Сандық транкингті жүйелер


Транкинг жүйесі
Мазмұны бет
Аннотация
Нормативті сілтемелер
9
10
1. 1 Байланыс желілерін талдау
1. 1. 1 Сандық транкингті жүйелер
1. 1. 2 ЕDACS жүйесі
1. 1. 3 Digistar жүйесі
1. 1. 4 iDEN жүйесі
1. 1. 5 ТЕТRА стандарты
1. 1. 6 TETRAPOL PAS стандарты
14
14
15
16
17
17
19
1. 2 Байланыс желісінің жүйе-техникалық синтезі
1. 2. 1 Байланыс желісінің жүйе-техникалық синтезін «Нурсат» АҚ негізінде ұйымдастыру
1. 2. 2 Иерархия және адрестеу
1. 2. 3 Көпзоналы конфигурацияда жұмыс істеу
1. 2. 4 Мәліметтерді беру
1. 2. 5 Жүйе конфигурациясы
1. 2. 6 Базалық станция құрылғылары
20
20
24
25
26
26
28
2. 1 Байланыс желілерінің ақпараттық қамтамасыз етуі
2. 1. 1 ACCESSNET-T IP жүйенің қолданбалы деңгейі
2. 1. 2 ACCESSNET-T IP мүмкіндіктері
2. 1. 3 ACCESSNET-T IP орталық жүйесі
2. 1. 4 ACCESSNET-T IP бейорталық жүйесі
2. 1. 5 Резерв жасау
2. 1. 6 ACCESSNET-T IP жүенің элементтері
2. 1. 7 DIB-500 базалық станция
2. 1. 8 IP түйін IPN
2. 1. 9 AGW қосымша шлюздің функционалдық модулі
2. 1. 10 Жоба мақсатының қойылымы
29
30
33
34
35
35
36
38
39
40
41
2. 2 Байланыс желілерінің құрылымын әзірлеу
2. 2. 1 Транкингті жүйелердің архитектурасы
2. 2. 2 Көпзоналы жүйелер
2. 2. 3 Транкингті жүйелердің классификациясы
44
44
47
50
2. 3 Байланыс жүйелеріндегі монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру
2. 3. 1 Антеннаны механикалық монтаж жасауға қойылатын талаптар
52
52
2. 4 Байланыс алгоритмдерін есептеу
2. 4. 1 Транкинг радиобайланыс жүйелерінің жобалауы жанында радиотрассаларды математикалық үлгілеуі
56
56
Нормативті сілтемелер
Бұл дипломдық жобада келесі нормативтер қолданылған.
ҚР СТ 1157-2002 Жоғары кәсіптік білім беру. Білім беру ұйымдарының сапа менеджменті жүйесі.
ҚР СТ 1158 - 2002 ҚР мемлекеттік стандарты. Жоғары кәсіптік білім беру. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы.
ҚР СТ 1. 12 - 2000 Қазақстан Республикасының стандарттау жүйесі. Нормативтік тексттік құжаттар. Құруға, баяндауға, рәсімдеуге және мазмұнына қойылатын талаптар.
ҚР МЖМБС 5. 03. 016-2008 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты. Жоғары оқу орындарында дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ережелері. Негізгі ережелер.
ҚҮ ОҚМУ 4. 03-2010 Құжатталған процедура. Құжаттарды басқару.
ҚҮ ОҚМУ 5. 01-2010 Құжатталған процедура. Мәліметтерді талдау. Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелерін тұрақты жақсарту.
ӘН ОҚМУ 7. 15-2010 Әдістемелік нұсқау. Дипломдық жобалауды ұйымдастыру. Дипломдық жұмыс.
Анықтамалар
Транкинг - бұл көптеген абоненттер санының саны шектелеген арналарға еркін кіру әдісі.
Пейджинг - барлық негізгі ұйымдастырылған жылжымалы радиоқызметтерден тұратьн байланыстың қарапайым жүйесін білдіреді.
Қондырғының идентификациялық регистрі жылжымалы станцияның нақты халықаралық идентификация нөмірін анықтау үшін орталықтанған базалық мәліметтерді құрайды.
Транскодер - радио интерфейс бойынша GSM ұсынысына сәйкес MSC сөз және мәліметтерді (64 кбит/с ИКМ) беру арналарының шығыс сигналдарының түрленуін қамтамасыз етеді.
Жылжымалы станция, жұмыс істеп тұрған электробайланыс желісіне GSM желісінің абоненттерін қосуды қамтамасыз ететін қондырғыдан тұрады.
Қызмет ету және эксплуатациялау орталығы - GSM желісінің негізгі орталық элементі. Ол желідегі басқа компоненттерінің жұмысын бақылайды және басқарады.
Желі аралық функционалды қиылысуы - MSC бөлігінің бір құрамы болып табылады. Ол абонент мүмкіндігін белгіленген желідегі қарапайым терминалды қондырғы мен GSM желісіндегі (DTE) терминалды қондырғы аралығында хаттама түрлендіргіші мен мәліметтерді беру жылдамдығын бере алуды қамтамасыз етеді.
Базалық станция контроллері - BSS базалық станция жүйешесінің орталық бөлігі болып табылады.
Әкімшілік қабылдап таратқыш жүйешесі - базалық станция қондырғысын басқарады, жұмысын қадағалайтын жүйе.
Біріктіру және тарату блогы - антенналық жүйе мен TRU блогы арасында интерфейс болып табылады.
Autentificator (Аутентификатор) - 802. 1х хаттамасында аутендификация сервері арасындағы делдал мәселен RADIUS, және претендент арасындағы делдал. Сымсыз желілерде әдетте қол жеткізу нүктесінде орналасады; ал сымды желілерде бұл қызметті жоғары классты коммутаторлар атқара алады.
Bluetooth - сымсыз персоналды желілерге арналған 802. 15 спецификациясы бөлігі, ол Ericsson, Nokia, IBM, Intel және Toshiba компаниялары негізін салған Bluetooth SIG тобында жасалған және т. б. көрсетілген.
Hotspot («горячая точка») - ыстық нүкте -бұл жалпыға қол жетімді сымсыз локальды желі жайылған орын. «Ыстық нүктелер» әуежай, қонақ үй, сезьд аулалары мен кафе сияқты компьютерлік құрылғылары бар адамдар шоғырланатын аймақтарда орналасады.
Wireless Fidelity - Wi-Fi Alliance ұйымы жасаған сертификаттау іс-шаралары, ол 802. 11 стандартын жүзеге асыратын әралуан өнімдердің бірлескен жұмысы өнімділігін кепілдендіреді.
Қысқартулар мен белгіленулер
РМR - кәсіптік жылжымалы радиобайланыстың жүйелері;
РРЛ - радио релелі линиялар;
RLL - сымсыз абоненттік радио линиялар;
WLL - сымсыз абоненттік линиялар;
AMPS - жетілдірілген ұялы телефон қызметі;
TAGS − барлығына рұқсат етілетін байланыс жүйесі;
RTSM - мобильдік радиотелефондық жүйе;
NNT - телефон және телеграфтың жапондық жүйесі;
GSM - глобальды мобильдік байланыс жүйесі;
ISDN - интегралды қызмет көрсетудің сандық желісі;
IN - интеллектуалды желі;
UMTS - жылжымалы байланыстың әмбебап жүйесі;
CDMA - арналарды кодалық бөлудің көптік қатынас құруы;
PDN - деректерді тасымалдау желісі;
PCS - байланыстын дербес жүйелері;
PLMR - радиобайланысының құрлық жылжымалы жүйелері;
MSC - жылжымалы байланыстың коммутация орталығы;
LA - географиялық зона;
EIR - қондырғы регистрі;
NMC - желіні басқару орталығы;
BSS - базалық станция қондырғысы;
BSC - базалық станция бақылаушысы;
ТСЕ-транскодер радио интерфейс;
MS-жылжымалы станция;
ОМС-қызмет ету және эксплуатациялау орталығы;
IWF-желі аралық функционалды қиылысуы;
СHS - арналарды қадағалау;
MAS - техникалық қызмет көрсету;
MCS - адам\машина сөйлесу;
OMS - техникалық қызмет көрсету эксплуатациясы;
RCS - радиоқадағалау;
ROS - радиоэксплуатация;
RP - аймақтық процессор;
RPG - аймақтық процессорлардың тобы;
TRH - қабылдап таратқыш басқару бөлігі;
TRAU - транскодер және адаптер беру жылдамдығы;
SRS -арна коммутаторы.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Адамның мәдени деңгейі, әлеуметтік дәрежесі және бизнесте әрқашан алда болуына, әртүрлі ақпарат көзіне тез арада қол жеткізу ықпалын тигізетін ақпаратты қоғам дәуірінде өмір сүрудеміз. Кең жолақты желі Интернетке тез арада қосылуды, үлкен көлемді ақпаратпен алмасуды қамтамасыз етеді.
Транкинг - бұл көптеген абоненттер санының саны шектелеген арналарға еркін кіру әдісі. Қандай да бір уақыт мезетінде барлық абоненттер активті болмағандықтан, қажетті арналар саны абоненттердің ортақ санынан әлдеқайда аз. Мысалы, арналар саны 5 боғанда (4 дауыстық арна және 1 басқару арнасы) транкингті жүйе 300 абоненттерге қызмет ете алады. Сондықтан TETRA стандарты негізінде сандық ұтқыр радиобайланыс желісін жобалау өзекті болып келеді.
Ғылыми жаңалық және ғылыми жаңалықтардын жағдайы. Берілген жобада сығылу жүйесі мен каналдардың нығыздалуы зерттелінді. Жобалау және қабылдау жүйесі дәл қазіргі уақытта мақсатқа лайықты деп есептеледі және бұл жүйелер желі байланысының ауырлығына және тығыздықтың азаюына рұқсат етеді, каналдардың уақытын көбейтеді, абоненттердің қызмет ету сапасын жақсартады, және де оларға қосымша қызметтер көрсетеді.
Практикалық қажеттілігі. Қарапайым транкингті байланыс өзінің кұрылғыларының бағасы мен эксплуатациялық шығыны бойынша ұялы жүйелерден бірнеше есе экономды. Байланыс сымдардың және жоғарғы жылдамдықтағы жүйелерді бақылауға және сынауға арналған заманауи аппаратура қазіргі таңда практикалық жағынан қажетті болып келеді. Қажеттілігі: өткізгіш технологияны пайдалану мүмкіншілігінің болмауы; қызмет көрсету аясында абоненттің орын ауыстыруы; құрылғыларды орнатуға аз шығын жұмсау.
Дипломдық зерттеудін мақсаты TETRA стандарты негізінде сандық ұтқыр радиобайланыс желісін жобалау.
TETRA стандарты негізінде сандық ұтқыр радиобайланыс желісінің міндеттері: жиіліктік қорын эффективті қолдану; көпзоналы жүйе қалыптастыру жолымен қызмет көрсету зонасының көбеюі; ортақ колданыстағы телефон жүйесіне шығу; көптеген қызмет көрсету мүмкіншілігі.
Обьектісі: Шымкент қ.
Дипломдық жобаның теориялы және әдістемелік негіздері: жиіліктік -аймақтық жоспарлау әдісі; жүйе ресурстардың басқару және тарату бағдарламалық қамтамасыз етулері; жиілік модуляциясы; мәліметтерді тарату жылдамдығы.
Практикалық базасы транкингтік кәсіпорын «Алтел»
1 Аналитикалық шолу
1. 1 Байланыс желілерін талдау
1. 1. 1 Сандық транкингті жүйелер
Санды жүйелергс көшудің себебі - ретранслятордың барлық қызмет көрсететін зонасында сөздік радиоалмасу сапалығының түзетілуі. Аналогты жүйелерге базалық станциядан алыстаған сайын сөзді беру сапалығының қатты нашарлауы тән. Қалалық жерлерде, көпсәулелік тарату орын алады, сапа бір квартал ішінде қозғалған кезде де өзгереді. Санды сигналдарды бөгеуілге тұрақты кодалаумен бірге қолдану сөзді беру сапалығының қызмет көрсететін зона аумағында сапасының жақсаруы мүмкін болады.
Құрама Штаттарда және Еуропада өңдірушілердің бәсекелестігін топшылайтын және тұтынушыға құрылғыны өзі таңдауға мүмкіндік беретін санды транкингті жүйелердің ашық халықаралық стандарттары өндірілді. Транкинпті байланыстың болашағы бар стандарттары мен жүйелерінің тізімі бүгінгі күнге мынандай түрде [1-2] :
- ericsson фирмасының ЕDACS жүйесі;
- association of Public Safery Communications Officiais үйымымен анықталған APCO Project 25 (немесе APCO 25) стандартты;
- ЕТSІ- European Telecommunications Standard Institute (Еуропалык байланыс стандарттарының институты) үйымымен анықталған Tetrapol PAS стандарты;
- digital Wireless Corporation фирмасының DigiStar жүйесі;
- motorolla фирмасының IDEN жүйесі;
АРСО 25 және ТЕТRА стандарттары ашық болып табылады, олар әртүрлі ондірушілерге аппаратура шығаруға мүмкіндігін береді. АРСО 25 стандарты профессионалды байланыс құралдарын қолданатын тұтьшушылар мүддесін білдіретін үйымымен ондірілген. Сондықтан, мұнда осындай байланысқа тән бірқатар белгілер көрсетіледі, бұл белгілер АРСО 25 стандарт жүйелерін коммерциялық операторлар үшін ыңғайсыз.
ТЕТRА стандарты ортаевропалык деп Еуропалық Бірлестік өндірілген және GSМ ұялы байланыс стандартының профессионалды байланыс қызмет тұтынушыларының арнайы талаптарына бейімделуін көрсетеді. ТЕТRА өзіндік ерекшелігінің стандартталуы қазірге дейін ресми түрде әлі аяқталмаған.
Tetrapol аталымы соңғы уақытқа дейін Маtга Соmmunications фирмасымен ондірілген транкингті жүйеге қатысты болатын. ТЕТRА стандартымен белсенді бәсекелесе отырып, фирма 1994 Tetrapol Forum үйымын қүрайды. Сонғысы 1996 жылы Tetrapol (олар РАS деп аталады - Publicly available specifications) жүйесіне спецификацияларды ашады жөне оларды балама немесе комплиментарлы ортақ еуропалық стандарт ретінде қабылдануына белсенді әрекет жасайды.
1. 1. 2 ЕDACS жүйесі
ЕDACS (Enhanced Digital Access Communication System) трангинггі жүйесі Еricsson (Швеция) фирмасымен өндірілген. Ол сөзді (аналогты және санды түрде) және мәліметтерді беруге арналған. Жүйенің негізгі ерекшеліктеріне базалық станциялардың жоғары қабылдау тұрақтылығын жөне радиосөйле-сулердің қорғанысын қамтамасыз етудегі икемділігің жатқызуға болады. ЕDACS жүйесінің мүмкін тұтынушылары - радиобайланыс жүйесін таңдаудағы ең маңызды белгісі - жогары сенімдік болатын әр түрлі тағайынды мемлекеттік қызметтер [3] .
ЕDACS жүйесі бірзоналы немесе көпзоналы конфигурацияда жүмыс істеу мүмкіндігін береді. Жүйе құрамына базалық станциялар, үлестірілген қабылдаудың алыс пункттері, көпстанциялы координатор (көпзоналы конфигурация үшін) және абоненттік құрылғылар кіреді. Жүйеге соңдай-ақ орталықтанған басқарылатын компьютер, диспетчерлік пультер, телефон жүйесінің интерфейсі кіруі мүмкін (1. 1-сурет) .
ЕDACS жүйесі жоғары жылдамдықты ерекшеленген басқару арнасын қолданады (9600 бит/с) . Басқару арнасындағы мәліметтерді берудің салыстырмалы жоғары жылдамдығы 0, 25 с қүрайтын (блоктау жоқ кезде) аз уақытты кірісті қамтамасыз етеді.
ЕDACS жүйесінде беру транкингі, сонымен қатар хабарлама трангкингті ұйымдастырылуы мумкін. Хабарлама транкингі режимінде жұмыс істеу сөйлесуге қолайлы жағдайларды береді, бірақ жүйенің өткізу қабілсттігін төмендетеді. Сондықтан абоненттердің көбісіне беру транкингі рұқсат етілген. Бірақ арналарды беру процесі радиосөйлесулердің сапалығы хабарлама транкингіндей етіп сақталған.
Оптимизацияның басты (кілтті) элементі - қатардағы шақырулардыц басымдығымен динамикалық басқару. Абоненттен келетін әр шақыру қатарға орналасқан қатардағы шақырулар басымдықтары бойынша өңдіріледі. Жүйеде барлыгы басымдыктың 8 деңгейіне дейін қолданылады. Шақырулардьң басымдығы біріктіруді құрудың сатысына байланысты өзгереді. Сөйлесулерді ерте бастаған абоненттер шақыруы біріншілік байланыс орнатудан да жоғары басымдықты иеленеді.
Осылайша, үзілістердің ұзақтығы минимизацияланады және сөйлесулердің квазиүздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жоғары басымдықты шақырулардың уақытылы қызмет ету мүмкіндігі сақталады. Жүйенің қызықты бір ерекшілігі: егер жоғары басымдықты шакыруды қабылдау мезетіңде барлық арналар бос емес болса, онда шақыру да солай қызмет етеді. Басқару арнасының ретрансляторы жоғары басымдықты шақыруды беру уақытында жұмыс арнасының ретрансляторы режиміне көшеді.
Шакыру катарга қойылғанда абонент жарықты индикатормеп хабарланады, ал арнаны беру дыбысты сигналмен алып жүреді (шақырумсн) . Осындай сигнализаторлар жиыны біріктірулердің қайта құру мүмкіндіктерін болдырмайды, бүл, қорытындысында өткізу қабілеттігінің өсуіне алып келеді.
ЕDACS жүйесінде бөлінген басқару арнасы қолданылатындыгына қарамастан, базалық станция бір ретранслятор жұмысқа қабілетті жағдайда да озінің жұмысқа қабілеттігін сақтайды. Сонғысы бастанкы жағдайда басқару арнасыныц ретрансляторы режімде жұмыс істемейді, ал шакырулар түскенде озінің жеке жиілік арнасын тағайындау арқылы оларды өңдейді, содан кейін жұмыс арнасының ретрансляторы режіміне отеді.
Бұл жағдайды баска жағынан да карауға болады: кішкене трафикті аумаққа қызмет көрсету үшін, эксплуатацияға жүйені кіргізу үшін, бастаііқы ақша енгізу минимизациялау үішн базалық станцияда тек бір ретрансляторды орнату қажет.
Ericsson фирмасының терминологиясы бойынша мүндай жүйе SCAT деп аталады (Signal ChannelAutonomous Trunking) .
Портатипті (тасымалдаушы) радиостанциялардыц көбісі қолданатын кең аумақты қызмет ету жүйелері үшін сигналдардың шашыранды қабылдауы мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жағдайда, қызмет көрсететін аумақты бірнеше жерінде өте күшті сигналдық таңдау құрылғысына дистанциялы басқарылатын қабылдау құрылгылары қондырылады. Көрсетілген шешім базалық станцияның үлкен шыгыс куаты мен портативгі радиостанцияның таратқышының аз қуаты арасындағы дисбалансын болдырмау үшін қолданылады.
1. 1. 3 Digistar жүйесі
Digistar санды транкингті жүйесі Digital Wireless Corporation (DWC), фирмасы-мен құрылған. Бұл жүйе санды транкингті жүйелердің бар халықаралық стандарттарына жүгінбейді. Ол DWC -ң жеке меншігі болатын техникалық шешімдер базасында қүрылған. Жүйе ашық больш табылмайды жөне басқа жеткізушілердің құрылғыларын қолдануы мүмкін емес. DWC фирмасы айтылғанның соңғысы радиобайланыс кауіпсіздігін жоғарлатудың бір кұралы болатынын айтады.
Digistar жүйесінің баска транкинггі жүйслерден ерекшелігі - ол пакеттік коммутация жүйесі болып табылады. Әрине, бүл шешім қызмст көрсетудің жалпы нашарлауына алып келеді. Сонымен қатар, пакеттік коммутация технологиясын қолдану көпзоналы жүйенің инфрақұрылымыньң бағасын төмеңдетуге мүмкіндік береді. Digistar жүйесінде жалғаушы түйін рөлін маршрутизатор орындайды.
Digistar жүйесі әдейі кең аймақтарға қызмет көрсетуге өндірілген. Сонымен қатар, жүйе бірзоналы бірарналыдан ортақхалықаралық жүйелергс дейін ауқымдалуымен сипатталады. Осылайша, бастапқы ақша салымның төменгі шегі Digistar жүйесін операторлардың кең шеңберінде қолдануға мүмкіндік береді. Digistar жүйесінің базасында байланыс жүйесінің өткізу қабілеттілігін өсіруін арнамен жүргізуге болады [4-6] .
Digistar жүйесі кең жиілік аумағында жұмыс істей алады: 345-тен 521 МГц-ке дейін, бүл оның әртүрлі жиілік мазмұнында қолдануға мүмкіңдік береді. Digistar жүйесінде тек бір арнаны бөлу әдісі АЖБ қолданылады.
1. 1. 4 iDEN жүйесі
iDEN технологиясы тұтынушыларға мобильді байланыстың барлық түрін қамтамасыз стетін интегралды жүйе.
Мобильді диспетчерлік радиобайланыс iDEN транктигті радиобайланыстың санды жүйелеріне тән барлык мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Бүлар: топтық шақыру (group coll) -жүйе абоненті (мобильді, сондай-ақ офистегі диспетчер) топтық шақыру жартылай дуплексті байланыс режимінде жүзеге асады. Шақыру кнопканы басумен іске асырылады және байланыс орнату уақыты 0, 5 сек. аспайды. Мүндай шақыру кезінде тек бір дауысты байланыс арнасы қолданылады және ол топтағы абоненттер санына байланысты болмайды.
iDEN жүйесіндегі мүмкін топтар саны шектелмеген, ол 65535-ке тең. Барлық мүмкін болатын конфигурациялар алдын-ала жасалуы мүмкін және керек болғанда абоненттер сәйкес топтарга көшеді; жеке шақыру (ргіvate саll) - шақырулар жартылай дуплексті режимде, бірақ сөйлесуде тек екі абонент қатысады, сол кезде сөйлесулердің толык құпиялығы сақталынады. Топтық және жеке шақыру режимінде абоненттік терминал дисплейінде шақырушы абоненттің аты пайда болады [6] .
Шакырудың сигналдануы (саll аlert) - бүл сөйлесуді мобильді телефон режимінде, немесе жүйенің қызмет көрсету аймағынан тыс орңаласкан, немесе өзінің абоненттік терминалын өшіріп тастаған жағдайда абонентті шақыру керек кезінде қолданылады. Шакыру жүйеде сақталады және абонент бос болғанда дыбыстық сигнал алады, ал терминал экранында шақырушы абоненттік идентификаторы көрінеді. Абонент біруакыттылығы шақыру алу туралы расталады.
1. 1. 5 ТЕТRА стандарты
TETRA (Terrestrial, Trunking Radio, транкинтгік байланыстың жергілікті жүйесі) цифрлық транкингті жүйені анықтайтын және ЕІSІ-мен жасалған специфика-циялар жинағын ұсынады. Бұл стандарттын пайда болуы екі жағдайга байла-нысты болды: Европалық интеграцияға және континент мемлекеттердегі СSМ стандартты ұялы телефондардын кең өріс алуына. СSМ стандарттың сәттілігі байланыстың кұрал-жабдык жасаушыларына және транкигтік жүйеге үлкен әсерін тигізді. Ашык европалық стандарты цифрлық транкингті СSМ техникалық идеологияның базасында жұмыс істейтіні туралы шешім кабылданды [7-8] .
TETRA стандарты өзіне 2 ұксас спецификацияларды енгізген: TETRA Voice + Data (TETRA V+D) және ТЕТRА Раскеd Data Орtimized (TETRA PDO) . TETRA V+D - бұл интегралдалған жүйенің мәліметтерді және дауысты жіберуге арналган стандарт.
TETRA PDO - тек мәліметтерді таратуга арналған стандарт.
TETRA стандартында транкингтік желінің құрылымы суреттелген, ол коммутация орталығынан, базалық станциядан, диспетчерлік пульттерден, кызмет көрсететін және эксплуатация терминалдардан және абоненттік құрылғылардан тұрады:
-Аіг Interface - базалық станциялар және абоненттік радиостанциялар арасындағы радиоинтерфейс;
-Direct Mode Operation - 2 абоненттік радиостанциялар арасындағы тікелей қосылудыц интерфейсі;
-Terminal Eguipment Interface - абоненттік радиостанция және мөліметтерді беру терминалы арасындағы интерфейс;
-Inter System Intetface - бірнеше жүйені біріктіру үшін жүйе аралык интерфейсі;
- Line-connected Station Interface - диспетчерлік пульттерді базалык құрылғыға қосу интерфейсі;
-Network Management Centre Interface - қызмет көрсету және эксплуатация терминалдарды қосу үшін интерфейсі;
-Gateways to PABX, PSIN, ISDN, PDN - АТЖТ, ОҚТЖ, ЦСИО, ОКП қосу үшін интерфейс.
ТЕТRА стандарттын радиоинтерфейсі 25кГц-ті кадамды жиіліктің стандартты торда жұмыс істейді. ТЕТRА стандарттық жүйесі 150мГц тен 900 мГц-ке дейін диапазондарды қолданады. Бірақ Европалык мемлекеттерде өзінің жиіліктер диапазондары шекгелген 410-430мГц, 870-876/915-921 мГц (бірін-шіден) немесе 450-470мГц, 385-390/395-399, 9 мГц жиіліктер диапазондары. Дуплексті шашырау ТЕТRА стандарты үшін 10 мГц - тен тұру қажет.
TETRA V+D стандартында МВДР тығыздау әдісі қолданылады: бір тасымалдаушы жиілікте төрт сөйлесу арналары ұйымдастырылады. Әрбір кадр 56, 67 мс ұзактықтан тұрады және төрт уақыттык интервалы болады. 18 кадрд тізбектілігі 1, 02 с ұзақтықты мультикадр құрайды. Кадр кұрамындағы әрбір уақыттык интервалда 504 бит бар, оныц 432-сі ақпарапық болып келеді. Уақыттық интервал басында РА пакеті беріледі, (POWER Amplifier - шағылу қуатты басқару, 36 бит), осыдан кейін бірінші ақпараттық блогы (216 бит) жіберіледі, кейін синхротізбектілік SYNC (36 бит) және екінші акпаратты блок. Кез-келген МВДР жүйесінде көрші уақыттық интервалдар 0, 167 мс ұзақтықты қорғаныс периодтарымен бөлінген, ол 6 битке сәйкес келеді. Радиоарнада тұрақты ораушы бар Р14-DQPSK типті салыстырмалы фазалық модуляция қолданылады. Осылайша, модуляцияның әрбір символына ақпараттың 2 битін тарату сәйкес келеді.
TETRA V+D стандартта сөзді түрлендіру үшін үшін СЕLР типті алгоритмі бар кодек колданылады. Кодектін шығысындағы цифрлық хабарлама ағынның жылдамдығы 4, 8 кБит/с - ка тең.
TETRA V+D стандарттың жүйесінде транкингтік жүйені және статустық шақыруларды сипаттайтын барлық шақыруларды колданады. Егер барлық арналар жүйелері бос болмаса, онда төтенше шақыруларды беру қарапайым адамдар сөйлесуін тоқтата алады. Осы жағдайда, абонентке немесе топқа уақытша сәйкесті жағдайларға қарап оларға қажет етілген ашық арна, яғни монопольді керекті ресурс қызмет етеді. Ашық арна басқа қалган арналардың үлкен жүктеменің көмегімен өзінің абоненттеріне максималды тез байланысты қамтамасыз етеді. Керекті уақыт периоды аяқталганнан кейін, бүл арна қайтадан барлық абоненттерге қызмет етіп жұмыс істей береді. ТЕТRА стандартының жүйесінде қойылатын қосылу уақыты 0, 3 с-тен аспайды, егер әрине бос ресурс болган жағдайда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz