Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның атқарымдары


Мазмұны
Кіріспе 8
1. Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің
пайыздық саясатының теориялық сипаттамасы 10
1. 1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні 10
1. 2 Банктік ссудалық пайызы экономикалық категория ретінде 12
1. 3 Несие пайызының экономикалық сипаттамасы және оның
атқарымдары 20
2. «Еуразиялық банк» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне
экономикалық талдау 24
2. 1 «Еуразиялық банк» АҚ-ның даму тарихы мен басқару құрылымы,
банктің негізгі қаржылық көрсеткіштеріне баға беру 24
2. 2 Банктің несиелік қызметі және белгіленген пайыздық
мөлшерлемелері көлемін талдау 35
2. 3 Банктің таза пайыздық табысын талдау 38
2. 4 Ссудалық пайыз бойынша несие операцияларының
тиімділік көрсеткіштеріне баға беру 45
3. Банктің пайыз саясатын оңтайландыру мәселелері 49
3. 1Коммерциялық банкте пайыз саясатын жетілдіру шаралары
жүйесінің баға белгілеу механизміне әсері 49
3. 2 «Еуразиялық банк» АҚ-ның тарифтік саясатын құрудың қағидалары 52
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер тізімі 58
Қосымшалар 60
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемдік қаржы дағдарысы қоғамдық өміріміздің қай саласына болса да өзінің кері әсерін тигізіп жатқаны мәлім.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысының Қазақстанға қатысы тікелей деп айтуға болады. Экономикаға, әсіресе, банк жүйесіне ықпалы, бұрыннан қалыптасқан үрдістердің күбіртіктеуі күн құрғатпай шешетін мәселелерді алға тартып отырғаны сөзсіз. Қаржы дағдарысы АҚШ-та ипотекалық дағдарыстан басталды. Біздің коммерциялық банктер қаржы көзі ретінде АҚШ, Англия, Германия және т. б. кейбір Еуропа елдерін пайдаланған болатын. Ол елдердегі қаржы дағдарысынан, ең алдымен, өтімділік дағдарысының әсерінен, қаржы көздері қазақстандық банктер үшін негізінен жабылды.
Әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан еліміздегі коммерциялық банктер қызметінде оның негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша, несиелеу қызметі халықтың салымдарын қабылдау қызметі, инвестициялық қызметтері аясында көрсеткіштердің төмендеу тенденциясы байқалуды. Осы орайда, коммерциялық банктердің қызметін егжей-тегжейлі зерттеу, банктер қызметін оңтайландыру тұрғысында оның пайыздық саясатын тиімді қалыптастыру мәселелері маңызды болып саналады.
Коммерциялық банктердің пайыз саясатының негізінде белгілі бір экономикалық категория - пайызды қолдану жатар. Пайыздық сандық анықталуы оның мөлшерплемесі, немесе пайыз түрінде төленетін ақша қаражаттары сомасының қарызға берілген қаражаттар сомасына қатысын білдіретін норма болып табылады.
Банктің қызметтер нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы тауарлардың бағасы сынды пайыздық мөлшерлемеге әсерін тигізеді. Егер ұсыныс сұраныс артық болса, мөлшерлемелер төмендейді, және керісінше сұраныс ұсыныстан артық болса, олар өседі. Соңғы жылдары несие нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңесуі орын алуда, бұл пайыз мөлшерлемсінің деңгейіне әсерін тигізуде. Олар баяулап төмендей бастады.
Пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне әсер ететін басқа маңызды фактор инфляция деңгейі болып табылады. Инфляцияның күшеюі кезінде мөлшерлемелер өседі, осыған байланысты банктік тәжірибеде номиналды және нақты (инфляция деңгейіне түзетілген) мөлшерлемелер ажыратылып қарастырылады.
Пайыздық мөлшерлемелер деңгейіне тартылған ресурстарды ұсыну мерзімі мен көлемі, клиенттің сенімділік ләрежесі, банктің операция түрлері және т. б. да мәнді әсер етеді. Клиеттің сенімділік дәрежесі, оның төлем қабілеттілігі де пайыздық мөлшерлеменің көлемінде көрініс табады.
Осылайша, айта кеткені жөн, банктік тәжірибеде белгілі бір пайыздық мөлшерлемені таңдауға және оның деңгейіне әсер ететін жалпы және жеке факторлар қарастырылады. Жалпы факторлар барлық банктер үшін тең шарттарды анықтайды, объективті сипатқа ие және нақты банк қызметіне тәуелді болмайды. Жалпы факторлар өз кезегінде жалпы экономикалық және негізделген болып бөлінеді. Жеке факторлар нақты банктің қызмет ету жағдайымен анықталады және банктік пайыз мөлшерлемесінің деңгейіне банктің түрі мен көлемі, оның орналасуы, клиенттердің құрамы мен жеке табиғаты бар өзге де факторлар әсер етеді.
Жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, банк өз бетінше жұмысының жоғары рентабельділігін және банктік қызметтер нарығында бәсекеге қабілеттелігін қамтамасыз ететін пайыздық мөлшерлеме деңгейін анықтайды.
Осы факторлардың әсерінен банктің пайыздық саясаты соңғы жылдары қалыптастырылып келеді. Осы орайда коммерциялық банктердің қазіргі орын алған жағдайларда пайыздық саясатын қалыптастыру мәселелері өзекті болып табылады.
Тақырыпты әзірлеу мен талдау деңгейі. Коммерциялық банктердің пайыз саясатын қалыптастыру тұрғысындағы отандық және ТМД елдерінің Мақыш С. Б., А. В. Калтырина, Лаврушин О. И., Гойденко Ю. Н., Грядовая О. В., Дорохова М. Н., Балабанова И. Т., Ольхова Р. Г., Жуков Е. Ф., Зверев О. А., Соколов Д., Жумагулова А., Лисак Б. И. экономикалық әдебиеттерінің негізінен ғалым-экономистерінің ғылыми еңбектері мен жарияланымдарында көрсетіледі.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық аспектілерін қарастыру мен пайыз саясатын қалыптастырудың негіздерін зерделеу, банк қызметтері бойынша пайыз саясатын, банктің пайыздық табыстарын талдау және теориялық зерттеулер мен талдаулар нәтижесінде дағдарыс жағдайында пайыздық саясатты оңтайландыру бойынша ұсыныстар беру.
Зерттеу кезінде келесі нақты міндеттер алға қойылды:
- коммерциялық банктердің пайыздық саясатының теориялық негіздерін зерттеу;
- несие пайызының мәні мен мазмұнын қарастыру;
- банктің негізгі қаржылық көрсеткіштері мен пайыздық табыстарын талдау;
- банктің инвестициялық қызмет тұрғысындағы пайыздық саясатын талдау;
- банктің несие беру қызметін және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді талдау;
- дағдарыс жағдайында банктің пайыздық саясатын оңтайландыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу обьектісі «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамы Тараз филиалы болып табылады. Филиал мәліметтері қол жетімсіздігі себебінен талдау жұмыстары банктің жылдық есеп беру құжаттары негізінде жасалды.
1. Ссудалық пайыздың экономикалық маңызы және банктің пайыздық саясатының теориялық сипаттамасы
1. 1 Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бүрын қодданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валютасы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының акша айналымынан қолма-қол тиынды алудын шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толык шығып қалғанша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетаньщ көрсетілетін құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардьщ белпленген күнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында толемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасында шығарылған банкнот-тар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Үлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес.
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады.
Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді.
ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру молшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті [1] .
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті [2] .
1. 2 Банктік ссудалық пайыз экономикалық категория ретінде
Ссудалық пайыз тауарлы өндіріс жағдайында және қоғамда несие қатынастары дамығанда пайда болады. Несие болмаған жағдайда ссудалық пайызболмайды.
Ссудалық пайыз несие ретінде - ссудаға (қарызға) уақытша пайдалануға берілген құнның бағасын білдіретін объективті экономикалық категория. Ссудалық пайыздың мәні мыналарды білдіреді:
- ссудаға берілген құнды пайдаланғаны үшін төленетін тқленетін төлемді;
-несиеге қосылатын үстемені;
-несие берушінің шығыстарының орнын толтыру әдістерін.
Ссудалық пайыздың өзінен қарыз алушының несиені өнімді пайдалануына оның ссудаға берілген құнды пайдаланудың нәтижесінде алған пайда жатады. Сол себепті де ссудалық құнды ұсынушы несие мен оны пайдаланатын қарыз алушының арасындағы экономикалық мүдделердің ұдайы болып тұрады. Бұл қайшылықты шешу процесінде несиені пайдаланудан түскен пайданы ссудалық пайызға бөлу жүзеге асырылады.
Ссудалық пайызды төлеу қажеттілігі қарыз алушыны ссудалық құнды барынша тиімді пайдалануға салым капиталында пайданы арттыруға мәжбүр етеді.
Ссудалық пайыз банктің қарыз алушыға несиені берудегі негізгі мақсаты болып табылады. Ол банктің негізгі табысын құрайды, сондықтан банк пайызды саласын толық алуға мүдделік танытады. Осы активті пайыздың есебінен пассивті пайыз төленеді (банк өз клиенттеріне ақшаларын банкке салғаны үшін төлейді) . Активті және пассивты пайыздардың арасындағы айырмашылық банк маржасын немесе банктің таза табысын құрайды.
Қарыз пайызы несиенің атрибуты ретінде несие бағасының иррационалды формасы болады. Қарыз пайызының абсолютті шамасы қарыз алушының несиені пайдаланғаны үшін төлейтін белгілі бір соманы білдіреді және пайыздық сома деп аталады. Форманың иррационалдығы, біріншіден, қарызға берілген құн ақшалай формада бола отырып, тағы да ақшалай формада екінші бағаны алғандай болады; екіншіден, пайыз сомасы ретінде қарыз алушы төлейтін сома оған бастапқыда қарызға берілген құнның шамасына тең келмейді. Қарыз пайызы тауар өндірісі негізінде пайда болды.
Тауар айырбасы жағдайында қоғам пайызды пайдаланбаған кезең де болды және тек қоғамдық дамуының белгілі бір экономикалық жағдайы белгілі бір сатысында несие үшін төлем өндірістік қатынастардың ажырамас бөлігі болды. Қарыз пайызы, демек, қоғамда тұрақты ақша айналысы және ақша капиталының қызмет етуі бар болған кезде пайда болды. Қарыз пайызы үшін несиенің бар болуы қажет [3] .
Несиелік қатынастар пайызы дербес экономикалық категория ретінде тіркелетін тікелей негіз болып табылады. Қарыз пайызының мәнін оны қарыз капиталын қайтарымдылық принципімен пайдалану негізінде пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде түсіну керек. Бұл экономикалық қатынастардың усбъектілері-қарыз пайызын тиісінше алушы және төлеуші ретінде болатын кредитор және қарыз алушы. Қарыз пайызына қатысты экономикалық қатынастар ерекше, оларды несиелік қатынастармен аралауға болмайды.
Олардың айырмашылықтары арқылы қарыз пайызының экономикалық мәні ашылады, айырмашылықтары төмендегілер болып келеді:
- қарызға берілген құнның және несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыздық сома қозғалысының сипаты;
- несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық-құқықтық айырмашылық;
- қарызға берілген құн мен пайыз төлеу сомасы қозғалысының әр түрлі бастамасы;
- несие және қарыз пайызының ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болуы.
Бұл айырмашылықтарды толығырақ қарастырамыз.
1. Егер несие - бұл қайтарымдылық негізінде құнның қозғалысы болса, онда пайыздық соманың төленуі құнның белгілі бір бөлігінің эквивалент алмай берілуін сипаттайды. Несиені пайдаланғаны үшін төленген пайыз қайтарылмайды, оның сомасы толығымен субъектіге көшеді, яғни пайыздық соманы алушыға. Пайыздық соманы төлеуге байланысты қатынастарда оның меншік иесі өзгереді: алынған құнға иелікету құқығы қарыз алушыашыдан кредиторға өтеді, ал несиелік қатынастар кезінде меншіктік құқық өзгермейді, құн қарыз алушыға тек уақытша пайдалануға беріледі және белгілі бір мерзім өткеннен кейін заңды бастапқы орнына қайтып келеді.
2. Несие мен қарыз пайызы арасындағы экономикалық- құқықтық айырмашылық шарт бойынша қарыз алушы мен кредитор арасындағы екі міндеттемеде көрсетілген: несиені қайтару міндеттемесі және оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттемесі. Кредитор үшін қаражаттарды авансылау тән болса, ал қарыз алушы үшін пайыз сомасын төлеу құнының шеңбер айналымының аяқталғанын, қаражаттардың белгілі бір сомасының қарыз алушыдан кредиторға өткенін білдіреді.
- Несиеге және пайызға байланысты қатынастарда қозғалыстың басталуы әр түрлі сияқты. Қарызға берілген құнның қозғалысы кредитордан қарыз алушыға қарай басталса пайызды төлеу кері бағытта - қарыз алушыдан кредиторға қарай жүреді. Несиелік және пайызға қатысты қатынастарды салыстырғанда қозғалыстағы құнның сапасы жағынан басқа шамадағы айырмашылықтарын көру маңызды. Несиенің аяқталу сатысы - бұл құнның қайтарылуы болса, ал пайыз - бұл қарызға өсімнің қозғалысы болады. Кейде несие сомасының қайтарылуы және қарыз пайызын төлеу уақыт бойынша сәйкес келмейді. Қарыз алушы алдымен несиені қайтаруы мүмкін, сонан соң оны пайдаланғаны үшін қарыз пайызын төлейді. Былай болуы да мүмкін, қарыз алушы несиені қайтаруға жағдайы келмей, қарыз бойынша ұзартылған төлем орын алады. Бұл жағдайда алдымен қарыз пайызы төленеді, сонан соң жеткілікті көзі табылғанда қарыз өтеледі.
4. Несие және пайыз бір бірінен олардың ұдайы өндіріс процесінің әр түрлі сатыларында пайда болатындығымен де ажыратылады. Егер несие айырбас сферасында пайда болса, ал пайыз бөлу фазасында пайда болады. Егер несие қайта бөлу категориясы ретінде болса, ал пайыз бөлу категориясы ретінде болады. Қарыз пайыз төлеудің көзі, пайда бөлігі болы табылатын қосымша өнім. Демек, пайда және пайыз - бірегей бүтіннің бөлігі.
Осыдан басқа жәйт келіп шығады: қарыз пайызы банк қызметінің нәтижесі емес, ол өзінің пайда болуы өндіріс сферасындағы жұмыскерлердің еңбегіне байланысты.
Қарыз пайызы пайданың бөлігі түрінде бола отырып, одан оның мөлшерін анықтайтын фокторлармен ерекшеленеді. Мысалы, егер пайданың қалыптасуы жұмыскердің санына және еңбек өнімділігіне байланысты болса, ал төленетін қарыз пайызының шамасы - пайыздық мөлшерлеме деңгейіне және қарыз алушы алған несиенің сомасына байланысты. Қарыз пайызы өзіне тән ерекше белгілі бір белгілерді білдіре отырып, пайдадан ғана өзгешеленбейді, сонымен қатар басқа да экономикалық категориялардан, мысалы, бағадан да өзгешеленеді [4] .
Бағалар тауар айналысымен, айырбаспен тығыз байланыста екені белгілі, оның бөлу фазасында пайда болатын қарыз пайызынан өзгешелігі, ол - қайта бөлу категориясы болып табылады. Екінші өзгешелігі мынада, тауар бағасы тауар айналымы негізінде, ал пайыз - мүлдем басқа, несиенің қозғалысы негізінде пайда болады. Алайда, несиемен сауда жасау мүмкін. Несиелік мәміледе саудалық себеп банк ісіндегі сауда-саттықпен (коммерциализация) байланысты.
Осылайша, қарыз пайызының мәніне талдау жүргізу - несиені пайдаланғаны үшін пайыздық соманы төлеуге қатысты пайда болатын экономикалық қатынастар ретінде келесі сипаттауға мүмкіндік береді. Қарыз пайызы экономикалық категория ретінде екі функцияны орындайды: үлестіру және банктің несиелік потенциалын өсіру. Бірінші - қарыз пайызының үлестіру функциясы - барлық құнның үлестіруімен емес, оның жаңадан құрылған құнды білдіретін бөлігімен байланысты. Пайыз арқылы үлестіру салалық емес, жалпы шаруашылық сипатта.
Халық шаруашылығы деңгейінде қарыз пайызын төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты. Пайданың бөлінуі пайызында қарыз пайызын алушы және төлеушінің орындары ауысуы мүмкін. Экономикалық қатынастардың сол және сол тәрізді субъекті бір мезгілде кредитор да, қарыз алушы да болуы мүмкін, яғни пайыздық сомалардың алушысы және төлеушісі ретінде жүре алады. Қарыз пайызы арқылы пайданың үлестірілуі меншік иесінің ауысуымен қатар жүреді. Жоғарыда айтылып өткендей, пайданың бір бөлігі өзінің иесінен кетіп, кредиторға өтеді.
Екінші функция банктің кредитор ретіндегі несиелік потенциалының ұлғаюымен және сақталуымен байланысты. Банктің несиелік потенциалының ұлғаюы - алынатын пайызбен төленетін пайыз арасындағы айырмашылық есебіне болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz