Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
І ТАРАУ Таяу Шығыс және АҚШ-тың әлемде
алатын орны . . . 13
1. 1 Таяу Шығыс аймағының халықаралық қатынастар жүйесіндегі
орны және стратегиялық маңыздылығы . . . 13
1. 2 АҚШ-тың әлемдегі орны, сыртқы саяси принциптері . . . 26
ІІ ТАРАУ ақш-тың таяу шығыстағы геостратегиясы және джордж буш кішінің сыртқы саяси концепсиясы . . . 37
2. 1 АҚШ-тың Таяу Шығыстағы геостратегиясы . . . 37
2. 2 АҚШ - тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және Джордж Буш кішінің сыртқы саяси концепциялары . . . 42
2. 3 АҚШ - тың Ирақтағы әскери операциясы және оны бейбіт реттеу мәселесі . . . 55
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71
ПАЙЛАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . 74
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Таяу Шығыс елдерінің қазіргі халықаралық қатынастар жүйесінде алатын ерекше орны экономикалық, географиялық, геосаяси, саяси, әскери, демографиялық сияқты факторлар қатарымен анықталады. Араб әлемінің экономикалық маңыздылығы, ең алдымен, бұл аймақта ірі көмірсутек кен орындарының көптеп шоғырлануымен түсіндіріледі. Парсы шығанағы зонасының өзінде әлемдік мұнай қорының үштен екі және газ қорының үштен бір бөлігі шоғырланған. Аймақтың стратегиялық маңыздылығы аймақтың үш құрлық қиылысында орналасқандығымен анықталады. Таяу Шығыста Еуропаны Азия және Тынық мұхиты аймағымен байланыстыратын теңіз және әуе жолдары келіп түйіседі, Ормуз және Гибраалтар бұғаздары, Суэц каналы арқылы Еуропа, Оңтүстік Азия, Қиыр Шығыс елдерін көмірсутекпен жабдықтау жүзеге асырылады. Араб әлемі үш құрлық түйісінде, араб-мұсылман және батысеуропалық өркениеттер арасындағы шекарада, исламның суннит және шиит тармақтары; араб, парсы, түрік этностары; европеоидтық және негроидтық нәсілдер арасында орналасқан. Оның геосаяси жағдайы Еуропаға, Орта Шығысқа, Закавказьеге, Орта Азияға, Сахель зонасына, Африка мүйізіне жақындығымен қалыптасады.
Бір мезгілде Таяу Шығыс аймағы өзінің үздіксіз қақтығыс жағдайымен де белгілі. Бұнда туындайтын дағдарыстарды реттеудің қиындығы елеулі дәрежеде бұл аймақтың мемлекеттері мүдделерінің үсті-үстіне үйілуімен, аймақтан тыс державалардың бақталастығымен, ұлтаралық және дінаралық қақтығыстармен байланысты.
ХVIII ғасырдың соңынан бастап араб әлемі ұлы державалар мүдделерінің қақтығысу және бақталасу аймағына айналды, ал «қырғи-қабақ соғыс» жылдарында Таяу Шығыс аймағы Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы конфронтацияның негізгі сахналарының біріне айналды. Қазірде Таяу Шығыс аймағы жетекші батыс державалары сыртқы саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бұл аймаққа, әсіресе, АҚШ-тың қызығушылығы орасан зор. Аймақ елдерінің басым көпшілігімен жақсы қарым-қатынас орната отырып, аймақтағы оқиғалар даму барысына ықпал ете алу мүмкіндігіне ие.
ХХ ғасырдың екінші жартысында аймақ елдері орталық тәуелділіктен еркіндік алғанымен, бұл аймақта орналасқан елдер өздерінің ішкі саяси, экономикалық және гуманитарлық кеңістігін қалпына келтіру мақсатында дамушы елдер қатарына шоғырланды.
Бүгін әлемде ұлы географиялық ашулар заманындағы геосаяси өзгерістерге бара-бар бүкіл дүниежүзілік маңызы бар саяси процестер жүріп жатыр. Стратегиялық тұрғыда аса маңызы бар Евразиялық құрлығында жетпіс жылдам астам уақыт бойы өмір сүріп келген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырап, жаңа тәуелсіз жас мемлекеттердің пайда болуы, Парсы шығанағы аймағында қалыптасқан геосаяси ақуал дүниенің екі шектілігі тәртібінің бұзылуы, ондаған жылдар бойы қалыптасқан геосаяси халықаралық қатынастар жүйесіне түпкілікті бетбұрыстар мен әлемдік геосаясатқа үлкен өзгерістерді алып келеді.
Қазіргі танда әлемдік державалардың және Таяу Шығыс мемлекеттерінің басшылары, аймақтағы дағдарыс жағдайынан шығу үшін экономикалық және саяси роформалар жүргізу керектігін қарастыруда. Бұл бағытта демократизациялау жоспарына сәйкес Вашингтон белсенділік танытуда [1] .
Біздің пікірімізшіе, аймақтағы жүргізіліп отырған реформалау саясаты бұл аймаққа акторлардың саясаты нәтижесінде әлемдік қауіпсіздікке кауіп төндіруі мүмкін. Сонымен катар, бұл аймақты энергетнкалық кауіпсіздікпен қамтамасыз есту мәселесі алдынғы орында тұр, себебі, бұл аймақтағы тұрақсыздықтың бірден бір себебі көмірсутегі қазбаларынының шет мемлекеттерге шығаруындағы қауіпсіздік мәселесі болып табылады. Жалпы Таяу Шығыста әлемдік көмірсутегі қорының 64% шоғырланған [2] .
Мұсылман әлемінде көмірсутегінің шоғырлануы батыс мемлекеттерінің энергоресуср қорларына қауіп төндіретіні даусыз, Келешекте бұл аймақта орналасқан елдер экспортқа шығаратын мұнай қорларының бір калыпты дамуы бұл көрсеткіштін 70%-ға көтерілуі сөзсіз. Американдық саяси-қайреткерлерінің болжауынша: «Вашингтон өзінің ішкі энергетикалық мұқтажын қамтамасыз ету үшін жиырма жыл қажет және бұл мақсатта энерго көзі шоғырланған мұсылман әлемімен байланысымызды жақсартуымыз абзал. Ол үшін Таяу Шығыстағы қақтығыстарды шешуде өз септігімізді тигізу аркылы бұл аймақ елдерін демократизациялау, аймактағы радикалды исламдык күштеріммен күрес жүргізу керек» [3] .
Бұл аймақ өзінің геосаяси және энерго қорларының шоғырлануына байланысты әлемдік қауымдастықта қызығушылық танытуда. Алайда, бұл аймақ көпэтносты, терең тарихи және табиғи қорларына бай аймактық деңгейдегі адамзаттың бүгінгі күнгі жаһандық мәселелеріне катысты аймак болып табылады. Оның үстіне бұл аймақта Израиль мемлекетінің кырып-жою қаруын иемденуі аймақтық қықтығыстарды шешуінде экстремизм және лаңкестіктің пайда болуына бірден-бір фактор болып табылады. Сонымен қатар бұл фактордың анықталуы Үлкен Таяу Шығыс аймағында жаңа әлемдік жаһандық қауіпсіздікке кауіп төндіруімен анықталады. Кейбір саясаткерлер бұл мәселеге байланысты өздерінің көз-қарастарын білдіреді: «Ислам әлемі өркениет даму жолында өздерінің дәстүрлі қағидасына сәйкес ілесуші аймак болып табылады» [4] .
Қазіргі жаһандану жағдайында Таяу Шығыс сияқты әлемдік маңызы бар аймақтағы оқиғалар, ондағы күштер балансының өзгеруі, жетекші елдердің ұстанымдары үлкен маңызға ие. Таяу Шығыста соңғы уақыттағы орын алған тұрақсыздық күллі әлемнің дамуына кері әсерін тигізуде. Бұл орайда АҚШ-тың аймақта жүргізіп жатқан белсенді саясаты ерекше қызығушылық тудырады. Диплом жұмысының өзектілігі де осында жатыр. Әлемдік сахнада маңызды рөл ойнайтын АҚШ-тың бұл аймақтағы саясаты әлемдегі оқиғалардың даму барысына бірден-бір әсер ететін жайт. Тақырыптың өзектілігі қарқынды дамып келе жатқан ғаламдық және аймақтық өзгерістер жағдайында АҚШ-тың сыртқы саясатындағы таяу-шығыс бағытының негізгі қырларын, Таяу Шығыс аймақ елдерімен ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін зерттеудің қажеттілігіне негізделген.
Жұмыстың мақсаты: АҚШ - тың сыртқы саясатындағы таяу-шығыс бағытының негізгі қырларын ашып көрсету .
Осыған байланысты жұмыс келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
- Таяу Шығыс аймағының әлемде алатын орны мен стратегиялық маңыздылығын анықтау;
- Таяу Шығыс аймағына қатысты АҚШ-тың сыртқы саясатына тарихи шолу жасау және аймақтағы саясатын анықтайтын факторларды көрсету;
- АҚШ-тың Таяушығыстағы геостратегиясын толық зерттеп ашу;
- 2002 жылғы АҚШ- тың Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және Джордж Буш кішінің сыртқы саяси концепцияларын қарастыру;
- Құрама Штаттардың Ирактағы әскери операциясы және оcы бейбіт реттеу мәселесіне талдау жасау;
- АҚШ-тың аймақ елдерімен ынтымақтастық мәселелерін қарастыру;
Зерттеудің нысаны АҚШ - тың сыртқы саясатындағы Таяу Шығыс бағыты болып табылады.
Зерттеу пәнін АҚШ мен Таяу Шығыс елдері арасындағы ынтымақтастық салаларының саяси аспектілері құрайды.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы аралығын қамтиды.
Бітіру жұмысының деректік негіздері. Зерттеу жұмысындағы міндеттерді орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері пайдаланылды.
Деректердің бірінші тобын АҚШ-тың ұстанымына қатысты екіжақты және көпжақты дипломатиялық және заңнамалық құжаттар құрайды. Сонымен қатар алға қойылған міндеттерді орындау үшін АҚШ пен Таяу Шығыс аймағында орналасқан мемлекеттер арасында қол жеткізілген, БҰҰ арқылы, халықаралық келісімдер, декларациялар мен коммюникелерді қарастыру қажеттілігі айқындалды. Оның ішінде Америка құрама штаттарының конституциясы [5], 2002 жылғы ұлттық қауіпсіздік туралы концепциясы, 2006 жылғы ұлттық қауіпсіздік туралы концепциясы қарастырылды [6], Қауіпсіздік Кеңесінің 2002 жылы 8 қарашада қабылданған резолюциясы [7] . Аталған дипломатиялық құжаттарды зерттеу ресми құжаттар деңгейінде АҚШ - тың Таяу Шығыс елдеріне деген сыртқы саяси ұстанымын анықтауға үлкен мүмкіндіктер туғызды.
АКШ пен Үлкен Таяу Шығыс елдері арасындағы ұжымдық қауіпсіздік, қорғаныс және экономикалык ынтымақтастық саласындағы сипаты мен даму барысын зерттеуде БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі, НАТО, МЭШЕҰ сында қабылданған көпжақты дипломатиялык құжаттар жаңа қатерлер мен қауіптерге бірге қарсы тұру деңгейін ашып береді.
Деректердің екінші тобын белгілі саяси қайраткерлердің жасаған мәлімдемелері, өзара сапарлар барысындағы сөйлеген сөздері және әр түрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар алға қойылған мақсатты талқылауда мемлекет басшыларының өзекті мәселелерге қатысты жеке көзқарасын, сондай-ақ сол сәттегі мемлекеттің саяси ұстанымын айқындауға өзіндік зор үлесін қосты. Бұл деректердің ішінде Казіргі Ақ үй басшысы Барак Обаманың [8] және экспрезидент Джордж Буштың [9], БҰҰ-ның Бас хатшыларының атап айтсақ Кофи Аннан[10-11], Пан Ги Мун[12] аз ұлттар мен Иракқа қатысты айтылған сөздері, РФ Президенті Д. Н. Меведев мен премьер-министрі В. В. Путиннің және дипломат шығыстанушы ғалым Е. Примаковтың еңбектерін ерекше атауға болады.
Бұл дерек көздерінде мемлекет басшыларының аймактық саясаттағы ұстанымдары мен түрлі мәселелергеі қатысты саясаттарының өзіндік көзқарастары көрініс тапқан.
Деректердің үшінші тобын статистикалық мәліметтер құрайды[13-16] . Статистикалық мәліметтерді пайдалану Таяу Шығыс елдерінің экономикалық, өндіріс көлемі көрсеткіштері арқылы әлемде алатын орнын анықтауға зор септігін тигізді.
Деректердің төртінші тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, отандық және шетелдік мерзімдік басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары құрайды[17-30] .
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық зерттеуге және жұмыстың мақсаттары мен міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені сөзсіз.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда әлемдік маңыздылыққа ие Таяу Шығыс аймағында жетекші батыс елдерінің, әсіресе АҚШ - тың, жүргізіп отырған саясаты кең ауқымды саяси қызығушылық нысанына айналды.
АҚШ - тың Таяу Шығысқа қатысты сыртқы саяси бағдары мәселелеріне арналған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа шетелдік авторлар еңбектерін жатқызуға болады. АҚШ-тың таяу шығыстық саясаты мәселесі төңірегінде зерттеулер жүргізіп жүрген араб сарапшылары қатарынан доктор Ғимқи Мухаммад, Амр Куш, Амир Тахири, Ахмад Мұстафа, Имад Хадар сынды зерттеушілерді атауға болады. Мәселен, араб зерттеуші Амр Куштың пікірі бойынша, АҚШ дипломатиясы Палестина мен Израиль арасындағы бейбіт келіссөздерді жандандыруға ат салыса алады[31] . Амир Тахири өз еңбегінде АҚШ-тың араб әлеміне қатысты саясатына баға беруге талпыныс жасады [32] .
Американдық зерттеушілер АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығын, аймақ елдерінің тарихын, сыртқы саясатын, қырғи қабақ соғыс жылдарындағы АҚШ-тың ұстанымына көңіл бөледі. Бұл авторлардың ішінде: Д. Фуллер, М. Олкед, Г. Глиссон және т. б. ал АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығы, рөлі туралы Г. Киссенджер[33], З. Бзежинскийдің[34] еңбектерінде көрсетілген. Қазіргі АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығы сараптауда автор сонымен бірге проблемалық принципті пайдаланды. Бұл принципке сәйкес қазіргі жарық көрген еңбектерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:
АҚШ-тың сыркы саясатындағы ядролық қаруды таратпау мәселесі, Орта және Таяу Шығыс аймағында ядролық қару таратпау мәселесіндегі АҚШ ұстанымы, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы геостратегиясы.
Екінші топқа кеңестік-ресейлік авторлар еңбектері жатады. Кеңестік тарихшылар негізінен Таяу Шығыс аймағы елдерінің тарихына, саяси жүйесіне, сыртқы саясатына әсіресе КСРО мен аймақ елдері арасындағы қарым қатынасына, АКШ- тың Таяу Шығыстағы геосаяси қызығушылығына және қарым қатынасын зерттеуге көңіл бөлсе, қазіргі ресейлік зерттеушілер Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі аймақ елдерінің саяси ұстанымына, рөліне Ресей Федерациясы мен араб елдерінің және XXI ғасырдағы АҚШ - тың аймақ елдерімен қарым қатынастарындағы өзекті деген мәселелерді зерттеп, АҚШ - тың Парсы шығанағындагы сыртқы саяси басымдылығын сараптайды. Кеңестік-ресейлік авторлардың ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: А. О. Воскресенский[ 35] А. Ю. Олимпиев [36] Л. С. Васильев[37], А. Дугин[38], В. Ушаков[39], С. Л. Агаев[40], Е. Примаков[41], И. Иванов[42], В. Гусейнов[43], Арбатов[44], А. И. Уткин[45], С. Шурлов [46] және т. б.
Үшінші топқа отандық авторлар еңбектері жатқызылады. Бітіру жұмысы тақырыбына қатысы бар мәселелер төңірегінде сөз қозғаған отандық зерттеулер ішінде АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығын, АҚШ-ның аймаққа қатысты ядролық қауіпсіздік саясатын және аймақ елдерінің сыртқы саясатының дамуы стратегиясы және Парсы шығанағы аймағы елдерімен Қазақстан арасындағы қатынастары туралы еңбектердің қатарында Н. А. Назарбаев [47], Қ. Токаев [48], К. Қожахметов [49], М. Лаумулин [50], Н. Надиров [51], СБ. Кожирова [52], Е. Пастухов [53], К. И. Байзакова [54], Қ. Ә. Жүніс [55], сынды Қазақстандық зертгеулер негізінен Қазақстан мен жалпы Таяу шығыс елдері арасындағы қатынастарын және діни, этникалық татулық, Таяу Шығыс аймағындағы қазіргі кездегі сыртқы саясатына көбірек көңіл бөледі.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысынын теориялык негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми корытыныдылары құрайды. Бітіру жұмысы тарихи окиғаларға және сан-саладағы мемлекетаралык құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен катар кенінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер АҚШ - тың Таяу Шығыстағы сыртқы саяси басымдылығы жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп, оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде негізгі мақсаттарға кол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген. Сыртқы саясаттың дамуына, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде батыс зерттеушілері, әсіресе американдык саясаттанушылар, өз үлестерін қосқан. Олар зерттеудің билікті-элиталык, плюралистік, ұйымдастырушылық-кұрылымдық, рационалды, бюрократиялык-саяси модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халыкаралық қатынастарды зерттеу мен талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Алға қойылған міндеттер тарихи-салыстырмалық және сараптамалық тұрғы негізінде орындалды. Зерттеу жұмысында тарихи және саяси оқиғаларға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Бұл әдістер мәселені жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде қоғамдық ғылым саласында зерттеудің стандартты сараптамасы - контент-сараптама қолдану өз септігін тигізді. Яғни, оның көмегімен БАҚ хабарламасы, саяси тұлғалардың мәлімдемелері, т. б. секілді мәтіндердің әр түрлі типтеріне сараптама жасалды.
Зерттеу жұмысында саяси құбылыстарға баға берудің тағы бір әдісі ретінде ойындар теориясы пайдаланылады. Бұдан 40 жыл бұрын метематик Джон фон Нойманн мен экономист Оскар Моргенштерн экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын табуға тырысқан, сол орайда өздерінің "Ойындар теориясы және экономиканың тәртібі" атты ортақ еңбегінде көрсетілген классикалык ойындар теориясын жасап шығарған. Онын негізінде рационализм принциптері бойынша жұмыс істейтін субъектілердің типтеріне талдау және болжау модельдері құрылатын мүмкіндік теориясы жатыр. Біртіндеп бұл ойындар теориясы ғылымның басқа да салаларына қолданылатын құралға айналды. Саясат ғылымында ол құрылым мен процесс тұрғысынан алғанда, мемлекетаралык келіссөздер сияқты саяси құбылыстарды зерттеудің салыстырмалы әдісі болып табылады.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ Таяу Шығыс және ақш-тың әлемде алатын орны
- Таяу Шығыс аймағының халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны және стратегиялық маңыздылығы
Таяу Шығыс жөнінде айтпас бұрын әуелі бұл аймақты қандай мемлекеттер құратынын анықтап алу қажет. Шығыстанушылар, географтар, экономистер, тарихшылардың бұған қатысты өз ой-пікірлері бар. Шетел авторларының (басым бөлігі ағылшын тілді) еңбектері мен мақалаларында “Middle East”, яғни Орта Шығыс термині жиі қолданылады. Сонымен қатар араб тілді дереккөздерде де біздің түсінігіміздегі Таяу Шығыс аймағын الشرق الأوسط , яғни «Орта Шығыс» деп атайды. «Таяу Шығыс» түсінігі батыс гуманитарлық ғылымда тұрақты айналымға еніп, әлемдік ғылыми және атақты әдебиеттерде кеңінен қолданысқа ие. Гуманитарлық ғылым «Таяу Шығыс» түсінігін география, мәдениеттану, экономика, тарих, филология, т. б. ғылымдарды пайдалана отырып, кеңінен түсіндіруге мүмкіндік берді.
Географиялық жағынан «Таяу Шығыс» Батыс Азияда орналасқан. Бұл жағдайда культурологиялық және саяси әдіс-тәсілдер бізге Таяу Шығыстан Солтүстік Африка аумағын бөліп алуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен отандық және шетелдік әдебиетте Солтүстік Африканы «Таяу Шығыс және Солтүстік Африка» сөз тіркесін қолдана отырып, бөлек қарастырады. Осылайша араб «Машриқын» «Мағрибтен» бөліп алуға тырысады. Онда географиялық тұрғыдан «Оңтүстік-Батыс Азия мен Солтүстік Африка» деп айту дұрысырақ болар еді. Таяу Шығыстан басқа құрамына Иран, Ауғанстан, тіпті Пакистан жатқызылатын Орта Шығысты бөліп қарастырады. «Орта» болып аталуының себебі Таяу және Қиыр Шығыс арасында ортаңғы межеде орналасқандығынан. Бұнда да «жақындық-алыстық» критерийі Еуропадан қашықтығы болып табылады.
Культурологиялық және өркениеттік тәсілдер өркениеттер бірлігі және Таяу Шығысты мекендеген халықтардың мәдени ұқсастықтарын алға тартады. Аймақ елдері саяси және экономикалық жағынан өзара байланысқан.
Әлемдік саяси және экономикалық процестердің жаһандануы жағдайында онсыз да шартты сипатқа ие «аймақ» түсінігі елеулі өзгерістерді басынан кешіруде. Ақпарат алмасу, көлік құралдарының дамуы есебінен қашықтықтардың қысқаруы мен интеграцияның саяси және экономикалық процестері аймақтық тұйықтықты қиратып, белгілі бір кеңістікті аймаққа айналдыру мәселесін күрделендіре түсті. Сонымен қатар мемлекеттер арасындағы экономикалық және саяси өзара байланыстар «классикалық», «жалпы қабылданған» шеңберден тысқары шығып, мәдени, тілдік, өркениеттік тосқауылдарды жойып, елдерді басқа белгілер бойынша біріктіре отырып, ерекше геоэкономикалық және геосаяси жүйелерді қалыптастырады. Сондықтан қазіргі «жаһандану» үрдісіндегі әлемде экономикалық және саяси факторлар «аймақ» түсінігін анықтап алу амалындағы негізгі фактор болып табылады. [56]
Кеңестік және ресейлік шығыстану және саяси ғылымдарда қалыптасқан ғылыми дәстүрлер тұрғысынан «Таяу Шығыс» елдеріне әдетте Азияның араб елдері мен Кипрді жатқызады. Түркия, Иран, Ауғанстан «Орта Шығысты» құрайды. Дегенмен кеңестік ғылыми әдебиетте бірегей қолданыс жоқ - Үлкен Кеңес Энциклопедиясы (1969-1978) «Таяу Шығыс» аймағына Түркия мен Судан сияқты елдерді де жатқызады. [57]
Батыс дереккөздеріне келетін болсақ, олар әдетте «Middle East» түсінігін кеңейтілген мағынада қолданады. «Near East» І дүниежүзілік соғысқа дейін қазіргі Греция, Болгария, Түркия, Левант, Египет аумақтарын белгілеу үшін пайдаланылды. Ал «Middle East» Арабия, Месопотамия, Парсы шығанағымен шайылатын аумақтар мен Ауғанстаннан құралды.
БҰҰ мәдени-географиялық принципке негізделетін аймақтық жүйені қолданады. Бұл принцип бойынша Таяу Шығыс елдері Батыс Азия мен Солтүстік Африкада орналасады, алайда Иран Оңтүстік Азияға жатқызылады, ал Батыс Азия аймағына Түркия мен Оңтүстік Кавказ (Әзербайжан, Армения, Грузия) кіріп кетеді[58]
«Үлкен Таяу Шығыс» («Greater Middle East») АҚШ президенті Дж. Бушпен 2004 ж Үлкен сегіздік саммиті кезінде «Үлкен Таяу Шығыс демократизациясы» атты жаңа американдық доктринаны жариялау аясында саяси айналымға енгізілген ең жаңартылған түсініктердің бірі болып табылады. Үлкен Таяу Шығыс араб елдерін, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ елдерін, Түркия, Иран, Ауғанстан, Пакистанды, яғни Оңтүстік-Шығыс Азия мұсылман елдерінен өзге күллі мұсылман әлемін қамтиды[59] . Осылайша, «Таяу Шығысты» ғаламдандыра отырып, Буш өркениеттік теорияларға басымдылық танытты. Іс жүзінде американдық әкімшілік бұл категорияларға сүйене отырып, өркениеттік белгілеудің орнына (Ислам өркениеті) саяси-географиялық белгілеуді («Үлкен Таяу Шығыс») пайдаланады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz