Жасасын Алаштың жаужүрек ұлтшыл жастары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . 3

1 ХХ-шы ғасырдағы Қазақстан тарихындағы саяси тұлға

1. 1 ХХ ғасырдың басындағы саяси ахуал және қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы . . . 6

1. 2 Смағұл Садуақасовтың өмір тарихы . . . 21

2 ХХ-шы ғасырдағы ұлт-азаттығының жаршысы - Смағұл Садуақасов

2. 1 С. Садуақасов жастар қозғалысының айбынды жетекшісі …… . . . ………. 36

2. 2 C. Садуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі . . . . . …42

2. 3 С. Садуақасов - көрнекті мәдениет қайраткері . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 77

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . 79

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бері әлеуметтік - экономикалық салаларында болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр- сипаты жағынан да мемлекеттегі жаңа саясатты қалыптастыру қажеттігін айқын байқатып отыр. Қазіргі кезеңде, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіріп, дүниежүзілік тарихи дамумен байланысы оның өткен тарихын жан-жақты үйрену мен зерттеудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Белгілі тарихшы Манаш Қозыбаев тарих ғылымындағы келелі проблемаларды талдай келіп, «Ақтандақтар ақиқаты» еңбегінде «Біз тарихи процестерді зерттеу барысында тек жақсылықты, табысты ғана көрсетіп, жіберілген қателіктерге мән бермедік. Социализм құрылысының барысында теп-тегіс жолмен жүрмегеніміз ақиқат. Табысымызды көтере алмай, басымыз айналған кезде болды. Бірақ мұның бәрі социализмнің табиғатынан, социалистік құрылыстың кемшілігінен де орын алғаны белгілі. Қазіргі заман тарихы принципті қатаң ұстанып, тек шындықты халыққа айтуды талап етеді. Осы тұрғыдан тарихшылардың алдында талай алынбаған қамал бар. Тағыда бір жәйт, кемшіліктерді көрсеткенде оларды туғызған себептерді ашып, тарихи принцип, өмір тағылымы тұрғысынан қарастыру керек»- деп жазады. Қазақ халқының басынан өткен ауыртпалықтары тарихымыздың қайшылықтарға толы ауыр кезеңдері деп білеміз. Ендеше сол кезеңді зерттеу бізге тарихи сабақтар беріп қоймай, сонымен қатар біздерге болашақта бағыт-бағдар береді.

Қазақ интеллигенциясының алдынғы қатарлы бөлігі ХХ ғасыр басындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс, бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайының ықпалы мен саяси күрес аренасына көтерілді. Ұлттық зиялы топ қазақ елін отарлық езгіден құтқаруды көздеді, сол мақсат-мүдде жолында саяси күрестің түрлі формаларын меңгере алғандығын байқатты. Арнайы зерттеу объектісі ретінде әлі күнге дейін күн тәртібіне қойылмағаны да бұл тақырыптың тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің бірі екендігін көрсетеді, сондай-ақ зерттеу жұмысын жүргізудің маңыздылығын арттыра түседі.

Елін, жерін жат жұртқа отарлауға бермеймін деген ұранмен қанында, тәнін де пида қылған қазақ зиялылары қақындағы шындық іс бәрінен де қымбат. Олар тәуелсіздік үшін күрескен бүкіл қазақ қауымы ежелден еркіндік аңсаған ел екенін танытып келеді. Сол қилы кезеңді тарих қазынасына айналдырды.

Қоғамдық құрылымдарды түбірімен қопарған ұлы төңкерістер өзінің жаңа қайраткерлерін тарих сахынасына әкелді. «Әскери коммунизм» мен «жаңа экономикалық саясаттың» арасындағы саяси қысылтаяң тұста қазақ зиялыларының ішінен екінші бір алаш ұранды ұлтжанды топ сүзіліп шықты. Олар ұлт-азаттық идеясының ең нәзік әрі тауқыметті кезеңіне тап келген заманына лайық «тар жол, тайғақ кешуді» таңдап алды. Кейінгі тағдырлары ары қарай қалыптасқанымен де, өзінің тарихи қалыптасу кезеңіне орай іріктелген бұл топтағылар жаңа жағдайға байланысты өмірдің өзі тудырған саяси күрестің қайраткері деңгейіне көтерілді. Өз орталарында да ішінара пікір қайшылығы қылаң бергенімен де, түпкі нысаналары бір арнаға сайды.

Зерттеудің негізгі нысаны. Тарихымыздың төрінен орын алатын жастар қозғалысының айбынды жетекшісі, көрнекті мәдениет, мемлекет қайраткері Смағұл Садуақасұлы. Аумалы-төкпелі заман қойнауындағы тарихи оқиғалар сорабын бағалағанда, қазақтың тағдырындағы ойлы-қырлы белес Смағұл Садуақасұлын ұлт-азаттық жаршысы ретінде бағалады. Қазақ халқының тарихындағы ірі тұлға, ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттығының жаршысы, қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіру, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген Смағұл Садуақасұлы тарихтан өз тұғырын иелене алады. Сондықтан ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеліп келе жатқан Смағұл Садуақасұлының қазақ тарихында алатын орны өзекті мәселе болып табылады.

Дербес елдің әлі де қарыштап дамуы тарихи шындықты мейлінше тереңдетіп зерттеуді, халқымыздың өзіндік жолы бар тарихын жаңа табылған деректерге сүйеніп зерттеуді талап етеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. ХХ-шы ғасырдағы ұлт-азаттығының жаршысы - Смағұл Садуақасұлының әлі де кеңейтіліп көрсетілмеген ұлт- азаттық идеясын, мемлекет және жастар қозғалысының айбынды жетекшісі ретіндегі бейнесін, мәдениет қайраткері ретіндегі қасиетін зерттеу, көмескі жақтарын анықтау. Жұмыстың негізінде қазақ тарихынан ерекше орын алатын Смағұл Садуақасұлының жеке тұлғалық қасиетін сипаттауға арнау. Жаңа тарихи көзқарас тұрғысынан қорытып, оның шынай келбеті мен қайталанбас ерекшеліктерін ашып көрсету,

Тақырыптың маңызын тың зерттеулер бойынша ашып көрсету - бұл жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылады:

  • Еліміздің азаттық жаршысы Смағұл Садуақасұлының мемлекет қайраткері ретіндегі тұлғасын ашып көрсету.
  • Ұлттық қарсылық бүгінгі мемлекеттік тәуелсіздігіміз бен ұлттық жаңаруымызға жетер жолдағы еш уақытта өз маңызын жоғалтпайтын тарихи кезең екенін көрсету.
  • Тәуелсіздік үшін күрескен Смағұл Садуақасұлының қазақ тарихында алатын орнын көрсету.
  • Тақырыптың тарихи маңызын талдап, объективті баға беру.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі. Белгілі тарихшы Манаш Қозыбаев тарих ғылымындағы келелі проблемаларды талдай келіп, «Ақтандақтар ақиқаты» еңбегінде «Біз тарихи процестерді зерттеу барысында тек жақсылықты, табысты ғана көрсетіп, жіберілген қателіктерге мән бермедік. Социализм құрылысының барысында теп-тегіс жолмен жүрмегеніміз ақиқат. Табысымызды көтере алмай, басымыз айналған кезде болды. Бірақ мұның бәрі социализмнің табиғатынан, социалистік құрылыстың кемшілігінен де орын алғаны белгілі. Қазіргі заман тарихы принципті қатаң ұстанып, тек шындықты халыққа айтуды талап етеді. Осы тұрғыдан тарихшылардың алдында талай алынбаған қамал бар. Тағыда бір жәйт, кемшіліктерді көрсеткенде оларды туғызған себептерді ашып, тарихи принцип, өмір тағылымы тұрғысынан қарастыру керек»- деп жазады. Қазақ халқының басынан өткен ауыртпалықтары тарихымыздың қайшылықтарға толы ауыр кезеңдері деп білеміз. Ендеше сол кезеңді зерттеу бізге тарихи сабақтар беріп қоймай, сонымен қатар біздерге болашақта бағыт-бағдар береді.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеу жұмысының методологиялық негізін айқындауда, қоғамдық құбылыстар мен үрдістерді зерттеудің бірнеше әдіс-тәсілдері қолданылды. Тарих ғылымында қалыптасқан мәселені, болған оқиғаны зерттеуде нақты фактілер мен дәлелдерді мұрағат және газет-журнал материалдары арқылы салыстыра көрсету басшылыққа алынды. Сонымен бірге зерттеу барысында саралау, талдау және қорыту, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, философиялық, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды.

Негізінде тақырыптың теориялық негіздемесі мен зерттеудің әдістемелік негізгі диплом жұмысында арнайы қарастырылды. Тарихи оқиғаларды немесе саяси жағдайларды баяндауда баспасөз материалдары мен мұрағат құжаттары және ғылыми зерттеу материалдарын салыстыра зерттеу әдісі кең қолданылды.

Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. 1900 жылы туып, 1933 жылы қыршынынан қиылған оның қайраткер түгел өмір жолын қамтиды. Смағұл Садуақасұлы сол шақтағы территориялық айырым бойынша Ақмола облысы, Шарлақ уезі, Қарой болысы, Жарқын ауылында дүниеге келген (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Ұялы елді мекенінің қасындағы сол баяғы Жарқын ауылы) .

Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыста жасалынған тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәні бойынша жүргізілетін арнаулы курстар мен семинар сабақтарын өткізуде пайдалануға болады.

Сонымен бірге зерттеу жұмысының тұжырымдарын Смағұл Садуақасовтың Кеңес дәуіріндегі ұлт мәселесі туралы ой - пікірлері тақырыбындағы дәрісбаяндары мен өсиеттерін ғылыми зерттеу еңбектерінде, оқу құралдары мен оқулықтарда қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Смағұл Садуақасовтың өмір тарихын зерттеу нәтижесінде қорғауға мынадай тұжырымдар ұсынылады;

- ХХ-шы ғасырдағы ұлт-азаттығының жаршысы - Смағұл Садуақасов

- С. Садуақасов жастар қозғалысының айбынды жетекшісі

-C. Садуақасовтың қоғамдық-саяси қызметі қазақ жастары мен қазақстандықтар үшін үлкен қызығушылық тудырады;

Диплом жұмысының құрылымы . Диплом жұмысы екі тараудан тұрады. Бірінші тарау екі бөлімнен тұрады, ал екінші тарауда да үш бөлім қарастырылған. Сонымен қатар жұмыста кіріспе мен қорытынды жазалып, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

  1. ХХ-шы ғасырдағы Қазақстан тарихындағы саяси тұлға

1. 1 ХХ ғасырдың басындағы саяси ахуал және қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси көзқарасының қалыптасуы

Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, оның саяси-әлеуметтік дамуы үшін еліміздің территориясында өмір сүрген түрлі мемлекеттердің тарихына көз жіберіп, оқып-үйренуіміз қажет. Қазақстан жерінде бұған дейін өмір сүрген мемлекеттік құрылымдардың, олар ұстанған саясаттың бүгінгі тәуелсіз республикамызға тікелей қатысы бар. [1, 15] Осы орайда елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» деуінің мәні зор. [2, 237]

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында патшалы Ресейдің әкімшілігі қазақ халқының санасынан тәуелсіз мемлекет құру туралы идеяны өшіру мақсатымен жазалау шараларын бастап, қазақтың құқығын шектейтін заңдар қабылдап, ұлттық көріністің кез-келген түрін жойып отырды. Қазақтар ұлт ретінде өзін-өзі сақтап қалу үшін саяси күреске тартылып, оған белсене араласа отырып, күресті өршітті де. Олар «жергілікті басқару» ісіне, болыс сайлау, партияға кіру, Думаға сайлану сияқты істерге белсене араласты. Бұрын беймәлім болып келген партия құру, кандидат ұсыну, дауыс жинау сияқты саяси әрекеттер қазақ жеріне біртіндеп сіңе бастады. Бұрынғы билердің шешімді сөздері құлаққа ілінбей, оның орнына саяси үгіт, насихат жұмыстары келді. Осының бәрі қазақтардың саяси санасының қалыптасуына әсер етті.

Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың алдындағы саяси талаптар: дін, тіл тазалығын қорғау, оқу-ағарту, ұлттық-салт дәстүрді қолдау, жер дауы, ел дауы болды. Азаттық қозғалысы алға қойған мақсаттары қиын болса да, оның жас қайраткерлері туған халқын саяси күреске тарту үшін бастарын бәйгеге де тікті. Отаршыл шенеуліктердің қудалануына түсіп, жазаға жиі тартылды. Ә. Бөкейханұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы және т. б. да алаш азаматтары ұлт-азаттық қозғалысты саяси күрестің ең жоғары сатысына көтеріп, ең қиын кездерде (Мәселен, 1916 жылғы көтеріліс, азамат соғысы, Кеңес өкіметінің күшпен орнатылуы) қазақ халқын қантөгістерден аман алып шығып, олардың саяси сенімін шыңдап отырды. Қазақ зиялыларының орыс декабристерінен айырмашылығы - қалың бұқара арасынан шыққандығы және олармен тығыз байланыста болғандығы. Сондықтан да олар ел арасындағы саяси ахуалды дөп басып көре білді, соның арқасында діттеген мақсаттарына да жетті.

Орысша оқып білім алған, жер жүзінде болып жатқан түрлі саяси оқиғалардан, Ресейдегі саяси күрестен хабардар алаш азаматтары қазақтарды саяси күреске тартуда ұлттық ерекшеліктеріне қарады. Әр саяси ұран мен мақсаттың халыққа жақын болуы үшін, ұлт армандаған мүддемен астасуына назар аударды. Және оны қолдануға саяси астар берді. Мәселен, бұрын екі рудың екі биінің шешімімен шешілетін жер дауы, енді ауыл, өлке, облыс шеңберінен асып, бүкіл мемлекеттік проблемаға айналды. «Бос жатқан жерлерді» мемлекет меншігіне алуға қарсылық жоғары жаққа саяси талаптар қойылған петиция түрінде ұсынылды. Осындай саяси талап қойылған арыз, шағым, петицияларда патша үкіметінің отаршылдық саясаты сыналса, әрі саяси режимге қарсылықтың түпкі мақсаты - қазақ халқының ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіру болды.

Қазақстандағы саяси күресте (1905-1906, 1912-1914, 1916 жылдардағы) қазақ оқыған азаматтары Қарқаралы петициясы сияқты ұйымдастыру шараларын, құқықтық сауат ашу ісін (жәбірленушінің атынан арыз-шағым жазу), баспасөз бетінде үгіт-насихат жұмысын жүргізу («Айқап», «Абай» журналдары мен «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінің шығуы), мемлекеттік Думаға депутат сайлау, бүкілқазақтық съездер өткізу, конституциялық сипаттағы Алаш бағдарламасының жобасын жасау, мемлекеттік тәуелсіздік идеясын жариялап, Алаш автономиясын құру сияқты саяси күрестің күрделі сатыларынан өтті. [1, 15-17]

ХІХ ғасырдың 90 жылдары мен ХХ ғасырдың басында жәдитшілік ұғымының Қазақстанға енгені белгілі. Жәдитшілік ұғымының қазақ нұсқасы екі асудан тұрады деп есептелінеді. Бірінші асу - 1890-1911 жылдар - үйрену, тәжірибе жинау шағы. Екінші асу - 1911-1920 жылдар - жәдитшілдік кең өріс алып, Алаш қозғалысына ұласу шағы.

Біздің ұғымызша, жәдитшілдік - Ресей империясының мұсылман аймақтарына ортақ, дәстүр мен жаңашылдықтың синтезді құбылысы. Оны өте қарапайым тілге аударсақ, «жаңару», «елдікті сақтау үшін жаңа бағыт ұстау» дегенге саяр еді. Ресей империясының мұсылман халықтары тарихында негізі ортақ жәдитшілдік қозғалысының дамуы біртекті емес. ХХ ғасырдың 10-жылдары Ресей империясының құрамындағы елдердің барлығында дерлік бұл қозғалыс «жадидизм» атауымен дами берді.

Жәдитшілдік - бірыңғай саяси сипаттағы қозғалыс емес, ол - ағарту ісі мен руханиятты тұтастай қамтыған идеялық негізі бар концепция әрі ағым. Концепция болатын себебі, онда дара ағартушылардың ойларына табан тіреген, идея мен тәжірибенің арасын қосқан көзқарастар жүйесі бар. Ал, ағым болуының мәнісі, ол белгілі кезеңде Ресей мұсылмандарын ағартудың бір жолын, бірақ тиімді жолын көрсетті. Алайда, бұл баламасы жалғыз жол емес болатын.

«Жәдит» термині ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір жүзіне шықты. «Жәдид-и» арабтың «жаңа» деген мағына беретін сөзі. ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясын әлемдік озық педагогика тәжірибесіне сәйкес, алғаш рет мұсылман балаларын дыбыс жүйесімен оқытуды қырым-татары, күллі зиялының аузында жүрген ағартушы Исмаил Гаспринский бастайды. Аса зайырлы тәрбие көрген Гаспринский - ұлттық томаға-тұйықтық пен шовинизмнің қай түріне болсын қарсы шыққан тұлға. Ол қашан да тең құқық жағында.

Азаматтық тарихымызды саралап қарағанда, аталған кезең ұлтымыз үшін шешуші уақыттың бірі болғанына көз жеткіземіз. Мұсылмандық Шығыста Абдо Һәм Афғани, Туркияда танзиматтар мен «сервети-фюнуншілдер», Қазанда әл-Маржани мұрагерлері, Қырымда И. Гаспринский қорғаныс үшін соққан имандылық қамалына жалғасқан Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ ағартушыларының қамалы да бой көтерді.

Қазақ арасындағы жәдитшілдік ағым 1890-1911 жылдары үйрену мен тәжірибе жинау кезеңін бастан кешіргенін дәлелдейтін дерек аз емес. Бұл аралықта алаш қауымын дүр сілкіндірген бірнеше ірі уақиғалар болды. Осылардың ішінде патша үкіметі 1891 жылы жариялаған «Дала Ережесі» мен 1907 жылы шығарған «3 июнь Жарлығының» қасіреті алабөтен. «Дала Ережесі» қазақ жерін - қазыналық деп жарияласа, «3 июнь Жарлығының» қазақ секілді ұлттарды Мемлекеттік Думаға сайлану құқығынан айырды. Жер жат жұрттың олжасы болып, құқық аяққа тапталса, момын деген милләттің де ашу-ызасын тудырады. Біле-білген кісі осы кезде неге ұлттық газет-журналдардың шыққанын, не үшін елді ояту мақсатында ағартушылық шығармалардың туғанын түсінер еді. Әлемдік күллі отарланушы жақтың тәжірибесінде осындай оянулар болған. Олардың бұл тұстағы рухани жағының - дінінің, әдебиеті мен мәдениетінің, ойлау жүйесінің - бағыты халықты оятуға, рухты күшейтуге жұмылған.

Алаш тұсында М. Сералин, М. Дулатұлы, Ә. Бөкейханов, Х. Болғанбай т. б. қайраткерлері И. Гаспринскийдің еңбегін жоғары бағалап жазды. «Қазақ» шекпенінен шыққан барша басылымнан осы тұлғаға деген құрметті байқауға болады. [3, 121-130]

Қарапайым арыз-шағым жазып, наразылық білдірумен басталған қазақ даласындағы саяси күрес небір қиын жолдардан өтті. Осы күресте алаш азаматтары халықты оята жүріп, өздері де пісіп-жетіліп, ширады. Қазақстандағы ұлт-азаттық күрес тарихындағы қазақ зиялыларының әр кезеңдегі қызметін былайша саралауға болады:

а) Қазақ даласын шарпыған саяси күрес Қазақстанның әр түкпірінен оқыған зиялы азаматтардың дербес әрекет жасай алатын саяси күштерін қалыптастырды. Ресей империясының озбыр саясатына қарсы көтерілістер пайда болып, оның жетекшілері саяси талаптарын жетілдіре түсіп, ол біртіндеп ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Алаш қозғалысы да осы көтерілістен бастау алды;

ә) Отаршылдыққа қарсы саяси идеялар біртіндеп бүкіл қазақ қоғамына тарады. Бұны патша үкіметінің жергілікті шенеуліктері қалт жібермей бақылап отырса да, оны тоқтата алмады;

б) Ресей патшалығының отаршылдық саясатының күшеюі қазақ халқының наразылығын өршітіп, өшпенділікке ұластырып, тіпті билікке ашық қарсы шығып, оны құлатуға дейін барды. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік саяси идеялар мен бағдарламалар жасау керек болды. Бұндай бағдарламаларды қазақтың оқыған азаматтары жасады. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ қауымының саяси сауатын ашты. [1, 17-18]

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.

Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен, дінінен, ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырылған шаралар жүйесін жүзеге асырды. Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің, елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді:

« . . . Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық . . . оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті керек емес нәрселерге жұмсалады . . . енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдірі) біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға, біздің молаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды».

Қазақ ауылын басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-әміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен бай-шонжарлар өкілдерінің қолында болды.

Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуал, негізінен, аграрлық, ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленді. Қазақстанда осы шиеленістен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылдыққа қарсы бағытталды.

Жұмысшы табының қалыптасуы басталды, жаңа әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар пайда болып, қалаларда майда кәсіпкерлер шоғыры дүниеге келді. Қазақтар арасынан шыққан зиялылардың іс-әрекеті халыққа танылды: олар жалпы ұлттық мүдделерге қызмет етуге бет бұрды. Олар қазақ қауымына тән қоғамдық-саяси қозғалыстың бастауында тұрды.

Басқа сөзбен айтқанда, бұл істің басықасында болған, жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттерінің жаңа сапалы легі жалпыұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Қайта құру кезеңіндегі республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер
Алаш қозғалысының бастау көздері
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиет көрінісі
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында
Батыстағы қазақтың ұлтшыл көсемдері және батыстық елдерде атқарған қызметтері
Қайта құру кезеңіндегі Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz