Қорапты бояу мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет
Кіріспе 7
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының 8
құрылымы
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы 8
Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы 16
ТКС жіктелуі мен қызметі 16
Дилерлік станциялар 19
Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу 22
бөлімінің әдістемесі.
Бастапқы деректерді негіздеу 22
Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі 24
ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі 26
Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу 27
Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі 29
Орындар санының есебі 32
Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі 35
Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау 37
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 39
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 40
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 41
Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 42
ТКС құрылымы 44
Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты 45
Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы 48
Конструкторлық бөлім 53
Арбалардың құрылымына шолу 53
Ось есебі 57
Пісіріп жалғау 59
Электрмен пісіру 59
Технологиялық карта 61
Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті 64
қорғау
Бөлшектеу және жинау жұмыстары 66
Өрт қауіпсіздігі 67
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері 68
Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау 68
Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу 69
Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі 71
Стендте әзірлеу шығындарын есептеу 71
Қолданылған әдебиеттер 74
Қосымша

Кіріспе

Біздің елімізде автомобиль көлігі сапасы және саны жағынан қарқынды
екпінмен дамуда. Отандық автомобиль нарығында тек Рессейлік заводтық-
өндірушілерден ғана емес, сонымен қатар әлемдегі басқа да елдердің
автомобильдерін таңдау мүкіндігі берілген. Жыл сайынғы әлемдік автомобиль
паркінің өсу қарқыны 10-12 млн. бірлікті құрайды. Жалпы әлемдік парктегі
әрбір бес автомобильдің төртеуі —жеңіл, және олардың үлесіне барлық көлік
түрлерімен тасымалданатын жолаушылардың 60% кіреді.
Әр түрлі елдердің жеңіл автомобильдермен қамтылуының орташа деңгейі
1000 адамға 50-ден 200-ге дейін барады. Кез келген елдің автомобильденуінің
шекті деңгейін болжау қиын, алайда халықтың моторлагну дәрежесі өсуде.
Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады,
соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның
климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-
жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.
1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының
құрылымы

1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы

Автомобиль көлігі кәсіпорындарының түрі мен қызметі
Атқаратын қызметіне байланысты жылжымалы құрамның жұмыс жасау
қабілеттілігі кәсіпорындардың келесідей түрлерін қамтамасыз етеді:
автокөліктік, автожөндеулік, автоқызмет көрсетушілік.
Автокөлік кәсіпорындары (АКК) жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға,
сонымен қатар ТҚК және жөндеу жұмыстарын орындауға, жылжымалы құрамның
сақталуы мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі үшін арналған.
Тасымалдың сипатына және жылжымалы құрамның түріне байланысты автокөлік
кәсіпорындары жеңіл таксомоторлы, қызмет көрсетуіне байланысты жеңіл
мекемелі және ұйымдық, автобустық, жүк таситын, аралас (жүк тасымалы мен
қоса жолаушылар тасымалын жүргізеді) және арнайы, сонымен қатар жедел көмек
көрсету, коммуналдық қызмет және т.б. болып бөлінеді. Нысаналы пайдалану,
өндірістік-тұрмыстық қызмет сипатына, бағыныштылық және меншік формаларына
байланысты АКК : мемлекеттік, муниципальды, ведомстволық, акционерлік, жеке
және т.б. болуы мүмкін.АКК өндірістік қызметті ұйымдастыруда автономиялы
және қауымдық болып бөлінеді. Автономиялы АКК көлік жұмыстарын, жылжымалы
құрамды сақтау және ТҚК мен жөндеудің барлық түрлерін орындайды. Бірлескен
АКК қызметі көлік жұмыстарын орталықтандыру негізінде, сонымен қатар
жылжымалы құрамды ТК мен жөндеу өндірісін толық немесе жарым-жартылай
мамандандыру мен кооперациялау арқылы жүзеге асады.
Автокөлік жөндеу кәсіпорындары негізінен агрегаттар мен түйіндерге
күрделі жөндеу, сирек кездері автомобильдерді толық жөндеу, сонымен қатар
бөлшектерді қалыпқа келтіру жұмысын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорын
болып табылады. Автомобиль агрегаттары мен түйіндеріне КЖ жеке агрегаттарды
(жиі қозғалтқыштарға) немесе агрегаттар тобын жөндеуге маманданған
агрегаттық жөндеу заводтарында жүргізіледі. Автомобильді күрделі жөндейтін
кәсіпорындар шағын бағдарламалық автокөлік жөндейтін шеберхана деп аталады.
Көлікке қызмет көрсетуші кәсіпорындар ең көп кәсіпорындар тобын
құрайды. Оларға келесі кәсіпорындар жатады.

Қалалық кешенді ТКС мен автоорталықтар
Бұл кәсіпорындар автосервис саласында негізгілері болып табылады,
олар жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету мен жөндеудің барлық кешенді
жұмыстарын жүргізеді: жинау-жуу жұмыстары ; түйіндерді, агрегаттарды және
жүйені реттеу мен диагностикалау; кепілдік және одан кейінгі мерзімде
автомобильдеоді ТК мен жөндеу; кузовты жөндеу, сырлау және коррозияға қарсы
өңдеу; автомобильді техникалық байқауға дайындау; сату алдындағы дайындық
пен автомобильдерді сату; қосымша бөлшектерді, автоэксплуатациялық
материалдарды және автожабдықтарды сату; жолда техникалық қызметтер
көрсету; автомобильдерді техникалық пайдалану жөніндегі сұрақтарға кеңес
беру (телефон арқылы да).
Қалалық кешенді станциялардың бір бөлігі автозаводтар (ВАЗ, ГАЗ және
т.б.) мен автомобильдерді жасап шығарушы (БМВ, Опель, Вольво, Реко және
т.б.) немесе олармен тығыз қаржылай байланысы бар шетелдік фирмаларға
тиесілі. Дегенмен станциялардың көп бөлігі (шетелдік тәжірибеге сүйенсек 50-
70%) тәуелсіз болып келеді.
ОСАГО жағдайына өтуге байланысты кешенді қалалық ТКС шоғырында
автомобильдерді ЖКО кейін қалыпқа келтіру мен айналысатын сақтандыру
мекемелерінің станциялары шығуда. Қазіргі таңда Ресейде бұл компаниялар өз
тапсырыстарының көп мөлшерін әзірге қолданыстағы тәуелсіз және фирмалық ТКС
орналастыруда, бірақ шетелдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген ірі
сақтандыру компаниялары авариялық автомобильдерді жөндейтін жеке
кәсіпорындарының болғанын қалайды.

Автомобильдерді, қосалқы бөлшектерді және автоқажеттіліктерді сатумен
айналысатын кәсіпорындар
Әлемдік тәжірибеде автомобильдер саудасын ұйымдастырудың екі формасы
қалыптасқан: өндіруші фирмамен және делдал арқылы.
Ыңғайлы тәртіппен автомобильдер мен қосалқы бөлшектердің саудасын
жүргізу үшін оларға сақтау орындары, сату алдындағы дайындық үшін
өндірістік орындар, автосалондар, дүкендер іспеттес едәуір өндірістік
техникалық база (ӨТБ) қажет. Бұл жағынан автомобиль фирмалары өз
диллерларына айтарлықтай қатаң тәртіп қояды. Мысалы, Фльксваген
компаниясы өз дилерларын таңдау кезінде ӨТБ орындарына байланысты
келесідей талаптарын алға тартады:
– сервистік зона үшін 500-800 м²;
– қосалқы бөлшектер қоймасы үшін 200-300 м²;
– демонстрация жасау залы үшін 250-500 м².
Сонымен қоса офис үшін орын және 1000-1600 м² аудан мен бос орын болуы
шарт.
Автомобильдер паркін қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудің
өркениетті сызбасының басты звеносы болып қойма табылады. Қосалқы бөлшектер
өтімі сферасында қойманың үш деңгейі болуы қажеттігі шетелдік тәжірибеден
белгілі: орталықтанған; аудандық; қосалқы бөлшектерді өткізуші дүкендер мен
кәсіпорындар.
Қосалқы бөлшектер мен автоқажеттіліктерді сататын дүкендер негізінен
кез-келген автосервис кәсіпорындарында қарастырылады, алайда қазіргі таңда
қызметтің бұл түрі өздігінен кең дамыған.
Қорды қоймаларда ұстаудың бағасы жоғары және жыл сайын өсуде,
сондықтан да қосалқы бөлшектерді сатумен айналысатын кәсіпкерлер үшін
кәсіпорынның экономикалық ыңғайлы түрі болып қойма-дүкен табылады.
Қосалқы бөлшектер өтінімімен айналысатын кәсіпорындар үшін келесідей
операциялар мен процесстер сипатты:
– қосалқы бөлшектер мен автоқажеттіліктерді иелену мен жеткізу;
– қоймалық өңдеу (қабылдау, жүк түсіру, орналастыру, орау, есепке алу,
жүкті тиеп қою, тұтынушыларға беру үшін комплектация жасау);
– автомобиль техникасы иелерінің қаржылық іске асуы;
– өтінімдерді қабылдау мен өңдеу, клиенттарға кеңес беру;
– сұранысқа байланысты статистикалық мәліметтердің анализі және қосалқы
бөлшектерді иеленуге арналған тапсырмаларды түзету;
– бәсекелестік баға анализі, баға есебі;
– есептік және басқа да қаржылық құжаттарды басқару.
Тікелей клиенттармен жұмыс жасайтын төмендегі кәсіпорындар тапсырыс
берушілердің өздеріне қызмет көрсетуде қосымша көмек көрсете алады.

Гараж-тұрақтар
Автомобильді сақтау— оның иесінің алғашқы проблемаларының бірі болып
табылады. Автомобильді сақтау үшін гараж қажет. Алайда, жеке гаражбен
барлық автомобильдер бірдей қамтамасыз етілмеген, бұндай жағдай тек Ресейде
ғана емес сонымен қатар барлық дамыған Европа, Америка, Азия елдерінде де
орын алған. Сондықтан да бүкіл дүние жүзі бойынша автомобильдердің
сақталуын қамтамасыз ететін ұрлыққа қарсы құрылғылар мен жүйелер кеңінен
пайдаланылуда. Осындай мақсатқа автосервистің қорғалатын гараж-тұрақтары
секілді кәсіпорындары қызмет атқарады. Бұл кәсіпорындардың ӨТБ, оның құрамы
мен құны автомобильді сақтау тәсілімен анықталатын гараж-тұрақтардың
түріне байланысты болады.

Жеңіл автомобильдердің сыртқы күтімімен айналысатын автосервис
кәсіпорындары
Кәсіпорындардың берілген түріне жуу станциялары мен автомобильдерді
коррозияға қарсы өңдейтін пунктер жатады. Бұл жеңіл автомобильдердің сыртқы
күтімі операцияларының шағын тізімін орындаумен айналысатын
мамандандырылған кәсіпорындар. Автомобильдің сыртқы күтімімен айналысу
күнделікті күтімнің (жинау, жуу, сүрту) бір бөлігі болып, сондай-ақ
мезгілімен қорапқа полировка жасау және коррозияға қарсы өңдеу болып
табылады. Оның міндеті автомобильге таза әрі тартымды сыртқы түр беру,
шанақтың лакпен боялатын қабатын қорғау, қораптың өзінің қызмет атқару
уақытын ұзарту, сондай-ақ, автомобильді ТК мен жөндеуге дайындау болып
табылады.
Автомобильдің сыртқы күтімінің жұмысы технологиялық жағдайда қиын
емес, еңбек сиымдылығы төмен; оларды жылдам сервистер қатарына жатқызуға
болады. Автомобиль қожайындары мұндай операцияларды толығымен өз күшіне
сүйене отырып жасай алады, алайда кей жағдайлар оларды маманданған
кәсіпорындардың қызметіне сүйенуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларға жуу
орындарына қойылатын қатаң экологиялық талаптар, арнайы материалдарды
қолданудағы , қорапты полировкалау процесіндегі және тотығуға қарсы
өңдеудегі технологиялық қиындық, қалталы көлік қожайындарының онша таза
емес жұмысты атқаруға ықыласының болмауын жатқызуға болады.

Автомобиль құрылымдары мен жүйелерін диагностикалайтын және реттейтін
кәсіпорындар
Автомобильді диагностикалау станциялары шет елдерде 60-шы жылдарда
пайда болды, алайда көлік иелерінен жеке диагностикалауға сұраныс
түспегендіктен, олар шығынды деп табылып, кейінгі кезде мүлдем жоғалып
кетті. Олардың негізінде диагностикалаудан басқа да көп көлемді жөндеуді
қажет етпитін, анықталған ақаулар мен реттеулерді орындайтын кәсіпорындар
пайда болды.
Біздің елімізде бұндай қызметті атқаратын станциялар 90-шы жылдың
басына дейін мүлдем болмады. Қазіргі заман жағдайында кәсіпорынның бұл түрі
жаңа өрлеуді бастан кешіруде.

Автомобильдің техникалық жағдайының міндетті құрал-саймандық
бақылауымен техникалық байқау пункті
Міндетті құрал-саймандық бақылауды енгізу амалсыз қолданылған шара
болып келеді, себебі соңғы жылдары ЖКО саны техникалық жағдайларға
байланысты үздіксіз өсуде; Ресейдің ірі қалаларындағы экологиялық жағдай
апатты шекте. Бүкіл дүние жүзі бойынша құрал-саймандық бақылау автокөліктің
техникалық жағдайын анықтаудағы мойындалған жүйе болып табылады. Мысалы,
Германияда 80-ші жылдардың басында-ақ шамамен 200 дей станция 5 млндай
автомобильге тексеру жүргізді.
Бұндай бақылауды енгізудің бірінші кезеңінде автомобиль иелері кем
дегенде екі жағымсыз проблемаға тап болды. Олардың біріншісі — өндірістік
қуаттың жетіспеушілігі, өйткені көлік иелері 15-30 минуттік техникалық
байқау шарасына үш тәуліктей уақыт өткізуге мәжбүр болды. Қазіргі жағдайда
бұл мәселе өз шешімін тапты. Мәскеуде 2000 жылдың өзінде Hoffman фирмасының
30 дай Sun құрал-саймандық бақылаудың автоматталған желісі компьютермен
жұмыс жасады. Ал екінші проблема шетелдің баға жетпесэлектроникасы біздің
онжылдық Лада және Москвич автомобильдеріне бұндай сынақтан өту
мүмкіншілігін бермеген.
Сонымен қатар, техникалық байқаудан 2-3 рет өткеннің өзінде табысты
болуы екіталай, себебі қазіргі таңда аспаптық бақылауда ақаулы түйіндер мен
жүйелердің жұмысының сапасы, технологиясы және жабдығы сәйкес келіп жұмыс
жасаушылары әлі де аз. Жоғарыда қабылданған қаулыдан техникалық байқау
пунктерінің өздеріне анықталған ақауларды реттеу мен жою жұмыстарын жүргізу
тиым салынған. Отандық жабдықпен қызмет атқарушы кешенді ТКС техникалық
байқау кезінде табысқа кепілдік беретіндей құрал-саймандық тексеріс
алдындағы және сапалы реттеу жүргізе алмайды. Бұл міндетті өзіне алатындай
қабілетті мамандандырылған диагностикалық орталықтар және ТКС қажет.
Тегіс қамти алатын аспаптық бақылауды енгізу үшін миллиардтаған
қаражат қажет. Бұл ауыртпалықты жарым-жартылай мемлекеттен алу үшін
31.07.1998 бастап №880 Үкімет қаулысы конкурстық негізде мемлекеттік
техникалық байқауға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің автомобильдерін
тартуға рұқсат етеді.
Сондай-ақ, аспаптық бақылау орындарын автосервис кәсіпорындарына
жатқызуға болады, себебі олар белгіленген бағамен қызмет көрсетеді. Бұл
қызмет міндетті болып табылады. Аспаптық бақылауға ГОСТ Р 51709-2001
параметрімен қаралатын , қозғалыс пен экология қауіпсіздігіне әсер етуші
автомобильдің конструкциялық элементтері, тетіктер мен жүйелері ұшырайды.
Демек, жақын арада жеңіл автомобильдердің тетіктері мен жүйелерін
диагностикалау мен реттеуде келесідей кәсіпорындар құрылымы қалыптасуы
мүмкін:
– аспаптық бақылау орны (АБО) мен автомобильдің техникалық жағдайы;
– мамандандырылған бақылаушы-диагностикалық реттеуші ТКС, ұқсас АБО;
– электрондық жіберіспен қоректендіру жүйесін диагностикалау мен реттеу
орындары,
– басқарылған дөңгелектерді құру бұрыштарын диагностикалайтын және
реттейтін орындар;
– подвескаларды диагностикалау мен жөндеу станциялары;
– автомобильдің ауыр-экономикалық және экологиялық (СО,СН)
көрсеткіштерін диагностикалау мен реттеу станциялары.

Шина мен доңғалақтарды жөндейтін орындар
Шиналар автомобиль құрылысындағы қымбатқа түсетін элементтердің бірі
болып табылады. Автомобиль қызмет атқарған уақытта оларға кететін шығынның
мөлшері автомобильдің өз құнының 20%-не дейін жетеді. Сонымен қатар
шиналарды жөндеу мен қалыпқа келтіру әдістерінің жетіспеушілігінен, олардың
ресурстары 10-20% толықтай қолданылмайды. Сондықтан да шина мен дөңгелекті
өз уақытында жөндеу көлік иелерімен қоса оларға қызмет көрсететін
автосервис кәсіпорындарына да ыңғайлы.
Шиналар мен дөңгелектерді жөндеу орындары мамандандырылған автосервис
кәсіпорындарының ішіндегі 90-шы жылдардың басында пайда болған алғашқылары
болып табылады. Олардың саны мен қуаты сұранысты толықтай
қанағаттандырарлық деңгейге тез көтерілді. Бастапқы уақытта олар АЗС мен
ақылы тұрақтардың жанынан пайда болды, ал кейіннен —жеке кәсіпорындар
ретінде.

Жөндеу-зарядтау станциялары
Аккумуляторларға техникалық қызмет көрсету операциялары айтарлықтай
ерекше болғандықтан, оларды орындау барысында агрессивті заттектермен
(Н₂SO₄) жұмыс жасалынатындықтан, оларға жоғары техникалық қауыпсіздік
талаптары қойылады, сондықтан да жеңіл автомобиль қожайындарының көпшілігі
өздігінен бұл жұмысты атқара алмайды. Бұның барлығы оларды автосервис
кәсіпорындарының көмегіне жүйенуге итермелейді. Аккумуляторларды зарядтау
мен ТК ақылы тұрақтар мен кешенді ТКС қосымша қызмет ретінде орындауы
мүмкін, жоғары сапалы аккумуляторларды жөндеу мен ТК жұмыстарының барлық
түрін жөндеу-зарядтау станциялары типтес маманданған автосервис
кәсіпорындары жүргізеді.
Ал жөндеуге келсек, қазіргі таңда аккумуляторға қатысты қызмет
көрсетумен айналысатын автосервис кәсіпорындарының көпшілігінде ол
жүргізілмейді. Бұл қазіргі таңда аккумуляторлардың құрылысы мен кәсіпкерлер
мен клиенттарға оларды жөндеудің пайдасыздығымен түсіндіріледі. Әйткенмен
бұндай аккумуляторларды техникалық жөндеу мүмкін, және егерде автосервис
нарығындағы конъюнктура оларды жөндеу пайдасына шешілсе, онда бұл қызмет
түрі сұранысқа ие болуы мүмкін.

Қорапты бояу мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар
Жеңіл автомобильдер қорабын бояу мен жөндеу автосервис қызметі
нарығында тұрақты сұранысқа ие. Олар ең қымбат қызмет түрлерінің бірі
болғандықтан, әлдеқайда табысты, сондықтан да шанақты және бояйтын
станциялар айтарлықтай тез өтеледі.
Шанақты ТКС жұмыстың толықтай кезеңі төрт бөлімшеден құралады:
шанақты, бояу бөлімшесі, коррозияға қарсы өңдеу және жапсырма. Бұндай
бөлімшелер кешенді ТКС да болады. Соңғы уақытта бұл бағыттарда кәсіпорындар
көптеп пайда болуда.

Автомобильді отынмен, майлау материалдарымен және арнайы сұйықтықпен
қамтамасыз ететін кәсіпорындар
Автомобильді отынмен, майлау материалдарымен салқындату
сұйықтықтарымен және басқада арнайы сұйықпен және автоэксплуатациялық
материалдармен қамтамасыз етуде автозаправка станциялары қызмет атқарады.
АЗС отын түрлеріне байланысты отындар мен газтәріздес отын түрлерін беруде:
бензиндік, дизельдік, құрамдасқан (бензин+дизельдік отын), газ толтырғыш
(АГНС) және газ толтырғыш компрессорлық станциялар (АГНКС) (сығылған табиғи
газ).
Газ толтырғыш компрессорлық станциялары газомоторлық отынды
өндірудегі, сақтаудағы және бөлудегі технологиялық процесске сәйкес
келесідей құрылымнан тұрады:
• аккумуляторлар —газды сақтау ыдыстары;
• газ желілеріне жалғаушы газөткізгіш;
• газды дайындайтын сыртқы жабдықтар ( сепараторлар мен фильтрлар);
• өндірістік-техникалық корпус.
Негізгі технологиялық құрылғылар: компрессорлық бөлімдер, ауа
компрессорлар, суды немесе антифризді салқындату бөлімшесі, сорғы,
трансформаторлық станция,желдеткіш камерасы, реттеуші арматура бөлімшесі,
тұрмыстық бөлмелер мен операторлық өндірістік-технологиялық корпуста
орналасады.
АЗС, АГНС және АГНКС оларға қойылатын техникалық,санитарлық-
гигиеналық, өртке қарсы және экологиялық талаптардың жоғарылығынан, оларды
жобалау айтарлықтай күрделі объекті болып табылады.

Жол кешеніндегі автосервис кәсіпорындары
Автосервистің басты бөлімінің бірі жүргізушілерге, жолаушыларға және
автомобильдерге жол үстінде қызмет көрсету болып табылады. Бұндай қызмет
көрсететін кәсіпорындар желісінің қажеттілігі жолаушылар мен
жүргізушілердің ұзақ жолда демалуы мен тамақтануының қажеттілігінен,
заправка мен бұзылған автомобильдерді жөндеуден туындайды.
Қызмет көрсетудің қарапайым жүйесі жолдағы демалыс орындарынан
құралады. Әдетте олар көлеңкелі жерлерде орналасып, туалетпен, жаңбыр мен
күннен қорғайтын орындармен жабдықталады, олардың кейбіреулерінде
автомобильді байқау мен жөндеу үшін эстакадалар орналасқан. Қозғалыс
қарқындылығы жоғары автомобиль магистральдарында жолдың әрбір жағында 5-10
км сайын ауданы 3-5 автомобильге келетіндей демалу орындары (шетелдік
тәжірибеден) қарастырылады. Ал ірілеу тұрақтар 25-30 км сайын жабдықталады.
Жүргізушілермен олардың автомобильдеріне дамыған жолдағы қызмет
көрсету жүйесі жолдық ТКС, АЗС, мотельдер мен кемпингтардан тұрады.
Мотель—автомобильшілерге арналған арнайы қонақ үй. Кәдімгі қонақ
үйден оның айырмашылығы құрамында автомобильдер үшін гараж-тұрақтар
біріктірілген. Сақтаумен қоса автомобильдерге қызмет көрсетудің басқада
азын-аулақ қызметтерін көрсетеді, мысалы көлік жуу.

Өзіне-өзі қызмет көрсету кісіпорындары
25%-ке дейін, ал технологиялық тұрғыдан оңай жұмыстарға одан да көп
көлік иелері өз автомобильдеріне өздігінен қызмет көрсетуді қалайтындығы
белгілі, алайда шындығында олардың барлығы бұл мүмкіндікті жүзеге асыра
алмайды.Негізінен бұның себебі—бір автомобильді ТК мен жөндеуге сатып
алудың тиімсіздігінен, қажетті құрал-жабдықтың жоқ-тығы, не болмаса, бұл
жұмыстарды орындауда әрбір автомобиль иесі қамта-масыз ете алмайтын жоғары
экологиялық,санитарлық-техникалық және бас-қа да талаптар ТКС, гараж-
тұрақтар,мотель,кемпинг және басқа да автосер-вис кәсіпорындары бұндай
клиенттерден айырылып қалмау мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету орындары
мен бөлімшелерін ұйымдастырады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету принципі болып, клиентке белгілі бір бағаға
автомобилін өз күшімен ТК және жөндеуге жұмыс орны мен құрал-жабдық
беріледі. Бұл жағдайда жұмыс құны станция қызметкерлері орындағаннан
көрі әлдеқайда арзанға түседі (ТК—70-80%, ал жөндеу—екі-үш есе). Шетелде
өзіне-өзі қызмет көрсету түрі көптен бері қолданыста, ал біздің елімізде ол
сол сияқты даму үстінде, және алдағы уақытта өзіне-өзі қызмет көрсететін
арнайы ТКС пайда болуын күтуге болады. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, бұн-
дай станциялардың екі түрі қалыптасқан: шағын көлемдегі ТК мен
диагностикалық әдісті пайдаланатын үлкен көлемдегі ТК мен жөндеу стан-
лары. Ережеге сәйкес станциялардың бірінші түрінде көлік жуу,автомобильді
майлау,отын, май және арнайы сұйықтықтар құю,қосалқы бөлшектер мен ав-
тоқажеттіліктерді сату секілді жұмыстар орындалады. Қызметтер мен заттар-
дың төлемі толықтай немесе жартылай автоматтандырылған болуы мүмкін.
Қосалқы бөлшектерді сату, отын құю, көлік жуу тәулік бойы қызмет атқарады,
ал ТК орындары тәулігіне 12 сағат жұмыс жасайды. Станцияның екінші түрінде
әлдеқайда күрделі қызметтер кешені орындалады.
Жұмысты ұйымдастыру мен клиентті және оның көмекшілерін қадағалауды
белгіленген тәртіппен кеңесші-техник орындайды. Бұл қызметке физикалық
жұмыстарды жасау қиын, бірақ автомобиль иелеріне жұмыс жасау барысында
қажетті кеңес бере алатын тәжірибесі мол зейнетақы жасындағы автосервистің
қарт жұмысшысы сәйкес келеді.
Жұмыстың алдында клиент техникалық қауыпсіздік нұсқаулығымен
танысады, техникке төленген талон мен автомобильдің техникалық күәлігін
тапсырады (құрал-жабдықты тапсырғаннан кейін жұмыс аяғында қайтарылады).
Кейін көлік иесі техниктің бақылауымен өз автомобилін жұмыс орнына қояды да
құрал-жабдық алады.
Кеңесші-техник жұмыс барысын қадағалайды және қажетті жағдайда
техникалық кеңес береді.
ТКС өзіне-өзі қызмет көрсететін орындар мен бөлімшелерді құру
кәсіпкерлердің қызмет көлемін үлкейтеді, соған орай табысты да, ал көлік
иелерінің жеке уақытын үнемдейді және шығынды азайтады.

Пайдаланылғаннан кейін автомобиль құрылымындағы элементтерді пайдаға
асыратын кәсіпорындар
Жыл сайын дүние жүзінде 27 млн-ға дейін автомобильдер өз қызметін
аяқтап, утилизацияға түседі. Автомобиль күрделі техникалық бұйым болып
табылады, оның бөлшектері мен элементтері ондаған түрлі материалдардан
жасалынады, пластика мен резеңке-техникалық бұйымдардан бастап, түрлі-түсті
және де қымбат металдарға дейін. Сондықтан да оны пайдаланғаннан кейін
утилизация жасау тиімді.
Соған орай өз қызметін аяқтаған автомобиль құрылымындағы бөлшектер
мен элементтарды пайдаға асыруға дайындау және жинау үшін кәсіпорындар
жүйесі қажет. Соның ішінде автомобильді тұтастан бөлшектеуге қабылдайтын
кешенді кәсіпорындар қажет.
Автомобильді утилизацияға дайындау мен бөлшектеу барысындағы қызмет
түрлерінің үлгісі:
– бөлшектеу орнына жеткізу;
– оның бағасын анықтау мен көлік иесіне құнын төлеу;
– агрегаттар мен жүйелерден майлар мен арнайы сұйықтықтарды құйып алу,
– автомобильді бөлшектеу,бөлшектерді материал түрлеріне байланысты
сорттау;
– пайдаға жарамды бөлшектерді анықтау;
– көлемді бөлшектерді пресстеу;
– материалдардың әр түрлерін сәйкесінше қажетті кәсіпорындарға тапсыру
(сату);
– орынды бағаға ұсталған бөлшектерді сату.

2. Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциялары

1. ТКС қызметі мен жіктелуі

Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциялары (ТКС) автомобиль
сервисіндегі кәсіпорындардың басты үлгісі болып табылады. Қазіргі заманғы
ТКС келесідей қызмет түрлерін көрсетеді: автомобильді сату мен жаңа және
ұсталған автомобильдерге сату алдындағы қызмет көрсету; қосалқы
бөлшектерді, пайдаланылған материалдарды сату; кепілдік және одан кейінгі
пайдаланылған уақыттағы ТК мен АЖ; агрегаттарды күрделі жөндеу және
автомобильді қалыпқа келтіру, соның ішінде (автомобиль шанағының) ЖКО
кезінде пайда болған автомобиль шанағының зақымданған жерін түзету.
Көрсетілген жұмыстар ТКС сәйкес келетін өндірістік учаскелер
барлығына байланысты орындалады, олрдың әрбірінде автомобиль-орындарының
белгілі бір саны болуы тиіс.
Автомобиль-орындар деп қызмет көрсету барысында, қызмет көрсетуді
күту және қожайынына беру кезінде автомобиль автомобиль орнатып қойылатын
ТКС бөлімше ауданын айтады. ТКС ғимаратындағы автомобиль-орындар өзінің
технологиялық міндетіне байланысты көмекші және жұмыс посттары, автомобиль
күту орындары болып бөлінеді. Жоспарлық тұрғыдан посттар мен автомобиль
күту орындарының айырмашылығы оларда орналасқан автомобильдердің
арасындағы нормативтік қашықтықтарға, сонымен қатар автомобильдер мен
ғимарат құрылымы элементтерінің арасына байланысты болады.
Жұмыс посты қажетті технологиялық жабдықтар орнатылған және тікелей
автомобильдің техникалық жөнделген жағдайы мен сыртқы көрінісін қалыпқа
келтіретін және сақтайтын көлік жуу, диагностикалау, ТК, АЖ және бояу
секілді технологиялық әсер ететін автомобиль орындарынан тұрады.
Посттар әмбебап және мамандандырылған болып келеді.
Көмекші пост — автомобильді технологиялық жөндеу және сыртқы түрін
қалыпқа келтірудегі көмекші әрі қажетті операцияларды орындауға арналған.
ТК мен жөндеу аймағында жөндеудің ерекшелігі жұмыс орындарының 50-
80% көтергіш құрылғылармен жабдықтауды талап етеді, себебі автомобиль-
кірістерінің 80% автомобильді іліп қою жағдайында жұмыс жасаумен
байланысты. Бұндай жабдықтау өндірістік еңбекті 10% көтереді. ТК мен АЖ
әмбебап посттарында жабдықтар мен құралдарды тиімді пайдалану үшін оларды
толымдайды:бір, екі-үш және оданда көп посттар үшін.
ТК және АЖ аймағы автомобильді қабылдау мен беру, диагностикалау
бөлімшелерінен және қосалқы бөлшектер қоймасымен технологиялық байланысты,
ал олардың ауданы жалпы өндірістік ауданның 40% құрайды. ТК және АЖ
посттары аймағының қасында автомобильден алынған агрегаттар мен бөлшектер
үшін слесарлық-механикалық бөлімшелері және басқа да ТКС ауданының 6-8%
құрайтын мамандандырылған көмекші өндірістік бөлімшелер орналасқан.
Өндірістік бөлімшелердің өзара орналасуы олардың арасындағы функциялық
байланыспен, жұмыстардың технологиялық біртектілігімен және құрылыстың,
өртке қарсы және санитарлық-гигиеналық талаптардың тұтастығымен анықталады.
Орынды жоспарлау кезінде әсер ету түрлеріне жарым-жартылай
мамандандырылған ТК мен АЖ посттарына негізгі мағына беріледі. Бұндай
жағдайда уақыт өте келе посттардың саны мен құрамы өзгеріп отыруын ескеру
қажет. Қазіргі заманғы ТКС ТК мен АЖ жұмыстарының басты бөлігі жалпы залда
орындалады.
ТКС қуатына, өлшеміне, орыналасуына, міндетіне және мамандануына
байланысты олардың атқаратын қызметі мен олардың үйлесуі әр түрлі болуы
мүмкін.
ТКС орналасу принципіне байланысты —қалалық және жолдық; негізгі
өндірістік қызметінің сипатына байланысты—кепілдік, кешенді,
мамандандырылған, өз-өзіне қызмет көрсететін; өндірістік қуаты мен көлеміне
байланысты—кіші, орташа, үлкен, ірі болып бөлінеді.
Қалалық ТКС қалада және басқа елді мекендердегі автомобиль парктеріне
қызмет көрсетуге, ал жолдық ТКС жолдағы көлік құралдарына техникалық көмек
көрсетуге арналған.
Қалалық ТКС жұмыс түрлеріне және автомобиль маркаларына байланысты
әмбебап және мамандандырылған болып келеді. Сонымен қатар оларға кепілдік
қызмет көрсететін заводтың станциялары да жатады.
Қазіргі жобалар үшін қабылданған топтастыруларға сәйкес қалалық ТКС
қуаты мен өлшеміне байланысты төрт түрге бөлінеді: кіші—15-ке дейін,
орташа—30-ға дейін, үлкен—50-ге дейін және ірі—50-ден жоғары жұмыс
орындары. Осы өлшем түрлеріне байланысты қазіргі ТКС жобалары қалыптасады.
ТКС өлшемі мен міндеті олардың түрі немесе өлшем түріне байланысты
анықталады. қалалық ТКС негізінен тұрақты клиентке ие және өндірістік
мүмкіндігі рұқсат еткен жағдайда автомобильге кешенді қызмет көрсетеді.
Өткен он жылдықта тұрғындарға тиесілі жеңіл автомобильдер паркінің
құрылымдық құрамы айтарлықтай өзгерді, бұл автомобиль маркаларына
мамандандырылған ТКС желісінің дамуына жағдай жасайды. Алайда алдағы
уақытта қалалық станциялардың басты түрі автомобиль маркасына байланысты
қызмет көрсететін әмбебап және ТКС орындалатын жұмыс түрлеріне байланысты
кешенді болып келеді (әсіресе кіші қалалар мен елді мекендерде).
Қазіргі кезде ТКС жұмыс түрлеріне бағдар жасау ондағы өндірістік
мүмкіндігіне байланысты анықталады, яғни сәйкес бөлімшелерге, бөлмелерге,
құрал-жабдықтарға және т.б.
Жеңіл автомобильдер паркінің өсуі мен ТКС желісінің алдағы дамуы
мамандандырылған кешенді қызмет көрсету станцияларының дамуына әкеліп
соғуда, яғни белгілі бір маркадағы автомобильді ТК мен жөндеуді орындайтын
ТКС, сонымен қатар жұмыс түрлеріне байланысты мамандандырылған, мысалы,
диагностикалау, жуу, электрожабдықтарды және қоректендіру аспаптарын
жөндеу, тежеуіш, агрегаттарды, шанақты бояуға байланысты және т.б. Осы және
басқа да жұмыстар жартылай мамандандырылған жағдайда бірімен бірі
қиыстырылып орындалуы мүмкін. Бұндай келешек үлкен қалалардағы тәжірибемен
дәлелделінеді, мысалы, мемлекет бойынша автомобильмен қамтылу деңгейі
әлдеқайда жоғары Мәскеу, Санкт-Петербург секілді қалаларда және де шетелдік
тәжірибеден.
Станцияның толық жүктелуі мен жоғарғы өнімділікті жабдықты тиімді
пайдалану, қарқынды технология мен өндірісті ұйымдастыруды тиімді
қолданудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін объектілер санының жеткілікті
болуы ТКС автомобильдің маркасына немесе жұмыс түрлеріне сәйкес
мамандандырылудың негізі болып табылады. Автомобиль қожайындарының белгілі
бір мөлшері ТК және АЖ жұмыстарын өз күшімен өткізуді қалайды. Алайда орын
алған жағдай әркез оған сай келмейді, себебі өз-өзіне қызмет көрсету
орындары тек қана кей отандық ТКС кездеседі. Ал шетелдерде тек посттар ғана
емес өз-өзіне қызмет корсету станциялары да кең тараған. Мамандандырылған
станцияларды ұйымдастыру арқылы, алдағы уақытта біздің елімізде де өз-өзіне
қызмет көрсетудің одан әрі дамуы мүмкін.
Бұл сұрақты шешудегі негізгі қиындықтар болып, сәйкес келетін сапа
бақылауын ұйымдастыру мен техникалық қауіпсіздікті ұстану табылады.
Автомобиль құрылымы әркез жетіліп отыратындықтан жоғарғы дәлдікке ие
қазіргі заманғы күрделі құрал-жабдықты, сонымен қатар лайықты технологияны
қолдануды талап етеді. ТК мен жөндеу кезінде сапаның жоғалуы көптеген
жағдайда жол-көлік оқиғасы мен қоршаған ортаны ластауға әкеліп соқтырады.
Қазіргі заманғы шетелдік автосервистарға бағдар жасай отырып
келешектегі оның дамуына жорамал жасауға болады. ТКС, шеберханалар-
дың, АЗС-дағы ТК мен жөндеу орындарының және басқа да автосервис
кәсіпорындарының санының шамасы келесі берілгендермен сипатталады:
• АҚШ- та — 200 автомобильге ;
• Францияда — 300 автомобильге ;
• Ұлыбританияда — 400 автомобильге 1 кәсіпорын.
Бұл негізінен кіші қуаттағы кәсіпорындар. Олардың 70%-нің посттары3-
тен аспайды, шамамен 13% посттары— 3-тен 10-ға дейін, шамамен 12% посттары—
10-нан 35-ке дейін және тек 5% посттары—35-тен 100-ге дейін.
Осы кәсіпорындардың жартысынан кемі фирмалық қызмет көрсетеді.

1.2.2 Дилерлік станциялар

Шетелде техниканы сатумен тек машина даярлаушылары немесе олардың
аудандық филиалы атынан олардың мүддесін білдіруші уәкіл, кепілдік бойынша
шағымдарды орнында қарастыратын, жөндеуді тек лайықты технологиямен
атқаратын, дайындаушылардың баға тізіміне іліккен кез-келген қосалқы
бөлшектерді жеткізуді қамтамасыз ететін дайындаушы ұсынған кәсіпорындар
айналасады. Бұндай кәсіпорындар өкілетті дилерлар деп аталады.
Өкілетті дилер (dealer— саудагер)—белгілі бір ауданда техникамен және
қасалқы бөлшектердің түпнұсқасының дара иеліктегі саудагері, өкіл бағасына
уәкілдік етуші, сату, кепілдік, жөндеу және сатылған техниканың қосалқы
бөлшекпен қамтамасыз ету сұрақтарын шешуші.
Дәлме-дәл және мағыналық аудармасы дилер сатылатын техникамен
байланысты барлық сұрақтар мен мәселелерді шешуге уакілетті. Дилерлер
мәселені тек дайындаушылардың толық техникалық, ақпараттық, құқықтық және
бағалық қолдауы арқылы шеше алады. Бұл сұрақтардың барлығы дилерлік
келісулер мен машинаның өкілдік баға сауда саясаты жағдайында алдын ала
келісіледі. Дилерлер — машинаны жеткізушілердің тауарларымен келісім
бойынша жұмыс жасайтын дербес кәсіпорын. Машинаны жеткізушілер өз тауар
және сауда саясатында дилердің тақырға отыруына себебін тигізуі мүмкін
қандай да болмасын тәуекелден бас тартады. Бұл бірінші кезекте машина
жеткізушілердің өздері үшін маңызды, себебі дилер банкротқа ұшыраған
жағдайда олар аудандағы сауда және сервистік нүктесінен айырылады.
Техника сататын шетелдік өкілетті дилерлік фирмалардың әдеттегі
құрылымы мен бөлімшелердің қызметі төменде көрсетілген.
Коммерциялық қызмет:
– сауда саясатын жасау, нарықта орнығу шаралары және өтімді ұлғайту;
– жаңа машиналарды сатып алу мен сату;
– сату алдындағы дайындыққа қажетті жұмыстарды анықтау;
– жарнамалық шараларды ұйымдастыру;
– клиенттер жөнінде мәліметтер базасын құру;
– кепілдеме бойынша шағымдар есебі және машинаны жеткізушілер мен сатып
алушыларға лайықты сұрақтарды реттеу;
– бәсекелестерді және нарықты зерттеу.
Пайдаланылған машиналардыөткізу қызметі:
– пайдаланылған машиналарды сатып алу мен сату;
– машина ақауын анықтау, сату алдындағы жөндеуге байланысты қажетті
және орынды жұмыстарды анықтау;
– кепілдеме бойынша шағымдар есебі және сатып алушыларға қатысты
сұрақтарды реттеу;
– өтімге жарамсыз машиналарды пайдаға асыру шараларын қабылдау.
Техникалық сервис қызметі:
– жаңа машиналарды сату алдындағы дайындық;
– ұсталған машиналарды сату алдындағы жөндеу;
– сатылған жаңа және ұсталған машиналарды кепілдік жөндеу;
– техникаға коммерциялық профилактикалық регламенттік қызмет көрсету;
– коммерциялық сақтандыратын қызмет көрсету (реттеу және т.б.);
– коммерциялық қалыпқа келтіру қызметі (жөндеу);
– жеке техника паркіндегі қызмет көрсетудің барлық түрі;
– қалыпқа келтірілген қосалқы бөлшектер фонды үшін агрегаттар мен
түйіндерді жөндеу;
– өз машиналарына өз бетімен қызмет көрсетуді қалайтындарға жөндеу
күштерін коммерциялық жалға беру;
– өз қызметкерлеріне жеке көліктерін өз қалаулары бойынша жөндеуге
қуатпен жағдай жасау.
Қосалқы бөлшектер қызметі:
– қосалқы бөлшектер мен қажеттіліктерді сатып алу;
– сату алдындағы дайындық, кепілдік жөндеу, коммерциялық қызмет корсету
мен жөндеу, фирмалық жеке паркін жөндеу үшін сервис қызметіне қосалқы
бөлшектерді, қажеттілерді және шығыс материалдарды беру;
– қоймалық өңдеу— жүк түсіру, қабылдау, орналастыру,есеп, буу,
тұтынушыларға жіберу үшін комлектация жасау, тиеу;
– тәуелсіз сервистік фирмалар мен техника иелеріне қосалқы бөлшектерді,
қажеттіліктерді және шығыс материалдарды коммерциялық өткізу;
– қалыпқа келтірілген агрегаттарды қоймалау фонды;
– клиенттерге кеңес беру.
Офис:
– құжаттарды өңдеу мен дайындау, есептеу және т.б.
– клиенттерге тіркеу, сақтандыру бойынша қосымша көмек көрсету және
т.б.
Бухгалтерия :
– бухгалтерлік есеп;
– төлемдердің түсуін бақылау;
– фирма шығынын төлеу;
– құрама қаржылық құжаттарды дайындау.
Фирма ауқымына қарай басқа да бөлімшелер кездеседі.
Сервистік қызмет дилердің фирмасын тапсырыс берушілердің шағымынан
қорғау керек дегенді жиі естуге болады. Бұл пікірді біле тұра сервистік
қызметке тұрлаусыз рөл бөлінген, былай айтқанда оны кіріс көзі ретінде
есептемейді. Алайда сервистік қызмет пен қосалқы бөлшектер қызметі дилерлік
фирмадағы дербес әрі аса тиімді кіріс көзі болып табылады. Бұл қызметтердің
фирмаға пайда келтіретін рөлі негізінен экономикалық құлдырау өсуге қараған
да ұзақ созылған мезгілде көрінеді. Қосалқы бөлшектердің саудасы мен жөндеу
бойынша қызметтердің агрессивті маркетингі мұндай мезгілдердегі машина
саудасының төмендеуінің жағымсыз нәтижесінің орнын толтырады. Әрине, осы
уақыттарда тұтынушыларда өз шығынын азайтуды қалайды. Көлік оқиғасынан
кейін шанақты бояу мен жөндеуді айтпағанда, машинаны пайдалану кезінде
қызмет көрсетуден бас тарта алмайды.
Жеңіл автомобильдерді сатушы дилерлар өздерінен сатылған машиналардың
тек төрттен бірінен жартысына дейін өз сервисімен қамтиды.
Көлік қожайындары кепілдік уақытынан кейін жөндеуге тек дилерге ғана емес,
сондай-ақ шығарушыға байланысы жоқ жөндеу кәсіпорындарына, егер олар жақын
орналасса немесе арзан жөнделсе, не болмаса көлік иелерінің жақындық
байланысына байланысты береді.

2. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ (ТҚКС) ТЕХНИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУ
БӨЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Бастапқы деректерді негіздеу

ТҚКС қуатын, көлемін және түрін анықтайтын факторлардың ең негізгісі
көп мөлшердегі кездейсоқтықпен байланысты ТҚКС кіріс саны болып табылады
және ол ықтималдық сипатты көрсетеді. Соғу мөлшерінің қалыптасуына және
қалалық станциялардағы жұмыс көлеміне әсерін тигізушілер: қаладағы
автомобильдердің мөлшері; жылдық жүрілген жол мен автомобиль паркінің
жағдайы; пайдалану шарты; АТҚКС жиынтық қуаты мен көлемі; қаладағы орны
және т.б.
Автомобильдер паркіндегі қызмет көрсетуші ТҚКС анықтау кезінде келесі
ерекшеліктерді ескерген жөн:
1. ТҚКС кіруші лек талаптары сол немесе басқа түрдегі жұмыстарға әртүрлі
сұраныс жиелігімен және жұмысты таза орындаушылығымен сипатталады.
Соның ішінде еңбек шығындарының көлеміне, білетініміздей, белгілі
көлемдегі шығын әкелетін автомобиль жасы өз әсерін тигізеді.
2. Жеңіл автомобильдер әртүрлі автосервис кәсіпорындарында қызмет
көрсетуді пайдалана алады, сонымен қатар олар заңға сәйкес белгілі бір
ТҚКС бекітіліп қойылмағандықтан, олардың станцияға соғуы кездейсоқтық
сипат алады.
3. Автомобиль қожайындарының бір бөлігі техникалық қызмет көрсетуді (ТҚК)
және техникалық жұмыстарды (ТЖ) өз күшімен немесе басқа жаққа жүгін
арқылы орындайды, сонымен қатар техникалық қызмет және техникалық
жұмыстар қажет болатын автомобильдердің барлығы емес тек олардың бір
бөлігі ғана ТҚКС соғады.

Жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерді ескере отырып,
ТҚКС қызмет көрсетілетін автомобильдердің жағдайына байланысты парк
үшін техникалық есепті орындау қабылданды:

(2.1)

Мұндағы, N- аудандағы автомобильдер паркі;
К-ТҚКС көмегін тұтынатын автомобиль қожайындарының санын ескеретін,
жүгіну коэффициенті. Мамандардың есептеуі бойынша, отандық автомобильдер
үшін К= 0,45...0,50, ал шет елде өндірілетін автомобильдер үшін
К=0.75...0,85.
Бұл жерде шартты автомобиль паркі деп, жыл ішінде ТҚКС кешенді
қызмет көрсетілетін автомобиль түсіндіріледі және онда дұрыс жағдайды
қамтамасыз ететіндей негізде техникалық қызмет және жөндеу бойынша толықтай
кешенді жұмыстар жүргізіледі. Есептеу бойынша, парктегі шартты
автомобильдер жыл ішінде ортта есеппен ТҚКС 2 рет Автомобиль-кіріс жасауы
қажет.
Техникалық есептеудің мақсаты ТҚКС және техникалық қызмет көрсету мен
автомобильді жөндеу ұйымдары үшін кешенді-жоспарлы шешімдерді өңдеу үшін
қажетті сипаттамаларды (жұмыс орындарының саны, автомобиль орындары,
алаңшалар, және т.б.) анықтау болып табылады.
Технологиялық есептеу құрылымы ТҚКС жобалауда қойылған
тапсырмалардағы нақты мақсаттарға тәуелді болады.
Мысалы, ТҚКС құрылымдау үшін тапсырыс берушіден бөлінген қаржыға
байланысты немесе тапсырыс берушінің иелігіндегі белгіленген жер
бөлімшесінде немесе өндірістік қойма алаңында (белгілі пішіндегі мен
өлшемдегі) бір немесе бірнеше маркадағы жеңіл (жүк) автомобильдеріне қызмет
көрсететін ТҚКС жобасының 2-3 нұсқасын өңдеп шығару мақсаты қойылуы мүмкін.
Бұндай жағдайда жобаның техникалық бөлімі бөлінген қаржының немесе
белгіленген жер бөлімшесінің алаңын қолданудың ең тиімді жолын табу
мақсатында ТҚКС көлемді-жобалық шешімінің бірнеше нұсқасын өңдеуге
жіберіледі.
Сонымен қатар жоспарлық шешімнің негізі болып жұмыс орындарының саны
белгіленеді, тек содан кейін қызметкерлер құрамының саны, мүмкін болатын
көлемдер мен қызметтер тізімі, қажетті құрылғылар анықталады.
Егер тапсырмада ТҚКС (жұмыс орындарының саны) өлшемі және
көрсетілетін қызметтер түрі берілген болса, демек мұндай жағдайда
техникалық есеп ТҚКС жоспарлы шешімдерін өңдеудің негізінде болатын ТҚКС
атқаратын жұмыс көлемін, жұмысшылар мен алаңшалардың санын, құрал-
жабдықтарды анықтаудан тұрады.
Әдетте технологиялық есеп құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
– бастапқы деректер;
– жұмыстардың жылдық көлемінің есебі;
– жұмыстардың жылдық көлемін түрлерге және орындалу жерлеріне бөлу;
– жұмысшылар санының есебі;
– жұмыс орындар санының есебі;
– автомобильдерді сақтау және уақытша тұрғызу үшін арналған орындар
есебі;
– алаң ғимараты мен құрамын анықтау;
– алаңша аумағының есебі;
– технологиялық құрал-жабдықтарға қажеттілікті анықтау.
Технологиялық есептеудің бастапқы деректері болып:
– NСТО маркалы автомобильдердің станцияда шартты қызмететілушілердің
жылдық мөлшері;
– жылына бир автомобильдің станцияға автомобиль-кіріс жасауының мөлшері
– d;
– сатылатын автомобильдердің (егер ТҚКС автомобиль сатумен айналысқан
жағдайда) жылдық мөлшері —;
– орта есеппен автомобильдің жылдық жүрісі –L;
– станциядағы бір жылдың ішіндегі жұмыс күшінің саны – D;
– ауысым ұзақтығы -7;
– ауысым саны –С табылады.
ТҚКС өлшемі мен қуатын негіздеу кезінде, сонымен қатар қаланың,
ауданның, областың ішінде орналастырған кезінде әрбір нақты жағдайды — елді-
мекеннің автомобильмен қанықтығын, әрекеттегі ТҚКС және басқада автоқызмет
көрсетуші кәсіпорындар орнын, жеңіл автомобильдер көп шоғырланған жерлерге
ТҚКС жақындату мүмкіндігін, аудандағы жолдық және климаттық жағдайлардың,
пайдалану мерзімінің ұзақтығы және т.б. ескеру қажет.

2.2 Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі

Қалалық қызмет көрсету станциялар жұмысының жылдық көлеміне
техникалық қызмет көрсету, техникалық жұмыстар, жинау-жуу жұмыстары,
автомобильге сату алдындағы дайындық пен коррозияға қарсы өңдеу жұмыстарын
жүргізу кіреді.
Техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу жұмыстарының жылдық
көлемі (адам-сағ):

(2.2)

Мұндағы, —жылына жобалаушы ТҚКС қызмет көрсететін
автомобильдер саны;
-орташа жылдық мөлшердегі автомобиль жүрісі, км;
- ТҚК мен ТЖ жұмыстары бойынша меншікті еңбексиымдылығы, адам-
сағ1000км.
Қалалық ТҚКС орындалатын ТҚК және техникалық жұмыстардың меншікті
еңбек сиымдылығы ОНТП сәйкес автомобиль класстарына байланысты
анықталады.ТҚКС өлшемімен ауданның климаттық жағдайымен байланысты лайықты
негізде көрсетілген еңбек сиымдылығы түзетілуі мүмкін.
Жұмыс орындарының санына байланысты ТҚК мен ТЖ еңбек сиымдылығының
түзету коэффициенттерінің мағынасы келесіні құрайды:
5 дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1,05
5 жоғары 10 дейін ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1,00
10 жоғары 15 дейін ... ... ... ... ... ... ... ... .0, 95
15 жоғары 25 дейін ... ... ... ... ... ... ... ... .0, 90
25 жоғары 35 дейін ... ... ... ... ... ... ... ... .0, 85
35 жоғары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...0,80

Ауданның климаттық жағдайына байланысты ТҚК мен техникалық жұмыстардың
еңбек сиымдылығының түзету коэффициенттерінің мағнасы қосымша 2 бойынша
қабылданады.
ТҚКС кіріс сандары белгілі болған жағдайда тұрмыс түрлеріне бір
жолғы еңбек сиымдылығы қолданылады, ал олар түзетуді қажет етпейді.
Бірнеше үлгідегі автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған әмбебап
ТҚКС жобалау кезіндегі жұмыстың жылдық көлемінің жиынтығы құрайды:

(2.3)

Мұнда әр үлгіге сәйкес:

, ,... - жылына жобалаушы ТҚКС қызмет көрсететін
автомобильдер саны;
, ,...- орташа жылдық мөлшердегі автомобиль жүрісі, км;
, ,... - ТҚК мен ТЖ жұмыстары бойынша меншікті
еңбексиымдылығы, адам-сағ1000км.

Жинау-жуу жұмыстарының жылдық көлемі (адам-сағ) автомобильдің
жылына станцияға кіріс санымен және жұмыстың орта есеппен алынған еңбек
сиымдылығымен анықталады:

, (2.4)

ТҚКС жинау-жуу жұмыстары ТҚК және ТЖ тікелей алдында немесе өз алдына
қызмет көрсету түрі ретінде орындалады. Бірінші жағдайда жинау-жуу
жұмыстарына кіріс саны жылына қызмет көрсетілетін автомобильдер санына сай
қабылданады, сонымен қатар:

, (2.5)

Егер ТҚКС жинау-жуу жұмыстары жеке қызмет түрі ретінде
орындалатын болса, онда жинау-жуу жұмыстарына кіріс саны L3 = 800-1000 км
бір кіріс есебінен қабылдануы мүмкін.

Демек, жеке қызмет көрсету түрі ретінде ЖЖЖ кіріс саны:

, (2.6)

Орта есеппен бір кірістің еңбек сиымдылығы механикаландырылған ( құрал-
жабдықтарды пайдалануға байланысты) жуу кезінде 0,15-0,25 адам-сағ тең, ал
қолмен шлангалық жуу кезінде 0,5 адам-сағ тең болады.
Автомобильді қабылдау мен берудің жылдық көлемі (адам-сағ):

, (2.7)

Мұндағы, - автомобильді қабылдау мен беру жұмыстарына бір кіріс
санының бір жолғы еңбек сиымдылығы
Автомобиль қорабын коррозияға қарсы өңдеудің жылдық көлемі (адам-сағ):
, (2.8)

Мұнда - бір жылда қорапты коррозияға қарсы өңдеу мақсатында
автомобильдің кіріс саны;
- қорапты коррозияға қарсы өңдеу жұмыстарына бір кірістің бір
жолғы еңбек сиымдылығы. Коррозияға қарсы өңдеу жұмыстарын өткізу жиілігі
жылына 0,2-0,3 кіріс жағдайында 3-5 жылды құрайды.

, (2.9)

Сату алдындағы дайындық жұмыстарының жылдық көлемі (адам-сағ):

, (2.10)

Мұнда - бір автомобильдің сату алдындағы дайындығының еңбек
сиымдылығы (3,0-3,5 адам-сағ).
2.1 кестесінде жұмыстың жылдық көлем есебінің нәтижесі көрсетілген.

2.1- кесте
Жұмыстың жылдық көлемі, адам.-сағ

Автомобиль Виды воздействий Жұмыстың жалпы
маркасы жылдық көлемі, Т

Шетелдік 49612,5 131,25 131,25 3150 350 53375
Рессейлік 7560 25 25 600 175 8385

2.3 ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі

Жұмыс орындарының мөлшері автомобиль жолындағы қозғалыс
қарқындылығына ; қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындау үшін
автомобильдің жолдан шығу жиілігіне; жолдағы станциялардың арақашықтығына;
бір кірістік орта есептегі еңбек сиымдылығына тәуелді .
Жалпы кіріс сандарын шамамен автомобиль түрлеріне болу (%): жүк-25;
жеңіл – 70; автобустар -5 құрайды.
Әрбір автомобиль түріне жылдық көлемдегі жұмыс (адам-сағ):

, (2.11)

Мұндағы, - тәулігіне берілген түрдегі автомобильдің станцияға
кіріс саны;
- жылына станциядағы жұмыс күндерінің саны;
- автомобильдің станцияға бір жүргендегі жұмысының орта есептегі бір
жолғы еңбек сиымдылығы, адам-сағ (косымша).
Жылдың ең қызу айында жобалаушы ТҚКС бөлімшесіндегі жол қозғалысының
қарқындылығына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы
Автокөлік тасымалдаудың техникалық сенімділігін қамтамасыздандыру
Кузов цехындағы жабдықтардың құны
Жұмыстардың жылдық көлемін есептеу
Қазақстан Республикасы көлік логистикасының маңыздылығы мен техникалық сенімділігінің теориялық негіздер және даму жолдарыі
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы
Жер асты газ құбырларының қызмет көрсету
Қазақстан Республикасында автокөлік тасымалдауды ұйымдастырудың қазіргі жағдайы (Алматы қаласы мысалында)
ШАНАҚТАРДЫ, КАБИНАЛАРДЫ, ПЛАТФОРМАЛАРДЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ АҒЫМДАҒЫ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗУ
Пәндер