Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 7

1 ТЕРГЕУЛІК КУӘЛАНДЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ, ТАКТИКАЛЫҚ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. 1 Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері . . . 10

1. 2 Тексеру тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық - криминалистикалық ережелері . . . 25

2 ТЕРГЕУ ӘРЕКЕТІН ЖҮРГІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ

2. 1 Оқиға болған жерді қарау тактикасы . . . 31

2. 1 Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шаралары . . . 45

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 54

КІРІСПЕ

Таңдалған тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдан бастан өзінің Егемендігін алып, Тәуелсіз мемлекетке айналды. Егемендік алған соң, Мемлекетіміз нарықтық экономикаға көшіп, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық бағыттарда біршама іс-шаралар орындала бастады. Осыған байланысты 1998 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодексі қолданылысқа енгізілді. Бұл кодекстер осы заманның талаптарына сәйкес жасалынып, қазіргі таңның талаптарына жауап берді.

Елбасымыздың, 6 ақпан 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл - ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, құқық қорғау және сот жүйесі саласында қазақстандықтардың құқықтарының әлі де болса тиімді қорғалуын қамтамасыз етуі турасында баса айтылып өтті.

Бұл бағыттағы іс - әрекет құқық бұзушылықтардың алдын алу болуға тиіс екендігін көрсетіп, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасын әзірлеуді, оны Парламентке енгізу қажеттігін атап айтты. Жасалынатын шаралардың басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелерін арттыруы, яғни халыққа қызмет көрсетуі тиіс екендігін нақтылап көрсетті (1) .

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында ұзақ мерзімді басымды бағыттары ретінде ұлттық қауіпсіздік; ішкісаяси тұрақтылық және қоғамның бірігуі белгіленіп, оларды жүзеге асыруда ішкі істер органдарына маңызды сенім білдірілген .

Республикамызда қылмыстылыққа қарсы қаншама іс-шаралар жүргізілгенменде жеке адамдарға қарсы қылмыстардың саны кемімей отыр. Оның ішінде атап өтетін болсақ, кісі өлтіру, денеге жарақаттар салу, зорлау және нәсіпқорлық сипаттағы қылмыстарға және т. б. көптеген қылмыстардың түрі.

Мұның ішінде менің назар аударғым келіп отырғаны кісі өлтіру қылмыстарын тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тергеу әрекетін жүргізудің өзекті мәселелері. Яғни, тәжірибе көрсеткендей бұл қылмыстың түрлерін тергеу барысында оқиға болған жерді қарау маңызды рөл атқарады. Себебі ары қарай қылмыстардың нәтижелі аяқталынуы қылмыскердің тиісті жазасын алуы осы тергеу әрекетіне тікелей байланысты. Егерде кісі өлтіру қылмыстары бойынша оқиға болған жерді қарау кешіктіріліп немесе үстірт жүргізілсе, оқиға орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді және басқа да айғақтарды табуға мүмкіндік болмайды .

Тәжірибе көрсеткендей, тергеушілердің кәсіби деңгейінің төмендігі, оқиға болған жерде қарау тергеу әрекетін төменгі сапада жүргізуі қылмыскерлерді жауаптылықтан бой тасалап қашып кетуіне негізгі себеп болады. Сол себепті менің тақырыбымның өзектілігі, қылмыстар бойынша алдын ала тергеу болғанда ешқашандай маңыздылығын жоғалтпайды.

Тек қана кісі өлтіру қылмыстарын ғана емес сол сияқты басқа да қылмыстық істерді тергеу бойынша, бүл тергеу әрекетінің маңызы өте жоғары. Себебі қылмыскерлер қандай да бір қылмыстарды жасау бұрын алдын ала дайындық шараларын жүргізіп, қылмыс жасаған соң да іздерін жасырып кету әрекеттерін ойластырады. Дегенмен де тергеуші қылмыс орнында қылмыскер мен қалдырылған дәлелдемелік іздерді шебер түрде тауып, оны дәлелдеме ретінде қылмыскерді ұстап, табуда қолдана білуі қажет. қылмыстар қаншалықты ойластырылып, жоспарлы түрде жасалғанымен де міндетті түрде қылмыс орнында қандай да болмасын із қалдырылады. Мұндай оқиға орындарында тергеуші жедел тергеу тобын баскарып, кылмыс орнына тек қана тиісті тұлғалардың ғана кіруіне рұқсат беріп, шебер түрде басқара білуі тиіс. Оқиға орнына бөгде тұлғалардың кіруі ол қылмыс орнындағы дәлелдемелік іздері әкеп жоюға соқтырады.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың ерекшелігі бұл оқиға болған жер, яғни кісі мәйіті табылған жер осы оқиғаның орын алған немесе қылмыстың тікелей орны ма екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Себебі көптеген жағдайларда кісінің мәйіті табылған жер қылмыстың тікелей орны болып табылмайды. Осындай мәселелерді толық шепгу үшін кісі мәйіті табылған жерді де қылмыстың тікелей жасалған орны ретінде мұқият және арнайы мамандардың көмегімен жүргізу қажет.

Кісі өлтіру бойынша оқиға болған жерді қараудың тағы бір ерекшелігі оның қайталанбастығы, яғни қайта орнына келтіру мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Дегенмен де осыған қарамастан мұндай қылмыстың түрлері бойынша оқиға болған орындарына қайталап қараулар жүргізіледі. Мұндай қайта қараулар кезінде барлық оқиға жағдайлары күрделі өзгеріске түскен жағдайларды ұсынады. Сол себепті, қайта қарау нәтижелерімен бастапқы қарау нәтижелерін салыстыруға болмайды.

Жоғарыда көрсетілгендер тақырыпты, сондай-ақ біліктілік және бітірушілік жұмысының бағытын, пәнің таңдауға себеп болды.

Диплом жұмысының мақсаттары және міндеттері. Жұмыстың мақсаты қылмыстарды тергеу барысында оқиға болған жерді қарау тактикасын жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жинақтау және өңдеумен қортындыланады.

Диплом жұмысының мақсаты келесідей тапсырмаларды қоюды және шешуді ұсынады:

- тергеулік қараудың және куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері.

- қарау тактикасының жалпы процессуалдық және тактикалық-криминалистикалық ережелері.

- окиға болған жерді қарау тактикасы.

  • тергеу әрекетін жүргізуге дайындық шараларын қарастыруды.

Жұмыстың объектісі болып қылмыс оқиға болған және куәландыру тергеу әрекетіне тартылған тұлға табылады.

Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеудің методологиялық негізін жалпығылыми диалектикалық таным әдісі құрайды. Сонымен қатар, логикалық, жүйелік-құрылымдылық, әлеументтік талдау, сондай-ақ криминалистиканың арнайы әдістері, бақылау тәсілдері, кеңейтілген және статистикалық сипаттық әдістері қолданылады.

Жұмыс ғылыми-монографиялық материалдарды оқуға және қолдануға, сонымен қатар тиісті құқықтық қайнар көздерді талдауға негізделген. Ол бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік қайнаркөздер (заңдар, Президент Жарлықтары), Жоғарғы сот Пленумының шешімдері, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің ведомствалық нормативтік актілері.

1 ТЕРГЕУЛІК КУӘЛАНДЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ, ТАКТИКАЛЫҚ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Тергеулік куәландырудың түсінігі, маңызы және түрлері

Философиялық тұрғыдан қызмет деп - оны жүзеге асыру процесінде адам табиғатқа творчествалық өзгерістер енгізіп, қайта құруға бағытталған, оның нәтижесінде өзін қызметтік субъектіге, ал өзі игеріп жатқан табиғаттың құбылыстарын өз қызметінің объектісіне айналдырады [2, 91 б. ] . Сонымен бірге қызмет түсінігін кең мағанада белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған кез келген адамның белсенді қозғалысы ретінде қарастыруға болады. Талқылау аудармаларында бұл түсінік адамның әлемдегі өмір сүру әдісі ретінде, оның қоғамдық өмірге өзгерістер енгізу мүмкіндігі түрінде қарастырылады. Мұнда, қызмет материалды-тәжірибелік, интеллектуалдық, рухани, ішкі және сыртқы операциялар бейнесінде қарастырылады. Бұл ойдың да, қолдың да жұмысы, таным процесі және адамның іс-әрекеттері. Сонымен қатар, қызмет деп қоршаған ортаны өзгертуінде көрінетін адамдардың арнайы іс-қимыларының формасы ретінде де түсіндіріледі.

Қызметтің жалпы құрылымына мақсат, амал, нәтиже және процестің өзі кіреді. Осы концепция көптеген арнайы ғылымдар үшін бастапқы әдістемелік база болып табылады.

Қылмыстрды тергеу әлеуметтік қызметтердің ең бір қиын түрлерінің бірі, оның ерекшелігі тергеу органдарының назарына әртүрлі мүддесі бар адамдар түседі, сонымен бірге олардың кейбірінің мүдде-мақсаттары тергеу органдарының мүддесіне мүлдем сай келмейді. Бұл процесс шындықты анықтауға, істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде зерттеуге бағытталған, белгілі бір құқықтық тәртібінің басталуымен, ол дегеніміз субъективтік құқықтар мен осыған сәйкес заңдық міндеттердің пайда болуымен, өзгеруімен және жойылуымен байланысты [3, 393 б. ] .

Алдыңғы қатарлы отандық және шет елдердің ғалымдары қылмыстық іс жүргізу мен криминалистика саласында тергеу және сот тәжірибесінде қолданылатын әдіс-амалдар мен құрал-саймандар кешенін дайындап, оларды жетілдіруге үлкен үлес қосты. Оларың арасынан мынадай ғылыми қызметкерлерді атап айтуға болады: В. Д. Арсеньев, А. Ф. Аубакиров, О. Я. Баев, Р. С. Белкин, А. Н. Васильев, А. И. Винберг, Е. Ғ. Жәкішев, А. А. Исаев, Е. И. Кайыржанов, А. М. Ларин, Г. А. Мозговых, В. Я. Колдин, И. М. Лузгин, Ю. К. Орлов, А. Р. Ратинов, М. В. Салтевский, М. Я. Сегай, Н. А. Селиванов, М. П. Яблоков және т. б.

Заң әдебиеттерінде тергеушінің қызметі деп - қылмыстық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелінген, қылмыстарды тергеуге және құқыққа қарсы әрекеттің оқиғасымен байланысты барлық мән-жайды анықтауға бағытталған, сонымен бірге айыпталушыны сотқа беру үшін немесе қылмыстық істі қысқартуға негіздердің жеткіліктілігі туралы сұрақты шешу мақсатындағы іс-әрекеттерінің жиынтығын айтады.

Біз қылмыстарды тергеу процесіндегі тергеушінің қызметін белгілі бір құрылымы бар, көптеген компоненттерден (әрекеттерден) және операциялардан (қылмыстық іс жүргізу, ұйымдастырушы-басқарушылық, танымдық, реконструктивтік, коммуникативтік және т. б. ) тұратын жүйе ретінде қарастыратын авторлардың пікіріне қосыламыз.

Криминалистикалық тұрғыдан қарағанда қылмыс өз табиғаты бойынша қылмыскердің қоршаған ортаның объектілерімен контактілі немесе контактісіз өзара іс-қимылының динамикалық процесі түрінде болады. Мұнда қылмыс жасаған адам, оның жәбірленушісі мен басқа да адамдар - осы оқиғаның қатысушылары өз қасиеттері арқылы, сонымен қатар құрал-саймандар, іс-әрекеттерді жасау механизмі мен тәсілінің материалдық объектілер формасында немесе адамдардың ойындағы бейнелер түрінде де бейнеленеді [4, 119-120 б. ] .

Қылмыскерді анықтау танымдық процесс, бұл процесс кезінде тергеуші белгілі бір адамға қатысты мәліметтерді, нақты мән-жайларды жинайды және құқыққа қарсы белгілі бір іс-әрекеттердің жасалуының белгілерін анықтайды. Тергеушінің тергеу әрекеттерін жүргізгенде алдына қоятын негізгі мақсаты- тергеу әрекеттерін жүргізу арқылы неғұрлым көп және құнды дәлелдемелер жинау, тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыру. Қойылған мақсатқа жету үшін әр тергеу әрекетін жүргізгенде тергеуші нақтылы туындап тұрған тергеу ситуациясына орай қолайлы, тиімді әдістер, заңға сыйымды айла-әрекеттер қолдану арқылы объективті және толық дәлелдемелер алуға тырысуы керек [5, 185 б. ] . Мұнда қылмыстың оқиғасы және қылмыскердің жеке тұлғасы туралы мәліметтері бар объектілер заңмен белгіленген формаға, яғни дәлелдемелерге айналады, ал аталынған мәліметтердің қайнар-көзімен байланысты, іс үшін маңызды мән-жайларды тану процесі қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуі түрінде болады [6, 35 б. ] .

Сонымен бірге, мұндай процестердің ерекшелігі ретінде танымның әртүрлі қиын және қолайсыз ситуацияларда, кейбір кезде мүдделі адамдардың тергеу процесіне кедергі жасайтын кездердегі іс-қимылдарын атап өту керек.

Қылмыстық құқық пен іс жүргізудің жалпы теориясында дәлелдеудің қалыптасып қалған талқылауына сүйене отырып, дәлелдеуді қылмыстық іс жүргізудің субъектілерінің заңмен бекітілген, дәлелдемелер мен олардың процессуалдық қайнар-көздерін жинауға, зерттеуге (тексеруге) және бағалауға, осылардың нәтижелері негізінде белгілі бір процессуалдық шешімдер қабылдап және оларды негіздеу үшін дәлелдер келтіруі бойынша қызметі деп қарастырып, біз мұндай қызметтің қылмыстың жасалғандығы туралы мәліметтер алынған кезден басталып, кейбір анықталған жағдайларда мынадай келесі құжаттарды: айыптау қорытындысын, істі қысқарту туралы қаулы және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану мәселесін шешу үшін істі сотқа жіберу туралы қаулы толтырумен аяқталатынын атап көрсетеміз.

Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеу істі заңды, негізделген және әділ шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелерді жинаудан, зерттеуден, дәлелдемелерді пайдалануға қабылдаудан тұрады (ҚР ҚІЖК-і 124 - бап) .

Құқықтық әдебиеттерде дәлелдемелерді танымның айрықша бір түрі ретінде қарастыратын ой-пікір қалыптасып бекітілді [7, 96 б. ; 8, 5 б. ] . Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу ғылымында бұл түсініктерді терминологиялық белгілері бойынша жіктеу ұмтылыстары байқалады, оларды тергеудің бір субъектісімен орындалатынына қарамастан бірінен кейін бірі өзгеретін, сапалық әртүрлі формада елестету кездеседі [9, 19-21 б. ] . Мәселен, И. М. Лузгин, таным сөзінің түсінігі кең мағанада белгілі бір анықталған заттар мен жәйттер туралы білімдер алу процесі, ал дәлелдеу - бұл белгілі бір жағдайларды негіздеу және осы объектілерді басқа да тұлғалардың танып білуіне жағдай жасау деп жазды [10, 21-22 б. ] . Көрсетілген ұстанымда дәлелдеу мен білімдер алудың бір-бірінен ажырамайтындылының көрсетілмеуі, тергеуші бірінші кезекте танымды, содан кейін дәлелдеуді жүзеге асыратындығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Дәлелдеу мен таным түсініктерінің арақатынастарын сипаттай келе біз, таным мен дәлелдеу, В. С. Джатиев көрсеткендей, - рационалды қызметтің әртүрлі тұрпаты деген пікірге қосыламыз. Таным - бұл өзіне арналған қызмет, ал дәлелдеу басқа белгілі бір адамға арналған. Танымның мақсаты білім алу болып табылады, ал дәлелдеудің мақсаты басқа біреуді белгілі бір нәрсеге сендіру [11, 5 б. ] . Сондықтан да қылмыстық істегі таным мен дәлелдеуді тепе-тең түсінік деп санамау керек. Біз таным- бұл қылмыстық іс жүргізу дәлелдеуінің бір бөлігі деп есептейміз. Ол өзіне дәлелдеу процесінің тек бекітетін кезеңін қоспағанда, барлық құрылымдық бөліктерінен тұрады. Сонымен қатар, мұнда қылмыстық іс жүргізудегі танымдық қызметтерді жүзеге асырушы барлық лауазымды тұлғалар өзіндегі мән-жайларды барлық адамдарға арналған мән-жайларға айналдырады. Бұл нәтижеге білімдерді алудың ең тиімді, оның ішіндегі ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне негізделген амал-тәсілдерін қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Негізінен дәлелдеудің мынандай құрылымдық элементтерін бөліп көрсетуге болады: дәлелдемелерді жинау (алу), зерттеу (тексеру) және бағалау. Осы элементтерді сипаттай келе көптеген процессуалистер оларды дәлелдеудің сатылары деп атауға болмайды, өйткені бұл сатылардың жеке-даралығы туралы пікір тудырады, тек әрекеттерді уақыты бойынша ғана үзуге болатындығын айтады. Бірақ, дәлелдеу процесі танымның біртұтас, үзілмейтін процесі, онда аталынған элементтердің барлығы қайталанып отырады. Сондықтан практикалық дәлелдеуде дәлелдемелерді жинау мен зерттеу (тексеру) алынған мәліметтерді бағалаудан ажыратылмайды, ал бағалаудың өзі әрқашанда дәлелдеуді аяқтамайды.

Қылмыстарды тергеу кезінде, турасын айтқанда дәлелдемелер пайда болмайды, тек жасалынған қылмыс туралы мәліметтер ғана келіп түседі, ал олар өз кезегіне әртүрлі себеп-салдарлардың нәтижесінде дәлелдемеге айналуы да, не айналмауы да мүмкін. Тергеудің алғашқы сатысында жиналған мәліметтердің негізгі міндеті - сезікті адамның қылмысты жасау мүмкіндігі туралы тергеу болжамын жасауға фактілік база ретінде көмектесу.

Дәлелдемелер материалдық әлемнің кез келген объективті өмір сүрушісі ретінде барлық уақытта табылуы мүмкін. Дәлелдемелерді табу мен оларды жинау мүмкіндігі, жасалынған қылмыс туралы мәліметтердің қоршаған ортада бейнеленетіндігі мен танымдық қызметті тергеу субъектісінің жүзеге асыратындығын қарастыратын объективтік өмірдің ең бір маңызды заңдылықтарымен шартты байланыста болады.

Аталынғандарды негізге ала отырып, біз тергеушінің танымдық қызметінің негізгі мақсатын қылмыстарды тергеу процесінде анықталатын фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтердің (дәлелдемелерді) қайнар-көздерін іздеу, табу, бекіту, зерттеу, анализ жасау, бағалау, беру мен қолданудан тұрады деп қорытынды жасаймыз. Дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және қолдану тәжірибе қажеттіліктеріне шартты байланыста болатын криминалистикалық ойлану (іздену) аталынған жұмыстарды қалайша толық, рационалды, өндірісті және қысқа уақыт аралығында жүзеге асыру сұрақтарына үнемі дұрыс жауап іздеу жағдайында болады. Бұл сұрақтарға дұрыс жауаптар алу үшін қылмыстарды тергеу кезіндегі тергеушінің танымдық қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру негізінде жатқан факторлар мен міндеттердің табиғаты мен мәніне терең үңіліп қарау керек.

Тергеушінің танымдық қызметі ғылыми негіздердің кешеніне сүйенеді. Олар көпшілік жағдайда қылмыстық іс жүргізу циклінің ғылыми негізделген, тәжірибеде сыналған ережелерінің жүйесі түрінде ұсынылады. Бұл жүйеде қылмыскерді анықтаудың криминалистикалық теория тәртіптері мен әдістемесінің белгілі бір анықталған орны бар, олар криминалистикалық теория мен ілімдердің, тергеу әдістемесі кешенінің жекеленген жетістіктеріне, дәлелдемелік мәліметтері бар объектілерді табу мен зерттеудің әртүрлі әдістемесіне негізделеді. Олардың арасынан бірінші кезекте танымның криминалистикалық пәні туралы, қылмыстардың криминалистикалық сипаттамасы туралы, қылмыскердің жүріс-тұрысы туралы, қылмыстарды жасау әдісі туралы ілімдерді, сонымен қатар белгілер, қылмыс құрал-саймандары туралы ілімдерді және криминалистикалық ғылымның басқа да салаларын бөліп қарастыруға болады.

Біздің пікірімізше, тергеушінің танымдық қызметі деп - бірінші кезекте материалдық және процессуалдық құқықтың, криминалистика мен басқа да ғылым салаларының білімдеріне негізделген, криминалистика ғылымымен дайындалған арнайы әдіс-тәсілдердің, амал, құрал-саймандардың көмегімен алынған мәліметтерді табу, бекіту, жинау, анализ жасау, бағалау, беру мен қолдану арқылы қылмыс оқиғасын зерттеуге және оның қатысушыларын анықтауға бағытталған іс-әрекетін айтуға болады.

Тергеушінің танымдық қызметі өзінің ұзақтылығының, бағытының және мән-мазмұнының әртүрлі болып келуіне қарамастан, тергеудің белгілі бір анықталған сатыларында түрлі міндеттерді шешу қажеттілігіне бағынышты болады. Тергеудің бастапқы сатысы процессуалдық жолмен жиналған фактілік ақпараттарды алдын-ала тексеріп дәлелдемелерге айналдырумен сипатталады, сонымен бірге алғашқы алынған мәліметтерді қылмыстың орны, уақыты, мақсаты, субъектісі және оның белсенділігінің пәні, құрал-саймандар, әдіс-тәсілдері, жасау механизмі мен тергелініп отырылған қылмыстың басқа да мән-жайлары туралы толық мәліметтер алуды мақсат етеді.

Тергеудің осыдан кейінгі сатыларында істің мән-жайларын анықтауға қатысты дәлелдемелік базаны тексеру мен толықтыру жүзеге асырылады. Осы мақсаттарға жету үшін мынандай шаралар жасалынады: істе жоқ жаңа қосымша дәлелдемелерді алу мүмкіндіктерін анықтау мен жүзеге асыру (мысалы бұрынырақ қаралған объектілерді қайта қарау арқылы, оларды қосымша немесе қайтадан сараптамаға жіберу) ; тергеудің бастапқы сатысында тергеушінің жіберген ұйымдастырушылық, процессуалдық және тактикалық кемшіліктерінің нәтижесінде анықталмай қалған мәліметтері бар басқа да объектілерді іздеу, анықтау және зерттеу.

Біздің көзқарасымыз бойынша қылмыстарды тергеу кезіндегі тергеушінің танымдық қызметі бірнеше анықталған сатылардан өтеді: мәліметтердің қайнар-көзінің минимумынан аралықтағы, бірақ ондай қайнар-көздердің толық емес кешеніне, содан кейін толығырақ түріне; іс жүзіндегі деректердің минимумынан молырақ, содан кейін олардың толық түріне, қылмыстың іс жүзіндегі зардаптарынан оның оқиғасына жақын, тікелей қатысы бар деректерді анықтап білу, содан соң қылмысты жасаудың негізгі себептерін анықтау.

Тергеушінің танымдық қызметінің міндеттерін жүзеге асырудың бағыты мен мазмұндық жағының сұрақтары, оларды қандай сатыда жасалатындығына, сонымен қатар осы сатыдағы бастапқы (алғашқы) мәліметтердің сипаттамасы мен мазмұнына байланысты болады.

Тергеушінің танымдық қызметінің түрлері. Тергеушінің танымдық қызметінің дәлелдемелерді жинау, зерттеу, бағалау және қолдану сияқты түрлерін сипаттай келе, біз осы түрлердің әрбірінің негізінде жатқан заңдылықтарды қарастырамыз. Дәлелдеу, дәлелдемелік базаны жинақтап құрастыру процесі ретінде дәлелдемелерді жинаудан басталады. Бұл дәлелдеу субъектісімен тәжірибелік танымдық іс-әрекеттерді орындаумен, зерттелініп отырылған оқиға туралы мәліметтері бар әлемнің құбылыстарымен сезімдік байланыс жасаумен суреттелетін танымның сезімдік-тәжірибелік деңгейі [7, 96-97 б. ] .

« Дәлелдемелерді жинау» терминінің өзі шартты болып келеді. Тергеушінің дәлелдеудің бастапқы сатысындағы қызметін дайындалып қойылған дәлелдемелерді алу мен талап ету деп сипаттауға болмайды. Жасалынған қылмысқа қатысы бар мән-жайлар қоршаған ортамен үзіліссіз өзара байланыста болады, ол дегеніміз өз кезегінде материалдық объектілердің белгілері мен олардың байланысы әртүрлі өзгерістерге ұшырайтындығын білдіреді, сонымен бірге осы оқиғаларды қабылдаған адамның да психикасында да белгілі бір уақыттың өтуіне байланысты түрлі өзгерістер орын алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Криминалистикалық тактика білім жүйесінде. Тергеу әрекетін жүргізуге дайындық
Тергеулік куәландыру
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Жол - көлік оқиғаларының болған жерін қарау
Жауап алу және тергеп-тексеру
Тінтудің міндеттері
Тұрғын-жайға кірумен ұштасқан ұрлық
Тонау қылмыстарын тергеу
Тінту тергеу әрекетінің жалпы сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz