Психологиялық дайындық сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

I БӨЛІМ. СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ . . . 6

1. 1. Спорттық іс-әрекеттің психологиялық мазмұны . . . 6

1. 2. Боксшының жарысқа қатысу үшін қажет психологиялық

саулығының мазмұны . . . 10

1. 3. Спорттағы боксшылардың эмоционалдық жай-күйінің ерекшеліктері

және психологиялық дайындық жағдайын диагностикалау . . . 25

II БӨЛІМ. СПОРТТЫҚ ІС - ӘРЕКЕТТЕГІ «БОКСШЫЛАРДЫҢ» ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ . . . 41

2. 1. Зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы мен таңдаманың сипаттамасы . . . 41

2. 2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамасы . . . 42

2. 3. Зерттеу нәтижелерінің талдаулары мен интерпретациялары . . . 45

2. 4. Спорттық іс-әрекеттегі «боксшылардың» психологиялық

даярлығы мен денсаулығын қалыптастыруға арналған ұсыныстар . . . 53

Қорытынды . . . 54

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 56

Қосымшалар

Спорт - игілікті іс.

Спортта мінез-құлық қалыптасады.

Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін іс жасамайды.

Жастайынан спортпен айналысқандар бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірибемнен білемін.

Н. Ә. Назарбаев

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Адамның өзінің қозғалысқа қажеттілігін қанағаттандыруға, физикалық қасиеттерін дамытуға ұмтылысы физикалық жаттығуларды біртіндеп қазіргі заманғы спорт түрлеріне трансформациялады. Қозғалыс әрекеттерінің жарыстық сипаты және оларды белгілі бір ережелермен реттеу дәл осымен байланысты. Осылай, физикалық жаттығулар адам әрекетінің жеке түріне - спорттық әрекетке жекеленді, оның өзінің спецификалық ерекшеліктері бар.

Спорт әлеуметтік құбылыс сияқты және адам әрекетінің ерекше түрі ретінде көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Олардың барлығы, сонымен қатар психология спорттық әрекетті өзінің спецификалық міндеттері, өзінің методологиясы позициясынан зерттейді. Адам әрекетінің, сонымен қатар, спорттың кез келген міндетіне психологиялық компонент тән, сондықтан психика жұмысын эффективті ететін психология. Спорттың әр түрі жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және психикалық қасиеттердің белгілі бір қалпын талап етеді, бүгін спортсменнің физикалық дайындығы жоғары деңгейде болғандықтан, жарыста жеңу үшін шешуші фактор психологиялық дайындық болып табылады. Болашақ чемпиондарды табуға көмектесу, қажетті психикалық қалыптың дамуының алғы шарттарын анықтау - спорт психологиясының міндеті.

Спортсмендердің дайындығы әр түрлі бағытта жүреді, бірақ кейде еріктің жетіспегендігінен немесе өзінің эмоцияларын басқара алмағандықтан көп жылдық жаттығулар нәтижесі түкке тұрмауы мүмкін. Жүйелі түрде психодиагностика жүргізіп, психолог жаттығу процесіне белсене қатысса спортсмендердің индивидуалды ерекшеліктерін анықтауға, жеңіске жету үшін қажет психикалық қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту мүмкін болады[21] .

Үлкен спортта жиі танымал спортсмен уникалды мүмкіндіктердің иегері болады, оларды жүзеге асыру үшін оның бүкіл жарыстық әрекеті немесе команда тактикасы негізделеді. Уақытында психика ерекшеліктерін анықтау және әр жаттығушы қабілетінің дамуының индивидуалды жоспарын, жарыс алды және жарыстық жүріс-тұрыс стратегиясын құру - бұл да спорт психологиясының міндетіне жатады.

Уақытында айтылған сөз, пауза, жест және т. б. қажырлы қарсыластардың тағдырын шешкен сияқты спорт тарихында мысалдар көп. Спорттық психологияда мұндай әрекет үшін дуельден қалған арнайы атау бар - секундтау (секундирование) . Сондықтан спорт психологы өзі немесе жаттықтырушы мен командадағы жолдастары көмегімен спортсменнің психикасына кішкентай, бірақ шешуші әсер ете алатын адам.

Кез келген спортсменнің профессионалды карьерасында кризистік жағдай болады, олар әр түрлі себептерден болады: жаттығудағы сәтсіздік, басқа клубқа ауысу, жаттықтырушының ауысуы, жеке өмірінің жағдайына байланысты және т. б. Спорт психологы спортсменге қиындықтарын шешуге көмектеседі және жаңа спорттық жетістіктерге жету үшін күш беретін ситуациядан шығу жолын тауып бере алады.

Зерттеу мақсаты: қазіргі жағдайдағы боксшылардың жарысты сәтті өткізуі үшін қажет психологиялық саулықты қамтамасыз етуді анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

1. Спорт психологиясының теоретикалық-әдіснамалық негіздеріне шолу жасау.

2. Спорттық іс-әрекеттің психологиялық мазмұнын ашып көрсету.

3. Боксшының психологиялық дайындығының ерекшеліктерін ашу және талдау жасау.

4. Спорттағы боксшылардың эмоционалдық жай-күйі мен еріктік әрекетінің мазмұнына сипаттама беру және психологиялық дайындық жағдайын эксперименталдық негізде диагностикалау.

5. Жыл бойы жаттығу процесіндегі психорегуляция рөлін көрсету.

Зерттеудің болжамы: егер боксшының психологиялық дайындығының актуалды бағыттарын және психологиялық саулығын нығайтатын болсақ, онда олардың спорттағы жетістіктері ұлғайып, өз-өзіне деген сенімділігі арта түсер еді.

Зерттеу объектісі: боксшының психологиялық дайындығының актуалды бағыттары және боксшының психологиялық саулығы.

Зерттеу пәні: боксшының психологиялық саулығының жағдайы.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: А. В. Шаболтастың «Спортпен шұғылдану мотивтері» әдістемесі, спортсменнің жарыс алдыңдағы жағдайын анықтау сауалнамасы, Тейлордың аландаушылық сезімін анықтау әдісі. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау, белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; әңгіме жүргізу, сауалнама алу; тәжірибелік - эксперимент жұмысының мәліметтерін сараптап қорытындылау қолданылды.

Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеуден алынған нәтижелерді боксшы мамандығы бойынша спортсмендерді даярлау тәжірибесінде қолдануға өз септігін тигізеді. Спорттық шынықтыру мен психологиялық даярлықты нығайту мәселесіне байланысты жағдайлардың жан- жақты жүзеге асырылуы мен кедергілердің алдын алу мен спорттың белгілі бір түріне деген қызығушылығын арттыру мен қалыптастыру мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады, спорттық психологиялық сауықтыру бағытында жүзеге асырылатын жұмыстар барысында, практикасында қолданылуда спорттық психологияның мәні мен мазмұнын ашады.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы : дипломдық жұмысымыздың мақсатына сәйкес зерттеу нәтижесінде әртүрлі ғылыми әдебиет көздерінен алынған мағлұматтар бойынша жалпы, әлемдік психологияда, жеке алғанда кеңестік және отандық психологияда жазылған психологтар мен педагогтар-дың, сарапшылардың, әдіскерлердің ғылыми еңбектеріне, философиялық қағидаларға, еңбектері мен теорияларына шолу жасалынып талданды.

Зерттеу базасы: Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мекпет интернат және Астана қалалық № 54 толықкүнді «Денсаулық» сақтау мектебі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, тәжірибелік ұсыныстардан және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмысымыздағы зерттеу нәтижелері туралы мәліметтер көрнекті түрде бейнеленген.

I. БӨЛІМ СПОРТ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ САЛАСЫ РЕТІНДЕ

1. 1 Спорттық іс - әрекеттің психологиялық мазмұны

Cпорт психологиясы адамның жаттығу және жарыс жағдайындағы психикалық әрекет заңдылықтарын қарастырады. Спорт психологиясы психология ғылымының өте жас қолданбалы саласына жатады. ″Спорт психологиясы″ түсінігі қазіргі Олимпиада ойындарының негізін қалаған Пьер де Кубертеннің мақалаларында алғаш кездескен. 1913 жылы Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Лозаннадағы Халықаралық олимпиадалық комитетте өткен спорт психологиясы бойынша арнайы конгрессте ол жеке сала ретінде бөлініп шықты. Осы конгресстен кейін спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 1920 жыл мен 1940 жылдар аралығында олардың зерттеу жұмыстары Германия, АҚШ және басқа мемлекеттерде белсенді жүрді. Бірақ осы кезде спорт психологиясы мәселелері ғылыми жетілмеді[44] .

Спорт психологиясы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды дами бастады. Себебі бүкіл әлемде спорттық жетістіктер күрт өсті және спорт мәртебесі көтерілді. Бұл әсіресе олимпиада ойындарында және әр түрлі спорт түрлері бойынша әлемдік біріншіліктерде байқалды.

1965 жылы Италиядағы спорттық медицина федерациясының инициативасымен Римде спорт психологиясы бойынша конгресс ұйымдастырылды. Халықаралық спорт психологиясы қоғамы пайда болды. Осыдан кейін спорт психологиясы халықаралық қолдауға ие болды. Римдегі конгресстен кейін тағы үшеуі өтті: 1968 жылы Вашингтонда, 1973 жылы Мадридте және 1977 жылы Прагада. 1970 жылдан бастап “Международный журнал психологии спорта” атты журнал басылымға шықты.

Халықаралық спорт психологиясы қоғамы құрылғаннан кейін спорт психологиясының аймақтық одақтары құрылды. 1967 жылы спорт психологиясының солтүсті камерикалық одағы, 1969 жылы спорт психологиясының Еуропалық ассациациасы құрылды. Кейін спорт психологиясының ұлттық ұйымдары Канадада, Жапонияда, Германияда, Англияда, Францияда, Бразилияда, Австралияда, және басқа мемлекеттерде құрылды.

Спорт психологиясы бойынша баяндамалар ХVIII және ХХ Халықаралық психихологиялық конгресстер, 1972 жылы Мюнхендегі Олимпиадалық ғылыми конгресс және 1974 жылы Мәскеуде өткен “Қазіргі заманғы қоғамдағы спорт” атты әлемдік конгресс бағдарламасының мазмұнында бар.

Қазіргі заманда әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде[28] .

Ресей психологиясының тарихында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының пайда болған уақыты деп алғашқы ғылыми жұмыстардың шыққан мерзімін атауға болады. Ең алғашқы деп 1925−1926 жылдары психология кафедрасының профессорлары П. А. Рудиктің (“Влияние мускульной работы на процесс реакций”, “Иследование реакции в применении к оснавным вопросам физической культуры”) және Т. Р. Никитиннің (“Значение внушения и подражания в деле физического воспитания”) зерттеулерін айтуға болады.

1927 жылы Мәскеуде алғашқы рет, кейін 1930 жылы профессор А. П. Нечаевтің “Психология физической культуры” атты монографиясы қайта басылып шықты. Осы жылы А. Ц. Пунидің шаңғымен жарыс, үстел теннисі бойынша және басқа жарыстардың спортсменнің психикалық сферасына әсерін зерттеуге арналған жұмыстары және Украиналық психоневрологиялық институттың профессоры З. И. Чучмаревтің мектептегі дене шынықтыру сабағының оқушының интеллектуалдық қызметіне әсері және олардың өзін−өзі басқара алуы жайлы жұмыстары баспаға шықты. 1930 жылы П. Ф. Лесгафт атындағы институттың психология кафедрасында физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясының мәселелері қарастырыла бастады. 30−шы жылдардың ортасында спорт психологиясы студенттердің психология курсына енгізілді. Алғашқы “Спорт психологиясы” арнайы курстың бағдарламасы жасалды.

Соғыс жылдарынан кейін спорт психологиясы өте қарқын дамыды. Осы уақытта ғылыми зерттеулер базасы кеңейді. Оған дене шынықтыру институтының педагогика және психология кафедралары қатысты. Қарастыратын мәселелері де көбейді. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағытына: спортсмен және тренердің тұлға психологиясы, спорттық іс әрекеттің психологиялық ерекшеліктері, спортта тәрбиелеу және оқытудың психология-лық негізі жатты. Сонымен қатар спорттық жарыстың психологиялық аспектілері, спортсменді жарысқа дайындаудың психологиялық негізі, спортсмендердің жарысқа дейінгі, жарыстағы және кейінгі жағдайы мен іс әрекетін реттеуі және өзін−өзі реттеуі қарастырылды.

1952 жылы Психология Институтында А. Ц. Пуни “Спорт психологиясы” тақырыбына алғашқы докторлық диссертациясын қорғады. Кейін спорт психологиясы бойынша О. А. Черникованың, А. Ц. Пунидің, В. Г. Норакидзенің, С. Ч. Геллерштейннің, Г. М. Гагаеваның, А. В. Родионованың, Н. А. Худадова-ның, А. А. Лалаяның және тағы да басқалардың монографиялары шықты. Спорт психологиясы бойынша еңбек жинақтары басылымға шыға бастады.

Физикалық тәрбиелеу және спорт психологиясы психологиялық ғылымның арнайы саласы ретінде психологиядан Бүкілодақтық кеңестер бағдарламасына, кейін КСРО психологтар қоғамының Бүкілодақтық съезінің бағдарламасына енді.

Физикалық тәрбие және спорт психологиясының соғыстан кейінгі дамуы оның практикаға жақындауымен мінезделеді. 1948 жылы дене шынықтыру және спорт комитетінің ғылыми−әдістемелік кеңесінде спорт психологиясы бойынша комиссия құрылды. Ол кеңестік спорт психологтарының басын қосқан орган болды. 1987 жылының мамыр айында КСРО−да алғашқы спорт психологиясының Федерациясы құрылды[41] .

Спорт психологиясының негізгі мақсаты − спортсмендерде және спорттық шеберлік және сапалық командаларында жарыстарға қатысу үшін қажет психологиялық заңдылықтардың қалыптасуын анықтау, сонымен қатар психологиялық негізделген жаттығу әдістері мен жарысқа дайындықты өндеу. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

1. Спорттық іс әрекеттің спортсмен психикасына әсерін зерттеу.

- жарыстың психологиялық анализі;

- жарыстың спортсменге әсер етуінің сипатын анықтау;

- жарыстың спортсменнің психикасына қоятын талаптарын анықтау;

- жарысты сәтті өткізу үшін қажетті адамгершілік, еріктік және басқа психологиялық сапалардың жиынтығын анықтау;

- жаттықтыру әрекеті жағдайына психологиялық анализ жасау;

2. Спорттық жаттығулардың тиімділігін арттыру үшін психологиялық жағдайларды жетілдіру. Спорт психологиясы спорттық шеберліктің жетілуінің механизмдері мен заңдылықтарын қарастырады.

Бұның бәрі психологтан мыналарды талап етеді:

а) спорттық жаттығулардың әдіс−тәсілдерін психологиялық негіздеу;

б) психикалық функцияны дамыту арқылы және жаттығудың аппараттық әдісін жасау арқылы спортсмен организмінің барлық мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру;

в) спорттың жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдісін, әлеуметтік құрылым және спорттық команданың психологиялық ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу;

г) жаттығу жағдайында жарыстық жағдайды ғылыми негізделген модельдеу әдісін өңдеу;

3. Спортсмендердің жарыс алдыңдағы дайындықтарының психологиялық негізін жетілдіру. Қазіргі уақытта спортсменнің жарыс алдыңдағы дайындығының мазмұны мен сипаты түбірімен өзгерген. Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда[42] .

Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болуда. Сондай - ақ психихологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортсменді психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс - тәсілдері өңдеу - спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:

а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу:

б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу:

в) психопрофилактиканы дамыту, спортсменді шынықтырудың психо-логиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру[50] .

Спорт психологиясының пәні- әр түрлі спорттық әрекеттің және спортсмен тұлғасының психологиялық ерекшеліктері. Қазіргі заманғы қоғамда спорт үлкен орын алады. Ол адамның жан жақты физикалық дамуын ғана қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, онда моральді еріктік қасиеттерді тәрбиелейді.

Спорт түрлері алуан, бірақ оның бәрі спорттық жарыстарда және жүйелік жаттығуларда қатысуды талап етеді. Спорттық жаттығулардың тиімді әдістерін өңдеу үшін біріншіден, спорттық әрекетке тән заңдылықтар мен ерекшеліктерді, екіншіден, осы әрекеттің субъектісі ретінде спортсмен тұлғасын зерттеу керек. Басқа ғылымдар сияқты спорт психологиясы спорттық әрекеттің маңызды жақтарына анализ береді және көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі.

Спорт психологиясы − спорттық әрекет жағдайында адамның психикасының заңдылықтарын, дамуын, көрінісін зерттейтін психологиялық ғылым саласы. Спорттық әрекеттің адамның басқа әрекеттерінен қандай айырмашылығы бар? Спорт спецификасы − жарыстарда жеңіске жету мақсатымен өзін күнделікті физикалық және психикалық жүктемеге салуға мүмкініндік беретін жоғары мотивацияда, осы мотивация арқасында спорт адамның мүмкіндіктерінің табиғи лабораториясына айналды. Спорт психологиясы жарыс және жаттығу жағдайындағы ұжым және жеке адамның психикалық әрекетінің заңдылықтарын зерттейді. Спорт психологиясы өте өзгеше: ол әрекеттің басқа түрлерінен ерекше, бірінішіден, мақсаттарымен, екіншіден, оларға жету әдістері[52] .

Спорт психологиясы еңбек психологиясы, ойын психологиясы, педагогикалық психология сияқты адам әрекетінің нақты түрлерінің спецификасын зерттейтін психология бағыттарының бірі. Ғылымдар жүйесіндегі спорт психологиясының орны екі сипатпен анықталады: психологиялық ғылымдар саласы ретіндегі орны және спорт жайлы ғылымдар жүйесіндегі орнымен.

Психология саласы ретінде спорт психологиясы жаратылыстану, философия, әлеуметтік ғылыми дисциплиналар жүйесінде ортаңғы орынға ие. Жаратылыстану ғылымдары бағытында спорт психологиясы физиологиямен, психофизиологиямен, медицинамен, биологиямен, математикамен, физикамен тығыз байланысты. Әлеуметтік бағытта спорт психологиясы педагогикамен, әлеуметтанумен, мәдениеттанумен тығыз байланысты.

Спорт психологиясы спорт жайлы ғылымдар ретінде физикалық тәрбиелеу теориясы мен методикасымен, спорт гигиенасымен, спорт медицинасымен, спорт биомеханикасымен, кинезиологиямен, спорт метрологиясымен тығыз байланысты. Сонымен қатар спорт психологиясы математиканың, статистиканың, кибернетиканың, электрониканың, модельдеудің әдіс-тәсілдерін қолданады[51] .

1. 2 Боксшының жарысқа қатысу үшін қажет психологиялық саулығының мазмұны

Бокс олимпиадалық спорт түрінің ең бұқаралы түрі. Бокстың үлкен атақтылығы ең алдымен оның көріністілігімен, спорттық күрестің жоғары эмоционалдық қызбалылығымен және спортсменнің психикалық, қозғалғыштық және еріктік қасиеттеріне жан - жақты әсер етуімен түсіндіріледі[31] .

Бокспен айналысу жүйке жүйеге оң әсер етеді. Жүйке жүйесі қызметінің жақсарғаны әсер ету және бағдарлану жылдамдығының артуынан, көп жағдайда қабылдаудың артуынан, зейіннің ауыспалылығынан, салмақтылықтан және олимпиадалық ойындарда бәсекелестік күрес деңгейінің артуы тек қана жан -жақты физикалық физикалық дайындықтың әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етпейді, срнымен қатар спортсменнің психологиялық саулығын жетілдіруді талап етеді[64] .

Боксерлер кезгелген жекпе-жекке тән жоғары психикалық шиеленіс фонында әрекет етеді. Қатты соққы алу қаупі боксты ерекше өткір етеді және спортсменнің психикалық процесінің қасиеті мен жағдайына жоғары талап қояды

Жекпе -жек уақытында боксшы өзінің қарсыласының әрекеті мен ниеті жайлы көп ақпарат алады[62] .

Әйгілі боксшылардың сайысынан олардың жекпе - жек жағдайының барлық ситуацияларын ерекше сезімтал қабылдауларын, дистанция мен уақытты дәл есептеулерін, соққы беру мен қорғану үшін керек сәтті таба білулерін, бұлшықет әрекетін оптималды үйлестіруін және тез әрі нақты тактикалық ойлауларын байқауға болады. Бұл олардың арнайы физикалық қасиеттерінің дамуынан ғана емес, сонымен қатар спорсменнің психологиялық саулығын, яғни, психологиялық дайындығын көрсетеді[11] .

“Психологиялық дайындық” түсінігі.

Әр түрлі, кейде қауіпті қарсыластармен кездесетін көпкүндік қиын әрі ынталы жарыстарды сәтті өткізу үшін босшы тек тактикалық, техникалық мүлтіксіз және физикалық дайындығы жоғары болуы жеткіліксіз, оның психикалық саулығы жоғары деңгейде болуы керек. Боксшының психология-лық дайындығы мыналармен ерекшеленеді. Біріншіден, арнайы қабылдаулар-дың даму деңгейімен: дистанция және соққы беру уақытын сезу, рингте бағдар-лану, реакция жылдамдығы, қарсыласының әрекетін сезе білуі, тактикалық ойлауы, зейіні; екіншіден, спортсменнің психологиялық саулығы[54] .

Спортсмендердің дайындығы әр түрлі бағытта жүреді, бірақ кейде еріктің жетіспегендігінен немесе өзінің эмоцияларын басқара алмағандықтан көп жылдық жаттығулар нәтижесі түкке тұрмауы мүмкін. Жүйелі түрде психодиогностика жүргізіп, психолог жаттығу процесіне белсене қатысса спортсмендердің индивидуалды ерекшеліктерін анықтауға, жеңіске жету үшін қажет психикалық қасиеттерді қалыптастыру мен дамыту мүмкін болады[65] .

Спортсменнің психологиялық саулығы оптималды болғанда, ол өз-өзіне сенімді болады, соңына дейін жетуге және жеңуге талпынады, жарыста қойған мақсатына жету үшін бар күшін жияды, айтарлықтай психикалық тұрақтылығы байқалады. Спортсменнің жарысқа дайындығының элементтерінің көрсетікштеріне талдау жасау барысында Кесте №1 дайындалды.

Кесте 1 Спортсменнің жарысқа дайындығының элементтерінің көрсетікштері

Дайындық элеметтері
Мінездемесі
№:
Дайындық элеметтері: Өз күшіне мүлтіксіз сену
Мінездемесі: Өткен жарыстардың шарттарын ескеріп, қарсыласының күші мен өзінің мүмкіндіктерінің байланысын анықтауға негізделген.
№:
Дайындық элеметтері: Жарыстық мақсатқа, жеңіске жету үшін соңына дейін қажырлы күресуге ұмтылу
Мінездемесі: Cпортсменнің мақсатқа бағыттылығынан, мақсатқа жету үшін соңғы сәтке дейін жарыстық күресті жүргізуге дайындығынан байқалады.
№:
Дайындық элеметтері: Эмоционалды қозудың оптималды деңгейі
Мінездемесі: Эмоционалды қозу жарыстық әрекет жағдайына, спортсменнің индивидуалды - психологиялық ерекшеліктеріне, жарыстың көлемі мен рангіне сәйкес келу керек.
№:
Дайындық элеметтері: Кедергіге қарсы тұра алудың жоғары деңгейі.
Мінездемесі: Сыртқы және ішкі жағымсыз әсерлерге байланысты көрінеді, әр түрлі кедергілерді сезбеуде немесе олардың жағымсыз әсеріне белсенді қарсы түруда байқалады.
№:
Дайындық элеметтері: Өзінің әрекетін, сезімдерін, жүріс-тұрысын ырықты басқара алу мүмкіндігі.
Мінездемесі: Жарыстық жағдайдың кез келген вариативтілігінде спортсмен мақсаттылы шешім қабылдау керек, өзінің әрекеттерін реттеу керек, оларды әріптестерімен үйлестіру керек, өз эмоцияларын басқару және моральды-этикалық нормаларға сәйкес өз жүріс-тұрысын қалыптастыру керек.

Спецификалық психикалық процесстердің даму деңгейі боксшының рингтегі әрекетінен байқалады, көп жағдайда арнайы жаттығулар барысында жетілген спортсменнің табиғи қабілетінің даму жемістігімен анықталады. Боксшының спецификалық психикалық қызметінің жеткіліксіз дамуы немесе басқа сапалармен орнын толтыру нашар болса, (мысалы, қарқыны баяу реакциямен, қозғалыстың жоғары шапшаңдылығымен) дайындық жағдайына кері әсер етеді, себебі спортсменде өз-өзіне сенбеушілік сезімі немесе психикалық тұрақсыздық пайда болады[2] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы психологиялық дайындық
Жаттықтыру сабақтарының түрлері
Тәжірибенің мақсаты
Жарыс кезіндегі боксшының психологиялық дайындығын шыңдау
Спорт жаттықтыруының әдістері
Спорттық жаттығу әдістері
Бастапқы әскери даярлық
Шартты қарсыласпен жаттығу
Дипломалды практика бағдарламасы
Өндірістік практика бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz