Мағрипаны көзге де, сөзге де
тәуірлігімен өзіне ғашық етіп, артынан түрлі сылтау айтып, мүлде көрінбей
жоғалып кетеді. Екінші жолыққан адам – Иренғайып. Ол бойында адамгершілік
қасиеті мол, үлкенді де, кішіні де аялап тұратын азамат. Бірақ, осы адам
Мағрипаға жақсылық жасаймын деп жүріп, өзі жазықсыз түлі кесапаттарға
ұрынып қалады. Мағрипаның Гераттан жасырып, ішін тартып жүріп туған кемтар
баласы бар. Осы кемтар баламен Сардар есімді дәрігер машинасы тоқтап,
боранда адасып қалғанда өзінің үстіндегі киімін оған жабамын деп жүріп үсіп
өледі. Романдағы Құлажал айғырдың қасіреті де оқырманға ой салғандай.
Құлажал айғыр – жылқының тұлпары. Иесі ерегесіп, иен далаға тұмылдырықтап,
тұсап кеткен Құлажал айғыр сол бетінде қасқырға шарасыз халде жем болады.
Бұл да бір халықтың құрдымға шақ қалған, құсалы да күрделі жағдайын паш
етсе керек. Романның иә, тіршілік – шиыршық атқан бұралаң жол. Буын-буын
өмір. Алуан тағдыр шеңбер жасап, түйісіп, қатар-қатар дөңгеленеді. Кейде
өрге, кейде қырға салады. Кейде соқыр балықша шыңырау түбінде, қараңғы
тұңғиық әлемде жүріп тіршілік құрады. Жан біткен дене, жанар біткен ес
жарық дүниеге ұмтылады. Қиянат – сол жолға тосқауыл болу. Ол мүмкін бе?
Күнді немен қалқалайсың? Шындықты қараңғыға қаншалықты қамалағанмен,
бәрібір шығар жер, түйісер нүкте біреу. Ол - әділет жарығы. Ақырғы зауал
шақ... Тұлпарлар түгесілмепі-ау біздің даладан [15,] - деп аяқталуының өзі
оқырманды жаңа тынысты ойларға жетелейді.
Бір қарағанда Р.Тоқтаров әр кезеңде әртүрлі тақырыпты қозғап,
шығарманы уақыт талабына сай жазып отырған сияқты көрінеді. Тіпті кейде
оның романдарының тақырыбына қарап-ақ анау науқанға, мынау науқанға арнап
жазылған-ау деп долбар жасауға да болады. Алайда, жазушы шығармаларын
бірінен кейін бірін қадағалап, оқып шыққан кезде олардың тек аттарының
ғана әр кезеңдік науқанға арналған тәрізді боп көрінгенімен ішкі мазмұны,
қозғаған мәселесі өзгеше болып отырады. Кәдімгі адами, күнделікті тіршілік-
тірлікті, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, қайшылықтарды көрсетуді,
ізгілік пен зұлымдық арасындағы бітіспес күрестің себеп-салдарын ашуды
нысана етеді. Жаңағы тақырыптық жағынан әртүрлі көрінген шығармаларының
бір-бірімен іштей үндестігі осы тұста аңғарылады. Осыдан келіп жазушы
шығармашылығын жаппай назарға алғанда бір арнаға тоғысар тұтастық барын
көреміз.
Мысалы, Жердің үлгісі романы (1979 ж.) алтын кенін өндіретін
Майқайың өндірісін көрсетуге арналған дейміз, алайда, мұнда да автор
жастардың ата-ана алдындағы парыз-қарызы аталатын үлкен адамгершілік,
мейірімділік секілді асыл қасиеттерді ашатын өзінің негізгі моральдық
тақырыбын діттейді. Жазушының Жердің үлгісі деп отырғаны – аяулы ананың
бейнесі. Күн - ата болғанда, Жер –ана, он сегіз мың ғаламда бәрі де
Күннен нәр алып, Жер-анадан өніп-өсіп жатады. Міне, бұл шығарманың да ішкі
астары адами асыл мұра. Сонымен бірге бұл романда шөл даланы суландыру
секілді қосалқы проблемалық мәселе де бой көтереді.
Ғасыр наны атты романы да бір тың және тыңайған жерлерді игеруге
арналған шығарма секілді Бұл шығарманы оқымай, немесе үстірт қараған
адамға ғана солай болып көрінеді. Кезінде солақай кей сыншылар кітаптың
затына емес, атына қарап: Романда тың жоқ, еңбек аз көрінеді,
механизаторлардың бейнесі шықпай қалған - деп байбалам салып, жазушының
басына әңгір-таяқ ойнатқан кездерде болған. Оның бәрі уақыттың, жалған
идеоогияның, қала берді қызғаныш дертінен туған құбыжық талап екенін
қазіргі уақыттың өзі дәлелдеп берді. Керісінше, бұл романда ұлт тағдыры,
оның болашағының құрдымға жоқ болуға айналғаны сөз болады.
Сусамыр атты роман (1985 ж.) бір қарағанда басынан аяғына дейін
детективтік тақырыпқа құрылған секілді. Машина ұрлап, кісі өлтіру, бандалық
топтар құрастыру. Кәдімгі бүгінде барлығымыз тоқырау уақыты деп жүрген
Кеңес үкіметі кезіндегі көп ешкім айта алмаған қылмысты жағдайларды
әңгімелейді. Кезінде бұл романның жарыққа қалай шыққанына таңданасың.
Алайда соның барлығын жазушы өзінің үстірт көзге ұстатпас әдісімен берген.
Жазушы бұл шығармасында да адами тақырыпты қазық етеді. Бірде тату, бірде
қату жүрген екі құрбы жігіттің жеме-жемге келгенде бір-бірлерін құтқаруға
дайын тұратын ғажайып достықтары баяндалады. Күнделікті тірлікте бірінің
озғанын бірі күндейтін іштарлыққа баратын, іс-қылықтарынан тақастық, тіпті
қаскөйлік көп көрінетін екі жігіттің ауыр сынға кезіккенде әлгі
күйкіліктің бәрін ысырып тастап нағыз адамдық қасиеттерімен көрінгені
оқушы көңілін селт еткізеді. Роман соңында салауатты отау иесі Мерқадам
екі бүйрегі бірдей істемей қалған, өмір бойы өзімен бақас болып келе жатқан
(Моцарт пен Сальери тәрізді) Бозжан есімді ғалым досына өзінің бір бүйрегін
беруге келісімін береді.
Р.Тоқтаровтың тағы бір көлемді туындысы – Таңбалы жарғақтың құпиясы
романы. Бұл романға көшпелі қазақ халқының басынан кешірген үш үлкен тарихи
дәуірі арқау болған. Атап айтсақ – біздің жыл санауымыздың бас кезінен
бастап, кешегі аумалы-төкпелі жиырмасыншы жылдар, одан қалса бүгінгі
қыспаққа тірелген тар заман тірлігі, ұлт болып сақталудан қала бастаған
қорқынышты болашағы әңгімеленеді. Романда Айысбек атты дәрігер альпинист
жігіт тауда жүріп екі жолдасын құтқарып қалу үшін өзінің басын құрбан
етеді. Қазіргі есепшіл, өзімшіл заманда бұл мүмкін бе? Айысбек үй-ішілік,
қоғамдық, саяси-әлеуметтік толып жатқан қасіреті бар. Соның бәрі қосылып
ол өзінің жеке бас өміріне түкке тұрмайтын нәрсіздік есебінде қарай
бастайды. Бұл - әрине, жамыраған сан-салалы мол үнді, кең тынысты романның
бір ғана компоненті болуға тиіс. Шығармада бұдан басқа да қала, дала
тіршілігі, уақыт, заман жөніндегі толып жатқан философиялық тұжырымдар, шым-
шытырық сюжет иерімдері, астарлы әлеуметтік көріністері толып жатыр.
Романның тақырыптарының өзінде қаншама астарлы сыр бар: Жұмбақ жалын,
Перғауын-Рақай, Уилисс, Жетім немере, Ұлы Хұнзақ... боп кете
береді. Міне, осы тараулардың әрқайсысы жекелеген кейіпкерлердің тағдырына
арналған, әр тарау жеке шығармадай оқылады. Бірақ бірімен-бірі үзілмес
таспамен байланыстырылып қойған тағдырлар қамшының өріміндей бір арқауға
өріліп, үлкен шығарманың бір тұтас сүйегін құрады.
Бұл роман қала өміріне, анығырақ айтсақ, бүгінгі қала зиялыларының
тұрмыс-тіршілігіне арналған. Қала жазушыларын өмірді білмейді, бәрі орталық
қала Алматыда топтасқан, қырда, өз кейіпкерлерінің ортасында тұрып,
солардың тынысымен тыныстауды ойламайды деп жазғырушылар көп-ақ. Шынында,
қазақ жазушыларының дені қалада тұрады. Бұл жағдайдың, әрине, біздегі
кітап баспасы жұмысын ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетімсіздіктерге
байланысты екені дау туғызбайды.
Сөйте тұра, жазушыларымыз түгелге жуық қала тұрғыны десек те, қала
өмірі жайлы ауыз толтырып айтарлық қомақты шығармалар дүниеге келді ме? Әй,
қайдам, келмеген сияқты. Шағын әңгіме, повестер баршылық, бірақ олардың
қазақ әдебиетінің табысы деп айтарлықтай көп ешқайсысын бөліп ала
алмаймыз.
Кітаптың алғашқы бетінен қайнаған қала өмірінің ұңғыл-шұңғылына күмп
береміз. Міне, Гүлжазира атты әйел өз үйінен өзі орын таппағандай қатты
мазасыздыққа ұшырайды. Бұлардікіне қарама-қарсы орналасқан екінші үйдің
жетінші қабатындағы бір терезеден біреудің тұлғасын, қимыл-қозғалысын
байқаған сайын жүрегі алабұртып, өзін қоярға жер таппайды. Мәселе сыры
бара-бара ашылады. Гүлжазира қаладағы екі көзі бірдей зағип болып қалған
Ұлысбек деген археолог ғалымның әйелі екен. Ұлысбектің көзіне енді-енді
қаланың ең бір білімді дәрігері операция жасамақшы. Міне, осы операция
қарсаңындағы аз ғана күн өзі ғалым, өзі тым сезімтал Ұлысбек үшін өте
бір ауыр жағдайда өтеді. Енді қайтсін? Екі көзге бірдей пышақ тигізу оңай
ма, Ұлысбек жазатайым о дүниелік болып кетуі де мүмкін, тағдыр одан сәл
жеңіліне салса, көрсоқырлық мұның маңдайына біржола байлануы да ғажап
емес. Ал ең жақсысы екі көздің шырадай жанып, бұрынғы қалпына келуі ғой.
Бірақ, тағдыр тауқыметін көп тартқан Ұлысбек одан көп үміттенбейді де.
Себебі, Ұлысбектің өз топшылауынша, айнала дүниенің бәрі оған қарсы қара
мылтығын кезеп тұрғандай. Бұл Ұлысбектің әсерленгіш табиғатына, ғылым
адамы ретінде өз қиялынан туған ауру адамға тән елестер емес. Нақты
өмірдің өзі ащы дәмін күнде бір татқызып, бұның ішкі дүниесін сондай бір
қараңғылыққа қарай ыңғайлай береді. Бірақ, бұған қарап Ұлысбекті орыс
және басқа да шетелдік классикалық әдебиеттерде көп кездесетін ой азабын
шегуші сарыуайымшыл кейіпкерлердің қатарына жатқыза алмайсың. Ұлысбектің
көңіл көзі ашық, сөзі жарқын, қазіргі халі соншама мүшкіл дегенмен, бұл
ғарып жанға мүлде ұқсамайды. Мұны өз әйелі Гүлжазирамен базыналасқан
әңгімелері үстінде анық байқаймыз.
- Сен ғой, археолог боламын деп адамның ойында жоқты шығарып жүрген.
Әйтпесе, бәрі туған жерге жете ме? Керекуге барған сайын бір жасап қаласың.
Ауасы қандай, шіркін! Жұтсаң тоймайсың.
- Ол күндерді мен де сағындым. Жастығын, өткенін сағынбайтын кім бар?
– деді Ұлысбек әйелінің басын иығына өзі сүйеп отырып. – Бірақ өткен
қайтып келмейді. Қайтып келсе шошынып қашар едім.
- Неге?
- Өткен келмейді. Өткен келсе, өлген де бірге тірілер еді ғой. Оны
ойлағанда – талай өкініш, реніштер, тізе ауыртқан сүріністер болды.
Соның бәрін қайта бастан кешіру оңай ма екен? – Ұлысбек әйелінің
көңірсіген шашына иіскеді. - Майданда ғана қан төкпейді адам. Өмірдің өзі
– қантөгіс. Ашу, қайрат, еңбек, махаббат - бәрі де ет жүректен ақтарылған
қанның күшімен жүзеге асады. Бастағы ми, бүкіл тіршілік қанмен
азықтанады.
- Қаны бұзылған дейді. Ол не сөз?
- Ә, міне жақсы айттың, – деді Ұлысбек серпіле отырып. – Ішкен-жеген
бұйырған дегенді місе тұтатын адамдар болады. Харам тірлік қой ол.
Кісі өлтіретіндер солардан шығады. Сенің Мүкібайыңды... – Гүлжазира иығына
сүйеп отырған басын тартып алды. – Кешір, кешір! Ол жүгірмекті аздырған
осы, қарын мұңын ғана ойлайтыны [16,479]. Гүлжазира демекші, ол Ұлысбек
үшін үлкен жаманаттың, тіпті қасіреттің қайнар көзіне айналған. Ұлысбек
ғылым адамы, бүкіл өмірін соған арнамақ пиғылы о бастан әйгілі,
күнделікті дүние-әуи тірліктегі кедергілерді мұның да жеңуі керек.
Жеңе алмаса оның өзі құрдымға кетіп жоқ болады.
Міне, осындай жағдайда Ұлысбектің сезгірлігі, байсалдылығы адамның
жағасын ұстатарлықтай. Соған қатысты беттерді оқығанда кітап мазмұны
өзінің ішкі қойнауына қарай оқушыны еріксіз тартып әкетеді-ақ. Ал,
Гүлжазира не қылығымен зағип күйеуіне кезмайыс келіп жүр? Романның
алғашқы беттерінде бұл әйелдің қарсы үйдің жетінші қабатындағы бір
пәтердің терезесінен көрген адамы осы Мүлкібай еді.
Ия, Мүлкібай! Бұл - осынау үлкен шығарманың төрт құбыласының бірі
іспеттес, барынша толымды шыққан орталық кейіпкер. Бұл Ұлысбеккке де,
оның әйелі Гүлжазираға да бала кезінен таныс Мүлкібай. Бүгінде үлкен
мекеменің бастығы, жалғанды жалпағынан басып жүрген заман еркесі, әйел
біткеннің көзінің құрты, көңілінің дерті, ішкі дүниесі де біршама бай,
оқығаны мен тоқығаны көп күрделі жан. Жаңағы Гүлжазира да осы
Мүлкібайдың шылауында жүрген адам. Жай жүрген жоқ, ең алдымен оның
нақсүйері, сосын анау-мынау тапсырмасын орындаушы. Қарсы үйдің терезесінен
осы Мүлкібайдың сұлбасын көргенде жаны шығып кете жаздайды. Ертең ғана
өзінің жар қосағының көзіне өте ауыр операция жасалатынын бұл ойлап та
жүрген жоқ. Жай ғана, ойлап жүрген сыңай білдіреді. Ертең әкенің
көзіне пышақ тиеді деп қызы Құралайға ескерткен болады. Бірақ
Гүлжазираның шын есіл-дерті басқада, атап айтқанда, сол Мүлкібайда, осы
тойымсыз еркектің кейінгі жорықтарында.
Ең жаманы - әйелінің осы жағдайын бар мен жоқтың арасында жүрген
соқыр Ұлысбек те біледі. Онысын Гүлжазира екеуара әңгіме үстінде ашық
айтады да. Бала кезінде әке-шешесі берген кәмпитті ышқырына тығып
жасырып жеп жүретін Мүлкібайдан бүгінде ештемені жасырмай-ақ қарпитын
үлкен алпауыт шығыпты.
Міне, осы жағын (жоғарыда келтірілген шағын үзіндіден де көрінген
шығар) Ұлысбек әйеліне қатты ескертеді. Осы тұста Ұлысбекті оқырман ең
бір мүсәпір жан екен деп ойлап қалуы мүмкін. Жазушы өзінің осы
кейіпкерінің ішкі табиғаты мен мүмкіндіктерін, адамдық деңгейін,
психологиялық терең иірімдерін бірте-бірте ашады.
Ең алдымен Мүлкібайдың өзіне келейік. Романда Бернияз атты тағы бір
басты тұлға бар. Алғашқыда оқырман осы Бернияздың да адамдық жаратылысына
қарны ашқандай әсерде қалады. Тек оқиға барысында ғана мәселе сыры
анықталады. Жалпы, Рамазан Тоқтаровтың бұл шығармасында әдебиет
теориясында кейіпкердің эволюциялық дамуын қамтамасыз ету деп келетін
қатаң талапты мұқият орындап шыққанын мойындамасқа амал жоқ. Міне, осы
Бернияз да қанымен, жанымен, бүкіл тағдырымен жаңағы Мүлкібайға қатысы
бар, бейнені өзімен бірге толықтыра түсетін жан деп айта аламыз. Мысалы,
Бернияз да аса зор интеллект иесі, өзі психолог-ғалым, тіпті өз басындағы
тақсыретті де жете бағаламай жүрген адам. Ал, мұны Мүлкібаймен
байланыстыратын нәрсе сол – Мүлкібай осы Бернияздың да әйелінің басын
айналдырып, біржола меншіктеніп алған.
Осыларды тізбектесек, Ұлысбек пен Бернияз барлық жағынан тағдырлас
сияқты. Екеуі де ғалым, екеуінің де жанұя жағдайының көз қызығарлығы жоқ,
екеуі де әйел затынан зәбір-жала шеккендер, әрі екеуі де нақтылы бір адам
– Мүлкібай атты барынша тойымсыз, зинақорлықтың құрбандығына айналғандар.
Бұған қарап, көлемді шығарманың басынан аяғына дейін қатынасатын осы екі
кейіпкерді оқушы шатыстырып алуы да ықтимал-ау дерсің. Шынында, олай емес,
ол екеуі қаншама тағдырлас болғанымен ешкім оларды шатыстырмақ түгіл
ұқсастыра да алмайды. Міне, осыдан жазушы шеберлігі көрінбейді деп кім
дауласар алар екен? Соншама тағдырлас адамдардың әрқайсысын соншама
даралап көрсету үшін қаншама қабілет, қаншама тәжірибе керек десеңші.
Алайда, Мүлкібайдың лаңы мұнымен бітпейді. Романның оқиғасы ширыққан
сайын Мүлкібайдың ісі де ширығады, оның өз басына қауіп төнген кездерде
кесе-көлденеңдейді. Ол қауіптен құтылу үшін Мүлкібай дені сау адамның
басына келмейтін әртүрлі айла-шарғыға барады.
Р.Тоқтаров суреттеген Мүлкібай үлкен ортаның үлкен қаһарманы, үлкен
мұхиттың түйені түгімен жұтатын ақ жайыны, айдаһары десе де артық емес.
Міне, бұдан әрі қарай роман оқиғасы тіптен ширығады.
Енді бірде Әйкенжан мәселесімен шыр-пыр болып жүрген, аздап
қожанасырлығы бар, момын да ақкөңіл, Балалар мен жасөспірімдер театрының
актері Мақбоз осы Әйкенжанмен, яғни оның әке-шешесімен және әлгі
Берниязбен бір подъезде тұратын тағы бір көрші азамат. Енді ол Әйкенжанды
баласымен Бернияздың үйіне әкеп жасырып, ал Бернияздың өзінен масқара
болған қыздың әке-шешесімен сөйлесуді өтінеді. Кемпір-шалға: Бала мына
Мақбоздан екен деп айтуын, сөйтіп мінездері шадыр кемпір-шалды тез
саябырлатуға көмектесуін сұрайды. Бірақ Берниязға баланың Мүлкібайдан
екенін айтады. Бернияздың өз әйелі Фатиманы тартып алған Мүлкібайға
ешқандай кекшілдігі жоқ, бірақ мына Мақбоз айтқан хабардан кейін оған деген
сұрапыл жиіркеніш сезімі оянады. Жазушы шеберлігі сонда – Бернияз
басындағы осы жиіркеніш сезімі кекшілдік емес екені ақ пен қара
бояулардай бір-бірінен оңай ажыратарлықтай етіп берілген. Әрине, бұл
қалам ұстағандардың бәрінің бірдей қолынан келе бермейді.
Қысқасы, Бернияз оқтаулы мылтық алады да Мүлкібайдың үйіне келеді.
Бұрынғы өз әйелі, қазіргі Мүлкібайдың әйелі – Фатиманың көзінше Мүлкібайды
атып салады. Бірақ дәл атпайды, оқты бір құлағынан тигізіп, үй ішінде қанын
судай шашады. Фатима ара түспегенде әрі осы Бернияздың Фатимадан туған,
өзі де әке болып үлгерген Аржан келіп қалмағанда Мүлкібайдың жанын
жаһаннамға жіберіп те үлгеретін еді.
Міне, осы оқиғалар үстінде құлындағыдауысы құраққа шығып, шырқыраған
Мүлкібай, Фатима, жас әке, жас дарын иесі Аржан, Бернияз бейнелері барынша
айқындала түседі.
Алайда, Мүлкібайдың аты – Мүлкібай, әйелі мен өгей баласының көзінше
қаншама бейшаралыққа ұшырағанмен сүңгуір қайықтай бұл шырғалаңнан да оп-
оңай құтылып шығады. Жай құтылып қоймай, осы оқиғаның өзін өзі басын ақтау
үшін де пайдаланып бағады. Арада бірнеше күн өткенде ол Аржанды кафеге
алып барып, балмұздақ алдырып жеп отырғанда: Сенің жасыңда мен де
дүниені аппақ, кір шалмаған күйінде қабылдадым. Жақсы ғой жас дәурен!
Бірақ тым пірәдар, тақуа болу да жарамайды. Ақ-қараны танымайтын кей
ақымақ дүниені сол өзі қабылдаған қалпында таза өткереді, одан не опа
тапты, кәне? Бір-ақ рет өмір сүреміз деген шикі тоғышардың сөзін мен
айтпай-ақ қояйын, әркім өз аспанын өзі тоздырып, өз күнін өзі еңкейтіп
өтуі керек жалғаннан[16,281] - деп небір солақай, бірақ жастың басын
айналдыруға жарайтын қитұрқы пәлсапасын алға тартады. Бірақ, Аржан сөзге
еліктеп кететін адам емес. Ол - ертеректе бөлінісіп кеткен әке-шешесінің
арасында шөре-шөреде жүріп, әрі осы күндерде өзінің де әке атануымен
үйренісе алмағандай көрінгенмен, бүгінгі жастарымызда көп кездесе
бермейтін азаматтық қасиетті бойына молынан сіңірген жас.
Романның үлкен бір бөлігін альпинистер өмірі құрайды. Осы Аржанның
достары – жас дәрігер Айысбек, Қайсар, Ерғазы, тағы басқалар астанамыз
Алматыны көмкеріп тұрған Іле Алатауының шыңдарын алушы альпенистер
арасында қоян-қолтық араласып жүр. Мұнда өмірде болған оқиғаның негізінде
жасалған жас дәрігер, альпенист Айысбектің бейнесі ерекше көз тартады.
Жалпы роман көлемінің үштен бір бөлігі осы альпинистер өміріне арналған.
Іле Алатауының таңғажайып ақбас шыңдарын суреттегенде сол шыңдардай сұлу да
пәк, жастардың ерлікке толы іс-қимылдары көз сүйсінтеді. Альпинизммен жас
уақытында өзі де тікелей шұғылданған автор олардың тіршілігіндегі
романтикалық, әрі тым қарапайым күйбең-сүйбеңнен тұратын ерекшеліктерде
үлкен ыждаһаттықпен тірнектей ашып отырады. Аңызға бергісіз жұмбақ (Қара
альпинист тарауы) оқиғалар да болып жатады. Сірә, автор төменде газ бен
шаң басқан қала ішіндегі Мүлкібайлардың тұрмысы мен жоғары саф таза ауада
кербез ақбас шыңдармен тайталасушы ережүрек жастардың тіршілігін қатар
өрбітіп, жасампаздық пен бүлдірушіліктің өзара бәсеке жарысын көрсетуді
мақсат еткен. Ол мақсатына сөөзсіз қол жеткізген деп айта аламыз.
Жалындаған жас Айысбек шыңға өрмелеу үстінде өзінің екі жолдасын тура келе
жатқан ажалдан аман сақтап қалу үшін өзін құрбандыққа шалып таудан құлап
өледі. Алматыда бір жас өзін жанын құрбан етіп екі адамды аман алып қалса,
бұл Мүлкібай – екі адамның қазасына өзі себепкер болыпты. Дәл осы тұста
Мүлкібай өзінің жеңлісін, өзінің мүсәпірлігін еріксіз мойындайды.
Әдебиет – халықтың көкейкесті арманынан шығып отырғанда ғана оның
рухани қажет мүлкіне ғана айналады. Осы тұрғыдан алып қарағанда Рамазан
Тоқтаровтың Таңбалы жарғақтың құпиясы атты осы романы оның қалам ұшынан
жаралған қымбат қазынасы әрі бүкіл шығармашылық еңбегінің биік шоқысы. Бұл
– бүгінгі шындыққа шөліркеген оқушысын табатын құнды кітап. Рамазан
Тоқтаровтың бұл романы ой-өрісі жоғары, талғамы зор, өз халқының өткенін,
бүгінін, болашағын болжай алатын, соған тарыдай болса да өз тарапынан үлес
қоссам дейтін абзал жүректілерге арналған аса қарымды туынды. Адам
жаратылысымен жараспайтын, жұрт көзінен таса әділетсіздіктерді әшкерелеу
парызын жете сезінген жазушы қашан да алдымен осындай дерттің жолын кесу
күресінен көрінуі керек десек, сол ойымыздан шыққан жазушы Рамазан
Тоқтаров та, әдебиетімізге азды-көпті жаңалық әкелген роман – Таңбалы
жарғақтың құпиясы деп жазады әдебиетші ғалым М.Хамзин [17,15].
Рамазан Тоқтаров Жұлдыз сәулесі, Дегелең соғысы, Терістік
шұғыласы атты повестер, екі жинақ көлемінде әңгімелер де жазып, жариялады,
бұл ретте оның Ертіс мұхитқа құяды атты романын жазу үстінде Ертістің
мұхитқа құятын сағасын көру үшін Ямал түбегіне барып, сол жақтан аса
қызықты, этнографиялық жоспарда жазылған Терістік шұғыласы атты хиқаятын
айтсақ та жеткілікті шығар.
2001 жылдан бастап Жұлдыз журналында Р.Тоқтаровтың соңғы романы
Бітеу жара жарияланып тұрды. Шығарманың ауқымы роман-естеліктен
әлдеқайда кең. Ол – роман-толғаныс, роман-эссе, А.Камюдің Сизиф туралы
миф, Ж.П.Сартрдың Сөздерін еске түсіретін туынды. А.Камюде ой-байламдар
ғана орын тепсе, Ж.П.Сартрде оқиғалық сілемдер араласып отырады.
Р.Тоқтаров өз дүниесін әрі жан сыры, әрі ой сыры, әрі іс-әрекет сыры
ретінде модернистік прозадағы сана ағымы түріндегі еркін композиция
поэтикасына құрған.
Адамзат тіршілігі пайда болуын Алатауға қарап тұрып, осы төңіректегі
табиғи өзгерістерден соң динозаврлардың жойылуымен сабақтастыратын автор –
баяндаушы өмірдегі ілгерілеу теориясынан безіне қашпайды. Бейдауа дерт
күдігінің шырмауында жүрсе де, бітінен ызғары кетпес ажал сағатының әрбір
секундтары үшін күреске түседі. Өзін құтқару үшін шығармашылыққа түгелдей
берілгенін мәлімдеген Ж.П.Сартр сияқты Р.Тоқтаров та азды-кем ғұмырының
соңғы күндерін жазуға арнайды. Бірақ бұл жазу - ерекше жазу, өзін де,
басқаны да аямастай көңілмен, ертең не пікір балалайтынына мойын
бұрмастан, бір Алла, болашақ алдындағы жауапкершілікке ғана сенген ниетпен,
ашық пейілмен ақтарыла сөйлейді.
Тау мен тасты су, адамзатты сөз бұзады дейді қазақ. Жоқ, адамзатты
бұзатын – бақай есеп. Шіркін-ай, бақай есебі жоқ бір адамды көрсем, соның
құлы болар едім. Қандай керемет ақылды, арлы, саналы жан болсын, өзінің
бір керегін көздеп, сол үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргенін көрсем,
іріген сүттей айнып қала беремін.
Қырық төрт жасында өлген Спиноза өзінің соңғы, атақты еңбегі –
Этикасына есімін де бергісі келмеген. Өйткені ол ет пен сүйектен
жаралған жеке пенденің емес, адамзаттық жарық дүниеге сыйлаған тұлғалы бір
ісі деп білген - дейді жазушы. Осылайша ол көпшілігімізді біз ақтауға
тырысатын ұят қыспағына салады. Біз сақтап қалатын – тағы да қарама-
қайшылықтардың бірлігі туралы заң. Адам да, қоғам да, күнәһарлықтан ада
емес. Қалай тазарамыз, қалай жетілеміз? Сөйтіп, Р.Тоқтаров ақиқаттың
астарына үңіледі. Бұл – қаламгер талантты ғана емес, көркем сөз өнерінің
сиқырлы сандықшада жасырған түпкілікті тілегі. Бұл – ғылым мен әдебиет
атаулының алдына қойған арман-мұраты.
ІІ ТАРАУ
АБАЙДЫҢ ЖҰМБАҒЫ РОМАНЫ
2.1. Романның құрылымы және кейіпкерлер жүйесі
Қазақ әдебиетіне алуан тақырыптағы кесек романдар берген Рамазан
Тоқтаров өзінің Абай туралы үлкен туындысын роман-хамса деп атапты. Бұл –
жаңалық. Қазақ әдебиетінде роман сынды күрделі жанрдың неше түрлі үлгісі
бар. Екі томдық дилогия, үш томдық трилогия, төрт томдық эпопея бізге
бұрыннан таныс болатын. Р.Тоқтаров болса, қазақ әдебиетіне бес кітаптан
тұратын кесек туынды ұсынған. Оған жоғарыда айтқанымыздай, роман-хамса
деген айдар таққан. Екінші жаңалығы – бұл шығарма өзге емес, ұлы Абай
туралы. Міне, осы тұста оқырманға түрлі-түрлі ой әкелетін мәселелер бар.
Бізде Абай өмірінен жазылған ұлы классигіміз Мұхтар Әуезовтің әлемге
әйгілі эпопеясы бар екені баршаға аян. Сол еңбегі арқылы М.Әуезов өзін де,
Абайды да бүкіл дүние жүзіне танытты. Осы шығарма арқылы біздің бәріміздің
жадымызда қалыптасқан ұлы ақынның бедерлі бейнесі қалды.
Ендеше бұл хамсаның жазылуы, жариялануы дұрыс па еді? Бақсақ, әбден
дұрыс екен. Ол турасында шығарманың прологындағы автордың бірсыпыра дәйекті
дәлелдерінің біреуін ғана келтірейік.
“Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының мерейі үстем
Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас”[18,8], - дейді ол романға
жазған кіріспесінде.
Енді осы тұжырымды біз де өзімізше таратып көрейік.
Абай қазақ үшін ұлы ұстаз, кемеңгер ақын, данышпан ойшыл. Халқымыздың
рухани көсемі. Оның өзі де, сөзі де, өсиеті де мәңгілік. Қазақ қазақ болып
тұрғанда, Абай аты өшпейді. Абай сөзі өлмейді. Абай – тұтастай бір ұлттың
ұлы мақтанышы.
Бірақ заман өзгереді. Оның ғылым-білімі, ой-санасы, өмір салты өседі.
Жаңа сапаға көшеді, жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, жаңағы Тоқтаровша
айтқанда, әрдайым мерейі үстем болып қала беретін Абайы да өзгеруі керек
қой.
Тіпті Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, өзгерген қазақтың оны
ұғынуы, түсінуі жаңаша болмай ма? Демек, Абай оларға әрдайым жаңа бір
қырларынан ашылуы, біздің Абайымыз, мәңгілік Абайымыз, әр заманда оның
өзіндік төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан болса керек.
Роман-хамсада Әуезовпен бәсекелесу де, оны қайталау да, әсіресе
Әуезовті қайта қарау әрекеттері де атымен жоқ. Мұнда үлкен өмірдің біз
білетін-білмейтін өзгеше бір қырларын ашу, өзгеше бір деректерін діттеу,
өзгеше бір оқиғаларын баяндау, соларды келістіре суреттеу арқылы бұрын
білетін Абайдың бұған дейін білмей келген жаңа бір бейнесін мүсіндеп шыққан
көркем хикая бар. Соның барлық өткелегінен өтіп келгенде, біз жарық дүниеге
шыр етіп келген сәби күнінен бастап бақиға аттанған қайғылы сағатына
дейінгі 59 жыл өміріне түп-түгел куә болып, көз алдымызға таныс Абайдың
бұрын өзіміз көрмеген бейтаныс әулие бейнесін елестетеміз -деп жазады бұл
шығарма туралы Ж.Ысмағұлов [19,5].
Роман-хамса әрқайсысы өз өрісімен дамып, өзгеше тынысын тауып отыратын
бес бөлімнен, яғни бес кітаптан тұрады. Әрқайсысының дем-тынысы өзінде, бас-
аяғы бүтін дербес хикая. Олардағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі
кейіпкерлері кітап тақырыбының астында жақшаға алып көрсетілген:
1. Толғақ (Кенесары – Құнанбай – Қодар).
2. Жұлдыз құрбандық (Шоқан, Достоевский, Құдайберді).
3. Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім).
4. Хақиқат мекені (Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Дологополов).
5. Нұрсипат (Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, Мағауия).
Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ өзек те,
ондағы адамдардың бірімен-бірін байланыстырып отыратын дәнекер де, оларды
бір кітаптан екінші кітапқа ауыстырып отыратын өткел де – Абай, соның
өмірі.
Жақша ішінде аты аталған адамдардың бәрі де тарихи тұлғалар. Олардың
бірсыпырасы, қалың оқырманға мәлім, Абайдан бұрынырақ өмір сүрген, яғни
өмірге одан ертерек келген. Бірақ, ескінің көзіндей болып Абай заманына
дейін жеткен солардың әрқайсысында, олардың ісі мен сөзінде алдыңғы
заманның, яғни ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың жаңғырығы бар.
Ал, қалғандары болса Абайдың өз тұстастары, ғасырдың екінші жартысында
жасаған, сол кезеңнің өз өкілдері. Сөйтіп, бұл роман-хамсада Абайдың өзі
өмір кешкен соңғы елу жыл ғана емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем-тынысы бар.
Әрине, осынау шағын мақаланың аясында кітаптағы Абай өмірін толығынан
таратып айтып шығу еш мүмкін емес.
Сондықтан да біздің бір ғана жайтқа, Шоқан мен Абайдың кездесуіне ғана
тоқталып өткеніміз жөн шығар. Өткен ғасырдағы үш алыбымыз, үш арысымыз
Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуінің жас шамасы деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ
даласының бір өңірінде туып, бірін-бірі көрмей-білмей кеткені біз үшін
орны толмайтын өкініш еді. Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі
маңдайымызға жазып тұрып, таңдайымызға татырмаған, құдайдың өзі беріп
тұрып, пешенемізге бұйырмай кеткен сыбағамыз деуге де болады. Әсіресе, бірі
қазіргі Қостанай облысының жерінде, бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің
арасында туып, бірімен-бірі кездесе алмаған Ыбырай мен Шоқан, немесе
Семейдің топырағын қатар басып жүріп, бірін-бірі сырттай ести жүріп жүздесе
алмаған Шоқан мен Абай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің аузымыздан
жырылып түскен несібеміз еді.
Рамазан Тоқтаров өзінің осы романында әлгі оқпандай олқылықтың бір
қуысын толтыруға әрекет жасапты.
Ол Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. Алғашында кадет
корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен бірге Құнанбай ауылына келеді.
Сонда алғыр дарыны мен зерек зейінін аңғарған он жасар Абайды ұнатып қалып,
келесі жылы Семей медресесіне әдейі іздеп барады. Қасында досы Достоевский
бар. Үшінші жолы Шоқан Атбасарда болыс сайлауына түсіп жатқанда Абай
әкесіне еріп барып жүздеседі. Осының үшеуінде де Шоқанның Абайға аңқылдаған
ақ көңілден айтқан ағалық ақылы мен ақ тілегі: оқы, ғылымға тереңдеп сүңгі,
сонда өмірге көзің ашылады. Ақындық өнеріңді дамыта бер, әбден ойланып
барып, қағазға түсіріп жаз, сонда өлмейтін өнерің ұрпақтарға қалады деген
сипатта болады.
Осы ақыл Абайдың бүкіл өмір бойына көкейінде мәңгілік орнап қалған
өсиет сөздері болады да, Шоқанның жарқын бейнесі мұның көз алдында асқан
адамгершіліктің үлгісі ретінде үнемі елес беріп жүреді.
Өмірде кездеспесе де кездесуі әбден мүмкін адамдардың бір-біріне ыстық
ықыласын осылай шындыққа айналдырған жазушы қиялы барынша құрметтеуге
лайық.
Жас Абайға осы үшеуінен кейін қатты әсер еткен бір адам – ел ішінде
Шайхы атанып кеткен Дәулетбай қажы. Ол мұсылманша терең білімді, Шығыс
ғұламалары мен ақындарының мұрасына жетік және сол білгенін халықтың
игілігіне қалтқысыз жұмсап жүрген бір елгезек, жанкешті кісі.
Сол Шайхы ата Абайдың медреседе оқып жүргенде Шығыстың жеті жұлдызын
өзіне пір санап, солардан медет тілеп жазған бір шумақ өлеңінен Шәмсиді
ерекше бөліп алып, сол жайында Абайға көп-көп әңгіме айтады.
Толық ныспысы Шәмсиден Гебризи атанған бұл ғұлама кезінде Жәлелдин
Ұрыми сынды әйгілі ақынды тәрбиелеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz