Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
Дипломдық жұмыс

Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін
дамыту жолдары

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І. ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жайында
жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
1.2.Оқушылардың танымдық ізденімпаздық және ойлау қабілетін дамытудың рөлі
мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытудың педагогикалық
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЖҰМЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
2.1.Физика пәні бойынша оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытудың педагогикалық шарттарын тәжірибеде
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытудың
моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
2.3.Тәжірибелі-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері, тұжырымдары ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беруді дамыту тұжырымдамасында айтылған Білім берудің қазіргі
негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес,
солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты
өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі
дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады - деп. Елбасы
қол қойған мемлекеттік білім бағдарламасына жоғары білім мен ғылымды
ұштастыра жүргізу жан-жақты айқындалған. Осы міндеттерді жүзеге асыруда,
біріншіден педагогтың кәсіби білімін арттыру, екіншіден, жоғары оқу
орындары студенттеріне қойылатын талаптарды күшейту басты назарда болуы
тиіс. Сондықтан педагогикалық білімі бар маманның кәсіптік-педагогикалық
шеберліктерін шыңдаудың педагогикалық шарттарын, заңдылықтарын және
ерекшеліктерін зерттеу айрықша мәнге ие [1].
Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден өткізуге
дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер
жастарға тән дәстүрлі мінез болып саналады. Ендеше зерттеушілік,
ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік оның жеке
дамуына, өзіндік көз-қарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің
ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін
айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен
байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен айналысатын адамдарға ғана емес,
ондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық
ізденушілік кез-келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі
кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі
топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамның өмір сүру тәсіліне
енген, кәсіби шеберлігін тануда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып
табылады.
Бұл пікірді Абайдың Жетінші қара сөзіндегі Жас бала анадан туғанда
екіншісі – көрсем, білсем деп, ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа
да, ол неге үйтеді, бұл неге үйретеді деп, көзі көрген, құлағы
естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді, - деген ой – тұжырымдамасы
растайды.
Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі
өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту
әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.
Иновациялық үрдістер ғалымдар мен практик ұстаздар арасында кең өріс
алуда. Бірақ дәстүрлі оқыту өзінің дайын білімді ұсынатын ақпараттық
арнасынан аса алмай отыр. Оқытудың бұл бағыты ең алдымен таным қабілеті
қарқынды дамып келе жатқан жас бүлдіршіндердің білсем деген ынтасы мен
ізденушілік құлшынысын бәсеңдетуде. Бұл жастардың өзін-өзі тәрбиелеуіне,
өзін-өзі дамытуына, өз бетімен білім алуына кері ықпал етуі мүмкін.
Оқушылар мен студенттерді ізденушілікке баулу, оларға зерттеу дағдысы
мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып
саналады. Егер әр оқушы, студенттің жеке тұлға ретінде қалыптасуын
қамтамасыз ету қажет болса, онда олардың қабілетін түрлі әрекетте көрсету
үшін зерттеу дайындау қажет.
Ғылыми әдебиеттерде оқушы мен студенттердің зерттеушілік әрекетінде
қолданылатын түрлі терминдер кездеседі: ғылыми-зерттеу жұмысы, зерттеу
тәртібі, зерттеу жүргізу, зерттей оқыту, таным, ғылыми мәдениет,
ғылыми-зерттеу мәдениеті т.б.
Зерттеу түсінігі Үлкен кеңес энциклопедиясында - жаңа білімді
өңдеу үрдісі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі деп
түсіндіріледі
Зерттелу деңгейі: Белгілі ғалымдар Е.В.Бережнова, В.В.Краевский,
А.И.Кочетов, П.И.Образцов ғылыми-зерттеу жұмысына былай анықтама жасады:
- Е.В.Бережнова мен В.В.Краевскийй Ғылыми зерттеу жұмысы – таным үрдісінен
ерекше формасы, ғылымның әдіснамасында зерттелетін құбылыстардың нақты
ғылыми негізін анықтау - деп түсіндіріледі.
- Ф.Ф.Королев Педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу үрдісі – педагогика
әдіснамасының пәні екендігін айтып, зерттеу жұмысының маңыздылығын
көрсеткен.
- А.И.Кочетов Педагогика ғалымында ғалыми-зерттеу басқа ғылымдарға, яғни
баланың өсуі, тұлғаның қалыптасуын зертеуге қарағанда ғалымға құнды ой-
пікірлер береді - деп педагогика ғылыми-зерттеу жұмысының маңыздылығын
көрсеткен.
- П.И.Образцов Методология и методы психолого-педагогического иследования
еңбегінде Ғылыми-зерттеу жұмысы – танымдық іскерліктің өзгеше түрі,
зерттелетін нысананың бұрын соңды ашылмаған мәселелерін, байланасын әр
түрлі әдістер көмегімен анықтау, - дейді.
Ғылыми зерттеу-ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, белгілі-бір
құбылыс жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталып жүйелі және арнайы
мақсатқа көзделген құбылыстармен танысу.
Соңғы жылдары зерттеу қызметі мәселесіне зерттеу тәртібі деген жаңа
термин енді. Бұл термин ғалыми-педагогикалық әдебиеттерде бұрыннан
қолданылады. Бұл сөздің түпкі мәні біреудің әрекеті немесе әрекеттер
жиынтығын білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда тәртіп сөзі адамның
және жануардың қоршаған ортасына қатынасын білдіретін әрекеті ретінде
қарастырылған. Адамның тәртібі саналы тұлғаның әрекеттер жүйесінен тұрады.
Оның жануарлар әрекетінен айырмашылығы қоршаған орта жағдайына саналы және
мақсатты қызығушылық танытуында. Адамның мінез-құлқы арасында қоршаған
ортада өзгеріс болып, онымен бірге өзі де дамып жатады. Адамның өмір сүру
тәртібінің оның болмысы, мінез-құлқы, темпераменнті, көзқарасы, талабы мен
талғамы көрінеді. Әсіресе сезімі мен эмоциясы басты рөл атқарады.
Зерттеу тәртібін ғалым А.И.Савенков күрделі психологиялық құбылыс деп
түсіндіреді. Ол өзінің бар кітабында зерттеу тіртібін ақпараттар іздеу
және нақтыланбаған іске бағытталған төзімділік деп көрсетеді. Одан әрі
автор құбылыстармен танысуға бағытталған әрекет екенін атап көрсетеді.
Зерттеу тәртібі кез-келген тірі жанның белсенді өмір сүру тәртібінен
бөлінбейтін құбылыс. Сондықтан ол ең маңызды дамыту қызметін атқарады.
Айналасындағыларды танып білуге деген талпыныстың арқасында ғана тіршілік
иесі белгілері – бір ортаға икемделіп, өмір сүру тәртібін қалыптастырады.
Зерттеу тәртібіндегі басты ерекшелік – өзін-өзі үйрету, өзін-өзі
тәрбиелеу, өзін-өзі дамыту арқылы қалыптасатын ізденушілік белсенділігі.
Зерттеу тәртібі негізінде ізденушілік белсенділігі, білім алушының қоршаған
ортасын зерттеуге деген талпынысы жатыр.
Оқушылар мен студенттердің ізденушілік қасиетін қалыптасытру зерттеуге
оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың
ішіндегі ең тиімдісі зерттеуге оқыту, біздің елімізге соңғы уақытта
оқушылардың ғылыми қоғамын, ғылыми жобалар жарысын республикалық, сондай-ақ
халықаралық деңгейде ұйымдастыру арқылы кең тарады. Жарыстардың даму
қарқынына көпжылдық бақылау осы әдістің жастарды дамытудағы тиімділігі
жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Зерттеушілікке оқыту дегеніміз баланың қоршаған ортасын өз бетінше
танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі
тәсілі. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының адамзаттық
мәдиениеттің қай саласында болмасын өз бетімен шығармашылыққа жаңа іс-әркет
тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілетін қалыптастыру[2].
Оқушылардың ізденімпаздық белсенділігінен қалыптастыру проблемасы әлі
де зерттеуді қажет етеді. Олай болса, оқушылардың танымдық теориялық және
әдістемелік зерттеу қажеттігіне орай, ана тіліндегі қазіргі ғылыми
әдебиеттерде жеткіліксіз қарастырылуы, танымдық белсенділіктің анықтамалық,
ғылыми негіздемесін жасауда, физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық
және логикалық ойлау қабілетін дамыту деңгейі мен қазіргі талаптар жүйесі
арасындағы қайшылықтардың болуы зерттеу тақырыбын: Физика сабағында
оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты: Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және
логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдарын арттыратын жаңашыл, тиімді
жолдарды іздестіріп, оны теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибе барысында
зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерді талдау
негізінде танымдық ізденімпаздығы ұғымын және белсенді ойлау, өз
бетінше ойлау деген терминдер ұғымдарының мәнін, мазмұнын ашу;
2. Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытуды белсендірудің теориялық негіздерін анықтау;
3. Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытуды белсендірудің құрылымдық-мазмұндық сызбасын
жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау;
4. Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытуды белсенділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік
жұмыс бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибелік
тексеруден өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеу нысанасы: Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және
логикалық ойлау қабілетін дамыту белсенділігі.
Зерттеу заты: оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын тудыратын,
ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін белсендіретін жолдар, жаңаша
әдіс-тәсілдер.
Диплом жұмысының зерттеу болжамы: физика сабақтарында оқушылардың
ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру нәтижелі болады
сонда, егер бұл мәселе ғылыми-педагогикалық жағынан негізделіп, оқу-
тәлімдік мәнін айқындаса, тәжірибелік тұрғыда қамтамасыз етілінсе. Осыған
орай оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау белсенділігінің
негізінде білім деңгейі көтеріледі, дербестігі мен шығармашылығы,
ізденімпаздығы, физика пәніне деген оқушылардың қызығушылығын оятылады,
сонымен қатар қазіргі зман талабына сай білімді, білікті, бәсекеге
қабілетті оқушылар қалыптасады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Танымдық ізденімпаздық, логикалық ойлау, ізденімпаздық және
логикалық ойлау қабілетін дамытуды белсендіру ұғымдарының мәні
және мазмұны толықтырылады;
- Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
әрекетін белсендірудің құрылымдық-мазмұндық моделі құрастырылады;
- Физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
әрекетін белсендіретін әдіс-тәсілдер, жолдар, технологиялар
анықталып, оларға толықтай сипаттама беріліп, тәжірибелік тұрғыда
зерттелінді.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы:
Оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың
белсенділігін анықтауға мүмкіндік беретін тестілік сұрақтардың,
сауалнамалардың әдістемесін жасап, оқушыларды зерттеуден өткізу.
Тәжірибенің болжамы: егер де тәжірибелік зерттеулер арқылы физика
сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау әрекетін
белсендіретін, білім деңгейін көтеретін әдіс-тәсілдер, жолдар анықталса,
онда ол оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттырады, білімдерін
кеңейтеді, қазіргі заман талабына сай мұғалімдердің қалыптасуына мүмкіндік
береді, сонымен қатар физика сабақтарын түрлендіріп отырып оқытуға көмегін
тигізеді.
Эксперименттік база: Қостанай қаласындағы №20 М. Хакімжанова атындағы
орта мектептің оқушылары зерттеуге қатысты.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері мыналар болып табылады:
- Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену мен талдау;
- Бақылау әдісі;
- Әңгімелесу;
- Сауалнама;
- Педагогикалық эксперимент.
Дипломдық жұмыстың зерттеу құрылымы: Дипломдық жұмыс
кіріспеден,теориялық және эмпирикалық тараулардан, әр тарауда үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеу
мақсаты, зерттеудің міндеттері, зерттеудің нысаны, пәні, болжамы, әдістері)
сипаттама берілді. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық мәні
көрсетілді.
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытудың теориялық негіздері атты бірінші тарауда оқушылардың
ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін арттыру мәселесінің
педагогикалық психологиялық әдебиеттердегі талдануы негізінде танымдық
ізденімпаздық, логикалық ойлау, ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытуды белсендіру ұғымдарының мәні мен мазмұнына
педагогикалық талдау жасалынады. Физика сабақтарында оқушылардың
ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытудың әдіс-тәсілдері,
технолгиялары анықталып, оларға сипаттама берілді.
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы деп аталатын екінші
тарауда қазіргі физика сабақтарында оқушылардың ізденімпаздық және
логикалық ойлау қабілетін дамытудың мүмкіндіктері сипатталып,
ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған сабақтар
мен оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары көрсетілді.
Сонымен қатар, зерттеу мәселесіне байланысты педагогикалық эксперимент
нәтижелері көрсетіліп, оның тиімділігі дәлелденді.
Қорытындыда ғылыми болжамды дәлелдейтін зерттеудің қазіргі нәтижелері
мен тұжырымдары мазмұндалды, ұсыныстар берілді.
Қосымшада тәжірибе жүргізу барысында қолданылған әдістемелер мен
сабақ жоспарлары, құрылған тәжірибелік жұмыстар ұсынылған.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы апробациядан өтті: Физика сабағында
оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
тақырыбы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының, Физика және
Кәсіптік оқыту мамандықтарының студенттерінің ғылыми-практикалық
конференциясында баяндалып, саралаудан өтті және Қостанай мемлекеттік
педагогикалық институтының ЖАРШЫСЫ ғылыми-әдістемелік журналдың 2012ж.
сәуір №2 номіріне Физика сабағында этнопедагогика элементтерін қолдана
отырып, оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
жолдары мақаласы басылып шықты.

І. ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1.Оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту
жайында жалпы түсінік

Оқушылардың ізденімпаздығы туралы мәселе, тамырын тереңге жіберіліп,
көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында шәкірттердің
танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын
атап көрсеткен-ді. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді
игеруде шәкірттердің белсенді танымдық ізденімпаздығы айтарлықтай рөл
атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретінде оқушылардың
танымдық ізденімпаздығы туралы пікір Я.А.Коменскийдің еңбектерінде, сонан
соң И.Г.Песталоцци мен А.Дистервегтің еңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен,
А.Дистервег оқыту барысында баланың ізденімпаздығы сәбидің ақыл-ой
қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді.
Н.Г.Чернышевский еңбектерінде оқу процесінде оқушылардың танымдық
ізденімпаздығына арқа сүйеудің маңыздылығы туралы көптеген пікірлер
айтылады. Егер біздің балаларымыз шын мәнінде білімді адам болғысы келсе,
- деп жазды ол, - өз бетінше ізденіп, оқу арқылы білім алуға тиіс
(Чернышевский, 1940). К.Д.Ушинский еңбектерінде балалардың ізденімпаздықпен
ойлануын жандандыратын оқыту әдістемесі айтарлықтай ілгерілетіледі. Алайда,
С.Т.Шацский мен М.Н.Скаткиннің зерттеулері көрсеткендей, бұқаралық мектеп
50-ші жылдарға дейін догматизмнің үлесі басым болған көрнекі құралдармен
түсіндіріп оқытылған. 50-ші жылдардан бастап, ғылыми-техникалық революция
табыстары мен мектептің өмірімен байланысының нығаюы сияқты факторлардың,
т.б. ықпалымен дидактар мен әдіскерлердің танымдық ізденімпаздықты дамыту
теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі.
Оның үстіне ізденімпаздық ұғымының мазмұнына авторлар түрлі мағына
береді. Біреулері танымдық ізденімпаздықты шәкірттің ақыл-парасат қабілеті
және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі ретінде
қарастырады (Махмутов, 1975), екінші біреулері танымдық ізденімпаздықтың
мәні мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын
екендігіне, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі (Половникова,
1980,1986), үшінші біреулері танымдық ізденімпаздық ұғымын білім мен іс-
әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке
тұлғаның қасиеті ретінде айқындайды (Шамова, 1977; Ястребова, 1984).
Танымдық ізденімпаздықтың мазмұнына Г.Н.Кулагинаның көзқарасы неғұрлым соны
көзқарас болып табылады. Мұғалімнің танымдық ізденімпаздығын тек
қажетсінуді, іс-әрекетті жүзеге асыруды және оны ретке келтіруді ғана
біріктіретін тек кісңптік біліктілікті игеруге саю дұрыс емес, себебі, бұл
ұғымның мазмұнын тым тарылтады, - дейді ол.
Зерттеулердің түрлі авторлары оқушылардың оқудағы танымдық
ізденімпаздығы мен белсенділігін қалыптастыру проблемаларын практикада
шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсетеді:
1. Танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты
ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Голант, 1969;
Есипов, 1961; Скаткин, 1966, 1971 және басқалар);
2. Танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Богоявленский,
1959; Кабанова-Меллер, 1968; Менчинская, 1972; Давыдов, 1972, 1986;
Элькони,1960);
3. Іс-әрекететтің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді
енгізу арқылы (Гальперин, 1976; Талызина, 1975);
4. Оқытуға әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (Лернер, 1981;
Коротяев, 1986; Пидкасиситый, 1972, 1980);
5. Оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Рувинский, 1981).
Жоғарыдағы шолуда айқын көрініп отырғандай, танымдық ізденімпаздық
мазмұнын бір аяда (әрекет, дайындық, бейімділік, т.б.) ғана ашуға болмайтын
күрделі ұғым болып табылады. Тегінде, жеке тұлғаның бұл біріккен қасиеті
талдау жасау кезінде жүйелі түсіндіруді талап ететін көп қырлы қасиет болса
керек. Қазіргі заманғы әдебиетте, ол негізінен, мұны оның тек көп
қырларының бірімен ғана салыстырып пайымдалуда. Оқушылар мен студенттердің
танымдық ізденімпаздығы ұғымын ізденімпаздықтың неғұрлым кең ұғымынан тыс
қарастыруға болмайтыны анық, соңғысы жеке тұлғаның бітімі тұрғысынан және
жеке тұлғаның белсенділігі атты оған жақын ұғымға қатыстылығы тұрғысынан
ғана ой елегінен өткізілуі мүмкін.
60-шы жылдарға дейінгі кезеңде танымдық ізденімпаздық пен танымдық
белсенділік ұқсас ұғымдар ретінде қарастырылып келеді. Кейінірек бірқатар
еңбектерде (Аристова, 1968; Лернер, 1974; Шамова, 1977; т.б.) бұл
ұғымдардың ара жігін ажырату әрекеттері жасалды. Б.П.Есипов, В.А.Крутецкий
және басқалар белсенділік ұғымын неғұрлым кең ұғым есептейді. Мәселен.
Б.П.Есипов: Белсенділік шәкірт ақыл-ойының ізденімпаздығының белгілі бір
дәрежесін көрсетеді, - дейді. И.Я.Лернер танымдық белсенділік пен танымдық
ізденімпаздық ұғымдарының ара қатынасы жөнінде бұған қарама-қарсы пікірді
ұстанады. Б.П.Есиповтың пікірімен дауласа келіп, ол белсенді болмай,
ізденімпаз бола алмайсың дейді, сөйтіп белсенділікті іздемпаздық шартына
жатқызады. Бұл ұғымдарды ажыратудағы қиындық тек танымдық ізденімпаздық
ұғымын ғана емес, сонымен бірге танымдық белсенділік ұғымын да түрліше
түсіндірудің орын алып отырғанына байланысты. Бір авторлар танымдық
белсенділікті іс-әрекет ретінде, екіншілері жеке тұлғаның ерекше қасиеті
ретінде қарастырады, бірақ жеке тұлғаның ерекше қасиеті ұғымының мазмұнын
ашып көрсетпейді. Өзінің іргелі еңбектерде бұл көзқарастарға талдау жасай
келе, Т.И.Шамова оларды бір-бірінен бөле жарып қарауға болмайтындығын атап
көрсетеді, сөйтіп, қомақты талдау материалдарына танымдық белсенділік
ұғымының мәнін тек оларды диалектикалық бірлікте пайдаланғанда ғана
түсінуге болатынын көрсетеді (Шамова, 1982). Біз танымдық белсенділікті
шәкірттің ақыл-ой және дене қуатын жәй ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз,
қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырасыз, бұл сапа
шәкірттің әрекет мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-
әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуда, мінез-
құлық, ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруына көрініс табады,
- деп атап көрсетеді Т.И.Шамова. Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай
түсінетініне сүйене отырып, ол оның үш деңгейін бөліп көрсетеді, олар:
жаңғырту, түсіндіруші белсенділіктері және белсенділіктің шығармашылық
деңгейі.
Т.И.Шамова танымдық ізденімпаздықты жеке адамның білім мен іс-әркет
тәсілдерін бөгде біреудің көмегінсіз игеруге, қоршаған өмір шындығын одан
әрі өзгерту және жетілдіру мақсатымен танымдық міндеттерді шешуге
ұмтылысымен және бейімділігімен сипатталатын қасиеті ретінде қарастырады.
Әдетте танымдық ізденімпаздық уәждік, мазмұнды-операциялық және еріктілік
компоненттерінде бөлінеді және еске түсірушілік, ішінара ізденушілік және
зерттеушілік деңгейлері енгізіледі. Т.И.Шамова танымдық ізденімпаздық пен
танымдық белсенділік ұғымдарының арасындағы қатынасқа талдау жасамайды.
Алайда оның танымдық ізденімпаздықты түсіндіруінен оның бұл ұғымға іс-
әркетті де, белсенділікті де жатқызатытын аңғаруға болады. оның үстіне
Т.И.Шамова тұжырымдаған танымдық ізденімпаздық деңгейлері әрекет тәсілдерін
игеру деңгейлері екенін, мұның өзі танымдық ізденімпаздықты әрекетке
жатқызатындығын дәлелдейтіндігін аңгару қиын емес. Белсенділікті әрекет
сапасына жатқызу, яғни, белсенділікті әрекеттің кейбір деңгейі ретінде
қарау Т.И.Шамованың аталған монографиясынан оқылған осы ұғымның мазмұнына
ұқсамайды. Демек, Т.И.Шамованың еңбегінде белсенділік пен ізденімпаздық
ұғымдары ажыратылмаған, ал танымдық ізденімпаздық ұғымының мазмұнында
ізденімпаздық, негізінен, танымдық әрекетке жатқызылады. Жеке тұлғаның өзін-
өзі меңгеру, өзін-өзі танып білу, өзін-өзі тәрбиелеу, т.б. сияқты маңызды
қасиеттері танымдық ізденімпаздық мазмұнынан тысқары қалған, ал бұл
қасиеттерсіз танымдық ізденімпаздықтың болуы мүмкін емес. Ол былай тұрсын,
белсенділік пен ізденімпаздық арасындағы өзара байланыс тым түсініксіз
болып шықты. шынында да, егер танымдық ізденімпаздық білім мен әрекет
тәсілдерін игеруге ұмтылушылықпен және бейімділікпен сипатталатын жеке
адамның қасиеті болса, онда осыдан келіп белсенділікті, - деп атап өтеді
Т.И.Шамова, біз оқушының әрекетшілдігі деп қарамаймыз, қайта осы әрекеттің
сапасы деп қараймыз, бұл сапада оқушының дара тұлғасы, оның әрекеттің
мазмұнына, сипатына көзқарасы және өзінің ерік жігерін оқу-танымдық
мақсаттарға қол жеткізуге жұмылдыруға ұмтылушылдығы көрініс табады.
Белсенділікті танымдық ізденімпаздық ретінде қарастырып отырғанын, яғни
ізденімпаздық дегеніміз белсенділіктің сипатамасы екенін аңғару қиын емес.
Қаралып отырған қағидадан танымдық белсенділік пен танымдық ізденімпаздық
диалектикалық тұрғыда өзара байланысты және оқу-танымдық процесте
ажырағысыз деген қорытынды шағаруға болады (Т.И.Шамова да осыны мегзеп
отыр). Бірақ мұндай жағдайда осы ұғымдардың өзара байланысының тетігі
қандай деген сұрақ туады.
В.А.Крутецкий оны зертей келе мынадай қорытынды жасайды.:
Шығармашылықпен ойлау өз бетінше және белсенді ойлау болады, бірақ кез
келген белсенді ойлау өз бетінше ойлау емес және кез келген өз бетінше
ойлау шығармашылықпен ойлау емес (Крутецкий, 1976). В.А.Крутецкийдің
пікірінше, белсенді ойлау және шығармашылықпен ойлау деген кейінгі
ұғымдардың әрқайсысы алдыңғы ұғымдарға қатысы жөнінен түрлі ұғымдар болып
табылады. Мұндай қорытындыны белсенді ойлау, өз бетінше ойлау деген
терминдерді пайдалануының дұрыстығы күмән туғызатыны себепті сенімді деп
есептеуге болмайды (өйткені олар қабылданған жағдайда енжар ойлау және өз
бетінше ойламау туралы да айтуға болады). Алайда, тіпті В.А.Крутецкийдің
тезисін қабылдаған күнде де, ол белсенділік пен ізденімпаздық ұғымдарының
қатынасты туралы мәселені шешпейді, өйткені олар ойлауға жатқызылмайды.
Н.В.Бочкинаның докторлық диссертациясында ізденімпаздық проблемасы
өте тыңғылықты да жан-жақты зерттелген (Бочкина, 1991). Осы проблеманы
зерттеген өзінен бұрынғы ізшаралардан өзгеше түрде Н.В.Бочкина жеке
тұлғаның ізденімпаздығын жүйе ретінде қарастырады, мұның өзі
ізденімпаздықтың сапалық жаңа түсінігін береді. Жеке тұлғаның
тұжырымдамасын және оның бітімін басшылыққа ала отырып, автор жеке
тұлғаның ізденімпаздығы белгілі бір мағынады алғанда: әрекеттің белгілі
бір түрі тұрғысынан, оқушының қарым-қатынасы аймағы тұрғысынан алғанда
өздігінше жүзеге асырудың жүйелі процестерінің белгілеріне ие болады
деген қорытындыға келеді. Таңдау әрекеті мен оны іске асыру тәсілдері жеке
тұлға ізденімпаздығының көрсеткіштері болып табылады. Таңдау актысы мен
оны жүзеге асыру жеке тұлғаның өз бетінше ізденімпаз болуының индекаторы
болып табылады. Таңдау – объективті және субъективті жағдайлардың кұрделі
диалектикасы, оқушының өзі субъект ретінде әрекет ететін сыртқы ортамен
өзара әсер ету әрекеті ретінде қаралады. Ізденімпаздықтың құрылымдық
компоненттері ретінде оқушының баға жетпес бағдарлануының баспалдақтары мен
мазмұны қарай айқындалатын құнды-мазмұнды компонент, оқушының өз бетінше
әрекет етуге дайындығымен айқындалатын функциялық-практикалық компонент
бөліп көрсетеді. Еңбекте ізденімпаздықтың қалыптасу жағдайы айқындалады.
Н.В.Бочкинаның ізденімпаздық тұжырымдамасымен келісе отырып,
ізденімпаздықтың құрылымдық компоненттерінің ішінде әрекетшілдік
компоненті атап көрсетілмегендігін айта кетейік, өйткені жеке тұлға өз
бетінше әрекет етуге дайын болғанымен, әлдебір әрекетті орындауға
бейімділігі болмаса, оны дұрыс бағалы бағдарлану және қажетсінуі
барізденімпаз деуге болатыныны екі талай. Ол былай тұрсын, ізденімпаз жеке
адамда қарым-қатынас дағдысы, ұжымдық күш-жігер әрекеті жүзеге асыруға,
әрекеттің орындалуын жоспарлап, бақылауға жұмылдыруға бейімділік те болуы
тиіс. Н.В.Бочкинаның оқушы ізденімпаздығының қалыптасу проблемасын, яғни
танымдық ізденімпаздықтың қалыптасу проблемасымен салыстырғанда кеңірек
проблеманы зерттегенін, алайда соңғысын ізденімпаздық ұғымының мазмұнынан
тыс ойластыруға болмайтынын атап көрсетейік. Н.В.Бочкина әзірлеген
ізденімпаздық тұжырымдамасында белсенділік ізденімпаздыққа жатқызылады,
мұның өзі, біздің пікірімізше, ізденімпаздық пен белсенділік ұғымдарының
арасындағы айырмашылықтарды анықтауға бірер адым кері шегінушілік болып
табылады. З.Ф.Чехлованың докторлық диссертациясында жеке адамның
ізденімпаздығы мен белсенділігі проблемасының кейбір қырлары баяндалады
(Чехлова, 1991). Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы әлеуметтік
жағдайдың және оның субъект ретінде рухани игіліктерді игеруге және
жасауға, өзін-өзі жетілдіруге, дамытуға бағытталған белсенділігі арасындағы
өзара байланыспен айқындалады деген идея оның зерттеуінің өзегі болып
табылады. Диссертацияда оқушының оқу-танымдық әрекетке және қарым-қатынасқа
тәуелді екені дәлелденген.
Сонымен, соңғы уақытта жеке адамның белсенділігі мен ізденімпаздығы
проблемалары жөнінде бірқатар ірі зерттеулер орындалған. Зерттеулерде
белсенділік пен ізденімпаздық ұғымдарының ара жігін ажыратушылық байқалады.
Авторлар белсенділік пен ізденімпаздық тұжырымдамаларын жасай отырып,
оларды жүйелі ұсынуды басшылыққа алды, мұнда осы білімдердің жеке басқа тән
белгісі бірінші орынға қойылады. Белсенділік адамның әрекетке қатынасында:
өз бетінше әрекет етуге дайын болушылықта, ұмтылушылықта, алға қойылған
мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдауда көрініс табатын жеке
тұлғаның сипаты ретінде айқындалады (Лозовая, 1990; Шамова, 1982; .б.).
Ізденімпаздық әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен; уәжді
және ізденімпаздық қылықты оқушыға тән арнаулы нысандары мен тәсілдерін
синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының тұрақты, мінез-
құлықта тиянақталған қатынасымен сипатталатын жүйелі білім алу ретінде
қарастырылады (Бочкина, 1991). Келтірілген шолудан белсенділік пен
ізденімпаздық ұқсас категориялар емес, сонымен бірге бұл ұғымдардың ортақ
белгілері де бар (өз бетінше әрекет етуге ұмтылушылық, т.б.), ал
ізденімпаздық белсенділік белгілерінен тұрады, өйткені, өмір шындығының
белгілі бір жақтары қатынаспен сипатталады. Бейнелеп айтқанда, жеке адамның
белсенділігі дегеніміз (серпімді) ізденімпаздық, ал ізденімпаздық – тұрақты
белсенділік. Танымдық белсенділік пен ізденімпаздық әлеуметтік белсенділік
пен ізденімпаздықтың түрлеі болып табылады. Танымдық қажетсіну
белсенділіктің және ізденімпаздықты дамытудың қайнар көзі болып табылады.
Сонымен танымдық ізденімпаздықты барлық зерттеушілер жеке тұлғаның
қасиеті ретінде түсіндіреді. Сондықтан жеке тұлға деген ұғымның құрылымы
мен компоненттік құрамы ізденімпаздық тұжырымдамасын қалыптастырудың негізі
болып табылады. В.С.Ледневтің монографиясында (Леднев, 1980) 80-ші
жылдардың басында орындалған жеке тұлға проблемаларын зерттеуге талдау
жасалған, сондықтан бұл жерде оның нәтижелерін пайдаланамыз. Түрлі
деректемелерді қарастыра келіп, В.С.Леднев жеке тұлға деген ұғым жөніндегі
көзқарастағы ортақ жәйттерді және олардағы айырмашылықтарды бөліп
көрсетеді. Ортақ жәйттерді ол мынадай қағидалармен сипаттайды:
- жеке тұлға – адам деген ұғымға қарағанда аясы тарлау ұғым;
- адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады. Жеке
тұлғаның қалыптасу процесі филогенезде де, онтогенезде де
әлеуметтік процесс;
- жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың
субъектісі;
жеке тұлға – сананың иесі ретіндегі, еңбек етуге және танымдық
әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам [8,15б.].
Шығармашылық қабілет әр баланың туылған кезінен пайда болады. ал оның
дамуы, өскен ортасына байланысты болатын күнделікті өмірден көріп жүрміз.
Сондықтан бұлақ көрсең көзін аш дегендей, мұғалімнің міндеті – оқушы
бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу. Кез келген бала оқу әрекетінде
адам зат баласының өмір бойы жинақтаған тәжірибесін меңгеріп, сонымен
қатар,шығармашылық іс-әрекеттерді дамытады. Білім беру үрдісінде проблеманы
өзі шешуге талпыныс жасау арқылы өз қызығушылығын қанағаттандыруға, өз
идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Д.Б.Эльконин мен В.В. Давыдовтың айтуынша баланың шығармашылық,
зерттеушілік қабілетін және іздеу әрекеттерін ұйымдастыру үшін бала өзінің
осы уақытқа дейін білетін амалдармен тәсілдерінің жаңа жағдайда жеткіліксіз
екенін ұғынып, одан әрі ізденуге, әрекеттенуге бағыттау керек. Оқушыға
қойылатын сұрақ проблемалық, өз бетімен ойлап, пайымдауды қажет ететіндей,
оқушы өз зерттеулерінің нәтижесін дәлелдеп, жаңалық ашқандай
қанағаттанғандық сезімде болуы тиіс.
Жаңа заманға бейімделген, интелектуалды, рухани бағытта өзін-өзі
жетілдіре алатын тұлғаны оқытып тәрбиелеуде, жеке пәндерді меңгертуде
М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясының маңызы зор.
Интеллектілік (ақыл-ой) сезімдері – мұндай сезімнің түрлеріне
таңсықтану, білуге құмарлық, күдіктену, сенімділік интуиция ықтималдық
жаңаны сезу, болжау т.б. жатады.
Бұл айтылғандар білім алу барысында, ғылыми зерттеу жұмыстарында,
адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуды пайда болады.
Белгісіз нәрсені тануға, табиғат сырларын білуге, қоғамдық құбылыстар
заңдылығын ұғыну мен дүние тануға зерттеуге құмарлық т.б. сезімдерді
қалыптастыруға ұмтылу күшті, терең ой жұмысына түрткі болады. Шындықты жан-
жақты ашуға жәрдемдеседі. Ал осындай сабақтарда түрлі интерактивтік оқыту
формалары арқылы алған білімін одан әрі тереңдететіндей әртүрлі күнделік
деңгейдегі тапсырмалар беріледі.
Бұл үрдістің тиімділігі:
- Қарастырылып отырған тақырыпты оқушыға әр қырын қарастырып, өз бетімен
зерттейді;
- Теориялық білімді толық меңгеруге мүмкіншілік беріледі;
- Ақпараттармен жұмыс жасап үйренеді;
- Әр балаға мүмкіндігіне қарай еңбек етуге мүмкіндік беріледі;
- Әр сабақта барлық оқушы еңбегіне қарай өз бағасын алып,
қанағаттандырады;
- Оқушылардың бойында зерттеушілік, шығармашылық қабілет ең бастысы
қолдануға тиімді және қарапайым;
- Білім беру саласы артады, оқушылардыңбілімділік деңгейі көтеріліп,
көздеген түпкі нәтижеге қол жеткізіледі;
- Ең бастысы әлі келгенше еңбек етеді, өмір бойы оқып үйрену принципі
жүзеге асады;
- Психологиялық жайлы ортада еңбек ету арқылы оқушы денсаулығы сақталады
және тұлғалық қабілеттері дамиды, өз ойын дәлелдеп үйренеді.
Қазіргі заманғы ой-тұжырымдарда гуманизм идеялары еркін білім беру,
оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту оның шағармашылық мүмкіндігінің дамуы
логикалық ой-өрісінің басты рөлін атқарып отыр.
Олай болса қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмір
барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін
және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды
шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл тұлға бойында
батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше
ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шағармашылыққа
деген құштарлық болу керек. Оқушының логикалық қабілетін дамыту үшін
бірнеше шарт орындалу тиіс.
- Логикалық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
- Жүйелі түрде логикалық әрекет жағдайында болуы;
- Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі;
- Логикалық іс-әрекетке жағдай тудыру;
Оқушының іс-әрекетке жағдай тудыру дегеніміз – оқушыны ойлау білуге
үйрету екені сөзсіз. Мектеп оқушыларын логикалық іс-әрекетті талап етпес
бұрын, оны соған үйреткен жөн.
М.Жұмабаев балалардың ойлардың дамыту туралы Ойлау жанның өте бір
қиын терең ісі - деп атап көрсете келіп, тәрбиеші баланың ойлап үйренуіне
көп күш жұмсау керектігін ескертеді [6,16б.].
Ойлап үйрену туралы сөз еткенде оқушының абайын, есін, қиялын,
интелектісін дамыту туралы айтылғаны деп түсіну керек. Себебі осы
қабілеттерін дамыта отырып, ойлау қабілетін жоғарғы деңгейгекөтеруге
болады. ол қандай дәрежеде дамығаннан арнайы сынау тапсырмалар арқылы
анықтап алып, содан соң оның қорытындысын сапалық және сандық талдау жасай
отырып, осы қабілеттерді жаттықтыру және дамыту жұмысына кірісуге болады.
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты, - деп В.Ф.Сухомлинский [45,63] айтқандай ойын ақылды, ойды, тапқыр
алғырлықты дамытады.
Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ, және болуыда мүмкін емес.
Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезеге іспеттес. Ол арқылы баланың
рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған, дүние туралы
түсінік алды.
Ожеговтың сөздігінде дарындылық табиғаттан берілетін ерекше қабілет
деп түсіндіріледі. Адами ойлау, ізденімпаздық – табиғаттың адамзатқа берген
тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Дегенмен,
табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, ал
үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Балалардың дарындылығын дамытудағы бұл құралдың мәні, ең алдымен,
зерттеушілік ізденімпаздықтың жаратылыстан бөлінбейтін құбылыс екендігімен
түсіндіріледі. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық, тәжірибеден
өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет саналады. Ендеше
зерттеушілік, ізденімпаздық – бала табиғатына тән құбылыс. Бұл белсенділік
оның жеке дамуына, өзіндік көзқарасының қалыптасуына игі ықпал етеді.
Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің
ынтымақтастығы шешуші рөл атқарады.
Жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру үшін олардың өзгермелі әрекеттерін
айналадағы нақты құбылыстар мен таныс объектілерді зерттеумен
байланыстырудың маңызы зор.
Зерттеу білігі мен дағдысы ғылыммен ғана айналысатын адамдарға ғана
емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Шығармашылық
ізденімпаздық кез келген кәсіппен тікелей байланысты. Зерттеу ісі қазіргі
кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің
белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамының өмір сүру
тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін дамытуда өзіндік көзқарасына сәйкес
қызмет болып табылады.
Баланы ізденімпаздыққа баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту
бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр
оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуының қамтамасыз ету қажет болса, онда
баланың қабілетін түрлі әрекетте көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
Ғылыми зерттеу дегеніміз – ғылыми әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,
белгілі бір нысан жөнінде жаңа білім қалыптастырумен аяқталатын жүйелі және
арнайы мақсатқа көзделген нысандармен танысу. Оның негңзңнде адам
әрекетінің ең қиын түрі – ғалымның таным қызметі. Танымдық әрекет оқушы
үшін еске түсіру мент өзгерту деп аталатын тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті жоғары балалардың өз бетімен
білім алу мүмкіндігі болуы тиіс. Яғни, мұндай оқытуды бала өзі анықтайды,
өзі басқарады, өзі жүзеге асырады.
Дарынды балаларды оқытуда зерттеу әдісін қолдану қажеттілігі олардың
табиғи қызығуының жоғарылығымен, қоршаған ортасына деген құштарлығының
басымдығымен түсіндіріледі. Оқушының өзіндік зерттеу ірекеті оның өзіндік
талабын қанағаттандыруға ықпал етеді. Оқушылар қоршаған ортамен таныса
отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің көмегімен жаңа білімді дайын күйінде
емес, өзі ашады.
Қазіргі кезде қоғамдық-әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі
өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де, оның мазмұны мен оқыту
әдістемесінде де біршама жаңарулар болып жатыр.
Адамның айналасын танып білуде жануарлардан айырмашылығы ортаға
бейімделуінде емес, оған шығармашылықпен қарауында. Шығармашылық
зерттеушілік ізденімпаздық адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір
жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденімпаздық
үрдісінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып
қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға
қабілетті.
Сондықтан, психологтар зерттеу тәртібін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі
дамытуында маңызды деп көрсетеді. Шынында да ізденімпаздық белсенділігі
төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын
жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденімпаздық талабы басылып
қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой
алдыруы ғажап емес.
Ізденімпаздық – дарынды балаларды оқытудың негізі. Онсыз баланың
әлеуетті қабілетін ашу, дамыту мүмкін емес.

1.2. Оқушылардың танымдық ізденімпаздық және ойлау қабілетін дамытудың
рөлі мен мәні

Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуан мақсат ете
отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу
тәсілдерімен қаруландыру, алған білімдерін теориялық және практикалық
мәселелерді шешуге саналы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін
дамытуы қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесін жас жеткіншектің шығармашыл,
техникада, экономикада жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да
жаңашыл, ақыл-ойы дамыған, салауатты, саналы, білікті, білімді болуын
қамтамасыз ету талап етіледі. Сондықтан физиканы оқыту процесін жетілдіру
оқушылардың танымдық белсенділігін мен ізденімпаздығын арттыруға
негізделген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі
білімді игеріп қана қоймай, олардың танымдық қабілеті мен шығармашылық
ойлауы да дамытылады. Қазіргі физиканы оқыту әдістемесі оқушының танымдық
қызметі мен ойлау жүйесінің ара қатынасын анықтай түсуде. Ол оқушының
дербестігін, танымдық қажеттілігін қанағаттандырумен қатар, интелектуалдық
ойлау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Оқушының танымдық мүмкіндіктерін
арттыруда мұғалім басты рөл атқаратындығын соңғы зерттеулер анықтап отыр.
Мұғалімнің жеке тұлғасы, білімі, өз ісіне жауапкершілігі және оқушымен ара-
қатынасы, әдістемелік шеберлігі – оқушының білімге деген ынтасын арттырудың
кепілі. Сондықтан оқушының жан-жақты мүмкіндіктерін ашуда мұғалім тәрбиесі
негізгі рөл атқарады. Оқушы қабілетіне дұрыс көзқараспен қарау, оның
өзбетімен жұмыс жасауына жағдай туғызу оқу-тәрбие ісінде оң жетістіктер
береді. Үздіксіз оқыту процесінің барлық сатыларында танымдық қызметтің
артуына байланысты жаңа ойлау жүйесі қалыптасып отырады. Оқушының алғаш
алған қарапайым білім қоры оны күрделі ғылым салаларын оқып үйренуге
жетелейді. Міне, осы аралықта әр пән бойынша алған білімін біріктіре
отырып, қорытындылай білетін бала зор табысқа жетеді. Сондықтан осы тұста
мұғалім оқушының танымдық іс-әрекетін, ізденісін қалыптастыруда, өзін
жоғары талап деңгейінде көрсете білуі тиіс. Танымдық ізденімпаздықты
арттырудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік
тәжірибеде қолданысын ашып көрсету болып табылады. Егер оқушы берілген
материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданылатынына және әрбір сабақтың
өткен материалдарымен байланысты екеніне көз жеткізсе білімге деген ынтасы
артады. Осыған байланысты оқушының танымдық ізденімпаздығын, қызығушылығын
дамыту арқылы шығармашылыққа баулуды сызба-нұсқа арқылы жүзеге асыруға
болады.
1. Физиканы оқыту процесіндегі танымның ғылыми-зерттеу әдістері
формулаларды қорыту, есептер шығару, физикалық ұғымдардың
қасиеттерін оқып үйрену әдістері ретіндегі әр түрлі формалар
кездеседі. Оны ғылыммен байланыстыра отырып, ғылымның соңғы
жаңалықтары мен жетістіктерін баяндау керек.
Сондай-ақ физикалық заңдылықтармен құбылыстарға арнап жеке тірек
белгілерін де құрастыруға болады. мысалы, ішкі энергия тақырыбын өткенде,
ішкі энергияның физикалық мағынасын толық ашу үшін төмендегідей тірек
белгісін пайдалануға болады.

Дене молекула
- дененің ішкі энергиясы
- молекулалардың потенциялдық энергиясы
- молекулалардың кинетикалық энергиясы
- молекулалар саны
Яғни, бұл тірек сигналы Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын
бөлшектердің (молекула, атом және иондардың) кинетикалық энергиясы мен осы
бөлшектердің молекулалық өзара әсер күштерінен пайда болатын потенциалдық
энергиясының жиынтығынан тұрады дегенді білдіреді.
2. Оқушыларды физиканың зерттеу әдістеріне үйрету, оларда зерттеушілік
дағдыларын қалыптастыру арқылы физикалық теорияның мәнін дұрыс
түсінуге мүмкіндік туады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу жағдайында
ұшырасатын танымдық қиындықтарды өзбетінше жеңу кейбір оқушыларға
оңай соқпайтыны белгілі, өйткені мұғалім ондай қиындықтарды
өзбетінше жеңуге үлгерімі жақсы оқушыларды кеңірек тарта отырып,
ұжымдық талдау жасау арқылы бүкіл сыныпқа көмектесуге әрекет
жасайды. Оқушының өз бетінше жұмыс істеуіне мұндай бірлескен іс-
әрекет тиімді әрі қолайлы. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын,
белсенділігін арттыруда сол сабақтағы тақырыптың негізгі мәселесіне
оқушылардың өздері ашқандай сезімде болуы үлкен роль атқарады.
3. Оқушының шығармашылық және қабылдаушылық іс-әрекеттерібір-бірімен
байланысты. Қабылдаушылық іс-әрекет оқушының дамуының алғашқы
сатысы болып табылады және ол біртіндеп сатылап даму нәтижесінде
шығармашылық іс-әрекеттерге айналып отырады.Есептер шығару,
тәжірибе жасау оқушының шығармашылық ізденісін, тапқырлығын,
зеректігін, ойлауға икемділігін дамытуға ықпал етеді. Сабақтың
тиімділігін арттыру және оқушылардың физика пәніне қызығушылығын
тудыру жолдарының бірі – сабақ барысында оқушылардың алған білімін
баяндауға ынталандыру, тарихи элементтерді енгізе отырып, физиканың
техникада алатын орнын түсіндіру, Күн энергиясын жер бетінде
қолдану жолдарын көрсету, ғылыми конференциялар ұйымдастыру,
қызықты материалдарды пайдалану, Қос ғарышкерлер тақырыбында
реферат дайындату, Физика көктемгі құбылыстарда атты конференция
әзірлеп өткізу, ақын жыраулардың өлеңдерін оқытып, онда табиғат
құбылыстарының қалай жырланғанын көрсету, 7-сынып Табиғат және
адам тақырыбын өткендеоқушыларға Табиғатты аялай біл тақырыбында
шығарма жаздыру және т.б. болып табылады.
4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудығы танымдық іс-
әрекеттің бірі – өзіндік жұмыс, физикалық диктант. Оқушылардың өз
бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктілікке талпынуы,
ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір
жолы екендігі белгілі. Шығармашылық өзіндік жұмыстар пәнге деген
ынтасын, оқуға деген көзқарасын өзгертеді, физикалық ой-өрісін
дамытады. Физикалық диктант, зертханалық жұмыстар, лабораториялық
практикум жұмыстары арқылы оқушылардың танымдық ізденімпаздығын,
белсенділігін арттыруға болады.
5. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын, белсенділігін арттырудың тағы
бір түрі – пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру. Әрбір тақырыпты
немесе есепті түсіндіру үстінде бұған ерекше көңіл бөлу қажет.
Пәнаралық байланыстың басты міндеті – оқушылардың бір пәннен
меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын екінші жақын пәндерге орынды
қолдана білуін қамтамасыз ету. Мысалы, 9-сыныпта Векторлар және
оларға амалдар қолдану тақырыбында математикалық оқып-
үйренгенімізді еске түсіреміз.
Векторларды қосу, азайту, көбейту.
Мысалы, Екі векторды бастарын түйістіре параллелограмның екі
қабырғасы болатындай етіп өз-өзіне параллель көшіреміз де, пареллелограмм
саламыз. Сонда екі вектордың шыққан нүктесінен жүргізілген бағыты
көрсетілген диагональ қорытқы вектор болып табылады. Векторларды осылайша
қосу параллелограмм ережесі бойынша қосу деп аталады деген сияқты, 10-
сынып Сұйықтардағы электр тогы тақырыбында электролиттік диссоцияция,
электролиз немесе химиядағы тотығу реакциясын еске түсіру, т.с.с.
6. Физикалық әдебиетті оқуға баулу.
1. Модульдеп оқыту (М. Жанпейісова)
2. Деңгейлеп оқыту (Ж. Қараев)
3. Шаталовтың тірек конспектісі негізінде оқыту.
Тиімді де орынды пайдаланған педагогикалық технология сапалы білім
негізі бола алады.
7. Танымдық ойындар.
Мысалы, Қозғалыс тарауына өткізген Бақытты сәт ойын сабағы, Жарыс
сабақтары (суретке қарап сөйлеу), түрлі тәжірибелер жүргізу.
8. Соңғы кездері көп қолданылып жүрген жаңа оқыту технологиясының озық
үлгілерінің бірі – профессор Ж.А.Қараевтың педагогикалық
технологиясымен оқыту. Ондағы көзделетін негізгі мақсаттар:
1. Оқушы сенімін арттыру.
2. Пәнге деген қызығушылығые арттыру.
3. Жаңа білімді өзі меңгеретін, өз бетінше ізденетін, пікір таластыру
деңгейіне жететін ұрпақ тәрбиелеу.
Мысалы, 7-сыныпта Қозғалыс тарауына модульдік технология бойынша
сабақ өткізілді.
9. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттырудың бір түрі – Үйірме
жұмысы.
Физикалық қызықты тәжірибелер жасау.
Физикалық фокустар, сөзжұмбақ, схемалар құрастыру
Физикалық құралдардың істен шыққандарын қайта жөндеуден өткізу.
10. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттырудың тағы бір түрі –
Пән апталығы.
Физиканың мәні мен маңызын тек сабақ үстінде ғана ұғындырып қоймай,
пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын арттыру мақсатында сыныптан тыс
жұмыстарды ұтымды пайдалану керек. Себебі, ол кезде оқушы өз бетімен жұмыс
жасап, ізденеді.
Мысалы, Қызықты физика, Қызықты тәжірибелер, Кім көп біледі?,
Милионды кім алады? ойындарын, Кім тапқыр да алғыр? тақырыбындағы
кештің дұрыс әрі тартымды, жеңіл де көңілді өтуі үшін қосымша көрнекіліктер
мен техникалық құралдарды пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын
арттыруға болады [52].

1.3. Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау
қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары

Қазіргі кезде білім берудегі басымдықтардың өзгеруіне сәйкес
қолданыстағы орта жалпы білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын
жетілдіру қажеттігі туындайды. Оның үстіне қазіргі мектеп тұлғалық
бағдарланған білім беру стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған. Оның
негізгі идеясы – оқушыларға жаттанды білім беру емес , олардың қабілетін,
әлеуметтік қызығушылығын неғұрлым жоғары дәрежеде ескеру, оқушылардың
өмірлік мәні бар жоспарларын жүзеге асыруға кең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқыту әдістерінің классификациясы
Модульдік технологияның гипотезасы
Химияны оқытуда модульдік оқыту технологиясын қолдану әдістемесі
Белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін физика сабақтарында қолдану
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Оқыту процесінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда АКТ қолдану
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету
Пәндер